«Қр тжм казселденкорғау» мм -сі Алматы аумақтық пайдалану-техникалық басқармасының




Название«Қр тжм казселденкорғау» мм -сі Алматы аумақтық пайдалану-техникалық басқармасының
страница2/10
Дата конвертации10.02.2016
Размер1.27 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://ksz.kz/f/tender/001/519/001519.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Байқауға қатысуға өтінімді беру тәртібі


16. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді әлеуетті өнім берушілер не олардың уәкілетті өкілдері мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға қолма-қол не­месе мекен-жайы бойынша тапсырысты пошталық байланысты пайдалана отырып: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Нұрлытау кенті 8-ші ГЭС «ҚР ТЖМ Қазселденқорғау» ААПТБ-ның ӨТС-ры мекенжайы бойынша, М.С. Алибековаға 2012 жыл «30» шілде 13 сағат 00 мин. дейін жеткізіледі.

17. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткеннен кейін алған барлық конкурстық өтінімдер ашылмайды және конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерде көрсетілген деректемелер бойынша оларды ұсынған әлеуетті өнім берушілерге не алғаны туралы қолхатпен әлеуетті өнім берушілердің тиісті уәкілетті өкілдеріне жеке өздеріне қайтарылады.

18. Әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері ұсынған конкурсқа қатысуға өтінімдерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының жауапты адамы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, тиісті журналға тіркейді.

19. Осы конкурстық құжаттамада көзделген конкурсқа қатысуға өтінім­дерді ресімдеуге қойылатын талаптары бұзылған конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер қабылданбайды және тіркелмейді.


Байқау өтінімдерін өзгерту және

оларды қайтарып алу


20. Әлеуетті өнім беруші өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін конкурстық өті­німдерді берудің соңғы мерзімі біткенге дейін өзі енгізген қамтамасыз етуді қай­тарып алу құқығын жоғалтпастан, өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін өз­гертуі немесе қайтарып алуы мүмкін. Өзгеріс енгізу конкурсқа қатысуға өтінімнің өзі сияқты дайындалуы, желімделуіжәне ұсынылуы тиіс.

Конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу туралы хабарлама, әлеуетті өнім беруші заңды тұлға болып табылған жағдайда әлеуетті өнім беруші қол қойған және мөрімен бекітілген сатып алуды ұйымдастырушының атына еркін түрде жазылған өтініш түрінде ресімделеді.

Конкурсқа қатысуға өтінімге өзгеріс енгізу не конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу, егер оларды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін алған болса, жарамды болып табылады.

21. Конкурсқа қатысуға өтінім салынған конвертті ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғаннан кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайтарып алу сияқты, оларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

22. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада белгіленген конкурсқа қатысуға өтінімдердің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей нақты уақыт кезеңіне арналған өтінімнің қолданылу мерзімін ұзарту туралы әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуын жасауға құқылы. Әлеуетті өнім беруші мыналарды жоғалтпастан мұндай сұрау салудан бас тартуға құқылы:

1) оның конкурсқа қатысуға өтінімінің мерзімі ішінде конкурс тәсілімен жүргізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысу;

2) осындай өтінімнің қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін ол енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтарып алу.

23. Әлеуетті өнім беруші конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға оның қатысуымен байланысты барлық шығыстарды көтереді. Тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптама комиссиясы, сарапшы конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың нәтижелеріне қарамастан, осы шығыстарды өтеу жөніндегі міндеттемелерді көтермейді.


4. Байқау тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді байқау комиссияның ашуы


24. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашуды келген барлық әлеуетті өнім берушілердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен конкурстық комиссия 2012 жылғы «30» шілде 15 сағ. 00 мин. Алматы обл., Қарасай ауданы, Нұрлытау кенті 8-ші ГЭС ААПТБ-сында жүргізеді.

Байқау өтінімдері салынған хатқалталарды таныстырудың соңғы мерзімі мен байқауға қатысу өтінімдерінің хатқалталарын ашу арасындағы мерзім 2 сағаттан аспауы қажет.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының хабарландыруында (хабарламасында) және осы конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімде және тәртіппен ұсынылған әлеуетті өнім берушілердің өтінімдер салынған конверттер ашылуға жатады.

Егер конкурсқа (лотқа) конкурсқа қатысуға арналған бір ғана өтінім ұсынылса, онда конкурсқа қатысуға арналған осы өтінім де ашылады.

25. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсіміне қа­тысып отырған әлеуетті өнім берушілердің уәкілетті өкілдері өздерінің қа­тысуын растай отырып, олардың өкілеттіктерін растайтын құжаттарды көр­сетуге және әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналына Алматы облысы, Қарасай ауданы, Нұрлытау кенті 8-ші ГЭС ААПТБ 2012 жылғы «30» шілде 14 сағ. 30 мин. дейін тіркелуге тиіс.

Әлеуетті өнім берушілер мен олардың уәкілетті өкілдері конкурстық комиссияға конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімін жазу үшін пайдалануға ниет етіп отырған аудио және бейне жазбаның техникалық құралдары туралы хабардар етуге тиіс (Жабық конкурс өткізілетін кезде осы абзац алынып тасталады).

26. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысыпотырған әлеуетті өнім берушілердің және оның уәкілетті өкілдерінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің, конкурстық комиссияның, конкурстық комиссия хатшысының қызметіне араласуына жол берілмейді.

27. Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысында:

1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі, тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тұлғада әрекет еткен жағдайда – байқау комиссиясының хатшысы, аталған байқау құжаттамасында көрсетілген мағлұматтарды, қатысып отырғандарға хабарлайды:

конкурстық комиссияның құрамы, конкурстықкомиссияның хатшысы туралы;

конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілердің саны;

әлеуетті өнім берушілердің бар немесе жоқ екендігі, сондай-ақ мем­лекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың ере­желерін түсіндіру жөніндегі әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізгені;

конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу фактісінің бар немесе жоқ екендігі, сондай-ақ себептері;

тиісті тіркеу журналына тіркелген конкурсқа қатысуға өтінімдерді бел­гіленген мерзімде ұсынған әлеуетті өнім берушілер;

2) конкурстық комиссияның өкілі не конкурстық комиссия мүшелерінің қа­тарынан төраға белгілеген тұлға:

конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашады және өтінімде қамтылған құжаттардың тізбесін және олардың қысқаша мазмұнын жария етеді;

3) конкурстық комиссияның хатшысы:

тиісті конверттерді ашу хаттамасын ресімдейді;

әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілдерін конкурстық комиссия отырысының көрсетілген хаттамасының көшірмесін ала алатын мерзім туралы хабардар етеді.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссия отырысының хаттамасына конкурстық комиссияның оты­рысқа қатысып отырған барлық мүшелері, оның төрағасы, оның орын­басары, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы әр бетіне қол қояды.

Байқау комиссиясының көрсетілген отырысы хаттамасының көшір­месін конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысқан әлеуетті өнім берушіге немесе уәкілетті өкіліне конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы өткізілген күннен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей, ал қатыспағандарға - олардың жазбаша сұрауы бойынша сұрау алынған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылады.


5. Байқау тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдерді олар­дың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі мәніне байқау комиссиясының қарауы және әлеуетті өнім берушілерді конкурсқа қатысуға жіберу


28. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушілердің арасынан біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтау және олар­ды конкурсқа қатысушы деп тану мақсатында конкурстық комиссия жүзеге асырады.

29. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде конкурстық комиссия:

1) конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушілерден конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді жазбаша нысанда сұратуға;

2) конкурсқа қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қа­жетті ақпаратты жазбаша нысанда сұратуға құқылы.

Байқау комиссиясының байқауға қатысу өтінімдерінің байқау құ­жаттамасы талаптарына сәйкес келтіруге байланысты сұратулары мен өзге де әре­кеттеріне жол берілмейді. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құ­жаттама талаптарына сәйкес келтіру деп конкурстық комиссияның конкурсқа қа­тысуға өтінімді жеткіліксіз құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өті­німде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісінше ресімделмеген құ­жаттарды сәйкес келтіруге бағытталған әрекеттері түсініледі.

Байқау комиссиясы байқауға қатысу өтінімдерінде, егер онда ұсынылған өті­нім­­нің мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе ариф­мети­калық қателер болса, конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап бе­ретін деп қарайды.

30.Байқау комиссиясы мынадай жағдайларда әлеуетті өнім берушіні біліктілік талаптарына сәйкес емес деп таниды:

1) әлеуетті өнім берушінің және ол тартатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) біліктілік талаптарына сәйкестігін растауға арналған құжатты (құжаттарды) ұсынбаған не тиісті түрде ресімделмеген күйде ұсынған;

2) оның сәйкестігін растауға арналған құжаттарда қамтылған ақпарат негізінде біліктілік талаптарына сәйкессіздік, сондай-ақ ол тартатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) біліктілік талаптарына сәйкессіздік фактісі анықталған;

3) біліктілік талаптары жөнінде жалған ақпарат ұсынған.

Әлеуетті өнім берушіні Заңның 9-бабының 1-тармағына көзделмеген негіздемелер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес емес деп тануға жол берілмейді.

Байқау комиссиясы соманың бір пайыздан астам мөлшерде өтінімді қамтамасыз ету енгізілген жағдайда, енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді осы конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келеді деп таниды.

31. Байқау комиссиясы мынадай жағдайларда енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді осы конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес емес деп таниды:

1) байқауға қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі жеткіліксіз болса;

2) байқау комиссиясының:

байқауға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді берген тұлғаны;

қатысу үшін өтінімді қамтамасыз ету енгізіліп отырған байқау тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың атауын;

өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін және (немесе) сомасын, сондай-ақ оны ұсыну шарттарын;

конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету белгілеген тұлғаны;

байқауға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету пайдасына енгізіліп отырған тұлғаны анықтауына мүмкіндік бермейтін мәліметтердің болмауынан көрініс табатын конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету тиісінше ресімделмеген.

32. Егер, байқауға қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші:

1) ол және (немесе) оның қосалқы мердігері не бірлесіп орындаушы біліктілік талаптарына сәйкес емес деп айқындалса;

2) Заңның 6-бабының талаптарын бұзса;

3) байқауға қатысуға арналған оның өтінімі конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес емес деп айқындалса, конкурсқа қатысуға жіберілмейді (конкурсқа қатысушы болып танылмайды).

Егер әлеуетті өнім беруші осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген негіздемелер бойынша конкурсқа қатысуға жіберілмесе, онда:

конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада осындай әлеуетті өнім беру­шінің конкурсқа қатысуға өтінімін кейінге қалдыру негіздемесі көрсетіледі;

Заңның 6-бабының талаптарын бұзған әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тізіліміне енгізілуге жатады.

33.Байқауға қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия:

1) біліктілік талаптарына және конкурсқа қатысуға жіберілетін (конкурсқа қатысушылар) конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды;

2) Заңның 17-бабының 4-тармағына сәйкес конкурстық құжаттамада көзделген өлшемдердің проценттік мәнін қолданады;

3) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы ресімдейді және конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің (конкурсқа қатысу­шы­лардың) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық баға ұсы­ныстарын беру күнін, уақытын, орнын белгілейді.

34. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде көрсетілген хаттаманың көшірмесін конкурсқа қатысуға өтінім берген барлық әлеуетті өнім берушілерге береді немесе жібереді, сондай-ақ қол қойылған хаттаманың мәтінін тапсырыс берушінің веб-сайтына орналастырады (жабық конкурсты қоспағанда). Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешімі Заңның 45-бабында белгіленген тәртіппен шағымдалуы мүмкін.


6. Байқауға қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің байқаулық баға ұсыныстарын ресімдеуі


35. Байқауға қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілер (конкурсқа қатысушылар) ұсынатын конкурстық баға ұсыныстары мынадай түрде ресімделеді:

1) конкурстық баға ұсынысының нысаны басылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюы және оның мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) бекітілуі тиіс;

2) конкурстық баға ұсынысында әлеуетті өнім берушінің грамматикалық қателерді түзетуі қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай өндірме, өшірілген сөздер немесе толықтырулар болмауға тиіс;

3) отандық әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстары теңгемен берілуге тиіс.

36.Әлеуетті өнім беруші конкурстық баға ұсынысын конвертке желім­дей­ді, оның беткі жағында әлеуетті өнім берушінің толық атауы, сондай-ақ мы­­надай мазмұндағы мәтін көрсетілуге тиіс:

«ҚР ТЖМ Қазселеденқорғау» ММ-нің ААПТБ-сы

«ААПТБ-ның өндірістік базаның жылу жүйесін жөндеу жұмыстары»

ЖӨНІНДЕГІ БАЙҚАУ - БАЙҚАУЛЫҚ БАҒАЛЫҚ ҰСЫНЫС - байқау бағалық ұсы­ныс­тарын ашатын күні мен уақытын көрсету қажет) ДЕЙІН АШУҒА БОЛ­МАЙ­ДЫ (күні, уақыты және орны байқауға қатысуға жіберу туралы хаттамада көрсетіледі)

Байқауға қатысушының байқаулық баға ұсынысын қайтарып алу не өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуі сияқты, бірден артық кон­курс­тық баға ұсынысын беруіне жол берілмейді.


7. Байқауға қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын конкурстық комиссияның бағалауы мен салыстыруы және конкурс жеңімпазын анықтау


37. Байқауға қатысуға жіберу туралы хаттамада белгіленген күні, уақытта және орында конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру бойынша отырыс өткізеді.

Байқау комиссиясы байқауға қатысуға жіберу туралы хаттамада белгіленген мерзім аяқталғанға дейін конкурстық баға ұсыныстары бар конверттер ұсынған конкурсқа қатысушылар туралы мәліметтерді конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналына хронологиялық тәртіппен енгізеді.

Байқау комиссиясы отырысында конкурстық комиссия төрағасы не төраға конкурстық комиссия мүшелерінің қатарынан белгілеген тұлға:

конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді оларды тіркеудің хронология тәртібімен ашады;

конкурстық баға ұсыныстарын ұсынған конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын хронологиялық тәртібімен жария етеді;

конкурстық комиссияның хатшысына ашылған конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттерді береді.

38. Байқауға қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері конкурстық баға ұсыныстары бар конверттердің мазмұнымен танысуға құқылы.

39. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссия отырысына конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері аудио және бейне түсірілімдер жүргізу құқығымен қатысуға құқылы. Бұл ретте конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері конкурстық комиссияны көрсетілген техникалық құралдарды қолдану туралы хабардар етуге тиіс. (Жабық конкурс өткізу кезінде осы тармақ алынып тасталады).

40. Байқау бағасы ұсыныстарын бағалау мен салыстыру рәсімін жеңілдету үшін конкурстық комиссия әр түрлі валютада берілген конкурстық баға ұсыныстарының барлық бағаларын Қазақстан Республикасының валютасына - конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы болатын күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша теңгеге аударады.

41. Байқау комиссиясы:

1) байқауға қатысушылардың конкурс тәсілімен тауарларды,

жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді осы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан асатын конкурстық баға ұсыныстарын кері қайтарады;

2) егер оның бағасы демпингтік болып табылса, конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысын кері қайтарады;

3) егер осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген негіздемелер бойынша конкурстық баға ұсыныстары кері қайтарылғаннан кейін конкурсқа қатысушылардың екі және одан көп конкурстық баға ұсыныстары конкурсқа қатысатын болса, конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгіленген өлшемдердің проценттік мәнінің олардың конкурстық баға ұсыныстарына қатысты қолдану арқылы осы конкурсқа қатысушылардың шартты бағасын айқындайды;

4) ең төмен шартты төмен шартты баға негізінде конкурстың жеңімпазын анықтайды.

42. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру және конкурс жеңімпазын анықтау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттама ресімдейді. Тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттаманың әрбір бетіне конкурстық комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ хатшысы қол қояды.

43. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ол туралы мәліметтер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген әлеуетті өнім берушінің жазбаша сұрау салуын алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей оған конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесін қайтарусыз негізде ұсынуға міндетті. Мемлекеттік сатып алу жабық конкурс тәсілімен өткізілген жағдайда, хаттамадан үзіндінің көшірмесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен беріледі.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Похожие:

«Қр тжм казселденкорғау» мм -сі Алматы аумақтық пайдалану-техникалық басқармасының icon«Қр тжм казселденкорғау» мм -сі Алматы аумақтық пайдалану-техникалық басқармасының
Тапсырыс беруші және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы: «Қр тжм қазселденқоргау» мм-нің Алматы аумақтық пайдалану-техникалық...
«Қр тжм казселденкорғау» мм -сі Алматы аумақтық пайдалану-техникалық басқармасының icon«Қр тжм казселденкорғау» мм -сі Алматы аумақтық пайдалану-техникалық басқармасының
Лот №3. «Арнайы техникаларға техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу жұмыстары»
«Қр тжм казселденкорғау» мм -сі Алматы аумақтық пайдалану-техникалық басқармасының icon«Қр тжм казселденкорғау» мм -сі Алматы аумақтық пайдалану-техникалық Басқармасының
Сарыарқа дауажайы ауданында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары сатып алынатын жұмыстардың техникалық ерекшелігіне енгізілген толықтыруларымен...
«Қр тжм казселденкорғау» мм -сі Алматы аумақтық пайдалану-техникалық басқармасының icon2012 жылғы «29» ақпан №11- ө бұйрығы байқау қҰжаттамасы мемлекеттік сатып алу бойынша
Тапсырыс беруші Қр тжм «Қазселденқоргау» мм-нің Семей аумақтық пайдалану басқармасы
«Қр тжм казселденкорғау» мм -сі Алматы аумақтық пайдалану-техникалық басқармасының iconАлматы облысының әкімшілік аумақтық құрылысындағы кейбір қайта құрулар туралы
Бірлескен «Алматы облысының әкімшілік аумақтық құрылысындағы кейбір қайта құрулар туралы» Алматы облысы мәслихатының шешімі және...
«Қр тжм казселденкорғау» мм -сі Алматы аумақтық пайдалану-техникалық басқармасының iconСумен жабдықтау және су бұру жүйелерiн пайдалану кезiнде еңбек қОРҒау және қауiпсiздiк техникасының ережелерi
Еңбекті қорғау қауіпсіздік техникасының ережелері (ары қарай мәтін бойынша – Ережелер) Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу...
«Қр тжм казселденкорғау» мм -сі Алматы аумақтық пайдалану-техникалық басқармасының iconАлматы қалалық ЖҰмылдыру дайындығЫ, азаматтық ҚОРҒаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының
Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс жүйесін жетілдіру және дамыту, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың...
«Қр тжм казселденкорғау» мм -сі Алматы аумақтық пайдалану-техникалық басқармасының iconЗырян Өру-дегі өрт дабылына ағымды жөндеу жұргізу
Тапсырыс беруші: «Қр тжм қазселденқорғау» мм алматы қаласы, Қалдаяқов көшесі, 70
«Қр тжм казселденкорғау» мм -сі Алматы аумақтық пайдалану-техникалық басқармасының icon1946-2000 жылдарда
Жауапты редактор Л. Р. Хайретдинов, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Батыс Қазақстан облыстық аумақтық басқармасының...
«Қр тжм казселденкорғау» мм -сі Алматы аумақтық пайдалану-техникалық басқармасының iconШахтаның көтеруші қондырғыларын тексеру жөніндегі
Осы әдістемелік ұсыныс Қр тжм төтенше жағдайлар мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау жөніндегі комитетіне бағынышты...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница