26. 01. 2012 ж. Ғылыми кеңестің шешімі




Скачать 43.91 Kb.
Название26. 01. 2012 ж. Ғылыми кеңестің шешімі
Дата конвертации10.02.2016
Размер43.91 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.ksu.kz/files/Kollegialnye_organy/Academic_council/hattama_8_ot_26_01_12.doc
26.01.2012 ж. Ғылыми кеңестің шешімі

(Хаттама № 8)


1. Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың 2011 жылғы ғылыми-зерттеу қызметі туралы есебі.


Қаулы етті:

1. Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың 2011 жылғы ғылыми-зерттеу қызметі қанағаттанарлық деп танылсын және 2011 жылғы есеп бекітілсін.


2. «Орталық Қазақстандық кәсіпорындардың коксохимиялық өндірістерінің шайыр қалдықтарынан жол битумын алу үшін технологиялық желіні енгізу», «Жаңа өзіндік нивелирацияланатын құйма едендер өндірісі», «Сусымалы материалдардың ылғалдылығын өлшеуге арналған отандық аспаптар өндірісін құру» үш жоба бойынша тәжірибелік-өндірістік участоктарды іске қосу жүзеге асырылсын.

Жауаптылар: ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, инновациялық-технологиялық орталықтың директоры, химия және физика факультеттерінің декандары.

Мерзімі: маусым 2012 жыл.


3. Автор өнертабыс патентін алғанда бір жолғы төлем жасаудың мүмкіндігі қарастырылсын.

Жауаптылар: ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, экономикалық жоспарлау және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығы, факультет декандары.

Мерзімі: ақпан 2012 жыл.


4. Бірлескен білім беру бағдарламалары, біліктілікті жетілдіру бағдарламалары, ғылыми зерттеулерді орындау, тәжірибелік-конструкторлық және сараптамалық жұмыстар саласында ұлттық корпорациялармен, компаниялармен кең көлемде серіктестік жасау тәжірибесі таратылсын.

Жауаптылар: ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, оқу ісі жөніндегі проректор, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және халықаралық бағдарламалар басқармасының бастығы, факультет декандары.

Мерзімі: жыл ағымында.


5. Докторанттардың диссертацияларын уақытында аяқтап, қорғауға ұсынуын қамтамасыз ету үшін декандар мен кафедра меңгерушілері докторанттардың жеке жұмыс жоспарын орындау барысына бақылауды, олардың зерттеу нәтижелерінің басылымдарда жарияланып, кафедралардың ғылыми және методологиялық семинарларында мақұлдану бойынша жұмыстары күшейтілсін.

Жауаптылар: ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және халықаралық бағдарламалар басқармасының бастығы, факультет декандары, кафедра меңгерушілері.

Мерзімі: тұрақты.


6. Биология-география және филология, шетел тілдері факультеттерінің декандары осы факультеттердің профессорлық-оқытушы құрамының импакт-факторлы журналдарда жариялануы бойынша жұмыстарды күшейтсін.

Жауаптылар: ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, биология-география, филология, шетел тілдері факультеттерінің декандары.

Мерзімі: жыл ағымында.


7. Профессорлық-оқытушы құрамның ғылыми қызметін жандандыру мақсатында отандық және шетелдік ғылыми-техникалық ақпараттың мәліметтер базасымен, Thomson Reuters, Springer электрондық базаларымен жұмыс жасау бойынша үйретуші семинар өткізілсін.

Жауаптылар: ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, инновациялық-технологиялық орталықтың директоры, ғылыми кітапхана директоры.

Мерзімі: жыл ағымында.


2. Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын» орындау туралы: 2011 жыл қорытындылары.


Қаулы етті:

1. 2011 жылдың қорытындылары бойынша «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын» орындау қанағаттанарлық деп танылсын.


2. «Стратегиялық жоспарды» 2012 жылы сәтті аяқтау мақсатында ағымдағы жылы оның толық жүзеге асырылмаған тармақтарын орындау бойынша жұмыс жандандырылсын.

Жауаптылар: бірінші проректор, оқу ісі жөніндегі проректор, ғылыми жұмыс жөніндегі проректор.

Мерзімі: тұрақты.


3. «Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан-2030» Жолдауы тұрғысынан Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың 2008-2010жж. арналған стратегиялық даму бағдарламасына» қажетті өзгертулер уақытында енгізілсін.

Жауаптылар: бірінші проректор, оқу ісі жөніндегі проректор, ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор.

Мерзімі: жыл ағымында.


3. Оқу үдерісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану туралы.


Қаулы етті:

1. Университеттің оқу үдерісінде ақпараттық-технологияларды пайдалану тиімділігі жоғары деп танылсын.


2. Қолданбалы дидактикалық материалдарды, электрондық оқу өнімдерін әзірлеу бойынша тереңдетілген курстар, сонымен қатар «Электронды университет» жүйесін қолданушыларға арналған курстар өткізілсін.

Жауаптылар: оқу ісі жөніндегі проректор, БЖФ деканы,

кафедра меңгерушілері.

Мерзімі: 2012-2013 жылдар ағымында.


3. Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ профессорлық-оқытушы құрамы әзірлейтін электрондық оқу басылымдарының заманауи технологиялық критериийлерге сәйкестігін сапалы талдау механизмі әзірленсін.

Жауаптылар: Университеттің Ғылыми-техникалық және Ғылыми-әдістемелік кеңес төрағалары.

Мерзімі: наурыз 2012 жыл.


4. Университеттің барлық мамандықтарына арналған электрондық оқу басылымдарын әзірлеудің келешекті жоспары құрастырылсын.

Жауаптылар: ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, инновациялық-технологиялық орталықтың директоры, кафедра меңгерушілері.

Мерзімі: наурыз 2012 жыл.


5. Оқытушылар мен студенттердің оқу үдерісінде кеңінен қолдануы мақсатында университеттің ғылыми кітапханасының сыртқы басылымдық мәліметтер базасы мен CD-дисктегі басылымдар насихатталсын.

Жауаптылар: ғылыми кітапхана директоры, кафедра меңгерушілері.

Мерзімі: тұрақты.


6. Оқу дәрісханаларын компьютерлармен, проектілік жүйелермен, интерактивтік тақталармен қайта жабдықтаудың материалдық-техникалық жоспарын құру кезінде факультеттердің ерекшеліктері мен шынайы сұраныстары ескерілсін.

Жауаптылар: бірінші проректор, оқу ісі жөніндегі проректор, ақпараттық технологиялар мен телекоммуникациялар Орталығының бастығы, экономикалық жоспарлау және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығы, факультет декандары.

Мерзімі: тұрақты.

Похожие:

26. 01. 2012 ж. Ғылыми кеңестің шешімі icon09. 10. 2009 ж. Ғылыми кеңестің шешімі
Аралық бақылауды өткізу сапасы мен тиімділігін тексеру, университеттегі кредиттік технологияның қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстарды...
26. 01. 2012 ж. Ғылыми кеңестің шешімі iconЖелдыбаева балгын сембайқызы жаратылыстану пәндерін оқыту үдерісінде халық педагогикасы арқылы оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастыру
Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті жанындағы педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация...
26. 01. 2012 ж. Ғылыми кеңестің шешімі iconБайниязова жанар төлеубайқызы Қазақ лексикографиясы: біртілді оқу сөздігін түзудің ғылыми негіздері
Тіл білімі институты жанындағы 10. 02. 06-түркі тілдері және 10. 02. 02-қазақ тілі мамандықтары бойынша филология ғылымдарының докторы...
26. 01. 2012 ж. Ғылыми кеңестің шешімі iconХалықаралық ғылыми-теориялық конференция 6 желтоқсан 2012 жыл
...
26. 01. 2012 ж. Ғылыми кеңестің шешімі iconҒылыми-зерттеу жұмыстарына, ғылыми конференцияларға оқушылар дайындау; Шәкірттерді пәндік олимпиадаларға даярлау, қатыстыру
Химия- биология бағытындағы пәндер кафедрасының ғылыми -әдістемелік жұмысының 2012-2013 оқу жылына арналған жұмыс жоспары
26. 01. 2012 ж. Ғылыми кеңестің шешімі iconМетодикалық нұсқау Көкшетау университеті этнопедагогика зертханасында дайындалып ку ғылыми кеңесі шешімі негізінде баспаға ұсынылған
Конурбаев Т. А.,- психология ғылымдарының кандидаты, профессор (Қырғызстан, Бішкек)
26. 01. 2012 ж. Ғылыми кеңестің шешімі iconТемір қаласының кейбір көшелерін қайта атау туралы
Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 мамырдағы №38 шешімі Ақтөбе облысы Темір аудандық әкімдігінің 2012 жылғы...
26. 01. 2012 ж. Ғылыми кеңестің шешімі icon"Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы" Оңтүстік Қазақстан
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 24 ақпандағы №2/16-v және Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2012 жылғы...
26. 01. 2012 ж. Ғылыми кеңестің шешімі iconАудандық мерзімді басылымдарда жарияланған мақалалар тізімі
Жәнібек аудандық мәслихатының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы №9-1 шешімі, Тіркеу №3143, 11. 01. 2013 ж] // Шұғыла. 2013. 25 қаңтар....
26. 01. 2012 ж. Ғылыми кеңестің шешімі iconДиссертация «17» «сәуір»
Диссертация «17» «сәуір» 2008 ж сағат 16. 30 Халықаралық Бизнес Университетінде экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница