Конкурс туралы хабарландыру мәтінін даярлап, оқу ғимараттарындағы хабарлама тақтасына ілу, университет веб-сайтына орналастыру




Скачать 231.09 Kb.
НазваниеКонкурс туралы хабарландыру мәтінін даярлап, оқу ғимараттарындағы хабарлама тақтасына ілу, университет веб-сайтына орналастыру
Дата конвертации10.02.2016
Размер231.09 Kb.
ТипКонкурс
источникhttp://www.korkyt.kz/Docs/is-wara-jospary1.doc
«Бекітемін»

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда

мемлекеттік университетінің оқу ісі

жөніндегі проректор-бірінші

проректоры

___________________ А.Т.Жүнісов

«_____»_______________ 2012 жыл


«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы»

мемлекеттік гранты конкурсының І кезеңін өткізудің

іс-шаралар жоспары




Жұмыс мазмұны

Мерзімі

Жауаптылар

1

Конкурс туралы хабарландыру мәтінін даярлап, оқу ғимараттарындағы хабарлама тақтасына ілу, университет веб-сайтына орналастыру

27.09.2012 ж.

Досжанов Б.А.,

Сейлова З.Т.

2

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 ақпандағы №235 қаулысымен бекітілген «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидалары және берілген мемлекеттік гранттың жұмсалу бағыттары» Ережесін, сандық және сапалық көрсеткіштер кестесін университет веб-сайтына орналастыру

28.09.2012 ж.

Досжанов Б.А.,

Сейлова З.Т.

3

Конкурсқа ұсынылған құжаттардың мазмұнына, талапқа сай ресімделуіне, сапасына сараптама жасау үшін арнайы комиссия құрамын жасақтап, бекітуге ұсыну

5.10.2012 ж.

Шалболова Ү.Ж.,

Досжанов Б.А.,


4

Құжаттарды І-ші іріктеу кезеңінен өткізу

25.10.2012 ж.

Шалболова Ү.Ж.,

Досжанов Б.А.,

Комиссия мүшелері

5

Конкурстың І-ші кезеңінен өткен оқытушы-профессорлар кандидатураларын университеттің Ғылыми Кеңесіне ұсыну

26.10.2012 ж.

Шалболова Ү.Ж.,

Досжанов Б.А.,

Комиссия хатшысы



Жұмыс мазмұны

Мерзімі


Жауаптылар

6

Оқытушы-профессорлар кандидатураларын ІІ кезеңге жіберу туралы университеттің Ғылыми Кеңесінің шешімін даярлау, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне ұсыну

30.10.2012 ж.

Досжанов Б.А.

Имаханова А.А.



Академиялық мәселелер жөніндегі

департамент директоры Досжанов Б.А.


Оқыту үдерісін ұйымдастыру

және бақылау бөлімінің бастығы Сейлова З.Т.


Қосымша-1

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылға 17 ақпандағы

235 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидалары және берілген мемлекеттік гранттың жұмсалу бағыттары

 

 

1. Жалпы ережелер

 1. Осы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидалары және берілген мемлекеттік гранттың жұмсалу бағыттары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген.

2. Қағидалар меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, педагогикалық және ғылыми қызметте жоғары жетістіктері бар жоғары оқу орындарының (бұдан әрі - ЖОО) оқытушыларына оларды көтермелеу және қолдау мақсатында «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын (бұдан әрі - атақ) беру және берілген мемлекеттік гранттың жұмсалу бағыттары тәртібін айқындайды.

3. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) мемлекеттік грант — «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру конкурсында (бұдан әрі - Конкурс) жеңіп шыққан жоо-ның оқытушысына осы Қағидаларда белгіленген нормалар сақталған кезде өтеусіз берілетін ақшалай сыйақы;

2) республикалық конкурстық комиссия - «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру үшін білім беру саласындағы уәкілетті орган құратын комиссия (бұдан әрі - Комиссия);

3) Конкурстың қатысушысы - Конкурсқа қатысу үшін құжаттарын осы Қағидаларға сәйкес ұсынған ЖОО-ның штаттағы оқытушысы.

4. Атақтың иегеріне республикалық бюджеттің қаражаты есебінен тиісті қаржы жылына арналған Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген 2000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік грант төленеді.

5. Атақ бір адамға келесі бес жыл ішінде бір реттен артық берілмейді.

2. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру тәртібі

 6. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру Конкурсына мынадай талаптарға сай келетін Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады:

1) ЖОО-ның штаттық оқытушылары болып табылатындар;

2) Конкурсқа құжаттарын тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үзіліссіз ғылыми-педагогикалық стажы барлар.

7. Конкурс жыл сайын екі кезеңде өткізіледі:

1) І кезең - ЖОО-ның ішінде, ол ағымдағы жылдың қазанында өткізіледі.

Конкурсты ЖОО-ның ішінде өткізу тәртібін ЖОО дербес айқындайды, бұл ретте білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен соңғы бес жыл ішіндегі сапалық және сандық көрсеткіштер негізге алынады.

ЖОО-ның ішкі конкурсы нәтижелері бойынша 50 штаттық оқытушыға 1 үміткерден аспайтын есеппен ғылыми кеңестің шешімімен Конкурстың II кезеңіне қатысуға ұсынылатын ЖОО-ның үздік оқытушылары айқындалады. Оқытушылардың штаттық саны 50 адамға жетпейтін ЖОО-да 1 үміткер айқындалады.

2) II кезең - республикалық, ол ағымдағы жылдың желтоқсанында

өткізіледі.

Конкурстың республикалық кезеңін Комиссия өткізеді, білім беру саласындағы уәкілетті органның басшысы оның төрағасы (бұдан әрі - Комиссия төрағасы) болып табылады.

8. Комиссия білім беру саласындағы уәкілетті органның, баска да мүдделі мемлекеттік органдар қызметкерлері арасынан, жетекші ғалымдар мен мамандар, сондай-ақ саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер өкілдерінен құрылады.

Комиссия мүшелерінің саны тақ болуы тиіс (19-дан аспайды). Комиссия отырысы оның мүшелерінің кемінде үштен екісі болған жағдайда заңды деп саналады.

9. Комиссияның дербес құрамы білім беру саласындағы уәкілетті органның шешімімен бекітіледі.

10. Қазақстан Республикасының барлық аумағына таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс туралы ақпарат жарияланған, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған күннен бастап ол жарияланған деп саналады.

11. Конкурсқа қатысу үшін ағымдағы жылғы қарашада үміткерлер білім беру саласындағы уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша өтінім, сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес мәліметтер, жылдық жұмыс жоспар-кестесі;

2) ЖОО ғылыми кеңесінің ұсынымы;

3) жұмыс орны растаған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парағы;

4) жеке куәліктің көшірмесі;

5) карточкалық базадағы 20 таңбалы ағымдағы шоты туралы хабарлама.

12. Конкурсқа ұсынылған құжаттар жетекші ғалымдар, ЖОО-лардың профессор-оқытушылар құрамының арасынан құрылған сараптама тобы жүзеге асыратын сараптаудан өтеді.

Сараптама тобының дербес құрамы және Конкурсқа ұсынылған құжаттарға сараптау жүргізу мерзімі білім беру саласындағы уәкілетті органның шешімімен бекітіледі. Бұл ретте сараптама тобының дербес құрамы Комиссия құрамымен сәйкес болмауы тиіс.

Сараптама тобы конкурсқа ұсынылған әрбір құжат бойынша білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес қорытынды береді.

13. Конкурсқа қатысушы дұрыс емес немесе толық емес мәліметтер ұсынған жағдайда, сараптама тобы оны қатысушылардың тізімінен шығару туралы ұсынысты жазбаша негіздемемен Комиссияға ұсынады.

14. Сараптама тобының қорытындысы хаттамамен рәсімделеді және қарау үшін Комиссияға беріледі, бұл ретте сараптама тобының әрбір мүшесі ерекше пікірге құқылы.

15. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру туралы Комиссияның шешімі қатысқан мүшелердің жай көпшілік даусымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

Комиссияның шешімі хаттамамен рәсімделеді.

16. Конкурстың қорытындылары Қазақстан Республикасының барлық аумағына таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында конкурстың қорытындысы шыққаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде жарияланады, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

17. Комиссияның шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.

3. Берілген мемлекеттік гранттың жұмсалу бағыттары

 18. Атақ иегері берілген мемлекеттік грантты мынадай бағыттар бойынша жұмсайды: ғылыми зерттеулер жүргізу, шетелдің жетекші жоғары оқу орындарында, ғылыми орталықтар мен зертханаларда тағылымдамадан өтуді қоса алғанда, біліктілігін арттыру.

19. Берілген мемлекеттік грант атақ иегерінің ағымдағы шотына бір уақытта аударылады.

20. Есепті жылдан кейінгі жылдың қаңтарында атақ иегері білім беру саласындағы уәкілетті органға жылдық жұмыс жоспар-кестесіне сәйкес берілген мемлекеттік гранттың жұмсалуы туралы есеп ұсынады. Есепке растайтын құжаттар қоса беріледі.

21. Атақ иегері:

1) жылдық жұмыс жоспар-кестесінде көзделген іс-шараларды орындамаған;

2) атақты бергеннен кейін жыл ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға шыққан жағдайларда берілген мемлекеттік грантты толық көлемде қайтарады.

22. Егер атақ иегерінің жылдық жұмыс жоспар-кестесінде көзделген іс-шараларды орындамауына:

1) атақ иегерінің қайтыс болуы;

2) атақ иегерінің еңбекке қабілеттілігін жоғалтуы негіз болған жағдайда берілген мемлекеттік грант қайтарылмайды.

Республикасы

№ 498

2-қосымша


Оқытушы (конкурсқа қатысушы) қызметінің сапалық және сандық көрсеткіштері*







Көрсеткіштер

Балл, бағасы

Негізгі сипаттамалары


1

2

3

4


1.

Әзірлеу және басып шығару (атқарылған жұмыстың мөлшері көрсетілген жеке өзі немесе басқа авторлармен бірге)** соңғы 5 жылда




Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұсынған оқулық




Монографиялар




Редакциялық оқу-әдістемелік кеңес бекіткен оқу құралы




Белгіленген тәртіппен бекітілген электрондық оқыту құралдары




Жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесімен бекітілген пәндердің оқу-әдістемелік кешендері

2.

Соңғы бес жылда оқу процесінде енгізілген инновациялық оқыту технологиялары ***

(қажетті тармақты белгілеу)




Оқытудың инновациялық технологияларын әзірлеу және енгізу (қолданған технологияның сипатын ұсыну )

Оқытудың инновациялық технологияларының элементтерін әзірлеу және енгізу (қолданған технлогияның элементтер сипатын ұсыну)




Жаңа оқу курстарын әзірлеу, оның ішінде авторлық курстар




Лекциялық материалдардың презентациясын және басқа да интерактивтік тәртібін қолдану және әзірлеу (презентациялар ұсыну)

3.

Соңғы жылы интерактивтік режимде ашық сабақ өткізу, оның ішінде шет тілдерде базалық және/немесе бейінді пәндер бойынша ***(бір тармақты белгілеу)



Басшылардың және оқытушылардың сабақтарға келу нәтижелері бойынша баға:


- жоғары деңгей;

- орташа деңгей

(әр ашық сабаққа хаттама ұсынылсын)

4.

Соңғы бес жылда студенттің ғылыми-зерттеу жұмысына және шығармашылық жұмысына жетекшілік етуі ***

(қажетті тармақты белгілеу)




Сіздің басшылығыңызбен дайындалған пәндер олимпиадаларының жеңімпаз-студенттер саны:

  • халықаралық деңгейдегі;

  • республикалық деңгейдегі;

  • жоғары оқу орнының деңгейдегі




Сіздің басшылығыңызбен дайындалған ғылыми-зерттеу және студенттердің шығармашылық жұмыстарының жеңімпаз-студенттерінің саны:

  • халықаралық деңгейдегі;

  • республикалық деңгейдегі;

- жоғары оқу орнының деңгейдегі




Сіздің басшылығыңызбен дайындалған конференциялардың және басқа да жарыстардың жеңімпаз-студенттерінің саны:

  • халықаралық деңгейдегі;

  • республикалық деңгейдегі;

  • облыстық және қалалық деңгейдегі;

- жоғары оқу орнының деңгейдегі

5.

Соңғы жылы «Оқытушы студенттер көзқарасымен» тәуелсіз сауалнама нәтижесімен бірге анықталатын оқыту сапасы***

(бір тармақты белгілеу)




Жоғары баға бергендер:

  • 90% және одан да көбі сұралғандар;

  • 70% -тен 89%-ға дейін сұралғандар;

  • 50% -ден 69%- ға дейін сұралғандар;

- 50%- ға дейін сұралғандар




Орташа баға бергендер:

  • 90% және одан да көбі сұралғандар;

  • 70% -тен 89% дейін сұралғандар;

  • 50% -ден 69%- ке дейін сұралғандар;

- 50% дейін сұралғандар




Төмен баға бергендер:

  • 90% және одан да көбі сұралғандар;

  • 70% -тен 89% дейін сұралғандар;

  • 50% -ден 69%- ке дейін сұралғандар;

- 50% дейін сұралғандар

6.

Күндізгі бөлімнің білім алушыларының үлгерімі

(бір тармақты белгілеу)




Соңғы оқу жылында барлық пәндер бойынша күндізгі бөлімде оқып жатқандардың орта балл үлгерімі:

- 4-тен 5 балға дейін;

- 3,5-тен 4 балға дейін;

- 3, 0- ден 3,5 балға дейін;

- 3,0-ден төмен

7.

Соңғы үш жылдағы ұйымдастыру жұмысы ***




Кеңестердің, комиссиялардың, комитеттердің, жұмыс топтарының жұмысына қатысу:

- республикалық деңгейде;

- өңірлік деңгейде










Бекітілген студенттер саны, эдвайзер ретінде жұмыс:

- 100-ден және жоғары;

- 50-ден 99 дейін;

- 50 дейін.

8.

Соңғы үш жылдағы тәрбиелік жұмыс ***




Білім алушыларды рухани-отансүйгіштік және дене бітімі тұрғысынан тәрбиелеуді қамтамасыз ететін кешенді іс-шараларды іске асыру:

- республикалық деңгейде;

- өңірлік деңгейде.

9.



Академиялық, ғылыми дәрежесінің, ғылыми атағының болуы ***

(бір тармақты белгілеу)




Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) немесе Қазақстан Республикасының Жоғарғы аттестаттау комитеті (бұдан әрі ЖАК) немесе бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі-КСРО) ЖАК бекіткен ғылым докторы немесе профессор




Комитет немесе бұрынғы КСРО ЖАК бекіткен ғылым кандидаты немесе доцент, РhD докторы




Магистр

10.


Соңғы бес жылда ғылыми зерттеулерді орындау***




Халықаралық жобалар










Республикалық жобалар (іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер)










Шарттық жұмыстар

11.

Соңғы бес жылдағы ғылыми жетістіктер**




Басылымдар:

  • рейтингі бар ғылыми басылымдарда (импакт-фактормен)

  • Комитет тізбесіне енгізілген басылымдарда;

  • Қазақстан Республикасының басқа басылымдарында










Қатысуы:

- алыс шетел елдері конференцияларында;

- жақын шет ел конференцияларында;

- Қазақстан Республикасы жеріндегі семинарларда, халықаралық конференцияларда, симпозиумдарда;

- республикалық конференцияларда, симпозиумдар, семинарларда және т.б.










Патенттер және алдыңғы патенттер, авторлық туындылар, зияткерлік меншік объектісін мемлекеттік тіркелуін болуы

12.

Соңғы бес жылда ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау**




  • ғылым докторларын;

  • ғылым кандидаттарын, Ph.D докторларын;

- магистрларды дайындау




Қорытынды жоғарғы балл:









Конкурсқа қатысушы ___________________________________________________

(тегі, әкесінің аты, қолы)

Жоғарыда келтірілген ақпараттың шындығын растаймын ,

Ректор (ЖОО атауы)_______________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты, қолы )

Толтырылған күні

М.о


*Кестені тек қана конкурсқа қатысушы толтырады.



** Басылымдардың, жарияланымдардың, диссертациялар авторефераттарының, магистрлік диссертациялардың титуль парақтарының көшірмелерін, сондай-ақ соңғы 5 жылдағы ЖОО-ның ғалым хатшысы растаған еңбектердің тізімін қоса беру қажет.

***   Растайтын құжаттың көшірмесі қоса берілуі керек.

Ескерту:


1. Әр көрсеткіш бойынша ақпарат қысқаша болуы тиіс және ұсынылған мәліметтердің жалпы көлемі қосымшаларынсыз 10 беттен аспауы керек.

2. 1, 11 - тармақтардың көрсеткіштері бірлескен авторлары, аттары, басылымның түрі, шығарылған жылы және басылып шыққан жері көрсетіліп тізбе түрінде жазылады, ал 4 - тармақ бойынша конференциялардың, конкурстардың , олимпиадалардың аттары көрсетілген жеңімпаздар тізбе түрінде және «Негізгі сипаттама» деген бағанда орналастырылады.

3. 12-тармақ бойынша көрсеткіштер аспиранттың, магистранттың, адъюнкттің, докторанттың және ізденушінің тегі, диссертациясының тақырыбы, қорғалатын жылы көрсетіліп тізбе түрінде орналастырылады.

4. 2, 10 - тармақтар бойынша көрсеткіштер жалпы қабылданған терминологияның қолданылуымен қоса, бағдарламалардың, жұмыстардың, технологиялардың, әдістердің, шарттардың, практикумдардың, курстардың, лекциялардың нақты тізбесі түрінде қысқаша жазылады және «Негізгі сипаттама» деген бағанда орналастырылады. Одан басқа 2-көрсеткіш бойынша қолданылатын технологиялардың сипаттамасын ұсынады. Инновациялық технологиялар (2.1-т.) оқу жұмыстарының барлық түрлерін және оқытылатын пәннің бөлімдерін қамтуы тиіс. 2.2-т. Пәндердің жекелеген бөлімдерін оқыту кезінде қолданылатын инновациялық технологиялардың элементтерін қамтиды.

5. Тиісті мәліметтер болған жағдайда 1, 2, 4, 7, 8, 10, 11, 12-тармақтар бойынша көрсеткіштер «Негізгі сипаттаманың» тиісті бағандарында осы көрсеткіштердің барлық ұстанымдары бойынша көрсетіледі.

6.  5-тармақ бойынша көрсеткіштер ЖОО–лармен жүргізілетін социологиялық сұраудың негізінде ұсынылады. Сауалнамаға осы оқытушы сабақ берген студенттер қатысады. ЖОО бойынша қорытынды рейтингтің қосымшасымен қоса сауалнаманың нәтижелері туралы ректордың қолы қойылған растайтын анықтаманы ұсыну қажет

7.  6-тармақтағы көрсеткіштер ректордың қолы қойылған барлық берілетін пәндер тізбесі көрсетілген анықтамамен ұсынылады.

8.  «Бағалар, балдар» деген бағанды конкурстық комиссия толтырады.


3-қосымша


Конкурсқа қатысушының өтінімі

(үлгі)


Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

 

 

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантын тағайындау ережесін зерделеп, ____________________________________

                            (тегі, аты, әкесінің аты)


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өткізетін «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсына қатысамын.

Қосымша: конкурсқа қатысу үшін құжаттар _____ бетте, соның ішінде қосымшалар _____ бетте.

 

 

 

 

Конкурсқа қатысушы, оқытушы____________________________________

                                                                           (жоо-ның атауы, қызметі)                    

____________________________________________________________________

                                                             (тегі, аты, әкесінің аты, қолы)

 

 

Толтыру күні


4-қосымша


Ғылыми-педагогикалық біліктілікті арттыруға, ғылыми зерттеулерді жүргізуге және (немесе) тағылымдамадан өтуге арналған


«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік гранты туралы

ҮЛГІЛІК КЕЛІСІМІ


20__ жылғы «___» ___________ № ___ Астана қаласы


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, бұдан әрі Грант беруші деп аталатын, атынан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі

___________________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)

бір жағынан, және ______________________________________________________________________________________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)

екінші жағынан бұдан әрі Грант алушы деп аталатын, төмендегілер туралы келісті:

  1. КЕЛІСІМНІҢ МАҚСАТЫ



1.1 «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік гранты туралы келісім ЖОО-ның үздік оқытушысын іріктеу жөніндегі конкурстың қорытындылары туралы республикалық конкурстық комиссияның 20__ жылғы «____» ___________ № ___ отырысының хаттамасына сәйкес жасалады.

1.2. Грант беруші тағайындайды, ал Грант алушы шетел ұйымдарда тағылымдаманы және (немесе) ғылыми-педагогикалық біліктілігін өтуін және жоспар – кестенің жұмысымен қарастырылған іс-шараларды толық көлемде орындауға міндеттенеді.


2. БІЛІКТІЛІК БЕЛГІЛЕРІ БОЙЫНША ЖҰМЫС СИПАТТАМАЛАРЫ


2.1. Жұмыс бағыт:______________________________________________

2.2. Қолдану саласы (зерттеулер):_________________________________

2.3. Күтілетін нәтиже: ___________________________________________

2.4. Негізгі кезеңдерді орындаудың мазмұны мен мерзімі келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын жоспар-кестемен белгіленеді.


3. ГРАНТТЫ ҚОЛДАНУДЫҢ МЕН ЕСЕПТЕУЛЕРІ МЕН ШАРТТАРЫНЫҢ ТӘРТІБІ


3.1. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантты тағайындау туралы ережеге сәйкес Грант беруші 001 «Білім және ғылым саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамсыз ету» бюджеттік бағдарламасының 102 «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантын тағайындау» кіші бағдарламасы бойынша Грант алушыға ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________теңге сомасындағы банкіге комиссиондық сыйақысы шегерілген ақшалай қаражатты аударады.

3.2. Грант беруші төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының негізінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі белгілеген мерзімде грант алушыға қаржыландырудың ашылуына кепілдік береді.

3.3. Қаржыландыру көзі – Республикалық бюджет.

3.5.Грант алушы міндеттенеді:

жоспар-кестеге сәйкес жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етуге;

грантқа бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етуге;

белгіленген мерзім өткеннен кейін Министрлікке жоспар-кестеде көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы қорытынды есеп береді;

жұмыстарды жалғастыру мүмкін (мақсатты емес) болмаған жағдайда жұмыс тоқтатылып, 10 күннің аралығында ол жөнінде Министрлікке хабарлайды және бір айдың ішінде грант жөніндегі ақпараттық және қаржылық есептерді ұсынады және грант бойынша пайдаланылмаған қаржылық қаражатты қайтарады;

жоспар кестеде көрсетілген іс-шаралар орындалмаған жағдайда және (немесе) грант тағайындалған жыл бойында және грант тағайындалған жылдан кейінгі 2 жыл ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрғылықты орналасуға кетсе, қаржыны толық көлемде қайтаруға тиіс.


  1. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ


4.1. Келісімде қарастырылған міндеттемелерді орындамаған жағдайда, тараптар қолданыстағы заңнамада белгіленген жағдайлар мен тәртіпте жауап береді.

4.2. Келісім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болып табылады.


5. ФОРС-МАЖОР


5.1. Егер келісімде көрсетілген міндеттерді оларды дүлей күштің салдарынан орындау мүмкін болмаған жағдайда орындаудан босатылады.


6. КЕЛІСІМНІҢ ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІ ЖӘНЕ ТАРАПТАРДЫҢ ЗАҢДЫ (ЖЕКЕ) МЕКЕН-ЖАЙЛАРЫ


6.1. Келісімнің мерзімі:


басы 20__ жылғы «___» ____________

соңы 20__ жылғы «___» ____________


6.2. Тараптардың мекен-жайлары мен есеп айырысу шоттары, жеке куәлігінің, салық төлеуші куәлігінің, әлеуметтік жеке коды, төлем карточкасының нөмірлері:

Грант алушының:

Грант берушінің: 010000, Астана қ. Есіл өзенінің сол жағалауы, 35 көше, 8 үй, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Е\Ш 000120200 ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті, Астана қаласы,

БИК 195301070, КБЕ 11,СТН 600900061924


ГРАНТ АЛУШЫ:



Аты-жөні, тегі


_____________

(қолы)

ГРАНТ БЕРУШІ:



Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым

министрі

___________

(қолы)





М.О.

Похожие:

Конкурс туралы хабарландыру мәтінін даярлап, оқу ғимараттарындағы хабарлама тақтасына ілу, университет веб-сайтына орналастыру icon«Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту туралы хабарлама беру» мемлекеттік қызметтерінің регламенті
Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті
Конкурс туралы хабарландыру мәтінін даярлап, оқу ғимараттарындағы хабарлама тақтасына ілу, университет веб-сайтына орналастыру iconКонкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттама
БАҚ-та орналастыру бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурс
Конкурс туралы хабарландыру мәтінін даярлап, оқу ғимараттарындағы хабарлама тақтасына ілу, университет веб-сайтына орналастыру iconНазар аударыңЫЗ, ТҮзету !
...
Конкурс туралы хабарландыру мәтінін даярлап, оқу ғимараттарындағы хабарлама тақтасына ілу, университет веб-сайтына орналастыру iconКонкурс туралы хабарландыру 2015 жылғы 12 желтоқсандағы №200-201 «Оңтүстік Қазақстан»
Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында...
Конкурс туралы хабарландыру мәтінін даярлап, оқу ғимараттарындағы хабарлама тақтасына ілу, университет веб-сайтына орналастыру iconКонкурс өткізу туралы хабарландыру
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» рмм, 050040, Алматы қ., Көктем-3 ш/а, 21-үй, анықтама үшін телефондары 8(727) 330-24-66,...
Конкурс туралы хабарландыру мәтінін даярлап, оқу ғимараттарындағы хабарлама тақтасына ілу, университет веб-сайтына орналастыру icon«Валюталық операция туралы хабарлама куәлік беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Валюталық операция туралы хабарлама куәлік беру жөніндегі мемлекеттiк қызметті (бұдан әрi – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы...
Конкурс туралы хабарландыру мәтінін даярлап, оқу ғимараттарындағы хабарлама тақтасына ілу, университет веб-сайтына орналастыру iconКонкурс өткізу туралы хабарландыру «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі»
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» рмм батыс Қазақстан филиалы, 090000, Орал қаласы, Ж. Досмухамедов к-сі, 16/1-үй, анықтама...
Конкурс туралы хабарландыру мәтінін даярлап, оқу ғимараттарындағы хабарлама тақтасына ілу, университет веб-сайтына орналастыру iconГеография, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының 2013-2014 оқу жылындағы 5В090300 – Жерге орналастыру мамандығы бойынша дипломдық жұмыс тақырыптары

Конкурс туралы хабарландыру мәтінін даярлап, оқу ғимараттарындағы хабарлама тақтасына ілу, университет веб-сайтына орналастыру icon«Агроқұрылымдардың ішкі шаруашылық жерге орналастыру»
Агроқұрылымдар жерін орналастыру алдында тұрған мақсаттар мен міндеттер. Агроқұрылымдар жерін орналастыру пәнінің предметі және әдісі....
Конкурс туралы хабарландыру мәтінін даярлап, оқу ғимараттарындағы хабарлама тақтасына ілу, университет веб-сайтына орналастыру icon"Мемлекеттік әкімшілік қызметші антының мәтінін және Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің ант беру тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің
Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілері антының мәтінін және Қазақстан Республикасы мемлекеттік саяси қызметшілерінің ант...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница