Есеп және аудит мамандығының студенттеріне бақылау жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулық Павлодар Кереку 2009




Скачать 359.71 Kb.
НазваниеЕсеп және аудит мамандығының студенттеріне бақылау жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулық Павлодар Кереку 2009
страница6/6
Дата конвертации10.02.2016
Размер359.71 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://psu.kz/arm/upload/umk/42717.doc
1   2   3   4   5   6

Қажет:


- әрбір қателікті табуға көмектесетін мәні ьойынша тестілерді анықтау;

- әрбір тест үшін қаржылық есептіліктің бекіту(лер)ін көрсетіңіз;

- мәні бойынша әрбір тест нәтижесінде алынған дәлелдер типтерін (яғни физикалық, растау, құжаттық, жазбаша өтініштер, математикалық, ауызша немесе аналитиакалық) көрсетіңіз. (Сұрақтарға жауаптар үшін кесте форматын қолданыңыз: әрбір бөлік үшін бір колонка).

18 есеп

ТМҚ өтпелі қалдықтарының аудиті


Сіз «Лилия» компаниясының 1 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған жыл ішіндегі аудитін жүргізуге келісім жасадыңыз.

Қорлардан 1 жылдың 30 желтоқсанына дейін «Лилия» компаниясының сатып алушыларына жіберілген тауарлар ғана алып тасталды. Түгендеуге сәйкес қорлар компанияның бас бухгалтерімен бухгалтерлік кітаптарда бейнеленді. Үздіксіз түгендеу бойынша ешқандай жазбалар жүргізілмейді. Барлық сатулар ФОБ жағдайында жүргізіледі – меншік құқығы жүктеу пунктінде берілетінін есебімен жүктеу станциясы. Сізге барлық шот-фактуралар дұрыс көрсетілген деп ойлау қажет.

7 кестеде 1 жылдың желтоқсаны мен сәйкес 2 жылдың қаңтары ішінде сату журналына енгізілген сату бойынша шот-фактуралар тізімі көрсетілген.

Қажет: кезеңдер бойынша сатуды шексіздендіруді талдау негізінде жоғарыда көрсетілген мәліметтерді ескере отырып, 31 желтоқсанға қажетті корректорлық журналдық бухгалтерлік жазбаларды көрсетіңіз.


Кесте 7 – Сату журналы

Шот-фактуралар бойынша сату сомасы

Сату бойынша шот-фактура күні

Сатылған өнімнің өзіндік құны

Жүк тиеу күні

Желтоқсан

a. $3.000

21 желтоқсан

$2.000

31 желтоқсан

b. 2.000

31 желтоқсан

800

3 қараша

c. 1.000

29 желтоқсан

600

30 желтоқсан

d. 4.000

31 желтоқсан

2.400

3 қаңтар

e. 10.000

30 желтоқсан

5.600

29 желтоқсан (консигнацияға жіберілді)

Қаңтар

f. $6.000

31 желтоқсан

$4.000

30 желтоқсан

g. 4.000

2 қаңтар

2.300

2 қаңтар

h. 8.000

3 қаңтар

5.500

31 желтоқсан


19 есеп

Негізгі құралдар аудиті

Рахимов, аудитор, баланстық есептілікте «Негізгі құралдар» бабы бар өндірістік компанияның қаржылық есептіліктерін тексеруді жүргізеді. Компания жетекшілігі Рахимовтен «Негізгі құралдар» бабына қосылған немесе қосылмаған төменде көрсетілген маңызды баптар үшін корректировкалар мен ре-классификациялар қажет пе екенін сұрады:

1) жыл ішінде жер учаскесі сатып алынды. Келесі жылы осы учаскеде компанияның бас офисі салынады. Сатып алу қозғалмайтын мүлікті сату бойынша агентіне төленді және жер учаскесінен бұрыңғы иесінің қондырғыларын шығару бойынша барлық шығындар төленді. Осы шығындар шығындар бабында тіркелді және «Негізгі құралдарға» қосылмады;

2) жерді құрылысқа дайындау үшін учаскені тазалау бойынша жұмыстар жүргізілді. Бұл шығындар «Негізгі құралдарға» қосылды;

3) жерді тазалау нәтижесінде алынған орман материалдары мен гравий сатылды. Орман материалдары мен гравийді сатудан алынған табыс «Басқа табыстар» шотында бейнеленді және «негізгі құралдарға» қосылмады;

4) машиналар кешені роялти келісімі бойынша сатып алынды. Роялти төлемдері өндірілген бірліктер негізінде есептелінеді. Машиналардың өзіндік құны, оларды жеткізу, жүктеу және роялти төлемдері «Негізгі құралдар» шотына капиталданды және қосылды.

Табу керек:

- «Негізгі құралдар» үшін аудиттің мақсаттарын анықтау және әрбір бапқа қатысты мәні бойынша негізгі тесттерді көрсету.

- 1-4 пункттерінің әрқайсысы үшін түзетулер мен ре-классификациялау қажеттілігін анықтау. Мұндай түзетулер мен ре-классификациялаулардың қажеттігін немесе қажетсіздігін түсіндіріңіз. Жауабыңызды 8 кесте түрінде келтіріңіз.


Кесте 8 – Түзету мен реклассификациялар

Түзетудің немесе ре-классификациялаудың қажеттілігі бар ма?

Иә / Жоқ

Түзету мен ре-классификациялауды өткізудің қажеттілігінің немес қажетсіздігінің себептері








20 есеп

Негізгі құралдар аудиті

Пирогов, тәуелсіз аудитор, 2005 жылдың 31 желтоқсанында аяқталатын жыл ішіндегі «Макет» компаниясының қаржылық есептіліктерін аудиторлық тексерісін жүргізуде қатысты. «Макет» компаниясының балансында компания өз әрекетінде пайдаланатын мобильді құрылыс қондырғыларының елеулі саны есептеледі. Қондырғылар сальдосы көмекші кітапта есепке алынады. Пирогов ішкі бақылау құрылымын зерттеп бағалады және сәйкес келетін деп мойындады.

Табу керек:

Пирогов «Макет» компаниясының мобильді құрылыс қондырғылары мен қаржылық есептіліктердегі сәйкес шоттардың тозуын тексеру үшін жүргізуі тиіс мәні бойынша тестілерді анықтау.


21 есеп

Табыстар аудитінің бағдарламасы

«Қызыл май» ААҚ 31.12.01. – 1.01.03 ж.ж. кезеңі ішіндегі табыстарды тексеру бойынша аудит бағдарламасын әзірлеу, негізгі салаларын, аудиттің нақты процедураларын, сонымен қатар әрбір процедура үшін ақпараттық базаны анықтау. Аудитор М.Н. Ергалиевтің көмекшілері С.Е.Трунова мен С.Р.Дюсембекова арасындағы аудиторлық процедураларды дұрыс бөліңіз.

Аудит бағдарламасы 10 позициядан кем емес болуы тиіс. Әзірлеу кезінде 1-есепте көрсетілген кестені қолданыңыз.


22 есеп

Инвестициялық цикл аудиті

«Траст» компаниясының инвестициялық циклінің шоттар сальдосын тексеру кезінде аудитор Куприн келесі ауытқулар пайда болуы мүмкін немесе бар екенін анықтады:

1) алуға проценттерді есептеуде математикалық қателік жіберілді;

2) аффилирленген компанияның кәдімгі акцияларының 25% инвестициялары бастапқы құны бойынша есептеледі;

3) иесі сыртқы қамқоршы болып табылатын құнды қағаздар қазынашының атына жазылған;

4) кезеңнің басында иелікте болған құнды қағаздар жеке пайдалануға шілдеде берілді және желтоқсанда ауыстырылды;

5) құнды қағаздарды рұқсат етілген сатып алулары бастапқы құны бойынша есепке алынды, ал брокерлік қызметтерді төлеу шығындарға есептелді;

6) қолда бар деп есептелген акциялардың 10-ы жоқ;

7) акциядағы нарықтық инвестициялар ағымдағы нарықтық бағадан асатын бастапқы құны бойынша есептеледі;

8) нарықтық құнды қағаздар реестрі шоттардың бас кітабына сәйкес келмейді;

9) құнды қағаздарды сатудан алынған табыс салық салудан кейін есептеледі;

10) банктік несиені қамтамасыз ету ретінде салынған құнды қағаздардың ашылуы жоқ.

Анықтау керек:

- ауытқудың әрқайсысын табуы тиіс мәні бойынша тестілердің түрлерін анықтау;

- әрбір тест мәні бойынша жататын қаржылық есептердегі бекітулерді көрсетіңіз;

- мәні бойынша тестілерді жүргізу нәтижесінде алынған дәлелдердің түрлерін көрсетіңіз (мысалы, физикалық, растайтын, құжаттық, жазбаша көрсетулер, математикалық, ауызша немесе аналитикалық). Жауабыңызды а, б, в бөліктерінің әрқайсысы үшін жеке бағана қолдана отырып, кесте түрінде рәсімдеңіз.


23 есеп

Ішкі бақылау тестілері

«Жүніс» ЖШС «Негізгі құралдар аудиті» тақырыбы бойынша 10 сұрақтан кем емес аудиторлық тесттер әзірлеу. Тестілеу нәтижелерін анықтау кезінде сіз аудитор ретінде 12 қызметкерді сұрағаныңызды және олар барлық сұрақтарға бірдей ауап берулері мүмкін еместігін ескеріңіз. Мүмкін болатын жауаптарды болджаңыз және «Жүніс» ЖШС негізгі құралдарының ішкі бақылауының тиімділігіне баға беріңіз.

Әзірлеу кезінде 2-есепте келтірілген кестені қолданыңыз.


24 есеп

Төлемге шоттар аудиті

Сіздің компанияңыз «Бронь» компаниясының 31 желтоқсанда аяқталған жыл ішіндегі қаржылық есептерді аудиторлық тексеруін жүргізді. Компания аспаптардың негізгі түрлерін өндіреді және дилерлер мен дистрибьютерлердің қызметін пайдалана отырып, нарыққа жеткізеді.

Сіз төлемге шоттар тексерісін жүргізуіңіз тиіс. Осы дивизияның жеткізушілері алдында кредиторлық берешек $2500 000 құрайды, бұл төлемге барлық шоттардың 60% болып табылады. Төлемге шоттар барлық міндеттемелердің 60% және барлық міндеттемелер мен жеке капиталдың 30% құрайды. Осы жыл ішіндегі таза табыс $3 000 000 құрады.

Жеткізушілерден шот-фактуралар сатып алу бөліміне келіп түседі, мұнда олар тауар қабылдау жөніндегі есептермен және саны мен бағасының сәйкестігіне сатып алу тапсырыстармен салыстырылады. Қабылдау жөніндегі шот-фактуралар мен есептер содан кейін математикалық дәлдікті тексеру үшін және төлемге қорытынды рұқсат алу үшін бухгалтерия бөліміне жіберіледі.

Төлем күні (айдың жетінші жұмыс күні) тауарды қабылдау жөніндегі есептері тіркелген шот-фактуралар екі топтар арасында бөлінеді: бір топқа өткен айдық күні қойылған тауарды қабылдау жөніндегі есептері бар шот-фактуралар іріктелсе, екінші топқа – ағымдағы айдың күні қойылған тауарды қабылдау туралы есептері бар шот-фактуралар. Содан соң қорытынды сомасы мен жеке әрбір топ үшін кезекті тәртіп номерінен құралатын салыстыру журналы толтырылады. Қаржылық есептерде құралатын төлемге шоттар өткен кезең күні қойылған салыстыру журналынан тауарды қабылдау жөніндегі есептері бар барлық шот-фактуралардың қорытынды сомасы болып табылады. Растайтын құжаттарды тіркеу журналы жүргізілмейді.

Сатып алу бөлімі сәйкес келмеген қабылдау жөніндегі есептер мен шот-фактураларды сақтайды.

Шоттарды жабу бойынша компанияда бекітілген процедуралар сәйкес келеді, алайда компания жолдағы ТМҚ ешқашан есепке алмайды.

Компаниямен алынған жеткізушілер есептері бухгалтерлік есеп бөліміндегі қызметшіге қайта жіберіледі. Қызметші жеткізушілердің есептеріндегі төлемге барлық сомаларды салыстырмайды, бірақ төлемге барлық уақыты өткен сомаларды салыстырады.

Компания аудиторлар үшін төлемге шоттар тізімін құрады. Бұл тізім қаңтарда төленген төлемге желтоқсандық сомаларды салыстыру журналынан құрастырылды. Ол жеткізушінің аты/атауынан, тізбектік номеріне, шот-фактураның күнінен, төлем күнінен және санынан құралады. Осы тізімді тез шолып өту келесіні анықтады:

1) қаңтар күнімен қойылған және $200,000 құрайтын шот-фактуралар «Плюс» жарнама агенттігімен «Лучшие Дома и Сады» журналында ақпан мен наурыздағы жарнама үшін жазылды. Бұл шоттар вице-президенттің талабы бойынша төлемге шоттардың жылдық тізіміне қосылды, бұны вице-президент осы шешімімен жыл ішіндегі ақиқат шығындар мен жарнама бөлімінің бюджетте бекітілген шығындар арасындағы сәйкестікті қалайтынын түсіндірді. Шығын жарнамаға кеткен шығын деп тіркелді;

2) тізімге қосылған сомалар еңбекақы бойынша төлемдер, еңбекақыға салықтар, басқа салықтар болып табылады;

3) заңгер мен бухгалтердің қызметін төлеумен байланысты шоттар тізімді құрамайды.

Қажет: осы компанияның төлемге шоттар аудитімен байланысты мәні бойынша тестілер мен мәселелерді сипаттау.

Әдебиеттер


Негізгі

  1. Абленов Д.О. Основы аудита : учебное пособие / Д.О. Абленов. – Алматы : Экономика, 2003. – 354 б.

  2. Абленов Д.О. Аудит негiздерi : Оқулық /Д.О. Абленов . – Алматы : Экономика, 2005. – 400 б.

  3. Ажибаева З.Н. Аудит : учебник. – Алматы : Экономика, 2004. – 527 б.

  4. Аpенс А., Лоббек Дж. Аудит. Перевод с англ. / гл. редактор серии пpоф. Я.В. Соколов. – М. : Финансы и статистика, 1995. – 558 б.

  5. Дюсембаев К.Ш. Аудит и анализ финансовой отчетности предприятия. – Алматы : Экономика, 2000. – 293 б.

  6. Каренова Г.С. Аудит : учеб. пособие / Г.С. Каренова.–Караганда : КарГУ, 2007. – 262 б.

  7. Шамрай, И.Н. Аудит : учебно-метод. пособие / Шамрай И.Н. – Павлодар : ПГУ им. С.Торайгырова, 2004. – Ч.1. – 102 б.


Қосымша

8  Андреев В.Д. Практический аудит : справочное пособие. – М. : Экономика, 1994. – 226 б.

9 Барышников Н.П. Организация и методика проведения общего аудита. – М. : Филин, 1996. – 364 б.


Мазмұны


Кіріспе..........................................................................................3

1 Бақылау жұмысының мақсаты мен міндеттері…...……….…4

2  Бақылау жұмысының нұсқасын таңдау………….....…….. ...4

3 Бақылау жұмысының тапсырмалары...........................…….…5

3.1 Теориялық бөлім.............................................................……....5

3.2 Тәжірибелік бөлім...................................................................…6

Әдебиеттер.................................................................................24


БЕКІТЕМІН


С. Торайғыров атындағы

ПМУ-дің оқу ісі

жөніндегі проректоры

__________Н.Э. Пфейфер

2009 ж.«____» __________


Құрастырушы: аға оқытушы Г.Г. Темирова


Есеп және аудит кафедрасы


Тәжірибелік аудит

050508 "Есеп және аудит"

мамандығының студенттеріне бақылау жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулық


Кафедра мәжілісінде бекітілді 2009 ж. «_____» _____№____ хаттама­­­

Кафедра меңгерушісі _________________ И.Н. Шамрай


Қаржылық-экономикалық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданған 2009 ж. «_______» _____ №_____ хаттама


ОӘК төрайымы _______________ Л.А.Сидорова

КЕЛІСІЛДІ


ҚЭФ деканы ______________ Т.Я.Эрназаров 2009 ж. «____»_____


СМ бөлімі н/б __________ Г.С. Баяхметова 2009 ж. «___»________


МАҚҰЛДАНДЫ

ОҮЖ ж ӘҚБ бастығы __________ А.А. Варакута 2009 ж. «___»________

1   2   3   4   5   6

Похожие:

Есеп және аудит мамандығының студенттеріне бақылау жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулық Павлодар Кереку 2009 icon050509 «Қаржы» мамандығы студенттеріне курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар Павлодар Кереку
...
Есеп және аудит мамандығының студенттеріне бақылау жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулық Павлодар Кереку 2009 icon1-кесте – СӨЖ түрлері және оны орындауға қажетті уақыт есебі
«Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша 050508 «Есеп және аудит», 050509 «Қаржы», 050506 «Экономика» мамандығының студенттеріне...
Есеп және аудит мамандығының студенттеріне бақылау жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулық Павлодар Кереку 2009 icon«Омыртқасыздар зоологиясы» пәні бойынша бақылау жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқау
Омыртқасыздар зоологиясы пәні бойынша бақылау жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқау
Есеп және аудит мамандығының студенттеріне бақылау жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулық Павлодар Кереку 2009 iconЭкономикадағы математика пәнінен 5В050800 «Есеп және аудит» мамандығының студенттеріне арналған
Экономикадағы математика пәні бойынша 5В050800 «Есеп және аудит», мамандығының студенттеріне арналған
Есеп және аудит мамандығының студенттеріне бақылау жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулық Павлодар Кереку 2009 iconЛттық ойындардың КӨмегімен жастардың белсенді өмір жағдайларын қалыптастыру барлық мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құралы Павлодар Кереку 2009
Ж. А. Усин – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, пмпи, Дене шынықтыру және спорт факультетінің деканы
Есеп және аудит мамандығының студенттеріне бақылау жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулық Павлодар Кереку 2009 iconБекітемін
«Қазақ филологиясы» мамандығының студенттеріне арналған бақылау жұмысын орындауға арналған
Есеп және аудит мамандығының студенттеріне бақылау жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулық Павлодар Кереку 2009 iconБекітемін
В020700 «Аударма ісі» мамандығының студенттеріне арналған бақылау жұмысын орындауға арналған
Есеп және аудит мамандығының студенттеріне бақылау жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулық Павлодар Кереку 2009 iconБекітемін
«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне арналған бақылау жұмысын орындауға арналған
Есеп және аудит мамандығының студенттеріне бақылау жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулық Павлодар Кереку 2009 iconБекітемін
«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне арналған бақылау жұмысын орындауға арналған
Есеп және аудит мамандығының студенттеріне бақылау жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулық Павлодар Кереку 2009 iconБекітемін
«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне арналған бақылау жұмысын орындауға арналған
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница