«Жол картасын» жүзеге асыруға сәйкес аудан бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар туралы




Скачать 31.75 Kb.
Название«Жол картасын» жүзеге асыруға сәйкес аудан бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар туралы
Дата конвертации10.02.2016
Размер31.75 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://katon-karagay.vko.gov.kz/kz/files/social2_01.doc


«Жол картасын» жүзеге асыруға сәйкес

аудан бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар туралы

АҚПАРАТ



«Әлеуметтік жобалар»

Катонқарағай ауданы бойынша «Жол картасына» сәйкес, «Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде ауылдарда, ауылдық округтерде әлеуметтік жобаларды қаржыландыру» бағдарламасы бойынша – 15183 мың теңге көлемінде қаражат бөлінді, оның ішінде республикалық бюджет есебінен – 12331 мың теңге, жергілікті бюджеттен - 2852 мың теңге. Әлеуметтік жобаларды іске асыру нәтижесінде 150 жаңа жұмыс орны ашылып, 1 адамға орта есеппен айына 14,8 мың теңге көлемінде жалақы төлену жоспарланған.

Бағдарламаның бюджеттік бағдарламалар әкімшісі болып ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі белгіленді.

Аталған бөлім Катонқарағай ауданы әкімдігінің «Нарын» МҚК-ның мемлекеттік басқару органы болып табылады, сондықтан Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алулар туралы Заңының 4 бабының,1 тармағының 31 тармақшасына сәйкес мемлекеттік сатып алулар нормасы пайдаланылмай, жол картасы бойынша белгіленген жұмыстарды отандық жабдықтаушы «Нарын» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жүргізеді.

Бүгінгі күні жабдықтаушы «Нарын» МҚК-мен бюджеттік бағдарламалар әкімшісі арасында жергілікті және республикалық бюджет есебінен бөлінген қаражатты игеру үшін 04 мамыр күні №1, 2 келісім шарт жасалып, қазынашылықтан 21 мамыр күні тіркеуден өткізілді.

Барлық ауылдарда жұмыстарды жүргізу басталды, әлеуметтік жоба бойынша 150 жұмыс орнын ашуға Большенарым, Солоновка, Новоберезовка ауылдары бойынша «Нарын» МКҚ - ның директоры Н.Қ.Шаухинмен 150 адамды жұмысқа қабылдау бойынша меморандум жасалды.

2009 жылдың 01 маусымындағы жағдайға 73 жаңа жұмыс орны ашылды, соның ішінде: Большенарым ауылында – 56, Ново-Березовка ауылында – 4, Солоновка ауылында – 3, Катонқарағай ауылында 10 орын.

Мамыр айындағы жұмыссыздарға төленген жалақының жалпы сомасы - 1095 мың теңге, орташа еңбекақысы – 15 мың теңгені құрады.

Жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес, мамыр айында барлығы 2751,4 мың теңге қаражат жоспарланып игерілді, оның ішінде республикалық бюджет есебінен – 2466,2 мың теңге, аудандық бюджет есебінен – 285,2 мың теңге.

Соның ішінде: Большенарым ауылы – 1344,6 мың теңге, Катонқарағай ауылы – 1030 мың теңге, Ново-Березовка ауылы-188,4 мың теңге, Солоновка – 188,4 мың теңге.

Маусым айының жоспары 4554,9 мың теңге, төмендегідей нысандар бойынша игеріледі деп күтілуде, Большенарым ауылы – 1899,7 мың теңге, Катонқарағай ауылы – 1030 мың теңге, Ново-Березовка ауылы-813 мың теңге, Солоновка – 812,2 мың теңге.

Үстіміздегі жылдың 10 маусымынан Ново-Березовка ауылында 10 адам, Солоновка ауылында 10 адам, Катонқарағай ауылында 20 адам, Большенарым ауылында 110 адам барлығы 150 адам жұмысқа тартылып, оның ішінде: жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде тіркелген жұмыссыздар қатарынан 120 адам алынды, немесе Келісімге сәйкес барлық жұмысқа қабылданғандардың 80%.

Маусым айында Ново-Березовка, Солоновка ауылдарында абаттандыру жұмыстары, маусым-шілде айларында Катонқарағай ауылындағы азамат соғысының құрбандарына арналған мемориалды жөндеу жұмыстары аяқталады деп күтілуде.


«Әлеуметтік жұмыс орындары және жастар тәжірибесі»

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауындағы Жол картасын жүзеге асыру мақсатында, әлеуметтік жұмыс орындарын және жастар тәжірбиесінің бағдарламасын кеңейтуге бөлінген мақсатты трансферттерге сәйкес әлеуметтік жұмыс орындарына 60 адамды және жоғары,орта кәсіптік және орта оқу орындарының 20 түлектерді жіберу жоспарланып отыр.

Қаржыны игеру жұмыстары маусым айынан басталады. Жастар тәжірбиесіне – 300,0 мың теңге, әлеуметтік жұмыс орындарын ашуға - 600,0 мың теңге бөлініп отыр. Қазіргі уақытта әлеуметтік жұмыс орындарына 40 адам және жастар тәжірбиесіне 20 адам тиісті мекемелерге жіберіліп, жұмыс істеуде.

«Жол картасы» бойынша кадрларды дайындау және қайта даярлау қысқа мерзімді курстары Большенарым ауылындағы №22 кәсіптік лицейінде ұйымдастырылған. 20 мамырдан бастап 2 топ газбен дәнекерлеуші және электромонтер тобы ашылып 34 адамды оқыту басталды. Жоспарға сәйкес, Жол картасы бойынша 90 адам келесі мамандықтар бойынша оқыту жоспарланған: Мамыр-электромонтер – 17 адам – 3 айға, газоэлектросварщик – 17 адам – 3 айға; Шілде – тракторист – машинист – 15 адам – 3 айға; Қыркүйек – тігінші – 15 адам – 3 айға, аспаз – 10 адам – 2 айға; Қазан – оператор ЭВМ – 16 адам – 1 айға.

Сонымен қатар, облыстық оқыту мекемелерінде 56 адамды даярлау және қайта даярлау курстарында оқыту жоспарланған. 2009 жылы барлығы 146 адам қайта даярлау курстарынан өтеді.


Экономика және бюджеттік

жоспарлау бөлімінің бастығы М. Нұрғалиев

Похожие:

«Жол картасын» жүзеге асыруға сәйкес аудан бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар туралы iconАудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2014 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстары туралы хабарлама
Аудан бойынша мәдениет саласында 25 кітапхана, 20 мәдениет және клуб үйлері халыққа мәдени-ақпараттық қызмет көрсетіп отыр. Аудан...
«Жол картасын» жүзеге асыруға сәйкес аудан бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар туралы iconҚазақстан халқының тілдері күні
Сонымен бірге «Тіл-ұлттық қазына» атты кітап көрмесі өтті. Онда мемлекеттік тілді дамыту жолында кітапхана тарапынан атқарылып жатқан...
«Жол картасын» жүзеге асыруға сәйкес аудан бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар туралы iconҚазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы
Банк осы Заңға сәйкес банк қызметiн жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға
«Жол картасын» жүзеге асыруға сәйкес аудан бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар туралы iconТемір жол вокзалдары қызметін ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы
«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 1-тармағының 20 тармақшасына сәйкес...
«Жол картасын» жүзеге асыруға сәйкес аудан бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар туралы icon01. 02. 11ж жағдай бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға берілген лицензиялардын тоқтату және айырлу туралы Реестрі
Ос сериялы №20-11/1 және Дос сериялы №20-11/1 және қайта сақтандыру жөніндегі кызметті жүзеге асыру құқығына 2006 жылғы 23 мамырда...
«Жол картасын» жүзеге асыруға сәйкес аудан бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар туралы iconЖастармен жұмыс жөніндегі 2008-2009 жылдарға арналған бағдарламаның жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар
Аудан мектептерінде құқықтық тақырыпта құқық қорғау органдарының заңгерлерінің қатысуымен интерактивтік семинар-сабақтар өткізу
«Жол картасын» жүзеге асыруға сәйкес аудан бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар туралы icon2001 жылғы 20 сәуірдегі №120 Сақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру, актуарийлік қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын тоқтату және айыру, актуарийлердің біліктілік емтиханын тапсыру
«Сақтандыру қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы...
«Жол картасын» жүзеге асыруға сәйкес аудан бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар туралы iconОрта арнаулы білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар
Білім беру саласындағы инновациялық технологиялардың басты мақсаты күнделікті өзгеріп жатқан өмірге оқушыларды дайындау болып табылады....
«Жол картасын» жүзеге асыруға сәйкес аудан бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар туралы icon2011 жылды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылы деп жариялау туралы
Жарлығын орындау бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында өткізілген шаралар туралы ақпарат
«Жол картасын» жүзеге асыруға сәйкес аудан бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар туралы icon2009 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі бағыттары
Исо-9000 басқару сапасының халықаралық стандарттарын енгізу бағдарламасын жүзеге асыруға, Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің, қалалар...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница