Практиканы өту бойынша жұмыс бағдарламасы мен әдістемелік нұсқаулары




НазваниеПрактиканы өту бойынша жұмыс бағдарламасы мен әдістемелік нұсқаулары
страница1/9
Дата конвертации10.02.2016
Размер0.97 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://psu.kz/arm/upload/umk/97622.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Практиканы өту бойынша жұмыс бағдарламасы мен әдістемелік нұсқаулары




Нысан

Н ҰС ПМУ 7.18.323



Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі


С.Торайгыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Есеп және аудит кафедрасы


050508 «Есеп және аудит» мамандығының студенттеріне


өндірістік практика бойынша


БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ


Павлодар




Практиканы өту бойынша жұмыс бағдарламасы мен әдістемелік нұсқауларына бекіту парағы




Нысан

ҰС ПМУ 7.18.3/22



Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі

С.Торайгыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор

____________Н.Э. Пфейфер

«____»______________ 200_ж.


Күндізгі және сыртқы оқу нысандарының ЖОБ, КОБ және ЖКБ бойынша, 050508 «Есеп және аудит» мамандығының студенттеріне арналған барлық меншік түрлеріндегі ұйымдарда, мекемелерде, кәсіпорындардағы өндірістік практика бойынша

БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ

Бағдарлама мемлекеттік жалпыбілімдік білім стандарты МЖБС КР 3.08.312– 2006 және МЖБС КР 5.03.005 – 2009 «Қазақстан республикасының білм жүйесі. Өндірістік практика. Негізгі қағидалар» негізінде құрастырылған.


Құрастырушылар:э.ғ.к, доцент Шамрай И.Н.

э.ғ.к, доцент Смагулова Р.И.

доцент Ли Р.С.

Есеп және аудит кафедрасы

Кафедра мәжілісінде ұсынылды

«___» _____________20__ ж, хаттама № ___


Кафедра меңгерушісі ______________И.Н. Шамрай «___» _____________20__ ж.

Қаржы-экономикалық факультетінің ОӘК мақұлданды

«___»______________ 20__ж., хаттама №____


ОӘК төрайымы________________Л.А. Сидорова «___» _____________20__ ж.


КЕЛІСІЛГЕН:

ҚЭФ деканы ____________Т.Я. Эрназаров «_____»_________20__ ж.

МАҚҰЛДАНДЫ:

КПжТЕОБ бастығы _______________Т.П. Долганова «___»_____________20__ж.

ОҮЖжӘҚБ бастығы____________А.А.Варакута «_____»________20__ ж.


Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

«___»______________ 20__ж., хаттама №____

1 Практика мақсаттары мен міндеттері


050508 «Есеп және аудит» мамандығы бойынша өндірістік практика бакалаврларды дайындау оқу жоспарының құрылымды бөлігі болып табылады.

Практика мақсаты – ЖОО игерген білімдерін әрі қарай кеңейту мен тұйықтау және шаруашылық субъектісінің бухгалтерлік есебі аясындағы практикалық дағды алу.

Өндірістік практиканы студенттер әртүрлі меншік формалары бар салалық экономика кәсіпорындарында, ұйымдар мен мекемелерде өтеді.

Практика барысында студент міндетті:

  • кәсіпорын ұйымдастыруымен, оның құрылымымен, сала ерекшелігімен және кәсіпорынның басқару және өндірістік бөлімшелерінің негізгі қызметтерімен танысу;

  • кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп ұйымдастыруын: есеп саясатын, бухалтерлік есеп түрлерін; есептің автоматтандырылуын; бастапқы ұжаттарын талдаулық есебінің түрлерін; қаржылық есептіліктің құрамы мен мазмұнын, оны қарастыруын, талдауын және бекітуін; есептің басқару және қаржылық талдауының, оны жақсартуы бойынша ұсыныстарды енгізуінқызмет етіетін ұйымдастыруының критикалық сипаттамасын оқып үйрену;

  • бухгалтерияда, экономикалық талдау немесе ішкі аудит қызметтерінде жұмыс істеп, материалды құндылықтарды, негізгі қорларлы, талдау, еңбек пен еңбек ақы төлеу, өндіріске шығындарды және өнімдердің өзіндік құныны есептеу бөлімдерінде отыру;

  • бухгалтерлік операциялардың, есеп айырысулардың, түгендеу мен тексеруді өткізулердің құжаттарын өңдеу мен құруына қатысу;

  • кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің, бухгалтерлік есептің, экономикалық талдау мен аудитінің рационалды ұйымдастыруының сұрақтары бойынша мәжіліс жұмыстарына қатысу;

  • курстық жұмыстарды, ғылыми докладтарды, практика бойынша есепті дайындау үшін материалдарды жүйелеп жинау.

Өндірстік практика нәтижесінде студент міндетті:

  • саланың жұмыс бағыттылығымен, кәсіпорынның микро- және макроорталарымен, кәсіпорынның технологиялық және өндірістік схемаларымен, дипломдық жұмыс тақырыбымен тығыз байланысты өндірістік және басқару бөлімшелерінің негізгі қызметтерімен танысу;

  • белгілі бір уақыт аралығында кәсіпорын жұмысының тиімділігінің резервтілігін анықтау үшін субъектінің қаржылық-шаруашылық қызметінің экспресс-талдауын жүзеге асыру;

  • есептік және басқа да пәндерді оқу кезінде алған теориялық білі мдерін тұйықтау;

  • бухгалтерлік есептілікті жүргізу мен оны компьютиризациялаудың техникасы, әдістемесі мен ұйымдастыруы бойынша практикалық дағдыларын игеру;

  • бастапқы құжатттарды, есептілік пен есеп регистірлеріндегі жазуларды жүргізуінің, құжаттарды дайындауының, ЭЕМ және жазбаша түрде бухгалтерлік есептілік түрлері мен есептер құруының әдістері мен тәсілдерін игеру.


2 Пререквизиттер

Өндірістік практиканың бағдарламасын игеру үшін келесі пәндерді оқу барысында білімдері мен дағдыларі керек:

  • Мамандыққа кіріспе;

  • Қаржылық есеп 1;

  • Қаржылық есеп 2;

  • Кәсіпорын экономикасы

  • Бухгалтерлік есеп қағидалары.


3 Постреквизиттер


Өндірістік практикасының бағдарламасын игеру нәтижесі болып студенттермен бухгалтерлік есепті жүргізуі ен ұйымдастыруы, кәсіпорын есеп саясатын құруы, қаржылық есептілік қалыптасуы саласында тәжірибелік білімдері мен дағдыларын игеруі табылады.

Экономикалық пікір-ойларының алынған тәжірибелік білімдері мен дағдыларын басқару есебін, аудитті оқуында, профидьдік пәндер бйынша курстық жұмыстарын орындауда пайдаланылады.


4 Практиканы өту графигі


Студенттерге арналған практика 5 аптаға немесе 2 кредитке бөлінген, практиканың басталуы мен ақталуы С. Торайгыров атындағы ПМУ бұйрығымен бекітіледі. Бөлек пәндер бойынша практиканың өту графигі кестеде келтірілген.


Кесте - Бөлек пәндер бойынша практиканың өту графигі

Тапсырма мазмұны

Сағаттар

саны

Жұмыс күндерінің саны

1 Кәсіпорынның шаруашылық қызметімен танысу

6

1

2 Бухгалтерлік есеп құруының негіздері мен кәсіпорындағы есеп саясаты

6

1

3 Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің талдауы

18

3

4 Меншік капиталының есебі

12

2

5 Негізгі құралдар мен материалды емес активтерінің есебі

12

2

6 Тауарлық-материалдық қорлардың есебі

18

3

7 Ақша қаражатының, есеп-айырысулардың, қаржылық есебі мен несиелердің есебі

12

2

8 Еңбек пен оны төлеудің есебі

12

2

9 Өндірістік шығындар есебі мен талдауы

18

3

10 Кірістер мен шығыстар есебі

18

3

11 Қаржылық есептілік: құруының практикасы мен әдістемесі

18

3

Барлығы

150

25


5 Практика мазмұны


Тапсырма 1. Кәсіпорынның шаруашылық қызметімен танысу

Цехтер, жұмыс учаскелері мен кәсіпорынның, басқа да тауарлық-материалдық қорларының сақталу учаскелерінің әр бөлімшесінің толық талдауымен экскурсиялар өткізу.

Тапсырма 2. 2 Бухгалтерлік есеп құруының негіздері мен кәсіпорындағы есеп саясаты.

Ұйымдастыру құрылымының, сондай-ақ, бухгалтерлік қызметінің ажырауымен экономикалық қызметінің схемасын құру. Бухгалтерияның әр құрылымының функционалдық міндеттіліктерін зерделеу.

Тапсырма 3. Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің талдауы

Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің және нәтижелерді қалыптастыруында шұғыл-талдауын өткізу.

Тапсырма 4. Меншік капиталының есебі

Қалыптасу тәртібін зерттеу, негізгі капиталдың өзгеруі. Резервті капитал. Мүліктің қалыптасу көздері.

Тапсырма 5. Негізгі құралдар мен материалды емес активтердің есебі

Амортизацияны есептеу. Негізгі құралардың және материалды еме активтердің құрылымы мен қозғалысының талдауы. НҚ мен МЕА бойынша құжатайналымы. НҚ мен МЕА синтетикалық және аналитикалық есебін ұйымдастыру.

Тапсырма 6. Тауар-материалдық қорлардың есебі.

Бухгалтериядағы ТМҚ топтары, сақтау орындарында материалды-жауапты адамдар, бухгалтерлік және қойма есебінің салыстыру тәртіді мен әдістері. ТМҚ есебінің құжатайналымын ұйымдастыру. ТМҚ синтетикалық және аналитикалық есептері.

Тапсырма 7. Ақша қаражаттарының, есептесулер мен қаржылық салымдар мен несиеледің есебі.

Кассалық операцияларды дайындау. Қолма-қолсыз шот бойынша операцияларды дайындау. Ақша қозғалысы бойынша есептілікті құру. Касса инвентаризациясы. Есептік шоттың ашуының процедуралары.

Тапсырма 8. Еңбек пен оны төлеудің есебі.

Кәсіпорынның еңбек ақы төлемдерінің тәртібі. Персоналмен есептесуді ұйымдастыру. Еңбек ақыны есептеу. Ұсталымдар түрлері. Ұсталымдарды есептеу тәртібі.

Тапсырма 9. Өндірістік шығындар есебі мен талдауы.

Өнімдердің өзіндік құнының калькуляциясы. Өндіріске шығындардың есебі бойынша регистірлерді толтыру тәртібі. Өндірістік шығындардың синтетикалық есебінің ұйымдастыруы. Өндіріске шығындар есебін орындау.

Тапсырма 10. Кірістер мен шығыстар есебі.

Негізгі қызмет пен негізгі емес қызмет бойынша пайданы қабылдау тәртібі. Дайын өнімді бағалау және әкелінген тауарладың деректі өзіндік құнының анықтау үшін есеп айырысуларды құру тәртібі. Синтетикалық және аналитикалық есепті ұйымдастыру, пайданы қалыптастыру мен оны пайдалану.

Тапсырма 11. Қаржылық есептілік: құрылу әдістемесі мен тәжірибесі.

Бухгалтерлік баланстың, кірістер мен шығыстар туралы есептіліктің, ақша қозғалысы мен меншік капиталының қозғалысы бойынша есептіліктің құрылу техникасы мен тәртібі.


6 Практиканың бөлімдерін орындау бойынша әдістемелік нұсқау


Тапсырма 1.

Студент практиканы кәсіпорынмен, өндіріс ұйымдастыруымен және оның технологиясымен танысуынан басталады. Ол үшін практика жетекшісі практиканттармен цехтер, жұмыс орындары, ТМҚ сақтау орындары мен басқа да орындары бойынша толық түсіндіруімен танысуын өткізеді. Кейін студент кәсіорын өнімімен, басқару құрылымының қағидаларымен, құқықтық құжатарымен танысады.

Тапсырма 2.

Кәсіпорынмен танысу метериалдары бойынша, оның ұйымдастырушылық құрылымының схемасы құрылады, сондай-ақ бухгалтерлік қызметті жіктеумен, экономикалық қызметінің схемасы құрылады. Бухгалтерия аппаратының құрылымын зерттеу үшін студенттер бухгалтерияның әр құрылымы бөлмшелерінің қызметтік міндеттіліктерін қарастыруы керек.

Студенттер кәсіпорынның есеп саясатын оқуы керек. Оның нәтижесінде олар берілген кәсіпорынның бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуының қағидаларын, тәртібі мен тәжірибесін сипаттауы керек.

Тапсырма 3.

Кәсіпорынның қаржылық есептілігігнің және түсініктеме хатының нәтижеснде студенттер қаржылық-шаруашылық қызметінің шұғыл-талдауын және қорытындыларын жасау керек. Шұғыл-талдаудың өткізу әдістемесі А қосымшасында көрсетілген.

Тапсырма 4.

Берілген тапсырма студенттерден талап етеді:

  • жарғы капитал өзгеріуі және қалыптасу тәртібін зерделеу;

  • капиталдың қозғалыс (жылжу) есеп тәртібін зерделеу;

  • резервті капиталды қалыптасу қолдану тәртібін зерделеу;

  • үстемелі төленген және төленбеген капиталды есеп тәртібі бухгалтерлік есеп стандартына сай қолдану;

  • субъектің мүліккінің қалыптасу декекөзімен танысу, жеке меншік және тартылған капиталдың құрамын көрсететін бланс деректерінің кестесін құру;

  • жеке меншік капиталының синтетикалық есебін ұйымдастыру тәртібе және оны құжат айналымын зерделеу;

  • қаржы көрсеткісін есептеу және талдау, жеке меншік капиталының құрылым, талдау құрамы.

Практика есебінде жоғарыдағы тізбеленген жеке меншік капиталының аспектерін міндетті түрде анықтау қажет.

Тапсырма 5.

Студенттер негізгі құралдардың және материалды емес активтердің есебінің ұйымдастыруын, яғни:

  • кәсіпорынның саясатында қарастырылған есеп әдісімен негізгі құралдар және материалды емес активтердің тозу есебін құрастыру;

  • негізгі құралдар және материалды емес активтердің объектілерін пайдалану қозғалыс динамикасын құрамын талдап шығу;

  • негізгі құралдар және материалды емес активтердің қозғалуы жайлы құжаттарды құрастыру және өңдеу тәртібін зерделеу құжатайналымының үлгісін жасау;

  • негізгі құралдардың күнделікті және күрделі жөндеу шығының есептеу тәртібі және талдау көрсеткіштің есебі;

  • негізі және ұзақ мерзімге жиналған құралдардың қозғалысының бастапқы құжаттарың жүйелі деректеу және материалды емес объектердің активтерін тіркелімдерді құжаттарды жүйелеу және қолдану тәртібін зерделеу;

  • негізгі құралдар және материалды емес активтердің синтетикалық есебін ұйымдастыру тәртібін зерделеу;

Практиканың есебінің мәтінін құрастырғанда кәсіпорын туралы берілген құжаттарды талдап жоғарыда берілген есептерді пайдалану, міндетті түрде қосымша толтырылған құжаттар болуы керек.

Тапсырма 6.

Студенттер бухгалтерияда материалдық есептеу топтарын, сақтау орындарындағы материалды-жауапты тұлғаларды, бухгалтерлік және қойма есебінің тексеру әдістері мен тәртібін зерттейді.

Студенттер өз бетінше істеу керек:

  • жұмсалған ТМҚ-дың КДШ және нақты өзіндік құнның, есептеу бағалары бойынша олардың құнынан ай соңына қалдықтардың ауытқұларды есептеу;

  • бухгалтерлік есеп стандарттарымен ұсынылған қалдықтар бағаларының әдістерін зерттеу және талдау;

  • материалдық құндылықтардың қозғалысы бойынша құжаттарды толтыру;

  • материалдық құндылықтардың түсуі бойынша жеткізушілермен есеп айырысу есептерінің жағдайын, оның төлемін, бухгалтерлік есеп тіркеліміндегі қарыздылық қалдықтарын талдау;

  • бухгалтерлік құжаттардағы түгендеуді өткізу тәртібін және түгендеу нәтижелерін есептеуін зерттеу;

  • өткізу тәртібін және қайта бағалау нәтижелерінің есебін зерттеу;

  • қаржылық есеп-қисапты ашылатын ТМҚ есептеу бойынша ақпарат толықтығын зерттеу.

Осы тақырып бойынша есепте жоғарыда аталған есеп айрысулар, зерттелген материал деректері көрсетіледі

Тапсырма 7.

Бұл тапсырма бойынша студенттерге қажет:

  • кассадағы ақша қаражаты қозғалысының құжаттарын дайындау тәртібін оқу;

  • кассалық есептіліктерді өңдеп, бухгалтерлік есептілік регистірлерінде жазуларды жасау а;

  • касса түгендеуіне қатысып, ақша қаражатының тексеру актісін құру және қорытындыларын есеп регистірлеріне енгізу;

  • банктерде ағымды, валюталық, кредиттік шоттарды ашуының тәртібін оқу;

  • есептік құжаттардың үзіндісіне қатысу;

  • банктерден бірнеше үзіндіні өңдеп, бухгалтерлік есептілік регистірлерінде жазуларды енгізу;

  • кәсіпорында қолданылатын қолма-қолсыз есептеулердің түрлері мен формаларын зерттеу;

  • жеткізушілер, сатып алушылар, дебиторлар мен кредиторлармен есептерін ұйымдастыруын сипаттау;

  • есептілік тұлғалармен, материалды жауапты тұлғалармен есептесулерді ұйымдастыруын оқу;

  • барлық есептеу шоттары бойынша синтетикалық және аналитикалық есепті жүргізуі және регистірлерінде жазулары бойынша тәртіптермен танысу;

  • есептесулер, өңдеулер, претензиялы хаттарды салыстыруына қатысу.;

  • құнды қағаздар түрлерін және әртүрлі қаражат салымдарын оқу.

Бұл тақырып бойынша есепте жоғары көрсетілген есептеулер, оқылған материалдардың мәліметтері көрсетілген.

Тапсырма 8.

Бұл тапсырманың мақсаты кәсіпорындағы еңбек ақы төлеуінің тәртібімен танысу, персоналмен есептесу бойынша есепті ұйымдастыруының пратикалық дағдыларын игеру, кәсіпорынынның персоналына еңбек ақыны есептеу .

Практика үрдісі барысында студенттер оқу қажет:

  • кәсіпорынның жеке құрамын, жұмысқа қабылдау, басқа жұмысқа ауысу, еңбек келісімінің тоқталуы туралы бұйрықпен танысу;

  • табельдік есебінің жүргізу тәртібін;

  • кәсіпорында қолданылатын еңбек ақы жүйесі мен түрлерін;

  • жұмыс істелген уақыт, демалыс күндері, уақытша қабілетсіздік пен басқа да төлем түрлері бойынша есептелер тәртібін;

  • еңбек ақы төлемдерінен ұстамдары мен оның есебінің тәртібін;

  • еңбек ақының синтетикалық есебінің және оның құжатайналымын ұйымдастыруын.

Бұл тақырып бойынша есепте жоғары көрсетілген есептеулер, оқылған материалдардың мәліметтері көрсетілген.

Тапсырма 9.

Бұл тапсырманы орындау кезінде қажет:

  • кәсіпорындағы басқару есебінің ұйымдастыруын оқу;

  • өндіріске шығындар мен есеп ұйымдастыруының нормативтік базасымен танысу;

  • кәсіпорындағы қолданылатын өнімдердің өзіндік құнының есептеуін, өндірістік есеп әдістерін оқу;

  • өндіріске шығындар бойынша есеп регистірлерін толтыру тәртібімен танысу;

  • өндірістік шығындардың синтетикалық есебін ұйымдастыруын оқу;

  • өндіріске шығындар талдауын өткізу.

Бұл тақырып бойынша есепте жоғары көрсетілген есептеулер, оқылған материалдардың мәліметтері көрсетілген.

Тапсырма 10

Осы тақырыпты зерттеу үшін студент білуі тиіс:

  • бухгалтерлік есеп стандарттарының ережелерін зерттеу;

  • негізгі қызмет және негізгі қызмет емес түрлері бойынша табыстар таңылуының тәртібін зерттеу;

  • өткізу бөлімінің жұмысымен танысу, сатып алушылар құрамын және дайын өнімді жеткізудің негізгі жағдайларын анықтау;

  • шарттық қатынастар ұйымымен танысу;

  • қоймаға өнімді кіріске алу есебінің, сатып алушыларға өнімді жөнелту, сатып алушылардың төлем есептерінің бақылауын іске асыру ұйымдастырылуымен танысу;

  • қоймадағы дайын бұйымдардың (өнімдердің) түсу, жөнелту, жіберу құжаттық ресімдеу тәртібін меңгеру;

  • тауарларды есептеу ұйымдастырылуын зерттеу (орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер;

  • дайын өнімді бағалау және түсірілген тауарлардың нақты өзіндік құнын анықтау үшін есеп айырысуларды құрастыру тәртібімен танысу;

  • өнімді өткізу және оны бөлу бойынша өнімдерді, шығындарды өткізу есебін зерттеу және өткізу;

  • кәсіпорындағы дайын өнімді және оны өткізу есебінің жүйесін сипаттау;

  • табыстарды пайдалану бағыттарын зерттеу;

  • табысты бөлудің есеп айырусыларды зерттеу;

  • синтетикалық және аналитикалық есептердің, табыстың қалыптасуы мен пайдалануының ұйымдастырылуын зерттеу.

Осы тақырып бойынша есепте жоғарыда аталған есеп айрысулар, зерттелген материал деректері көрсетіледі.

Тапсырма 11.

Осы тақырыпты үйрену үдерсінде студент білу тиіс:

  • бухгалтерлік балансты құрастыру, табыстар және шығындар туралы есептің, меншікті капитал қозғалысы туралы есептің тәртібі және техникасымен танысу;

  • баланс көрсеткішінің есептің басқа нысандарымен байланысын зерттеу;

  • баланс баптарының баға қағидаларын анықтау;

  • қаржылық есеп-қисап және оның түсініктеме хатын ұсыну және бекіту тәртібін меңгеру.

Осы тақырып бойынша есепте жоғарыда аталған есеп айрысулар, зерттелген материал деректері көрсетіледі.

  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Похожие:

Практиканы өту бойынша жұмыс бағдарламасы мен әдістемелік нұсқаулары iconПрактиканы өту жөніндегі бағдарлама мен әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы
Барлық меншік нысандарындағы ұйымдарда, мекемелерде және кәсіпорындарда 5В050900 «Қаржы» мамандығының студенттеріне арналған
Практиканы өту бойынша жұмыс бағдарламасы мен әдістемелік нұсқаулары iconПрактиканы өту жөніндегі бағдарлама мен әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы
Барлық меншік нысандарындағы ұйымдарда, мекемелерде және кәсіпорындарда 050509 «Қаржы» мамандығының студенттеріне арналған
Практиканы өту бойынша жұмыс бағдарламасы мен әдістемелік нұсқаулары iconПрактиканы өту жөніндегі бағдарлама және әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы
Барлық меншік түрлеріндегі ұйымдарда, мекемелерде, кәсіпорындардағы, 5В050800 «Есеп және аудит» мамандығының студенттеріне арналған...
Практиканы өту бойынша жұмыс бағдарламасы мен әдістемелік нұсқаулары iconМинистерство здравоохранения рк
«Менеджменттің теориясы мен тәжірибесі» пәні бойынша практикалық сабақ әдістемелік нұсқаулары «Денсаулық сақтау мен фармацияда құқық...
Практиканы өту бойынша жұмыс бағдарламасы мен әдістемелік нұсқаулары iconСтуденттердің Өзіндік жұмыстарын орындауына әдістемелік нұСҚАУ
Аталмыш пән бойынша СӨЖ тапсырмаларын орындаудың әдістемелік нұсқаулары теориялық және тәжрибелік сабақтарға беріле отырып студенттердің...
Практиканы өту бойынша жұмыс бағдарламасы мен әдістемелік нұсқаулары iconЖҰмыс бағдарламасы «Жұқпалы аурулар» пәні бойынша Мамандығы: «Жалпы практика дәрігері» Сағат саны-180
Жұмыс бағдарламасы емдеу ісі, педиатрия, шығыс медицина және интернатура факультетінің Әдістемелік кеңесінде талқыланды
Практиканы өту бойынша жұмыс бағдарламасы мен әдістемелік нұсқаулары icon«медициналық ҚҰҚЫҚ ЖӘне денсаулық сақтаудағы заңнама негіздері» модулі жұмыс бағдарламасы
Мжмбс-2006 арнап «Медициналық құқық сот медицина сұрақтарымен» электив пәні бойынша жұмыс бағдарламасы типтік оқу бағдарламасына...
Практиканы өту бойынша жұмыс бағдарламасы мен әдістемелік нұсқаулары iconКурсының бағдарламасы syllabus
«sql тілі» таңдаулы курсынан кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу-әдістемелік кешен 050111 мамандығы бойынша оқу жұмыс бағдарламасы...
Практиканы өту бойынша жұмыс бағдарламасы мен әдістемелік нұсқаулары iconКурсының бағдарламасы syllabus
«Си программалау тілі» таңдаулы курсынан кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу-әдістемелік кешен 050602 мамандығы бойынша оқу...
Практиканы өту бойынша жұмыс бағдарламасы мен әдістемелік нұсқаулары iconКурсының бағдарламасы syllabus
«Delphi программалау тілі» пәнінен кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу-әдістемелік кешен 050110 мамандығы бойынша оқу жұмыс...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница