2011-2015 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасы




Название2011-2015 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасы
страница6/28
Дата конвертации10.02.2016
Размер3.86 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.economika.astana.kz/UserFiles/new16/programa_kaz.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

3.2.2. Әлеуметтік сала


Демографиялық жағдай.

Астанада соңғы жылдарда туған демографиялық жағдай халықтың тұрақты ұлғаюын көрсетіп жатыр, бұл табиғи өсіммен және ішкі миграциялық көшкінге байланысты. Астана қаласы халқының саны 2010 жылдың 1 қаңтарына 649,5 мың адам. 2007 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда астананың жалпы саны 75,1 мың адамға ұлғайды, бұл басты түрде ішкі және сыртқы миграция есебінде болды.

Бала туу деңгейін өсуі жалғасуда. 2009 жылда туу динамикасы 16113 бала құрады, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 3602 балаға артық. 2007 жылдан бастап халықтың жалпы өлімінің төмендеуі байқалады. 2009 жылы өлімнің коэффициенті 5,0 құрады, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 1,2 рет төмен.

Астана қаласы халқының табиғи қозғалысында жақсы факторында неке құру деңгейінің жоғарылауы болады. 2009 жылы 6707 неке тіркелді, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 1,2 рет көбейді (5 459 неке).

2009 жылы бойынша астанаға 49875 адам келді, кеткендердің саны 17967 адамды құрады (миграция қалдығы + 31908 адам). Миграцияның жақсы қалдығы ішкі миграция негізінде болды (+32194 адам). Сыртқы миграция бойынша нашар қалдығы байқалады (-286 адам).

Қаланың демографиялық өсуінің негізгі мәселелері - реттелмей өсетін миграциялық жосқыны.


Білім беру.

Астананың білім беру жүйесін 115 мың бала тәрбиеленетін 247 білім беру ұйымдары ұсынады. Қаланың білім беру жүйесінде 9220 педагог жұмыс істейді, олардың ішінде жоғары білімі бар – 7873 адам, яғни 85,4%, жоғары мен бірінші категориялы мұғалімдердің үлесі – 46,27% құрайды.

Астананың мектепке дейінгі желісін 104 мекеме ұсынады, бұл өзіне 56 мемлекеттік бала бақшаны, 5 «Мектеп – бала бақша» мемлекеттік кешендерін және 2 - ден 6 жасқа дейін 18,6 мың бала контингенті бар жеке меншік нысандағы 22 бала бақшаны, 1 ведомстволық бала бақша, 5 мини орталық құрайды.

Мектепке дейінгі мекемелерде 1615 педагог жұмыс істейді, соның ішінде 513 жоғары және бірінші категориясына ие болады (2007 жылы 970 педагог, соның ішінде жоғары және бірінші категориялы – 341 педагог).

Туу мен көші-қонға байланысты қаланың 0 ден 7 жасқа дейін бала халқы маңызды ұлғайды: егер 2000 жылда 27457 бала болса, ал 2009 жылда балалардың саны 76 180 құрады.

Жыл сайын жаңа білім беру нысандарын пайдалануға беру және жаңадан ашуына байланысты орта білім беру ұйымдардың желісі ұлғайып жатыр.

Мемлекеттік жалпы білім беру жүйесі өзіне 79 жалпы орта білім беру мектептерін құрайды. Даму мен оқуда мүмкіндіктері шектелген балалар үшін 1 арнайы коррекциялық мектеп-интернат, 1 кешкі мектебі, 1 Астана қаласының балалар үйі қызмет етеді. Қалада 13 мемлекеттік емес мектеп қызмет етеді.

Жалпы білім беру мектептерінде 4693 педагог жұмыс істейді, соның ішінде 2572 жоғары және бірінші категориясына ие болады (2007 жылда 3968 педагог, соның ішінде жоғары және бірінші категориялы – 2132 педагог).

Астана қаласы бойынша апатты жағадайында болатын және көріктендіру түрлерісіз мектептер жоқ.

Білім беру сапасын жоғарылату – 12 жылдың білім беру енгізуінің маңызды міндеті. Астана мектептері соңғы нәтижеге бағытты қызмет етеді. Оқушылар жыл сайын барлық бағыттар бойынша жоғары нәтижелерді көрсетіп жатыр.

Бұқаралық 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуді ұйымдастыру мақсатында барлық оқыту дәрежедегі мұғалімдерін кәсіби оқытуы жүргізіліп жатыр.

Астана қаласының білім беру басқармасы қаланың әр бір мектеп бойынша оқушы орнының бар болуы талдау жасалды, оқыту үшін шартарды жасау мәселелер шешілуде.

2010 жылдың 1 қазаны жағдайына орта мектептердің толып кету мәселесі қалуда, тапшылық – 14 683 оқу орнын құрайды (2007 жылы – 11 573 оқу орны).

Кәсіби-техникалық білім беру жүйесіне 37 оқу орны құрайды: 7 ПЛ, 5 мемлекеттік, 25 жеке меншік колледжі. Оқушылардың контингетнті – 29867 оқушы: 2484 ПЛ, 27383 – колледждерде (2007 жылда ТжКБ желісі – 5 ПЛ, 22 жеке меншік колледжінен құрады). Оқушылардың контингенті 31338: 3119 – ПЛ, 28 219 – колледждерде, 9 459 мемлекеттік, 18 760 жеке меншік.

ТжКБ ұйымдарында 1490 педагог жұмыс істейді, соның ішінде 570 жоғары және бірінші категориясына ие болады (2007 жылда 1064 педагог, соның ішінде жоғары және бірінші категориялы – 531 педагог).

Техникалық және кәсіби білім беру желісін кеңейту мақсатында:

800 орынға арналған кәсіби лицейін (құрылыс профиль бойынша);

800 орын бар кәсіби лицейін (байланыс пен энергияжабдықтау профильдер бойынша);

«Промышленный» ж/м ауданында 800 орын бар колледжді (аграрлық және құрылыс профильдері бойынша) салу қарастырылуында.

Кәсіби білі беруінде әлеуметтік серіктестігі дамыған. Ағымды кезеңде кәсіби лицейлер әлеуметтік серіктестіктермен 73 келісім шарт жасады (2007 жылда – 59 келісім шарт).

Білім беру басқармасы жанында «Жас директор мектебі» және «Жетекші кеңесі» қызмет көрсетуде.

Оқушылар санының және осыған сәйкес класс-толымын, мектепке дейінгі топтардың өсуімен, жаңа білім беру мекемелерін ашылуына байланысты кадрларда тапшылық туындап жатыр. Бүгінгі күнге бұл 65 педагогты құрайды.

Қабылданып жатқан педагогикалық кадрларының білімін жетілдіру бойынша шаралар астаналық білім беруінің сапасын жоғарылатуға бағытталған. Жыл сайын педагогикалық кадрлардың курстық дайындау мен қайта даярлауды қаржыландыруы ұлғаюда, осыған сәйкес ұсынып жатқан бюджеттік курстардың саны өсіп жатыр.

Қаланың білім беру саласындағы негізгі мәселелер:

астанадаға мектепке дейінгі мекемелердің тапшылығы мен көптігі;

(орындардың тапшылығы – 39 мың адамнан артық);

қаланың жалпы білім беру мектептерінде оқу орындарының тапшылығы (14 мың орын);

12 жылдық білім беруге көшуді есепке алып мектептердің материалдық базасын қосалқы жабдықтауы қажет;

кәсіби-техникалық бағытталған мекемелердің нашар техникалық және материалдық жабдықтау.


Денсаулық сақтау.

Денсаулық сақтау ұйымдарының желісі маңызды өзгеріске ұшырады:

2007 жылы 4 жаңа АЕК пайдалануға берілді, осыған байланысты халықтың «бір отбасы – бір дәрігер» принципі бойынша амбулаториялық қызмет көрсетуге бөлінді, 2008 жылы 3 медициналық мекеме шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК деңгейіне өзгертілді, 2009 жылы мемлекеттік мекеме деңгейінде болған 6 ұйым мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар деңгейіне ауыстырылды.

Қазіргі уақытта Астана қаласының денсаулық сақтау басқару жүйесінде 34 медициналық ұйым қызмет етеді.

Осымен бірге қала халқына 8 республикалық маңызды клиника қызмет көрсетеді: Ұлттық ғылыми ұлттық медициналық орталығы, Ұлттық ғылыми зерттеу травмотология мен ортопедия институты, Ұлттық ғылыми ана мен бала орталығы, Республикалық балаларды оңалту орталығы, Ұлы Отан Соғысы мүгедектері мен ардагерлері үшін орталық клиникалық госпиталь, Республикалық ғылыми жедел жәрдем медициналық көмек көрсету орталығы, Республикалық диагностика орталығы, Республикалық ғылыми нейрохирургия орталығы және 5 ведомстволық медициналық ұйымдар.

Мемлекеттік медициналық ұйымдармен бірге медициналық көмекті 120 медициналық ұйым көрсетеді.

Бүгінгі күнде жалпы дәрігерлік практиканы енгізу бойынша жұмыстың бірінші кезеңі іске асырылды. Қалада ЖПД 70 учаскесі қызмет етеді. Бұндай учаскелерде қызмет көрсетілетін тұрғындардың үлес салмағы 1,5 рет ұлғайды және халықтың жалпы санынан 25,4% құрады. Аралас қабылдау 1 учаскеде орташа 2295 адам болады.

АМСК ұйымдарында стационарды ауыстыратын технологияларды одан әрі дамыту жалғасуда, оның нәтижесінде амбулаториялық-емханалық ұйымдары жанындағы ұйымдарында күндізгі стационарда емделген ауруларды саны 7,4 рет ұлғайды, бұл тәулік стационарларда орындарды тиімді пайдалануға жол берді.

Қаланың медициналық ұйымдарын жоғары технологиялық медициналық құралдарымен жабдықтауы жалғасуда. Барлық ведомстволық медициналық ұйымдарында Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі (БҰДСЖ) енгізу мен сүймелдеу бойынша жұмыс жалғасуда және оны жүзеге асыру бойынша шаралар жоспардың іске асыруы басталды.

Медициналық көмек көрсетудің сапасын жақсартуға жүргізіліп жатқан медициналық ұйымдарын аккредитациялау мен ішкі аудит жүйесін енгізуі жағымды әсерін көрсетеді.

Соңғы бес жыл ішінде ана өлімі көрсеткіштердің төмендеуі байқалуда, бұл 2005 жылдың 40,5 қарсы 2009 жылы тірі туғанның 100 мыңына 30,4 құрайды.

Нәресте өлімінің көрсеткіші тірі туғанның 1000-ға 2007 жылдың 11,0 қарсы 2009 жылда бірнеше өсіп 14,08 құрайды.

Соңғы жылдар ішінде Астанада жүрек-тамыр патологиясының деңгейі өсіп жатыр. 2009 жылдың қорытындысы бойынша қан айналымы жүйесінің алғашқы аурулары 17,7% өсті және 2007 жылдың 100 мың халқына 1743,8 қарсы 2 051,7 құрады.

Аурулардың құрамында қан қысылымы жоғарлауымен сипатталған, оның саны 2009 жылда 2005 жылмен салыстырғанда 2,5 рет өсті (100 мың халыққа - 2005 – 243,6, 2009 – 657,1), ЖИА – 1,52 рет (100 мың халыққа - 2005 – 153,8, 2009 – 228,5).

Сонымен қатар қалада қатерлі ісік ауруларының көрсеткіші ұлғайып жатыр, бұл 2005 жылдың 179,5 қарсы 2009 жылы 191,3 құрады, республикалық орташа көрсеткішпен салыстырғанда сәйкес 100 мың халыққа 182,6 және 192,5.

Туберкулез бойынша қиын эпидемологиялық жағдайы сақталуда. Туберкулездің алғашқы ауру көрсеткіштері 2009 жылы 100 мың халыққа шаққанда 191,8 дейін төмендеуіне қарамастан, Меморандум бойынша оның мақсаттық шектеуден асуы (100 мың халлықа 100,0) байқалады және 2005 жылмен салыстырғанда өсуі, сол кезде ол 100 мың халықты 111,7 құрады.

Тағы бір қала үшін маңызды мәселенің бірі жарақаттанушылық, қайғылы оқиға мен улану болып табылады, екінші көрсеткіш және соңғы 5 жыл ішінде 1,2 рет өсті (2005 жылда 3719,4-тен 2009 жылда 4359-дейін). Бірақ жарақат және қайғылы оқиғалар мен улану салдарынан болған өлімнің төмендеу үрдісін көрсетті және 2005 жылдың 143,9 қарсы 2009 жылда 100 мың адамға 84,18 құрады, және бұл Астанада өлімнің себептері бойынша екінші орында тұр.

Соңғы жылдарында Астанада ВИЧ-инфекциясы жағдайының өсуі байқалады. 2009 жылы бойынша ВИЧ инфекциясының 86 жағдайы тіркелген (2007 жылда – 63, 2008 жыл – 62), 100 мың халыққа көрсеткіш 13,0 құрады (2008 жыл – 9,98) бұл 2008 жылмен салыстырғанда 1,3 есе жоғары.

Аурулардың жоғары деңгейін анықтайтын және емделушінің өмір салтын мінездейтін нақты патология ретінде қант диабеті болады, жаңа оқиғалар күн сайын өсіп жатыр. Астана қаласы бойынша алғашқы ауру саны 2009 жылы республикадағы орта көрсеткіштерін асып 100 мың халыққа 140,8 құрады (ҚР бойынша – 148,3).

2008 – 2009 жылдары Астана қаласында жалпыда санитарлық эпидемилогиялық жағдайының тұрақтандыруы байқалады. Оған қарамастан Астанада ауытқу өкпе қабынуы, құс тұмауы, Н1N1 тұмауларын, 71 энтеровирустық инфекциясы және басқа да инфекциялық ауруларды әкелуімен байланысты эпидемиологиялық жағдайдың қиындатуы қауіптілігі сақталуда.

Медициналық ұйымдары мен Астана қаласының СӨС қалыптастыру орталығымен салауатты өмір салтын насихаттау бойынша, темекіге қарсы заңнамаларды сақтау бойынша және әлеуметті маңызды аурулардың алдын алу бойынша белсенді ақпараттық-коммуникциялық жұмыс жүргізіліп жатыр, сектораралық өзара қатынастар және бүкіл Қазақстан қоғамын салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жұмыс жөндетілген. Қаланың барлық медициналық мекемелері «Темекі түтінінен бос аумағы» деп жарияланған. АМСК қалалық ұйымдар жанындағы 6 жас денсаулық орталығы қызмет етеді, олардың негізгі қызметінің бағыттары медициналық, әлеуметтік, психологиялық, құқықтық қызметтері, әлеуметті маңызды ауруларды, зиянды әдеттерді алдын алу, тәуелді тұлғаларды еңбек сауықтыру бойынша болады.

Соңғы жылдары бойынша Астана қаласының денсаулық сақтауға шығындар жан басына шаққанда маңызды ұлғайды және жыл бойынша динамикада 2006 жылы 13613 теңге, 2007 жылы – 19934 теңге, 2008 жылы – 21656 теңге және 2009 жылы – 23565 теңгені құрады (бұл 3 жыл ішінде 73%), соның ішінде тегін медициналық көмектің кепілденген көлемді қаржыландыруы 2006 жылы 10486 теңгеден 2009 жылы 20143 теңгеге дейін өсті (92% өсуі).

2009 жылдың екінші жарты жылдығынан қала стационарлары үшін емдік дәрі-дәрмектерді бірыңғай дистрибьютер жүйесін енгізілуі басталды, бірыңғай дистрибьютормен сатып алынатын дәрі дәрмектердің көлемі 2010 жылы 70% құрады, бұл 2009 жылдың дәрі-дәрмек жалпы тізілімнен 1,6% қарсы болады. Халықты дәрі-дәрмектермен қамсыздандыруын фармацевтика қызметіне лицензиялары бар 635 нысан жүзеге асырады. Денсаулық сақтау басқармасы жүргізген амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекпен тегін және жеңілдікті түрде қамсыздандыруды талдау бойынша бұйрыққа сәйкес қамсыздандыруы 50-60% аспайтынын көрсетті.

Медициналық ұйымдардың қызметін қамтамасыз ететін негізгі бөлімі маман кадрлар болады. 2005 жылдан бастап қаланың денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәрігерлердің саны 1,6 рет ұлғайды. 2009 жылдың соңына қалалық денсаулық сақтауда 9085 медициналық қызметкер болды, соның ішінде: дәрігерлер – 4059, орта медициналық қызметкерлер – 5026. Дәрігерлермен қамсыздандыру көрсеткіші - 27 % ұлғайды (10 мың халыққа - 2005 – 54,3-тен 2009 жылда 73,5). Денсаулық сақтау жүйесінің медициналық ұйымдардың дәрігерлермен толықтыруы 89,4% құрайды, ал орта медициналық персоналмен – 80,4%.

Жалақының төмен деңгейі, медициналық қызметкерлердің кетуінің жоғарылығы, соның ішінде олардың енгізілген республикалық кластеріне кетуі қазіргі уақытта қалалық медициналық ұйымдардағы медициналық кадрлардың жетіспеушіліктің негізгі себебі болып тұр.

Жаңа денсаулық нысандарын қолданысқа беруі, астана халқының өсуі және медициналық қызметтеріне сұраныстың өсуі маман медициналық кадрлардың тапшалығының ұлғаюына әкеліп соқты.

«Өркениет ауруларының» деңгейін және қауіп факторлардың бұдан әрі жоғарлауы кардиологтар, аллергологтар, эндокриногтар, онкогематологтар және т.б. тар шеңберлі мамандарларына тапшылықтың өсуіне келтіреді, бұл сонымен қатар қазіргі болған медициналық қызметкерлердің әлеуметтік қорғанудың жеткісіз және маман кадрлардың тапшылығы кезінде медициналық ұйымдардағы кадрлық тапшылығын тереңдетеді.

Қаланың денсаулық сақтау саласындағы негізгі мәселелер:

амбулаторлық-емханалық ұйымдардың толуы және жеткіліксіз саны;

медициналық кадрларының тапшылығы және біліктігінің нашар деңгейі;

халықтың әлеуметті-маңызды аурулармен ауру-сырқаулықтың жоғары деңгейі;

жұмыс берушілердің және халықтың денсаулығы үшін төмен ортақ жауапкершілігі.


Халықтың тұрмыс деңгейі.

2007 – 2009 жылдар бойынша қала халқының тұрмыс деңгейдің бөлек параметрлерін зерттеуі, қарастырылып жатқан параметрлер көрсеткіштер бойынша жақсы динамикасын айқындады. Зерттеліп жатқан мерзімде экономикалық белсенді және жұмыс басты халқының тұрақты, орташа айлық еңбек ақысының өсуі байқалады, жұмыссыздықтардың саны төмендеді.

2009 жылдың қорытындысы бойынша жұмыссыздықтың деңгейі 6,6% құрады, бұл жалпы республикалық көрсеткішке сәйкес болады, 2007 жылмен салыстырғанда 1,0 пайызға төмендеді (2007 жылда – 7,6%).

2009 жыл бойынша номиналды ақшалай табыстары астананың бір тұрғынына 63,4 мың теңгені құрады, және 2008 жылмен салыстырғанда 7% өсті. Күн көріс минимумының көрсеткіштен төмен табыстарын алатын халықтың үлесі 3,9% құрады.

Халықтың жоғары тұрмыс деңгейін қамтамасыз етудің негізгі мәселелері:

халықтың шындық ақшалай табыстарының және еңбек ақы деңгейінің қаланың әлеуметтік эономикалық дамуына мағынасыз өсуі.


Халықты әлеуметтік қорғау.

Қаланың даму деңгейі халықтың әлеуметтік қорғау саласының жағдайымен анықталады. Астана – зейнеткерлерге, ҰОС қатысушылар мен мүгедектерге жататын, көпбалалы аналар, соның ішінде 18 жасқа толмаған мүгедек балалар, афгандықтар, чернобыльдіктер, сонымен қатар халықтың басқа да категориялары қалалық жолаушы көлігінде тегін жүру жеңілдіктерін пайдаланатын республикадағы жалғыз қала.

Тұрақты түрде ҰОС қатысушыларға, ҰОС мүгедектерге, оларға жататын тұлғаларға, көпбалалы аналарға, жеткілікті қамтамасыз етілмеген азаматтарға, мүгедек балаларға материалдық көмек көрсетіледі.

«Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру шегінде мүгедектердің әлеуметтік қорғау, олардың тыныс - тіршілігі мен қоғаммен етене араласуы үшiн тең мүмкiндiктер жасау үшін мүгедектерді әлеуметтік қорғау бойынша жұмыс атқарылып жатыр:

қазіргі заманғы техникалық жәрдемші (компенсаторлық) құралдарында және қозғалу құралдарында мүгедектердің қажеттілігін қанағаттандыруы;

мүгедектер үшін етене мүмкіндіктерін қамтамасыз етудің халықаралық стандарттарын енгізу;

қазіргі уақыттағы сауықтыру және медициналық-әлеуметтік мекемелер мен ұйымдардың тапшылығын жеңу;

мүгедектерді жұмыспен қамту және мамандардың дайындығын қамтамасыз ету.

Туындаған мүгедектіктің салдарын жеңуге бағытталған медициналық және әлеуметтік сауықытырудың негізгі бағыттарының бірі санаторий курорттық сауықтыру болып табылады. 2009 жылы санаторий курорттық сауықтыруын 350 мүгедек алды.

Қаланың мүгедектері міндетті гигиеналық құралдармен, протез-ортопедия көмегімен қамтамасыз етіледі, сонымен бірге мүгедектер жаңа технологиялар бойынша жасалған протездермен, тифлотехникалық және сурдотехникалық құралдарымен қамтамасыз етіледі, есту бойынша мүгедектерге ыммен тілдесу мамандардың көмегі көрсетіледі, қозғалысқа мүмкіндігі шектелеген 1 топтағы мүгедектерге, жеке көмекшілердің қызметтері көрсетіледі. Аталған көмек түрлері 2611 мүгедекке көрсетілді.

Осыдан басқа жыл сайын Балаларды қорғау күніне және Мүгедектерді қорғау күніне барлық категориядағы мүгедектерге бір жолғы материалдық көмек көрсетіледі.

Күн көріс минимумының көрсеткіштен төмен табыстарын алатын халықтың үлесі 3,9% құрады, бұл 2007 жылдың көрсеткішінің 0,7 пайызының нүктесіне жоғарылауы, 2015 жылы 3,2% төмендеуі жоспарланады.

Коммуналдық қызметтердің және тұрғын үйді сақтау шығындары тоқсанда отбасының орташа айлық жалпы кірісінің 10% асатын отбасыларына тұрғын үй көмегі белгіленеді.

2009 жылы тұрғын үй көмегімен 2779 отбасы қамтылды, бұл 2007 жылы аталған көмекпен қамтудың 25,6% асты.

Атаулы әлеуметтік көмек көрсетумен 2009 жылы 414 отбасы 32,9 млн.теңге жалпы сомасында қамтылды, алушылардың саны 2007 жылы 1573 адамға дейін, 2009 жылы 1282 адамға дейін төмендеді. Бұған жеткілікті қамтамасыз етілмеген азаматтардың саны азаюы және халықтың табыстары ұлғаюына (минималды зейнетақы және жәрдемақы, жалақының орташа мөлшері, айлық есептеу көрсеткіші) себеп болды.

2009 жылы атаулы әлеуметтік көмек алушылардың құрамында еңбекке қабілетті халықтың үлесі 40,3% құрады, бұл 2007 жылдың көрсеткішін 8% ұлғайды.

Осы өсім жұмыс кестесін қысқартылуына, жұмыспен қамтудың уақытша нысандарына, штаттардың қысқартылуына, жұмыс берушілердің өтініштерінің санын азаюына, халықтың бөлек топтарының жұмысқа тұруына қиындықтарына (әйелдер, жастар, этникалық репатрианттары, зейнетке шығар алдындағы тұлғалар, мүгедектер) байланысты.

2015 жылға жұмыспен қамту белсенді нысандарын (жұмысқа орналастыруына көмек көрсету, төлемді қоғам жұмыстарын ұйымдастыру, халықтың мақсаттық топтары үшін әлеуметтік орындарын құру, білім беру ұйымдарын бітірушілеріне жас тәжірибесін ұйымдастыру) қолдану жолымен осы көрсеткішті 30% дейін төмендетуі жоспарланған.

18 жасқа дейінгі балаларды мемлекеттік жәрдемақымен 2009 жылы 1741 отбасы қамтылды, оларда 3479 бала 27,1 млн.теңге жалпы сомасында, 2009 жылы алушылардың саны 2007 жылмен салыстырғанда 2,2 рет ұлғайды, бұл жеткілікті қамтамасыз етілмеген азаматтардың құрамының өзгеру, табыстары кедейлік шекарадан жоғары, бірақ азық-түлік себетінен төмен азаматтардың ұлғаюы туралы куәландырады.

Жұмыспен қамтылған халықтың құрамында жоғары білікті жұмыс күштері үлес салмағының 2007 жылы 38,5%-дан 2009 жылда 41,2%-дейін ұлғаюын байқау қажет. Өсу үрдісі дайындалған білікті кадрларында тапшылығының өсуіне (кез келген бағыттағы инженерлерде, механиктер, медициналық және педагогикалық қызметтерінде, автомобиль жолдарын құру бойынша мамандарында, тең шеберлі мамандарында, қызіргі бағдарламалау тілдерін білетін бағдарламашыларында), сонымен қатар, экономиканың кез келген салалардың дамуына, өнеркәсіптік өндірістің, телекоммуникация, көлік, қызмет көрсету саласындағы кез келген инфрақұрылымдық компаниялардың, белсенуіне байланысты.

Ішкі еңбек рыногын қорғау мақсатында жыл сайын тартылатын шетел жұмыс күштерінің құрамында жоғары білікті мамамандардың үлесін ұлғаяды, 2007 жылда 13,5%-дан 2009 жылда 54,2%-дейін. Мамандарды тарту бойынша ұпайлық бағалау жүйесін, білімі мен жұмыс стажы бойынша нақты талаптарын енгізуі шетел жұмыс күштерін тартатын компанияларында қазақстандық мамандардың жұмысқа орналастыру кезінде мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Еңбек рыногында болып жатқан жағдай жұмыссыз азаматтардың кәсіби дайындығын одан әрі дамыту және жетілдіру, даярлау және біліктігін жоғарылату қажеттілігін көрсетеді.

2009 жылы кәсіби дайындыққа, қайта даярлау мен біліктігін жетілдіруге 8482 жұмыссыз азамат жіберілді, соның ішінде Жол картасы бойынша 7710 адам, 1335 адам 2010 жылда оқуын жалғастырды, курстарды өтуден кейін жұмысқа орналастырылғанның саны 1601 адам.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы норвегиялық SYSLAB international компаниясымен бірлесіп жоғары білікті жұмыссыздықтарын шағын және орта бизнесінің негіздеріне,сонымен қатар кәсіпкерліктің ежесіне оқытуы бойынша халықаралық жоба іске асырылуда. 2010 жылдан бастап 63 жұмыссыздықтар оқудан өтті, 42 тұрақты жұмысқа орналастырылды, 3 бизнес жобасын аяқтап алдағы уақытта өз істері ашуға дайын.

Төленетін қоғам жұмыстарын ұйымдастыруы уақытша жұмыс орындарын құруын және астананың жұмыссыз азаматтарын қосалқы табыспен қамтамасыз етуін болжайды. 2009 жылда қоғам жұмыстарында 1760 адам қатысты.

209 жылда жұмысқа орналастырудысұраған азаматтардың саны 26109 адам құрады, бұл 2007 жылдың ұқсас кезеңін 3,5 рет жоғары. Тұрақты жұмыс орына 2009 жылда 10 455 адама орналастырылды. Жұмысқа орналастыру индикаторы 2007 жылда 96,8%-дан 2009 жылда 40%-дейін төмендеді. Осы көрсеткіштің төмендеуіне республика экономикасындағы дағдарыс құбылысқа, толық емес жұмыс уақытына көшкен кәсіпорындардың көбею, штаттардың қысқартылуы мен өңталандыруы, сонымен қатар бос жұмыс орындардың болмауымен түсіндіріледі.

Халықтың мақсаттық топтарынан тұлғаларыд жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылған. Жүргізіліп жатқан жұмыстың мақсаты мақсаттық топтардан азаматтарды жұмыс орында, кейін тұрақты жұмыс орнына ауысумен белгілеуі болады.

2009 жылда әлеуметтік жұмыс орындарына 610 адам жіберілді, соның ішінде Жол картасы бойынша 495 адам. Әлеуметтік жұмыс орындарын құрудың минусы жұмыс берушімен мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін жұмыс орындаоын құруға мүмкіндігі жоқ екндігі болады.

209 жылда еңбектік делдалдыққа 127 этникалық репатрианттар (оралмандар) келді, бұл 2007 жылда келгендердің санын 9 рет жоғары көрсеткіш. Репатрианттарды (оралмандарды) жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен қамту деңгейі 2007 жылда 100%, 2008 жылда 61,9%, 2009 жылда – 39% құрады.

Кәсәпорындар мен ұйымдаржұмысшыларының еңбек құқытарын қорғау шегінде жұмыс берушілермен ұжымдық-еңбек шарттарын жасасу бойынша түсіндіру жұмыстыры жүргізіліп жатыр, 2009 жылда қала кәсіпорындарына 1628 ұжымдық еңбек шарттар жасалды, бұл 2007 жылда жасалған шарттардың санын 9 рет асты. Бұл еңбек шарттарын жаңа мерзімге жасаумен, және келісім шартарды жасамаған кәсіпорындарында жұмысын жүргізуімен қол жеткізілді.

Жалғыз тұратын қарттарды және мүгедектерді, сонымен қатар тұрғын үйі анықталмаған тұлғалардың әлеуметтік сауықтыруы астананың медициналық әлеуметтік мекемелері жүргізед.

Астана қаласының әлеуметтік қорғау ұйымдары бес мемлекеттік мекемелермен ұсынған: «Астана қаласының кәрілігі жеткен және мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік мекемесі», қамқорлардың саны 309 адам құрайды, «Астана қаласының балалар психоневрологиялық медициналық әлеуметтік мекемесі», қамқорлардың саны – 181 адам, «Астана қаласының психоневрологиялық медициналық әлеуметтік мекемесі», қамқорлардың саны 183 адам, және «Анықталған тұрғын жері жөқ тұлғалар үшін әлеуметтік адаптациялау орталығы», қамқорлардың саны – 188 адам, «Жұмыспен қамту орталығы» МКҚК.

Жұмыспен қамту саясаты кедейлікті және халықтың тұрмыс жағдайын көтерудің ең ықпалы шара болып табылад. 209 жылда 17854 жұмыс орны құрылған, 10455 адам жұмысқа орналастырылды. Жұмыссыздықтарды әлеуметтік қорғау мақсатынад міндетті әлеуметтік сакталынуы енгізілді және атауыл әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Халықтың әлеуметтік қорғаудың негізігі мәселелер:

жұмыс күштерінің сұранымы мен ұсынысы араларындағы дисбаланс;

халықтың анықталған категорияларды жұмысқа орналастырудың қиындығы;

жұмыс орындарын ашатын жұмыс берушілерді ынталандыру бойынша заңнамамен белгіленген механизмнің болмағаны;

жеткілікті қамтамасыз етілмеген кейбір азаматтардың табысы туралы іс жүзіндегі деректілерін жасыру нәтижесінде болған әлеуметтк төлемдерін алу процесстерін бақылау кезінде, уәкілетті органға келгеннің шындық тұратын жерін анықтауға жол бермейтін халықтың ішкі көші-қон ағымын ашықтыққа жетімсіздік.


Гендерлік дамуы.

Қалада жыл сайын әйелдердің саяси және қоғамдық белсендігі өсіп жатыр. Кез келген экономика саласында 164,4 мың әйел қызмет етеді, бұл жұмыскерлердің жалпы санынан 47,4 пайыз құрайды.

Қабылданып жатқан шаралардың арқасында Астанада жыл сайын жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органының қолдауымен жұмыспен қамтылған әйелдердің саны ұлғаюда. 2009 жылы бойынша 3 274 әйел жұмыспен қамтылды, немесе көмекке келгендердің жалпы санынан 26,5%. Қоғам жұмыстарына қатысушылардың санынан әйелдер 76% асады. Оқудан өткен жұмыссыз әйелдердің саны 476 адам құрды (63,5%).

Қалада мемлекеттік гендерлік саясатын жүзеге асыру мақсатында әйелдер және отбасылық демографиялық саясаты істері жөніндегі комиссия қызмет етеді. Комиссия әйелдердің саяси белсендігін көтеру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

2010 жылдың 1 қаңтар жағдайына қалада 3 523 адам әкімшілік және саясат мемлекеттік қызметкер бар, олардың ішінде 1 810 (51%) әйелдер.

Қазақстан республикасында гендерлік теңдік стратегиясын жүзеге асыру мақсатында гендерлік саясатын насихаттау бойынша жұмысы белсендірілген мерзімді басылымдарында және электрондық БАҚ-да, арнайы айдарлар ашылды.

Әйелдерді саясат жылжыту және осы салада жұмыс істейтін жаңа ҮЕҰ айқындау бойынша жұмысын жетілдіру мақсатында саясат қошбасшысы мектебі қалыптастырылды, бұған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын алған қоғамдық ұйымдар енгізілді, сонымен қатар жаңа жас бірлістіктер: «Астана-Байтерке» әйелдер клубы» ҚҰ, «Іскер әйелдер қауымдастығы» ҚҰ, «Насихат Астана» ҚҰ, «Астана қаласының жас маслихаты» ҚҰ, «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» ҚҰ.

«Отбасы мен қоғамда гендерлік қатынастардың мәдениетін қалыптастыру» жобасын іске асыру шегінде 2009 жылда қаланың кейбір жоғары оқу орындардың базасында мүдделі мемлекеттік құрылымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, студенттік жастар мен қоғамдастықтың қатысуымен гендерлік білім беруге, гендерлік қатынастарын қалыптастуруына және әйелдерді саясаттық жылжытуға бағытталған оқу семинарлар мен тренингтер өткізілді.


Мәдениетті дамыту.

Астананың мәдениет мекемелердің желісін жергілікті маңызды 62 мекеме мен кәсіпорын ұсынады, соның ішінде 4 мұражай, 6 театры, 23 кітапхана, 1 концерттік ұйымы, 1 цирк, 6 жеке кинотеатры, 1 кинопрокат ұйымы, 4 жеке меншік сүрет галереясы, 7 дем алу және мәдениет саябақтары, 7 мәдениет-дем алу кәсіпорны және басқалар.

2008 жылмен салыстырғанда мәдениет ұйымдардың желісі 4 рет ұлғайды.

Астанада 47 жылжымайтын тарихи мен мәдениет ескерткіштері бар, соның ішінде 12 археология ескерткіші, 35 қала құрылыс пен сәйулет ескерткіштері.

Саланың табыстары мен жетістіктері. Жергілікті маңызды Астана қаласының тарихи мен мәдениет ескерткіштердің мемлекеттік тізімі белгіленген. 2009 жылда қазіргі заманғы мұражайдың қорынан 23 сурет және графикалық жұмыстары қалпына келтірілген.

Қала мұражайларында есептеу құжаттамалардың және мұражай ішіндегі заттарды жылжытуды белгілеуідің электрондық рәсімдеуі енгізіліп жатыр.

2009 жылда кітапханалар мемлекеттік тапсырыс бойынша 1840 дана әдебиетін алды.

Астана халқының жаңа ақпараттандыру технологияларын пайдаланып мәдениет құндылықтарына қол жеткізуды кеңейту бойынша жұмыс жүргізуліде. Қаланың орталық кітапханада локальды желі және РАБИС жүйесі енгізілді; пайдаланушыларға қызмет көрсетудің есептеу нысандары енгізілді. Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде интерент жүйесіне 6 кітапхана қамтамасыз етілген. Кітапханалардың электрондық қызметін пайдаланушылардың саны – 3451 адам. ОКЖ біріккен кітапханалардық кітап қоры 638954 дана, 954 дана – электрондық таспаларда болады, бұл 0,15% құрайды. Электрондық каталогқа кітап қорының жалпы санынан 38988 дана енгізілген, бұл 6,1% құрайды.

Салада қызмет ететіндердің саны жыл сайын өсіп жатыр, және 2010 жылдың 1 қаңтарына 2651 адам құрайды, олардың санынан өнерлік құрамын 1000 адам құрайды. Олардың көпшілігінің (972 адам немесе 97,2%) жоғары немесе орташа мамандық білімі бар, бұл мәдениет мекемелердің құрамындағы жоғары кадрлық құрамын куәландырады.

Мәдениет мекемелердің қызметтері. 2009 жылда астана театрлары 1442 спектакльдер көрсетілді, 15 театралды алғашқы қойылымдар жасалды, 23 хореографиялық алғақы қойылымдар мен миниатюралар болды; 1935 мұражай экскурсиялары өткізілді, 236 дәріс өткізілді, 111 жаңа көрме, 460 концерттік шаралар өткізілді, кітапханалар 1145 шаралар өткізді. 4 халықаралық және 2 республикалық фестиваль мен конкурстар өткізілід.

Мәдениет саласындағы негізгі мәселелер:

мәдениет нысандарын материалдық базасын күшейтуінде тапшылық, қызмет ететін мәдениет мекемелерінде жаңа және қосымша алаңдардың тапшылығы;

арнайы кадрлардың тапшылығы;

ақпараттандырудың жеткіліссіз деңгейі, жаһандық компьютерлік жүйесі арқылы ақпарат алмасу жүйесінің жоқтығы;

кейбір қала құрылыс пен сәулет ескерткіштердің қанағаттандырусыз жағдайы;

мұражай топтамасын толық толтыру үшін қажетті қаражатарының тапшылығы.


Тіл саясатын дамытуы.

Астана қаласында мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бойынша жүелік жұмыс атқарылып жатыр. Қазақстан халқының тілдерін қолдану мен дамыту үшін шарттар жасалды.

Мемлекеттік қызметкерлерді, бюджеттік ұйымдардың қзметкерлерді тегін оқыту мақсатында әкімдіктің жанында екі орталық қызмет етеді: «Руханият» ЖШС және «Зерде» Тілдерді оқыту бойынша инновациялық орталығы» ЖШС. Жыл сайын курстарда өқып жатқан қызмткерлердің саны ұлғаюда. 2007 жылда мемлекеттік тілді оқытуымен 1500 адам қамтылса, 2010 жылда осы көрсеткіш 2600 адам құрады. Осымен бірге қалада тіолдерді оқыту бойынша 20 жеке меншіктегі орталық қызмет етеді. Олардың 15 мемлекеттік тілді оқытады. Осымен бірге Астана қаласының мемлееттік қызметкерлер ағылшын тілін оқыту курстарына қол жеткізеді.

Мемлекеттік тілде іс жүргізуіне кезеңдік көшуі жүзеге асырылды. Талдауға сәйкес 2009 жылда мемлекеттік органдарында мемлекеттік тілде іс жүргізудің үлес салмағы құжат айналымның жалпы көлемінде 98% құрады. Бірақ, қазақ тілімен бірге ресми түрде орыс тілі қолданатын еске алуы қажет, ағылшын тілін үйренуге шарттар құрылып жатыр.

Мекемелердің материалдықтехникалық базасы күшейтілген: қазақ тілі кабинеттері қызіргі заманғы құралдармен және қажетті оқу-әдістемелік әдебиетпен жабдықталған; 12 мекемеде мультимедиялық бөлімшелер орнатылды. Мәжілістерді мемлекеттік тілде жүргізу үшін синхрондық құралмен жабдықталған 8 залы бар.

Жыл сайын қазақ тілінде оқытатын бала бақша мен мектептердің саны ұлғайып жатыр. Егер 2005 жылда қазақ тілінде оқытатын 4 бала бақша мен 14 мектеп қызмет етсе, 2009 жылда бұндай бала бақшалардың саны 8-дейін, ал мектептердің саны 19-дейін өсті.

Жалпы қазақ тілін қолдану деңгейі қалада 40% құрайды.

Ономастика саласында да жетістіктерді байқауға болады. 1997 жылдан бастап 2009 жылдар бойы 800 көшелері жаңа атауларын алды және қайта аталған. Көшелердің жаңа атаулыры тарихи, географиялық, әлеуметтік-мәдениет шындығына байланысты.

Тұрақты түрде сыртқы жарнама мен визуалды ақпараттың мәселелері бақылауға алынған. Апта сайын жарнаманың тілдер туралы заңнаманың нормаларына сәйкес келу бойынша рейдттер жүргізіледі. Кәсіпкерліктермен түсіндіру жұмысының нәтижесінде 400-ден аса нысандар қазақ тілінде аталған.

Аумақтың лингвистикалық капиталын сақтау мақсатында 11 жексенбілік мектептің қызметі қамтамасыз етілген, бұнда қалада тұратын этностардың тілдері үйренуде. Осы мектептерде 400 оқушы бар.

Тіл саясаты саласындағы негізгі мәселелер:

іскерлік сөйлесу, бизнес, ғыыми саласында, сонымен бірге халыққа қызмет көрсету саласында, мемлекеттік қызметтерді ұсыну саласында мемлекеттік тілді қолдануының төмен деңгейі;

тілдер туралы заңнамаларының талаптарын сақтамау факторларының бар болуы;

мемлекеттік тілге оқыту бірығай әдістемесі мен стандарттардың жоқтығы.


Спортты дамыту.

Астана қаласында 464 спорт құрылыстары қызмет етеді, оның ішінде 170 спорт залдары, 19 жүзу әуіті, 13 спорттық (дене шынықтыру мен денсаулық) кешендері, 1500 және артық орын бар 4 стадионы, 3 спорт сарайлары, 5 спорт манеждері, 1 шаңғы және 1 есу базасы, 21 ату тирі, 1 атыс алаңы, 1 ескіш каналы, 2 эллинг, 22 теннис корты, 45 салынған залдар, 16 хоккей корттары, 3 ипподром, 137 жазықтық спорт құрылыстары пайдалануға берілді, соның ішінде велотрек, коньки тебу стадионы, олимпиада резервінің орталығы. 2 500 оыр бар Ұлттық теннис орталығы, 30 000 орынға жабық футбол стадионы қызмет етеді. Сонымен қатар республикалық велотректі, олимпиадаға дайындау орталығын, коньки тебу стадионын және қазақстан спорт сарайына қосалқы құрылысы жүргізілуде.

Балалар-жастық спорт мектептердің тәрбиелінушілердің контингенті өсіп жатыр. 2009 жылда 7801 адам құрады (2008 жылда олардың саны 6630 құрады).

Астана қаласының спорт шеберлерін дайындауға бағытталған бөлінетін қаражат елдің ұлттық құрама командасымен бірге мықты қазақстан спорт шеберлерінен тәжірибесі мен шеберлігін алып оқу-жаттығуда қатысуға мүмкіндік береді. Бұл дайындық Астанадан республиканың құрамасында санын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Егер 2008 жылы Ұлттық құрама команда мүшелерінің саны кез келген спорт түрлері бойынша 464 спорт шебері болса, 2009 жылда Ұлттық құрамаға түскен мүшелерінің саны 618 адмға дейін өсті, олардың ішінен 548 жызғы олимпиада және олимпияда емес түрі бойынша, ал 70 қысқы спорт түрлері бойынша.

2009 жылы Астанада 400 спортық бақаралық және сауықтыру шаралар өткізілді, бұнда 120 мың адам қамтылды (2008 жылда 360 шаралар және 98 мың адам сәйкес).

2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда (433 бірлік) спорт нысандардың саны ұлғайды (464 бірлік).

2009 жылы «Халықаралық топтағы спорт шебері» атағын 31 спорт шеберлеріне берілді (2008 жылда - 6), Қазақстан Республикасының спорт шеберлері 77 спорт шебері болып танылды (2008 жылда - 47).

Спортты даму саласындағы негізгі мәселелер:

қаланың спорт мекемелердің нашар материалдық-техникалық базасы;

бұқаралық дене шынықтыру мен халықпен денсаулықты сақтау мәселелері бойынша назардың жеткіліксіздігі.


Ішкі саясат.

Этникааралық және ұлтаралық келісімді күшейту бойынша Астана қаласы әкімдігінің басты мақсаты ретінде ұлт бірлігін қамтамасыз ету, қоғам бірлігі мен саясат тұрақтылығы демократиялық принциптерін өмірде іске асыруы, азаматтық отаншылығын тәрбиелеу бойынша мемлекеттк саясатын жүргізуі болады.

Осы мақсаттарда үнемі тақырыптық әлеуметтік зерттеулер жүргізіледі, халықтың кез келген категорияларының идеологиялық және өте қажетті сауалдары зерттеледі, қаланың өмір әрекетінің мәселелі көріністері айқындалады және т.б. Жалпы ретінде 14 әлеуметтік зертеулер жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы, Елдің даму стратегиясының ұзақ мерзімді басымдықтарын нақтылайтын және ашатын құжат ретінде кеңейтілген таныстыру бойынша жұмыс күшейтілген.

Реформа бағыттарын және мемлекеттік саясатын насихаттау мен түсіндіруі басқармамен ақпараттық-насихаттау топтары арқылы (АНТ) жүзеге асырылады. Бүгінгі күнде Астана қаласында 14 АНТ және 93 коммуникатор қызмет етеді.

Олардың келіслген қызметі халықты кең қамтуын қамтамасыз етеді. Шаралар әзірленген жоспарлар мен кестесіне сәйкес: жұмыс орны, оқу орны, тұратын жер бойынша жүргізіледі.

Қоғаммен өзара қатына механизм ретінде АНТ қызметінің тиімділігін жоғарлату мақсатында олардың әдістемелік жұмысына және оқыту семинарларын өткізуге тұрақты назар бөлінеді.

2010 жылда Жолдау бойынша 10 мың дана санында брошюралар шығарылды және таратылды. 508 дәріс, баяндама, кездесулер, «дөңгелек үстелдер» және басқа халықпен жұмыс нысандары өткізілді. Барлығымен Жолдаудың негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша 37795 адам қамтылды.

Қазіргі уақытта қалада 300 ден астам үкіметтік емес ұйым қызмет етеді, олардың 80 мемлекеттік органдарымен белсенді ынтымақтастықта болады.

Қазіргі уақытта мемлекеттік органдары мен ЖЗҚ араларында негізгі қызмет бағыттарында: денсаулық сақтау, экология, жас, гендерлік саясаты, ғылыми, адам құқығын сақтау, мүгедектерге қолдау көрсету, мәдениет пен өнер, қамқоршылық, шағын және орта бизнесті қолдау бойынша сенімді қарым-қатынастарды орнату бойынша үнемі кездесулер өткізуін практикасы негізілген.

Қаланың ҮЕҰ мәселелерін шешу мақсатында үнемі түрде Астана қаласы әкімдігі жанындағы ҮЕҰ бірге ынтымақтастық пен өзара-қатынастар бойынша Консультативтік кеңесінің отырыстары жүргізіледі.

Жалпы ретінде Астана қаласындағы қоғамдық саяси жағдайы тұрақты және болжамды болып қалады. Қала қызметері мен ведомстволармен бірлесіп тұрақты түрде ішкі саясат тұрақтылығын күшейтуге, халықтың саяси мәдениетін қаллыптастыруына, қоғам көзқарасын зерттеуге бағыталған кешендік шаралар жүзеге асырылады.

Астана елдің жас қалалардың бірі болады, жастардың саны 159400 адам болады, немесе халықтың жалпы сананын 27,7% құрайды. Астананың жоғары білім беру жүйесі 14 ЖОО ұсынылған: 2 мемлекеттік, 6 акционерлік қоғамы, 6 жеке меншік түрінде. Студенттердің жалпы саны 41 834 адам. Олардың ішінде қала студенттердің саны 20639 адам (49,3%), басқа қаладан – 12634 адам (32,2%), шетел – 167 адам (0,4%) құрайды.

Дәстүрлі жастардың мүдделерін жылжыту негізгі механизмдері ретінде жас ұйымдары болып табылады. Жастардың құқытарын қорғау үшін Астанада 55 жас ұйымдары қызмет етеді.

Жастардың әлеуметтік интеграция мен өзін реттеу саласында қимылды механизм әзірленген және енгізілген, бұл механизм жас ұйымдарын жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын әлеуметті маңызды жобаларға тартуға бағытталған.

Астана қаласында 243 бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген, олардың ішінде 141 БАҚ (84%) мемлекеттік емес кәсіпорындар құрайды. Медиа-рыноктың құрылымында (66,5%) көбісі газеттер мен журналдар құрайды, 24% электрондық және 9,5% - ақпарат агенттіктері.

Халықтың отандық БАҚ-на қызығұшылықтың өсу үрдісі байқалады. Ол туралы басылым БАҚ тираждардың ұлғаюы куәландырады, соның ішінде тәуелсіз, сонымен қатар тәуелсіз зерттеу агенттіктердің рейтингтің өлшемдері. 2008 жылда «Астана Ақшамы» аумақтық газетінің тиражы 3000, ал 2010 жылда – 15100 дана құарыды.


Қылмыстық.

Жалпы ретінде Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің қолдаумен астаналық полиция гонизонымен және жергілікті атқарушы органымен қаладағы қылмыстық процесстерінің дамуына жол берілмеді, сонымен бірге жедел жағдайдың тұрақтылығын сақтауға қамтамасыз етілді.

2007-2009 жылдар бойынша қылмыстарды ашу деңгейі барлық түрлері бойынша 10 пайызға өсті. Басқа аумақтардан миграциялық ағымдарға байланысты қала халықтың санын өсуіне қарамастан қылмыстық деңгейі ауыр қылмыс пен аса ауыр қылмыстардың үлесінің көрсеткіштері тұрақты қалып отыр (10 мың халыққа).

Соңғы жылдары ІІД қабылданып жатқан шаралардың арқасында тіркелген қылмыстардың өсуі толқталғаны байқалады. Бірақ Бас Прокуратурасының және Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің 2010 жылдың 20 қаңтардағы №4/22 біріккен бұйрығына сәйкес қылмыстарды жасыру факторларын жою мақсатында және қылмыс туралы арыздары мен хабарлауды 100% тіркеу үшін 2010 жылдың 1 ақпанынан астана қаласының ІІД және оның аумақтық бөлімшілерінде қылмыстар мен оқиғалар туралы арыздары мен хабарлауларды электрондық тіркеу бойынша алғашқы жобасы жүзеге асыруында. Осыған байланысты тіркелген қылмыстардың саны өткен жылдардың ұқсас кезеңіне қарағанда жоғары болып жатыр.

Қоғам тәртібін сақтау және қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында ІІД осы стратегиялық бағытындағы жедел қызметінің негізгі бағыттарын анықтайтын мәселелер туындап жатыр.

Жоғары қылмыстықпен қаланың қоғам орындары мінезделінеді. Сонымен қоғам орындарында болған тіркелген қылмыстардың (36,5%) өсуі болыды (2008 жылда осы категориядағы қылмыстардың үлес салмағы 9,8%, ал 2009 жылда – 13,2% құрады).

Тұрмыстық қылмыстардың алдын алуш шаралары тиімсіз қалып отыр. Өлтірушіліктің және денсаулыққа ауыр зиян келтіру жасалғанының үштен бірінде тұрмыстық себебінде, алкоголь түрлерінде жасалады.

Қамелетке толмағандар жасалған қылмыстардың тіркелудің ұлғаюы (+8,9%) байқалады (2008 жылда осы категориядағы қлымыстардың үлес салмағы 2,8%, 2009 жылда – 3,0% құрады). Қылмысқа қатысушылардың жартысы мектептер мен гимназиялардың оқушылары болады.

Соңғы жалдарында апаттардың негізгі көрсеткіштерінің қысқарылуы байқалады. Осымен бірге қаланың жол-көліктік кешені қиын жағдайда қызмет етеді. Автомобиль паркының өсу қарқыны көше-жол желісін даму қарқынан алда болады.

Жол қозғалысы қатысушылардың көліктік дисциплинасы төмен деңгейінде қалып жатыр. Жүргізуші калдрларын дайындау жүйесін жақсартуы маңызды мәселе болып жатыр.

Осы және басқа да кешендік себептер жол-көлік оқиғалар салдарының қиындығын анықтайды.

2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылда тіркелген жол-көлік оқиғалары 2,6% азайды. Сонымен, ЖКО деңгейі (10 мың автокөлік бірлігіне) 200 8жылда 18,9%, 2009 жылда 18,0% құрады. ЖКО жәбірленгендердің деңгейі (100 мың халыққа) 2008 жылда 75,2%, 2009 жылда 65,6% құрады. Көз жұмған адамдардың саны 25,9% төмендеді. Бірақ балалардың қатысуымен ЖКО саны 58,8% ұлғайды, көз жұмған балалардың саны 200,0% өсті. ЖКО көз жұмғандардың деңгейі (100 жәбірленушілерге) 2008 жылда 16,8%, 2009 жылда 13,3% құрады.

Қаладағы құқық сақтау жағдайына сыртқы және ішкі факторлары әсерін тигізеді. Қаржы дағдарысқа байланыстыэкономикадағы қиындықтар, халық бөлігінің толығымен жұмыспен қамтуы, қарақшылықтардың, тонаулардың жіне басқа да қылмыстардың себептері болады.

Жедел жағдайын қиындататын негізгі факторы тонау болып табылады. Жалпы қылмыстық құрамында бір неше жыл бойы бұлар жартысын құрайды, олардың үштен бір бөлігі ашылмай қалады.

Жалпы ретінде қылмыстарды ашу деңгейі 2008 жылдың 67,7% қарсы 2009 жылда 69,3% (өсуі 1,6%) болды. Ауыр қылмыстардың үлес салмағы 2009 жыл бойынша 29,2% құрады, аса қауіпті қылмыстардың 3,0%, бөтен мүлкін тонау 39,4% құрады. 2009 жылда ашу деңгейі 67,6% және сәйкес 88,1% құрады.

Астана қаласындағы қылмыспен күресудің негізгі мәселелер:

отбасылық-тұрмыстық, жас өспірім және жас орта саласында құқық бұзушылықты құқықтық және ұйымдастыру қосымша алдын алу механизмдерін анықтаған «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» және «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» заңдарын қабылдауына қарамастан қалада халыққа және азаматтық қоғамының институттарында тірек болатын тиімді жалпы мемлекеттік жүйе құрылған жоқ;

соңғы жылдарына апаттардың негізгі көрсеткіштерін қысқаруына қарамастан, жол-көлік оқиғалардың салдарының ауырлығы жоғары деңгейінде болады;

учаскелік полиция инспекторлар және кәмелетке толмағандар істері бойынша қызметтері мемлекеттік және қоғамдық институтарының шамалы мамандық потенциалы жағдайында қызмет етеді;

қылмыстың қайталауын алдын алу бойынша жүзеге асрылып жатқан шаралар көбінде бостандығынан айыру жерінен шыққан тұлғаларды әлеуметтік адаптациялау мен ақтау жүйесінің жоқ болуына байланыстыжағымды нәтижелерге келтірмейді;

қаладағы қылмыстық жағдайын қиынтатып жататын заңсыз миграциялық ағымының интенсификациялауы алаңдату туғызып жатыр. Жыл сайын шетел азаматтарымен қылмыстардың маңызды саны жасалады, негізінде бұл пайдақор-зорлық және есерткі қылмыстары болады.


Инфрақұрылымдық кешені

Жол-көліктік инфрақұрылымы.

2009 жылдың жағдайына Астана қаласында 656 жол бар және 749,5 км ұзындығы жалпы пайдалану көшелер бар. Асфальтбетон төселген жолдар - 56%.

2007-2009 жылдар мерзімі ішінде 73,7 км автомобиль жолдары салынды, 25,7 км автомобиль жолдарының қайта құрылды, 504 ұзындығы бар автомобиль жолдарының жөндеуі жүргізілді, 11 автожол көпірі, 6 көлік шешімдері салынды.

Қалалық маршруттық желісінің ұзындығы 2320,5 км құрайды. Есептік мерзімге, 58 маршрутында 769 бірлік көлік құралы жұмыс істейді, соның ішінде таксомотор компаниялардың қызметтері 150 бірлік көлік құралдары бар 4 мамандырылған компаниямен ұсынылған: «Экипаж», «Экипаж плюс», «Ақ жол», «Боз жорға» ЖШС.


Жүк айналымы

млн.ткм

2097,1

2359,3

2772,8

2929,4

3043,9

Жолаушы айналымы

млн.пкм

5946,6

6920,1

7246,1

8173,6

8200,0
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

Похожие:

2011-2015 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасы icon2011-2015 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасы
Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар мен нәтижелік көрсеткіштер және оларғА Қол жеткізу жолдары 73
2011-2015 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасы icon2011-2015 жылда Зырян ауданының «Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мм дамыту бағдарламасы
Р үдемелі индустриалды инновациялық дамуы жөніндегі мемлекеттік бағдарлама, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы...
2011-2015 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасы icon1 –ші кесте Аудандық бюджеттің 2012 -2014 жылдарға арналған негізгі параметрлары
Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына және Шығыс Қазақстан облысының 2011 -2015 жылдарға арналған әлеуметтік...
2011-2015 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасы icon2011-2015 жылдарға арналған қаланың дамыту Бағдарламасы туралы түсіндірме жазба
Бағдарламасы 2011 жылдың 27 қаңтарында №36-2 мәслихат шешімімен бекітілді. Бағдарламаға 2011 жылғы 20 желтоқсанда №43-8 және 2013...
2011-2015 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасы iconЖұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2012 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы
Алматы қаласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы мен Басқарманың Стратегиялық жоспарының аясында іске асырылады
2011-2015 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасы icon2011-2015 жылдарға арналған атырау облысының аймақтарын дамыту бағдарламасы
Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы №827 «Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлығы
2011-2015 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасы icon2011-2015 жылдарға Өскемен қаласының аумағын дамыту бағдарламасы

2011-2015 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасы iconАқсу қаласын дамытудың 2013-2015 жылдарға арналған Кешенді жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының
Ақсу қаласын тұрақты жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың өндірістік сыйымдылығына байланысты оңтайландыру
2011-2015 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасы icon2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын Павлодар облысында іске асыру жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан...
2011-2015 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасы iconПавлодар облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы туралы
«Павлодар облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» №330/30 шешімімен бекітілді
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница