Бекітемін «Ш. Уәлиханов атындағы кму»




НазваниеБекітемін «Ш. Уәлиханов атындағы кму»
страница3/3
Дата конвертации10.02.2016
Размер0.51 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://kgu.kz/doc/magistratura/MI_11_OPO_2011_kz.doc
1   2   3

8. Ауыстыру, оқудан шығару, қайта қабылдау және академиялық демалыс беру


8.1 Ауысудың немесе оқуға қайта қабылданудың міндетті шарты бірінші академиялық кезеңнің оқу жұмыс жоспарының барлық талаптарын орындау және аралық аттестаттауды тапсыру болып табылады.

8.2 Ауысу немесе оқуға қайта қабылдану, егер оқу жоспарындағы айырмашылық үш оқу пәнін құраса, сол курсқа жүзеге асырылады.

Пәндердегі ерекшеліктерді анықтау кезінде қорытынды бақылау нысанындағы айырмашылық ескерілмейді.

Сынақ білім алушының оқу жетістігін бағалаудың әріптік жүйесі бойынша, ең төменгі D (1,0; 50-54%) және ең жоғарғы А (4,0; 95-100%) аралығындағы диапазонда сәйкестендіріледі.

8.3 Білім алушыны курстан курсқа ауыстыру жазғы емтихан сессиясының қорытындысы (аралық аттестаттау) бойынша жазғы семестрдің нәтижелерін және алынған ауысу баллдарын ескере отырып жүзеге асырылады.

Білім алушыны курстан курсқа ауыстыру ректордың бұйрығымен ресімделеді.

Белгіленген ауысу баллын жинаған және академиялық қарызы бар болған жағдайда келесі курсқа ауыстырылған білім беру гранты бойынша білім алушы білім беру грантын жоғалтпайды, ал академиялық қарызын ақылы негізде жояды.

8.4 Қайта оқу курсына қалдырылған білім беру гранты бойынша білім алушы осы гранттан айырылады және одан әрі ақылы негізде оқиды.

Магистранттарды бір білім және ғылым ұйымынан екіншісіне ауыстыру тек ақылы негізде оқу үшін жүзеге асырылады.

Білім алушыны бір ЖОО-дан екіншісіне ауыстыру рәсімі СМЖ ӘН 05-2009 бойынша жүзеге асырылады.

8.5 Білім алушы ауысатын ЖОО-ның басшысы бұйрық шыққан мерзімнен бастап үш күн ішінде бұрын білім алушы оқыған ЖОО-ға оның жеке іс қағаздарын жіберу туралы жазбаша сұрау салады.

Білім алушы бұрын оқыған ЖОО-ның басшысы мұндай сұрауды алғаннан кейін (ЖОО атауы) ауысуына байланысты оқудан шығарылды» деген мазмұнындағы оқудан шығару туралы бұйрық шығарады және бұйрық шыққан мерзімнен бастап үш күн ішінде білім алушының жеке іс қағаздарын қабылдаушы ЖОО-ның мекен-жайына жолдайды.

Білім алушы оқыған ЖОО-да оқу карточкасының және транскриптің көшірмелері, сынақ кітапшасы, студенттік билет және жіберілген құжаттардың тізбесі қалдырылады.

8.6 Бір ЖОО-дан екіншісіне білім беру гранты негізінде білім алушыны ауыстыру кезінде қабылдайтын ЖОО-ның басшысы білім алушыны қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін, оның атына жазылған білім беру гранты куәлігінің көшірмесімен бірге білім беру саласындағы уәкілетті органға және тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшісіне ЖОО-ның қаржыландыру көлемін қайта қарау үшін ұсынады.

Егер білім беру гранты бойынша білім алушы бір курсқа төмен бір ЖОО-дан екіншісіне ауысса, ол білім беру грантынан айырылады.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жекелеген ЖОО үшін бекітілген нысаналы орындарға, сондай-ақ педагогикалық мамандықтарға бөлінген квота шегінде түскен білім алушыларды білім беру грантын сақтай отырып бір ЖОО-дан екіншісіне ауыстыруға болмайды.

8.7 Бір ЖОО-дан екіншісіне ақылы негізде оқу үшін білім алушыларды ауыстыру білім алушы мен қабылдаушы ЖОО арасында шарт жасасу арқылы жүргізіледі.

ЖОО-дан шығарылған білім алушы кез келген оқыту нысанына, кез келген мамандыққа және кез келген жоғары оқу орнына шығарылған мерзіміне қарамастан білім алушылар қатарына оқуға қайта қабылдануға құқылы.

Оқудың құнын төлемегені үшін оқудан шығарылған ақылы негізде оқитын білім алушы қарызын төлеген жағдайда шығарылған күнінен бастап төрт апта ішінде қайта қабылдана алады.

Білім алушылар қатарына қайта қабылдау және оқу жұмыс жоспарының пәндеріндегі айырмашылықтарды жою тек ақылы негізде жүзеге асырылады.

8.8 Білім алушы оқуға қайта қабылдану үшін өзінің оқуын жалғастырғысы келген ЖОО басшысының атына өтініш береді. Оқуға қайта қабылдану туралы өтінішке Анықтама (түпнұсқа) қоса тіркеледі.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің басшысы ұсынылған Анықтама негізінде оқу жұмыс жоспары пәндеріндегі айырмашылықтарды және оқу курсын анықтайды.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің басшысы қойған бұрыштамаға сәйкес ЖОО-ның басшысы білім алушыны оқуға қайта қабылдау туралы бұйрық шығарады.

Оқуға қайта қабылдау туралы өтініш келесі академиялық кезең басталудың алдында кемінде бес күн бұрын ұсынылады.

Білім алушы басқа білім беру ұйымына оқуға қайта қабылданған жағдайда білім алушы бұрын оқыған білім беру ұйымының басшысы қабылдаушы тараптың жазбаша сұрауы негізінде білім алушының жеке іс парағын жібереді, бұл ретте Анықтаманың көшірмесін, оқу карточкасын, сынақ кітапшасын, студенттік билетті және жіберілген құжаттардың тізімдемесін өзінде қалдырады.

Оқуға қайта қабылдау туралы шешімді ЖОО-ның басшысы оқу сабақтарының басталуынан кемінде үш күн бүрын қабылдайды.

Жұмыс оқу жоспары пәндерінің айырмашылығын жою тәртібі мен мерзімі Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің басшысы өкімімен ресімделеді.

Білім алушының бір мамандықтан екіншісіне немесе оқу түрінің бір нысанынан екіншісіне ауысуы тек ақылы негізде оқу үшін жүзеге асырылады.

8.9 Білім алушының бір ЖОО-ның ішінде бір мамандықтан және оқу нысанынан екіншісіне ауысуы шартқа тиісті өзгерістер енгізу арқылы жүргізіледі және ЖОО басшысының бұйрығымен ресімделеді.

Оқу мерзімі кезінде пайда болған ауру нәтижесінде берілген мамандықта оқуға тыйым салынғаны туралы дәрігерлік-кеңес комиссиясының шешімі бар білім беру гранты бойынша білім алушы бір мамандықтан екіншісіне бос орындарға білім беру гранты бойынша ауысады.

 8.10 Магистрант университеттен келесі жағдайларда шығарылуы мүмкін:

    • өз қалайы бойынша, сонымен қатар басқа жоғары оқу орынға ауысына байланысты;

    • Дәрігенрлік-кеңес комиссиясының анықтамалық қорытындысы негізінде денсаулығына байланысты;

    • әкімшіліктің шешімімен.

КМУ жарғысын, ішкі тәртіп ережелерін бұзғаны үшін оқудан шығару жоғары білімнен кейінгі білім беру және лицензиялау бөлімінің (ЖББЛБ) басшысының дәлелденген ұсыныс хатының негізінде жүзеге асырылады. Ауырып жатқан, демалыстағы, академиялық демалыстағы немесе бала көтеру және оны тууға байланысты демалыс алған магистранттарды оқудан шығаруға жол берілмейді. Магистратурадан шығарылған білім алушы оқудан шығарылған уақытына қарамастан қайта оқуға алынуы мүмкін.

8.11 Ақылы негізде оқитын магистрант оқу ақысын төлемегеніне байланысты оқудан шығарылған жағдайда қарызын оқудан шығарылған уақыттан бастап төрт апта ішінде төлесе, қайта оқуға алынуы мүмкін. Білім алушылар қатарына қайта қабылдау және оқу жұмыс жоспарындағы пәндер айырмашылығын жою ақылы негізде жүзеге асырылады. Қайта оқуға алу рәсімі 05-2009 СМЖ ӘН талаптарына сәйкес іске асырылады.

Қайта оқуға қабылдану туралы өтініш кезекті академиялық мерзімнің басталуына 5 күн қалғанға дейінгі мерзімде беріледі.

8.12 Егер магистрант басқа оқу орнына қайта қабылданатын болса, білім алушы бұрын оқыған жоғары оқу орнының басшысы қабылдаушы жақтың жазбаша өтінішінің негізінде магистранттың жеке ісін қабылдаушы оқу орынға жібереді. Оқыған оқу орнында білім алушының анықтамасының көшірмесі, оқу картасы, жіберілген құжаттардың транскрипті мен тізімі қалады.

ЖОО-ның басшысының қайта қабылдау туралы шешімі оқу жылы басталғанға дейін кем дегенде үш жұмыс күні қалғанда қабылдану керек. Магистранттардың өтініштерін КМУ ректоры жазғы және қысқы демалыс уақытында қарайды.

8.13 Магистрант оқу жоспарындағы пәндердегі айырмашылығын белгіленген мерзімде жоймаған жағдайда, бұл айырмашылық академиялық «қарыз» ретінде саналып, сәйкесінше, курстан курсқа ауысу кезінде өту балына әсер етеді.

8.14 Білім гранты бойынша оқитын магистрант белгіленген өту балын жинап, академиялық қарызы болған жағдайда келесі курсқа көшірілгеннің өзінде білім грантынан айырылмайды, академиялық қарызын ақылы негізде жоя алады. Білім гранты бойынша білім алушы оқыған курсында қайта қалдырылса, аталмыш гранттан айырылып, ары қарай оқуын ақылы негізде жалғастыра алады.

Академиялық қарызды жою 4.03-2008 СМЖ УСТ-на сәйкес жүзеге асырылады.

8.15 Университеттен шығарылған магистрантқа академиялық анықтама немесе белгіленген нысанда транскрипт, жоғары білім туралы құжаттың түпнұсқасы беріледі. Магистранттың жеке ісіне келсе құжаттар тігіледі: академиялық анықтаманың (транскрипт) көшірмесі, ЖБББ-нің басшысы қол қойған транскрипт, сертификат көшірмесі және грант тағайындалғандығы туралы куәлік (бар болған жағдайда).

Академиялық анықтамалар бланкін толтыру кезінде оқылған пәндер және тапсырылған курстық жобалар, жұмыстар және емтихандар туралы мәліметтер академиялық анықтамаға әр семестр бойынша бөлек енгізіледі.

Көшіру немесе қайта қабылдану тәртібі бойынша университетке алынған магистранттың жеке ісіне мыналар салынады: көшіру тәртібінде қабылдау туралы бұйрықтан үзінді, өтініш және академиялық анықтама (транскрипт), сонымен қатар, егер білім алушы ақылы келісім негізінде қабылданатын болса, келісім-шарт.

8.16 Академиялық демалыс - білім алушылардың денсаулығына байланысты, соның ішінде жүктілігі және бала тууына байланысты, өз оқуын уақытша тоқтататын кезең.

Университетте білім алушының академиялық демалысты рәсімдеуге берген өтініші алдын-ала білім алушылардың аралық аттестаттауы басталуына дейін қаралады.

8.17 Академиялық демалыс беру кезінде мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушы тұлғаның, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде ары қарай оқу құқығы сақталады және оның оқуын қаржыландыру (медициналық қорытынды негізінде академиялық демалыстағы білім беру гранттар иегерлеріне белгіленген тәртіпке стипендиялар төлеу үшін қарастырылатын шығыстарды қаржыландырудан басқа) берілген академиялық демалыс кезеңі бойында тоқтатылып, осы демалыс аяқталғаннан соң қайта жалғастырылады.

8.18 Ақылы негізде білім алушыға академиялық демалыс беру кезінде академиялық демалыс кезеңі бойында оқуына төлемақы төлеу тоқтатылады.

8.19 Академиялық демалыс білім алушыға 6 айдан 12 айға дейінгі мерзімде, ерекше жағдайларда 2 жылға дейін ДКК қорытындысы негізінде ғана беріледі.

8.20 Білім алушы академиялық демалысты рәсімдеу туралы ректордың атына өтініш береді. Өтінішке міндетті түрде дәрігерлік-кеңес беру комиссиясының (ары қарай - ДКК) анықтамасы немесе Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына шақыру қағазы тіркеледі.

Мәселе оң шешілген жағдайда білім беру ұйымының басшысы үш жұмыс күнінің ішінде білім алушыға басталу және аяқталу мерзімін көрсете отырып, академиялық демалыс беру туралы бұйрық шығарады.

8.21 Осы бағдарламаны қаржыландырудың тиісті саласы мен мерзімдерін түзету үшін республикалық бюджеттен қаржыландырылатын университет ректоры мемлекеттік білім тапсырысы бойынша білім алушыға академиялық демалыс беру туралы бұйрықтың көшірмесін ҚР БҒМ-не үш жұмыс күнінің ішінде жолдайды.

Бактериалы сары су туберкулезбен ауырған білім алушыларға академиялық демалыс емдеу нәтижесіне байланысты дәрігерлік-кеңес беру комиссиясының қорытындысы бойынша 1 жылдан 2 жылдық мерзімге дейін беріледі.

8.22 Кезекті аралық бақылауға дейін академиялық демалыстан оралған білім алушы, ректордың атына академиялық демалыстан шығуы туралы өтініш беріп, сырқатты бақылауға алған емдеу ұйымынан денсаулық жағдайы туралы анықтама ұсынады. Осы негізде ректор үш жұмыс күнінің ішінде мамандығын, курсын және тобын көрсете отырып, білім алушының академиялық демалыстан шығуы туралы бұйрық шығарады.

Бағдарламаны қаржыландырудың тиісті сомасы мен мерзімін түзету үшін, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын университет үш жұмыс күнінің ішінде ҚР БҒМ-не бұл бұйрықтың көшірмесін жолдайды.

8.23 Ақылы негізде білім алушы ректордың атына академиялық демалыстан шығуы туралы өтініш беріп, сырқатты бақылауға алған емдеу ұйымынан денсаулық жағдайы туралы анықтама ұсынады. Осы негізде ректор үш жұмыс күнінің ішінде мамандығын, курсын және тобын көрсете отырып, білім алушының академиялық демалыстан шығуы туралы бұйрық шығарады.

8.24 Академиялық демалыстан оралған білім алушы жұмыс оқу жоспарларында пәндер айырмашылығы болған жағдайда, ол айырмашылықтарды жоюға тиіс.

Оқу жоспарындағы пәндердің айырмашылығын жою үшін білім алушы осы пәндерге жазылып, академиялық кезең ішінде барлық сабақ түрлеріне қатысып, оқу жоспарында қарастырылған ағымдық бақылауларды тапсырып аралық аттестаттауға рұқсат алады.

Академиялық демалыстан оралған білім алушылардың оқу жоспарларындағы айырмашылығы білім алушылардың аралық аттестаттауы кезеңінде немесе жазғы семестрде белгіленген тәртіп бойынша тапсырылады.


9. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық аттестаттау өткізудің тәртібі


9.1 Жоғары оқу орнынан кейінгі білім алушылардың магистратура оқудағы жетістіктерін тексеру университет өзі белгілейтін бақылаудың түрлері мен аттестаттаулар арқылы жүргізіледі.

9.2 Магистратурада білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау бакалавриат студенттеріндегі сияқты тәртіппен жүргізіледі.

9.3 Магистранттарды аралық аттестаттау оқу жұмыс жоспарына, академиялық күнтізбе мен кәсіптік оқу бағдарламаларына сай емтихан тапсыру және сараланған сынақтар түрлері бойынша жүргізіледі.

9.4 Аралық аттестаттаудың мерзімділігі мен ұзақтығы университеттің Ғылыми кеңесі бекіткен академиялық күнтізбе мен мамандықтың оқу жұмыс жоспарына сәйкес белгіленеді.

9.5 Емтихандар бекітілген кестеге қатысты аралық аттестаттау кезінде тапсырылады.

9.6 Емтихандардың кестесін жасау жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімімен бірге офис регистраторына жүктеледі.

9.7 Емтихан кестесін оқу және оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректоры бекітеді және емтихан басталғанға дейінгі екі аптадан кешіктірілмей білім алушылар мен оқытушылардың назарына жеткізіледі.

9.8 Емтиханға жіберу нақты пән бойынша жіберілу рейтингі бағасы анықталатын үлгерімнің ағымдық және межелік бақылау бағасының негізінде жүзеге асады.

9.9 Жіберілу рейтингінен оң баға ала алмаған білім алушылар қорытынды бақылауға (емтиханға) жіберілмейді.

Курстық жұмысты (жоба) тапсырмаған білім алушылар сол пән бойынша емтиханға жіберілмейді.

9.10 Жжоғары оқу орнынан кейін білім алу бөлімінің бастығы кей жағдайда (сырқатына, отбасы жағдайына немесе басқа да обьективті себептерге байланысты) білім алушыға жеке кестесі бойынша емтихан тапсыруға рұқсат ете алады.

ЖОО-дан кейінгі білім бөлімінің бастығы аурулығы, сәбидің дүниеге келуі, жақын туыстарының қайтыс болуы, қызметтік немесе оқу іссапарында болуына байланысты жағдайларды растайтын анықтамалар тапсырылған жағдайда білім алушыға жеке кесте бойынша емтихан тапсыруға рұқсат беріледі.

9.11 Емтихандық сессия (аралық аттестаттау) кезеңіне университет ректоры бұйрығымен аппеляцияланатын пән бейініне сай біліктілігі бар оқытушылардан тұратын аппеляциялық комиссия құрылады.

9.12 Емтихандар ауызша, жазбаша, тест немесе аралас түрде өткізіледі.

Емтихан тест түрінде тапсырылғанда пәндердің бейінділігі мен ұқсастығына байланысты екі және одан да көп пәндерден кешенді емтихан белгілеуге рұқсат етіледі.

9.13 Университет емтиханды өткізу тәртібі мен түрін әр оқу пәні бойынша академиялық кезеңнің басталуынан бір ай мерзімнен кешіктермей белгілейді.

9.14 Оқу пәні бойынша аралық аттестаттау өткізу кезінде академиялық кезеңдегі емтиханнан алған бағасы мен ағымдық және межелік бақылаудан (жіберілу рейтинг бағасы) алған орташа баллы ескеріледі.

9.15 Әр пән бойынша емтихан аяқталғаннан кейін білім алушыларға қорытынды баға бакалавриат студенттеріне қойылатындай тәртіппен қойылады.

9.16 Емтихандық ведомосы барлық оқу кезеңі бойынша білім алушылар жинаған кредиттер санын есептеумен айналысатын офис регистраторға тапсырылады.

Әрі қарай офис регистратор емтихандық ведомосты жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөліміне тапсырады. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі әр пәннің емтихандық ведомосын негізге ала отырып, аралық аттестаттау бойынша қорытынды ведомосы толтырылады.

9.17 Білім алушылар барлық емтихандарды жұмыс жоспарына, жеке оқу жоспарына және оқу бағдарламаларына сәйкес тапсырады.

9.18 Білім алушылар қосымша оқу түрлерінің пәндері бойынша да емтихан тапсыра алады, нәтижелері емтихан ведомосына және білім алушының жеке ведомосына жазылады.

9.19 «Қанағаттанарлықсыз» бағаны оң бағаға қайта тапсыру үшін білім алушы пән бойынша оқу жұмыс жоспарында көрсетілген барлық оқу сабақ түрлеріне қайта қатысып, емтиханға жіберілу рұқсатын алады және қорытынды бақылау тапсырады.

9.20 Қорытынды бақылаудан алынған қанағаттанарлық бағаны жоғарылату үшін осы аралық аттестаттау кезеңінде емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

Қорытынды бақылаудың нәтижесімен келіспеген білім алушы емтиханнан кейін (келесі күні) аппеляция беруге құқығы бар.

9.21 Пән бағдарламасын толық орындаған білім алушы емтиханға келмеген жағдайда емтихандық ведомостағы фамилиясының тұсына «келген жоқ» белгісі қойылады.

Дәлелді себептерге байланысты келмеген жағдайда жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі басшысының өкімімен емтихан тапсырудың жеке кестесі белгіленеді. Дәлелді себептері болмаған жағдайда «қанағаттанарлықсыз» бағасы қойылады.

9.22 Транскриптке магистранттың барлық қорытынды бағаларымен қоса қайта тапсырылған емтихан нәтижелері де жазылады.

9.23 Оқу жылы аяқталғаннан кейін емтихандық сессиялар қорытындысының негізінде университет ректорының бұйрығымен жоғары оқу орнынан кейінгі білім алушыларды курстан курсқа көшіру жүзеге асырылады. Осы мақсатқа сәйкес көшіру балы белгіленеді.

9.24 Курстың бағдарламасын толық көлемде орындаған, бірақ ең төменгі көшіру балын ала алмаған білім алушыларға өз үлгерімінің орташа балын көтеру мақсатында жазғы семестрде ақылы негізде жекелеген пәндерді қайта оқуға және сол пәндер бойынша қайта емтихан тапсыруға мүмкіндік беріледі.

9.25 Емтихан қорытындылары және емтихан сесссиясы (аралық аттестаттау) аяқталғаннан кейін оқу процесін жақсарту жөніндегі ұсыныстары кафедра, Ғылыми кеңес отырысының талқылауына шығарылады.

9.26 Жоғары оқу орнынан шығарылған тұлғаға білімі аяқталмағандығы туралы Анықтама беріледі.


10. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізудің тәртібі


10.1 Жоғары оқу орнында білім алушыларды қорытынды аттестаттау академиялық күнтізбеде және мамандықтардың оқу жұмыс жоспарында қарастырылған мерзімде кешенді емтихан тапсыру және магистірлік диссертация қорғау түрінде өткізіледі.

10.2 Қорытынды аттестаттауға оқу жұмыс жоспары мен оқу жұмыс бағдарламалары талаптарына сай оқу үрдісін аяқтаған білім алушылар жіберіледі.

10.3 Бітіруші курстың білім алушылары жұмыс және жеке оқу жоспары талаптарын және оқу жұмыс бағдарламасын орындамаса жазғы семестрден өткізілместен оқу курсын қайта оқуға қалдырылады.

10.4 Магистранттардан кешенді емтихан алу білім алушыларға үшін университет Мемлекеттік аттестациялық комиссия (МАК) құрады.

10.5 Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі университет ректорымен бекітілген МАК төрағасына кандидатураларды (шығаратын мамандарының бейініне сәйкес келетін ғылыми дәрежесі, немесе ғылыми атағының болуы және университетте жұмыс істемеуі) 1 қарашаға дейін ҚР БҒМ-не ұсынады.

10.6 МАК құрамына оның мүшелерінің құқықтарымен бірдей шығаратын мамандарының бейініне сәйкес келетін ғылыми дәрежесі, немесе ғылыми атағы немесе академиялық дәрежесі бар тұлғалар (бейіндік магистратура үшін құрылған МАК-тың құрамына, сондай-ақшығаратын мамандарының бейініне сәйкес келетін жоғары білікті мамандар) кіреді.

10.7 МАК-тың сандық құрамын университет дербес белгілейді, университет ректордың бұйрығымен 31-ші желтоқсаннан кешіктірілмей бекітіледі және ол бір күнтізбелік жыл бойы қолданыста болады.

10.8 Магистранттарды қорытынды аттестаттауға жіберу университет ректордың бұйрығымен тізім бойынша бекітіліп, қорытынды аттестаттау басталуынан 2 апта бұрын МАК-қа тапсырылады.

10.9 Мамандықтар бойынша кешенді емтиханға магистратураның кәсіптік оқу бағдарламасының міндетті базалық және бейіндік компоненттерінің пәндері кіреді.

10.10 Кешенді емтихан келесі нысандардың біреуі бойынша өткізіледі: ауызша, жазбаша бекітілген пәндерден тест.

10.11 Кешенді емтиханның бағдарламасын өткізілу нысанын және тапсырмалар мазмұнын профильдік кафедра осы кешенді емтиханға енген пәннің оқу бағдарламасы негізінде әзірлейді.

Магистрлік бағдарламаларды іске асыратын кафедралар тесттік тапсырманы, олардың түрлерін (ашық, жабық, аралас) және тестілеудің өткізілу технологиясын өздері әзірлейді.

10.12 Кешенді емтихан магистрлік диссертацияны қорғауға дейін 1 ай бұрын қабылданады.

Кешенді емтихан нәтижелері магистратурада әрбір білім алушы бойынша белгіленген нысандағы хаттамамен ресімделеді.

МАК отырысының хаттамасын бітіртіп шығарушы кафедраның оқу-көмекші қызметкерлері арасынан тағайындалған МАК-тың құрамында бекітілген хатшы жүргізеді.

10.13 Кешенді емтихан тест түрінде өткен жағдайда жеке хаттама ресімдеуге емтихандық ведомосы негіз болады.

10.14 Алынған оңды бағаны жоғарылату мақсатында кешенді емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

10.15 Кешенді емтиханның нәтижесімен келіспеген білім алушы емтихан өткізілгеннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей апелляция береді.

10.16 Апелляция өткізу үшін университет ректордың бұйрығымен біліктілігі аталған мамандықтың бейініне сәйкес келетін тәжірибелі оқытушылардан апелляциялық комиссия құрылады.

10.17 Апелляция қанағаттанарлық болған жағдайда МАК мәжілісі хаттамамен ресімделеді. Мұндай жағдайда бірінші хаттамадағы қорытынды «Баға __________№_______хаттамамен қайта қаралды _____бет» деген жазумен өзгертіледі және оған қатысқан МАК мүшелерінің бәрі қол қояды.

10.18 Кешенді емтиханда қанағаттанарлықсыз баға алған магистрант ректордың бұйрығымен оқудан шығарылып, тұлғаға білімі аяқталмағандығы туралы Анықтама беріледі.

10.19 «Қанағаттанарлықсыз» баға алған тұлғаларға магистратурада қорытынды аттестаттау кезінде кешенді емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

10.20 Кешенді емтихан тапсырған магистрант диссертациялық жұмысты қорғауға жіберіледі. Диссертация қорғауға жіберу ректордың бұйрығымен ресімделеді.

10.21 Пайдаланылған дереккөздерге және авторға сілтеме жасамау мәні бойынша диссертациялық жұмыстарды тексеру жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің магистратурасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

10.22 Тексеруден кейін магистранттардың диссертациялық жұмыстары сараптамадан өтеді. Осы мақсатта сарапшылар комиссиясы құрылады.

Сарапшылар комиссиясы құрамына ұсынылған зерттеу пәні мен объектісі аясында біліктілігі бар екеуден кем емес мамандар тағайындалады. Сарапшылар комиссиясы құрамына ғылыми жетекші немесе консультант болып тағайындалған тұлғалар кіре алмайды.

Сарапшылар комиссиясы құрамы диссертацияны қорғауға дейін бір ай бұрын ректордың бұйрығымен бекітіледі.

10.23 Магистранттардың диссертациялық жұмыстары Мемлекеттік аттестациялық комиссиясының отырысында қорғалады.

10.24 Магистрлік диссертацияның қорғалуы төмендегі жағдайда жүзеге асады:

- ғылыми жетекшінің оң пікірі;

- ғылыми баспада диссертация тақырыбында кемінде 1 мақала жарық көруі, халықаралық немесе республикалық ғылыми конференцияларда сөйлеген сөзі;

- сараптама комиссиясының диссертацияны ашық түрде қорғауға берген ұсынысының жазбаша қорытындысы;

- бітіріп шығарушы кафедраның қорғауға ұсынымдамалары туралы шешімі (кафедра отырыс хаттамасының көшірмесі);

- қорғалатын жұмыс бейініне сай келетін маманның бір рецензенттің рецензиясы. Мұнда диссертацияның жан-жақты сипаттамасы көрсетілген дәлелді қорытындысы және сол мамандық бойынша «магистр» академиялық дәрежесін беру мүмкіндігі көрсетіледі.

Ғылыми жетекші немесе/және бітіруші кафедрасы тарапынан «қорғауға жіберілмейді» немесе «қорғауға ұсынуға болмайды» деген қанағаттанарлықсыз қорытынды берілген жағдайда, магистрант магистрлік диссертациясын қорғау мүмкіндігінен айырылады.

10.25 Магистрлік диссертацияның қорғалу нәтижесі бекітілген түрдегі әрбір магистрант үшін жеке хаттамамен ресімделеді.

10.26 Қорытынды аттестаттаудан өткен, магистратураның тиісті кәсіптік оқу бағдарламаларын меңгергендігін растаған және МАК отырысының шешімімен магистрлық диссертацияны қорғаған білім алушыға тиісті мамандық бойынша «магистр» академиялық дәрежесі беріледі және қосымшасымен бірге магистерлік диссертация қорғау күнінен бастап бір ай мерзімде мемлекеттік үлгідегі диплом табыс етіледі.

10.27 Магистранттардың қорытынды аттестаттауы аяқталғаннан кейін МАК төрағасы магистранттардың қорытынды аттестаттауының нәтижелері туралы есеп жасайды және оны екі апталық мерзімде ректорға ұсынады.

10.28 Магистранттардың қорытынды аттестаттауының нәтижесі туралы бірыңғай есепке кестелер мен түсіндірме жазба енеді. Кестеге 1-қосымшасында келтірілген көрсеткіштер көрініс табады.

Түсіндірме жазбада:

1) аталған мамандық бойынша магистрлардың дайындық деңгейлері;

2) кешенді емтиханда анықталған білім алушының біліміне мінездеме;

3) аталған мамандық бойынша магистрларды даярлау сапасына талдау;

4) магистрларды даярлаудағы кемшіліктер;

5) магистрлік диссертациялардың ғылымның, техниканың, мәдениеттің қазіргі жай-күйіне және өндірістің сұранысына сәйкестігі;

6) магистрлік диссертацияларды орындаудың сапасы;

7) магистрлік диссертацияларды қорғаудың деңгейі ғылыми жетекшісінің пікіріне, ресми оппоненттің рецензиясына сәйкестігі;

8) магистрларды даярлауды одан әрі жетілдіру жөніндегі нақты ұсынымдамалар жөнінде мәліметтер болады.

10.29 Магистранттарды қорытынды аттестаттаудың нәтижесі туралы есепке МАК төрағалары қол қояды, Ғылыми кеңес отырысында талқыланады және бекітіледі.

10.30 Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі магистратурада білім алушылардың қорытынды аттестаттауы аяқталғаннан кейін магистранттарды қорытынды аттестаттауының нәтижесі туралы есепті ҚР БҒМ-не ұсынады.

11. Өзгерістер

Бұл ӘН-дың көркемдеу, келісім жасау және бекіту, сондай-ақ басқа да еңгізілген өзгертулер 01-2008 СМЖ ҚТ –ға сәйкес жүргізіледі.


12. Келісім, сақтау және тарату


12.1 Бұл ӘН-ды пікір айтуға таратуды Аккредитация, сапа менеджменті жүйесінің орталығы жүзеге асырады (АСМО).

12.2 Бұл ӘН-дың келісімі оқу және оқу-әдістемелік проректорымен, АСМ орталығының басшысымен, офис-тіркеушінің басшысымен, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің басшысымен жасалып, «Келісім қағазында» жазылады.

12.3 ӘН-ды сақтау, көбейту және тарату жауапкершілігі АСМО басшысына жүктеледі.

12.4 Бұл тіркелген жұмыс даналары құрылымдық бөлімдерге таратылады: жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімге, деканаттарға, кафедраларға.


ҚҰРАСТЫРДЫ:

АСМО аға эксперт-аудиторы ____________ Оспанова С.Ж.


1 – қосымша


Кесте 1


__________________ жылдың кешендік емтиханның нәтижелері

мамандық _____________________________________________

ЖОО атауы __________________________________________


Қорытынды аттестация нұсқалары


Қорытынды аттеста-цияға жіберіл-гендер-дің саны


Тап-сыр-ған-дар-дың саны


Олардың ішінде тапсырды:




Өте жақсы


Жақ-сы

Қанағат-танарлық

Қана-ғат-тан-ғы-сыз

Орта-ша балл


Келмегені


Сапа

%

Тап-сыр-ған-дардың үлге-рімі %

Кешендік емтихан































Қорытынды

































Кесте 2

_________________жылдың магистерлік диссертацияны қорғау нәтижелері

ЖОО атауы __________________________________________

мамандық _____________________________________________


Қорытынды аттестация нұсқалары


Қорытынды аттеста-цияға жіберіл-гендер-дің саны


Тап-сыр-ған-дар-дың саны


Олардың ішінде тапсырды:




Өте жақсы


Жақ-сы

Қанағат-танарлық

Қана-ғат-тан-ғы-сыз

Орташа балл


Келмегені


Сапа

%

Тап-сыр-ған-дардың үлге-рімі%

Диссерта-цияны қорғау

































Кесте 3


Қорытынды аттестацияның жалпы нәтижелері

_______ жыл

ЖОО атауы ___________________________________________

Мамандық _______________________________________________



ҚМА-ға жіберілгендердің саны


ҚМА-ға келмегендердің саны


ҚМА тапсырғандардың саны


Олардың ішінде тапсырды:

Қанағат-танарлықсыз баға алғандар


Орташа балл


Тек өте жақсыға


Тек өте жақсы және жақсыға

Аралас бағалар


Тек қанағаттанарлыққа































Кесте 4



Бітірушілердің салыстырмалық талдау


Көрсеткіштер

Алдыңғы жылғы

Есептік жыл

Сапа %







Үлгерім %







Орташа балл













Бұл құжат Ш.Ш.Уәлиханов атындағы КМУ РМҚК ректорының рұқсатынсыз толық немесе жартылай көшірілмейді, көбейтілмейді және таратылмайды.

1   2   3

Похожие:

Бекітемін «Ш. Уәлиханов атындағы кму» iconПрограмма круглого стола «Перспективы внедрения электронного обучения (е-learning)»
Ш. Уәлиханов атындағы кму кафедраларының электрондық білім беру ресурстарының көрмесі
Бекітемін «Ш. Уәлиханов атындағы кму» iconҚазақ хандығы тарихын зерттеудегі қҰндылығы жайында
Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология Институты директорының ғылыми жұмыстар бойынша орынбасары, т.ғ. к., доцент
Бекітемін «Ш. Уәлиханов атындағы кму» iconШортанова алшайым ахылбековна қазақстандағы ғылыми кітаптар басылымының тарихы (ХХ ғ. 20-40 жж.)
Жұмыс Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінде орындалды
Бекітемін «Ш. Уәлиханов атындағы кму» iconҚАсымова сәуле сүйіндікқызы сәкен Сейфуллиннің қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі (1894 1938 жж.)
Жұмыс Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Қазақстанның кеңестік кезеңдегі тарихы бөлімінде орындалды
Бекітемін «Ш. Уәлиханов атындағы кму» iconАдилбекова забираш ашимхановна
Жұмыс Қр білім және Ғылым Министрлігі Ғылым комитетінің Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Қазақстанның жаңа...
Бекітемін «Ш. Уәлиханов атындағы кму» iconДиссертация 2010 жылы «29» сәуір
Жұмыс Қр білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Кеңес дәуіріндегі...
Бекітемін «Ш. Уәлиханов атындағы кму» icon«Бекітемін» М.Өтемісов атындағы БҚму ректоры Т. З. Рысбеков >27. 03. 2006 ж
Негізгі шара М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіндегі экологиялық аспектілер қызметінің қоршаған ортаға...
Бекітемін «Ш. Уәлиханов атындағы кму» iconДиссертация 2009 жылы «24»
Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының...
Бекітемін «Ш. Уәлиханов атындағы кму» iconДиссертация 2009 жылы
Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі Ғылым комитетінің Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының...
Бекітемін «Ш. Уәлиханов атындағы кму» iconДиссертация 2010 жылы
Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница