«Қр тжм казселденкорғау» мм -сі Алматы аумақтық пайдалану-техникалық басқармасының




Название«Қр тжм казселденкорғау» мм -сі Алматы аумақтық пайдалану-техникалық басқармасының
страница1/10
Дата конвертации10.02.2016
Размер1.27 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://ksz.kz/f/tender/001/519/001519.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10



Бекітемін:

«ҚР ТЖМ Казселденкорғау» ММ –сі

Алматы аумақтық пайдалану-техникалық

басқармасының

Директоры ________________ Тәжібаев Т.А.


2012 жылғы «25» маусым № 43- ө бұйрығы


БАЙҚАУ ҚҰЖАТТАМАСЫ

Мемлекеттік сатып алу бойынша:


ААПТБ-ның өндірістік базаның жылу

жүйесін жөндеу жұмыстары

Тапсырыс беруші және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы: «ҚР ТЖМ Қазселденқоргау» ММ-нің Алматы аумақтық пайдалану-техникалық басқармасы

Мекенжайы: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Нұрлытау кенті, 8-ші ГЭС

СТН: 600900063535

ЖИК: KZ92070101KSN0000000

Банк: ҚР ҚМ Қазынашылық Комитеті ММ-сі

БСК: KKMFKZ2A Кбе 11


Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілі: «ҚР ТЖМ Қазселденқоргау» ММ-нің ААПТБ-ның ӨТС кеңесшісі –Әуелбеков Д.Н., тел. 269-09-34, электронды поштасының мекенжайы: Atetu@ yandex.ru,

вэб-сайт: www.ksz.kz

Байқау құжаттамасы тегін ұсынылады.


1. Жалпы ережелер


1.Байқау «ААПТБ-ның өндірістік базаның жылу жүйесін жөндеу жұмыстары» бойынша жеткізуші таңдау мақсатында өткізіледі.

2. Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу жөніндегі осы байқауға бөлінген сома 2 000 000 теңгені құрайды.

3. Осы байқау құжаттамасы мыналарды қамтиды:

1) осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) тізбесін;

2) осы Үлгі конкурстық құжаттаманың 2-қосымшасына сәйкес жоба-сметалық құжаттамасы, техникалық ерекшеліктерді қоса алғанда, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сипаты мен талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасын;

3) осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді;

4) осы Үлгі конкурстық құжаттаманың 5-қосымшасына сәйкес нысандар бойынша тауарларды беру (жұмыстарды орындау, көрсетілетін қызметтер көрсету) үшін әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді;

5) әрбір өлшемнің пайыздық мәнін көрсете отырып, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 17-бабының 4-тармағына және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесіне сәйкес неғұрлым сапалы тауар, жұмыс, қызмет көрсетуді ұсынатын конкурсқа қатысушыны айқындау мақсатында конкурсқа қатысушыны анықтау кезінде конкурстық комиссия ескеретін міндетті өлшемдердің тізбесін;

6) нысаналарды қайта жаңарту немесе құрылыспен байланысты жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, байқау құжаттамасында жұмыстарды орындаудың кезеңдерін, түрлерін және көлемдерін, сонымен қатар осындай жұмыстарды мемлекеттік сатып алудың сомасын әр қаржылық жылда көрсетуі қажет, егер оларды орындаудың мерзімі, алдын-ала жобалау құжаттамасына сәйкес бір қаржылық жыл шегінен шықса.

4. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтініммен қоса тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың 1% мөлшерінде конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуді төменде санамаланған нысандардың бірінде енгізеді:

1) осы Үлгі конкурстық құжаттаманың 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктік кепілдік.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі конкурсқа қатысуға арналған өтінімнің өзінің мерзімінен кем болмауға тиіс.


2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілерге оның ережелерін түсіндіруі


5.Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші 2012­­­­­­­­­­ жылғы «20» шілде 10 сағ. 00 мин. кешіктірмей байқау құжаттамасының ережелерін түсіндіру туралы жазбаша сұрау салумен жүгінуге тиіс. Әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мынадай деректемелері бойынша жіберу қажет: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Нұрлытау кенті, 8-ші ГЭС «ҚР ТЖМ Қазселденқорғау» ММ-нің Алматы аумақтық пайдалану-техникалық басқармасы, ӨТС –ры.

6. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жауап беруге және сұрау салу кімнен келіп түскенін көрсетусіз:

1) олар туралы мәліметтер конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген тұлғаларға конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіруді жіберуге;

2) конкурстық құжаттама ережелерін түсіндірулердің мәтінін тапсырыс берушінің веб-сайтында жариялауға міндетті.

7. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы 2012 жылғы «25» июля 10 сағ. 00 мин. мерзімнен кешіктірмей жеке бастамашылығы бойынша немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген әлеуетті өнім берушінің сұрауына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге тиіс. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізу конкурстық құжаттаманы бекітудегі сияқты тәртіппен ресімделеді.

Енгізілген өзгерістердің міндетті күші болады және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы оларды конкурстық құжаттамаға өзгерістер бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтеусіз негізде конкурстық құжаттаманың көшірмесі берілген барлық әлеуетті өнім берушілерге жібереді. Бұл ретте конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерде осы өзгерістерді әлеуетті өнім берушілердің есепке алуы үшін кемінде он жұмыс күні мерзіміне ұзартады.

Ұйымдастырушы енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, нақтыланған конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің веб-сайтында жариялайды.

8. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмелері берілген әлеуетті өнім берушілермен не олардың уәкілетті өкілдерімен конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру үшін 2012 жылғы «20» шілде сағ. 15-00де Алматы облысы, Қарасай ауданы, Нұрлытау кенті, 8-ші ГЭС «ҚР ТЖМ Қазселденқорғау» ММнің ААПТБ-да кездесу өткізеді.

9. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілермен кездесудің хаттамасын жасайды, онда әлеуетті өнім берушілердің конкурстық құжаттаманы түсіндіру туралы олардың көздерін көрсетпестен, ұсынылған сұратулары, сондай-ақ осы сұратуларға жауаптар көрсетіледі. Хаттама әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей конкурстық комиссияға және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама алған әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналында көрсетілген пошталық деректемелері бойынша конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген барлық әлеуетті өнім берушілерге жіберіледі.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілермен болған кездесу хаттамасының мәтінін тапсырыс берушінің веб-сайтында жариялайды.


3. Байқау тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді ресім­деуге қойылатын талаптар және конкурс тәсілімен мемлекеттік са­тып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді әлеуетті өнім берушілердің ұсынуы


Байқауға қатысуға өтінім


10. Конкурсқа қатысуға өтінім осы конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес тауарды беруді жүзеге асыруға (жұмысты орын­дауға, қызметтер көрсетуге) конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беру­шінің келісім білдіру нысаны болып табылады.

11. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға беретін конкурсқа қатысуға өтінім мыналарды қамтуға тиіс:

1) әлеуетті өнім беруші осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша толтырған және қол қойылған өтінімді;

2) әлеуетті өнім беруші оның жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін рас­тау ретінде ұсынатын құжаттардың тізбесін:

құқықтық қабілеттілігін (заңды тұлғалар үшін), жеке тұлғалар үшін аза­маттық қабілеттілігін (кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжат, СТН, жеке басын растайтын куәлігінің көшірмесі) растайтын нотариалды куә­ландырылған құжаттарды;

заңды тұлға заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуға тиіс. Қазақстан Респуб­ли­ка­сының резиденті еместер мемлекеттік және орыс тілдеріне ау­дар­масымен сауда тізілімінен нотариалды куәландырылған, заңдастырылған әлеуетті өнім берушінің жұмыстарды орындау құқығын растайтын лицензиялардың және п­а­тент­тердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың, басқа құжаттардың но­тариалды куәландырылған көшірмелерін;

заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің нотариалды куәләндырылған көшірмесі. Егер, заңды тұлға қызметті, заңнамалар ретінде орнатылған әрі бекітілген Үлгі жарғысының негізінде жүзеге асыратын болса, онда, мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің нотариалды куәләндырылған көшірмесі.

(құрылтайшы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мағлұматтар болмаған жағдайда) жарғының нотариалды куәләндырылған көшірмесі немесе құрылтайшы әрі құрылтайшылар құрамы туралы мағлұматтары бар құрылтайлық құжатардың нотариалды куәләндырлыған көшірмесі немесе конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдың бұрын алынған акция ұстау тізілімінің нотариалды куәләндырылған көшірмесі.

төлем қабілетін растайтын құжаттарды:

осы Үлгі конкурстық құжаттамасының 7-қосымшасына сәйкес әлеуетті берушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының әлеуетті берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, кредиттік серіктестіктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп-шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы (егер әлеуетті өнім беруші екінші дең­гейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындайбанктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннің алдындағы бір ай бұрын алынуға тиіс;

бірінші басшы немесе оны алмастыратын тұлға, сондай-ақ бас бухгалтер (бухгалтер) қол қойған соңғы қаржы жылындағы бухгалтерлік теңгерімнің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі. Егер конверттерді ашу ағымдағы жылдың 30 сәуіріне дейінгі мерзімде жүргізілсе, онда соңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылындағы бухгалтерлік теңгерімнің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі ұсынылуы мүмкін;

салық органының басшы немесе орынбасары қол қойған, конкурстық өті­нім­дер салынған конверттерді ашатын күннің алдындағы бір айдан кешік­тірмей алынған, үш айдан астам уақыттағы салықтық берешегі бойынша бере­шегінің (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі ке­йінге қалдырылған кездегі жағдайларды қоспағанда) жоқтығы немесе бар екендігі туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анық­тамасының түпнұсқасын;

Конкурстық құжаттама әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтініммен бірге жүргізілетін мемлекеттік сатып алу сомасының жүз процентіне тең мөлшерде Қазақстан Республикасының бір немесе бірнеше банк-ре­зиденттердің банктік кепілдіктері түрінде шартты орындауды қамтамасыз ету арқылы төлем қабілеттілігі туралы жалпы біліктілік талабына сәйкестігін растау құқығы туралы ақпаратты қамтуы тиіс. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз ету әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік са­тып алу ту­ралы шарт бойынша міндеттемелерді толық орындау үшін кон­курстық құжаттамада белгіленген мерзімге беріледі;

3) әлеуетті берушінің және оның қосалқы мердігерлерінің (бірлесіп орындаушылардың) мемлекеттік сатып алу туралы заңнама арнайы бі­ліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды;

Үлгі байқау құжаттамасының 5-қосымшасына сәйкес үлгі нысан бойынша қыз­меткерлердің біліктілігін, мамандығы бойынша тауарларды өндіру және/не­месе беру, қызметтер көрсету, жұмыстарды орындау үшін мамандығы бойынша жұмыс стажын көрсете отырып, қызметкерлердің бар-жоғы және саны туралы құжаттың түпнұсқасын немесе нотариалды куәландырылған көшірмесін;

әлеуетті өнім берушінің және оның қосалқы мердігерінің (бірлесіп орын­даушылардың) осы талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды көрсете оты­рып, арнайы біліктілік және өзге де талаптардың толық тізбесін қамтитын осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес нысандар бо­йынша мемлекеттік сатып алу процесіне қатысуға арналған біліктілігі туралы мәліметтерді;

Егер әлеуетті өнім беруші жұмыстардың не қызмет көрсетулердің қосалқы мер­дігерлерін (бірлесіп орындаушыларды) тартуды көздеген жағдайында әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тартылатын қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) жалпы және арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс;

осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 10-қосымшаға сәйкес конкурста сатып алудың мәні болып табылатын жұмыстарды орындау жөніндегі қосалқы мер­дігерлер (қызметтер көрсету кезінде бірлесіп орындаушылар) туралы мә­ліметтерді және бас мердігердің жұмыстар, қызмет көр­се­тулер көлемінің үштен екісінен астам жиынтығында қосалқы мерді­гер­лікке беруге тыйым салу шартын;

4) сапалық және жұмыстарды пайдалану сипаттамсымен қоса техникалық ерекшеліктерін, сонымен қатар, мерзімі, жұмыс көлемі, сапа кепілдігі, жұмыстың орындалу кестесі.

5) банктік кепілдік түрінде, Заңда белгіленген мөлшерде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету;

6) әлеуетті өнім берушінің жарғысына сәйкес сенімхатсыз қол қою құқығы бар әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысын қоспағанда, әлеуетті өнім берушінің мүдделерін білдіретін адамға (адамдарға) конкурсқа қатысуға өтінімге қол қою және конкурстық комиссияның отырыстарына қатысу құқығына берілетін сенімхат.


Байқауға қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар

12. Конкурсқа қатысуға өтінімді әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тігілген түрде, нөмірленген беттерімен береді және соңғы бетіне оның қолымен, ал заңды тұлға үшін - мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) куәландырылады.

Конкурсқа қатысуға өтінімнің техникалық бөлігі (тігілген түрде, нөмірленген беттерімен, соңғы беті әлеуетті өнім берушінің қолымен және мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) куәландырылған түрде және конкурсқа қатысуға өтінімнің қамтамасыз етуін растайтын құжаттың түпнұсқасы жеке беріледі.

13. Конкурсқа қатысуға өтінімнің нысаны басылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюы, әлеуетті өнім берушінің мөрімен бекітілуі (жеке тұлға үшін ондай бар болса) тиіс.

14. Конкурстық өтінімде әлеуетті өнім берушінің грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзетуі қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай өндірме, өшірілген сөздер немесе толықтырулар болмауы тиіс.

15. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді конвертке же­лімдейді, оның беткі жағында әлеуетті өнім берушінің толық атауы мен пошталық мекен-жайы (егер ол “кешікті” деп жарияланса, конкурсқа қатысуға өтінімді ашпаған күйінде қайтару мақсатында), мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекен-жайы, конкурс тәсілі­мен мемлекеттік сатып алудың дәл атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мә­тін көрсетілуге тиіс:

«ААПТБ-ның өндірістік базаның жылу жүйесін жөндеу жұмыстары»

ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРС және 2012 жыл «30» шілде 15 сағ. 00 мин. ДЕЙІН АШПАҢЫЗ.

  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Похожие:

«Қр тжм казселденкорғау» мм -сі Алматы аумақтық пайдалану-техникалық басқармасының icon«Қр тжм казселденкорғау» мм -сі Алматы аумақтық пайдалану-техникалық басқармасының
Тапсырыс беруші және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы: «Қр тжм қазселденқоргау» мм-нің Алматы аумақтық пайдалану-техникалық...
«Қр тжм казселденкорғау» мм -сі Алматы аумақтық пайдалану-техникалық басқармасының icon«Қр тжм казселденкорғау» мм -сі Алматы аумақтық пайдалану-техникалық басқармасының
Лот №3. «Арнайы техникаларға техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу жұмыстары»
«Қр тжм казселденкорғау» мм -сі Алматы аумақтық пайдалану-техникалық басқармасының icon«Қр тжм казселденкорғау» мм -сі Алматы аумақтық пайдалану-техникалық Басқармасының
Сарыарқа дауажайы ауданында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары сатып алынатын жұмыстардың техникалық ерекшелігіне енгізілген толықтыруларымен...
«Қр тжм казселденкорғау» мм -сі Алматы аумақтық пайдалану-техникалық басқармасының icon2012 жылғы «29» ақпан №11- ө бұйрығы байқау қҰжаттамасы мемлекеттік сатып алу бойынша
Тапсырыс беруші Қр тжм «Қазселденқоргау» мм-нің Семей аумақтық пайдалану басқармасы
«Қр тжм казселденкорғау» мм -сі Алматы аумақтық пайдалану-техникалық басқармасының iconАлматы облысының әкімшілік аумақтық құрылысындағы кейбір қайта құрулар туралы
Бірлескен «Алматы облысының әкімшілік аумақтық құрылысындағы кейбір қайта құрулар туралы» Алматы облысы мәслихатының шешімі және...
«Қр тжм казселденкорғау» мм -сі Алматы аумақтық пайдалану-техникалық басқармасының iconСумен жабдықтау және су бұру жүйелерiн пайдалану кезiнде еңбек қОРҒау және қауiпсiздiк техникасының ережелерi
Еңбекті қорғау қауіпсіздік техникасының ережелері (ары қарай мәтін бойынша – Ережелер) Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу...
«Қр тжм казселденкорғау» мм -сі Алматы аумақтық пайдалану-техникалық басқармасының iconАлматы қалалық ЖҰмылдыру дайындығЫ, азаматтық ҚОРҒаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының
Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс жүйесін жетілдіру және дамыту, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың...
«Қр тжм казселденкорғау» мм -сі Алматы аумақтық пайдалану-техникалық басқармасының iconЗырян Өру-дегі өрт дабылына ағымды жөндеу жұргізу
Тапсырыс беруші: «Қр тжм қазселденқорғау» мм алматы қаласы, Қалдаяқов көшесі, 70
«Қр тжм казселденкорғау» мм -сі Алматы аумақтық пайдалану-техникалық басқармасының icon1946-2000 жылдарда
Жауапты редактор Л. Р. Хайретдинов, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Батыс Қазақстан облыстық аумақтық басқармасының...
«Қр тжм казселденкорғау» мм -сі Алматы аумақтық пайдалану-техникалық басқармасының iconШахтаның көтеруші қондырғыларын тексеру жөніндегі
Осы әдістемелік ұсыныс Қр тжм төтенше жағдайлар мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау жөніндегі комитетіне бағынышты...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница