Скачать 0.51 Mb.
|
![]() БЕКІТЕМІН«Ш.Уәлиханов атындағы КМУ»РМҚК ректоры__________ Н. Қалабаев«____» _________ 2011 ж. САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ![]() ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ (МАГИСТРАТУРА) СМЖ ӘН 11-2011 Тіркеу № ____ Данасы № ____ Енгізу күні _________ Көкшетау Мазмұны
1. Жалпы ережелер 1.1. Бұл әдістемелік нұсқау Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-де жүзеге асырылатын жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді (магистратура) ұйымдастыруға қойылатын талаптарды белгілеуші негізгі құжат болып саналады. 1.2 Осы нұсқауда төмендегідей терминдер мен анықтамалар белгіленген: Магистратура – 1-2 жылдан кем емес нормативтік оқу мерзімінде тиісті мамандық бойынша «магистр» академиялық дәрежесіне ие болатын ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім беру бағдарламасы. Магистрант – магистратурада білім алушы тұлға. Магистрлік диссертация – магистранттың нақты мамандығына сәйкес тиiстi ғылым саласы бойынша көкейкестi мәселелердің бірін өзіндік зерттеу нәтижелері арқылы қорытындылайтын ғылыми жұмыс. 1.3 Магистратура университетте азаматтардың кез келген деңгейде білім алуға, тереңдетілген кәсіптік мамандандыруға, ғылыми-зерттеу және ғылыми-педагогикалық қызметке дайындауға жол ашуды қамтамасыз ету үшін және болашақта университетте еңбек ететін жоғары сапалы педагогтар мен ғылыми қызметкерлер дайындау мақсатында ашылды. 1.4 Университет магистратурасында кадрларды даярлау екі бағыт бойынша жүргізіледі: профильдік және ғылыми-педагогикалық. 1.5 Магистр бағдарламасы бойынша білім алу құқығына жоғары кәсіби білім беру бағдарламаларының, профиль бойынша таңдалынған магистрлерді дайындау бағдарламаларына сәйкес немесе жақын бағдарламалардың бірінің негізінде білім алған, жоғары білім туралы дипломы немесе бакалавр дипломы бар тұлғалар ие. Бакалавр дипломы бар тұлғалар үшін магистратурада оқу жоғары кәсіби білімді жалғастыру болып табылады. 1.6 Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-те магистратура тек қана бакалаврларды дайындау бағыттары бойынша ашылады. ҚР Білім және ғылым министрлігі магистрлерді дайындау құқығына берілетін лицензияны Лицензиялау ережелерімен белгіленген тәртіпте береді. 2. Магистратурада білім беру үрдісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар 2.1 Магистрдің дайындық профилінің ғылыми зерттеулер тақырыптамасына сәйкес келуі. 2.2 Магистрлік бағдарламалар жетекшілері мен магистрант жетекшілері дайындап басып шығарған оқу және (немесе) оқу-әдістемелік материалдардың болуы. 2.3 Магистранттардың теориялық білім алуына, зертханалық практикумдар мен ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуіне мүмкіндік туғызатын, сонымен қатар Мемлекеттік білім беру стандарттарымен және магистрлерді арнайы дайындауға арналған оқу бағдарламаларымен қарастырылған бітірушілердің біліктілік жұмысын әзірлеуді қамтамасыз ететін қажетті оқу-материалдық базаның болуы. 2.4 Мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес магистранттар тәжірибеден өту үшін факультеттер (кафедралар) мен кәсіпорындар, мекемелер немесе ұйымдар арасында келісім-шарттардың болуы. 2.5 Магистрлік бағдарламаға білім алушылардың мамандығына сәйкес профилі бойынша жоғары оқу орнында үш жылдан кем емес еңбек өтілі бар доктор, ғылымдар кандидаты, немесе доктор PhD ғылыми жетекшілік жасайды. Қажет болған жағдайда профильге жақын ғылымдар салалары бойынша ғылыми консультанттар тағайындалуы мүмкін. 2.6. Магистранттарға ғылыми дәреже және (немесе) ғылыми атағы бар ғылыми жетекшілер тікелей жетекшілік жасайды. Бір уақытта бесеуден артық емес магистрантқа жетекшілік жасалады. Магистранттардың жетекшілері магистрлерді арнайы дайындайтын бағдарламаға енетін пәндерден сабақ берулері қажет. 2.7. Магистрлерді дайындауға арналған білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру магистрлік бағдарлама профилі бойынша ғылыми-зерттеу және ғылыми-әдістемелік жұмыс жүргізетін, оқытылатын пәндер профиліне сәйкес базалық білімі және біліктілігі бар педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етіледі. 2.8. Ғылыми дәрежесі және (немесе) ғылыми атағы бар оқытушылар магистрлерді дайындау бағдарламаларын қамтамасыз ететін профессорлық-оқытушылық құрамның жалпы санының кем дегенде 45%-ын құрау қажет. 2.9. Лицензиясы бар магистрлік бағдарламалардың жұмыс оқу жоспарлары магистрлердің арнайы дайындау оқу жоспарына сай Мемлекеттік білім беру стандартының талаптарына сәйкес болуы. 3. Магистратураның білім беру бағдарламасы құрылымына қойылатын талаптар 3.1 Магистратураның білім беру бағдарламасының құрылымы әртүрлі білім беру мазмұнын анықтайтын оқу және ғылыми жұмыс, практика түрлерінен құралады, олардың өзара ара-қатынасын, өлшемі мен есебін көрсетеді. 3.2 Магистратураның білім беру бағдарламасының мазмұнына: - базалық және кәсіптік пәндер циклдерін оқытуды қарастыратын теориялық оқыту; - кәсіби тәжiрибе (педагогикалық, өндірістік, зерттеулік); - ғылыми және педагогикалық магистратураға арналған магистрлік диссертацияны орындау үшін жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмысы; - профильдік магистратураға арналған магистрлік диссертацияны орындау үшін жүргізілетін эксперименталдық-зерттеу жұмысы; - аралық және қорытынды аттестация жатады. 3.3 Барлық жұмыс түрлерінің еңбек сыйымдылығын есептеу игерілген материал көлемімен жүзеге асырылады және кредитпен өлшенеді. Сондай-ақ алдыңғы білім деңгейінде игерілген, кредитте ескерілетін, жинақтаушы кредиттік жүйе қызмет етеді. Білім алушы магистратураға түсер алдында магистратураның кәсіби оқу бағдарламасын меңгеруге қажетті барлық пререквизиттерді меңгерген болуы керек. Қажетті пререквизиттер тізімін ЖОО өзі анықтайды. Қажетті пререквизиттер болмаған жағдайда магистрантқа оларды ақылы түрде меңгеруге рұқсат етіледі. Мұндай жағдайда магистратурада білім алу магистрант пререквизиттерді толық меңгергеннен кейін басталады. 3.4 Кредиттік технология бойынша оқу үдерісін ұйымдастыруда оқу пәнiнiң көлемi бүтiн санды құрауы керек. Сонымен қатар пәндер 3 кредиттен кем емес көлемде бағаланады. Пәнді бағалауда 1 немесе 2 кредитке рұқсат етiледi. 3.5 Оқу жоспарларының барлық формаларында оқу пәндерiн кодпен жазудың бiрыңғай жүйесi қолданылады. Әрбiр пән атауы қайталанбау керек. Ол бiр академиялық мерзiм ішінде оқылып, аяқталған уақытта магистранттар емтихан түрінде қорытынды бақылау тапсыру қажет. 3.6 Магистратураның бiлiм беру бағдарламалары модульдiк жүйе негiзiнде жобаланады. 3.7 Базалық пәндер циклі (БП) міндетті компонент пен таңдау бойынша компонент пәндерінен тұрады. 3.8 Ғылыми және педагогикалық бағыттағы магистратурада БП циклінің көлемі типтік оқу жоспарының жалпы көлемінің 47% құрайды, оның ішінде 50% міндетті компонент пәндеріне, ал 50% - таңдау бойынша компонент пәндеріне бөлінеді. Кәсіптік бағыттағы магистратурада БП циклінің көлемі типтік оқу жоспарының жалпы көлемінің 50% құрайды (оқу мерзімі 1 жыл) және 35% (оқу мерзімі 1,5 жыл), оның ішінде 55,5% және 50% міндетті компонент пәндеріне, ал 44,5% және 50% - таңдау бойынша компонент пәндеріне бөлінеді. 3.9. Ғылыми және педагогикалық бағыттағы магистратурада кәсіби пәндер (КП) циклінің көлемі типтік оқу жоспарының жалпы көлемінің 53%, оның ішінде 11% міндетті компонент пәндеріне және 89% - таңдау бойынша компонент пәндеріне бөлінеді. Кәсіптік бағыттағы магистратурада кәсіби пәндер (КП) циклінің көлемі типтік оқу жоспарының жалпы көлемінің 50% құрайды (оқу мерзімі 1 жыл) және 65% (оқу мерзімі 1,5 жыл), оның ішінде 11% және 16% міндетті компонент пәндеріне, ал 89% және 84% - таңдау бойынша компонент пәндеріне бөлінеді. 3.10 Міндетті компонент пәндерінің тізімі типтік оқу жоспарымен анықталады. Міндетті компонент пәндерінің көлемін қысқартуға рұқсат етілмейді. 3.11 Таңдау бойынша пәндер тізімін университет өзі анықтайды. Сонымен бiрге жұмыс берушілердің талап-тілегі мен еңбек нарығының сұраныстары ескеріледі. 3.12 Сонымен бірге магистратураның білім беру бағдарламасының құрылымы төмендегілерді қамтиды: - магистранттардың практикалық дайындығын: әртүрлі практиканың түрлері, кәсiби тағылымдама және магистрлiк диссертацияны орындау; - магистранттың ғылыми-зерттеу (эксперименталдық-зерттеу) жұмысы. 3.13 Профильді магистратураны бітірген магистрант педагогикалық қызметке кәсіби педагогикалық білім беру бағдарламасын қосымша меңгергеннен кейін ғана жіберіледі. 3.14 Ақпараттық технология саласының мамандықтары бойынша даярланатын магистрлік бағдарламаларды ағылшын тілінде оқыту қарастырылады. Соған байланысты (кәсіби) ағылшын тілін оқытуға бөлінетін кредит саны көбейтіледі. |
![]() | Программа круглого стола «Перспективы внедрения электронного обучения (е-learning)» Ш. Уәлиханов атындағы кму кафедраларының электрондық білім беру ресурстарының көрмесі | ![]() | Қазақ хандығы тарихын зерттеудегі қҰндылығы жайында Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология Институты директорының ғылыми жұмыстар бойынша орынбасары, т.ғ. к., доцент |
![]() | Шортанова алшайым ахылбековна қазақстандағы ғылыми кітаптар басылымының тарихы (ХХ ғ. 20-40 жж.) Жұмыс Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінде орындалды | ![]() | ҚАсымова сәуле сүйіндікқызы сәкен Сейфуллиннің қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі (1894 1938 жж.) Жұмыс Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Қазақстанның кеңестік кезеңдегі тарихы бөлімінде орындалды |
![]() | Адилбекова забираш ашимхановна Жұмыс Қр білім және Ғылым Министрлігі Ғылым комитетінің Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Қазақстанның жаңа... | ![]() | Диссертация 2010 жылы «29» сәуір Жұмыс Қр білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Кеңес дәуіріндегі... |
![]() | «Бекітемін» М.Өтемісов атындағы БҚму ректоры Т. З. Рысбеков >27. 03. 2006 ж Негізгі шара М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіндегі экологиялық аспектілер қызметінің қоршаған ортаға... | ![]() | Диссертация 2009 жылы «24» Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының... |
![]() | Диссертация 2009 жылы Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі Ғылым комитетінің Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының... | ![]() | Диссертация 2010 жылы Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының... |