«Назарбаев Зияткерлік мектептері» акционерлік қоғамының 2011-2020 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы




Название«Назарбаев Зияткерлік мектептері» акционерлік қоғамының 2011-2020 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы
страница1/7
Дата конвертации10.02.2016
Размер0.94 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://nis.edu.kz/site/nis/repository/file/ППРК 1510 каз Стратегия развития.doc
  1   2   3   4   5   6   7
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 28.02.2011 15:12:57


«Назарбаев Зияткерлік мектептері» акционерлік қоғамының 2011-2020 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1510 Қаулысы

 

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Назарбаев Зияткерлік мектептері» акционерлік қоғамының 2011 - 2020 жылдарға арналған даму стратегиясы бекітілсін.

2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2010 жылғы 31 желтоқсандағы

1510 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» акционерлік қоғамының 2011-2020 жылдарға арналған даму

стратегиясы

 

 

Мазмұны

 

1. Кіріспе

2. Ағымдағы жағдайды талдау

3. Миссия және пайымдау

4. Қызметтің стратегиялық бағыттары, мақсаттары, шешуші көрсеткіштері және олар бойынша күтілетін нәтижелер

 

 

1. Кіріспе

 

Қазіргі таңдағы адам ақпарат саласында қарқынды өрлеу жағдайында өсуде. Осы орайда мектеп алдындағы тұрған мақсат - оқушыларды өмір жолында туатын сұрақтарға жауаптарды өз бетімен табуға үйрету; өздерінің іс-әрекеттерінің салдарын бағалап, олар үшін жауапкершілікті ала білу, мұның өзі өмір барысында жиналатын білімнің негізі болатын өзін-өзі оқыту мен дамыту дағдыларын алуды, осы білімді шығармашылық күйде қолдана білуді білдіреді. Мектеп осы жағдайларда өз оқушыларының бойында жинақылық, серпінділік, сындарлылық қасиеттерін дамыта отырып, заман өзгерістеріне әзірлеуі тиіс.

Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев 2009 жылғы 13 қазанда Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-де еткен «Қазақстан дағдарыстан кейінгі әлемде: болашаққа зияткерлік серпін» тақырыбындағы дәрісінде: «ұлттық интеллектің діңгегін, Қазақстанның зияткерлік элитасын тәрбиелеудің іргетасы болуға қабілетті мектептер құру қажет» деп атап көрсетті.

Халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті, өмірге белсенді көзқарас пен жоғары білімді жеке тұлғаны тәрбиелеу, мектеп қабырғасынан бастап оқушыларды ғылыми-зерттеу және тәжірибелік қызметке қатыстыру, қазақстандық және әлемдік білім беру жүйесінің таңдаулы дәстүрлеріне сәйкес жалпы орта білімнің инновациялық моделін құру осы заманға сәйкес білім берудегі объективтік қажеттілік болып табылады. Зияткерлік жеке тұлғаны тәрбиелеу үшін қалыптасқан мектеп құрылымын, қарым-қатынастар жүйесін, білім беру мазмұнын жобалауды, оқыту әдістемесін, білім жетістіктерін бағалау қағидаларын өзгерту қажет.

Мемлекет басшысы қойған міндеттерді орындау үшін оқушының мүмкіндігін барынша аша алатын, оқушының қызығушылығын, икемділігі мен қабілеттілігін толықтай есепке алуға жағдай құра алатын жаратылыстану-математикалық бағыттағы білім беру бағдарламаларын іске асыратын зияткерлік мектептер жүйесін құру қажет. Жоғары сыныптардағы оқыту оқушыларды бейінді бағыттауға және беделді ұлттық, шетелдік жоғары оқу орындарында оқуға жоғары сынып оқушыларын нысаналы даярлауға бағытталуы тиіс. Осылайша Зияткерлік мектептер жүйесін жаңа нысандағы ұстаздар құрамын, оқуға және өз-өзін жетілдіруге бағытталған оқушылар ортасын құруға және оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар мен әлеуметпен берік қатынастар орнатуға ықпал ететін инновациялық орта ретінде қарастыруға болады.

Жоғарыда аталғандардың барлығы әлеуметтік саладағы «20 Назарбаев Зияткерлік мектептері» серпінді жобасын іске асыру үшін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» акционерлік қоғамының даму стратегиясын (бұдан әрі - Стратегия) әзірлеуді қажет етеді.

 

 

2. Ағымдағы жағдайды талдау

 

2.1 Сыртқы ортаны талдау

 

Қазіргі замандағы қоғамды жаңғырту оның индустриалды үлгіден білім беру және тарату үрдістері негізгілер болып табылатын ақпараттық үлгіге ауысуды ұйғарады. Осыған орай, адам өмірінің түрлі салаларында прогрессивті өзгерістерге бағытталған идеяларды ұсынуға қабілетті дарынды, зияткерлік дамыған адамдарға қажеттілік туындайды. Сондықтан, бүгінде әлеуметтік экономикалық өзгерістер жағдайында мемлекеттің дамуына және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға белсенді ықпал ететін жоғары білімді, шығармашылық тұлғаны қалыптастыруда қоғамның қажеттілігі өзекті болып тұр. Мұндай тұлғаны қалыптастыруда дарынды балалармен жұмыс істеу ерекше орын алады.

Дарындылықты дамытуда педагогикалық қамтамасыз ету, бірінші кезекте жағымды жағдай жасауды талап етеді. Осыған байланысты, 90 жылдардың аяғында Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі аталған мәселені шешуге бағытталған бірқатар директивті құжаттарды қабылдады: 1996 жылғы «Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау туралы», Қазақстан Республикасы Президентінің өкімі, «Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау туралы», Қазақстан Республикасы Президентінің өкімін іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

Барлық республика бойынша «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы үйлестіретін дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептер желісі пайда болды. Сондай-ақ, қазақстандық білім жүйесінде академиялық, шығармашылық қабілеттері бар балаларды анықтап, оқытумен айналысатын арнайы білім мекемелері - гимназиялар, лицейлер, музыкалық, спорттық, көркемдік, тілдік оқытуға бағыттағы мектептер бар.

Дарынды және талапты балаларды тәрбиелеу мен оқыту мәселесіне көзқарас алуан түрлі - дарынды балаларды қатардағы сыныптарға ықпалдастырудан бастап, дарынды балаларға арналған жеке мектептерге дейін ашу. Мектептер әдетте өзара байланысқан жеке деңгейлерге бөлінеді. Кейбір жағдайларда бұл жүйе мектепке дейінгі оқытудан басталады. Оқушылар бейімділіктері мен меңгерген білім деңгейіне қарай бірігеді.

Барлық мектептерде оқушылардың білім беру процесіне белсенді қатысуы, оқушылар мен олардың ата аналарымен тіл табысу, балалардың уәждемесін ынталандыру және білім берудің үздік жағдайларын қамтамасыз ету міндетті болып табылады. Әр баланың жеке тілін табуға, сондай-ақ оқытуды оқушылардың қызығушылықтарына қарай бейімдеуге және олардың білім деңгейінің жоғарылауына мүмкіндік беретін шағын топтарға бөлуге басымдық жасалады.

Бүгінгі таңда республикада дарынды балаларға арналған 115 білім беру мекемесі жұмыс істеуде, оның ішінде: 50 - жаратылыстану-математика, 12 - жалпы-гуманитарлық, 10 - музыка-эстетикалық, 7 - әскери-спорттық, 1 - экономикалық, 33 - көп функционалды бағыттағы, 1 - оқыту-сауықтыру орталығы, 1 - мектеп кешен.

2007-2008 жылдан бастап «Тілдердің ұштұғырлығы» мәдени жобасын іске асыру шеңберінде 33 дарынды балаларға арналған мектепте үш: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқыту енгізіледі. «Зияткерлік ұлт - 2020» жалпыұлттық жобасын іске асыру үшін Қазақстанда «Дарын» орталығы қызмет атқарған уақыт ішінде екі миллионнан астам оқушылар қатысқан 20-дан астам зияткерлік жарыстар, олимпиадалар, байқаулар өткізілуде.

2008 жылы Елбасының бастамасымен «Дарынды балаларға арналған жаратылыстану-математика бағытындағы 20 зияткерлік мектептері» жобасы іске қосылды.

Осы жобаны жүзеге асыру, зияткерлік мектептер желісін құру және олардың қызметін қамтамасыз ету, білім беру саласындағы инновациялық технологияларды енгізу мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылдың 13 мамырдағы № 452 қаулысымен «Өркен» акционерлік қоғамы құрылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 7 маусымдағы № 532 қаулысымен «Өркен» акционерлік қоғамы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) болып өзгертілді.

Тәжірибелік ықпалдастырылған оқу бағдарламаларын әзірлеу мақсатында құрамына тиісті пәндердің өкілдері кіретін жұмыс топтары құрылды. Бүгінгі таңда көрсетілген тәжірибелік ықпалдастырылған оқу бағдарламаларын сынақтан өткізу жүргізілуде.

Жаратылыстану-математикалық циклдың оқу бағдарламаларын игеруге бейім балаларды тәрбиелеу және оқытудың білім беру процесін ұйымдастыру, сондай-ақ зияткерлік мектептерде шет тілдерді оқыту тәжірибелік ықпалдастырылған оқу бағдарламасының көмегімен жүзеге асырылады. Бағдарлама балалардың бала бақша мен бастауыш сыныптарда өзін-өзі дамытуға, негізгі мектепте өзін-өзі тану және жоғары сыныптарда өзін-өзі жетілдіру мен анықтауға бағытталған.

Өз кезегінде бағдарламаны жүзеге асыру үшін білім беру процесіне білімді игеруге ғана емес білім беру процесіне барлық қатысушылардың денсаулығының сақталуына ықпал ететін жаңа технологияларды енгізу көзделеді.

Зияткерлік мектептердің бірыңғай білім беру және ақпараттық ортасын жобалау, салу және материалдық-техникалық жарақтандыру және құру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру білім беру моделінің талаптарын ескере отырып жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, Зияткерлік мектептердің қалыптасып дамуын ұйымдастыруда қиындықтар орын алуда, білім беру мекемелерін материалдық техникалық және зертханалық базамен, сондай-ақ оқу әдістемелік әдебиетпен, көрнекі оқу құралдарымен жабдықтауды регламенттейтін еліміздегі қолданыстағы нормативті құқықтық база қазіргі заман талаптарына сай келмейді. Жүйелі мониторингтің, нормативті құжаттарды заман талаптарына сәйкес жаңартудың жоқтығы Зияткерлік мектептерде білім беру үрдісін жүзеге асыру үшін барлық қажетті талаптар мен жабдықтау мүмкіндіктерін шектейді.

Сондай-ақ, жүйелі ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу тәжірибесінің, мониторингтік зерттеулердің, бағдарламалардың, оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу тәрбиелік үрдісін реттеудің жоқтығы Зияткерлік мектептерде үздік халықаралық тәжірибені енгізуді және қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің ұштұғырлығын енгізу жөніндегі жобаны іске асыруды қиындатады.

Бүгінгі таңда елімізде педагогтарды дайындау дарынды балаларды оқытып тәрбиелеуге бағытталмаған және пәндерді ағылшын тілінде оқытуды ескермейді. Осыған орай, Зияткерлік мектептер қойылған міндеттерді іске асыруда қиындықтарға тап болып отыр. Сонымен бірге Зияткерлік мектептердің алдына қойылған мақсаттарды іске асыруда дайындалған шетел мамандарын іздеу және тарту тиісті қаржылық және ресурстық қамтамасыз етуді, сондай-ақ мұндай мамандардың еңбек ақысын саралап төлеуді талап етеді.

Дарынды оқушыларды оқытуды ұйымдастырудың ауқымы мен қағидалары әлемнің жетекші елдерінде әр түрлі, дегенмен, барлығына мәлім бір нәрсе: қоғам мүдделері дарынды балалар мен жастарды қолдайтын арнайы моральдық және материалдық шараларды қажет етеді. Білім беру үдерісінде баланың дарындылығын қолдау қоғамның заманға сәйкес даму кезеңінде маңызды психологиялық-педагогикалық мәселе болып табылады, өйткені дарынды бала орташа оқушыға арналған білім үдерісіндегі аса күрделі субъект болып табылады.

Антикалық дәуірдің өзінде дарынды балалар білім беру үдерісінің ерекше субъектісі ретінде анықталған. Мұндай балалар ұлы философ ғалымдардың: Сократ, Аристотель, Конфуций және тағы басқаларының жетекшілік етуімен элиталық білім алған. Ұлы Платон «алтын балаларды» лайықты қолдауға жиі шақырған.

Әрбір өркениетті қоғамда дарынды балалар ерекше әлеуметтік құңықтарға ие болуға құқылы ұлттық байлық ретінде қарастырылады.

Америка Құрама Штаттарында 1970 жылдардан бастап дарынды балаларға арналған арнайы білім беру бағдарламалары дайындалған. Мәселен, мектептерде әйгілі педагог Дж. Рензуллидың стандарттан тыс сандық және сапалық өлшемдері бар бағдарламалары кеңінен қолданылуда, мысалы: базистік бағдарламаның аясынан тыс шығу, оқушылар мүдделерінің ерекшеліктерін ескеру, олардың білімді игеру стиліне сәйкестік, оқытудағы түйткілдігі және оқытуда зерттеу көзқарастары және басқалар.

Дарынды балалардың мәселесі Ұлыбританияның әлеуметтік педагогикалық тәжірибесінде ерекше орын алады. Англияда 1970 жылдардың басында-ақ «қабілетті оқушылардың» ата-аналары, педагогтар, іскер ортаның өкілдері және жалпы қоғам қатысқан «дарындылықты қорғау» қозғалысы күш алды. Дарынды балалардың мәселелеріне жалпының назарын аудартуды, тиісті теоретикалық зерттеулерді, тәжірибелерді өткізіп, арнайы бағдарламаларды құрастыруды алдына мақсат етіп қойған арнайы қауымдастық құрылған болатын.

Сондай-ақ, Ұлыбританияда 1997 жылдан бастап дарынды балаларды қолдайтын қолданысқа енгізілген «Дарынды және талантты оқушылардың білімін дамытудың Ұлттық бағдарламасы» деп аталатын арнайы бағдарлама бар.

Алайда осы күнге дейін Англияда музыка және балет мектептерінен басқа, дарынды балаларға арналған арнайы мектептер жоқ. Мұндай балаларды оқыту оқушыларды түрлі үлгідегі мектептерде саралау - «топтарға» «лектерге» бөлу негізінде жүзеге асырылады. Әдістеме жағына келсек, Америка Құрама Штаттарындағы мектептердегідей дарынды балаларды оқытуда техникалық құралдар, зерттеулік әдістер, ықпалдасқан арнайы курстар, өз бетінше жобаларды әзірлеу кеңінен қолданылады.

Германия және Франция мектептерінде дарынды балаларды оқыту бойынша ерекше кеңестік қызметтер, арнайы сыныптар мен гимназиялар жұмыс істейді.

Бұл ретте бүгін үлкен табыстарға жеткен мемлекеттердің бірі болып табылатын Сингапурдың тәжірибесі де көңіл аударарлықтай.

Бұл елдің табысы меритократия қағидатына (латын тілінен аударғанда лайықты, билікке қол жеткен) негізделген мемлекеттік қызметті ұйымдастырудағы пәрменді саясатпен шартталған, яғни бұл елде қызметте жылжу тек қана адамның талабы мен қабілетіне байланысты. Бұл қағидатты іске асыру үшін 1984 жылы Сингапурда дарынды балаларды қабілеттері мен бейімділіктеріне сәйкес біліммен қамтамасыз ету мақсатында дарынды балаларды оқыту бағдарламасы енгізілген.

Бағдарламаның бастамашысы, әр оқушыға өзіне ыңғайлы ырғақта оқуға тиісті жағдай жасауды көздейтін және мүмкіндік беретін Жаңа білім беру жүйесін қолдайтын Сингапурдың Білім министрлігі болды. Дарынды оқушыларға оқудың ерекше жағдайлары жасалды.

Бұл бағдарламаның жетістігі айқын көрініп түр. 1995 жылы оқу жетістіктерін бағалайтын Халықаралық қауымдастық өткізген математикалық және жаратылыстану ғылыми білімді бағалаудың халықаралық зерттеулерінің қорытындылары бойынша, ең жақсы нәтижені Сингапурдың оқушылары көрсетті.

Жапонияда «Балаларды дамытып - Жапонияны дамытамыз!» атты қағида елді басқарудағы басты ережелердің бірі, «не ексең соны орарсың» мақалына ұқсас болып келеді. Бұл елде жүздеген жылдар бойы өсіп келе жатқан ұрпаққа парасаттылық дәндерін жеке фирмалар да, мемлекет те аянбай шашып келе жатыр.

Бұрынғы кеңестік республикалар үшін дарынды балаларды тауып, оқыту және дамыту мәселесі жаңа міндет болып табылады. Әрине, кеңестік білім жүйесі бұл дәрежедегі оқушылармен айналыспаған деп айтуға болмайды. Бұл мақсатта сыныптан тыс жұмыс, мектептен тыс мекемелер желісі, 1930 жылдары бастау алған ғылыми негізіндегі олимпиядалық қозғалыс қызмет етті. 1960-1970 жылдары М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы А.Н.Колмогоров атындағы мектеп дүние жүзіне танымал болды.

Алайда жаңа әлеуметтік экономикалық жағдайларда Тәуелсіз мемлекеттер достастығының барлық елдерінде зияткерлік әлеуетті, өзіндік жоғары білікті мамандарды дайындау мәселесі айқын көрінді. Сондықтан, соңғы жылдары дарынды балалармен жұмыс істеу бойынша арнайы мемлекеттік бағдарламалар әзірленіп, жетілдірілуде.

Мысалы, Ресей Федерациясында «Ресей балалары» атты Президенттік бағдарламаның шеңберінде «Дарынды балалар» нысаналы бағдарламасы іске асырылуда. Ресейдің өңірлерінде жергілікті жағдайларды ескеретін осыған ұқсас бағдарламалар бар.

Сан алуан реформалардан кейін, көптеген батыс және азиялық елдердің білім жүйесі мынадай негізгі белгілермен ерекшеленеді:

өкітілділік, бірнеше тілде оқыту, ағылшын тілін оқытуға көңіл бөлу;

жаратылыстану ғылымдары мен математиканы оқытуға көңіл бөлу;

дарынды балаларға арналған білім бағдарламаларын әзірлеу;

адамгершілік құндылықтарды, сыни және шығармашылық ойлау негіздерін үйрету;

оқушылардың қабілеттеріне қарай лектерге бөлу; дарынды балаларға даму ортасын құру және демалыс ұйымдастыру;

ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану, заманауи материалдық техникалық және зертханалық жабдықтау;

мемлекеттік қаржыландыру бағдарламаларын әзірлеу;

қызметте жылжудың және мұғалімдерді ынталандырудың тиімді жүйесін, педагогтарды даярлау және қайта біліктіліктен өткізу бағдарламаларын әзірлеу;

білім беру саясаты мен экономикалық дамудың тиімді ықпалдастығы, шығармашылыққа үміт арту, жаңашылдық пен кәсіпкерлік, білімнің саяси маңыздылығын түсіну, білімнің өмір бойы қажеттігіне деген ерекше көңіл бөлу.

Барлық реформаларда жеке тәуелсіз автономиялық мектептер мен дарынды және талантты балаларды оқытуға бағытталған мектептер желісі құрылады. Қолайлы білім ортасын құруға және материалдық-техникалық, зертханалық, ақпараттық-коммуникациялық базаға қойылатын заманауи талаптарға сәйкес жақсы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінеді.

Отандық білімге қойылатын қазіргі заманғы талаптар Қазақстанның жедел әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету қажеттілігімен, басқару құзыреттілігі бар және жоғары технологиялық ғылымды көп қажет ететін өндіріс және нарықтың инновациялық даму жағдайында шығармашылық бейімдеуші кәсіби мамандарды дайындау қажеттілігімен түсіндіріледі. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму
  1   2   3   4   5   6   7

Похожие:

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» акционерлік қоғамының 2011-2020 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы icon«Парасат» Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамының 2011-2020 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» акционерлік қоғамының 2011-2020 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы icon«самұРЫҚ-энерго» акционерлік қОҒамының 2011-2015 жылдарға арналған кадр саясаты астана қ
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы тобының 2010-2020 жылдарға арналған Кадр стратегиясына сәйкес әзірленіп,...
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» акционерлік қоғамының 2011-2020 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы icon«Назарбаев Зияткерлік Мектептері» дббұ
Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі филиалы
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» акционерлік қоғамының 2011-2020 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы icon«Әлеуметтік -экономикалық даму болжамын әзірлеу Қағидаларын бекіту туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына
Зайсан ауданының 2011 -2013 жылдарға арналған бюджетінің негізгі параметрлары бойынша ақпарат
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» акционерлік қоғамының 2011-2020 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы icon«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы»
Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» акционерлік қоғамының 2011-2020 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы icon2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын Павлодар облысында іске асыру жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан...
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» акционерлік қоғамының 2011-2020 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы icon"Назарбаев зияткерлік мектептері" АҚ Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы "Назарбаев зияткерлік мектебі" филиалы
Жұмыс жетекшісі: жоғары санаттты физика және астрономия пәнінің оқытушысы Мамадилова З. К
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» акционерлік қоғамының 2011-2020 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы icon2011 – 2020 жылдарға арналған
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» акционерлік қоғамының 2011-2020 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы icon«Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ Семей қаласындағы физика- математика бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалы
Жұмыс мақсаты: Маятнигі көмегімен қатты денелердің айналмалы қозғалысын зерттеу барысында симметриялы қатты дененің инерция моментін...
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» акционерлік қоғамының 2011-2020 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница