Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі №979 қаулысы




НазваниеҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі №979 қаулысы
страница5/6
Дата конвертации10.02.2016
Размер1.19 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://kz.government.kz/docs/979k.doc
1   2   3   4   5   6


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы «27» шілдедегі

№979 қаулысымен

бекітілген


«Жүргізушіге халықаралық және республикаішілік қатынаста қауіпті жүктерді автокөлік құралдарымен тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет

СТАНДАРТЫ


1. Жалпы ережелер


1. «Жүргізушіге халықаралық және республикаішілік қатынаста қауіпті жүктерді автокөлік құралдарымен тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлік беру» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру және мемлекеттік қызметті автоматтандыруды жөніндегі комитеттің «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалдары (бұдан әрі – орталық) арқылы осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 13-бабының 19) тармақшасына сәйкес және «Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 наурыздағы № 316 қаулысымен бекітілген Қауіпті жүктерді тасымалдайтын автокөлік құралдарының жүргізушілеріне қойылатын біліктілік талаптары, Қазақстан Республикасы аумағы арқылы олардың өтуі, автокөлік құралдарымен қауіпті жүктерді тасымалдау ережелерінің 21-тармағына сәйкес көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары туралы ақпарат:

1) уәкілетті органның интернет – ресурсының www.mtс.gov.kz. мекенжайы бойынша, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде;

2) орталықтың интернет – ресурсының www.con.gov.kz мекенжайында;

3) ресми ақпарат көздерінде және осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес орталықтардың үй-жайларының стенділерінде орналастырылған.

Сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты call-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

5. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі қауіпті жүктер тасымалына жүргізушілерді жіберу туралы куәлікті қағаз жеткізгіште беру (бұдан әрі – куәлік) немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қағаз жеткізгіште беру болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушылар) көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

7. осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттарды тапсырған сәтінен бастап – күнтізбелік 30 күн ішінде;

2) өтінішті тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минут;

3) мемлекеттік қызмет алушыға өтініш жасалған күні көрсетілетін мемлекеттік қызметтің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минут;

4) бұйрықты немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты алу кезінде кезекте күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минут.

8. Мемлекеттік қызмет ақысыз көрсетіледі.

9. Орталықтарда мемлекеттік қызмет мереке және демалыс күндерін қоспағанда күн сайын, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін ұсынылады.

Қабылдау электронды кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

10. Мемлекеттік қызмет физикалық мүмкіндігі шектеулі мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетуге жағдай көзделген мемлекетті қызметті алушының тұрғылықты және тіркелген жері бойынша орталықтың ғимаратында көрсетіледі. Залда қажетті құжаттар тізбесі мен оларды толтыру үлгілері ілінген, ақпараттық стенділермен жабдықталған күту және құжаттарды толтыруға арналған орындар бар.


2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі


  1. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады:

1) халықаралық және республикаішілік қатынастарда қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдары жүргізушілеріне рұқсат беру туралы куәлік беру бойынша мемлекеттік қызметті алуға өтініш;

2) халықаралық және республикаішілік қатынастарда автокөлік құралдарымен қауіпті жүктердің тасымалдарын жүзеге асыратын автокөлік құралдары жүргізушілерінің арнайы жүргізушілерді даярлау курсынан өтуін растайтын анықтама;

3) жүргізушінің үздіксіз жұмыс өтілі үш жылдан кем емес жүк автокөлік құралын жүргізушісі ретінде растайтын құжат немесе еңбек кітапшасы;

4) автокөлік құралын жүргізуге құқық беретін жүргізуші куәлігі;

5) тиісті көлік құралын жүргізуге жарамдылығы туралы медициналық анықтама.

Осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары көшірмелермен салыстырылғаннан кейін мемлекеттік қызметті алушыға қайтарылады. Құжаттардың түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған көшірмелері ұсынылады.

12.Өтініш еркін нысанда толтырылады.

13. Құжаттарды қабылдау «бір терезе» қағидаты бойынша «кедергісіз қызмет көрсету» арқылы мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген орталықтардың операциялық залдарында жүзеге асырылады.

14. Құжаттарды қабылдау кезінде мемлекеттік қызметті алушыға мыналарды көрсете отырып, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі:

1) сұрау салудың нөмірі және қабылданған күні;

2) сұрау салынған мемлекеттік қызметтің түрі;

3) қоса берілген құжаттардың саны және атаулары;

4) құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;

5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты және әкесінің аты.

15. Халықаралық және республика ішіндегі қатынастарда қауіпті жүктерді тасымалдауға жүргізушілерге рұқсат беру туралы белгіленген үлгідегі куәлікті орталық қызметкері «терезелер» арқылы онда көрсетілген мерзім ішінде қолхат негізінде береді.

16. Мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген талаптарды орындамаған жағдайда уәкілетті орган мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тартады және оны шешім қабылдаған соң он жұмыс күні ішінде бас тартудың дәлелін көрсете отырып, жазбаша нысанда хабардар етеді.


3. Жұмыс қағидаттары


17. Уәкілетті органның және орталықтың қызметі адамның конституциялық құқықтарының, қызметтiк борышын атқару кезiнде заңдылықтың, Мемлекеттiк қызметшiлердiң ар-намыс кодексiнiң сақталуына негiзделедi және мемлекеттік қызмет алушыға сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғалуын және құжат мазмұны туралы ақпараттардың құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.


4. Жұмыс нәтижелері

 

18. Мемлекеттік қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенеді.

19. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн уәкілетті органның және орталықтың, жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтердiң сапасы мен тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi жыл сайын Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң бұйрығымен бекiтiледi.


5. Шағымдану тәртібі


20. Уәкілетті органның лауазымды тұлғаларының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсіндіру және шағымды дайындауға жәрдемдесу үшін мемлекеттік қызмет алушы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль көлігі департаментінің Автомобиль көлігін және нормативтерді дамыту басқармасының бастығына мынадай мекенжай бойынша жүгіне алады: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1-үй, «Транспорт Тауэр» ғимараты, № 208 кабинет, тел.:
8 (7172) 24-18-60, факс: 24-18-04, электрондық пошта адресі: dat@mtc.gov.kz.

Орталық қызметкерінің әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiру және шағымды дайындауға жәрдемдесу үшiн мемлекеттік қызмет алушы осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген телефондары арқылы орталық басшылығына жүгiнедi.

Сондай-ақ орталық қызметкерінің әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты 1414 call-орталығының ақпараттық-анықтамалық қызмет телефоны арқылы алуға болады.

21. Мемлекеттік қызметті көрсету процесі бойынша апелляция Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрінің атына пошта арқылы жазбаша түрде немесе қолма-қол мынадай мекенжай арқылы беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1-үй, «Транспорт Тауэр» ғимараты, № 1012 кабинет, тел.: 8 (7172) 24-13-12 немесе электрондық пошта адресі: mtc@mtc.gov.kz.

Жұмыс кестесі күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, 13.00-ден 14.30-ға дейінгі үзіліс уақытымен, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.

22. Орталық қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым орталық басшысының атына берiледi. Орталық басшыларының мекенжайлары және телефондары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемелекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, 43 «А»-үй, телефоны 8 (7172) 94-99-95, интернет-ресурсы: www.con.gov.kz.

23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

24. Шағым еркін нысанда жазылады.

Мемлекеттік қызметті алушылар қажет болған жағдайларда шағымға уәкiлеттi органның мемлекеттік қызметті сапасыз ұсынғанын және орталық қызметкерлерінің дұрыс қызмет көрсетпегенін растайтын құжаттарын қоса бередi.

25. Қолма-қол да, пошта арқылы да келіп түскен шағымның қабылданғанын растау уәкілетті органның немесе орталықтың кеңсесiнде жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне арналған журналда тіркелуі (мөртаңба, кiрiс нөмiрi мен тiркеу күнi шағымның екiншi данасына немесе шағымға iлеспе хатқа қойылады) болып табылады.

Мемлекеттік қызметті алушыға оның шағымын қабылдағанын растайтын шағымды қабылдаған адамның байланыс деректерi көрсетiлген нөмiрi, күнi, шағымды қабылдаған адамның тегi жазылған талон берiледі.

Шағымды қарау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен және мерзiмде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті алушыға шағымды қарау қорытындылары туралы пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.

26. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1-үй, «Транспорт Тауэр» ғимараты, интернет-ресурсы: www.mtc.gov.kz.


«Жүргізушіге халықаралық және

республикаішілік қатынаста қауіпті жүктерді

автокөлік құралымен тасымалдауға

рұқсат беру туралы куәлік беру»

мемлекеттік қызмет стандартына

1-қосымша


Халыққа қызмет көрсету орталықтарының тізімі


Р/с №


Орталықтардың атауы (филиалдары, бөлімдері, бөлімшелері)

Орталықтың орналасқан мекенжайы

Байланыс деректері

1

2

3

4

«Ақмола облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы

1.

«Ақмола облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы

Әуезов к-сі, 189 а-үй

8 (7162) 40-10-76

8 (7162) 40-10-63

1)

Көкшетау қалалық бөлімі

Көкшетау қ., Біржан Сал к-сі, 42-үй

8 (7162) 25-00-67

8 (7162) 25-06-21

2)

Красный Яр кенті аудандық бөлімі

Көкшетау қ., Красный Яр к.,

Ленин к-сі, 65-үй

8 (7162) 40-43-27


3)

Ақкөл аудандық бөлімі

Ақкөл ауданы, Ақкөл қ. Нұрмағамбетов к-сі, 102-үй

8 (71638) 2-09-96

8 (71638) 2-18-49

4)

Аршалы аудандық бөлімі

Аршалы ауданы, Аршалы к., М. Мәметова к-сі, 19-үй

8 (71644) 2-10-77

8 (71644) 2-28-28

8 (71644) 2-10-77

5)

Атбасар аудандық бөлімі

Атбасар ауданы, Атбасар қ., Уәлиханов к-сі, 11-үй

8 (71643) 2-45-94

8 (71643) 4-07-22

8 (71643) 4-12-58

6)

Астрахан аудандық бөлімі

Астрахан ауданы, Астраханка к., Әл-Фараби к-сі,44-үй

8 (71641) 2-35-96

8 (71641) 2-21-94

7)

Бұланды аудандық бөлімі

Бұланды ауданы, Макинск қ., Сейфуллин к-сі, 18б-үй

8 (71646) 2-37-20

8 (71646) 2-37-81

8)

Бурабай аудандық бөлімі

Бурабай ауданы, Шортанды қ., Абылай хан к-сі, 28-үй

8 (71636) 4-29-97

8 (71636) 4-28-91

8 (71636) 4-59-28

9)

Егіндікөл аудандық бөлімі

Егіндікөл ауданы, Егіндікөл к., Жеңіс к-сі, 7-үй

8 (71642) 2-12-57

10)

Ерейментау аудандық бөлімі

Ерейментау ауданы, Ерейментау қ., Мұсабаев к-сі,

8 (71633) 2-44-92


1

2

3

4







15-үй




11)

Еңбекшілдер аудандық бөлімі

Еңбекшілдер ауданы, Степняк қ., Сыздықов к-сі, 2а-үй

8 (71639) 2-22-41

8 (71639) 2-22-42

8 (71639) 2-22-18

12)

Есіл аудандық бөлімі

Есіл ауданы, Есіл қ., Жеңіс к-сі, 56-үй

8 (71647) 2-22-07


13)

Жарқай аудандық бөлімі

Жарқай ауданы, Державинск қ-сы, Ғабдуллин к-сі, 104-үй

8 (71648) 9-00-35

8 (71647) 2-22-05

14)

Жақсы аудандық бөлімі

Жақсы ауданы, Жақсы кенті, Ленин к-сі, 8-үй

8 (71635) 2-17-10


15)

Зеренді аудандық бөлімі

Зеренді ауданы, Зеренді к., Мир к-сі, 52-үй

8 (71632) 2-00-74

8 (71632) 2-29-43

16)

Қорғалжын аудандық бөлімі

Қорғалжын ауданы, Қорғалжын кенті, Абай к-сі, 44а-үй

8 (71637) 2-17-83

8 (71637)2-20-36

17)

Степногорск қалалық бөлімі

Степногорск қ., 4 ш/а., 7-үй


8 (71645) 2-00-40

8 (71645) 2-00-30

18)

Сандықтау аудандық бөлімі

Сандықтау ауданы, Балкашино к., Абылай хан к-сі, 119-үй

8 (71640) 9-26-66

19)

Целиноград аудандық бөлімі

Целиноград ауданы, Ақмола
к., Гагарин к-сі, 15-үй

8 (71651) 3-12-30

8 (71651) 3-11-98

20)

Шортанды аудандық бөлімі

Шортанды ауданы,

Шортанды кенті, Безымянный қиылысы, 1-үй

8 (71631) 2-17-97

«Ақтөбе облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы

2.

«Ақтөбе облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы

Ақтөбе қ., Тургенев к-сі, 109-үй

8 (7132) 56-57-87

1)

№ 1 Ақтөбе қалалық бөлімі

Ақтөбе қ, Тургенев к-сі, 109-үй

8 (7132) 57-80-27


2)

Қарғалы кенті (Жилянка)

Ақтөбе қ, Қарғалы ауданы, Карғалы кенті (Жилянка), Сәтпаев к-сі, 10-үй

8 (7132) 98-60-06

8 (7132) 98-60-05

3)

Алға аудандық бөлімі

Алға ауданы, Алға қ., Киров к-сі, 23-үй

8 (71337) 3-20-79 8 (71337) 3-10-96

4)

Мәртөк аудандық бөлімі

Мәртөк ауданы, Мәртөк к., Байтұрсынов к-сі, 1«Б»-үй

8 (71331) 22-4-13 8 (71331) 22-1-14

5)

Хромтау аудандық бөлімі

Хромтау аудан, Хромтау қ., Абай к-сі, 12-үй

8 (71336) 26-6-33 8 (71336) 26-6-34

6)

Қандыағаш аудандық бөлімі

Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қ., Молодежный ш/а., 47«Б»-үй

8 (71333) 30-2-19 8 (71333) 30-2-18

7)

Ембі аудандық бөлімі

Мұғалжар ауданы, Ембі қ., Әміров к-сі, 10-үй

8 (71334) 23-9-83

8)

№ 8 Темір

Темір ауданы, Шұбарқұдық

8 (71346) 23-5-83

1

2

3

4




аудандық бөлімі

к., Байғанин к-сі, 15 «А»-үй

8 (71334) 23-9-87

9)

Қобда аудандық бөлімі

Қобда ауданы, Қобда к.,

Нұрымжанов қиылысы, 2-үй

8 (71341) 22-1-47 8 (71341) 22-1-38

10)

Қарғалы аудандық бөлімі Бадамша кенті

Қарғалы ауданы,.Бадамша к., Әйтеке би к-сі, 27-үй

8 (71342) 23-4-64 8 (71342) 23-4-62

11)

Ойыл аудандық бөлімі

Ойыл ауданы, Ойыл к., Көкжар к-сі, 64-үй

8 (71332) 21-1-81 8 (71332) 21-1-82

12)

№ 12 Әйтеке би аудандық бөлімі

Әйтеке би ауданы, Комсомол к., Балдырған к-сі, 10-үй

8 (71339) 22-3-73 8 (71339) 22-3-74


13)

Байғани аудандық бөлімі

Байғани ауданы, Қаруылкелді к., Барақ батыр к-сі, 41«А»-үй

8 (71345) 23-5-86 8 (71345) 23-5-87

14)

Ырғыз аудандық бөлімі

Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Ырғыз к., Жангелді
к-сі, 7-үй

8 (71343) 21-8-28


15)

Шалқар аудандық бөлімі

Ақтөбе облысы,, Шалқар ауданы, Шалқар қ., Әйтеке би к-сі, 63-үй

8 (71335) 23-6-10 8 (71335) 23-6-11

«Алматы облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы

3.

Алматы облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы

Талдықорған қ., Тәуелсіздік к-сі, 67Б-үй

8 (7282) 24-15-06 8 (7282) 24-41-33

1)

Аксу аудандық бөлімі

Жансүгіров к., Қабанбай батыр к-сі, 20-үй

8 (72832) 2-14-51




Қапал бөлімшесі

Қапал к., Алпысбаев к-сі, 3-үй

8 (72841) 2-17-60

2)

Алакөл аудандық бөлімі

Үшарал қ., 8 март к-сі, 63-үй

8 (72833) 2-35-46

8 (72833) 2-35-48




Қабанбай бөлімшесі

Қабанбай к.,
Абылай хан к-сі, 237-үй

8 (72837) 4-13-85

3)

Балқаш аудандық бөлімі

Бақанас к., Бижанов к-сі, 25«А»-үй

8 (72773) 95-2-22

8 (72773) 9-18-20

4)

Еңбекші қазақ аудандық бөлімі

Есік қ., Абай к-сі, 314А-үй

8 (72775) 4-54-70 8 (72775) 4-54-69




Шелек бөлімшесі

Шелек к., Бижанов к-сі, 100-үй

8 (72775) 2-34-96

8 (72775) 2-34-97

5)

Ескелді аудандық бөлімі

Қарабұлақ к., Оразбеков к-сі, 52-үй

8 (72836) 3-22-16

6)

Жамбыл аудандық бөлімі

Ұзынағаш к., Мәжітов
к-сі, 1-үй

8 (72770) 2-30-90

7)

Іле аудандық

Өтеген батыр к., Қуат ш.а.,

8 (727) 251-74-46

1

2

3

4




бөлімі

Тәуелсіздік к-сі, 25-үй

8 (727) 251-74-47




Боролдай бөлімшесі

Боролдай кенті, Вокзальная к-сі, 6 «А»-үй

8 (72738) 7-82-42




Қараой бөлімшесі

Қараой к., Тыңдала к-сі, 9-үй

8 (7275) 24-88-10




Ақши бөлімшесі

Ақши к., Қонаев к-сі, 29-үй




8)

Қарасай аудандық бөлімі

Қаскелең қ., Жанғозин к-сі, 38-үй

8 (72771) 2-56-86

8 (72771) 2-56-96




Тау Самалы бөлімшесі

Тау Самалы к., Рысқұлов к-сі, 129-үй

8 (727) 391-38-58




Шамалған бөлімшесі

Шамалған ст., Қонаев к-сі, 1 «В»-үй

8 (7272) 93-66-33

9)

Каратал аудандық бөлімі

Үштөбе қ., Абылай хан к-сі, 22-үй

8 (72834) 2-02-07

8 (72834) 2-20-92
1   2   3   4   5   6

Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі №979 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі №979 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 23 шілде 2015 жылғы №578 Қаулысы
Республикасы Үкіметінің «Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру тәртібін бекіту туралы» 19 қаңтар...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі №979 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №396 қаулысы
«Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы»...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі №979 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1718 қаулысы
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының 7-бабының 14-7 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі №979 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 ақпандағы №175 қаулысы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 16 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі №979 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы №717 қаулысы
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 26 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі №979 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №88 Қаулысы
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі №979 қаулысы iconҚаулысы постановление правительства республики к азахстан
«Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі №979 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №1415 қаулысы
РеспубликасыҮкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы №1729 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі №979 қаулысы icon"Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы 2020" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы №556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница