Бекітемін «Ш. Уәлиханов атындағы кму»




НазваниеБекітемін «Ш. Уәлиханов атындағы кму»
страница2/3
Дата конвертации10.02.2016
Размер0.51 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://kgu.kz/doc/magistratura/MI_11_OPO_2011_kz.doc
1   2   3

4. Білім беру мазмұнын жоспарлауға қойылатын талаптар


4.1 Бiлiм беру қызметін ұйымдастыру оқу үдерісі мен білім беру мазмұнын жоспарлау барысында, оларды өткiзу әдiстерiн таңдау арқылы iске асады.

4.2 Бiлiм беру мазмұнының құрылымы бiлiм берудегі есептiк-өлшеу құралдарына қойылатын талаптарға сәйкес анықталады: оқу жоспары мен бағдарламалары, оқу жүктемесінің көлемі, академиялық мерзiмнің ұзақтығы, академиялық жұмыстың түрлерi, оқу материалының көлемi және тағы басқалар жатады.

4.3 Бiлiм беру бағдарламасы мамандықтардың білім беру бағдарламалары мен оқу пәндерiнің мазмұнына қойылатын талаптарын бекітеді.

4.4 Бiлiм беру қызметiн жоспарлау және ұйымдастыру оқу жоспары негiзінде жасалады.

4.5 Оқу жоспары типтік (ТОЖ), жеке (ЖОЖ), жұмыс (ОЖЖ) жоспарына бөлінеді.

ТОЖ магистратураның нақты мамандықтары бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде және білім беру саласындағы ҚР БҒМ бекітіледі.

ТОЖ-да міндетті компоненттiң әрбiр оқу пәнiнiң еңбек сыйымдылығын және кредиттік әрбір оқу қызметін (практика, кешендiк емтихан, магистрлік диссертацияны жазу және қорғау), оқу пәндерiнiң әрбiр циклi бойынша таңдауы бойынша компонент кредиттің жалпы санында көрсетіледі.

4.6 Университет жыл сайын ТОЖ қосымша ретiнде таңдауы бойынша компоненттердің барлық пәндердің жүйелi аннотациялық тiзiмін ұсынатын ЭПК құрастырады.

4.7 Магистрант өз ЖОЖ эдвайзердің көмегі арқылы ТОЖ және ЭПК негiзiнде ЖОЖ құрайды. ЖОЖ әрбір білім алушының жеке бiлiм беру траекториясын анықтайды.

ЖОЖ-на ТОЖ-ғы міндетті компонент пәндері және ЭПК-гі таңдау компоненті бойынша пәндер кіреді. Магистрант меңгеретін міндетті компонент пәндері мен таңдау бойынша компонент кредитінің жалпы саны МЖМБС бекітілгеннен кем болмауы керек.

4.8 ЖОЖ мамандықтың ТОЖ және магистранттың ЖОЖ негізінде оқу жылына әзірленіп, Ғылыми кеңестің шешімі негізінде ректормен бекітіледі.

ЖОЖ сабақ кестесін жасауға және оқытушының оқу жұмысының еңбек бөлінісін есептеуге негіз болады.

4.9 Барлық оқу пәндерінің мазмұны оқу бағдарламаларымен анықталады. Оқу бағдарламалары типтік және силлабустар деп бөлінеді.

4.10 Типтік оқу бағдарламалары (ТОБ) міндетті компоненттер пәндері бойынша жасалады және ҚР БҒМ бекітіледі.

4.11 Силлабустар оқу жоспарының барлық пәндері бойынша жасалады. Сонымен бірге міндетті компоненттер пәндері бойынша силлабустар типтік оқу бағдарламалары (ТОБ) негізінде жасалады, ал таңдау бойынша компонент пәндері бойынша жоғары оқу орны өзі жасайды.

4.12 Магистрант ғылыми кеңесшінің көмегімен жасалатын жеке жұмыс жоспары негізінде оқиды.

4.13 Магистранттың жеке жұмыс жоспары оқудың толық мерзіміне жасалады және келесі бөлімдерден тұрады:

- ЖОЖ (қажет болған жағдайда жыл сайын толықтырылады);

- ғылыми-зерттеу/эксперименттік-зерттеу жұмысы (тақырыбы, зерттеу бағыты, мерзімі және есеп беру түрі);

- тәжірибе (бағдарлама, база, мерзімі және есеп беру түрі);

- негіздемесі мен құрылымы көрсетілген магистрлік диссертацияның тақырыбы;

- магистрлік диссертацияны орындау жоспары;

- ғылыми мақалалар мен тағылымдамалар жоспары.

4.14 Магистратурадағы оқу дәрістері инновациялық технологиялар мен оқытудың интерактивті әдістері негізінде жүргізілуі керек.

4.15 Оқу үдерісін жоспарлаған кезде университет магистратураның білім беру бағдарламасының компоненттерін бөлу ережелерін жетекшілікке алады.


5. Білім алушылардың оқу жүктемесінің көлемі


5.1 Білім алушының оқу жоспарының жүктемесі әрбiр оқу пәнi бойынша оқу жыл iшiнде меңгерiлетiн кредитпен өлшенедi.

5.2 ОПҚ оқу жүктемесін жоспарлау оқытушының магистрантпен аудиториялық оқу сабақтарындағы кесте бойынша немесе оқу жұмысының басқа да түрлеріне арналып бекітілген график бойынша қарым-қатынастық жұмысы уақыты болып есептелетін академиялық сағаттармен жүзеге асады.

Аудиторлық жұмыстың бір академиялық сағаты 50 минутқа тең. Академиялық сағаттары сәйкесінше 75 минутқа тең студиялық сабақтар немесе 100 минутқа тең зертханалық сабақтар пәндері бұған кірмейді.

Білім алушының ғылыми-зерттеу жұмыстарының, қорытынды мемлекеттік аттестациясының, тәжірибесінің барлық түрлерінің бір академиялық сағаты 50 минутқа тең.

5.3 Оқу жұмысының көлемiн жоспарлауда бір кредит 15 академиялық сағатқа тең оқу жұмыстың келесі түрлері жатады:

- бір семестрлік академиялық мерзім ұзақтығындағы магистранттың аудиториялық жұмысы;

- кәсiби тәжiрибелердiң мерзiміндегі магистранттың оқытушымен жұмысы;

-магистранттың ғылыми-зерттеу/эксперименталдық-зерттеу жұмысын жүргізу кезеңіндегі магистранттың оқытушымен жұмысы;

- магистранттың магистерлiк диссертацияны жазу және қорғау бойынша жұмыстары;

- кешендiк емтиханға дайындалу және тапсыру бойынша магистранттың жұмысы.

5.4 Магистранттардың оқу жүктемесі әртүрлі оқу жұмыстарына бөлінетін академиялық сағаттардың ұзақтығымен және оқу сағаттарының (50 минуттан) көлемімен анықталады.

5.5 Аудиториялық жұмыстың бір академиялық сағаты 50, 75 немесе 100 минутқа тең болуы мүмкін. Білім алушының аудиториялық жұмысының академиялық сағаттары білім алушының өзіндік жұмысы сағаттарының сәйкес санымен келесі түрде толықтырылады: бір кредитке білім алушының семестрдегі академиялық кезеңнің апталық оқу жүктемесінің жиынтығы 4 немесе 5 сағатқа тең, сәйкесiнше кәсіптік, ғылыми және педагогикалық магистратурада да дәл солай болмақ.

5.6 Практиканың әр академиялық сағаты (оқу сағатынан басқа) білім алушының қосымша жұмысының оқу сағаттарының сәйкес санымен қамтамасыз етіледі: педагогикалық тәжірибе - 1 сағат, өндірістік тәжірибе – 4 сағат және зерттеулік тәжірибесіне – 7 сағат.

5.7 Ғылыми-зерттеу (эксперименталдық-зерттеу) жұмысының әрбiр академиялық сағаты білім алушының 7 сағаттық өзіндік жұмысын және магистрлiк диссертацияны орындау мерзімін қамтиды.

5.8 Білім алушының қорытынды аттестациясының әр академиялық сағаты магистрлік диссертацияны орындау және қорғау немесе кешенді емтиханға дайындық және тапсыру бойынша білім алушының оқытушымен қарым-қатынастық жұмысының бір сағаты болып табылады. Білім алушының қорытынды аттестациясының әр академиялық сағаты 6 сағаттық өзіндік жұмысымен жүргізіледі.

5.9 Кредиттік оқу технологиясы кезінде магистранттар орындайтын өзiндiк жұмыстың көлемі өседі, оқытушының басқаруымен магистранттың өзіндік жұмысы (ОБМӨЖ) және магистранттың өзі толық орындайтын бөлігі (БӨЖ) болып екі түрге бөлінеді.

5.10 Оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін Магистранттың өзiндiк жұмысы магистранттың аудиториядан тыс жұмыс түрiне жатады, ол жалпы оқу сабағының кестесіне кiрмейтін жеке кесте бойынша оқытушымен орындалады.

5.11 Өзiндiк жұмыстың жалпы көлеміндегi ОБМӨЖ бен БӨЖ аралығындағы ара қатынас университетпен жеке анықталады.

5.12 Дәрiстер және тәжірибелік (семинарлық) сабақтар кезінде магистранттың оқытушымен жүргізілетін жұмыстың қатынастық сағаттары МӨЖ 3 және 4 сағатымен өткізіледі, кәсіптік, сәйкесінше ғылыми және педагогикалық магистратурада да дәл солай болмақ.

5.13 Оқу жылы академиялық мерзiмдерден, аралық аттестация/қортынды бақылау, тәжірибе, демалыстар, магистранттың ғылыми-зерттеу/эксперименталдық-зерттеу жұмысы мерзімінен және бiтiретін курста қорытынды аттестация кезеңдерінен тұрады.

5.14 Академиялық мерзiм оның формасына байланысты семестр үшiн 15 аптаны, триместр үшiн 10 аптаны, тоқсан үшiн 8 апта ұзақтығын құрайды.

5.15 Әрбiр академиялық мерзiмнен кейiнгі аралық аттестация ұзақтығы 2 аптадан кем емес уақытты құрайды.

5.16 Аралық аттестация кезінде барлық оқылған пәндер бойынша ағымдағы үлгерiмнiң бағаларын есепке алумен (ағымдағы және аралық бақылаудың орташа арифметикалық бағалары) қорытынды бақылау жүргiзiледi және қорытынды бағалар қойылады.

Пән бойынша қорытынды бағадағы ағымдағы үлгерiм бағасының үлесі кемiнде 60% құрауы керек, ал қорытынды бақылаудың үлгерім үлесінің - 30% кем болмау керек.

5.17 Әрбір академиялық кезеңнің соңында магистранттарға демалыс беріледі, демалыс уақытының ұзақтығы оқу жылында 7 аптадан кем болмауы керек.

5.18  Магистранттың практикасы академиялық күнтізбеге және магистранттың жеке жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі.

5.19 Практиканың ұзақтығы аптаның ішінде 30 сағаттарға тең білім алушының нормативтік жұмыс уақытымен анықталады (5 күндік жұмыс аптасында бір күнде 6 сағат). Апта санын есептеу үшін кредиттік тәжiрибенiң көлемi оқу сағаттарындағы практиканың тиiстi түрiнiң еңбек сыйымдылығына көбейтіледі және апта iшiнде білім алушының тәжірибесінің ұзақтығына, демек, 30 сағатқа бөлінеді.

Тәжірибенің 1 кредиттік жұмыс көлемі педагогикалық тәжірибе үшін 30 сағатты құраса (50 мин.), өндірістік тәжірибе үшін - 75 сағат (50 мин.), зерттеу тәжірибесінде 120 сағат (50 мин.) болады. Тәжірибенің бір аптадағы 1 кредитке тең ұзақтылығы: педагогикалық тәжірибеге – 1 аптаны, өндірістік тәжірибе үшін – 2,5 аптаны және зерттеу тәжірибесіне – 4 аптаны құрайды.

5.20 Білім алушының қорытынды аттестациясын және МҒЗЖ, МЭЗЖ жоспарлау аптамен есептегенде 54 сағатқа тең білім алушының бір апта уақытындағы нормативтік жұмысымен анықталады (6 апталық жұмыс күнінде БӨЖ қосқанда күніне 9 сағат).

МҒЗЖ, МЭЗЖ бір кредиті білім алушының жұмысының 120 (15х8) сағатына сәйкес, яғни 2,2 аптаға.

Қортынды аттестацияның бір кредиті 105 (15х7) сағатына сәйкес, яғни 2 аптаға. Оның ішінде білім алушының оқытушымен жұмысы 15 сағатты және БӨЖ 90 сағатты құрайды.

Кешенді емтиханға дайындалуға және тапсыруға 1 кредит, яғни 2 апта беріледі.

Магистрлік диссертацияны жазуға және қорғауға 3 кредит, яғни 6 апта беріледі. Сонымен қоса осы 3 кредитке магистрлік диссертацияны ресімдеу және қорғау да кіреді.

Магистрлік диссертацияны орындау үрдісі магистранттың ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысы барысында жүзеге асырылады.

5.21 Бітіруші курстан басқасына қосымша оқудың қажеттiлiгін қанағаттандыруға, академиялық қарызды жоюға немесе оқу жоспарындағы айырмашылықты, басқа жоғары оқу орындағы игерiлген кредитті өз жоғары оқу орнында қайта тапсыру үшiн 6 аптаға созылатын жазғы семестр курсын енгізу рұқсат етiледi.

5.22 Магистратурада білім беру процесін аяқтаудың негізгі критерийлері ретінде магистрант мыналарды игеруі қажет:

ғылыми және педагогикалық дайындық кезінде – 51 кредиттен кем емес, оның ішінде 34 кредит теориялық оқыту, 6-дан кем емес практика, ғылыми-зерттеу жұмысына 7 кредиттен кем емес;

кәсіптік дайындық кезінде – 26 кредиттен кем емес (оқу мерзімі 1 жыл болса) және 28 кредиттен кем емес (оқу мерзімі 1,5 жыл болса), оның ішінде 18 және 28 кредиттен кем емес теориялық оқыту, практикаға 2 және 5 кредиттен кем емес, ғылыми-зерттеу жұмысына 2 және 3 кредиттен кем емес.

Магистратураның білім беру бағдарламасын жедел меңгеріп, оған қойылған талаптарды жедел орындаған жағдайда, білім беру мерзіміне қарамай-ақ, магистрантқа «магистр» академиялық дәрежесі берілуі мүмкін.

5.23 Кәсіптік магистратураны бітірген магистрант ғылыми және педагогикалық жұмыстарымен педагогикалық мамандық пәндері циклін меңгерген және педагогикалық практикадан өткен жағдайда ғана айналыса алады. Аталған цикл қосымша академиялық кезең ішінде игеріледі, оқу соңында негізгі дипломға сәйкес куәлік беріледі.

5.24 Магистратураның білім беру бағдарламасының толық теориялық оқыту курсын меңгерген, бірақ белгіленген уақытта магистрлік диссертациясын қорғамаған магистранттың магистратурадағы оқу мерзімі ақылы негізде ұзартылуы мүмкін.

5.25 Магистратураның білім беру бағдарламасының толық теориялық оқыту курсын меңгерген, бірақ белгіленген уақытта ғылыми-зерттеу компонентін орындамаған магистрантқа келесі оқу жылында ақылы негізде зерттеу компонентінің кредитін қайта меңгеруге және магистрлік диссертациясын қорғауға мүмкіндік беріледі.


6. Магистратурада білім беруге қойылатын талаптар


6.1 Университет магистратурадағы оқу үрдісін алынған лицензияға және білім беру қызметін лицензиялаған кезде біліктілікке қойылатын талаптарға сәйкес жүргізеді.

6.2 Магистратураның білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын университет оқу жоспарында көрсетілген теориялық, практикалық дайындық жүргізудің барлық түрін жүргізу үшін, сонымен қатар магистранттың ғылыми зерттеу-эксперименталдық зерттеу жұмыстарының нәтижелі орындалуына жағдай жасалуы үшін санитарлық-техникалық нормаларға сәйкес материалды-техникалық базамен (аудиториялық қор, компьютерлік класс, зертхана, приборлық қамтамасыздық, қор материалдары), білікті профессор-оқытушы құраммен, кітапхана қорымен, интернетке және басқа да ақпараттық ресурстарға шығу мүмкіндігімен, басқа қаладан келген магистранттарды жатақханамен қамтамасыз етілген.

6.3 Практиканы ұйымдастыру талаптары.

Ғылыми және педагогикалық магистратурадағы білім беру бағдарламасы практиканың екі түрін қарастырады:

- педагогикалық ­– білім беру мекемелерінде;

- зерттеу жұмысын жүргізу – диссертация орындау орны бойынша.

Педагогикалық практика практикалық дағдымен оқыту әдістемесін қалыптастыру мақсатында өткізіледі.

Педагогикалық практика теориялық білім беру барысында оқу процесінен қол үзбей-ақ өткізілуі мүмкін.

Магистранттың зерттеулік практикасы зерттеу деректерін көрсету мен эксперименталды мәліметтерді өңдеудің, баяндаудың қазіргі ғылыми зерттеу әдістері және отандық, шетелдік ғылымның жаңа теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктерімен таныстыру мақсатында жүргізіледі.

Кәсіптік магистратураның білім беру бағдарламасына өндірістік практика енгізіледі.

Магистранттың өндірістік практикасы оқу процесінде алған теориялық білімін бекітуге, практикалық дағды мен компетенциясының қалыптасуына және озық тәжірибені игеруіне бағытталған.

Зерттеу/өндірістік практика мазмұны диссертациялық зерттеудің тақырыбымен анықталады.

Практиканың барлық түрі жеке оқу жоспарында белгіленген мерзімде, академиялық күнтізбеде және магистранттың жеке жұмыс жоспарына сәйкес орындалады.

Магистранттың жеке оқу жоспарында шетел ғылыми сынағынан міндетті түрде өту ескерiледi.

6.4 Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысына қойылатын талаптар.

Ғылыми және педагогикалық магистратурадағы ғылыми-зерттеу жұмысының міндеттері:

- магистрлік диссертацияда қорғалатын мамандықтың негізгі проблемасына сәйкес келуі;

- өзекті, ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығының болуы;

- ғылым мен практиканың қазіргі кезеңдегі теориялық, методикалық, технологиялық жетістіктеріне сүйену;

- ғылыми зерттеудің қазіргі замандағы әдістерін қолдану арқылы орындау;

- негізгі қорғалатын қағидалар бойынша ғылыми зерттеу (методикалық, практикалық) тарауларының болуы;

- қажетті білім саласындағы алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибеге сүйену.

6.5 Магистранттың эксперименттік-зерттеу жұмыстарына қойылатын талаптар.

Бейіндік магистратурадағы эксперименттік зерттеу жұмыстарының міндеттері:

- қорғалатын магистрлік жұмыстың негізгі проблемасына сәйкес келуі;

- ғылым мен техниканың, өндірістің қазіргі жетістіктерін негізге ала отырып, нақты практикалық ұсыныстар мен басқару мәселелерінің өзіндік шешімін табы;

- алдыңғы қатарлы ақпараттық технологияны пайдалана отырып орындалуы қажет;

- негізгі қорғалатын қағидалар бойынша эксперименттік-зерттеу (методикалық, практикалық) тарауларының болуы.

6.6 Ғылыми-зерттеу және эксприменттік-зерттеу жұмысының нәтижесі әрбір академиялық кезеңнің соңында магистранттың есебі түрінде көрсетіледі.

6.7 Магистранттың ғылыми-зерттеу және эксприменттік-зерттеу жұмысының соңғы қорытындысы магистрлік диссертация болып табылады.

Магистрлік диссертацияның негізгі нәтижесі ең кемі бір жарияланым және/немесе ғылыми-практикалық конференцияға қатысымы болуы керек.

6.8 Магистрлік диссертацияның мазмұны мен толтырылуына, оның дайындығы мен қорғалуына қойылатын талаптар ҚР БҒМ-нің құқықтық акт талаптарымен анықталады.

6.9 Магистрлік диссертация міндетті түрде плагиат тексерілуден өтуі керек.

6.10 Магистратураға қабылданғаннан кейін екі айдың ішінде магистрлік диссертацияның басшылыққа алу үшін ғылыми жетекші тағайындалады.

Ғылыми жетекші және магистранттың зерттеу тақырыбы жоғары оқу орнының Ғылыми кеңестің шешімі негізінде ректор бұйрығымен бекітіледі.

Магистранттың ғылыми жетекшісінің ғылыми дәрежесі және ғылымның осы саласында (магистранттың оқу мамандығы бойынша) ғылыми зерттеулермен белсене шұғылдануы керек. Қажет жағдайда ұқсас ғылым саласы бойынша ғылыми кеңесшілер тағайындауға болады.

6.11 Университет магистранттың зерттеу нәтижелерін жариялауға көмегін тигізу керек.

7. Оқыту нәтижелерiне және бiтiрушiлердiң дайындық деңгейiне қойылатын талаптар


7.1 Оқу нәтижесі құзыреттілік арқылы көрсетіледі және Дублин дескрипторларының 2 деңгейлi оқыту (магистратура) негiзiнде жобаланған және магистратураны бiтiрушiлердің келесi қабiлеттiлiктер мен дағдыларды алуға сәйкес келедi:

- жоғарғы кәсiби бiлiм деңгейінде алған бiлiм мен түсiнікті көрсетсiн, даму немесе ғылыми зерттеулердiң контекстiнде жиi қолданатын идеяларды қолдану үшiн негiз немесе мүмкiндiк болып табылады;

- бiлiмді қолдану, түсіну және оқытылатын саламен байланысты жаңа немесе белгісіз жағдайларда контекстер мен кеңірек шеңберде мәселелерді шешу қабілеті;

- бiлiмдi интегралдау, күрделiлiктерді жеңу білу және талқылауға толық емес немесе шектеулі ақпараттың негізінде, бұл талқылау мен білімді қолдануға әдеп және әлеуметтiк жауапкершiлiктi есепке алып шығару;

- өз қорытындыларын және бiлiмін, олардың дәйектемесiн мамандарға және маман еместерге айқын және ашық хабарлау;

- оқуды өздігінен жалғастыру.

7.2 Кәсіптік магистратураны бiтiрушiлердің құзыреттілігіне қойылатын талаптар:

түсінігі болу керек:

  • ғылыми танымды дамытудың қазiргi тенденциялары туралы;

  • жаратылыстану ғылымының (әлеуметтік, гуманитарлық, экономикалық) әдiстемелiк және философиялық көкейкестi мәселелер туралы;

  • ғаламдану үдерісінің қайшылықтары мен әлеуметтiк-экономикалық салдары туралы;

  • әлемдік бизнес-әрiптестiктің, қазiргi экономикалық, саяси, құқықтық, мәдени және технологиялық ортаның жағдайы туралы;

  • кәсiпорынды стратегиялық басқару, инновациялық менеджментi, жетекшiлiк теориялары ұйымдастыру туралы;

  • кәсiпорынның жұмыс істеуінің негiзгi қаржы-шаруашылық мәселелер жөнінде.

білуі керек:

  • ғылыми танымның әдiстемесін;

  • экономика құрылымын өзгертетін негiзгi қозғаушы күші;

  • инвестициялық ынтымақтастықтың ерекшелiгі мен ережелерiн;

  • ғылыми зерттеулер мен практикалық тәжiрибе өткiзуге мүмкiндiк беретiн, кәсiби деңгейде меңгерген бiрден кем емес шет тiлiн.

істей білу керек:

  • кәсiби қызметте танымның ғылыми әдiстерiн қолдануды;

  • үдерістер мен құбылыстарды зерттеудiң теориясы мен қолданылуы, қазiргi тұжырымдамалар

  • арды сынап талдау;

  • әртүрлi пәннің шеңберiнде алған бiлiмді, жаңа белгісіз жағдайда аналитикалық және басқару есебін шешу үшiн оларды қолдануды;

  • кәсiпорынның шаруашылық жұмысына микроэкономиялық талдау жүргiзу және оның нәтижелерiн кәсiпорынды басқаруда қолдануды;

  • маркетинг пен менеджменттi ұйымдастыруды жаңа жолдарын практикада қолдануды;

  • кәсiпорынның (фирмалар) шаруашылық жұмысын ұйымдастыру мен басқару аясында күрделi және қалыпсыз жағдайларда шешiм қабылдауды;

  • экономикалық қатынастарды реттеудiң төңiрегiндегi Қазақстан Республикасының заң нормасын iс жүзiнде қолдануды;

  • жаңа мәселелер мен жағдайларды шешуде креативтi ойлану және шығармашылық көзқарасты қолдану;

  • ақпараттық-аналитикалық және ақпараттық-библиографиялық жұмысын жүргізу кезінде қазiргi ақпараттық технологияларды тарту;

  • эксперименталды-зерттеу және аналитикалық жұмыс нәтижелерін жалпылауды диссертация, есеп, мақала, аналитикалық жазбалар және тағы басқаша түрде

дағдысы болуы керек:

  • ғылыми және кәсiби мәселесін шешу;

  • ұйымдар мен кәсiпорындардың экономикалық қызметiн басқаруда және ұйымдастыруда ғылыми талдау және мәселелерді шешу;

  • менеджмент және маркетинг аясында мәселелерi зерттеу және алынған нәтижелерді кәсiпорынды басқару әдiстерiн жетiлдiру үшiн қолдану;

  • кәсiби қарым-қатынас және мәдениаралық байланыс;

  • ораторлық өнер, өз ойын ауызша және жазбаша түрде дұрыс және логикалы ресiмдеу;

  • күнделiктi кәсiби қызметте және докторантурада білімін жалғастыру үшін бiлiмін кеңейту және тереңдету;

  • кәсiби қызмет саласында ақпараттық және компъютерлік технологияларды қолдану.

білікті болуы керек:

  • мамандық бойынша зерттеу әдiстемесі саласында

  • қазiргi әлемдiк экономика мәселелерi аясында және дүниешаруашылық үдерістердегі ұлттық экономика қатысуда;

  • кәсiпорын қызметiн басқару және ұйымдастыруда;

  • әр түрлi ұйымдармен, соның iшiнде мемлекеттiк қызмет ұйымдарымен өндiрiстiк байланыстарды жүзеге асыруда

  • бiлiмдi тұрақты жаңартуы, кәсiби дағдыны және біліктілікті кеңейтуді қамтамасыз етуде

7.3 Ғылыми және педагогикалық магистратураның бiтiрушi құзыретіне қойылатын талаптары:

керек:

түсінігі болуы керек:

  • қоғамдық өмiрдегi ғылым және бiлiмiнiң ролі туралы;

  • ғылым танымын дамытудың қазiргi тенденциялары туралы;

  • нақты ғылымның әдiстемелiк және философиялық (әлеуметтiк, гуманитарлық, экономикалық) көкейкестi мәселелерi туралы;

  • жоғары мектеп оқытушысының кәсiби біліктілігі туралы;

  • ғаламдану үдерісінің қайшылықтары және әлеуметтiк-экономикалық салдары туралы;

білуі керек:

  • ғылыми танымның әдістемесін;

  • ғылыми жұмысты ұйымдастырудың құрылымын және қағидаларын;

  • оқу барысында студенттердің психологиялық танымдылық қызметін;

  • психологиялық әдістемесін және тиімділігін жоғарлату құралын және оқудың сапасын көтеруін;

істей білуі керек:

  • алған білімді өсуге және ғылыми зерттеу контекстінде идеяларды қолдануды;

  • үдерістер мен құбылыстарды зерттеудiң теориясы мен қолданылуы, қазiргi тұжырымдамаларды сынап талдауды;

  • әртүрлi пәннің аясында алған бiлiмді интегралдауды жаңа белгісіз жағдайда зерттеу мәселесін шешу үшiн қолдануды;

  • толық емес немесе шектелген ақпараттың негiзiнде бiлiм интеграциясы жолымен талқылауға шығару және шешiм қабылдау;

  • өз педагогикалық қызметiнде жоғары мектеп педагогикасы мен психологиясынан алған бiлiмді қолдану;

  • оқытудың интерактивті әдiстемесін қолдану;

  • ақпараттық-аналитикалық және ақпараттық-библиографиялық жұмысын жүргізуге қазiргi ақпараттық технологияларды қолдану тарту;

  • жаңа мәселелер мен жағдайларды шешу үшін креативтi ойлау және шығармашылық көзқараспен қарау;

  • ғылыми зерттеулерді жүргізу және жоғары оқу орындарында арнайы пәндерді оқытуды жүзеге асыру үшін шет тілін кәсiби деңгейде меңгеру;

  • ғылыми-зерттеу және аналитикалық жұмыс нәтижелерін диссертация, есеп, мақала, аналитикалық жазбалар және тағы басқа түрде жалпылау;

дағдысы болуы керек:

  • ғылыми-зерттеу қызметiне, стандартты ғылыми мәселені шешуге;

  • кредиттік оқыту технологиясы бойынша білім беру және педагогикалық қызметті жүзеге асыру;

  • кәсiби пәндердiң оқыту әдiстемесі;

  • оқу үдерісінде қазiргi ақпараттық технологияларды қолдану;

  • кәсiби қарым-қатынас және мәдениетаралық байланыс;

  • шешендік өнер, өз ойын ауызша және жазбаша түрде дұрыс және логикалық тұрғыдан рәсiмдеу;

  • күнделiктi кәсiби қызметте және докторантурада білімін жалғастыру үшін бiлiмін кеңейту және тереңдету.

білікті болуы керек:

  • ғылыми зерттеу әдістемесі аясында;

  • жоғары оқу орындарындағы ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметтiң аясында;

  • қазiргi бiлiм беру технологиялары қатысты сұрақтардан;

  • кәсiби салада ғылыми жобалар мен зерттеулерді орындауда;

  • бiлiмдi тұрақты жаңартуды, кәсiби дағдыларды кеңейтуді қамтамасыз ету.

7.4 Магистратураның әрбiр мамандығы жұмыс берушiлердiң талаптары мен қоғамның әлеуметтік сұранысының талаптарына сәйкес арнайы компентенциясымен жасалады.

7.5 Магистранттардың қорытынды аттестациясы – магистратура мамандықтары бойынша магистранттың білімі, қабілеті, дағдысы және біліктілігі мен мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарына сәйкестігін анықтауға бағытталған магистранттың оқу жетістігін бағалайтын мемлекеттік бақылау түрі.

7.6 Магистранттардың қорытынды аттестациясы академиялық күнтiзбемен және мамандықтардың жұмыс оқу жоспарында ескерiлген мерзiмдерде кешендi емтихан және магистерлiк диссертацияны қорғау формасында жүргiзiледi.

7.7 Кешендi емтихан мен диссертацияның қорғалуын Мемлекеттiк аттестация комиссиясымен (МАК) жүргiзiледi.

7.8 МАК төрағасы білім саласының өкілетті органдары қабылдаған тәртіп бойынша бекітіледі.

7.9 Кешенді емтихан диссертация қорғауға кемінде 1 ай қалғанда өткізіледі. Мамандық бойынша кешенді емтиханға магистратура бағдарламасындағы кәсіби пәндер және міндетті базалық пәндер циклі кіреді.

7.10 Магистрлік диссертацияны қорғау тәртібін жоғары және ЖОО-нан кейінгі білім беру мекемелеріндегі оқу кәсіби бағдарламасы бойынша білім беру мекемелеріндегі білім алушылардың ағымдық үлгерімі, аралық және қорытынды аттестациясының Типтік ережесіне сәйкестігі арқылы ЖОО-ның өзі анықтайды.

7.11 Магистратураның білім беру бағдарламасы бойынша оқуды бітірген тұлғаға «магистр» академиялық дәрежесі тағайындалып, дипломға қосымшамен (транскриптпен) қоса мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.

1   2   3

Похожие:

Бекітемін «Ш. Уәлиханов атындағы кму» iconПрограмма круглого стола «Перспективы внедрения электронного обучения (е-learning)»
Ш. Уәлиханов атындағы кму кафедраларының электрондық білім беру ресурстарының көрмесі
Бекітемін «Ш. Уәлиханов атындағы кму» iconҚазақ хандығы тарихын зерттеудегі қҰндылығы жайында
Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология Институты директорының ғылыми жұмыстар бойынша орынбасары, т.ғ. к., доцент
Бекітемін «Ш. Уәлиханов атындағы кму» iconШортанова алшайым ахылбековна қазақстандағы ғылыми кітаптар басылымының тарихы (ХХ ғ. 20-40 жж.)
Жұмыс Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінде орындалды
Бекітемін «Ш. Уәлиханов атындағы кму» iconҚАсымова сәуле сүйіндікқызы сәкен Сейфуллиннің қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі (1894 1938 жж.)
Жұмыс Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Қазақстанның кеңестік кезеңдегі тарихы бөлімінде орындалды
Бекітемін «Ш. Уәлиханов атындағы кму» iconАдилбекова забираш ашимхановна
Жұмыс Қр білім және Ғылым Министрлігі Ғылым комитетінің Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Қазақстанның жаңа...
Бекітемін «Ш. Уәлиханов атындағы кму» iconДиссертация 2010 жылы «29» сәуір
Жұмыс Қр білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Кеңес дәуіріндегі...
Бекітемін «Ш. Уәлиханов атындағы кму» icon«Бекітемін» М.Өтемісов атындағы БҚму ректоры Т. З. Рысбеков >27. 03. 2006 ж
Негізгі шара М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіндегі экологиялық аспектілер қызметінің қоршаған ортаға...
Бекітемін «Ш. Уәлиханов атындағы кму» iconДиссертация 2009 жылы «24»
Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының...
Бекітемін «Ш. Уәлиханов атындағы кму» iconДиссертация 2009 жылы
Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі Ғылым комитетінің Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының...
Бекітемін «Ш. Уәлиханов атындағы кму» iconДиссертация 2010 жылы
Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница