Практиканы өту жөніндегі бағдарлама және әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы




Скачать 229.5 Kb.
НазваниеПрактиканы өту жөніндегі бағдарлама және әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы
Дата конвертации10.02.2016
Размер229.5 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://psu.kz/arm/upload/umk/113660.doc

Практиканы өту жөніндегі бағдарлама және әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы




Нысан

Н ҰС ПМУ 7.18.3/23



Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі


С.Торайгыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Есеп және аудит кафедрасы


5В050800 «Есеп және аудит» мамандығының студенттеріне


өндірістік практиканы өту жөніндегі


БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ


Павлодар

Практиканы өту жөніндегі бағдарламалар мен әдістемелік нұсқауларды бекіту парағы




Нысан

ҰС ПМУ 7.18.3/22



Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор

____________Н.Э. Пфейфер

«____»______________ 200_ж.


Барлық меншік түрлеріндегі ұйымдарда, мекемелерде, кәсіпорындардағы, 5В050800 «Есеп және аудит» мамандығының студенттеріне арналған өндірістік практика жөніндегі

БАҒДАРЛАМА ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Бағдарлама Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мамандықтың ҚР МЖМБС 6.08.009– 2008 және «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі. Кәсіптік практика. Негізгі ережелер» атты ҚР МЖМБС 5.03.005 – 2009 негізінде әзірленді.


Құрастырушылар:________________э.ғ.к. Мусина А.Ж.

________________доцент Ли Р.С.

Есеп және аудит кафедрасы

Кафедра отырысында ұсынылды

«___» _____________20__ ж, хаттама № ___


Кафедра меңгерушісі ______________А.Ж. Мусина «___» _____________20__ ж.

Қаржы-экономикалық факультетінің ОӘК мақұлданды

«___»______________ 20__ж., хаттама №____


ОӘК төрағасы________________А.Б. Темиргалиева «___» _____________20__ ж.


КЕЛІСІЛДІ

ҚЭФ деканы ____________Т.Я. Эрназаров «_____»_________20__ ж.


МАҚҰЛДАНДЫ:

КПжЖОБ бастығы _____________Н.Ж. Акимбекова «___»_____________20__ж.

ОҮЖжӘҚБ бастығы____________А.А.Варакута «_____»________20__ ж.


Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

«___»______________ 20__ж., хаттама №____

1 Практика мақсаттары мен міндеттері


5В050800 «Есеп және аудит» мамандығы бойынша өндірістік практика бакалаврларды дайындау оқу жоспарының құрылымды бөлігі болып табылады.

Практика мақсаты – ЖОО игерген білімдерін әрі қарай кеңейту мен тұйықтау және шаруашылық субъектісінің бухгалтерлік есебі аясындағы практикалық дағды алу.

Өндірістік практиканы студенттер әртүрлі меншік формалары бар салалық экономика кәсіпорындарында, ұйымдар мен мекемелерде өтеді.

Практика барысында студент міндетті:

  • кәсіпорын ұйымдастыруымен, оның құрылымымен, сала ерекшелігімен және кәсіпорынның басқару және өндірістік бөлімшелерінің негізгі қызметтерімен танысу;

  • кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп ұйымдастыруын: есеп саясатын, бухалтерлік есеп түрлерін; есептің автоматтандырылуын; бастапқы ұжаттарын талдаулық есебінің түрлерін; қаржылық есептіліктің құрамы мен мазмұнын, оны қарастыруын, талдауын және бекітуін; есептің басқару және қаржылық талдауының, оны жақсартуы бойынша ұсыныстарды енгізуінқызмет етіетін ұйымдастыруының критикалық сипаттамасын оқып үйрену;

  • бухгалтерияда, экономикалық талдау немесе ішкі аудит қызметтерінде жұмыс істеп, материалды құндылықтарды, негізгі қорларлы, талдау, еңбек пен еңбек ақы төлеу, өндіріске шығындарды және өнімдердің өзіндік құныны есептеу бөлімдерінде отыру;

  • бухгалтерлік операциялардың, есеп айырысулардың, түгендеу мен тексеруді өткізулердің құжаттарын өңдеу мен құруына қатысу;

  • кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің, бухгалтерлік есептің, экономикалық талдау мен аудитінің рационалды ұйымдастыруының сұрақтары бойынша мәжіліс жұмыстарына қатысу;

  • курстық жұмыстарды, ғылыми докладтарды, практика бойынша есепті дайындау үшін материалдарды жүйелеп жинау.

Өндірстік практика нәтижесінде студент міндетті:

  • саланың жұмыс бағыттылығымен, кәсіпорынның микро- және макроорталарымен, кәсіпорынның технологиялық және өндірістік схемаларымен, дипломдық жұмыс тақырыбымен тығыз байланысты өндірістік және басқару бөлімшелерінің негізгі қызметтерімен танысу;

  • белгілі бір уақыт аралығында кәсіпорын жұмысының тиімділігінің резервтілігін анықтау үшін субъектінің қаржылық-шаруашылық қызметінің экспресс-талдауын жүзеге асыру;

  • есептік және басқа да пәндерді оқу кезінде алған теориялық білі мдерін тұйықтау;

  • бухгалтерлік есептілікті жүргізу мен оны компьютиризациялаудың техникасы, әдістемесі мен ұйымдастыруы бойынша практикалық дағдыларын игеру;

  • бастапқы құжатттарды, есептілік пен есеп регистірлеріндегі жазуларды жүргізуінің, құжаттарды дайындауының, ЭЕМ және жазбаша түрде бухгалтерлік есептілік түрлері мен есептер құруының әдістері мен тәсілдерін игеру.


2 Пререквизиттер

Өндірістік практиканың бағдарламасын игеру үшін келесі пәндерді оқу барысында білімдері мен дағдыларі керек:

  • Мамандыққа кіріспе;

  • Қаржылық есеп 1;

  • Қаржылық есеп 2;

  • Кәсіпорын экономикасы

  • Бухгалтерлік есеп қағидалары.


3 Постреквизиттер


Өндірістік практикасының бағдарламасын игеру нәтижесі болып студенттермен бухгалтерлік есепті жүргізуі ен ұйымдастыруы, кәсіпорын есеп саясатын құруы, қаржылық есептілік қалыптасуы саласында тәжірибелік білімдері мен дағдыларын игеруі табылады.

Экономикалық пікір-ойларының алынған тәжірибелік білімдері мен дағдыларын басқару есебін, аудитті оқуында, профидьдік пәндер бйынша курстық жұмыстарын орындауда пайдаланылады.


4 Практиканы өту графигі


Студенттерге арналған практика 5 аптаға немесе 2 кредитке бөлінген, практиканың басталуы мен ақталуы С. Торайгыров атындағы ПМУ бұйрығымен бекітіледі. Бөлек пәндер бойынша практиканың өту графигі кестеде келтірілген.


Кесте - Бөлек пәндер бойынша практиканың өту графигі

Тапсырма мазмұны

Сағаттар

саны

Жұмыс күндерінің саны

1 Кәсіпорынның шаруашылық қызметімен танысу

6

1

2 Бухгалтерлік есеп құруының негіздері мен кәсіпорындағы есеп саясаты

6

1

3 Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің талдауы

18

3

4 Меншік капиталының есебі

12

2

5 Негізгі құралдар мен материалды емес активтерінің есебі

12

2

6 Тауарлық-материалдық қорлардың есебі

18

3

7 Ақша қаражатының, есеп-айырысулардың, қаржылық есебі мен несиелердің есебі

12

2

8 Еңбек пен оны төлеудің есебі

12

2

9 Өндірістік шығындар есебі мен талдауы

18

3

10 Кірістер мен шығыстар есебі

18

3

11 Қаржылық есептілік: құруының практикасы мен әдістемесі

18

3

Барлығы

150

25


5 Практика мазмұны


Тапсырма 1. Кәсіпорынның шаруашылық қызметімен танысу

Цехтер, жұмыс учаскелері мен кәсіпорынның, басқа да тауарлық-материалдық қорларының сақталу учаскелерінің әр бөлімшесінің толық талдауымен экскурсиялар өткізу.

Тапсырма 2. 2 Бухгалтерлік есеп құруының негіздері мен кәсіпорындағы есеп саясаты.

Ұйымдастыру құрылымының, сондай-ақ, бухгалтерлік қызметінің ажырауымен экономикалық қызметінің схемасын құру. Бухгалтерияның әр құрылымының функционалдық міндеттіліктерін зерделеу.

Тапсырма 3. Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің талдауы

Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің және нәтижелерді қалыптастыруында шұғыл-талдауын өткізу.

Тапсырма 4. Меншік капиталының есебі

Қалыптасу тәртібін зерттеу, негізгі капиталдың өзгеруі. Резервті капитал. Мүліктің қалыптасу көздері.

Тапсырма 5. Негізгі құралдар мен материалды емес активтердің есебі

Амортизацияны есептеу. Негізгі құралардың және материалды еме активтердің құрылымы мен қозғалысының талдауы. НҚ мен МЕА бойынша құжатайналымы. НҚ мен МЕА синтетикалық және аналитикалық есебін ұйымдастыру.

Тапсырма 6. Тауар-материалдық қорлардың есебі.

Бухгалтериядағы ТМҚ топтары, сақтау орындарында материалды-жауапты адамдар, бухгалтерлік және қойма есебінің салыстыру тәртіді мен әдістері. ТМҚ есебінің құжатайналымын ұйымдастыру. ТМҚ синтетикалық және аналитикалық есептері.

Тапсырма 7. Ақша қаражаттарының, есептесулер мен қаржылық салымдар мен несиеледің есебі.

Кассалық операцияларды дайындау. Қолма-қолсыз шот бойынша операцияларды дайындау. Ақша қозғалысы бойынша есептілікті құру. Касса инвентаризациясы. Есептік шоттың ашуының процедуралары.

Тапсырма 8. Еңбек пен оны төлеудің есебі.

Кәсіпорынның еңбек ақы төлемдерінің тәртібі. Персоналмен есептесуді ұйымдастыру. Еңбек ақыны есептеу. Ұсталымдар түрлері. Ұсталымдарды есептеу тәртібі.

Тапсырма 9. Өндірістік шығындар есебі мен талдауы.

Өнімдердің өзіндік құнының калькуляциясы. Өндіріске шығындардың есебі бойынша регистірлерді толтыру тәртібі. Өндірістік шығындардың синтетикалық есебінің ұйымдастыруы. Өндіріске шығындар есебін орындау.

Тапсырма 10. Кірістер мен шығыстар есебі.

Негізгі қызмет пен негізгі емес қызмет бойынша пайданы қабылдау тәртібі. Дайын өнімді бағалау және әкелінген тауарладың деректі өзіндік құнының анықтау үшін есеп айырысуларды құру тәртібі. Синтетикалық және аналитикалық есепті ұйымдастыру, пайданы қалыптастыру мен оны пайдалану.

Тапсырма 11. Қаржылық есептілік: құрылу әдістемесі мен тәжірибесі.

Бухгалтерлік баланстың, кірістер мен шығыстар туралы есептіліктің, ақша қозғалысы мен меншік капиталының қозғалысы бойынша есептіліктің құрылу техникасы мен тәртібі.


6 Практиканың бөлімдерін орындау бойынша әдістемелік нұсқау


Тапсырма 1.

Студент практиканы кәсіпорынмен, өндіріс ұйымдастыруымен және оның технологиясымен танысуынан басталады. Ол үшін практика жетекшісі практиканттармен цехтер, жұмыс орындары, ТМҚ сақтау орындары мен басқа да орындары бойынша толық түсіндіруімен танысуын өткізеді. Кейін студент кәсіорын өнімімен, басқару құрылымының қағидаларымен, құқықтық құжатарымен танысады.

Тапсырма 2.

Кәсіпорынмен танысу метериалдары бойынша, оның ұйымдастырушылық құрылымының схемасы құрылады, сондай-ақ бухгалтерлік қызметті жіктеумен, экономикалық қызметінің схемасы құрылады. Бухгалтерия аппаратының құрылымын зерттеу үшін студенттер бухгалтерияның әр құрылымы бөлмшелерінің қызметтік міндеттіліктерін қарастыруы керек.

Студенттер кәсіпорынның есеп саясатын оқуы керек. Оның нәтижесінде олар берілген кәсіпорынның бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуының қағидаларын, тәртібі мен тәжірибесін сипаттауы керек.

Тапсырма 3.

Кәсіпорынның қаржылық есептілігігнің және түсініктеме хатының нәтижеснде студенттер қаржылық-шаруашылық қызметінің шұғыл-талдауын және қорытындыларын жасау керек. Шұғыл-талдаудың өткізу әдістемесі А қосымшасында көрсетілген.

Тапсырма 4.

Берілген тапсырма студенттерден талап етеді:

  • жарғы капитал өзгеріуі және қалыптасу тәртібін зерделеу;

  • капиталдың қозғалыс (жылжу) есеп тәртібін зерделеу;

  • резервті капиталды қалыптасу қолдану тәртібін зерделеу;

  • үстемелі төленген және төленбеген капиталды есеп тәртібі бухгалтерлік есеп стандартына сай қолдану;

  • субъектің мүліккінің қалыптасу декекөзімен танысу, жеке меншік және тартылған капиталдың құрамын көрсететін бланс деректерінің кестесін құру;

  • жеке меншік капиталының синтетикалық есебін ұйымдастыру тәртібе және оны құжат айналымын зерделеу;

  • қаржы көрсеткісін есептеу және талдау, жеке меншік капиталының құрылым, талдау құрамы.

Практика есебінде жоғарыдағы тізбеленген жеке меншік капиталының аспектерін міндетті түрде анықтау қажет.

Тапсырма 5.

Студенттер негізгі құралдардың және материалды емес активтердің есебінің ұйымдастыруын, яғни:

  • кәсіпорынның саясатында қарастырылған есеп әдісімен негізгі құралдар және материалды емес активтердің тозу есебін құрастыру;

  • негізгі құралдар және материалды емес активтердің объектілерін пайдалану қозғалыс динамикасын құрамын талдап шығу;

  • негізгі құралдар және материалды емес активтердің қозғалуы жайлы құжаттарды құрастыру және өңдеу тәртібін зерделеу құжатайналымының үлгісін жасау;

  • негізгі құралдардың күнделікті және күрделі жөндеу шығының есептеу тәртібі және талдау көрсеткіштің есебі;

  • негізі және ұзақ мерзімге жиналған құралдардың қозғалысының бастапқы құжаттарың жүйелі деректеу және материалды емес объектердің активтерін тіркелімдерді құжаттарды жүйелеу және қолдану тәртібін зерделеу;

  • негізгі құралдар және материалды емес активтердің синтетикалық есебін ұйымдастыру тәртібін зерделеу;

Практиканың есебінің мәтінін құрастырғанда кәсіпорын туралы берілген құжаттарды талдап жоғарыда берілген есептерді пайдалану, міндетті түрде қосымша толтырылған құжаттар болуы керек.

Тапсырма 6.

Студенттер бухгалтерияда материалдық есептеу топтарын, сақтау орындарындағы материалды-жауапты тұлғаларды, бухгалтерлік және қойма есебінің тексеру әдістері мен тәртібін зерттейді.

Студенттер өз бетінше істеу керек:

  • жұмсалған ТМҚ-дың КДШ және нақты өзіндік құнның, есептеу бағалары бойынша олардың құнынан ай соңына қалдықтардың ауытқұларды есептеу;

  • бухгалтерлік есеп стандарттарымен ұсынылған қалдықтар бағаларының әдістерін зерттеу және талдау;

  • материалдық құндылықтардың қозғалысы бойынша құжаттарды толтыру;

  • материалдық құндылықтардың түсуі бойынша жеткізушілермен есеп айырысу есептерінің жағдайын, оның төлемін, бухгалтерлік есеп тіркеліміндегі қарыздылық қалдықтарын талдау;

  • бухгалтерлік құжаттардағы түгендеуді өткізу тәртібін және түгендеу нәтижелерін есептеуін зерттеу;

  • өткізу тәртібін және қайта бағалау нәтижелерінің есебін зерттеу;

  • қаржылық есеп-қисапты ашылатын ТМҚ есептеу бойынша ақпарат толықтығын зерттеу.

Осы тақырып бойынша есепте жоғарыда аталған есеп айрысулар, зерттелген материал деректері көрсетіледі

Тапсырма 7.

Бұл тапсырма бойынша студенттерге қажет:

  • кассадағы ақша қаражаты қозғалысының құжаттарын дайындау тәртібін оқу;

  • кассалық есептіліктерді өңдеп, бухгалтерлік есептілік регистірлерінде жазуларды жасау а;

  • касса түгендеуіне қатысып, ақша қаражатының тексеру актісін құру және қорытындыларын есеп регистірлеріне енгізу;

  • банктерде ағымды, валюталық, кредиттік шоттарды ашуының тәртібін оқу;

  • есептік құжаттардың үзіндісіне қатысу;

  • банктерден бірнеше үзіндіні өңдеп, бухгалтерлік есептілік регистірлерінде жазуларды енгізу;

  • кәсіпорында қолданылатын қолма-қолсыз есептеулердің түрлері мен формаларын зерттеу;

  • жеткізушілер, сатып алушылар, дебиторлар мен кредиторлармен есептерін ұйымдастыруын сипаттау;

  • есептілік тұлғалармен, материалды жауапты тұлғалармен есептесулерді ұйымдастыруын оқу;

  • барлық есептеу шоттары бойынша синтетикалық және аналитикалық есепті жүргізуі және регистірлерінде жазулары бойынша тәртіптермен танысу;

  • есептесулер, өңдеулер, претензиялы хаттарды салыстыруына қатысу.;

  • құнды қағаздар түрлерін және әртүрлі қаражат салымдарын оқу.

Бұл тақырып бойынша есепте жоғары көрсетілген есептеулер, оқылған материалдардың мәліметтері көрсетілген.

Тапсырма 8.

Бұл тапсырманың мақсаты кәсіпорындағы еңбек ақы төлеуінің тәртібімен танысу, персоналмен есептесу бойынша есепті ұйымдастыруының пратикалық дағдыларын игеру, кәсіпорынынның персоналына еңбек ақыны есептеу .

Практика үрдісі барысында студенттер оқу қажет:

  • кәсіпорынның жеке құрамын, жұмысқа қабылдау, басқа жұмысқа ауысу, еңбек келісімінің тоқталуы туралы бұйрықпен танысу;

  • табельдік есебінің жүргізу тәртібін;

  • кәсіпорында қолданылатын еңбек ақы жүйесі мен түрлерін;

  • жұмыс істелген уақыт, демалыс күндері, уақытша қабілетсіздік пен басқа да төлем түрлері бойынша есептелер тәртібін;

  • еңбек ақы төлемдерінен ұстамдары мен оның есебінің тәртібін;

  • еңбек ақының синтетикалық есебінің және оның құжатайналымын ұйымдастыруын.

Бұл тақырып бойынша есепте жоғары көрсетілген есептеулер, оқылған материалдардың мәліметтері көрсетілген.

Тапсырма 9.

Бұл тапсырманы орындау кезінде қажет:

  • кәсіпорындағы басқару есебінің ұйымдастыруын оқу;

  • өндіріске шығындар мен есеп ұйымдастыруының нормативтік базасымен танысу;

  • кәсіпорындағы қолданылатын өнімдердің өзіндік құнының есептеуін, өндірістік есеп әдістерін оқу;

  • өндіріске шығындар бойынша есеп регистірлерін толтыру тәртібімен танысу;

  • өндірістік шығындардың синтетикалық есебін ұйымдастыруын оқу;

  • өндіріске шығындар талдауын өткізу.

Бұл тақырып бойынша есепте жоғары көрсетілген есептеулер, оқылған материалдардың мәліметтері көрсетілген.

Тапсырма 10

Осы тақырыпты зерттеу үшін студент білуі тиіс:

  • бухгалтерлік есеп стандарттарының ережелерін зерттеу;

  • негізгі қызмет және негізгі қызмет емес түрлері бойынша табыстар таңылуының тәртібін зерттеу;

  • өткізу бөлімінің жұмысымен танысу, сатып алушылар құрамын және дайын өнімді жеткізудің негізгі жағдайларын анықтау;

  • шарттық қатынастар ұйымымен танысу;

  • қоймаға өнімді кіріске алу есебінің, сатып алушыларға өнімді жөнелту, сатып алушылардың төлем есептерінің бақылауын іске асыру ұйымдастырылуымен танысу;

  • қоймадағы дайын бұйымдардың (өнімдердің) түсу, жөнелту, жіберу құжаттық ресімдеу тәртібін меңгеру;

  • тауарларды есептеу ұйымдастырылуын зерттеу (орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер;

  • дайын өнімді бағалау және түсірілген тауарлардың нақты өзіндік құнын анықтау үшін есеп айырысуларды құрастыру тәртібімен танысу;

  • өнімді өткізу және оны бөлу бойынша өнімдерді, шығындарды өткізу есебін зерттеу және өткізу;

  • кәсіпорындағы дайын өнімді және оны өткізу есебінің жүйесін сипаттау;

  • табыстарды пайдалану бағыттарын зерттеу;

  • табысты бөлудің есеп айырусыларды зерттеу;

  • синтетикалық және аналитикалық есептердің, табыстың қалыптасуы мен пайдалануының ұйымдастырылуын зерттеу.

Осы тақырып бойынша есепте жоғарыда аталған есеп айрысулар, зерттелген материал деректері көрсетіледі.

Тапсырма 11.

Осы тақырыпты үйрену үдерсінде студент білу тиіс:

  • бухгалтерлік балансты құрастыру, табыстар және шығындар туралы есептің, меншікті капитал қозғалысы туралы есептің тәртібі және техникасымен танысу;

  • баланс көрсеткішінің есептің басқа нысандарымен байланысын зерттеу;

  • баланс баптарының баға қағидаларын анықтау;

  • қаржылық есеп-қисап және оның түсініктеме хатын ұсыну және бекіту тәртібін меңгеру.

Осы тақырып бойынша есепте жоғарыда аталған есеп айрысулар, зерттелген материал деректері көрсетіледі.


7 Студент міндеттері мен есептілік құжаттауын жасаудың талаптары

Студент міндетті:

  • бекітілген мерзімде жұмысын бастау үшін практика орнына уақытында келуге;

  • кәсіпорындағы (ұйымдағы) практика жетекшісіне келіп оны мен бірлесе отырып практиканың жеке күнтізбелік кестесін құрастыруға, оны өту орны және тәртібі туралы нұсқау алуға, кеңес алу орны және уақыты жөніндегі мәселені шешуге;

  • кәсіпорындағы (ұйымдағы) ішкі тәртіп ережелерін қатаң сақтауға және оған бағынуға. Ережелерді бұзған жағдайда ұйым жетекшісі кейінен С.Торайғыров атындағы ПМУ ректорына хабарлау арқылы студентке шара қолдана алады;

  • жеке күнтізбелік кестеге сәйкес, практика бағдарламасын орындау, көрсетілген жұмыстарды толық атқару өз мамандығы бойынша көбірек тәжірибе алуға ұмтылу. Есептеуде кемшіліктер болған жағдайда, студент оларды жоюға ат салысады. Егер кәсіпорында немесе ұйымда өзык тәжірибе бар болса, студент оны зерделеп, кеңірек таралуына көмектеседі (мысалы, пратика туралы есебінде, қортынды жұмысында сипаттау);

  • бухгалтерлік есеп және аудит әдістемесі мен ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтарды, қаулыларды, ұсыныстарды зерделеу, шаруашылық, қаржылық жұмыстарды бақылау кезінде нормативтік құжаттарды пайдалану тәсілдерін меңгеру;

  • шаруашылық операцияларды құжаттық ресімдеуге байланысты жұмыстарды орындауға үйрену және құжаттық ресімдеу тәртібін зерделеу, материалдық тұрғыдан жауапты адамдардың есептерін өңдеу, қабылдау кезінде бухгалтерлік есеп регистрына оепарцияларды жазып отыру, ағымдағы есеп деректерін жинақтау, есеп жасау және оның көрсеткіштерін талдау. Студент барлық жұмыстарды ұқыпты орындап, белгіленген тәртіпте есептерді өңдеп, қорытып, бухгалтерлік есептің регистріне істелген операцияларды жазып қоюға тиіс;

  • атқарылған жұмыстар үшін және оның нәтижелері үшін кәсіпорынның штаттағы қызметкерлерімен бірге жауап беруге;

  • күнделікті белгіленген үлгі бойынша жүргізуге және практика өтуі жөнінде есеп жасауға.

Өндірістік практиканы орындамаған немесе практика есебін қорғау кезінде нашар пікір алған немесе қанағат емес баға алған студент сабаққа жіберілмейді. Бұл жағдайда студент ректор рұқсатымен, қайта өндірістік практика өтуіне жіберіледі немесе университеттен шығарылады.

Есеп тематикалық жоспарға сәйкес реттілікпен құралады. Есеп мәтіндерді және графиктік материалдардың жасалу талаптарына сәйкес құралады.

Есепте барлық есептеулер, сандық мәліметтер, период бойынша есеп мәліметтері көрсетілуі тиіс.

Материалды жазу барысында есепте кәсіпорынның есебін ұйымдастыруының критикалық ескертулері келтірілуі, кемшіліктері мен жақсы жақтары көрсетілуі тиіс. Есепке, мүмкіндігінше, қосымша ретінде, кесте түріндегі бухгалтерлік есептіліктің регистрлері келтіріледі. Қосымшалар нөмірленеді. Есептің текстік бөлімінде сәйкес қосымшаларға сүйену болу керек.


  1. Практика қорытындыларын жасау тәртібі


Әрбір студент бірінші күнінен бастап бір күннін ішінде атқарылған жұмысы жөнінде күнделік жүргізеді. Күнделікте студенттің қай күндері, қандай жұмыс орнында жұмыс істегені көрсетілуі қажет. Күнделіктен жұмыстың түрі көрініп тұруы қажет, ол өз бетінде, жүргізілген бе қандай көлемде орындалғаны белгілі. Күнделікті тиянақты мұкият толтыру қажет. Күнделіктегі жазбалар күн сайын практика жетекшісінің қол белгісі арқылы расталады.

Жұмыс аяқталғаннан кейін практика жетекшісі жұмыс орнында студенттің пратика шеберлікті игеру деңгейін анықтайды және күнделікке баға қойып студенттің жұмысы жөнінде өзінің ескертулерін жазады.

Практика аяқталғаннан соң, күнделік практика жетекшісі қолымен және кәсіпорын мөртабанымен бекітіледі. Практика нәтижесі туралы практикант-студент есеп жасайды. Бұл есеп әр бөлім бойынша практика өту үрдісінде дайындалады. Есеп практиканың аяқталуы мерзіміне дейін дайын болуы тиіс.

Есепке практиканы өту күнделігі тіркеледі. Күнделіксіз кафедраға есеп қабылданбайды. Практиканы өту туралы есепте кәсіпорынның қысқаша мазмұны, зерттелген тақырыптар бойынша ұйымдастыру және есепке қою мәселелерін баяндау, бірізділік, есепте көрсетілуге тиісті. Шаруашылық операциялардың орындау тәсілдері мен өзара байланысты, бастапқы есептегі тұрпатты құжаттармен шаруашылық операцияларды ресімдеу сипаттамалары болуы тиіс.


9 Білімді бағалау тәртібі


Өндірістік практика бойынша қорытынды баға практика жетекшісі мен коммисия құрамының бағасына байланысты қойылады: жетекшісімен қойылған бағаның қорытынды бағасынан 40 % және есеп бойынша ПМУ коммисиясының қорытынды бағасынан 60 %. Әр баға 100 ұпайлық кесте бойынша қойылады.


10 Білімді бағалау критерийлері


90 ден 100 ұпайға дейін «өте жақсы» бағаға сәйкес болады, бұл баға тек практика бағдарламасының барлық талаптарына сәйкес, мінсіз орындалған болса ғана қойылады.

75 ден 89 ұпайға дейін «жақсы» бағасына сәйкес, егер студент маңызды емес қателіктер жасап, есепті жасауда, схемалар құруында жасаған қателіктерін өздігінен түзетіп алған болса ғана қойылады. Берілген баға, егер студент практика бағдарламасын 75 % игерсе қойылады.

50 ден 74 ұпайға дейін «қанағат» бағасына сәйкес, егер студент маңызды емес қателіктер жасап, есепті жасауда, схемалар құруында жасаған қателіктерін, мұғалім көмегімен түзетіп алған болса қойылады. Берілген баға, егер студент практика бағдарламасын тек 50 % игерсе қойылады.

0 ден 49 ұпайға дейін «қанағат емес» бағасына сәйкес, бұл баға егер студент есепті жасау және схемаларыды құру кезінде дөрекі қателер жасап, жеке тапсырманы орындамаған жағдайда қойылады.

Практика өтуі бойынша қорытынды ұпай академиялық рейтингті анықтау және студенттің курстан курсқа үлгерімінің орташа ұпайын есептеуі (GPA) бойынша ескеріледі.

Стипендияға тағайындау кезінде, негізгі оқу үрдісінен тыс өткізілген практика бойынша қорытынды баға, келесі академиялық периодте ескеріледі.

Егер студент практиканы денсаулық жағдайына немесе белгілі бір себебтерге байланысты өте алмаса, ректормен бекітілген, практика өтуінің жеке мерзімін тағайындайды.

Нақты бір себептерге байланысты немесе қанағат емес бағалары бар, практиканы өтпеген студенттер, ректормен бекітілген, кафедра берген уақыт аралығында практиканы ақылық түрінде өтуі мүмкін.


11 Қолданылатын әдебиеттер


Негізгі

  1. О бухгалтерском учете и финансовой отчетности: Закон РК от 28 фев. 2007 г. №234-III с изм. и доп.

  2. Об аудиторской деятельности: Закон РК от 20 нояб. 1998 г. №304-I с изм. и доп.

  3. Об частном предпринимательстве: Закон РК от 31 янв. 2006 г. №124-III с изм. и доп.

  4. Об утверждении Национального стандарта финансовой отчетности № 1: Приказ Министра финансов РК от 21 июня 2007 г. №218.

  5. Об утверждении Национального стандарта финансовой отчетности № 2: Приказ Министра финансов РК от 21 июня 2007 г. №217.

  6. Об утверждении Правил ведения бухгалтерского учета: Приказ Министра финансов РК от 22 июня 2007 г. №221.

  7. Международные стандарты финансовой отчетности. – Алматы: ИД «БИКО», 2008. – 512 с.


Қосымша

  1. Родостовец В. В Шмидт О. И. Теория и отраслевые особенности бухгалтерского учета. Изд. «Центр Аудит Казахстан» 2000г.

  2. Родостовец В. К. Родостовец В. В. Шмидт О. И. Бухгалтерский учет на предприятии. Изд. «Центр Аудит Казахстан» 2002 год.

  3. Бургонова Г. Н. Каморджанова. Гостичный и туристкий бизнес. Особенности бухгалтерского учета и налого облажения. М.: Финансы статистика 1999год.

  4. Толпаков .Ж. С. Бухгалтерский учет . Караганда 2004 год.

  5. Бабаев Ю. А, Петров А. М Учет и контроль в общественном питании «Омега – Л», Москва 2006 год, 695 с.

  6. Назарова В. Л. Бухгалтерский учет хозяйствующих субъектов. «Экономика» Алматы .2003 год.

  7. Назарова В. Л Бухгалтерский учет в отраслях «Экономика». Алматы. 2005 год, 251с

  8. Тулешова Г. К. Финансовый учет и отчетность в соответствии с международными стандартами (часть 1) Университет международного бизнеса, Алматы 2004 год,273с

  9. Под редакцией профессора Соколова Я. В. Бухгалтерский учет «Проспект» Москва 2007 год 776с

  10. Бюллетень бухгалтера

  11. «Библиотека бухгалтера и предпринимателя».

Николаева Г. А.Сергеева Т. С. Бухгалтерский учет в оптовой торговле. М. 2002 год. Изд. «Приор»

Қосымша А

(міндетті)


Экспресс-талдаудың жүргізу жұмысы


Көрсеткіштің атауы

Есептеу формуласы

1

2

1 МҮЛІКТІК ЖАҒДАЙДЫ БАҒАЛАУ

1.1 Қәсіпорынның қарамағындағы шаруашылық қаражат сомасы

Баланс қорытындысы – нетто


1.2 Негізгі құралдардың тозу коэффициенті

Жинақталған тозу

Негізгі құралдардың алғашқы құны

2 ӨТІЛІМДІКТІ БАҒАЛАУ

2.1 Меншікті айналым көлемі

Меншікті капитал + ұзақмерзімді міндеттемелер - айналымынан тыс активтер

2.2 Жалпы өтелу коэффициенті

Ағымдағы активтер

Ағымдағы міндетемелер

2.3 Абсолютті өтімділік коэффициенті

Ақша қаражаты және қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар

Ағымдағы міндетемелер

2.4 Қорларды жабудағы меншікті айналым қаражатының үлесі

Меншікті айналым қаражатты

ТМБ + Болашақтағы шығындар

2.5 Меншікті айналым қаражатының икемділігі

Ақша қаражаттары

Қолданыстағы капитал (ағымдағы капитал – ағымдағы міндеттемелер

3 ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ

3.1 Тәуелсіздік коэффициенті

Меншікті капитал

Барлық шаруашылық қаражаты

3.2 Меншікті капиталдың икемділік коэффициенті

Меншікті айналым қаражатты

Меншікті капитал

3.3 Сырттан тартылған және меншікті қаражаттың ара қатынасының коэффициенті

Сырттан келген капитал

Меншікті капитал

4 ІСКЕРЛІК БЕЛСЕНДІЛІКТІ БАҒАЛАУ

4.1 Дайын өнімдерді өткізуден түскен табыс




4.2 Қалыпты қызметтен түскен табыс (зиян) салыққа дейінгі




4.3 Қорқайтарымы

Өнімді өткізуден түскен табыс

Негізгі құралдардың орталық бағасы

4.4 Дебиторлық қарыздың айналым коэффициенті (айналымдағы)

Өнімді сатудан түскен табыс

Орта дебиторлық қарыз

4.5 Қаржылардың айналым ұзақтығы есептегі (күндер)

360 күн

4.4. көрсеткіші




1

2

4.6 ТМҚ айналым коэффициенті (айналымдағы)

Өткізілген өнімдердің өзіндік құны

ТМҚжәнеРБТ

4.7 ТМҚ айналым ұзақтығы (күндермен)

360 күн

4.6. көрсеткіші

4.8 Кредиторлық қарыздың айналым ұзақтығы (күндер)

Орта дебиторлық қарыз х 360күн

Өткізілген өнімдердің өзіндік құны

4.9 Операциялық циклдің ұзақтығы, күндер

4.5. көрсеткіші + 4.7. көрсеткіші

5 ТИІМДІЛІКТІ БАҒАЛАУ

5.1 Таза табыс

Қызметтен түскен табыс

5.2 Өнімдердің тиімділігі

Негізгі қызметтен түскен табыс

Өнімді сатудан түскен табыс

5.3 Негізгі қызметтің рентабелділігі

Негізгі қызметтен түскен табыс

Өткізілген өнімдердің өзіндік құні

5.4 Негізгі капиталдың рентабелділігі

Таза табыс

Орта баланс қоыртындысы – нетто

5.5 Меншікті капиталдың рентабелділігі

Таза табыс

Меншікті капиталдың орташа көлемі

Похожие:

Практиканы өту жөніндегі бағдарлама және әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы iconПрактиканы өту жөніндегі бағдарлама мен әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы
Барлық меншік нысандарындағы ұйымдарда, мекемелерде және кәсіпорындарда 050509 «Қаржы» мамандығының студенттеріне арналған
Практиканы өту жөніндегі бағдарлама және әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы iconПрактиканы өту жөніндегі бағдарлама мен әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы
Барлық меншік нысандарындағы ұйымдарда, мекемелерде және кәсіпорындарда 5В050900 «Қаржы» мамандығының студенттеріне арналған
Практиканы өту жөніндегі бағдарлама және әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы iconПрактиканы өту бойынша жұмыс бағдарламасы мен әдістемелік нұсқаулары
Практиканы өту бойынша жұмыс бағдарламасы мен әдістемелік нұсқауларына бекіту парағы
Практиканы өту жөніндегі бағдарлама және әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы iconДиплом алдыңдағы практиканы өту жөніндегі
Бағдарлама Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мамандықтың Қр мжмбс 08. 009– 2008 және «Қазақстан Республикасының білім...
Практиканы өту жөніндегі бағдарлама және әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Бітіру (диплом) жұмыстарын орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулардың титулдық парағы
Практиканы өту жөніндегі бағдарлама және әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Бітіру (диплом) жұмыстарын орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулардың титулдық парағы
Практиканы өту жөніндегі бағдарлама және әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы iconҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
В011900 «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының студенттеріне арналған педагогикалық практиканы өту жөніндегі
Практиканы өту жөніндегі бағдарлама және әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы icon5В050600 «Экономика» мамандықтарының студенттеріне арналған
В050600 «Экономика» мамандықтарының студенттеріне арналған өндірістік практиканы өту жөніндегі
Практиканы өту жөніндегі бағдарлама және әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы iconЖұмыс оқу бағдарламаның титулдық парағы
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты және типтік бағдарлама негізінде құрастырлыған пәннің жұмыс оқу
Практиканы өту жөніндегі бағдарлама және әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы iconЖұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы
Мамандықтың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының және типтік бағдарламасын негізінде әзірленген жұмыс оқу бағдарламасының...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница