Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесінің қызметін қалыптастыру және ұйымдастыру ережесі




Скачать 58.82 Kb.
НазваниеСыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесінің қызметін қалыптастыру және ұйымдастыру ережесі
Дата конвертации10.02.2016
Размер58.82 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.esep.kz/UserFile/1/b8908fd736e9c7c845616344cbb4e14d.doc


Республикалық бюджеттің

атқарылуын бақылау

жөніндегі есеп комитетінің

2011 жылғы «12» тамыздағы № 1-НП нормативтік қаулысына

2-қосымша

 

 

Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесінің қызметін қалыптастыру және ұйымдастыру ережесі


 

1. Жалпы ережелер

 

1. Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің (бұдан әрі – Есеп комитеті) жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

2. Кеңес қызметінің мақсаты ең өзекті проблемаларды алқалы түрде талқылау жолымен жұмысты ұйымдастырудың бірыңғай принциптері мен әдіснамасы негізінде сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарын қалыптастыруға және олардың өзара тиімді іс-қимыл жасауына, сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау саласындағы заңнаманы, олардың жұмыс істеуінің ұйымдастырушылық негіздерін, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 7 сәуірдегі № 788 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын (бұдан әрі – Стандарттар) бірыңғай қолдануға жәрдемдесу, бюджетті атқару кезіндегі қаржылық тәртіпті бюджеттің барлық деңгейінде нығайту, Есеп комитеті мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тексеру комиссияларының қызметін ұйымдастыруда айқындық пен объективтілікті қамтамасыз ету, бақылау жүргізу және оның нәтижелері бойынша объективті шешім қабылдау кезінде мемлекеттік басқару органдарының араласуын және ықпалын болдырмау, сондай-ақ жұртшылықтың мемлекеттік билікке деген сенімін нығайту болып табылады.

3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

 

 

2. Кеңестің негізгі міндеттері мен өкілеттіктері

 

4. Кеңестің негізгі міндеттері:

1) мыналар:

мемлекеттік қаржылық бақылау саласындағы заңнаманы жетілдіру;

сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізудің әдіснамалық негіздерін жетілдіру;

бақылау және талдау іс-шараларын жоспарлау, ұйымдастыру және жүргізу кезінде сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының өзара іс-қимылы тетігінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

2) мемлекеттік қаржылық бақылаудың маңызды теориялық және практикалық мәселелері мен проблемалары бойынша қаржылық бақылау органдарының өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;

3) мемлекеттік қаржылық бақылауды жетілдіру саласындағы идеялармен және тәжірибемен өзара алмасуға жүйелі сипат беру;

4) мынаған:

бірлескен және/немесе параллель бақылау және талдау іс-шараларын жүргізуге;

сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жолымен кәсіби дағдыларын сақтауды қамтамасыз етуге;

бақылау объектілері және басқа басқару органдары тарапынан заңсыз ықпалдардан бақылау органдары мен олардың қызметкерлерінің функционалдық және кәсіби қызметі мәселелерінде тәуелсіздігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу болып табылады.

5. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін өз құзыреті шегінде:

1) мемлекеттік органдармен, қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасауға, сондай-ақ жұмыс топтарын құруға;

2) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар мен ұйымдардан Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпарат сұратуға және алуға;

3) бақылаудың сапасын арттыру, мемлекеттік қаржылық бақылау саласындағы заңнаманы бірыңғай қолдану практикасын қалыптастыру үшін сыртқы қаржылық бақылау органдарынан бақылау актілерін, қорытындылар мен есептерді олардың қорытындысы бойынша сұратуға;

4) өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсынымдар әзірлеуге және ұсыныстар енгізуге;

5) сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарына, Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің Палаталарына, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының мәслихаттарына сыртқы қаржылық бақылау органдарының тәуелсіздігін бақылау объектілерінің шектеу фактілері туралы ақпарат (ұсыныстар) енгізуге;

6) мемлекеттік қаржылық бақылаудың өзекті теориялық және практикалық проблемалары бойынша ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар, мамандандырылған курстар, бірлескен зерттеулер ұйымдастыруға жәрдем көрсетуге;

7) Кеңестің құрылу мақсатын іске асыруға бағытталған шараларды қабылдауға байланысты өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.





3. Кеңестің қызметін ұйымдастыру

 

6. Кеңес облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тексеру комиссияларының төрағаларынан, Есеп комитетінің Төрағасы мен екі мүшесінен тұрады.

7. Кеңестің құрамы тиісті жылдың 10 қаңтарынан кешіктірілмей, Есеп комитеті Төрағасының бұйрығымен бекітіледі.

8. Кеңесті төраға – Есеп комитетінің Төрағасы басқарады, ол оның қызметіне басшылық етеді, отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады.

9. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын ол тағайындаған Кеңес мүшелерінің бірі орындайды.

10. Кеңестің ағымдағы жылғы бірінші отырысында жұмыс жоспары, отырыстардың кезеңділігі, жауапты орындаушылар, Кеңес мүшелерінің Кеңес төрағасының атына енгізген ұсыныстары қаралады.

11. Есеп комитетінің аппараты (бұдан әрі – Жұмыс органы) Кеңестің жұмыс органы болып табылады. Кеңестің әрбір мүшесі тиісті кезеңнің 15 қаңтарынан кешіктірмей Жұмыс органына жауапты орындаушының кандидатурасын ұсынады, онымен Кеңестің алдына қойылған міндеттерді іске асыру үшін үйлестіру жүзеге асырылатын болады.

12. Жұмыс органы:

1) Кеңес отырысының күн тәртібін қалыптастырады;

2) Кеңестің шешімдерін орындауды қамтамасыз етеді және бақылайды;

3) Кеңес мүшелерінің және оның қызметіне тартылған мамандардың жұмысын үйлестіреді;

4) Кеңестің отырысына шығарылатын мәселелер бойынша алдын ала талдау жүргізеді және олар бойынша қорытынды дайындайды.

13. Жұмысты ұйымдастыруды, Кеңес отырысына тиісті құжаттар мен материалдарды дайындауды және хаттаманы ресімдеуді Кеңес хатшысы жүзеге асырады, оны Кеңес төрағасы жұмыс органы қызметкерлерінің ішінен тағайындайды.

Хатшы Кеңестің мүшесі болып табылмайды.

14. Кеңес отырыстарында қаралатын мәселелердің тізбесі оның мүшелерінің ұсынысы бойынша не жұмыс жоспарына сәйкес жасалады.

15. Кеңес отырыстарының материалдары Кеңес мүшелеріне Кеңестің отырысына дейін он жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.

16. Кеңес отырысы жарты жылда кемінде бір рет өткізіледі және егер оларға оның мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы қатысса, заңды болып саналады. Шұғыл шешім қабылдау қажет болған жағдайда, төрағаның шақыруымен Кеңестің кезектен тыс отырысы өткізілуі мүмкін.

Кезектен тыс отырысты төраға өз бастамасы бойынша, ол болмаған жағдайда оны алмастырушы тұлға шақырады. Кезектен тыс отырысқа бастамашылық жасау Кеңес құрамының ½ қолдаған Кеңес мүшелерінің бастамасымен жүзеге асырылуы мүмкін.

17. Кеңес отырыстарының нәтижелері бойынша төраға қол қоятын хаттама жасалады. Кеңестің шешімі ашық дауыс беру жолымен көпшілік дауыспен қабылданады және егер оған Кеңестің отырысына қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп саналады.

18. Кеңестің мүшелері ерекше пікір білдіруге құқығы бар, ол айтылған жағдайда жазбаша түрде баяндалуы және Кеңес отырысының хаттамасына қоса берілуі тиіс.

19. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тексеру комиссияларының аумағында көшпелі отырыстар өткізуге жол беріледі.

Көшпелі отырыстарды өткізу кезінде Жұмыс органына облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тексеру комиссияларының тиісті аппараттарымен бірлесіп оларды ұйымдастыру жүктеледі. 






Похожие:

Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесінің қызметін қалыптастыру және ұйымдастыру ережесі iconСыртқы мемлекеттік қаржылық бақылаудың нәтижелері бойынша Қорытынды
Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізу бағдарламасына сәйкес қойылған міндеттерге қарай
Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесінің қызметін қалыптастыру және ұйымдастыру ережесі iconОблыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидалары
Және қаржылық бақылау туралы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік аудит туралы заң) 12-бабы 4-тармағының 9) тармақшасына...
Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесінің қызметін қалыптастыру және ұйымдастыру ережесі iconБекітемін: Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі
...
Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесінің қызметін қалыптастыру және ұйымдастыру ережесі iconСыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау актісі
Тапсырмаға қол қойған лауазымды адамның тегі, аты-жөні, атқаратын қызметі көрсетіледі
Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесінің қызметін қалыптастыру және ұйымдастыру ережесі iconСыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жоспарлау және жүргізу кезінде қолданылатын тәуекелдерді басқарудың үлгі жүйесі
Лгі ереженің негізгі мақсаты бақылаумен барынша қамту мақсатында тәуекелі жоғары, сондай-ақ тәуекелге аса бейім бақылау объектілерін...
Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесінің қызметін қалыптастыру және ұйымдастыру ережесі icon«Өскемен қаласының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі туралы
Экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі мемлекеттік мекемесі экономикалық және бюджеттік жоспарлау, бюджеттік және мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық...
Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесінің қызметін қалыптастыру және ұйымдастыру ережесі iconЕреж е
Бөлім мемлекеттік мекемесі жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, мәдениет саласында мемлекеттік саясатты және қалада бірыңғай мемлекеттік...
Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесінің қызметін қалыптастыру және ұйымдастыру ережесі iconАқпарат, ұйымдастыру, жоспарлау, реттеу және бақылау
Алдына ала бақылаудың мінездемесі қандай: Қаржылық операциялар істелгенге дейін қорларды жасау, бөлу, пайдалану
Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесінің қызметін қалыптастыру және ұйымдастыру ережесі icon«Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің жанындағы мамандандырылған комитет туралы ереже
Кеңесінің жанындағы мамандандырылған комитеттің мақсаттарын, оның құқықтары мен функцияларын, құрамын қалыптастыру тәртібін айқындайды,...
Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесінің қызметін қалыптастыру және ұйымдастыру ережесі iconСтуденттеріне арналған Бюджеттік және қаржылық ұйымдардағы
«Бюджеттік және қаржылық ұйымдардағы қаржылық бақылау мен аудит» пәні бойынша
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница