2011-2015 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасы




Название2011-2015 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасы
страница1/28
Дата конвертации10.02.2016
Размер3.86 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.economika.astana.kz/UserFiles/new16/programa_kaz.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28


Астана қаласы мәслихатының

2010 жылғы 29 желтоқсандағы

№421/55-IV шешіміне

1 қосымша





2011-2015 жылдарға арналған

Астана қаласын дамыту бағдарламасы


Астана қаласы, 2010 жыл

мазмұны


1.КІРІСПЕ 5

2.бағдарлама төлқұжаты 6

3. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ 15

3.1. Қаланың позитивті және негативті жақтарын, сондай-ақ, олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсерін бағалау 15

2.2. Қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау 17

3.3. Қаланың әлеуметтік экономикалық дамуының мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау 67

3.4. Қаланың даму артықшылықтары мен мүмкіндіктердің негізгі мәселелерін, қауіпін, ұстау факторларын кешендік мінездеу 69

4. Қала дамуының көрінісі 73

5. НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР, МАҚСАТТАР, МІНДЕТТЕР, МАҚСАТТЫҚ ИНДИКАТОРЛАР МЕН НӘТИЖЕЛІК КӨРСЕТКІШТЕР ЖӘНЕ ОЛАРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ 74

1 БАҒЫТ. ҚАЛАНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛАСЫН ДАМЫТУ 74

1 мақсаты. Жеделдетілген әртараптандыру жолымен елорданың тұрақты экономикалық өсуін қамтамасыз ету 74

2 мақсаты. Бизнес ортаны жақсарту, сауда мен кәсіпкерлекті дамыту 84

3 мақсат: Туризмді дамыту 88

2-бағыт. әлеуметтік ортаны және адамЗАТ капиталын дамыту 90

1 мақсат. Білім сапасын, қол жетімділігін, тартымдылығын жақсарту және балалардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру 90

2 мақсат. Азаматтардың денсаулығын нығайту саясатын өткізу арқылы астананың адамзат капиталының сапасын арттыру 98

3 мақсат. Тұрғындардың өнімді жұмыстылығын және тиімді әлеуметтік қорғауын қамтамасыз ету 110

4 мақсат. Бұқаралық спорт, дене шынықтыру-сауықтыру қозғалысын және жоғары жетістіктер спорттың дамуы 114

5 мақсат. Тарихи-мәдени мұраны сақтау және дамыту, мемлекеттік тіл мен отандық мәдениетті жалпыға танымал ету, ұлттар бірлігін қамтамасыз ету және қазақстандық патриоттықты нығайту 116

6-мақсат. Тұлға мен қоғамның қауіпсіздігін, азаматтардың конституциялық құқықтарының мүлтіксіз сақтауын 2020 жылға қамтамасыз ету 122

3 БАҒЫТ. инфраҚҰРЫЛЫМ кЕШЕНІНІҢ ДАМУЫ 124

1-мақсат. Астана дамуының инфрақұрылымын қамтамасыз ету 124

2 мақсат. Тұтынушыларды тиісті сападағы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету, тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің жұмыс істеу сенімділігі және тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық қызметінің тиімділігін жоғарылату. 127

3- мақсат. Энергетикалық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету 130

4 БАҒЫТ. АУМАҚТЫҚ (КЕҢІСТІК) ДАМУ 133

1 мақсат. Экономикалық әлеуеттің тиімді аумақтық ұйымды және орын ауыстырудың жағымды макроаймағын құру 133

2 мақсат. Қаланың экожүйесін сақтау және қалпына келтіру бойынша жағдай жасау 136

5 БАҒЫТ. ЖЕРГІЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ 138

1-мақсат. Мемлекеттiк органдар қызметінiң тиiмдiлiгiнiң жоғарылатуы 138

6. БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУ КЕЗЕҢДЕРІ 140

7. ҚАЖЕТТІ ҚОРЛАР 140

8. БАҒДАРЛАМАНЫ БАСҚАРУ 141



  1. КІРІСПЕ



2011-2015 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасы (бұдан әрі – Даму бағдарламасы) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығын, ҚР Президентінің 2010 жылғы 17 ақпандағы № 925 Жарлығымен бекітілген 2010 жылғы 29 қаңтардағы Елбасының Қазақстан халқына «Жаңа он жылдық – жаңа экономикалық көтерілу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының 9 - тармағын жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындау барысында әзірленген.

Даму бағдарламасы аумақтың негізгі әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешуге және осы негіздегі халықтың өмір деңгейін көтеруге, өндірістік, еңбек және интеллектуалдық потенциалды көтеруге және басқа да мақсаттарға бағытталған.

Өңірлік проблемаларды шешу Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының негізгі бағыттарын, елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамдық сызбасын, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, әрі Астана қаласының 2030 жылға дейінгі орнықты дамуының стратегиялық жоспарын есепке ала отырып, бағдарламалық-мақсаттық әдіске негізделеді.

Даму жоспарының шегінде қала жағдайының осы заманғы әлеуметтік-экономикалық күйіне кешендік талдау жасалды, дамудың мықты және осал жақтары, қауіптері мен мүмкіндіктері анықталды.

Астана – елдің негізгі желілерінің қиылысында тұрған Қазақстанның ірі басқару, әрі инновациялық орталығы. Астана қаласының аумақтық дамуының бәсекелестік басымдықтары оның ұтымды географиялық орында тұрғандығында, ел аймақтары мен көрші мемлекеттердің автомобиль және темір жол желілерін байланыстыратын ірі көлік торабы ретінде қаланың тарихи кеңістік ұйымы болып қалыптасқандығында. Астананың осы сапаларының үйлесімі оны шекараласып жатқан облыстардың экономикалық белсенділігін өзіне орталықтандыратын келешектегі көшбасшы-қала және елдің басқа аумақтары үшін локомотив рөлін атқаратын қала етеді.

Қолда бар бәсекелестік басымдықтарды, мүмкіндіктер мен қауіптерді ескере отырып, даму бағдарламасының іс-шараларын іске асыру тұрақты әлеуметтік, экономикалық және инфрақұрылымдық дамуға бағытталған. Халықтың өмір деңгейі мен сапасын көтеру ішкі және сыртқы факторларды барынша қолдану, табиғи кешендер мен қоршаған ортаны сауықтырудың іске асыру потенциалын сақтау арқылы экономикалық және әлеуметтік қабаттың қарқынды дамуын қамтамасыз ету жолымен қаралуда.

  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

Похожие:

2011-2015 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасы icon2011-2015 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасы
Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар мен нәтижелік көрсеткіштер және оларғА Қол жеткізу жолдары 73
2011-2015 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасы icon2011-2015 жылда Зырян ауданының «Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мм дамыту бағдарламасы
Р үдемелі индустриалды инновациялық дамуы жөніндегі мемлекеттік бағдарлама, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы...
2011-2015 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасы icon1 –ші кесте Аудандық бюджеттің 2012 -2014 жылдарға арналған негізгі параметрлары
Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына және Шығыс Қазақстан облысының 2011 -2015 жылдарға арналған әлеуметтік...
2011-2015 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасы icon2011-2015 жылдарға арналған қаланың дамыту Бағдарламасы туралы түсіндірме жазба
Бағдарламасы 2011 жылдың 27 қаңтарында №36-2 мәслихат шешімімен бекітілді. Бағдарламаға 2011 жылғы 20 желтоқсанда №43-8 және 2013...
2011-2015 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасы iconЖұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2012 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы
Алматы қаласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы мен Басқарманың Стратегиялық жоспарының аясында іске асырылады
2011-2015 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасы icon2011-2015 жылдарға арналған атырау облысының аймақтарын дамыту бағдарламасы
Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы №827 «Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлығы
2011-2015 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасы icon2011-2015 жылдарға Өскемен қаласының аумағын дамыту бағдарламасы

2011-2015 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасы iconАқсу қаласын дамытудың 2013-2015 жылдарға арналған Кешенді жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының
Ақсу қаласын тұрақты жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың өндірістік сыйымдылығына байланысты оңтайландыру
2011-2015 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасы icon2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын Павлодар облысында іске асыру жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан...
2011-2015 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасы iconПавлодар облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы туралы
«Павлодар облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» №330/30 шешімімен бекітілді
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница