1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің миссиясы мен пайымдауы




Название1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің миссиясы мен пайымдауы
страница1/18
Дата конвертации10.02.2016
Размер1.65 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://kz.government.kz/docs/kauly_96.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18



Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің

2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы


Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 8 ақпандағы №96 қаулысы


Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стартегиялық жоспары бекітілсін.

2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.


Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ


Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2011 жылғы «8» ақпандағы

№96 қаулысымен

бекітілген


Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің

2011 – 2015 жылдарға арналған

стратегиялық жоспары


Мазмұны


1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің миссиясы мен пайымдауы

2. Ағымдағы жағдайды талдау

3. Cтратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері

4. Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту

5. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл

6. Тәуекелдерді басқару

7. Бюджеттік бағдарламалар

1. Қазақстан Республикасы Мәдениет

министрлігінің миссиясы мен пайымдауы



Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің миссиясы – мәдениет саласында сапалы және қолжетімді қызметтер көрсетуге, мемлекеттік және басқа тілдердің қарқынды дамуына, ұлттық бірлігінің нығаюына, діндердің теңдігі мен үндесуін қамтамасыз етуге, мемлекет пен азаматтық сектор әріптестігінің тиімді жүйесін қолдауға бағытталған мемлекеттік саясатты әзірлеу және тиімді іске асыру.

Мәдениет министрлігінің пайымдауы – діндердің теңдігі мен үндесуінің мызғымас қағидаттары, азаматтық бастамаларды іске асырудың тиімді тетіктері бар жалпыұлттық мәдени және тілдік орта.

2. Ағымдағы жағдайды талдау



1-стратегиялық бағыт. Мәдениет және өнер саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру

Реттелетін салалар мен қызмет сфералары дамуының негізгі параметрлері.

Салалардың инфрақұрылымы. Республикадағы мәдениет ұйымдарының желісін 41 республикалық, 7 мыңнан астам облыстық мәдениет ұйымдары құрайды, соның ішінде: 164 мұражай, 4 051 кітапхана, 2 727 клуб, 50 театр, 24 концерттік ұйым, 58 кинотеатр және телетеатр, 458 киноқондырғы, 4 хайуанаттар бағы, 2 цирк, 31 мәдениет және демалыс саябағы құрайды. Соңғы бес жылда республикалық (10%) және облыстық (10%) мәдениет ұйымдары санының өсу тенденциясы байқалады.

Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары. Елбасының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында, 2009 жылы 182 мәдениет объектісінде жөндеу – қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Бұл 2005 жылмен салыстырғанда 32 бірлікке көбірек.

Заңнамалық базаны жетілдіру. 2010 жылы «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Қабылданған түзетулер саланың бірқатар жүйелік проблемаларын шешуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, мемлекеттік мәдениет мекемелері желілерінің стандарттары мен типтік штаттары туралы нормативтері қабылданатын болады. Сонымен қатар, кинематография қызметін реттеудің шеңберінде киноөнімдерді индексациялау және прокаттық куәліктер беру механизмі енгізілетін болады.

Мәдениет мекемелері көрсететін қызметтер. 2009 жылы 10 мыңға жуық спектакль қойылды, 7 мың концерт, 80 мың мұражай экскурсиясы, 10 мың лекция өткізілді, 12 ғылыми-қолданбалы, 49 археологиялық зерттеу басталды, 26 объектіде қайта қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Республикалық мұражайларда 107 көрме, 357 лекция және 14 353 экскурсия өткізілді. Кітапханаларда 500-ден астам іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді. 2005 жылмен салыстырғанда саланың көрсететін қызметтерінің саны 15 % - ға өсті.

Қазақстан мәдениетін шетелдерде жария ету. Қазақстан жылы және Қазақстанның мәдениет күндерінің шеңберінде алыс және жақын шет мемлекеттерде мәдени іс-шаралар өткізу ұйымдастырылды. 2005 жылдан бері әлемнің 23 елінде мәдени іс-шаралар өткізілді.

Мәдениет қайраткерлерін қолдау. Мәдениет саласындағы талантты және болашағы зор қайраткерлерді ынталандырудың механизмі енгізілді. Тәжірибеден өту және біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру мен өткізу жұмыстары үнемі жүргізіледі. Отандық репертуарды толықтыру мақсатында гранттар бөлініп, шығармашылық байқаулар өткізу қарастырылған (2008 жылы музыкалық, драма, әдеби-сахналық туындыларды жасауға 92 мемлекеттік грант бөлінсе, 2009 жылы әртүрлі жанрдағы алты номинация бойынша «Тәуелсіздік толғауы» атты конкурс өткізілді, Ә.Қашаубаев атындағы VII республикалық дәстүрлі әндер орындаушылардың конкурсы, балет әртістерінің II халықаралық конкурсы мен «Елім менің» патриоттық әндер конкурсы).

Қаржыландыру. Мәдениет саласының жұмыс істеуі үшін 2005-2009 жылдары бөлінген қаражат көлемі 111 миллиард теңгені құрады, соның ішінде 2005 жылы – 8,8 миллиард теңге, 2006 жылы – 11,3 миллиард теңге, 2007 жылы – 20,1 миллиард теңге, 2008 жылы – 37,7 миллиард теңге, 2009 жылы – 33,1 миллиард теңге.

Негізгі проблемаларды талдау.

Бірінші. Мәдениет саласындағы отандық өнімнің қызмет көрсету нарығындағы шетелдік өндірушілердің басымдығының негізінде бәсекелестігінің аздығы.

Екінші. Аймақтардағы мәдениет мекемелері желісінің дамуындағы үйлесімділіктің жоқтығының негізінде Республика тұрғындарының мәдениет мекемелеріне қолжетімділігінің теңсіздігі.

Үшінші. Мәдениет саласының инфрақұрылымының қажетті жағдайда дамымауы, мамандандырылған кадрлар мен мәдениет ұйымдарының тапшылығы.

Негізгі ішкі және сыртқы факторларды бағалау.

Отандық мәдени нарықтағы шетелдік өнімнің басымдығы саланың нарықтық қатынасын дамыту, продюсерлік және баспагерлік қызметті ынталандыру, талантты әдебиет пен өнер қайраткерлеріне қолдау көрсету арқылы мәдениет саласындағы бәсекеге қабілетті өнімді шығару механизмін жетілдіру қажеттігін тудыруда.

Қазіргі заманғы жаңа әрі ыңғайлы форматта халықтың мәдени құндылықтарға қолжетімділігін кеңейтетін жаңа технологияларды енгізу мәдениет нысандарын сандық форматқа ауыстыруды, тиісті интернет-қорларды сапалы мазмұнмен қамтамасыз етуді ары қарай жетілдіруді қажет етеді.

Саланың нормативтік-құқықтық базасын бұдан ары да жетілдіре түсу еліміздің мәдени кеңістігіндегі архитектураны оңтайландыруға мүмкіндік береді. Келешекте мемлекеттік мәдениет ұйымдары желісінің стандарттары және типтік штаттар, саланы паспорттау ең төменгі нормаларын енгізу болып отыр.


2-стратегиялық бағыт. Қазақстан халқын біріктіру факторы ретінде төзімді тілдік орта құру

Реттелетін салалар мен қызмет сфералары дамуының негізгі параметрлері.

Сала инфрақұрылымының жай-күйі. Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы жұмыс істейді. Мемлекеттік тілді үйрету орталықтарының өңірлік желісі жоспарлы түрде кеңейтілуде: 2005 жылы – 8, 2006 жылы – 11, 2007 жылы – 36, 2008 жылы – 93, 2009 жылы – 101 орталық жұмыс істеді.

Саланың табыстары және жетістіктері.

2009 жылы мемлекеттік органдарда іс жүргізуді мемлекеттік тілде жүргізуге кезең кезеңмен көшіру аяқталды. 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілде іс жүргізу мониторингінің автоматтандырылған жүйесі енгізілді. Мемлекеттік органдардағы мемлекеттік тілдегі құжат айналымы 70 % жетті.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығымен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес ересектерге мемлекеттік тілді жеделдетіп оқытудың тұжырымдамасы, Стандарты және Үлгі бағдарламасы әзірленіп бекітілді. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар жанындағы курстарды ұйымдастырушыларға балама ретінде өңірлік мемлекеттік тілді оқыту орталықтарына тиісті оқу құралдары бар көп деңгейлік мемлекеттік тілді үйрету бағдарламалары, сондай-ақ, сөздіктерді, дидактикалық материалдарды қамтитын компьютерлік бағдарламалар кешені дайындалып, таратылды.

Барлығы 71 әдістемелік құрал әзірленген: 12 оқулық, 18 оқу-әдістемелік құрал, 6 оқу – әдістемелік кешен, 16 екі – үш тілді атаулы сөздік, әр түрлі салалар бойынша (медицина, техника, құқық, спорт, экономика салалары, бекітілген терминдер сөздігі, қазақ есімдері және жер – су атаулары анықтамалықтары) 10 орысша-қазақша тілашар және 8 сөздік. Сонымен қатар «ҚР мемлекеттік қызметшісінің тілдік портфелі» әзірленді, оған 19 атау кіреді, соның ішінде: электрондық аудио- және бейне оқулықтар, грамматикалық анықтамалықтар, оқыту сөздігі.

Мемлекеттің тіл саясаты жөніндегі ақпараттық орталықтың рөлін атқаратын «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі» интернет-порталы іске қосылды.

Төзімді тілдік орта қалыптастыру. 2009 жылғы жағдай бойынша этномәдени орталықтар жанында 190 – нан аса жексенбілік мектептер жұмыс істейді (2005 жылы мектептердің саны 160 болған), оларда республикамызда тұратын 7 мыңнан астам балалар мен ересектер 30-ға жуық этностық топтардың тілдерін оқиды.

Қаржыландыру. 2005-2009 жылдары бөлінген қаржының көлемі 7 миллиард 307 миллион теңгені құрады: 2005 жылы республикалық бюджеттен – 327,9 миллион теңге, 2006 жылы – 560,6 миллион теңге, 2007 жылы – 1 миллиард 872 миллион теңге, 2008 жылы – 2 миллиард 390 миллион теңге, 2009 жылы – 2 миллиард 157 миллион теңге бөлінді.

Негізгі проблемаларды талдау.

Бірінші. Қоғамның барлық саласында мемлекеттік тілдің қолданылу дәрежесінің жеткіліксіздігі.

Екінші. мемлекеттік тілді еліміздің әлеуметтік-коммуникативтік кеңістігінде жеткіліксіз енгізілуі.

Үшінші. Қазақстандық қоғамдағы тілдік мәдениеттің төмендеуі.

Төртінші. Қазақстандықтардың лингвистикалық капиталының сақталу және нығаю қажеттілігі. 

Негізгі ішкі және сыртқы факторларды бағалау.

Мемлекеттік тілді оқытудағы бірыңғай әдістеме мен стандарттардың жоқтығы, қазақ тілін оқытатын оқытушылар мен мамандардың дайындық деңгейінің төмендігі, оқыту инфрақұрылымы қызметінің бірыңғай стандарттарының, сондай-ақ мемлекеттік тілді меңгеру процесінің ынталандыру және мониторингі жүйесінің жоқтығы қоғамда мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін арттыруда тежегіш фактор болып отыр.

Еліміздің әлеуметтік-коммуникативтік кеңістігіне мемлекеттік тілді енгізу процесіндегі маңызды фактор ретінде оның халықаралық қатынас, бос уақыт пен ойын-сауық саласындағы белсенді қолданылуы, оның заң, ғылым және жаңа технологиялар тілі ретінде дамуы, мемлекеттік тілде сөйлеудің беделін арттыру мен оны отбасылық құндылық ретінде дәріптелуі болып табылады.

Қазақстандық қоғамның тілдік мәдениетін арттыру, лингвистикалық капиталын нығайту саласында басымдық терминология, антропонимика, ономастика саласындағы мәселелерді шешуге, сөйлеу мен жазу мәдениетін жетілдіруге септігін тигізуге, сондай-ақ толерантты тілдік орта құруға берілмек.


3-стратегиялық бағыт. Мемлекеттілікті және ел бірлігін одан әрі нығайту, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету

Реттелетін салалар мен қызмет сфералары дамуының негізгі параметрлері.

Қоғамдық-саяси сала инфрақұрылымының жай-күйі. Республикада 10 саяси партия, 818 этно-мәдени бірлестік (бұдан әрі – ЭМБ), 18 000 астам үкіметтік емес ұйымдар (бұдан әрі – ҮЕҰ) және бірқатар кәсіптік одақтар жұмыс істейді. Сонымен қатар елімізде 40-тан астам конфессиялар мен деноминацияны білдіретін 4 000 діни ұйым жұмыс істейді. Бұдан басқа, Қазақстанда әлемнің 27 елінен, негізінен Польша, Корея, АҚШ, Ресей, Германия, Украина, Италия, Испания және Швейцариядан келген 350-ден астам шетелдік миссионер тіркелген.

Табыстар мен жетістіктер. Елімізде болып жатқан қоғамдық-саяси процестердің, конфессияаралық және этникааралық қарым-қатынастардың дамуының жағдайы мен ағымдарын терең зерделеу мақсатында министрлікпен жағдайды жүйелі мониторингілеу механизмі дұрыс жолға қойылған.

Ел дамуының негізгі басымдықтарын, стратегиялық бағдарламалық құжаттарын түсіндіруге және халықтың діни сауаттылығын арттыруға бағытталған ақпараттық-насихаттық іс-шаралар өткізуге қатысты тұрақты түрде жұмыс жүргізіліп келеді. Жалпы алғанда соңғы үш жылда өткізілген ақпараттық-насихаттық іс-шаралар нәтижесі көрсеткендей мемлекеттік саясаттың бағдарламалық құжаттары мен негізгі бағыттары туралы халықтың хабардарлығы 75-80% көлемінде.

Министрліктің әлеуметтік-маңызды жобаларды іске асыру саласындағы белсенді әріптесі – азаматтық сектор.Өзара іс-қимыл институты ретінде бұл жерде Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі жанындағы Қоғамдық Палата, Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы ҮЕҰ өзара іс-қимыл туралы Үйлестіру кеңесі, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдар мен барлық деңгейдегі әкімдер жанындағы ҮЕҰ өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес түсіп отыр.

Азаматтық қоғамның сапалы өсуі мен мемлекет пен ҮЕҰ әлеуметтік әріптестігін ары қарай арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 шілдедегі №154 Жарлығымен бекітілген 2006-2011 жылдарға арналған Азаматтық қоғамды дамыту Тұжырымдамасы әзірленіп белсенді іске асуда. Тұрақты жұмыс істейтін үндесу алаңдарының, оның ішінде дәстүрге айналған Азаматтық форумның жұмыстары жолға қойылған.

2005 жылдан бері іске асырылатын әлеуметтік-маңызды жобалардың саны төрт есеге артты: 2009 жылы 206 ҮЕҰ 226 жобаны іске асырды, олардың ішінде этно-мәдени бірлестіктерді, жастар саясатын, балалар бастамасын, толерантты тілдік орта құру, саламатты өмір салтын, патриоттық тәрбие тағы да басқа қолдауға бағытталған жобалар бар.

Қаржыландыру. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыруға 2005 жылы 59,7 миллион теңге бөлінді, 2006 жылы – 200 миллион теңге, 2007 жылы – 299 миллион 28 мың теңге, 2008 жылы – 709,2 миллион теңге, 2009 жылы – 917,2 миллион теңге бөлінді.

Негізгі проблемаларды талдау

Бірінші. Халық арасында ақпараттық-насихаттық жұмыс жүргізу әдістемесін жетілдіру, сондай-ақ «үндесу алаңдары» қызметін қамтамасыз ету саласында да әдістемелік база құру қажеттігі туындап отыр.

Екінші. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласында да заңнамалық, әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастырушылық-әдістемелік тұрпаттағы проблемалар бар.

Негізгі ішкі және сыртқы факторларды бағалау.

Қазіргі заман жағдайында қоғамдық санада конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету мәселелері елімізге жалған діндердің еніп, таралуы проблемаларымен байланысты, сол себепті халықтың діни сауаттылығын арттыру және дін тұту еркіндігін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы сөзсіз сақтау қажеттілігі сияқты міндеттер алдыңғы жоспарға шығып отыр. Демократиялық мемлекеттің басты міндеті азаматтық қоғам мен биліктің тоыққанды әріптестігі екендігін ескере отырып, мемлекет пен ҮЕҰ өзара іс-қимыл: ел дамуының стратегиялық басымдықтарын іске асыруда қоғамдық институттардың қатысуын кеңейту, тиісті заңнамалық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық-әдістемелік базаны нығайта түсу механизмдерін ары қарай жетілдіру қажеттігі туындап отыр.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Похожие:

1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің миссиясы мен пайымдауы iconІ. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің миссиясы мен пайымдауы Миссиясы
Туризм, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында тиімді мемлекеттік басқаруды және салааралық,...
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің миссиясы мен пайымдауы iconҚазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері
Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қарамағындағы ұйымдар Қазақстан Республикасы...
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің миссиясы мен пайымдауы iconҚазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің
Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) миссиясы – Қазақстан Республикасы ұлттық экономикасының біртұтас...
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің миссиясы мен пайымдауы iconҚазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2009 – 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Азақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) миссиясы – бұл экономикалық саясатты...
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің миссиясы мен пайымдауы icon«Зайсан ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мм 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің миссиясы – мәдениет саласында қазіргі заманғы мәдени...
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің миссиясы мен пайымдауы iconМүмкіндігі шектеулі жандар үшін
Конкурсты ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» зтб...
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің миссиясы мен пайымдауы iconҚазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Ика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) миссиясы – елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық...
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің миссиясы мен пайымдауы icon12 қаңтардағы 2011 жылдың
Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің миссиясы және пайымдауы
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің миссиясы мен пайымдауы icon16 ақпан сағ 11. 00-де Қазақстан Республикасы Кәсіподақ Федерециясының (Астана, Абай даңғылы 38, 2 этаж) мәслихат-залында, Қр мәдениет және ақпарат
Республикасы Кәсіподақ Федерециясының (Астана, Абай даңғылы 38, 2 этаж) мәслихат-залында, Қр мәдениет және ақпарат министрлігінің...
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің миссиясы мен пайымдауы iconҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Р мәдениет және ақпарат министрлігінің Көшпенділер мәдени мұрасы институты «Тарихи-мәдени мұра және замануи мәдениет» халықаралық...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница