Сақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру, актуарийлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын тоқтату және айыру, актуарийлердiң бiлiктiлiк емтиханын тапсыру тәртiбi туралы




Скачать 358.6 Kb.
НазваниеСақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру, актуарийлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын тоқтату және айыру, актуарийлердiң бiлiктiлiк емтиханын тапсыру тәртiбi туралы
страница1/2
Дата конвертации10.02.2016
Размер358.6 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.afn.kz/attachments/62/37/publish37-633938976..doc
  1   2
Сақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру, актуарийлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын тоқтату және айыру, актуарийлердiң бiлiктiлiк емтиханын тапсыру тәртiбi туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының қаулысы 2001 жылғы 20 сәуiрдегi N 120 Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2001 жылғы 6 маусымда тiркелдi. Тiркеу N 1532


      РҚАО-ның ескертпесi!
      2012.01.01 өзгерту енгiзу көзделген - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2010.09.03 № 132 Қаулысымен.

      Ескерту. Атауына өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгi Басқармасының 2004.02.16. N 38, 2005.05.28. N 153 (қолданысқа ену тәртiбiн 2-тармақтан қараңыз), 2007.04.30. N 119 (қаулы "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңы қолданысқа енген күннен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулыларымен.

      "Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Сақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру, актуарийлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын тоқтату және айыру, актуарийлердiң бiлiктiлiк емтиханын тапсыру тәртiбi туралы ереже бекiтiлсiн, ол және осы қаулы 2001 жылғы 1 шiлдеден бастап күшiне енгiзiлсiн.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгi Басқармасының 2004.02.16. N 38, 2005.05.28. N 153 (қолданысқа ену тәртiбiн 2-тармақтан қараңыз), 2007.04.30. N 119 (қаулы "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңы қолданысқа енген күннен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулыларымен.
     2. Сақтандыруды қадағалау департаментi (Құрманов Ж.Б.): 
     1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын; 
     2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, аумақтық филиалдарына және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жiберсiн.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгi Басқармасының 2004 жылғы 16 ақпандағы N 38 қаулысымен, 2005 жылғы 28 мамырдағы N 153 қаулысымен (қолданысқа ену тәртiбiн 2-тармақтан қараңыз).
     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Төрағасы Г.А.Марченкоға жүктелсiн.

       Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының 
Ұлттық Банкi Басқармасының
2001 жылғы 20 сәуiрдегi 
N 120 қаулысымен     
бекiтiлген        

Сақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру,
актуарийлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру,
қолданылуын тоқтату және айыру, актуарийлердiң
бiлiктiлiк емтиханын тапсыру тәртiбi туралы ереже 

      Ескерту. Атауына өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгi Басқармасының 2004.02.16.  N 38 , 2005.05.28. N 153, 2007.04.30. N 119 (қаулы "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңы қолданысқа енген күннен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулыларымен. 
       Ескерту. Барлық мәтiн бойынша "кандидаттың", "кандидат", "кандидатқа" деген сөздер "өтiнiш берушiнiң", "өтiнiш берушi", "өтiнiш берушiге" деген сөздермен ауыстырылды   - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы  N 153 (қолданысқа ену тәртiбiн   2-тармақтан   қараңыз), барлық мәтiн бойынша "қайтарып алу", "қайтарып алуларды", "қайтарып алу туралы" деген сөздер тиiсiнше "айыру", "айыруларды", "айыру туралы" деген сөздермен ауыстырылды -  2005.05.28.  N 153 , 2007.04.30.  N 119 (қаулы "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы  Заңы қолданысқа енген күннен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулыларымен. 

  1. Жалпы ережелер

     1. Осы Ереже "Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi, Қазақстан Республикасының сақтандыру рыногындағы актуарийлiк қызметтi (бұдан әрi - актуарийлiк қызмет) жүзеге асыру талаптарын, актуарийлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын тоқтату және айыру негiздерi мен тәртiбiн белгiлейдi.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгi Басқармасының 2004 жылғы 16 ақпандағы N 38   қаулысымен ,  2005 жылғы 28 мамырдағы N 153   қаулысымен ( қолданысқа ену тәртiбiн   2-тармақтан   қараңыз ). 

     2. Актуарийлiк қызмет Заңға, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) нормативтiк құқықтық актiлерiне және актуарийлiк қызметтi жүзеге асырудың халықаралық принциптерiне (стандарттарына) сәйкес жүзеге асырылады.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы N 153   қаулысымен ( қолданысқа ену тәртiбiн   2-тармақтан   қараңыз ).

     3. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының аумағында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензия (бұдан әрi - лицензия) беру уәкiлеттiгi бар бiрден-бiр лицензиар болып табылады.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы N 153   қаулысымен ( қолданысқа ену тәртiбiн   2-тармақтан   қараңыз ).

     4. Лицензия иелiктен алынбайтын, яғни лицензиат басқа жеке және заңды тұлғаларға бермейтiн болып табылады және Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады. 

     5. Лицензиясы бар жеке адам актуарий ретiнде қызмет етуге құқылы. 

     6. Актуарийдiң лицензия ережелерiн сақтауына уәкiлеттi мемлекеттiк орган бақылау жасайды. 

  2. Актуарийлiк қызмет

     7. Актуарийлiк қызметтiң мiндетi сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабiлеттiлiгiнiң қажеттi деңгейiн қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша мiндеттемелер мөлшерiн экономикалық-математикалық есептеудi жүзеге асыру болып табылады. 
     Актуарийдiң қызметiне мынадай қызметтер көрсету кiредi: 
     1) сақтандыру резервтерiн қалыптастыру әдiстерi мен көздерi жөнiнде консультациялар мен нұсқамалар; 
     2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығын және төлем қабiлеттiлiгiн бағалауға байланысты мәселелер бойынша қызметтер; 
     3) сақтандыру тарифтерiн есептеу методологиясы мен экономикалық негiздемелер әзiрлеу; 
     4) заңнамада қабылданған сақтандыруды жiктеуге сәйкес сақтандыру тәуекелдерiн зерттеу және жүйелеу; 
     5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру ережелерiнде көрсетiлген сақтандыруды жүзеге асыру жөнiндегi талаптарды экономикалық негiздеудi бағалау; 
     6) сақтанушыларға жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша берiлетiн заемдар мөлшерiн айқындау; 
     7) актуарийлiк есептеулер мәселелерi бойынша консультациялық қызмет көрсету; 
     8) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған қаржы рыногындағы өзге де қызметтер. 

     8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қабылданған сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша қабылданған мiндеттемелердi орындауды қамтамасыз етуi үшiн актуарий есептеген көлемде қалыптастырылған сақтандыру резервi мiндеттi түрде болуы тиiс. 

     9. Актуарийлiк есептеулердi мынадай түрлерге бөлуге болады: 
     1) мiндеттiлiк дәрежесi бойынша: 
     мiндеттi - есептi жылдың 1 шiлдесiндегi жағдай бойынша бiрiншi жарты жылдықта, есептi жылдың 15 тамызына дейiнгi мерзiмде уәкiлеттi мемлекеттiк органға ұсынылатын, сондай-ақ  Заң талаптарын ескере отырып және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге жағдайларда есептi жылда 1 қаңтардағы жағдай бойынша есептiден кейiнгi жылдың 30 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде уәкiлеттi мемлекеттiк органға ұсынып, жүзеге асырылатын; 
     бастамамен - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының бастамасы бойынша жүзеге асырылатын; 
     2) сақтандыру саласына (сыныбына) жатқызылуына байланысты және қайта сақтандыру бойынша - "өмiрдi сақтандыру" саласы немесе "жалпы сақтандыру" саласы бойынша, қайта сақтандыру немесе Заңмен белгiленген жiктеуге сәйкес сыныптар бойынша жүзеге асырылатын; 
     3) жасалу мақсаты бойынша: 
     есептi - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен есеп беру кезеңi iшiнде жасалған және есеп беру кезеңiнiң аяғында жарамды болатын сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша есеп берiлетiн күнi жүзеге асырылатын; 
     жоспарлы - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тәжiрибесiне уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiлген сақтандыру ережелерiне сәйкес сақтандырудың жаңа сыныбы бойынша сақтандыруды (қайта сақтандыруды) енгiзу кезiнде; 
     кейiнгi - бұрын жүргiзiлген актуарийлiк есептеулердi түзету мақсатында; 
     4) қолданылу масштабы бойынша: 
     жалпы - Қазақстан Республикасының барлық аумағында, сондай-ақ одан тысқары жерлерде пайдалануға есептелген 
     аймақтық - Қазақстан Республикасының жекелеген облыстары мен аймақтары үшiн жасалған; 
     жеке - жекелеген сақтанушының немесе сақтанушылар тобының (заңды және/немесе жеке тұлғалар) деректерi бойынша орындалған. 
       Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгi Басқармасының 2004.02.16.  N 38 , 2007.11.30.  N 254 (мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi) Қаулыларымен.

     10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру резервтерiнiң мөлшерiн актуарийлiк бағалау толық болуына және объективтiлiк принциптерiне негiзделедi және актуарий қорытындысы нысанында ресiмделедi. 
     Актуарий мiндеттi немесе бастамалық актуарийлiк есептеулер шегiнде жүргiзiлген сақтандыру резервтерiнiң талап етiлетiн мөлшерiн бағалауға байланысты жасаған актуарийлiк қорытынды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мiндеттi түрде орындауы қажет. 

     11. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы толық және объективтi түрде актуарийлiк қорытынды жасау үшiн актуарийге өзiнде бар құжаттарды (деректердi) және олар қосымша сұратқан негiзгi сақтандыру қызметiне қатысты, актуарийге актуарийлiк есептемелер жасау қажеттi деректердi ұсынады. 

     12. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының негiзгi қызметiне актуарийлiк бағалауды өткiзу нәтижелерi бойынша жасалған актуарийлiк қорытындыда:
     актуарийлiк есеп айырысуларды модельдеу мен жүзеге асыру әдiстемесiнiң, прициптерiнiң сипаттамасы;
     актуарийлiк есеп айырысуларда қолданылған статистикалық және өзге де деректер;
     электрондық жеткiзушiдегi қолданылып жүрген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын есепке алу журналының көшiрмесi;
     электрондық жеткiзушiдегi есептi кезеңде жарияланған шығындарды есепке алу журналының көшiрмесi;
     қолданылып жүрген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының, сақтандыру резервтерiн есептеген кезде қолданылатын, оның iшiнде сақтандырудың ерiктi және мiндеттi нысандары бойынша жеке есептi кезеңде жарияланған шығындардың жалпы мөлшерi;
     сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында қосымша тәуекелдiң болуы немесе болмауы туралы қорытынды. Қосымша тәуекел болған жағдайда қажеттi қосымша резервтердiң мөлшерiн көрсету қажет;
     өмiрдi сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру резервтерiн есептеген кезде қолданылатын өлiм-жiтiм кестесi (қалыптасу көзi, құру әдiстемесi) жөнiндегi қорытынды;
     тартылған мамандар тарапынан актуарий алған көмектiң сипаты; актуарийдiң қарауы бойынша актуарийлiк қорытындыға енгiзiлуге жататын өзге де материалдар болуы тиiс.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгi Басқармасының 2004.02.16.  N 38 , өзгерту енгiзiлдi - 2007.11.30.   N 254 (мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi) Қаулыларымен.

     13. Актуарийлiк қорытынды кемiнде үш дана етiп N 1 Қосымшаға сәйкес үлгi нысанға сәйкес ресiмделедi және актуарийдiң өзi қол қояды. 
     Актуарийлiк қорытындының бiр данасы актуарийде сақталады, бiр данасы уәкiлеттi мемлекеттiк органға берiледi (мiндеттi актуарийлiк қорытынды жасалғанда), ал қалғаны - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқаруына берiледi. 

     14. Актуарий: 
     1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық есебiмен және актуарийлiк есептеулер жүргiзу не актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру кезiнде заңнамада рұқсат етiлген өзге де қызмет түрлерiн көрсету үшiн пайдалану (зерделеу) қажет болатын өзге де құжаттарымен танысуға; 
     2) мемлекеттiк органдарға және басқа да ұйымдарға актуарийлiк қорытынды әзiрлеу (басқа да қызмет көрсету) үшiн қажеттi мәлiметтер мен мәселелер бойынша құжаттар беру туралы ресми сұраныс жiберуге; 
     3) тиiстi шарттар (келiсiмдер) жасауға және басқа актуарийлерге немесе мамандарға жасалатын актуарийлiк қорытынды шеңберiнде жекелеген мәселелердi зерттеу мен талдауды тапсыруға құқылы. 

     15. Актуарий: 
     1) Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына актуарийлiк есептеулердi жүзеге асыруға, актуарийлiк қорытынды жасауға және/немесе өзге де қызметтер көрсетуге тиiстi шарт жасасу үшiн негiз болып табылатын құжаттарды беруге; 
     2) актуарийлiк қорытындыны және қажеттi актуарийлiк есептеу нәтижелерiн, пайдаланылған әдiстемелер мен актуарийлiк рұқсат берулерге сипаттамаларды, тиiстi негiзделген деректердi және басқа да қолда бар материалдарды қоса бере отырып басқа ресми құжаттарды жасауға; 
     3) олар жасайтын шарттардың (келiсiмдердiң), жасалатын актуарийлiк қорытындының және өз қызметi туралы басқа да деректердiң есебiн уақтылы әрi толық жүргiзуге; 
     4) уәкiлеттi мемлекеттiк органға актуарийлiк есептеулердiң нәтижелерiн, олардың сипаттамаларын және қолда бар растау құжаттарының көшiрмелерiн қоса бере отырып, сақтандыру резервтерiн қалыптастыру жөнiндегi талаптарды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтамауы жөнiнде өздерi анықтаған фактiлер туралы кейiнге қалдырмай жазбаша нысанда хабарлауға; 
     5) уәкiлеттi мемлекеттiк органға әзiрленген актуарийлiк қорытындылардың саны мен түрлерi (өзге де қызмет түрлерi), олар бойынша шағым талаптардың бар екендiгi туралы әрбiр жарты жылдық қорытынды бойынша ақпарат беруге; 
     6) актуарийлiк қызметке байланысты барлық құжаттарды кемiнде бес жыл сақтауға; 
     7) сақтандыру құпиясы мен коммерциялық құпияны сақтауға мiндеттi. 

     16. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган актуарийден олар жасаған актуарийлiк қорытындыға байланысты ақпаратты сұратуға құқылы. 

     17. Сақтандыру саласы (сыныбы) бойынша сақтандыру резервтерiнiң актуарийлiк есептеулерiн жүзеге асырудың жалпы методологиясы мен әдiстемесi уәкiлеттi мемлекеттiк органның тиiстi нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады және реттеледi.

  3. Лицензия беру тәртiбi 

      18. Уәкiлеттi мемлекеттiк органға лицензия алу үшiн мыналар өтiнiш беруге құқылы: 
      1) жоғары бiлiмi және осы Ереженiң 19-тармағының 7) тармақшасында көрсетiлген бағдарлама бойынша оқуға қатысқан жеке тұлға; 
      2) актуарий деген мәртебесi бар және Актуарийлердiң Халықаралық Қауымдастығының толық мүшесi деген мәртебесi бар актуарийлер қауымдастығының (қоғамның немесе өзге де бiрлестiктiң) мүшесi (толық мүшесi) болып табылатын жеке тұлға;
      3) осы Ереженiң 5-қосымшасына сәйкес Актуарийлердi оқытудың ең төменгi мiндеттi бағдарламасына қатысты әрбiр курсы бойынша 80%-дан кем емес рейтингi бар "Актуарий" мамандығы бойынша iскерлiк басқару магистрiнiң дипломы бар жеке тұлға;
      4) осы Ереженiң 5-қосымшасына сәйкес Актуарийлердi оқытудың ең төменгi мiндеттi бағдарламасына қатысты курсы бойынша 80%-дан кем емес рейтингi бар «Актуарий» мамандығы бойынша iскерлiк басқару магистрiнiң дипломы бар және осы Ереженiң 5-қосымшасында көзделген ең төменгi бағдарламаның орындалуын қамтамасыз ететiн ұйымда осы курсты ойдағыдай тапсырған жеке тұлға. 
      Ескерту. 18-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгi Басқармасының 2004.11.27. N 320, 2007.11.30. N 254 (мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi), 2010.03.01 N 23 Қаулыларымен.

      19. Лицензия алу үшiн уәкiлеттi мемлекеттiк органға мынадай құжаттар ұсынылады: 
      1) осы Ереженiң 1-1 қосымшасына сәйкес нысандағы өтiнiш;
      2) осы Ереженiң 4-қосымшасына сай нысан бойынша лицензия алуға өтiнiш берушi (бұдан әрi - өтiнiш берушi) туралы мәлiметтер;
      3) жеке басын куәландыратын құжат көшiрмесi;
      4) жоғары бiлiм туралы дипломның нотариат куәландырған көшiрмесi; 
      5)  <*> ; 
      6) лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
      6-1) алынып тасталды;
      7) лицензия алуға өтiнiш берушiнiң актуарийлердi оқытудың актуарийлердi оқытудың ең төменгi мiндеттi бағдарламасы бойынша (бұдан әрi - ең төменгi бағдарлама) оқуға қатысқанын және тиiстi емтихандарды сәттi тапсырғанын куәландыратын құжаттардың көшiрмелерi N 5 қосымшада көрсетiлгендер тiзбесiне сәйкес (осы Ереженiң 18-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген адамдар үшiн).
      N 5 қосымшада көзделген ең төменгi бағдарламаны орындауды қамтамасыз ететiн ұйымдардың Қазақстан Республикасында актуарийлердi оқытуға құқығы бар; 
      8) актуарийдiң мәртебесiн, актуарийлер қауымдастығына (қоғамына немесе өзге де бiрлестiкке) мүшелiгiн (толық мүшелiгiн) және осы қауымдастықтың Актуарийлердiң Халықаралық Қауымдастығының толық мүшесi ретiнде мәртебесiн растайтын құжаттардың көшiрмелерi (осы Ереженiң 18-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген адамдар үшiн); 
      9) тиiстi актуарийлер қауымдастығының (қоғам немесе өзге де бiрлестiктiң) ұсыным хаты (осы Ереженiң 18-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген адамдар үшiн);
      10) "Актуарий" мамандығы бойынша дипломға қосымшаны ұсыну арқылы iскерлiк басқару магистрi дипломының көшiрмесi (осы Ереженiң 18-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген тұлғалар үшiн).
       Ескерту. 19-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгi Басқармасының 2004.02.16. N 38, 2004.11.27. N 320, 2005.05.28. N 153 (қолданысқа ену тәртiбiн 2-тармақтан қараңыз), 2007.04.30. N 119 (қаулы "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңы қолданысқа енген күннен бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.11.30. N 254 (мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi), 2010.03.01 N 23 Қаулыларымен. 

     19-1. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның лицензиясын алған актуарий он күндiк мерзiмде уәкiлеттi мемлекеттiк органды растаушы құжаттарды қоса берiп, осы Ереженiң 19 тармағының 2), 3), 7) тармақшаларында көрсетiлген құжаттардағы өзгерiстер туралы хабардар етедi.
       Ескерту. 19-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгi Басқармасының 2007.04.30.  N 119 (қаулы "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы  Заңы қолданысқа енген күннен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен. 

     20. Уәкiлеттi мемлекеттiк органға толық құжаттар жинағының осы Ережеде белгiленген талаптарға сәйкес түскен күнi лицензия беруге арналған құжаттарды ұсыну күнi болып есептеледi.

     21. Егер халықаралық шарттарда өзгеше көзделмеген болса, шетелдiк ұйымдардан шығатын құжаттар нотариат куәландыра отырып мемлекеттiк тiлге немесе орыс тiлiне аударылуы және Қазақстан Республикасының консулдық мекемелерiнiң заңдастырылуы тиiс.

     22. Лицензия алуға өтiнiш берушi өздерi ұсынған құжаттардағы мәлiметтердiң шынайы және толық болуына жауап бередi.

     23. Лицензия беру туралы өтiнiштi уәкiлеттi мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген мерзiмде қарауы тиiс.
      Ескерту. 23-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы  N 153 (қолданысқа ену тәртiбiн   2-тармақтан   қараңыз), 2007.04.30.  N 119 (қаулы "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы  Заңы қолданысқа енген күннен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулыларымен. 

      23-1. Өтiнiш берушi Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы заңдарын бiлуiне тестiлеуден өткеннен кейiн оған сақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензия берiледi.
      Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы заңдарын бiлуiне тестiлеудi уәкiлеттi мемлекеттiк орган 30 сұрақ бойынша 30 минут iшiнде компьютерлiк тестiлеу нысанында жүзеге асырады. Тест сұрақтарында жауаптардың кемiнде үш нұсқасы болуы және олардың бiреуi дұрыс болуы тиiс.
      Тестiлеу сұрақтарын уәкiлеттi мемлекеттiк органның бiрiншi басшысы немесе оның орнындағы адам бекiтедi.
       Ескерту. 23-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы  N 153   (қолданысқа ену тәртiбiн   2-тармақтан   қараңыз) Қаулысымен.

      23-2. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның бөлiмшесi өтiнiш берушiнi (актуарийдi) тестiлеудiң өткiзiлетiн күнi туралы жазбаша түрде хабардар етедi. Өтiнiш берушi (актуарий) дәлелдi себептермен белгiленген мерзiмде тестiлеуден өту үшiн келмеген жағдайда ол уәкiлеттi мемлекеттiк органға келмей қалған себептерiн және тестiлеуден өту күнiн көрсете отырып бұл жөнiнде хабардар етедi.
       Ескерту. 23-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы N 153   қаулысымен ( қолданысқа ену тәртiбiн   2-тармақтан   қараңыз ).

      23-3. Тестiлеу кезiнде тестiленетiн адаммен бiрге бiр бөлмеде тек уәкiлеттi мемлекеттiк органның жауапты бөлiмшесi қызметкерлерiнiң және қажет болса, аудармашының қатысуына ғана рұқсат етiледi.
      Өтiнiш берушi (актуарий) тестiлеуден өткен кезде қандай да бiр жазбаша, электрондық немесе басқа да ақпараттық материалдарды пайдалануға рұқсат етiлмейдi. Осы тармақта аталған талаптарды бұзу тестiлеудiң терiс қорытындыларына теңестiрiледi.
       Ескерту. 23-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы N 153   қаулысымен (қолданысқа ену тәртiбiн   2-тармақтан   қараңыз).

      23-4. Өтiнiш берушi дұрыс жауаптардың кемiнде 70 процентiн алған жағдайда тестiлеу қорытындылары оң деп саналады.
      Өтiнiш берушi тестiлеуден өткеннен кейiн дереу қол қоя отырып тест қорытындыларымен танысады.
       Ескерту. 23-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы N 153   қаулысымен (қолданысқа ену тәртiбiн   2-тармақтан   қараңыз).

      23-5. Өтiнiш берушi тестiлеу қорытындыларымен келiспеген жағдайда ол тестiлеу рәсiмi аяқталғаннан кейiн үш жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi мемлекеттiк органға жазбаша түрде шағымдана алады.
       Ескерту. 23-5-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы N 153   қаулысымен ( қолданысқа ену тәртiбiн   2-тармақтан   қараңыз ).

      23-6. Аппеляциялық комиссияның құрамы уәкiлеттi мемлекеттiк органның бiрiншi басшысының бұйрығымен бекiтiледi.
       Ескерту. 23-6-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы N 153   қаулысымен ( қолданысқа ену тәртiбiн   2-тармақтан   қараңыз ).

      23-7. Аппеляциялық комиссия шағымды алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде оны қарайды.
       Ескерту. 23-7-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы N 153   қаулысымен ( қолданысқа ену тәртiбiн   2-тармақтан   қараңыз ).

      23-8. Аппеляциялық комиссияның мәжiлiсiн өткiзу үшiн кворум Аппеляциялық комиссияның Төрағасын (Төрағаның орынбасарын) қоса алғанда, Аппеляциялық комиссия мүшелерi санының кемiнде үштен екiсi құрайды.
      Аппеляциялық комиссияның әрбiр мүшесi бiр дауысқа ие. Аппеляциялық комиссияның шешiмдерi Аппеляциялық комиссияның мәжiлiсiне қатысып отырған мүшелерi санының жай көпшiлiк дауыспен қабылданады. Дауыстар саны тең болған жағдайда Аппеляциялық комиссия Төрағасының дауысы не ол болмаған жағдайда Аппеляциялық комиссия Төрағасы орынбасарының дауысы шешушi болып табылады.
       Ескерту. 23-8-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы N 153   қаулысымен ( қолданысқа ену тәртiбiн   2-тармақтан   қараңыз ).

      23-9. Аппеляциялық комиссияның шешiмдерi хаттамамен ресiмделедi және ол екi дана етiп жасалып, оған осы мәжiлiске қатысқан Аппеляциялық комиссияның барлық мүшелерi қол қояды.
       Ескерту. 23-9-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы N 153   қаулысымен ( қолданысқа ену тәртiбiн   2-тармақтан   қараңыз ).

      23-10. Аппеляциялық комиссия мәжiлiсiнiң хаттамасын Аппеляциялық комиссия мүшелерiнiң арасынан тағайындалатын хатшы жүргiзедi.
       Ескерту. 23-10-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы N 153   қаулысымен ( қолданысқа ену тәртiбiн   2-тармақтан   қараңыз ).

      23-11. Аппеляциялық комиссия шағымды қарау нәтижелерi бойынша мына шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
      тест қорытындыларын өзгерiссiз қалдыруға, ал шағымды қанағаттандырмауға;
      өтiнiш берушiнiң (актуарийдiң) шағымын қанағаттандыруға және оны қайта тестiлеуге жiберуге.
       Ескерту. 23-11-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы N 153   қаулысымен ( қолданысқа ену тәртiбiн   2-тармақтан   қараңыз ).

      23-12. Компьютерлiк тестiлеу қорытындылары терiс болған жағдайда өтiнiш берушi бұрын өткен тестiлеу күнiнен бастап бiр айдан бұрын емес, бiрақ соңғы он екi ай iшiнде үш реттен артық емес тестiлеуден өтуге арналған құжаттарды қайталап тапсырады.
       Ескерту. 23-12-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы N 153   қаулысымен ( қолданысқа ену тәртiбiн   2-тармақтан   қараңыз ).

      24. Лицензия N 6 қосымшаға сәйкес нысан бойынша берiледi.

      25. Лицензия беруден мынадай жағдайларда бас тартылуы мүмкiн:
      1) егер лицензия алуға өтiнiш берушi осы Ереженiң 17-тармағында белгiленген талаптарға сәйкес келмесе;
      2) егер осы Ереженiң 18-тармағында көзделген барлық құжаттар ұсынылмаса;
      3) "Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  60-бабы 1-тармағының 2)-4) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша лицензияны айыру туралы деректер болса;
      4) тестiлеудiң терiс қорытындысы болса.
       Ескерту. 25-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы N 153   қаулысымен ( қолданысқа ену тәртiбiн   2-тармақтан   қараңыз ).

      26. <*>
       Ескерту. 26-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы N 153   қаулысымен ( қолданысқа ену тәртiбiн   2-тармақтан   қараңыз ).

      27. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган өтiнiш берушiге бас тарту негiздерiн көрсете отырып лицензия беруден бас тарту туралы хабарлайды. 

      28. <*>
       Ескерту. 28-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгi Басқармасының 2004 жылғы 16 ақпандағы N 38   қаулысымен . 

      29. <*>
       Ескерту. 29-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы N 153   қаулысымен ( қолданысқа ену тәртiбiн   2-тармақтан   қараңыз ).

      30. Лицензияны қайта ресiмдеу, лицензияның дубликатын берудi уәкiлеттi орган "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы  Заңында көзделген негiздеме мен тәртiп бойынша жүзеге асырады.
       Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2007.04.30.  N 119 (қаулы "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы  Заңы қолданысқа енген күннен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулыларымен. 

      31. Лицензияны беру, қайта ресiмдеу және лицензияның көшiрмесiн беру кезiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде және  тәртiппен лицензиялық алым төлейдi.

      32.  Алынып тасталды - 2007.04.30.  N 119 (қаулы "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы  Заңы қолданысқа енген күннен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулымен. 

  4. Лицензияның қолданылуын тоқтату және айыру

      33. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган актуарийдiң лицензиясын тоқтату немесе айыру туралы шешiмдi  Заңда көзделген негiздер бойынша қабылдайды.

      34. Лицензияның қолданылуын тоқтату туралы шешiмде оның қолданылуын тоқтату мерзiмi және Заңда көзделген негiздеме көрсетiлуi тиiс. 

      35. Осындай шешiм актуарийге жiберiлген күннен бастап лицензияның қолданылуы тоқтатылған деп саналады. 

      36. Лицензияның қолданылуын тоқтату туралы ақпарат уәкiлеттi мемлекеттiк органның ресми басылымдарында жарияланады.
       Ескерту. 36-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы N 153   қаулысымен ( қолданысқа ену тәртiбiн   2-тармақтан   қараңыз ).

      37. Заңнаманы бұзу және лицензияның қолданылуын тоқтату үшiн негiз болған өзге де жағдайлар жойылғаннан кейiн актуарий заңдардың бұзылуын немесе лицензияның қолданылуын тоқтата тұру үшiн негiз болып табылған өзге талаптарды жою фактiсiн растайтын құжаттарды қажет болғанда қоса бере отырып лицензияның қолданылуын тоқтату мерзiмiн қайта қарау не лицензияның қолданылуын тоқтатуға белгiленген мерзiм бiткенге дейiн оның қолданылуын жаңарту туралы өтiнiш беруге құқылы.
      Ескерту. 37-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгi Басқармасының 2004 жылғы 16 ақпандағы N 38   қаулысымен . 

      38. Актуарий лицензияның қолданылуын тоқтату үшiн негiз болған жөнсiздiктер немесе өзге де жағдайлардың жойылғанын куәландыратын құжаттарды ұсынған кезде уәкiлеттi мемлекеттiк органның сақтандыру қызметiне қадағалауды жүзеге асыратын бөлiмшесi өз қорытындысын әзiрлейдi, уәкiлеттi мемлекеттiк орган соның негiзiнде лицензияның қолданылуын жаңарту туралы шешiм қабылдауға құқылы.

       Ескерту. 38-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгi Басқармасының 2004 жылғы 16 ақпандағы N 38   қаулысымен . 

      39. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган актуарийдiң лицензияны тоқтату мерзiмiн қайта қарау немесе лицензияның қолданылуын жаңарту туралы өтiнiшiн қарауға және өтiнiш берiлген күннен бастап он күннен кешiктiрмей тиiстi шешiм қабылдауға мiндеттi. 

      40. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның лицензияны айыруы туралы шешiмiнде оны айыру негiзi көрсетiлуi тиiс. 

      41. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның актуарийдiң лицензиясын айыру туралы шешiмi мұндай шешiмдi актуарийге жiберген күннен бастап күшiне енедi. Лицензияны айыру туралы ақпарат уәкiлеттi мемлекеттiк органның ресми басылымдарында жарияланады.
       Ескерту. 41-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы  N 153 (қолданысқа ену тәртiбiн   2-тармақтан   қараңыз), 2007.04.30.  N 119 (қаулы "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы  Заңы қолданысқа енген күннен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулыларымен. 

  5. Бiлiктiлiк комиссиясы <*>

       Ескерту. 5-тарау (42-45-тармақтар) алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы N 153   қаулысымен ( қолданысқа ену тәртiбiн   2-тармақтан   қараңыз ).

  5-1. Бiлiктiлiк емтиханы

    Ескерту. 5-1-бөлiммен толықтырылды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгi Басқармасының 2004 жылғы 16 ақпандағы N 38 қаулысымен.

      45-1. Актуарий лицензия берiлген күннен бастап әр үш жыл сайын осы Ереженiң 5-қосымшасына сай ең төменгi бағдарламаға сәйкес қажеттi бiлiм деңгейi мен бiлiктiлiгiнiң бар екенiн растайтын бiлiктiлiк емтиханын тапсырады. Бiлiктiлiк емтиханынан өту үшiн беретiн өтiнiш осы Ереженiң 7 қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұсынылады.
      Бiлiктiлiк емтиханы 40 сұрақ бойынша 60 минут iшiнде өтедi.
      Тест сұрақтарында жауаптардың кемiнде бес нұсқасы болуы және олардың бiреуi дұрыс болуы тиiс.
      Тестiлеуден өту рәсiмi осы Ереженiң 23-2, 23-3-тармақтарына сәйкес өтедi.
      Тестiлеу сұрақтарын уәкiлеттi мемлекеттiк органның бiрiншi басшысы немесе оның орнындағы адам бекiтедi.
       Ескерту. 45-1-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы N 153 (қолданысқа ену тәртiбiн 2-тармақтан  қараңыз), 2007.04.30. N 119 (қаулы "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңы қолданысқа енген күннен бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.03.01 N 23 Қаулыларымен. 

      45-2. Актуарий лицензияны алған не бұрынғы бiлiктiлiк емтиханынан өткен сәттен бастап үш жылдық мерзiм аяқталғаннан кейiн екi ай iшiнде уәкiлеттi мемлекеттiк органға осы Ереженiң 7-қосымшасына сай нысан бойынша өтiнiшпен хабарласады.
      Актуарийдiң өтiнiшiне мынадай құжаттар қоса берiледi:
      1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      2) сақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензияның көшiрмесi;
      3) бұрынғы бiлiктiлiк емтиханының тапсырылғаны туралы мәлiметтер;
      4) барлық растайтын құжаттармен қоса (қызмет көрсету шарттарының көшiрмелерi, актуарийлiк қорытындылардың көшiрмелерi) сақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру жөнiндегi ақпарат.
      5) бiлiктiлiк емтиханын тапсыру туралы өтiнiштi беру сәтiне актуарийлердiң тиiстi қауымдастығында (қоғамында немесе өзге де бiрлестiкте) оның мүшелiгiн (толық мүшелiгiн) растайтын құжаттар;
      6) ол мүше (толық мүше) болып табылатын актуарийлердiң тиiстi қауымдастығының (қоғамының немесе өзге де бiрлестiктiң) не мемлекеттiк қадағалау органының актуарийдiң соңғы екi жыл iшiнде заңдарды бұзуының және санкциялардың болмауы жөнiндегi хаты.
      5) және 6) тармақшалардың талаптары тек актуарий мәртебесi бар және Актуарийлердiң Халықаралық Қауымдастығының толық мүшесi деген мәртебесiне ие актуарийлер қауымдастығының (қоғамның немесе өзге де бiрлестiктiң) мүшелерi (толық мүшелерi) болып табылатын актуарийлерге ғана қолданылады.
      Актуарий көрсетiлген мерзiм iшiнде хабарласпаған жағдайда актуарий бiлiктiлiк емтиханын тапсырмаған деп саналады.
       Ескерту. 45-2-тармаққа толықтырулар енгiзiлдi - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгi Басқармасының 2004.11.27 N 320, 2010.03.01 N 23 Қаулыларымен. 

      45-3. Бiлiктiлiк емтиханын өткiзу сәтiне лицензияның қолданылуы тоқтата тұрылған актуарийге, актуарий лицензиясының қолданылуы актуарийдiң бұрынғы бiлiктiлiк емтиханын тапсырмауы нәтижесiнде тоқтата тұрылған жағдайды қоспағанда, бiлiктiлiк емтиханынан өтуге рұқсат берiлмейдi.

      45-4. <*>
       Ескерту. 45-4-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы N 153 қаулысымен (қолданысқа ену тәртiбiн   2-тармақтан қараңыз).

      45-5. Актуарийдi тестiлеу осы Ереженiң 5-қосымшасына сай актуарийлердi оқытудың ең төменгi бағдарламасында көзделген тақырыптар бойынша өткiзiледi.

      45-6. Актуарий осы Ереженiң 19-тармағы 7)-тармақшасының екiншi абзацында көрсетiлген ұйымдарда тестiлеуден өте алады. Мұндайда, актуарий уәкiлеттi мемлекеттiк органға тестiлеу қорытындылары көрсетiлген, аталған орган берген тестiлеуден өтуiн куәландыратын құжатты ұсынады.

     45-7. Тест сұрақтарына дұрыс жауаптардың кемiнде 60 процентiн алған жағдайда бiлiктiлiк емтиханының қорытындылары оң деп саналады.
      Актуарий тестiлеуден өткеннен кейiн дереу қол қоя отырып тест қорытындыларымен танысады.
      Уәкiлеттi орган актуарий мәртебесi бар және Актуарийлердiң Халықаралық Қауымдастығының толық мүшесi деген мәртебесiне ие актуарийлер қауымдастығының (қоғамның немесе өзге де бiрлестiктiң) мүшесi (толық мүшесi) болып табылатын актуарийдiң бiлiктiлiк емтиханын тапсырғаны немесе тапсырмағаны туралы шешiмдi олар осы Ереженiң 45-2-тармағында көрсетiлген барлық құжаттарды тапсырған жағдайда компьютерлiк тестiлеудi өткiзбестен қабылдай алады.
       Ескерту. 45-7-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы N 153 қаулысымен (қолданысқа ену тәртiбiн 2-тармақтан қараңыз).

      45-8. Актуарий бiлiктiлiк емтиханын тапсырмаған жағдайда ол бiлiктiлiк емтиханынан өту үшiн бұрынғы бiлiктiлiк емтиханынан өткен күннен бастап кемiнде 30 күнтiзбелiк күннен, бiрақ 45 күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей, бiрақ соңғы он екi ай iшiнде үш реттен астам емес құжаттарды қайта ұсынады.
      Актуарий көрсетiлген мерзiм iшiнде хабарласпаған жағдайда, ол бiлiктiлiк емтиханын қайталап тапсырмаған деп танылады.
       Ескерту. 45-8-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы N 153 қаулысымен (қолданысқа ену тәртiбiн    2-тармақтан қараңыз).

      45-9. Актуарий бiлiктiлiк емтиханын қайта тапсырмаған жағдайда (күнтiзбелiк жыл iшiнде қатарынан екi рет) лицензиясының қолданылуы актуарийдiң бiлiктiлiк емтиханын сәттi тапсырғанын растайтын құжат тапсырылғанға дейiнгi мерзiмге тоқтатылады.

      45-10. Актуарий бiлiктiлiк емтиханының қорытындысымен келiспеген жағдайда ол тестiлеу рәсiмi аяқталғаннан кейiн уәкiлеттi органға шағыммен хабарласады. Аппеляциялық комиссияның жұмыс тәртiбi мен талаптары осы Ереженiң 23-6 - 23-11-тармақтарына сәйкес айқындалады.      
       Ескерту. 45-10-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы N 153 қаулысымен (қолданысқа ену тәртiбiн   2-тармақтан қараңыз).

  6. Қорытынды ережелер

     46. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның шешiмiне лицензия алуға өтiнiш берушi, актуарий шешiм қабылдағаннан кейiн он күндiк мерзiм iшiнде уәкiлеттi мемлекеттiк органның жоғары органына не сотқа шағым жасауына болады.
       Ескерту. 46-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы N 153 қаулысымен (қолданысқа ену тәртiбiн   2-тармақтан қараңыз).

     47. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешiледi.

    Төраға

                   Сақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге
                    асыру, актуарийлiк қызметтi жүзеге асыруға
                   лицензия беру, қолданылуын тоқтату және айыру,
                        актуарийлердiң бiлiктiлiк емтиханын
                            тапсыру тәртiбi туралы ережеге
                                       N 1 қосымша

     Ескерту. 1-қосымшаға өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгi Басқармасының 2004 жылғы 16 ақпандағы N 38 қаулысымен,  2005 жылғы 28 мамырдағы N 153 қаулысымен (қолданысқа ену тәртiбiн 2-тармақтан  қараңыз).

     Актуарийлiк қорытындының
     үлгi нысаны     

                        Актуарийлiк қорытынды

1. Сақтандыру ұйымы туралы деректер:
1) Толық атауы:_____________________________________________________
2) Мекен-жайы және банктiк деректемелерi:___________________________
____________________________________________________________________
3) Мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiгi:________________
____________________________________________________________________                        (номерi және берген күнi)
4) Сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына берiлген лицензия:_____
____________________________________________________________________                         (номерi және берген күнi)
2. Актуарий туралы деректер:
1) Аты-жөнi:________________________________________________________
2) Тұрғылықты жерi (мекен-жайы):____________________________________
3) Сақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүргiзуге берiлген
лицензия:
____________________________________________________________________                     (нөмерi және берген күнi):
3. Актуарийлiк қорытындының түрi:  
1) мiндеттiлiк дәрежесi бойынша- __________________________________ 
2) сақтандыру саласы (сыныбы) бойынша - ____________________________
____________________________________________________________________
3) жасау мақсаты бойынша -__________________________________________
4) қолданылу масштабы бойынша -_____________________________________
4. Актуарийлiк есептердi әзiрлеу негiзi____________________________
____________________________________________________________________
             (шарт, шарттың номерi және жасалған күнi)
5. Актуарийлiк зерттеудiң мәнi (белгiленген мiндеттердiң тiзбесi)
____________________________________________________________________
6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары берген құжаттардың
(деректердiң) тiзбесi_______________________________________________
____________________________________________________________________
7. Актуарий қолданған басқа материалдар мен деректер (олардың
көздерi және/немесе алынған орны)___________________________________
8. Актуарий қолданған есептеулер әдiсi______________________________
9. Алынған нәтижелер мен  қорытындылар______________________________
10. Ұсыныстар (болған жағдайда)_____________________________________
11. Актуарийлiк қорытындыны әзiрлеу мерзiмi және жасау орны_________
____________________________________________________________________
12. Қолы, күнi және дана саны_______________________________________

                                   Сақтандыру рыногында актуарийлiк
                                  қызметтi жүзеге асыру, актуарийлiк
                                   қызметтi жүзеге асыруға лицензия
                                    беру, қолданылуын тоқтату және
                                     қайтарып алу, актуарийлердiң
                                     бiлiктiлiк емтиханын тапсыру
                                        тәртiбi туралы ереженiң
                                              1-1 қосымшасы

       Ескерту. 1-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2007.04.30. N 119 (қаулы "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңы қолданысқа енген күннен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен. 

    Актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру үшiн лицензия беру туралы
  1   2

Похожие:

Сақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру, актуарийлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын тоқтату және айыру, актуарийлердiң бiлiктiлiк емтиханын тапсыру тәртiбi туралы iconСақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру, актуарийлік қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын тоқтату және айыру, актуарийлердің біліктілік емтиханын тапсыру
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі №120 қаулысы
Сақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру, актуарийлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын тоқтату және айыру, актуарийлердiң бiлiктiлiк емтиханын тапсыру тәртiбi туралы icon2001 жылғы 20 сәуірдегі №120 Сақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру, актуарийлік қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын тоқтату және айыру, актуарийлердің біліктілік емтиханын тапсыру
«Сақтандыру қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы...
Сақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру, актуарийлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын тоқтату және айыру, актуарийлердiң бiлiктiлiк емтиханын тапсыру тәртiбi туралы iconУәкiлетті ұйымдарға шетелдiк валютамен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Уәкiлетті ұйымдарға шетелдiк валютамен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметтi жүзеге...
Сақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру, актуарийлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын тоқтату және айыру, актуарийлердiң бiлiктiлiк емтиханын тапсыру тәртiбi туралы icon01. 02. 11ж жағдай бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға берілген лицензиялардын тоқтату және айырлу туралы Реестрі
Ос сериялы №20-11/1 және Дос сериялы №20-11/1 және қайта сақтандыру жөніндегі кызметті жүзеге асыру құқығына 2006 жылғы 23 мамырда...
Сақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру, актуарийлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын тоқтату және айыру, актуарийлердiң бiлiктiлiк емтиханын тапсыру тәртiбi туралы iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын жәНЕ
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің...
Сақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру, актуарийлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын тоқтату және айыру, актуарийлердiң бiлiктiлiк емтиханын тапсыру тәртiбi туралы iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің...
Сақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру, актуарийлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын тоқтату және айыру, актуарийлердiң бiлiктiлiк емтиханын тапсыру тәртiбi туралы iconИнвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру
«Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы», "Инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасының...
Сақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру, актуарийлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын тоқтату және айыру, актуарийлердiң бiлiктiлiк емтиханын тапсыру тәртiбi туралы iconТуристiк ақпарат, оның iшiнде туристiк әлеует, туризм объектiлерi және туристiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру
«Павлодар облысының туризм, дене тәрбиесi және спорт басқармасы» мемлекеттiк мекемесі
Сақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру, актуарийлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын тоқтату және айыру, актуарийлердiң бiлiктiлiк емтиханын тапсыру тәртiбi туралы iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
Н тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуына қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі...
Сақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру, актуарийлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын тоқтату және айыру, актуарийлердiң бiлiктiлiк емтиханын тапсыру тәртiбi туралы icon«Туристiк ақпарат, оның iшiнде туристiк әлеует, туризм объектiлерi және туристiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
«Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 және 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница