Скачать 423.5 Kb.
|
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық университеті 5B0508 “Есеп және аудит” мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған өндірістік іс-тәжірибе БАҒДАРЛАМАСЫ (қашықтықтан оқыту нысаны) Қарағанды 2012 Құрастырушы э.ғ.қ. проф. Мадиева Қ.С. Бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасының оқу-әдістемелік семинары отырысында талқыланып, бекітілген. Мәжіліс хат № 2, 28 қырқуйек 2012 ж 1. Өндірістікпрактиканың мақсаты мен міндеттері. Студенттердің өндірістік және диплом алдындағы практикасы жоғары білімді маман даярлаудың маңызды бөлімі болып табылады. Ол 5В0508 “Есеп және аудит” мамандығының типтік оқу жоспары, ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары. Бакалавриат. Негізгі ережелер ҚР МЖМБС 5.04.019 – 2011, ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары Кәсіптік практика. Негізгі ережелер бойынша ұйымдастырылады. Кәсіби тәжірибе жоғары білім берудің кәсіби оқыту бағдарламасының міндетті бөлшегі болып табылады. Өндірістік практиканың мақсаты түйінді құзіреттілігін бекіту, Есеп және аудит мамандығы бойынша практикалық дағды мен кәсіптік тәжірибе қалыптастыру болып табылады. Өндірістік іс- тәжірибе барысында студенттің міндеттері:
ІІ. Өндірістік практиканың орнын дайындау және ұйымдастыру. Өндірістік іс-тәжірибенің басталуына үш күн қалғанда оқытушылардың тәжірибе жетекшілерінің міндетті түрде қатысуымен студенттердің жиналысы өткізіледі. Жиналыста студенттерге оқу жоспарында анықталған практиканың міндеті туралы кәсіпорындағы жұмыстың мазмұны мен тәжірибеден өту мерзімі туралы айту керек. Студенттер өндірістік практиканы әр түрлі ұйымдық-құқықтық, меншіктік нысандағы шаруашылық салаларындағы кәсіпорындармен ұйымдарда өтеді. ІІІ. Өндірістік практиканың көлемі және ұзақтығы. Өндірістік практиканы сырттай-қашықтықтан оқытын студенттер 5 апта өтеді. Университет ректорының бұйрығында тәжірибенің басталуы және аяқталуы белгіленеді. Шамамен іс-тәжірибенің жекелеген тақырыптары бойынша ұзақтылығы:
Ескерту: ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары Кәсіптік практика. Негізгі ережелер бойынша студенттер сыртқы-қашықтықтан оқыту нысанынан мамандық бойынша жұмыс істесе, өндірістік практикадан босатылады. Аталған жағдайда студенттер бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасына жұмыс орнынан кәсіптік қызметі көрсетілген бейнеленген анықтама, мінездеме және лауазымы бойынша лауазымдық инструкцияларды тапсыруы керек ІУ. Өндірістік іс-тәжірибені басқару мен бақылау. Студенттердің өндірістік тәжірибеден өтуін ұйымдастыруды және оқу-әдістемелік жетекшілік етуді университет тарапынан өндірісті жақсы білетін жетекші-оқытушыларды тағайындауды бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасы жүзеге асырады. Кәсіпорын тарапынан студенттердің іс-тәжірибесін ұйымдастыру, кәсіпорынның бас бухгалтерімен оның орынбасарына жүктеледі. 4.1. Университет тағайындаған жетекшінің міндеті: 4.1.1 Әрбір кәсіпорын бойынша практика жетекшілерімен берілген күнтізбелік жұмыс кестесін жасау. 4.1.2 Практика күнделігін жүргізу және жасалған жұмыстарға қортынды есеп жасау мәселері жөнінде кеңестер беру. 4.1.3 Кәсіпорын басшылығы арқылы практиканттарға қажетті жағдай жасау шараларын қарастыру. 4.1.4 Студенттердің жұмыстарының сапасын және күнтізбелік кестенің орындалуын бақылау. 4.2. Кәсіпорын тағайындаған іс-тәжірибе жетекшісінің міндеті: 4.2.1.Білікті жетекшілікті және әр бір студентті жұмыс орнымен қамтамасыз етуді жүзеге асыру. 4.2.2 Практиканттарға қажетті, түсініктеме беру және олардан тапсырылған жұмысты дер кезінде әрі сапалы орындалуын талап ету. 4.2.3 Практиканы бекітілген бағдарлама мен студенттің жеке жоспарына сәйкес басқару. 4.2.4 Тәжірибенің соңында әрбір практиканттың жұмысы туралы жазбаша мінездеме беру және студенттің жасаған қортынды есебін куәландыру. 4.3.Студенттің міндеті: 4.3.1. Іс-тәжірибе орнына, өндірістік тәжірибені бастау үшін, нақты белгіленген уақытта келу. 4.3.2. Ұйымның ішкі тәртіп ережелерін және еңбек заңының талаптарын қатаң сақтау (орындау), өндірістік кеңестерге, ұжымның қоғамдық өміріне қатысу. 4.3.3 Кәсіпорынмен тағайындалған іс-тәжірибе жетекшісінің тапсырмасын және іс-тәжірибе бағдарламасын жеке кестеге сәйкес орындау. 4.3.4 Кафедрадан тағайындалған іс-тәжірибе жетекшісінің кеңестерін алу. 4.3.5 Белгіленген үлгіде күнделік жүргізіп, іс-тәжірибе жөнінде қортынды есепке тиісті жазулар жазу. 4.3.6 Бухгалтерлік есепті және аудитті ұйымдастыру мен әдістемесі бойынша нұсқауларды және нормативтік материалдарды зерделеу. Өндірістік практиканың қорытындысы бойынша, студенттер Бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасына есеп беру тапсырады, ғылыми жетекшісімен тексеріледі, кафедра меңгерушісінің жарлығымен құрылған комиссия алдында қорғалады. Есепті қорғау қорытындысы тағайындалған балдық–рейтингтік әріпті жүйе бағасы бойынша дифференциалды сынақпен бағаланады. V. Өндірістік практика бағдарламасының мазмұны 1. Жалпы бөлім 5.1 Тәжірибе базасымен, шаруашылық қызметімен, есепті, ішкі аудитті ұйымдастырумен танысу Практика базасының өндірісімен, технологиясымен және қызметінің негізгі бағыттарымен жалпы танысудан басталады. Кәсіпорындағы тәжірибе басшысы студентпен кіріспе нұсқамалар жүргізіп, шаруашылықтың бөлімдері, цехтары және өзге де бөлімшелері бойынша саяхат ұйымдастырады. Содан кейін практикант мекеменің жарғысымен, басқару бөлімдерінің жағдайымен және оның қызметін реттеп отыратын өзге де нормативтік құжаттарымен танысады. Кәсіпорынмен танысу материалдарында оның ұжымдық құрылымының сызбасы жасалады. Есеп-талдау қызметінің құрлымына және есеп саясатына сәйкес ашылатын өндірістің көлеміне, технологиялық үрдісінің дәйектілігіне және қолданылатын есеп, талдау және ішкі аудиттің әдістеріне тәуелді олардың атқаратын қызметін зерттеуге ерекше назар аударуға талап етеді. Студент тікелей бухгалтерияда, қаржы–экономика бөлімдерінде және басқа да құрылымдық бөлімшелерде құжаттардың жасалу сызбасын, компьютерлерді және басқа да техникалық құралдарды пайдалану есептің, қаржы-экономикалық талдаудың және аудиттің озық әдістерін қолдану мүмкіндігін зерттейді. 5.2 Капиталды есепке алу Бұл тақырыпта студенттен құрылтай құжаттарын пайдалануды талап ету төмендегі мәселелер үшін қажет:
5.3 Ақша қаражаттарының және ақша эквиваленттерінің есебі мен аудиті Студенттердің өңдеген ұлттық және шетелдік валютада ағымдағы банктік шоттардағы және кассадағы ақша қаражатының қозғалысының, есебінің бастапқы құжаттарының негізінде есеп құжаттарын толтырып және есеп регистрларына таратып жазу керек. Бұл тақырып бойынша тәжірибе туралы есепте ақша-қаражаттар операцияларының есебінің теориялық ережелерін жазғаннан кейін мәтінінде немесе қосымшада толықтырылған мынадай бастапқы құжаттармен есеп регистрларды көрсету керек:
Барлық қажетті есеп регистрларын және бастапқы құжаттарын жұмылдырып кассалық және есеп айырысу операцияларының дұрыс жүргізілгендігіне ішкі тексеріс жүргізу қажет. Сонымен қатар жабдықтаушылармен және медігерлермен алынған аванс бойынша есеп беруге тиісті тұлғалармен, шағым талап бойынша, басқа берешектермен және алашақтармен есеп айырысудың дұрыстығын тексеру қажет. 5.4 Дебиторлық берешекті есепке алу және талдау Бұл тақырып бойынша студент 8 жорнал-ордерді және берілген аванс бойынша 8 жорнал-ордерге ашылатын айналым ведомосты немесе кәсіпорында қолданылатын бухгалтерлік компьютерлік бағдарлама ведомостын мына мәселелерді зерттеу үшін қолдану керек:
Сондай-ақ студент мына мәселелерді зерттеу үшін 7 жорнал-ордердің немесе компьютерлік бағдарламаның мәліметтерін пайдалану қажет:
- күмәнді талаптар резервінің пайда болу, пайдалану тәртіптерін және есебін;
Студент дебиторлық берешектердің пайда болу уақытына талдау жасап, дебиторлық борыштардың айналымын, сөндіру мерзімін және курсының төмендеуін есептеуге міндетті. Дебиторлық борыштың құрамындағы “күмәнді талаптардың” үлесін анықтау қажет. 5.5 Қорларды есепке алу және аудиті Студент қорлардың бухгалтериядағы сақталу орындарында материалды жауапты тұлғалардағы есебін бухгалтерлік және қоймалық есептің әдістері мен салыстыру тәртіптерін зерттейді. Студент өз бетімен жұмсалған қорлардың нақты өзіндік құның және тасымалдау-дайындау шығындарын, айдын соңындағы қалдықтарының олардың есептік бағасы бойынша құнының ауытқуын есептеп шығарады. № 2 «Қорлар» ХБЕС стандартындағы қорларды бағалау әдістерін анықтап талдау жасайды. Сатып алған материалдық құндылықтардың келіп түсу бөлігінде және жабдықтаушылармен есеп айырысу есебінің, олардың №6 жорнал – ордер міндеттеменің қолдағы жағдайына талдау жасайды. Түгендеу жүргізу тәртібін, бухгалтерлік құжаттарда тұгендеудің нәтижесінің есебін зерттейді, қайта бағалау жүргізу тәртібін және есеп нәтижесін зерттейді. Қаржылық қорытынды есепте ашылатын қорлардың есебінің ақпараттарының толықтығын зерттейді. Осы тақырып бойынша өндірістік тәжірибе есебінде жоғарыда келтірілген есептеулер, зерттелген материалдардың мәліметтері көрсетіледі. Тақырыптың мәтінінде немесе тіркелінген қосымшада төменгі толықтырылған бастапқы құжаттары мен есеп регистрлары пайдаланылады.
Экономикалық талдау мен аудит мәселелерін зерттеген кезде жүзеге асыру қажет:
|
![]() | Студентке арналған пәннің оқу бағдарламасы Силлабус 5В050900 – Қаржы мамандығы бойынша №6. 08. 008-2008, 5В050800 – Есеп және аудит мамандығы бойынша №6. 08. 009-2008 Қр мемлекеттік... | ![]() | Студенттерге арналған курстың ОҚу бағдарламасы Курстың оқу бағдарламасын «Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасының оқытушысы Жолаева Рита Ахантаевна 050508 «Есеп және аудит»... |
![]() | Рабочая учебная программа методические указания по выполнению контрольных работ Мамандық: 5В050800 «Есеп және аудит» Жұмыс бағдарламасы Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру негізінде «Қаржы, есеп және салық салу» кафедрасында дайындалып 5В050800... | ![]() | Студентке арналған пән бойынша оқу бағдарламасы Жұмыс бағдарламасы «Технологиялық машиналар және жабдықтар» кафедрасында, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының негізінде,... |
![]() | 1. ӘЛеуметтанушы мамандығы бойынша курстың бағдарламасы «Әлеуметтану» мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналған | ![]() | І. Өндірістік практиканың мақсаты мен міндеттері В030100 "Юриспруденция" мамандығы студенттерінің өндірістік тәжірибе бағдарламасы |
![]() | Кредиттік технология бойынша оқитын студенттерге арналған көрсеткіш-анықтамалық Кредиттік және қашықтықтан оқыту технологиялары, ішкі тәртіп ережелері, студенттерге көмек көрсету қызметі, студенттерге арналған... | ![]() | 5В0508 (050508)- есеп және аудит мамандығы бойынша кешенді мемлекеттік емтихан бағдарламасы В0508 (050508) Есеп және аудит мамандығы бойынша кешенді мемлекеттік емтихан бағдарламасын құрастырушы э.ғ. к., ҚҚэу профессоры Мәдиева... |
![]() | Экономикалық теория және халықаралық экономика кафедрасы Барлық мамандық бойынша оқитын студенттерге арналған дистанциондық оқу – тәжірибе құралы | ![]() | 5В050900 «Қаржы», 5В050800 «Есеп және аудит», 5В051000 «Мемлекеттік жергілікті басқару» мамандықтары үшін «Салықтар теориясы және оны ұйымдастыру» пәні бойынша студенттерге арналған пәннің бағдарламасы |