Скачать 1.89 Mb.
|
Мемлекеттiк қызметтер көрсету стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысына толықтыру енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 7 қазандағы № 1036 Қаулысы "Егемен Қазақстан" 2010 жылғы 02 қарашадағы № 452-455 (26298); "Казахстанская правда" от 20.11.2010 г., № 316-317 (26377-26378) ![]() Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған: 1) «Жергiлiктi маңызы бар объектiлер бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге (құрылысты бастауға) рұқсат беру» мемлекеттiк қызметтер көрсету стандарты; 2) «Жобалау-iздестiру қызметiне лицензиялар беру» мемлекеттiк қызметтер көрсету стандарты; 3) «Құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензиялар беру» мемлекеттiк қызметтер көрсету стандарты; 4) «Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын (сертификатталатын өнiмдердi қоспағанда) өндiруге (шығаруға) лицензиялар беру» мемлекеттiк қызметтер көрсету стандарты; 5) «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы сараптамалық жұмыстар және инжинирингтiк қызметтер көрсетуге лицензиялар беру» мемлекеттiк қызметтер көрсету стандарты бекiтiлсiн. 2. «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер тiзiлiмiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмi мынадай мазмұндағы 14-бөлiммен толықтырылсын: «
». 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсiмов Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 7 қазандағы № 1036 қаулысымен бекiтiлген «Жергiлiктi маңызы бар объектiлер бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге (құрылысты бастауға) рұқсат беру» мемлекеттiк қызметтер көрсету стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Жергiлiктi маңызы бар объектiлер бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге (құрылысты бастауға) рұқсат беру» мемлекеттiк қызмет көрсету (бұдан әрi - мемлекеттiк қызмет көрсету) мекенжайлары мен жұмыс iстеу кестелерi осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында көрсетiлген Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi - Орталық) және «Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау басқармалары» мемлекеттiк мекемелерi (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) арқылы көрсетiледi. 2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттiк қызмет көрсету «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабының 11-тармағы негiзiнде жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттiк қызмет көрсету туралы ақпарат уәкiлеттi органның интернет-ресурсында, осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес Орталықтың және уәкiлеттi органның үй-жайларында орналасқан стендiлерде, сондай-ақ тегiн телефон анықтамалық қызметiнде орналастырылған. 5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге рұқсат беру немесе оны қағаз жеткiзгiштерде беруден бас тарту болып табылады. 6. Мемлекеттiк қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрi - тұтынушылар) көрсетiледi. 7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi: 1) тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында белгiленген қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап (құжаттарды қабылдаған күн және берген күн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi) мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi: құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге (құрылысты бастауға) рұқсат алу үшiн - жетi жұмыс күнiн; тұрғын үй ғимараттарындағы тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды, сондай-ақ оның өзге де жекелеген бөлiктерiн өзгерту бойынша тиiстi құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге рұқсат алу үшiн — бес жұмыс күнiн құрайды; 2) құжаттарды тапсыру кезiнде кезек күтудiң ең көп рұқсат берiлген уақыты - 30 минуттан аспайды; 3) құжаттарды алу кезiнде кезек күтудiң ең көп рұқсат берiлген уақыты - 30 минуттан аспайды; 8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi. 9. Орталықтарда мемлекеттiк қызмет жұмыс күндерi сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн көрсетiледi. Қабылдау «электрондық» кезек тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жеделтетiлген қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады. Уәкiлеттi органда оның жұмысын жұмыс күндерi сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн қамтамасыз ететiн, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн түскi үзiлiспен жұмыс кестесi белгiленедi. Қабылдау кезек тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады. 10. Мемлекеттiк қызмет Орталықтың және уәкiлеттi органның ғимаратында көрсетiледi. Орталықтың залында анықтама бюросы, күту орындары, толтырылған бланк үлгiлерi бар ақпараттық стендiлер орналастырылады. Мүмкiндiгi шектеулi тұтынушыларға қызмет көрсету үшiн жағдай көзделген. Уәкiлеттi органның үй-жайларында жеке кiретiн есiгi, күту және құжаттарды дайындау залы, анықтама бюросы, күту орындары, толтырылған бланк үлгiлерi бар ақпараттық стендiлер болады. Мүмкiндiгi шектеулi тұтынушыларға қызмет көрсету үшiн жағдай көзделген. 2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi 11. Тұтынушылар құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге (құрылысты бастауға) рұқсат алу үшiн Орталыққа немесе уәкiлеттi органға: 1) осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес белгiленген нысандағы өтiнiш; 2) жергiлiктi атқарушы органдардың құрылысқа жер учаскесiн беру туралы шешiмi (көшiрме); 3) жобалау-сметалық құжаттама сараптамасының оң қорытындысын (бiр сатылы жобалау кезiнде жұмыс жобасы бойынша немесе екi сатылы жобалау кезiнде жоба бойынша) (көшiрме); 4) бас мердiгердiң құрылыс-монтаж жұмыстары түрлерiнiң тiзбесi бар сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн жүзеге асыруға құқық беретiн мемлекеттiк лицензиясын (көшiрме) ұсынады. Тұрғын үй ғимараттарындағы тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды, сондай-ақ оның өзге де жекелеген бөлiктерiн өзгерту бойынша тиiстi құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге рұқсат алу үшiн тұтынушылар Орталыққа немесе уәкiлеттi органға: 1) осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес белгiленген нысандағы өтiнiштi; 2) қолданыстағы объектiге (объектiнiң жекелеген бөлiктерiне) сұратылған өзгерiстер жүргiзуге тиiстi жергiлiктi атқарушы орган рұқсатының көшiрмесiн; 3) құжаттардың түпнұсқасын қарастырушы мемлекеттiк органға түпнұсқаларын ұсынумен не меншiк иесiнiң (меншiк иелерiнiң) үй-жайды немесе ғимараттың бөлiгiн өзгертуге нотариалды куәландырылған жазбаша келiсiмiн, өтiнiш берушiнiң өзгертiлетiн объектiге (ғимараттың бөлiгiне) меншiк құқығын куәландыратын құжаттардың көшiрмелерiн; 4) тиiстi жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органының сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес орындалған болжанып отырған өзгерiстердiң жобасын (нобайын); 5) егер үй-жайларды (тұрғын үйдiң бөлiктерiн) жоспарланып отырған қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру басқа жеке меншiк иелерiнiң мүдделерiн қозғаса, осы өзгерiстерге өзгертiлетiн үй-жайлармен (үйдiң бөлiктерiмен) шектесiп жатқан басқа үй-жай (үйдiң бөлiгi) жеке меншiк иелерiнiң нотариалдық куәландырылған жазбаша келiсiмiн ұсынады. 12. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге рұқсат алу үшiн өтiнiштiң нысандары осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес уәкiлеттi органның интернет-ресурсында, сондай-ақ Орталықтың және уәкiлеттi органның күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады. 13. Орталықта құжаттарды қабылдау осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген мекенжайлар мен уақыт бойынша «терезелер» арқылы жүзеге асырылады, онда Орталық инспекторының тегi, аты, әкесiнiң аты мен лауазымы көрсетiледi. Уәкiлеттi органда құжаттарды қабылдау осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген мекенжайлар мен уақыт бойынша уәкiлеттi органның кеңсесi арқылы жүзеге асырылады. 14. Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша Орталық қызметiнiң iшкi тәртiбi: 1) Орталықтың инспекторы құжаттарды журналға тiркеп, оларды Орталықтың жинақтаушы бөлiмiнiң инспекторына берудi жүзеге асырады. Орталықтың жинақтаушы бөлiмiнiң инспекторы уәкiлеттi органға жiберiлетiн құжаттар тiзiмдемесiнiң тiзiлiмiн жасауды жүзеге асырады. Орталық өтiнiштердi қоса берiлген құжаттармен бiрге уәкiлеттi органның кеңсесiне жеткiзудi және одан керi алуды осы өтiнiштер қабылданған күнi кемiнде бiр рет жүзеге асырады. 2) уәкiлеттi органның кеңсесi қабылдаған құжаттар тiркелiп, бақылауға алынады, уәкiлеттi органның басшылығы мен оның құрылымдық бөлiмшелерi арасында бөлiнiп, кейiннен бiр жұмыс күнi iшiнде жауапты орындаушыға берiледi. Құжаттарды қарау кезiнде құжаттарды қарау нәтижесi оң болған жағдайда жауапты орындаушы уәкiлеттi органның фирмалық бланкiнде құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге рұқсатты ресiмдейдi, оған облыстың (республикалық маңызы бар қалалар, астана) Бас мемлекеттiк құрылыс инспекторы қол қояды және құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге берiлген рұқсаттарды тiркеу журналына тiркейдi. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге рұқсат беруден бас тартқан жағдайда, тұтынушының құжаттары сәйкес келмейтiн нақты нормативтiк құқықтық актiлерге және/немесе нормативтiк-техникалық құжаттарға сiлтеме жасап, жазбаша түрде дәлелденген бас тарту дайындалады. Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелерi уәкiлеттi органнан Орталыққа қолхатта көрсетiлген беру мерзiмiнен бiр күн бұрын түсуi тиiс. 3) Тұтынушы тiкелей уәкiлеттi органға өтiнiш берген кезде құжаттардың өту тәртiбi осы тармақтың 2) тармақшасына ұқсас. 15. Осы стандарттың 11-тармағына сәйкес құжаттарды Орталыққа немесе уәкiлеттi органға тапсырғаннан кейiн тұтынушыға тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледi, онда: сұраудың нөмiрi және қабылданған күнi; сұрау салынған мемлекеттiк қызметтiң түрi; қоса берiлген құжаттардың саны мен атаулары; құжаттарды беру күнi, уақыты мен орны; құжаттарды ресiмдеуге өтiнiш қабылдаған Орталық инспекторының не уәкiлеттi орган қызметкерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiледi. 16. Орталықта тұтынушыға (жеке өзiнiң немесе сенiмхат бойынша өкiлiнiң келуi) дайын құжаттарды берудi күн сайын «терезелер» арқылы қолхатта көрсетiлген мерзiм негiзiнде Орталықтың инспекторы жүзеге асырады. Уәкiлеттi органда кеңсе қызметкерi тұтынушыға (жеке өзiнiң немесе сенiмхат бойынша өкiлiнiң келуi) дайын құжаттарды күн сайын қолхатта көрсетiлген мерзiм негiзiнде тiркеу журналына қол қойғызып, қолма-қол берудi жүзеге асырады. 17. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартудың негiздемесi: 1) осы стандарттың 11-тармағына сәйкес талап етiлетiн барлық құжаттардың ұсынылмауы. Өтiнiш берушi көрсетiлген ескертулердi жойған кезде өтiнiш жалпы негiзде қаралады; 2) құжаттар тиiсiнше ресiмделмеуi; 3) ұсынылған материалдардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнаманың белгiленген талаптарына сәйкес келмеуi; 4) өтiнiш берушiде өзгертiлетiн объектiге тиiстi жеке меншiк құқығы немесе меншiк иесiнiң (меншiк иелерiнiң) үй-жайды немесе ғимараттың бөлiгiн өзгертуге нотариалды куәландырылған жазбаша келiсiмi, сондай-ақ аталған өзгерiстер мүдделерiн қозғайтын өзге де үй-жайлар меншiк иесi құқығы болмауы; 5) жоспарланған өзгерiс үй-жайдың (ғимараттың бөлiктерiн) нормативтiк құқықтық актiлер немесе нормативтiк-техникалық құжаттармен тыйым салынған және шектелген қызмет түрi үшiн пайдалануды көзделуi; 6) өзгерiстер жобасы техникалық шарттар немесе мемлекеттiк нормативтердiң талаптарына сәйкес келмеуi болып табылады. |