Есеп және аудит мамандығының студенттеріне бақылау жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулық Павлодар Кереку 2009




Скачать 359.71 Kb.
НазваниеЕсеп және аудит мамандығының студенттеріне бақылау жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулық Павлодар Кереку 2009
страница5/6
Дата конвертации10.02.2016
Размер359.71 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://psu.kz/arm/upload/umk/42717.doc
1   2   3   4   5   6

Анықтау керек:


Төлем бойынша жоғарыда көрсетілген процедуралардың әрқайсысы үшін ішкі бақылаудың жақсы жүйесіне сәйкес келе ме және әрбір процедура ішкі бақылауды қалайша күшейтетінін немесе әлсіздендіретінін сипаттаңыз.

Жауапты 6 кесте сәйкес беріңіз.


Кесте 6– Ішкі бақылауды бағалау

Сәйкес келеді/

Сәйкес келмейді

Күшейтеді немесе әлсіздендіреді

  1. (Мысал)

Сәйкес келеді

Сатып алуға өтінімдер тапсырысқа сәйкес сатып алудың жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.



9 есеп

Сатып алу циклінің аудиті

“Халық” – соңғы бірнеше жыл ішінде өз қуаттылығын ұлғайтқан өндірістік компания. 2000 жылдың 31 мамырында аяқталған кезең ішіндегі осы компанияның тексеріс нәтижелеріне негізделе отырып, жетекшілікке ішкі бақылаудың белгілі бір әлсіз жақтары көрсетілген ішкі бақылау бойынша сіз меморандум шығардыңыз. «Халық» компаниясының бас бухгалтері ішкі бақылау жүйесі үшін компания тым ірі екенін мойындады және сіздің ойыңызша компанияның сатып алу және сату жүйесінде жұмыс істейтін бақылау түрі бойынша сізден кеңес сұрайды.

Қажет:

а) бас бухгалтерді міндеттердің негізгі бөлінуі жөнінде ақпараттандыру және өз түсіндірмелеріңді беру;

б) «Халық» компаниясының сауда кредиторлық жүйесінің және сатып алужың келесі функцияларында сіз анықтаймын деген ішкі бақылаудың негізгі тән белгілері жөнінде кеңес беру:

  1. сатып алу;

  2. тауар қабылдау;

  3. сатып алулар есебі;


10 есеп

Ішкі бақылау тестілері

«София» ЖШС «Кредиторлық берешек аудиті» тақырыбы бойынша 10 сұрақтан кем емес аудиторлық тестілер әзірлеу. Тестілеу нәтижелерін анықтау кезінде сіз аудитор ретінде 15 қызметкерді сұрағаныңызды және олар барлық сұрақтарға бірдей жауап берулері мүмкін еместігін ескеріңіз. Мүмкін болатын жауаптарды болжаңыз және «София» ЖШС дебиторлық берешек саласындағы ішкі бақылаудың тиімділігіне баға беріңіз.

Әзірлеу кезінде 2-есепте көрсетілген кестені қолданыңыз.


11 есеп

Кредиторлық берешек аудитінің бағдарламасы

«Заря» ААҚ-ның 31.12.00 – 01.01.02 ж.ж. кезеңі ішіндегі кредиторлық берешекті тексеру бойынша аудит бағдарламасын әзірлеу, негізгі салаларды, аудиттің нақты процедураларын, сонымен қатар әрбір процедура үшін ақпараттық базасын анықтау. Аудитор Н.М. Ахметовтың көмекшілері М.С. Воркунова мен М.К. Абдрасилованың арасында аудиторлық процедураларды дұрыс бөліңіз.

Бағдарлама 10-нан кем емес позициядан құрылуы тиіс. Әзірлеу кезінде 1 есепте көрсетілген кестені қолданыңыз.


12 есеп

Кредиторлық берешек аудиті

Семенов – «Заря» компаниясының аудиторы. Семенов ағымдағы жыл ішіндегі келісімге сәйкес кредиторлық берешекке қатысты орындалуы тиіс аудиторлық жұмыс жөніндегі мәселені қарастырады.

Өткен жыл құжаттары «Заря» корпорациясының мың жеткізушілерінен 100-не растау жөніндегі сұраулары жіберілгендігін куәландырады. Жеткізушілер ақша көрінісінде үлкен қалдықтары бар шоттарды іріктеу мақсатымен Семенов жүргізген таңдама негізінде іріктелді. Растау жөніндегі сұрауларға жауаптар мен бухгалтерлік құжаттар арасындағы салыстырмалы түрде үлкен емес айырмашылықтар туралы мәселені шешу кезінде «Заря» клопорациясы мен Семенов көп уақыт кетірді. Растау жөніндегі сұрауларға жауап қайтармаған жеткізушілерге қатысты альтернативті аудиторлық процедуралар қолданылды.

Қажет:

1) мәні бойынша тестілерді анықтау кезінде Семенов кредиторлық берешек туралы қандай бекітулерді қарастыруы қажет екенін анықтау;

2) төлемге шоттарды растауды Семенов қашан қолданғаны жөн және оларды қолданудың қажеттілігі бар маекенін талқылаңыз;

3) растау үшін төлемге шоттарды іріктеу үшін негіз ретінде ақшалай көріністегі ірі қалдықтарды пайдалану неге ең рационалды емес әдіс екенін талқылаңыз және растау үшін төлемге шоттарды іріктеу кезінде қандай рационалды әдістерді қолдануға болады?


13 есеп

Ақша құралдарының аудиті

Мәліметтер «Алмаз» компаниясының есеп айырысу шотына жатады:

1) баланс бойынша есеп айырысу шотындағы ақша құралдарының қалдығы: 30 қарашасына - $38.500; 31 желтоқсанда - $47,030;

2) банк құжаттарына сәйкес шоттағы қалдық: 30 қарашада - $39.580; 31 желтоқсанда - $44.500;

3) жолдағы депозит: 30 қарашада - $5.200; 31 желтоқсанда - $6.500;

4) төленбеген чектер: 30 қарашада - $6.300; 31 желтоқсанда - $4,300;

5) банк қызметтер төлеу: 30 қарашада - $20; 31 желтоқсанда - $30. “Алмаз” банк қызметтерін төлеуді келесі айда ескереді;

6) желтоқсанда ақшалай жабумен қамтамасыз етілмеген сома: $300. “Алмаз” компаниясы ескертуге байланысты ешқандай проводкаларды жасаған жоқ. Чек бойынша қайта депозит қаңтарда жасалды;

7) банктік көшірмеге сәйкес желтоқсандағы депозиттің қорытынды сомасы: $247.700;

8) бухгалтерлік баланс бойынша (жолдағы депозиттерді қоса) желтоқсанда алынған ақша құралдары: $250,000;

9) бухгалтерлік балансқа сәйкес желтоқсандағы ақша құралдарын төлеу: $241,470.

Қажет:

- желтоқсан ішіндегі ақша құралдарының дәлелін дайындау;

- бұзушылықтар болды ма? Өз жауабыңызды түсіндіріңіз.

- 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ақша құралдарының дұрыс қалдығы қандай?


14 есеп

ТМҚ аудитінің бағдарламасы

«Восток» ААҚ 31.12.01 - 1.01.03 ж.ж. кезеңі ішіндегі ТМҚ тексеру бойынша аудит бағдарламасын әзірлеу, негізгі салаларын, аудиттің нақты процедураларын, сонымен қатар әрбір процедура үшін ақпараттық базаны анықтау. Аудитор З.А. Мухамедкалиеваның көмекшілері А.Т. Франк пен В.Д. Хрукин арасындағы аудиторлық процедураларды дұрыс бөліңіз.

Аудит бағдарламасы 10кем емес позициядан құрылуы тиіс. Әзірлеу кезінде 1 есепте көрсетілген кестені қолданыңыз.


15 есеп

ТМҚ саласындағы ішкі бақылау аудиті

«Шторм» компаниясы өндірісте пластмассалық өнімдерді пайдалану үшін әр түрлі химиялық өнімдерді өндіреді. Зауыт екі ауысымда, аптасына бес күн жұмыс істейді, техникалық қызмет көрсету үшінші ауысымда және сенбі күндері жүзеге асырылады, егер қажеттілік болса.

Жуырда жаңа ішкі аудит бөлімінің персоналы аудит жүргізді және ішкі аудит жүйесіне қатысты комментарийлер қолайсыз болды. Аудиторлардың комментарийлері материалдардың қозғалысы мен шикізаттың ішкі бақылау компоненттеріне жатқызылды.

Шикізатты тікелей зауытта алады, сериялық өндірістің жұмысшыларының бірі оған қол қояды және одан кейін шикізат сериялық өндірістің бастапқы үрдісі орналасатын орынның маңында сақталады. Қабылдау жөніндегі биркалар бақылаушы бір күн ішінде беріледі, содан кейін күннің соңында ол биркаларды ТМҚ бақылау бөліміне береді. ТМҚ бақылау бөлімі фактілік өндіріс жөніндегі апта сайынғы есептерді және стандартты формулаларды қолдана отырып, материалдарды тұтынуды есептейді. Түгендеу квартал сайын жүргізіледі. Сатып алулар жөніндегі өтінімдерді ТМҚ бақылау бөлімі дайындайды, және де жиі жедел тапсырыстар пайда болады. Жедел тапсырыстар үшін шикізат қажеттілігіне қарамастан өндіріс меңгерушісі бақылаушыдан ТМҚ құны жоғары болғандықтан ТМҚ деңгейі жеткілікті жоғары болуы тиіс деген қызмет хаттарын жиі алып тұрады.

Техникалық қызмет көрсетуге арналған бөлшектер қоймада сақталады. Екі ауысымда қоймашы жұмыс істейді. Өтінімдер қоймадан кез келген нәрсе алынған кезде әрқашан рәсімделуі тиіс, бірақ бұл шарт үнемі орындалмайды. Қоймадан бөлшектерді жедел түрде алу қажеттілігіне байланысты қоймашы жоқ болған уақытта қойма құлыпқа жабылмайды. Сонымен қатар үшінші ауысымның жұмысы уақытында жабылмайды, өйткені техникалық қызмет көрсету бойынша бригада қажетті бөліктерді алады. Алу жөніндегі өтінімдерді қоймашы дайындайды. Түгендеу циклді түрде жүргізіледі. Жиі жедел тапсырыстар рәсімделеді.

Қажет:

- «Шторм» компаниясының (1) элементтерге және (2) техникалық қызмет көрсету бойынша материалдарға қатысты ішкі бақылау жүйесінің кемшіліктерін анықтау;

- осы аспектілердің әрқайсысын жақсартуға қатысты ұсыныстар жасаңдар.


16 есеп

Ішкі бақылау тестілері

«Армада» ЖШС «Жеке капитал аудиті» тақырыбы бойынша 10 сұрақтан кем емес аудиторлық тестілер әзірлеңіз. Тестілеудің нәтижелерін анықтау кезінде сіз аудитор ретінде 14 қызметкерді сұрағаныңызды және олар барлық сұрақтарға бірдей жауап берулері мүмкін еместігін ескеріңіз. Мүмкін болатын жауаптарды болжаңыз және «Армада» ЖШС жеке капиталы саласындағы ішкі бақылаудың тиімділігіне баға беріңіз.

Әзірлеу кезінде 2 есепте келтірілген кестені қолданыңыз.


17 есеп

ТМҚ аудиті

«Жемчужина» компаниясының аудиті кезінде ТМҚ сальдосы мәнісі бойынша тестілерді орындау кезінде аудитор Якушев потенциалды кемшіліктердің бар екендігін мойындады:

1) ТМҚ барлық баптары қайта есептелмеген;

2) клиенттің ТМҚ қорытындыларында қателіктер жіберілген;

3) кезең соңында алынған тауарлар, мүмкін, түгендеуге қосылды, бірақ бухгалтерлік құжаттарда көрсетілмеген;

4) моральді ескірген немесе бүлінген ТМҚ қоймада белгіленбеді;

5) қоймада деп саналатын ТМҚ мүмкін жоқ;

6) клиент персоналы, мүмкін, ТМҚ қате қайта санады;

7) өзіндік құннан және нарықтық құннан ең кіші әдісі, мүмкін, дұрыс емес қолданылды;

8) Тмқ-да мүмкін бос контейнерлер қосылды;

9) консигнациядағы тауарлар, мүмкін, ТМҚ-на қосылды;

10) сатып алу жөніндегі келісімдерден шығындар, мүмкін, мойындалмады.
1   2   3   4   5   6

Похожие:

Есеп және аудит мамандығының студенттеріне бақылау жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулық Павлодар Кереку 2009 icon050509 «Қаржы» мамандығы студенттеріне курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар Павлодар Кереку
...
Есеп және аудит мамандығының студенттеріне бақылау жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулық Павлодар Кереку 2009 icon1-кесте – СӨЖ түрлері және оны орындауға қажетті уақыт есебі
«Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша 050508 «Есеп және аудит», 050509 «Қаржы», 050506 «Экономика» мамандығының студенттеріне...
Есеп және аудит мамандығының студенттеріне бақылау жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулық Павлодар Кереку 2009 icon«Омыртқасыздар зоологиясы» пәні бойынша бақылау жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқау
Омыртқасыздар зоологиясы пәні бойынша бақылау жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқау
Есеп және аудит мамандығының студенттеріне бақылау жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулық Павлодар Кереку 2009 iconЭкономикадағы математика пәнінен 5В050800 «Есеп және аудит» мамандығының студенттеріне арналған
Экономикадағы математика пәні бойынша 5В050800 «Есеп және аудит», мамандығының студенттеріне арналған
Есеп және аудит мамандығының студенттеріне бақылау жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулық Павлодар Кереку 2009 iconЛттық ойындардың КӨмегімен жастардың белсенді өмір жағдайларын қалыптастыру барлық мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құралы Павлодар Кереку 2009
Ж. А. Усин – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, пмпи, Дене шынықтыру және спорт факультетінің деканы
Есеп және аудит мамандығының студенттеріне бақылау жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулық Павлодар Кереку 2009 iconБекітемін
«Қазақ филологиясы» мамандығының студенттеріне арналған бақылау жұмысын орындауға арналған
Есеп және аудит мамандығының студенттеріне бақылау жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулық Павлодар Кереку 2009 iconБекітемін
В020700 «Аударма ісі» мамандығының студенттеріне арналған бақылау жұмысын орындауға арналған
Есеп және аудит мамандығының студенттеріне бақылау жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулық Павлодар Кереку 2009 iconБекітемін
«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне арналған бақылау жұмысын орындауға арналған
Есеп және аудит мамандығының студенттеріне бақылау жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулық Павлодар Кереку 2009 iconБекітемін
«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне арналған бақылау жұмысын орындауға арналған
Есеп және аудит мамандығының студенттеріне бақылау жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулық Павлодар Кереку 2009 iconБекітемін
«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне арналған бақылау жұмысын орындауға арналған
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница