Титульный лист программы обучения по дисциплине (Syllabus) Форма




Скачать 253.31 Kb.
НазваниеТитульный лист программы обучения по дисциплине (Syllabus) Форма
Дата конвертации10.02.2016
Размер253.31 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://psu.kz/arm/upload/umk/39276.doc

Титульный лист программы обучения по дисциплине

(Syllabus)




Форма

Ф СО ПГУ 7.18.3/07


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті


Физика және аспап жасау кафедрасы


050716 – «Аспап жасау» мамандығының студенттері үшін

«Приборлар мен жүйелерді жобалау негіздері»


ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(Syllabus)


Павлодар

Лист утверждения программы обучения по дисциплине

(Syllabus)




Форма

Ф СО ПГУ 7.18.3/38

БЕКІТЕМІН

ФМжАТФ деканы

__________ Ж. Қ. Нұрбекова

«___»____________2010 ж.


Құрастырушы: аға оқытушы _____________ Қ. Р. Досумбеков


Физика және аспап жасау кафедрасы


050716 – «Аспап жасау» мамандығының күндізгі оқу түрінің студенттері үшін

«Приборлар мен жүйелерді жобалау негіздері»

Пәні бойынша оқыту бағдарламасы (syllabus)


Бағдарлама 20__ж. __________ «____» бекітілген жұмыс бағдарламасының негізінде әзірленген


20__ж. « » _____ кафедра отырысында ұсынылған

Хаттама №___.

Кафедра меңгерушісі ___________ Ш. Қ. Биболов «___»_________20__ж.


Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің әдістемелік кеңесімен құпталған 20__ж. «____»_____________ хаттама №_____

ӘК төрағасы _______Ж. Г. Мұқанова


КЕЛІСІЛГЕН

Кафедра меңгерушісі____________ Ш. Қ. Биболов «___»_________20__ж.


1 Оқытушылар туралы мәлімет

Досумбеков Қайрат Рахметоллаұлы – физика және аспап жасау кафедрасының аға оқытушысы

Физика және аспап жасау кафедрасы БҒ А-313, байланыс тел.: 67-36-41


2 Пән туралы мәліметтер

Пән 6-семетр және 7-семестр оқылады. Пәннің жалпы көлемі 270 сағат, оның 90 сағаты – аудиториялық, ал 180 сағаты – студенттің өздік жұмысына (СӨЖ) арналған.

3 Пәннің еңбек көлемі


Семестр

Кредиттер саны

Аудиториялық сабақтар

түрі бойынша сағаттар саны

Студенттің өздік жұмысының сағаттары

Бақылау түрі

Барлығы

дәріс

тәжірибелік

зертханалық

студиялық

жеке

барлығы

СӨЖМ

6

3

45

15

30










90

45

емтихан

7

3

45

15

30










90

45

емтихан

Барлығы

8

90

30

60










180

90



4 Пәннің мақсаты мен міндеттері


Мақсаты:

приборлар мен жүйелерді жобалаудың принциптерін оқып үйрену, және оларды жобалау дағдысын қалыптастыру.

Міндеттері:

Пәннің міндеттері – приборлар мен жүйелерді құрудың принциптері мен физикалық негіздері және олардың даму перспективасы туралы негізгі мағлұматтар беру; приборлар және приборлық жүйелердегі сигналдар мен ақпараттарды түрлендіру модельдерін оқып үйрену; приборларды жобалауға жүйелік келіс беру; приборлардың негізгі сипаттамаларын оқу және оларды есептеудің, талдаудың әдістерін игеру; приборларды жобалаудың негізгі қадамдарын және олардың даму тенденцияларының негізін оқу.


5 Студенттердің біліміне, шеберлігіне және дағдыларына қойылатын талаптар

Пәнді жоғары деңгейде меңгеру үшін студенттердің математика, физика, химия, электротехника, электроника негіздері, ақпараттық - өлшеу технологиялардың негіздері, компьютерлік технологиялар, интегралдық және микропроцессорлық схемотехника, материалтану, автоматика негіздері, инженерлік графика, қолданбалы механика, алгоритмдеу және бағдарламалау, ақпарат алудың физикалық негіздері, конструкторлық материалдар және олардың ақаулары сияқты курстарында алған білімдерін, шеберліктерін және дағдыларын шыңдау.

6 Пререквизиттер

Пәнді меңгеру үшін келесі пәндерді оқу барысында иеленген білімдері, іскерліктері және дағдылары қажет: математика, физика, химия, электротехника, электроника негіздері, ақпараттық - өлшеу технологиялардың негіздері, компьютерлік технологиялар, интегралдық және микропроцессорлық схемотехника, материалтану, автоматика негіздері, инженерлік графика, қолданбалы механика, алгоритмдеу және бағдарламалау, ақпарат алудың физикалық негіздері, конструкторлық материалдар және олардың ақаулары.


7 Постреквезиттер

Пәнді оқу барысында студенттердің алған білімі, іскерлігі және дағдысы мамандық бойынша магистратурада оқылатын пәндерді жетік меңгеруге мүмкіндік береді.


8 Тақырыптық жоспар

№ р/р

Тақырыптар

Сабақ түрі бойынша сағаттар саны

дәріс

тәжірибе

зертхана

студиялық

жеке

СӨЖ




6 семестр

15

30










90

1

Аспаптар мен өлшеуіш жүйелердің негіздері және классификациялары.

4

8










22

2

Өлшеуіш аспаптары мен жүйелерінің негізгі сипаттамалары.

4

8










22

3

Аспаптардағы өлшеуіш сигналдар

4

7










22

4

Аспаптарда өлшеуіш сигналдарды түрлендіру

3

7










24




7 семестр

15

30










90

5

Аспаптың сипаттамаларын есептеу әдістері

5

10










30

6

Аспаптар мен жүйелерді жобалаудың кезеңдері

5

10










30

7

Аспап жасаудағы өндірістік және технологиялық процестер

5

10










30

БАРЛЫҒЫ:

30

60










180



9 Пәннің қысқаша сипаттамасы

Приборлар мен жүйелерді жобалау – күрделі, еңбекті көп қажетсінетін жұмыс. Мысалы, қандай да бір приборды жасап шығару үшін үлкен көлемде конструкторлық құжаттар (көптеген сызбалар, кестелер) дайындау қажет. Ол бір-екі жыл уақытты қажет етеді. Сондықтан жобалаудың басты мәселесі: дайыну мерзімін қысқарту болып табылады. Ол ЭЕМ-нің, стандартты құрылымдардың, жүйелі әдістердің көмегімен жүзеге асырылады.

Ұсынылып отырған курста аспаптар мен жүйелердің түрлері, ерекшеліктері және оларды жобалау кезеңдері қарастырылады.

«Приборлар мен жүйелерді жобалау негіздері» курсы болашақ аспап жасау маманын дайындауда жетекші орындардың бірін алады және онсыз мамандырды дайындау мүмкін болмайтын іргелі міндеттерді атқарады.


10 Курстың компоненттері

Дәрістік сабақтардың мазмұны

1-тақырып Аспаптар мен өлшеуіш жүйелердің негіздері және классификациялары

1.1 Өнеркәсіпте аспаптар мен жүйелердің тағайындауы және қажеттілігі. Аспаптардың технологиялық процестерді басқару жүйелерінде және өндірістегі орны мен ролі

1.2 Аспаптардың классификациясы: өлшеуіш, қадағалауыш, ақпараттық, басқару; өлшеу аспабының анықтамасы, өлшеуіш қондырғылар, өлшеуіш жүйелері, өлшеу-есептеуіш кешені

1.3 Өлшеу аспаптарының және өлшеуіш жүйелерінің әртүрлі белгілері бойынша классификациясын талдау

1.4 Өлшеуіш аспаптар мен жүйелердің жалпыланған функционал құрылымы

1.5 Аспаптар мен өлшеу жүйелерінің типтік функционал компоненттері

1.6 Аспаптар мен жүйелердің элементтері және блоктары: салыстыру элементтері, логикалық элементтер, атқару және индикаторлық құрылғылар және басқалары

1.7 Өлшеуіш ақпараттық жүйелер: ұғым, классификация, функциялар, тағайындау көрсеткіштері

1.8 Өлшеу басқарушы жүйелер: ұғым, өлшеуіш және басқарушы функциялар, тағайындау көрсеткіштері

2-тақырып Өлшеуіш аспаптары мен жүйелерінің негізгі сипаттамалары

2.1 Аспаптар мен жүйелердің сапасының сипаттамасы (қателік, сенімділік, ақпараттық сыйымдылық, статистикалық және динамикалық сипаттамалар);

2.2 Метрологиялық сипаттама, оның түрлері. Сезімталдық және сезімталдық табалдырықтары, уақыттық және кеңістіктік рұқсат, өлшеулердің диапозоны, көрсетулердің вариациялары, градустық сипаттамалары

2.3 Аспаптар мен жүйелердің импульстік, жиіліктік және жіберушілік сипаттамалары

2.4 Аспаптар мен жүйелердің эксплуатациялау жағдайларын бағалау принциптері

2.5 Аспаптар мен жүйелердің өлшеу құралдары ретіндегі қателіктері

2.6 Өлшеу құралдарының сенімділігі, метрологиялық сенімділік және метрологиялық қабылдамау ұғымдары, сенімділік сипаттамасы ретінде метрологиялылық ұғымы.

3-тақырып Аспаптардағы өлшеуіш сигналдар

3.1 Аналогтық және сандық сигналдар ұғымы

3.2 Аспаптарда сигналдарды кванттау және кодтау ұғымы. Сандық кодтар: екілік, сегіздік, Грей коды, Баркер коды, штрих коды, және т.б., кодтардың аудармасы, өндірістік жүйелерде ақпаратты кодтау және беру принциптары

3.3 Аспаптардың элементтеріндегі процестердің жалпыланған ақпараттық модельдері

3.4 Аспаптардың ақпараттық модельдерінің даму тенденциялары

4-тақырып Аспаптарда өлшеуіш сигналдарды түрлендіру

4.1 Өлшеуіш түрлендіргіш, алғашқы өлшеуіш түрлендіргіш, датчик ұғымдары.

4.2 Датчиктерді түрлендіргіштердің классификациялары, әртүрлі кластағы түрлендіргіштердің жұмыс жасауының қысқаша физикалық негіздері.

4.3 Әртүрлі физикалық шамаларды және өрістерді түрлендіргіштер. Түрлендіргіштердің өзара байланысы және ауыспалылығы.

4.4 Датчиктердің негізгі сипаттамалары.

4.5 Жобалау кезінде өлшеу жүйелерінің элементтерін таңдау принциптері.

4.6 Датчиктердің түрлендіргіштерінің бөгеттен қорғанушылық принциптері.

4.7 Түрлендіргіштердің сыртқы ортамен әрекеттестігі.

4.8 Аспап түрлендіргіштердің каскады ретінде.

4.9 Сигналды түрлендіру кезінде ақпараттың жоғалуы.

5-тақырып Аспаптың сипаттамаларын есептеу әдістері

5.1 Аспаптың статикалық метрологиялық сипаттамалары есептерінің негіздері.

5.2 Аспаптардың арналарының импульстік, ауыспалу және амплитудалы-жиіліктік өлшеуіш сипаттамаларын есептеу негіздері.

5.3 Ақпарат мөлшері аспаптың тағайындалуының жалпы көрсеткіші ретінде, есептеулер.

5.4 Аспаптың метрологиялық сенімділігін және метрологиялық қабылдамауын бағалау өлшеу құралы ретінде.

6-тақырып Аспаптар мен жүйелерді жобалаудың кезеңдері

6.1 Жобалаудың негізгі кезеңдерінің мағыналық тағайындаулары және мазмұны модельдеу процедурасы ретінде, олардың жобалаудың мақсаты мен міндетті қою жүйесінен тәуелділігі.

6.2 Жобалық процедураның автоматтандыруының әдістері мен құралдары.

6.3 Жобалау процедураларына жүйелік келіс, вариациялық және функционалды-параметрлік жобалаудың әдістері.

6.4 Аспаптар мен жүйелерді конструкторлық және технологиялық жобалаудың ерекшеліктері. Синтез, талдау, жобалау процедураларын ықшамдау.

6.5 Аспаптар мен өлшеуіш жүйелерді жобалаудың типтік алгоритмі.

6.6 Аспаптарды жобалауда интернет-қорларын қолдану принциптері.

7-тақырып Аспап жасаудағы өндірістік және технологиялық процестер

7.1 Негізгі ұғымдар және анықтамалар: өндірістік процесс, технологиялық процесс, бұйым, бөлшек, дайындау, бұйымдардың сапасы және оның сипаттамасы, даярлаудың қамтамасыз етілетін технологиялары, аспаптарды құрастыру және байқаулар

7.2 Аспаптардың бөлшектерін даярлау технологиялық процесінің құрылымы: операция, технологиялық және қосалқы ауысулар, элементарлық ауысу, жұмыс қадамы, құру позициясы

7.3 Аспаптарды өндірудің технологиялық дайындауы

7.4 Өндірістердің түрлері және олардың негізгі сипаттамалары.

Тәжірибелік сабақтардың мазмұны

1) Өлшеу алгоритмінің берілген блок-схемасы бойынша аспаптардың функционалдық құрылымын жасау.

2) Функционалдық құрылымның элементтеріне қойылатын талаптарын жасау.

3) Эксплуатацияның берілген жағдайларын талдау, функционалдық құрылымына қойылатын талаптарды ранктау.

4) Алынған функционалдық құрылым үшін берілген жағдайларда ақпаратты түрлендіру принципін таңдау.

5) Алынған функционалдық құрылым үшін ақпараттық түрлендіргіштерді және функционалдық компоненттерді таңдау және негіздеу.

6) Функционалдық құрылыммен алынған аспаптың статикалық және динамикалық сипаттамаларын есептеу.

7) Аспаптардың функционалдық құрылымдарын синтездеу және оптимизациялау.

8) Аспаптар мен өлшеуіш жүйелерді жобалаудың типтік алгоритмі.


Студенттің өздік жұмысының мазмұны



р/р

СӨЖ түрі

Есеп беру формасы

Бақылау түрі

Сағат көлемі

6 семестр

7 семестр

1

Дәріс сабақтарына дайындық




Сабаққа қатысу

20

20

2

Тәжірибелік сабақтарға дайындық

ТЖ материал

ТС қатысу

20

20

3

Аудиториялық сабақтар мазмұнына енбеген материалдарды оқу

Конспект (және т.б.)

Коллоквиум (және т.б.)

20

20

4

Бақылау шараларына дайындық




МБ 1, МБ 2, коллоквиум, тест жазу

30

30

БАРЛЫҒЫ:

90

90



Студенттерге өздігінен оқып үйренуге ұсынылатын тақырыптар тізімі



р/р

Тақырып

Мазмұны

Бақылау түрі

Ұсынылатын әдебиет



1-тақырып Аспаптар мен өлшеуіш жүйелердің негіздері және классификациялары

Ұсынылған өлшеу алгоритмінің блок-схемасы бойынша аспаптың функционалды құрылымын жасау. Функционалды құрылымның элементтеріне қойылатын талаптар жүйесін жасау. Эксплуатацияның берілген жағдайларын талдау, функционалды құрылымның элементтеріне қойылатын талаптарын рангтарға жіктеу.

Конспект

[5,6,15,18]



2-тақырып Өлшеуіш аспаптар мен жүйелердің негізгі сипаттамалары

Берілген кластардағы аспаптар классификациясының алгоритмі және ақпараттық ізденістің нәтижелері, олардың даму тенденциялары. Аспаптардың нақты класының сипаттамаларының талдауы. Аспаптар мен олардың компоненттерін берілген талаптары, елдері, фирмалары бойынша интернет-ізденіс

Конспект

[5,6,15,18]



3-тақырып Аспаптардағы өлшеуіш сигналдар

Таңдалған функционалды құрылым үшін берілген жағдайларда ақпаратты түрлендіргіштің принципін таңдау. Таңдалған функционалды құрылым үшін функционалды компоненттерді және ақпаратты түрлендіргіштерді таңдау және негіздеу.

Конспект

[5,6,15,18]



4-тақырып Аспаптарда өлшеуіш сигналдарды түрлендіру

Берілген принциптердегі датчиктердің және аспаптың компоненттерінің классификациясын жасау. Берілген физикалық принциптегі датчиктердің сипаттамаларын салыстыру. Физикалық шамасы берілген датчиктердің даму тенденциясы.

Конспект

[5,6,15,18]



5-тақырып Аспаптың сипаттамаларын есептеу әдістері

Аспаптың алынған функционалды құрылымының статикалық және динамикалық сипаттамаларын есептеу.

Конспект

[2,3,5,6,12,14,21,22]



6-тақырып Аспаптар мен жүйелерді жобалаудың кезеңдері

Аспаптар мен өлшегіш жүйелерді жобалаудың типтік алгоритмі. Аспаптардың функционалды құрылымының синтезі және оптимизациясы. Берілген параметрлер бойынша түйін құрылымының синтезі. ЕСКД бойынша конструкторлық құжаттарды толтыру ережелері.

Конспект

[2,3,5,6,12,14,21,22,23]



7-тақырып Аспап жасаудағы өндірістік және технологиялық процестер, аспаптың сапасы

Автоматтандырылған жобалау. Бөгеттермен күресу әдістері. Құрылғыларды сыртқы әсерден қорғау. Материалдарды таңдау және олардың қасиеттері. Құрылымдардың жинақылығы. Аспаптардың бөлшектерінің типтік ажыратылмайтын біріктірулері. Аспаптардың бөлшектерінің типтік ажыратылмалы біріктірулері. Бөлшектер мен түйіндерді дайындаудың технологиясы. Бөлшектер мен түйіндердің құрылымының экспертизасы.

Конспект

[8,12,16]



11 Курстың саясаты

Талаптар жүйесі:

  • оқу процесіне белсенді қатысу;

  • тапсырмаларды уақытымен және толық орындау;

  • ішкі тәртіп ережелерін бұзбау;

  • сабаққа кешікпеу және сабақты босатпау.

  • босатылған сабақтарды оқытушымен белгілеген уақытта өтеу;

  • курстастарымен және оқытушылармен тілектес, іскер стильді ұстану.

Әрбір сабаққа дайындалу ұсынылған материалды толық оқу сияқты міндетті.

Студенттердің білімін тексеру тәртібі

Сіздердің дайындықтарыңыз бақылау жұмыстарымен, тест тапсырмаларымен, ауызша және жазбаша сұраулармен тексеріледі.

Курсты оқу барысында студенттердің білімін рейтингілік бағалау жүйесі қолданылады.

1. Семестрдің ортасы мен соңында 100 балдық шкала бойынша пәннің оқылған модулі бойынша студенттің ағымдағы үлгерім (АҮ) бағасы анықталады. АҮ бағасы – бұл келесі жинаған балдардың қосындысы:

1) дәрістік бақылау рейтингісі;

2) тәжірибелік сабақтар рейтингісі;

3) үй тапсырмасын орындау рейтингісі;

4) өздік жұмыс рейтингісі кіреді.

Дәрістік бақылау рейтингісіне дәріске қатысу және дәріс сабақтарының тапсырмаларын орындау кіреді.

Тәжірибелік сабақтар рейтингісі – бұл тәжірибелік сабақтарда зертханалық жұмыстарды орындау, қорғау.

Үй тапсырмасының рейтингісі – бұл үй тапсырмасын орындауды бағалау.

Өздік жұмыс рейтингісі – бұл өздік жұмыстарын орындауға және қорғауға қойылатын баға.

Барлық тапсырмалар белгіленген мерзімде орындалу қажет. Егер студент сабақ үстінде тәртіп ережесін бұзса, ол қатаң түрде жазаланылады, тіпті аудиториядан босатылады. Сабақты босатқан үшін келесідей айып салынады:

Сабақ себепсіз босатылса - 0 балл; әрбір өтелмеген сабақ үшін 0 балл; уақытында тапсырылмаған тапсырмаға төмен балл қойылады.

Егер де сіз қандайда бір себептермен бақылау шарасына қатыспасаңыз, онда сізге оқытушымен кеңесу кезінде бақылауды жазуға мүмкіндік беріледі, керісінше жағдайда 0 балл қойылады.

Рейтингілік балдар бақылау шараларының күнтізбелік графигінде көрсетілген.

2. Межелік бақылау да (МБ) 100 балдық шкала бойынша анықталады.

Студенттің пән бойынша (Р1 және Р2) рейтингтері АҮ және МБ бағаларының қорытындысы бойынша анықталады


Р1(2)=АҮ1(2)*0,7+МБ1(2)*0,3.


Егер студент МБ-дан өтпесе немесе МБ-дан 50 балдан төмен алса, рейтинг анықталмайды. Бұл жағдайда декан МБ тапсырудың жеке мерзімдерін белгілейді.

3. Пән бойынша студенттің рұқсат рейтингісінің (РР) бағасы семестр бойынша мынаған тең:

РР=(Р1+Р2)/2.

4. Студенттердің пән бойынша оқу жетістіктерінің деңгейі қорытынды рейтингісімен (Қ) анықталады. Қорытынды рейтинг салмақтық үлестерін ескерумен рұқсат рейтинг (РР) және қорытынды бақылау (ҚБ) бағаларының қосындысынан құралады

Қ=РР*0,6+ҚБ*0,4


Салмақтық үлестер жыл сайын университеттің ғылыми кеңесімен бекітіледі және ол РР үшін 0,6-дан кем, ал ҚБ үшін 0,4-тен кем болмау қажет.


Ескерту: АҮ – ағымдағы үлгерім; МБ – межелік бақылау; РР – рұқсат рейтингісі; СӨЖ – студенттің өздік жұмысы; СӨЖМ – студенттің оқытушымен бірге өздік жұмысы; ҚБ – қорытынды бақылау; Қ – қорытынды рейтинг.


Пән бойынша қорытынды рейтинг 1 кестеге сәйкес сандық, әріптік және дәстүрлік бағаға аударылып, «Студенттердің оқу жетістіктерінің журналы» мен «Рейтинг парағына» енгізіледі.


Кесте 1

Балл түріндегі қорытынды бағалау (Қ)

Балдардың сандық белгілері (С)

Әріптік жүйеде бағалау

Дәстүрлік жүйеде бағалау

Емтихан

Сынақ

95 - 100

4

A

Өте жақсы

Сынақ-талды

90 - 94

3,67

A-

85 - 89

3,33

B+

Жақсы

80 - 84

3,0

B

75 - 79

2,67

B-

70 - 74

2,33

C+

Қанағаттанарлық

65 – 69

2,0

C

60 – 64

1,67

C-

55 – 59

1,33

D+

50 – 54

1,0

D

0 - 49

0

F

Қанағаттанарлықсыз

Сынақ-талған жоқ



Бақылау шараларының күнтізбелік графигі

050716 – «Аспап жаасау» мамандығының күндізгі оқу формасындағы студенттері үшін «Приборлар мен жүйелерді жобалау негіздері» пәні бойынша сабақтағы жұмыс және СӨЖ тапсырмаларын орындау мен тапсыру


Рейтинг 1 (6,7-семестр)

Барлығы балдар

Апта

1

2

3

4

5

6

7

8




Максималды балл,

оның ішінде бақылау турлері бойынша:

5

20

5

20

5

20

5

20

100

1. Дәріс сабақтары

1

1

1

1

1

1

1

1

8

2. Тәжірибелік сабақтар

4

4

4

4

4

4

4

4

32

СӨЖ сабақтарын орындау

0

15

0

15

0

15

0

15

60

Межелік бақылау






















МБ

100

100

Рейтинг 2 (6,7-семестр)

Барлығы балдар

Апта

9

10

11

12

13

14

15




Максималды балл,

оның ішінде бақылау турлері бойынша:

5

20

5

20

5

20

25

100

1. Дәріс сабақтары

1

1

1

1

1

1

1

7

2. Тәжірибелік сабақтар

4

4

4

4

4

4

4

28

СӨЖ сабақтарын орындау

0

15

0

15

0

15

20

65

Межелік бақылау



















МБ

100

100

Шартты белгіллер: МБ – межелік бақылдау


20__ж. « » _____ кафедра отырысында ұсынылған

Хаттама №___.

Кафедра меңгерушісі ___________ Ш. Қ. Биболов «___»_________20__ж.

12 Әдебиеттер тізімі

Әдебиеттер тізімі

Негізгі

  1. Дитрих Х. Проектирование и конструирование. Системный подход /Пер. С нем. – М.: Прогресс, 1986

  2. Капралов Ю.А. и др. Сборник задач по курсу ²Основы конструирования приборов, установок и САПР». М.: МИФИ.1983.-48с.

  3. Конструирование приборов. В 2-х томах /Под ред. В. Краузе. Пер. С нем. –Л.: Машиностроение, 1987.

  4. Кулагин В.В. Основы конструирования оптико-механических приборов. – Л.: Машиностроение, 1985.

  5. Милосердин Ю.В., Кречко Ю.А. Основы конструирования измерительных приборов. – Л.: Машиностроение, 1985

  6. Оберган А.Н. Конструирование и технология средств измерений. Учебное пособие. –Томск: изд. ТПИ, 1987. -96с.

  7. Орлов П.П. Основы конструирования. – М.: Машиностроение, 1998

  8. Технология приборостроения. Учеб. Пособ. /Под ред. П.И.Буловского. – Л.: ЛИАП, 1985.

  9. Хупка В. Теория технических систем./Пер. С нем. – М.: Мир, 1987

Қосымша

  1. Атлас конструкций элементов приборных устройств. / Под ред. Тищенко О.Ф. – М.: Машиностроение, 1982. – 116 с.

  2. В.А.Заплетохин. Конструирование соединений деталей в приборостроении. Справочник. Л.: Машиностроение, 1985,-223с.

  3. Гжиров Р.И. Краткий справочник конструктора. – Л.: Машиностроение, Ленинградское отделение, 1984. с. 302-346.

  4. Материалы в приборостроении и автоматике: Справочник/ Под ред. Пятина Ю.М. – М.: Машиностроение, 1982.- 528с.

  5. Милосердин Ю.В. и др. Расчет и конструирование механизмов приборов и установок. 2-е изд., переработанное и доп. М.: Машиностроение, 1985. -408с.

  6. Новицкий П.В. и др. Электрические измерения неэлектрических величин. – М.: Высшая школа, 1996.

  7. Пинчук Л.С., Струк В.А., Мышкин Н.К. Материаловедение и конструкционные материалы. – Минск, Высшая школа, 1989. –

  8. Преображенский В.П. Теплотехнические измерения и приборы. – М.: Энергия, 1997.

  9. Проскурин В.М. Аналоговые измерительные приборы. – СПб.: Энергия, 1998.

  10. Разевиг В.Д. Применение программ P-CAD и P-Spice для схемотехнического моделирования на ПЭВМ. В 4-х книгах. Книга 1. – М.: Радио и связь, 1992. – 72 с.

  11. Разработка и оформление конструкторской документации радиоэлектронной аппаратуры. Справочник/ Э.Т.Романычева, А.К.Иванова и др.; под ред. Э.Т.Романычевой. – М.: Радио и связь, 1989. – 448 с.

  12. Элементы приборных устройств (Основной курс) / Под ред. Тищенко О.Ф. Ч.1. –М.: Высшая школа, 1982. -304с.

  13. Элементы приборных устройств: Курсовое проектирование. В 2-х частях /Под ред. О.Ф. Тищенко. –М.: Высшая школа, 1978. –ч.1, 328с., ч.2, 232с.

  14. Эргономика /Под ред. В.В. Адамчука. – М.: ЮНИТИ, 1999

Похожие:

Титульный лист программы обучения по дисциплине (Syllabus) Форма iconТитульный лист программы обучения по дисциплине (Syllabus) Форма

Титульный лист программы обучения по дисциплине (Syllabus) Форма iconТитульный лист программы обучения по дисциплине (Syllabus) Форма
Павлодарский государственный университет им. С. Торайгырова Факультет филологии, журналистики и искусства
Титульный лист программы обучения по дисциплине (Syllabus) Форма iconТитульный лист программы обучения по дисциплине (Syllabus) Форма
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Факультет «Металлургия, машинажасау және көлік факультеті»
Титульный лист программы обучения по дисциплине (Syllabus) Форма iconТитульный лист программы обучения по дисциплине (Syllabus) ф со пгу 18. 3/37

Титульный лист программы обучения по дисциплине (Syllabus) Форма iconТитульный лист программы обучения по дисциплине (Syllabus) ф со пгу 18. 3/37

Титульный лист программы обучения по дисциплине (Syllabus) Форма iconТитульный лист программы обучения по дисциплине (Syllabus) ф со пгу 18. 3/37

Титульный лист программы обучения по дисциплине (Syllabus) Форма iconТитульный лист программы обучения по дисциплине (Syllabus) Форма
Составители: к ф н., профессор Невмержицкий С. В., доцент Куленов Б. А., к ф н., доцент Кожамжарова М. Ж., к ф н., доцент Ахметова...
Титульный лист программы обучения по дисциплине (Syllabus) Форма iconТитульный лист программы обучения по дисциплине (Syllabus) Министерство образования и науки Республики Казахстан

Титульный лист программы обучения по дисциплине (Syllabus) Форма iconТитульный лист программы обучения по дисциплине (Syllabus) Министерство образования и науки Республики Казахстан

Титульный лист программы обучения по дисциплине (Syllabus) Форма iconТитульный лист программы обучения по дисциплине (Syllabus) Ф
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница