Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының бастығы




Скачать 85.79 Kb.
НазваниеОңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының бастығы
Дата конвертации10.02.2016
Размер85.79 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://wiki.iteach.ru/images/c/c2/Ереже-2011.doc





КЕЛІСЕМІН


______________________

М.Л.Туғанбаев

Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының бастығы

КЕЛІСЕМІН


______________________

Ұ. Сәдібеков

«Нұр Отан» Халықтық Партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық төтағасының бірінші

БЕКІТЕМІН


______________________

Б.К.Айтбаев

ОҚО ББЖЖТ, ПКБАЖ және ҚД орталығының директоры



Оқушылардың экономика пәні бойынша ҮІІ облыстық турнирді

өткізу туралы


ЕРЕЖЕ


І. Жалпы ережелер


1.Оқушылардың экономика пәні бойынша ҮІІ облыстық турнирі (бұдан әрі - турнир) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы 14 қаңтардағы № 15 бұйрығына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалымен (бұдан әрі – «Нұр Отан» ХДП) және «Джуниор Эчивмент Қазақстан» қоғамдық қорының Оңтүстік Қазақстан облысындағы өкілділігімен бірлесіп өткізеді.

2.Турнир – экономика саласында дарынды балаларды анықтау, қолдау және дамытуға бағыттталған.

3.Осы Ереже «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес әзірленді.



ІІ. Турнирдің мақсаты мен міндеттері



1. Турнирдің мақсаты:


-экономика негіздерін ғылым ретінде танып-білуге қызығушылық танытқан аса қабілетті оқушыларды анықтау, қолдау және дамыту;

-экономика саласында дарынды оқушыларды өздерінің келешек мамандықтарын саналы түрде таңдауға ынталандыру;

-оқушылардың ғылыми-зерттеушілік қызметін дамыту және экономикалық білімдерін молайту.

Дарынды балаларды анықтау және сол балалар Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарындағы экономикалық пәндер мамандықтарында оқуы үшін мүмкіндік жасау болып табылады.



2. Турнирдің негізгі міндеттері:


-экономика саласындағы аса қабілетті оқушыларды анықтаужәне дамыту үшін қажетті жағдайларды жасау;

-жоғары сынып оқушыларының шығармашылық потенциалын өз бетінше дамыту мүмкіндіктерінің жолдары мен кәсіби көзқарасын кеңейту;

-жаңа ақпараттық технологиялар мен компьютерлік моделдеуді пайдалануда бағдарламалық икем-дағдыларын дамыту;

-факультатив жұмыстарын, арнайы курстық және тағы басқа да көптеген жұмыстарды арттыру;

-оқытудың көпжақтылығы, жаңа пдагогикалық технологияларды қолдану негізінде қол жеткізілген оқушылардың білім сапасын жақсарту;

-аса қабілетті оқушыларды экономикалық мамандықтар бойынша республиканың жетекші жоғары оқу орындарының факультеттеріне тарту.



ІІІ. Турнирге қатысушылар



1.Турнирге жалпы орта білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың, мектеп-интернаттардың 9, 10 және 11 сынып оқушылары қатыса алады.

2.Команда құрамы:

-әр ауданнан 3 оқушы: 9 сынып – 1 оқушы (І орын), 10 сынып – 1 оқушы (І орын), 11-сынып – 1 оқушы (І орын) және 1 жетекші;

-Турнирге Шымкент қаласының жіберген командасының құрамында 9 оқушы болады: 9 сынып – 3 оқушы (І, ІІ және ІІІ орын), 10 сынып – 3 оқушы (І, ІІ және ІІІ орын), 11 сынып – 3 оқушы (І, ІІ және ІІІ орын) және 1 жетекші;

-топ жетекшілері оқушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі үшін барлық жауапкершілікті алады.


ІҮ. Турнирді ұйымдастыру мен басшылық




  1. Облыстық Турнирді дайындау және өткізу «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалымен бірлесіп, облыстық білім басқармасының бұйрығымен бекітілген ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады.

  2. Турнирді ұйымждастыру және өткізуге «Джуниор Эчивмент Қазақстан» бағдарламасының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша сертификаттары бар мұғалім-әдіскерлері мен ББЖЖТ, ПКБАЖ және ҚДО мамандары тартылады.

  3. Қазылар алқасының құрамы облыстық білім басқармасының бұйрығымен бекітіледі.




Ү. Турнирді өткізудің тәртібі


1.Турнир екі кезеңнен тұрады: І кезең – аудандық/қалалық кезең (сынып, мектеп, қала, облыс); ІІ кезең – облыстық кезең.


2. Турнирге қатысу үшін:


-2011 жылғы 16 ақпанға дейін өтінімді толтырып, 8-7252-32-32-40 факске немесе elan32@list.ru электронды пошта арқылы жіберу қажет, өтінімнің нысаны қосымшада беріліп отыр.

-тіркелу кезінде «Эссе по Бизнес Этике» деген үй тапсырмасын орындап, қатысушылардың жұмысын тіркелу кезінде өткізу қажет (эссенің тақырыбы http://wiki.iteach.ru/index.php/ВикиЮКО_Shimkent сайтында көрсетілген).


  1. Облыстық Турнирдің өткізілу мерзімі 2011 жылғы 24-25 ақпан.

  2. Өткізу кестесі:


2011 жылғы 24 ақпан:

-сағат 9.30-дан 10.00-ге дейін тіркелу;

-сағат 10.15-тен 13.45-ке дейін теориялық тур;

-сағат 14.45.-тен 16.30-ға дейін практикалық тур (МЭМ).


2011 жылғы 25 ақпан:

-Турнирдің қорытындысын шығару, жабылуы және марапаттау рәсімі.


5.«Эссе по Бизнес Этике» үй тапсырмасы


  1. Экономика пәні бойынша мектеп оқушыларының облыстық Турнирге қатысушылардың барлығы эссе жұмыстарын «үй жұмысы» режимінде қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде (оқушының өз еркі бойынша) орындайды.

  2. Турнирге қатысушылардың шығармашылық жұмыстарын (эссе) облыстық Турнирдің ұйымдастыру комитеті тіркеуден өткізеді және қазылар алқасына бағалау үшін тапсырады.

Эссе жұмыстарын қарау және бағалауды қазылар алқасы облыстық Турнирдің теориялық туры өту барысында жүргізеді.

3. Эссені бағалау критерийлері. Оқушылар мына төмендегілерді жасай алуы керек:

  1. Эссе затын анықтай алу керек.

  2. Ұғымдарға сәйкес мысалдар келтіре білу керек.

  3. Себеп-салдар байланыстарды айқындай білуі керек.

  4. Зерттеу сұрағын айқындай білуі керек.

  5. Эссені мағыналық бөліктерге бөле білуі керек.

  6. Мағыналық бір бөліктен екінші бір бөлікке өту барысында ой логикасын сақтай білуі керек.

  7. Эссенің негізгі жағдайларын дәлелдеу.

  8. Аралық және соңғы қорытындалар жасай білуі керек.

  9. Сөйлеудің ғылыми стилін меңгеруін көрсете білуі керек.

  10. Цитаталарға қойылатын талап-тілектерге сәйкес жұмысты ұқыпты орындау.


Максималды ұпай саны – 10 (әрбір критерий - 1 ұпай).


4.Үй жұмысы (эссе) бойынша Турнирге қатысушының алған нәтижесі мектеп оқушыларының экономика пәні бойынша облыстық Турнирдің ««Эссе» үй жұмысы» графасына енгізіледі.


6.Турнир тапсырмаларының деңгейі


9 сынып, тапсырмаларды орындауға 120 минут (тест - 30 сұрақ, 2 есеп)


  • «Ресурстардың шектеулілігі және таңдау проблемасы»,

  • «Сұраныс. Сұраныс икемділігі»,

  • «Ұсыныс. Баға бойынша ұсыныс икемділігі»,

  • «Сұраныс пен ұсыныстың өзара байланысы».


10 сынып, тапсырмаларды орындауға 140 минут (тест - 40 сұрақ, 2 есеп)


  • «Ресурстардың шектеулілігі және таңдау проблемасы»,

  • «Сұраныс. Сұраныс икемділігі»,

  • «Ұсыныс. Баға бойынша ұсыныс икемділігі»,

  • «Сұраныс пен ұсыныстың өзара байланысы»,

  • «Бизнестің ұйымдық формалары»,

  • «Кәсіпкерлікті қаржыландыру»,

  • «Фирма шығындары»,

  • «Бәсеке. Нарық құрылымы».


11 сынып, тапсырманы орындауға 160 минут (тест - 50 сұрақ, 2 есеп)


  • «Ресурстардың шектеулілігі және таңдау проблемасы»,

  • «Сұраныс. Сұраныс икемділігі»,

  • «Ұсыныс. Баға бойынша ұсыныс икемділігі»,

  • «Сұраныс пен ұсыныстың өзара байланысы»,

  • «Бизнестің ұйымдық формалары»,

  • «Кәсіпкерлікті қаржыландыру»,

  • «Фирма шығындары»,

  • «Бәсеке. Нарық құрылымы»,

  • «Еңбек нарығы. Еңбек ресурстары»,

  • «Ақша. Банк жүйесі»,

  • «Экономикадағы мемлекет»,

  • «Экономикалық тұрақтылық»,

  • «Халықаралық сауда».



ҮІ.Турнирдің өтетін орны


9 сыныптар – Шымкент қаласы, Ө.Жолдасбеков атындағы №9 лицейде;

10 сыныптар – Шымкент қаласы, Ақпан батыр атындағы №10 жалпы орта мектебінде;

11 сыныптар – Шымкент қаласы, А.С.Макаренко атындағы №41 мектеп-гимназияда;

Жабылауы - ББЖЖТ, ПКБАЖ және ҚДО, Шымкент қаласы, дулати көшесі, 201.



ҮІІ.Турнирдің қорытындысын шығару


1. Жеңімпаздарды анықтау

Бірінші турдың қорытындысы бойынша ең жоғары балл жинаған әр сынып бойынша 9 финалист анықталып, компьютерлік моделдеу (МЭМ) – практикалық турға жіберіледі.

Екінші турдың қорытындысында (практикалық, компьютерлік моделдеу) әр оқушы 30 минут ішінде өндірістік есептер саласындағы жағдайға талдау жасап, жазбаша есептерін рәсімдейді. Қатысушылардың талдау жұмыстарының қорытындысы бойынша қазылар алқасы қатысугылардың І турда алған баллдарының санын және МРІ (МЭМ кезеңінің санына бөлінген – жалпы МРІ – МЭМ Көрсеткіш Индексі), орташа нәтижесін шығарады.


Ең жоғары балл жинаған қатысушылар оқушылардың экономика пәні бойынша облыстық Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанады.


Облыстық турнирдің 10-11 сыныптар бойынша І (бірінші) жүлделі орынды иеленген қатысушылары 2011 жылғы 28-30 наурызда Алматы қаласында өтетін оқушылардың экономика пәні бойынша Республикалық турниріне қатысуға мүмкіндік алады (http://junior.kz сайтын қараңыз).

Өткізілген теориялық және практикалық турлардың қорытындысы бойынша бірдей балл жинаған бірнеше қатысушылардан төмендегі талаптар бойынша қазылар алқасы мына бір ғана жеңімпазды анықтайды:

-өндірістік (теориялық турды орындау үшін аз уақыт жұмсау);

-ең көп жинақталған пайда (өндірістік есеп бойынша).


ҮІІІ.Турнирдің қорытындысын шығару


1.Турнирдің жеңімпаздары:

- Бірінші орын – 9, 10, 11 сыныптар бойынша – біреуден, барлығы – 3;

- Екінші орын – 9, 10, 11 сыныптар бойынша – екеуден, барлығы – 6;

- Үшінші орын – 9, 10, 11 сыныптар бойынша – үшеуден, барлығы – 9.


2.Турнирдің жеңімпаздары облыстық білім басқармасының І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен, ББЖЖТ, ПКБАЖ және ҚД орталығының номинациялар бойынша мақтау қағаздарымен мараптталады.


Оқушыларын Турнирге қатысуға дайындап, жеңімпаз атанған оқушылардың мұғалімдері облыстық білім басқармасы мен «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы» облыстық филиалының «Алғыс хаттарымен» және бағалы сыйлықтарымен марапатталады.


3.Жеңімпаз атанған оқушылардан өзге облыстық Турнирге қатысушыларға «Турнирге қатысқаны үшін» сертификаты беріледі.


ІХ. Қаржыландыру


1.Турнирді ұйымдастырып, өткізу шығындарын қаржыландыру ББЖЖТ, ПКБАЖ және ҚД орталығының жұмыс жоспары және мен бекітілген шығындар сметасына, «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы» облыстық филиалымен келісілген іс-шараларға сәйкес жүргізіледі.

2.Турнирге қатысушылардың іссапар шығындары жіберу жақтың есебінен төленеді.




Похожие:

Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының бастығы iconОҚо денсаулық сақтау басқармасының бастығы
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жасөспірімдер арасындағы өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу бойынша
Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының бастығы iconОңтүстік Қазақстан облысының жекелеген әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы
Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2006 жылғы 30 маусымдағы n 23/271-iii шешімі және Оңтүстік Қазақстан облыстық...
Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының бастығы iconОңтүстік Қазақстан облысының жекелеген әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 7 шілдедегі n 8/111-iv шешімі және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008...
Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының бастығы iconОңтүстік Қазақстан облысы бойынша 2008 жылға қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем ставкаларын белгілеу туралы
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 27 наурыздағы n 5/71-iv шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде...
Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының бастығы iconОңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалаларында аймақтардың шекаралары мен жер телімдері үшін ақы төлеудің базалық ставкасына қолданылатын түзету коэффициенттерін белгілеу туралы
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2001 жылғы 27 маусымдағы n 11/127-іі шешімі. Оңтүстік Қазақстан облыстық Әділет басқармасында...
Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының бастығы iconШығыс Қазақстан облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы Айдын Жомартұлы Шаймардановтың «Аумақтағы тіл саясаты» атты республикалық семинар-кеңестегі баяндамасы
Шығыс Қазақстан облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы Айдын Жомартұлы Шаймардановтың «Аумақтағы тіл саясаты»
Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының бастығы icon1946-2000 жылдарда
Жауапты редактор Л. Р. Хайретдинов, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Батыс Қазақстан облыстық аумақтық басқармасының...
Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының бастығы iconКіріспе
Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи жағдайлары
Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының бастығы iconІі бөлім. Оңтүстік Қазақстан облысының экологиялық жағдайын талдау
Кіріспе
Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының бастығы icon"Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы" Оңтүстік Қазақстан
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 24 ақпандағы №2/16-v және Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2012 жылғы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница