Kegoc ақ Директорлар кеңесінің 2008 жылғы 24 шілдедегі №6 хаттамасымен бекітілген электр желілерін басқару жөніндегі қазақстан компаниясы kegoc




Скачать 218.7 Kb.
НазваниеKegoc ақ Директорлар кеңесінің 2008 жылғы 24 шілдедегі №6 хаттамасымен бекітілген электр желілерін басқару жөніндегі қазақстан компаниясы kegoc
Дата конвертации10.02.2016
Размер218.7 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.kegoc.kz/up_files/polozhenie_o_korp_sekretare_kaz.doc
«KEGOC АҚ Директорлар кеңесінің

2008 жылғы 24 шілдедегі №6 хаттамасымен бекітілген


ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІН БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН КОМПАНИЯСЫ «KEGOC» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ

КОРПОРАТИВТІК ХАТШЫСЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ


1. Жалпы қағидаттар


1. «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» «KEGOC» акционерлік қоғамының корпоративтік хатшысы туралы» осы ереже (бұдан әрі-Ереже) «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» «KEGOC» акционерлік қоғамының (бұдан әрі-Қоғам) Жарғысының, ішкі құжаттарының және Корпоративтік басқару кодексінің негізінде әзірленді.

2. Ереже Қоғамның Корпоративтік хатшысын (бұдан әрі-Корпоративтік хатшы) тағайындау тәртібін, оның міндеттерін, функцияларын, құқығын, міндеттерін, сондай-ақ жауапкершілігін, сондай-ақ Қоғамның Корпоративтік хатшысының аппаратын құру және оның қызмет ету тәртібін анықтайды.

3. Корпоративтік хатшының лауазымы Қоғамның Жалғыз акционерінің құқықтары мен мүддесін іске асыруға кепілдік беретін корпоративтік басқару ережелері мен рәсімдерін енгізу және оларды Қоғамның органдары мен лауазымды тұлғаларының сақтауларын қамтамасыз ету мақсатында енгізіледі.

4. Корпоративтік хатшы Қоғамның штаттағы қызметкері болып табылады, толық жұмыс күні режимінде тұрақты негізде өз міндеттерін орындайды.

5. Корпоративтік хатшы өз қызметінде Қоғамның Директорлар кеңесіне (бұдан әрі-Директорлар кеңесі) бағынады және есеп береді.

6. Корпоративтік хатшы өз қызметін Қазақстан Республикасы заңнамасының (бұдан әрі-Заңнама) нормаларына, Қоғамның Жарғысына, Корпоративтік басқару кодексіне, осы Ережеге, өзге де құжаттарына, сондай-ақ Жалғыз акционер мен Директорлар кеңесінің шешімдеріне сәйкес жүзеге асырады.

7. Корпоративтік хатшының өз қызметін Қоғамдағы басқа да функцияларды орындауды қатар атқаруға, сондай-ақ Директорлар кеңесінің келісімінсіз басқа ұйымдарда қызметті жүзеге асыруға құқығы жоқ.


2. Корпоративтік хатшыны лауазымға тағайындау және босату тәртібі


8. Корпоративтік хатшыны Директорлар кеңесінің мүшелері басым дауыс бере отырып, Директорлар кеңесінің шешімімен лауазымға тағайындайды.

9. Корпоративтік хатшыны тағайындау туралы мәселе Директорлар кеңесінің күндізгі отырысында шығарылады. Корпоративтік хатшы лауазымына үміткер адамның осы отырысқа қатысуы міндетті болып табылады.

10. Директорлар кеңесінің Корпоративтік хатшыны тағайындау туралы шешімінде Корпоративтік хатшының өкілеттік мерзімі, лауазымдық жалақысының мөлшері және сыйақы беру шарттары көрсетіледі.

11. Корпоративтік хатшы лауазымына үміткер адамдар жөніндегі ұсыныстарды Директорлар кеңесінің мүшелері беруі мүмкін.

12. Директорлар кеңесінде әрбір үміткер адамға қатысты мынадай құжаттар электронды және қағаз тасымалдағышта ұсынылуы керек:

1) осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес үміткер туралы мәлімет;

2) Қоғамға үлестес екендігі (жоқтығы) туралы ақпарат;

3) Үміткер бұрын жұмыс істеген ұйымдардан екі ұсыныс хат және мүмкіндігінше кәсіби ұйымдардың беделді мүшелерінен ұсыныс хат;

4) үміткердің Корпоративтік хатшы лауазымына тағайындауға жазбаша келісімі;

Директорлар кеңесінің Тағайындау жөніндегі комитеті ұсынылған материалдарды қарайды және Директорлар кеңесіне Корпоративтік хатшы лауазымына үміткер (үміткерлер) туралы ұсынымдарын береді.

13. Директорлар кеңесі және/немесе Директорлар кеңесінің Тағайындау жөніндегі комитеті тиісті үміткерді Корпоративтік хатшы лауазымына тағайындау туралы шешім қабылдауға қажетті қосымша ақпарат сұрата алады.

14. Корпоративтік хатшы лауазымына мына талаптарға жауап беретін адам тағайындалады:

1) жоғары заңгерлік немесе экономикалық білім;

2) кемінде бес жыл кәсіби тәжірибесі, оның ішінде корпоративтік құқық және корпоративтік басқару саласында немесе басшы лауазымдарда-кемінде екі жыл;

3) оған жүктелетін міндеттерді орындауға жеткілікті білімі, тәжірибесі және біліктілігі. Корпоративтік хатшының біліміне қойылатын талаптар осы Ереженің 2-қосымшасында көрсетілген.

4) Қоғамға үлестес болмау;

5) іскерлік беделі болу, сонымен қатар адалдық, белсенділік, табандылық, мақсатқа жете білушілік, өз біліктілігін көтеруге ұмтылыс, жинақтылық, жауапкершілік, дауға қатысушылар арасындағы дау-дамайды шеше білу сияқты жеке қасиеттері болу керек;

6) ұйымдастырушылық және ұқсас қабілеттері мен дағдысының болуы;

7) компьютерде жұмыс істей білу;

8) Қоғам қызметінің ерекшелігін білу.

15. Корпоративтік хатшы болып тағайындалған адаммен еңбек шарты жасалады. Қоғам атына еңбек шартына атқарушы органның басшысы қол қояды. .

16. Директорлар кеңесінің Корпоративтік хатшының өкілеттігін мерзімімен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдауға және Заңнамада белгіленген тәртіппен, оның ішінде Еңбек кодексінің 52-бабының 4-тармағына сәйкес онымен жасасқан еңбек шартын бұзуға құқығы бар (егер бұл Корпоративтік хатшымен жасасқан еңбек шартында көзделген болса).

Қоғамның Директорлар кеңесі жаңадан Корпоративтік хатшы тағайындау туралы шешімді Корпоративтік хатшының өкілеттіктерін тоқтату туралы шешім қабылданған сәттен бастап бір айдан кешіктірмей қабылдауға құқығы бар. Жаңадан Корпоративтік хатшы тағайындау туралы шешім жұмыс істеп жатқан Корпоративтік хатшының өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы бір мезгілде шешім қабылдаумен қатар қабылданады.

17. Жаңадан тағайындалған Корпоративтік хатшыға оның алдындағы адам істерді, құжаттарды және құжаттардың деректер базасын электронды және қағаз тасымалдағыштарда беруі тиіс. Істерді беру жаңадан Корпоративтік хатшы тағайындалған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей қабылдау-беру актісі бойынша жүзеге асырылады, актіде істерді беру негізі, берілген құжаттардың атауы мен құрамы, орындалып жатқан істер тізімі (іс-шаралар, іс-қимылдар, сұраулар) көрсетілуі тиіс және жаңадан тағайындалған Корпоративтік хатшы оларды орындауы тиіс.


3. Корпоративтік хатшының міндеттері


18. Корпоративтік хатшының міндеттері:

1) Қоғамның органдары мен лауазымды адамдарының Корпоративтік басқару саласындағы заңнаманы, Қоғам Жарғысын, Корпоративтік басқару кодексін және ішкі құжаттарын сақтауларын, сондай-ақ корпоративтік басқару саласындағы саясатты жетілдіруді қамтамасыз ету;

2) Директорлар кеңесінің және оның комитеттері қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету;

3) Қоғам туралы ақпаратты сақтауды, ашып көрсетуді және ұсынуды, сондай-ақ ақпараттық ашықтықтың жоғары деңгейін қолдауды қамтамасыз ету;

4) Қоғам мен Жалғыз акционер арасында, сондай-ақ Қоғамның органдары арасында нақты және тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.


4. Корпоративтік хатшының функциялары


19. Қоғамның органдары мен лауазымды адамдарының Корпоративтік басқару саласындағы заңнаманы, Қоғам Жарғысын, Корпоративтік басқару кодексін және ішкі құжаттарын сақтауларын, сондай-ақ корпоративтік басқару саласындағы саясатты жетілдіруді қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындау үшін Корпоративтік хатшыға мынадай функциялар жүктеледі:

1) Қоғамның органдары мен лауазымды адамдарының Корпоративтік басқару саласындағы заңнаманы, Қоғам Жарғысын, Корпоративтік басқару кодексін және ішкі құжаттарын орындау, сақтау мониторингі;

2) Қоғамның лауазымды адамдарына мемлекеттік органдардың талаптарына, Корпоративтік басқару саласындағы заңнаманың ережелеріне байланысты консультациялар ұсыну және ұйымдастыру;

3) Директорлар кеңесін Қоғамда анықталған корпоративтік басқару саласындағы кемшіліктер туралы ақпараттандыру;

4) Қоғамның корпоративтік басқару саясаты мен практикасын әзірлеуге, сақтауға және кезеңмен қайта қарауға қатысу;

5) Қазақстан Республикасындағы, шет елдердегі корпоративтік басқару саласындағы практика, үрдістер, перспективалар мониторингі және оларды талдау және Қоғамның лауазымды адамдарына, тиісті органдары мен құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына талдамалық анықтамаларды, ақпаратты, ұсынымдарды енгізу;

6) Директорлар кеңесіне Қоғамдағы корпоративтік басқару практикасын жетілдіруге бағытталған шешімдер ұсыныстарымен бірге Қоғамдағы корпоративтік басқарудың жай-күйі, Қоғамның Корпоративтік басқару саласындағы заңнаманың талаптарын, Қоғамның Жарғысын, Корпаративтік басқару кодексін және ішкі құжаттарын орындауы туралы есептеме дайындау;

7) Жалғыз акционердің, Қоғам қызметіне және онда қабылданған корпоративтік басқару жүйесіне мүдделі адамдардың болжамдарын талдау;

20. Директорлар кеңесінің және оның комитеттері қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындау үшін жөніндегі міндеттерді орындау үшін Корпоративтік хатшыға мынадай функциялар жүктеледі:

1) Директорлар кеңесінің жаңадан сайланған мүшелеріне Қоғамның Директорлар кеңесі мен өзге де органдарының қызмету туралы ережені түсіндіру, Қоғамның лауазымды адамдары мен ұйымдық құрылымы, оның ішкі құжаттары туралы ақпарат пен Директорлар кеңесінің мүшелеріне міндеттерін тиісті орындауға маңазы бар өзге де ақпарат ұсыну;

2) Директорлар кеңесінің жаңадан сайланған мүшелері үшін Қоғамның органдары мен ұйымдық құрылымының басшыларымен таныстыруды ұйымдастыру;

3) Директорлар кеңесінің төрағасымен бірлесе отырып, тиісті жылға отырыстар өткізу кестесіне сай Директорлар кеңесінің жұмыс жоспарын әзірлеу;

4) отырыстар өткізу нысаны бойынша қосымшалармен бірге Директорлар кеңесі отырыстарының күн тәртібі жобаларын дайындау және оларды Директорлар кеңесінің төрағасына ұсыну;

5) Директорлар кеңесі отырыстарының күн тәртібі мәселелері жөнінде материалдарды тиісті дайындауды, оның ішінде материалдарды дайындау рәсімдерінің сақталуын, лауазымды адамдармен, ішкі аудит қызметімен, Қоғамның басшыларымен және құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерімен алдын ала талқылауды қамтамасыз ету;

6) Директорлар кеңесінің мүшелеріне барлық қажетті материалдар қосымшаларымен бірге Директорлар кеңесі отырысының күн тәртібін уақтылы жіберу, сондай-ақ шақырылған адамдарға хабарлама тарату;

7) Заңнаманың, Қоғам Жарғысының, ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес Директорлар кеңесінің отырыстарында хаттама толтыру, сондай-ақ Директорлар кеңесінің мүшелеріне Директорлар кеңесінің шешімдеріне (хаттамаларға) қол қойғызуды уақтылы қамтамасыз ету;

8) Директорлар кеңесінің отырысына қатыспаған Директорлар кеңесінің мүшелеріне Директорлар кеңесінің шешімдерін, хаттамаларын жіберу;

9) Директорлар кеңесінің отырыстарын өткізу рәсімдерінің тиісті сақталуын және Директорлар кеңесі шешімдерінің қабылдануын, Директорлар кеңесі шешімдер қабылдауға қажетті Заңнаманың, Қоғам жарғысының, ішкі құжаттарының талаптарын түсіндіруді қамтамасыз ету;

10) Қоғамның тиісті органдары мен лауазымды адамдарына Директорлар кеңесінің шешімдерін жіберу, олардың орындалуын бақылау және Директорлар кеңесі бекіткен тәртіппен Директорлар кеңесін орындалуы туралы ақпараттандыру;

11) Директорлар кеңесінің мүшелері сырттай дауыс беру үшін бюллетендер дайындау, бюллетендер таратуды және жинауды жүзеге асыру, Директорлар кеңесі отырысының мәселелері жөнінде дауыс беру қорытындысын шығару;

12) Директорлар кеңесінің мүшелеріне олар сұратқан құжаттар мен ақпаратты ұсыну (ұсынуды қамтамасыз ету);

13) Директорлар кеңесінің төрағасына Корпоративтік хатшының міндеттерін орындауына кедергі келтіретін фактілер туралы ақпарат беру;

14) Қоғамның ішкі құжаттарымен белгіленген тәртіппен тиісті мемлекеттік органдарға ұсынуға қажет Директорлар кеңесінің мүшелеріне қатысты ақпарат жинау және есепке алу;

15) Директорлар кеңесінің комитеттерінің қызметін ұйымдастырушылық сүйемелдеу, оның ішінде отырыстарға материалдар дайындау мен өткізуді қамтамасыз ету, хаттама толтыру, комитеттердің ұсынымдарын, қорытындыларын сақтау және Директорлар кеңесінің төрағасына ұсыну;

16) Директорлар кеңесінің, оның комитеттерінің атына келіп түсетін хат-хабарларды есепке алу және сақтау, келіп түскен сауалдарға жауаптар дайындауды қамтамасыз ету.

Корпоративтік хатшы «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген Директорлар кеңесі хатшысының функциясын орындайды.


21. Қоғам туралы ақпаратты сақтауды, ашып көрсетуді және ұсынуды, сондай-ақ ақпараттық ашықтықтың жоғары деңгейін қолдауды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындау үшін Корпоративтік хатшыға мынадай функциялар жүктеледі:

1) Заңнамамен, Қоғамның Жарғысымен және ішкі құжаттарымен белгіленген тәртіппен Қоғам туралы ақпаратты сақтау және ашып көрсету (ұсыну) тәртібіне қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;

2) Заңнамамен, Қоғамның Жарғысымен және ішкі құжаттарымен белгіленген тәртіппен Қоғамның ақпаратты уақтылы ашып көрсетуін бақылау;

3) Заңнамаға және Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес міндетті түрде сақтауға жататын құжаттарды есепке алуды және сақтауды, оларға рұқсат етуді, көшірмелерін беруді қамтамасыз ету. Корпоративтік хатшы көрсетілген құжаттардың көшірмелерін белгіленген тәртіппен куәландырады;

4) Жалғыз акционерге Заңнамаға, Қоғамның Жарғысына, ішкі құжаттарына, Жалғыз акционердің шешіміне сәйкес оның мүддесіне ықпал ететін ақпаратты уақтылы ұсыну;

5) Директорлар кеңесі мүшелерінің, атқарушы орган басшысы мен мүшелерінің олардың құзыреті бойынша шешімдер қабылдауға мүдделілігі туралы ақпаратты есепке алуды және сақтауды қамтамасыз ету;

6) ақпараттық саясатты (ақпаратты ашып көрсету туралы ережені), Қоғамның коммерциялық және өзге де құпия ақпаратын сақтау туралы ережені әзірлеуге қатысу;

7) Қоғамның веб-сайтының уақтылы және сапалы толықтырылуын бақылауды жүзеге асыру, Директорлар кеңесіне және атқарушы органға оның сапасы мен ақпараттылығын көтеру жөнінде ұсыныстар (ақпарат) енгізу.


22. Қоғам мен Жалғыз акционер арасында, сондай-ақ Қоғамның органдары арасында нақты және тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындау үшін Корпоративтік хатшыға мынадай функциялар жүктеледі:

1) Заңнамамен, Қоғамның Жарғысымен және ішкі құжаттарымен белгіленген тәртіппен Қоғам туралы ақпаратты сақтауға және ашып көрсетуге қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;

2) Жалғыз акционерден келіп түскен хаттарды (өтініштерді, талаптарды) тиісті есепке алуды қамтамасыз ету, Қоғамның тиісті органдарының оларды уақтылы қарауын және жауаптар дайындауын бақылауды жүзеге асыру;

3) Заңнамаға және Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес міндетті түрде сақтауға жататын құжаттарды есепке алуды және сақтауды, оларға рұқсат етуді, көшірмелерін беруді қамтамасыз ету. Корпоративтік хатшы көрсетілген құжаттардың көшірмелерін белгіленген тәртіппен куәландырады;

4) Қоғам органдарының арасында ақпаратпен алмасу арналарын құру мен оны тиімді пайдалануға жәрдемдесу;

5) Қоғамның тиісті органдарын әлеуетті және нақты корпоративтік дау-дамайлар мен мүдделер дау-дамайы туралы ақпараттандыру және Қоғамның ішкі құжаттарымен белгіленген тәртіппен корпоративтік дау-дамай мен мүдделер дау-дамайын шешуге қатысу.


23. Өзге де функциялар:

1) өз құзыретінің шегінде, сондай-ақ Директрлар кеңесі мүшелерінің және Жалғыз акционердің тапсырмалары бойынша лауазымды адамдармен, Жалғыз акционермен, Қоғамның органдарымен, құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен, сондай-ақ өзге де жеке және заңды тұлғалармен іскерлік хат-хабар жазысуды және іскерлік байланыс орнатуды жүргізу;

2) Жалғыз акционер, Директорлар кеңесі бекітетін Қоғамның ішкі құжаттарының жобаларын дайындау және дайындауға қатысу;

3) Жалғыз акционердің шешімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

4) сыртқы аудитор және мемлекеттік органдар жүргізген тексеру нәтижелерін Директорлар кеңесіне жеткізу, қажетіне қарай оның Комиттеріне жеткізу;

5) Заңнамамен белгіленген Корпоративтік хатшының өзге де функциялары.

24. Корпоративтік хатшы осы Ереженің осы бөлімінде көзделген функцияларды орындауды тек өзі ғана емес, сонымен қатар Корпоративтік хатшы аппаратының қызметкерлеріне тиісті нұсқау беру арқылы жүзеге асырады.


5. Корпоративтік хатшының аппараты


25. Корпоративтік хатшы өз функцияларын орындауды қамтамасыз ету үшін Қоғамда Корпоративтік хатшының аппараты (бұдан әрі-Аппарат) құрылуы мүмкін. Аппарат Қоғамның құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

26. Директорлар кеңесінің шешімімен Аппарат құрылады және таратылады. Директорлар кеңесінің шешімімен Аппараттың штат саны бекітіледі. Директорлар кеңесі отырысының күн тәртібіндегі материалдарда тиісті мәселелер жөніндегі Корпоративтік хатшының пікірі болуы керек.

27. Аппаратты Корпоративтік хатшы басқарады. Аппарат қызметкерлері Корпоративтік хатшыға тікелей бағынады.

28. Аппарат қызметкерлерін Директорлар кеңесі үміткерлерді мақұлдаған соң атқарушы орган басшысы жұмысқа қабылдайды және босатады.

29. Аппарат қызметкерлері еңбек шарттарына және осы Ереженің негізінде жазылған лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес қызмет атқарады.

30. Аппарат қызметкерлерінің өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға жеткілікті тиісті біліктілігі мен дағдысы болуы керек.

31. Аппарат қызметкерлері Қоғамда басқа функцияларды бір мезгілде орындай алмайды, сондай-ақ Директорлар кеңесінің және Корпоративтік хатшының келісімінсіз басқа ұйымдарда жұмыс істей алмайды.


6. Корпоративтік хатшының құқықтары мен міндеттері


32. Корпоративтік хатшының мыналарға құқығы бар:

1) Қоғамның лауазымды адамдарынан, Ішкі аудит қызметінің, Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің жетекшісінен, Корпоративтік хатшының функцияларын жүзеге асыруға қажетті материалдарды (ақпаратты) сұрату және алу;

2) ескертулер мен ұсыныстар беру құқығымен бірге, Директорлар кеңесі отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер жөнінде ұсынылған материалдардың толывқтығын тексеру;

3) Директорлар кеңесінің мүшелерінен және атқарушы органның басшысынан Жалғыз акционердің шешімдерінің орындалуы туралы есептемені сұрату және алу және орындалмаған немесе орындау мерзімдері бұзылған кезде шешімдердің орындалмау немесе уақтылы орындалмау себептерін жазбаша сұрау;

4) Директорлар кеңесінің мүшелерінен және атқарушы органның басшысынан Жалғыз акционердің құқығының бұзылуына немесе корпоративтік дау-дамай мен мүдделер дау-дамайын алып келген жағдайларға байланысты ақпарат сұрату немесе түсіндіруді сұрау;

5) хаттамаға, хаттама үзіндісіне, Қоғамның ішкі құжаттарының бекітілген редакциясына қол қою және Корпоративтік хатшының мөрімен куәландыру (куәландырылатын құжаттың әр бетіне қол қою қажет болған кезде).

33. Корпоративтік хатшы мыналарға міндетті:

1) өз қызметінде Заңнаманың, Қоғамның жарғысынығ, Корпоративтік басқару кодексінің, осы Ереженің, Қоғамның ішкі құжаттарының нормалары мен талаптарын сақтау;

2) Директорлар кеңесінің тапсырмаларын орындау;

3) Директорлар кеңесінің алдында өз қызметі туралы есеп беру;

4) Корпоративтік хатшы функцияларын жүзеге асыру кезеңінде және Корпоративтік хатшы ретінде өкілеттіктерін тоқтатқаннан кейін кемінде үш жыл ішінде мәлім болған Қоғам және оның үлестес тұлғалары туралы ақпаратты, инсайдерлік ақпаратты құпия сақтау.


7. Корпоративтік хатшының және аппарат

қызметкерлерінің жауапкершілігі


34. Корпоративтік хатшы, Корпоративтік хатшы Аппаратының қызметкерлері Қоғам мен Жалғыз акционердің мүддесі үшін әрекет ету керек, өз міндеттерін адал жүзеге асыру керек.

35. Корпоративтік хатшы, Корпоративтік хатшы Аппаратының қызметкерлері Заңнамамен және Қоғамның ішкі құжаттарымен белгіленген тәртіппен мыналарға жауапкершілікте болады:

1) өздеріне жүктелген міндеттерді, функцияларды тиісті орындау, құқықтарын пайдалану;

2) Қоғамға олардың әрекетімен келтірілген залал;

36. Корпоративтік хатшының Корпоративтік хатшы Аппараты қызметкерлерінің жауапкершілігі олармен жасасқан еңбек шарттарында бекітіледі.

37. Директорлар кеңесі мүшелерінің және/немесе Қоғамның атқарушы органының корпоративтік дау-дамайды жою немесе әлеуетті корпоративтік дау-дамайдың алдын алу жөніндегі шараларды қабылдаудан бас тартулары Корпоративтік хатшыны корпоративтік дау-дамайды шешуді ұйымдастыру жауапкершілігінен босатады.


8. Корпоративтік хатшы мен аппаратын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету


38. Корпоративтік хатшы, Аппараты қажетті ұйымдастырушылық-техникалық жағдаймен қамтамасыз етілуі тиіс (сканер, «ЮРИСТ» анықтамалық-құқықтық жүйесі, Internet, мерзімді басылымдар және тағы басқа.).


«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» «KEGOC» акционерлік қоғамының Корпоративтік хатшысы туралы ережеге 1-қосымша


Үміткердің суреті


Корпоративтік хатшы лауазымына үміткер туралы мәлімет


  1. Жалпы мәлімет

Аты-жөні







(жеке куәлігіне сәйкес, аты-жөні өзгерген жағдайда қашан және не себепті өзгергені туралы жазу)

Туған жылы және жері




Тұрақты мекені, телефон нөмірлері







(нақты мекен-жайын, қызметтік, үй, байланыс телефондарының нөмірлерін көрсету)

Азаматтық

Шетелдік азаматтық болған жағдайда шетелдік жұмыс күші ретінде тартуға рұқсаттама нөмірі мен мерзімі көрсетіледі

Жеке басын куәландыратын құжаттарының толық деректемелері





Жақын туыстары туралы мәліметтер (ата-анасы, жұбайы, ағасы, апайы, балалары),




Аты-жөні

Туған күні, айы, жылы

Туыстық қарым-қатынас














Заңды тұлғалардың жарғылып капиталына тікелей немесе жанама қатысуы:



Атауы және орналасқан жері

Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрі

Сомасы және қатысу үлесі















  1. Кәсіби деректері:

Білімі







(Оқу орнының атауы мен орналасқан жерін, факультетті немесе бөлімді, оқу кезеңін, біліктілікті, білім туралы дипломның деректемелерін көрсету керек)

Қосымша білімі, оның ішінде біліктілік көтеру курстары, арнайы тренингтер және семинарлар, ғылыми дәрежесі







(оқу орнының атауы мен орналасқан жерін, оқу кезеңін, білім туралы дипломның, сертификаттың, куәліктің деректемелерін көрсету керек)




Корпоративтік құқық және басқару саласындағы жұмыс тәжірибесі







(корпоративтік заңгер немесе корпоративтік даму және активтерді басқару блогындағы маман лауазымында қанша жыл істегенін көрсету керек)

Басшы лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі







(жылын көрсет укерек)

Қол жеткізген табыстары







(осы мәселе туралы ақпаратты көрсету, мысалы ғылыми мақаларының татауы, ғылыми жаңалықтарды ашуға заң шығаруға қатысу)

Кәсіби ұйымдарға мүшелік







(осы мәселе туралы ақпаратты көрсету, мысалы Корпоративтік хатшылар, Тәуелсіз директорлар қауымдастығы)

Осы мәселеге қатысы бар басқа да ақпарат







(үміткердің кәсіби біліктілігін сипаттайтын ақпарат көрсетіледі)


Еңбек өтілі туралы мәлімет (соңғы жұмыс орнынан бастап, алдыңғы жұмыс орнын санамалап шығыңыз):

Ұйым атауы:


Мекен-жайы:


Құрылымдық бөлімше:


Ұйым қызметінің бағыты:


Лауазым атауы:

Айдың/жылдың басы

Айдың/жылдың соңы

Лауазымдық міндеттері:


Жұмыстан шығу себептері:











(қажетіне қарай жолдарды толықтыру)


3. Тіл білу дағдысы (меңгеру деңгейін көрсетіңіз, жақсы, өте жақсы, еркін):


Тіл

Меңгеру дәрежесі

Оқу

Ауызекі

Жазбаша

Қазақ










Орыс










Ағылшын










Басқа (көрсетіңіз)










4. Компьютерде жұмыс істеу дағдысы:

Операцялық жүйелер (белгілеп көрсету керек):

1) Windows XP 

2) Windows 2000 Professional 

3) Windows NT 4.0 Workstation 

4) Windows 3.11/95/98/Me, MS DOS 

5) RedHat 64 bit 

Бағдарламалар (астын сызу керек)

1) MS Office (Word, Excel, PowerPoint, Access,Visio, Outlook, Microsoft Project )

2) Приложения Lotus (LotusNotes, Lotus-123, Organizer)

3) Internet-браузерлер (MS Internet Explorer, Mozilla Firefox, Netscape и др)

4) Adobe (Acrobat Reader, Photoshop и др

5) WinRAR, AutoCAD, ABBYY Lingvo, PROMT

6) басқа (санамалаңыз)

5. Басқа да мәлімет:

Экономикалық қызмет саласында, сыбайлас жемқорлықпен байланысты қылмыс және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы жасалған өзге де қылмыс үшін сотталғандық немесе белгіленген тәртіппен сотталғандықтың алынып тасталуы


Иә/жоқ

Уәкілетті мемлекеттік органдардың заң бұзғандығы үшін қызметтік міндеттерді орындаудан шеттету туралы деректері


Иә/жоқ, егер «иә» болса, әрекет ету шарасын кім қабылдады

Бұрын банкрот болып танылған немесе мәжбүрлеп тарату, консервациялау, акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылданған ұйымның басшы қызметкері болу

Ұйым атауы, лауазымы, жұмыс істеген кезең

Осы мәселе туралы өзге де ақпарат

(еркін жазылады)


Мен (Корпоративтік хатшы лауазымына үміткер адамның аты-жөні), осы ақпаратты тексеріп шықтым және нақты және толық ақпарат екендігін растаймын, және мен берген нақты емес мәліметтердің болуы мені осы лауазымға тағайындауды қайта қарауға (кері шақырту) негіз болып табылатындығын мойындаймын (қолы, күні),



«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» «KEGOC» акционерлік қоғамының Корпоративтік хатшысы туралы ережеге

2 - қосымша


Корпоративтік хатшының біліміне қойылатын талаптар

Корпоративтік хатшы мыналарды білуі тиіс:

Корпоративтік басқару саласындағы Қазақстан Республикасының Заңы, атап айтқанда:

Азаматтық кодекс, «Акционерлік қоғамдар туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары, акционерлердің құқықтарын анықтайтын және акционерлік қоғам органдарының қызметін, бағалы қағаздар эмиссиясының тәртібін және айналымын реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілер;

Еңбек, антимонополиялық (Қоғам қызметін антимонополиялық ведомство реттеген жағдайда), әкімшілік заңнамасы, сот практикасы.

Акционерлік қоғам органдарының өзара іс-қимыл ережесі, атап айтқанда:

Акционерлік қоғам органдарының отырыстарын дайындау және өткізу тәртібі, олардың өзара іс-қимылы.

Отандық және жетекші халықаралық корпоративтік басқару практикасы, атап айтқанда:

Алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік корпоративтік басқару практикасын көрсететін негізгі нормативтік құжаттар (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының корпоративтік басқару қағидаттары, Ұлыбританияның корпоративтік басқарудыға бірлескен кодексі, COSO ішкі бақылау жүйесінің үлгісі және т.б.).

Корпоративтік басқару кодексі,

Қазақстан Республикасы Заңнамасының, биржа қорларының талаптарына сәйкес ақпаратты ашып көрсету ережесі,

Корпоративтік дау-дамай мен мүдделер дау-дамайын реттеу тәртібі,

Ақпаратты техникалық қорғау мәселелері жөніндегі әдістемелік және нормативтік құжаттар,

Келіссөздер ұйымдастыру және жүргізу тәртібі,

Корпоративтік мінез-құлықтың этикалық стандарттары.


Похожие:

Kegoc ақ Директорлар кеңесінің 2008 жылғы 24 шілдедегі №6 хаттамасымен бекітілген электр желілерін басқару жөніндегі қазақстан компаниясы kegoc icon«kegoc» АҚ Директорлар кеңесінің шешішімен бекітілді 2009 жылғы 20 қазандағы №
«электр желілерін басқару жөніндегі қазақстан компаниясы «kegoc» акционерлік қОҒамы
Kegoc ақ Директорлар кеңесінің 2008 жылғы 24 шілдедегі №6 хаттамасымен бекітілген электр желілерін басқару жөніндегі қазақстан компаниясы kegoc icon«kegoc» АҚ Директорлар кеңесінің
«электр желілерін басқару жөніндегі қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «kegoc»
Kegoc ақ Директорлар кеңесінің 2008 жылғы 24 шілдедегі №6 хаттамасымен бекітілген электр желілерін басқару жөніндегі қазақстан компаниясы kegoc icon«kegoc» бмж жөніндегі Үйлестіру кеңесінің 2015ж. «23» сәуірдегі хаттамасы бекітемін «kegoc»
...
Kegoc ақ Директорлар кеңесінің 2008 жылғы 24 шілдедегі №6 хаттамасымен бекітілген электр желілерін басқару жөніндегі қазақстан компаниясы kegoc icon«kegoc» АҚ-тың 2009 жылғы 20 қазандағы Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілді
«электр желілерін басқару жөніндегі қазақстан компаниясы» акционерлік қОҒамы kazakhstan
Kegoc ақ Директорлар кеңесінің 2008 жылғы 24 шілдедегі №6 хаттамасымен бекітілген электр желілерін басқару жөніндегі қазақстан компаниясы kegoc icon«kegoc» АҚ Басқармасының 2008 жылғы «25» ақпандағы №2 хаттамасы бекітілді
...
Kegoc ақ Директорлар кеңесінің 2008 жылғы 24 шілдедегі №6 хаттамасымен бекітілген электр желілерін басқару жөніндегі қазақстан компаниясы kegoc icon«kegoc» АҚ Басқармасының 2015 ж. 18 ақпандағы №4 хаттамасы «kegoc»АҚ Трансформациялау
...
Kegoc ақ Директорлар кеңесінің 2008 жылғы 24 шілдедегі №6 хаттамасымен бекітілген электр желілерін басқару жөніндегі қазақстан компаниясы kegoc icon«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» АҚ-ның табиғатты қорғау және әлеуметтік іс-шаралар жөніндегі жоспары
Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» АҚ (kegoc), Қазақстан Республикасы...
Kegoc ақ Директорлар кеңесінің 2008 жылғы 24 шілдедегі №6 хаттамасымен бекітілген электр желілерін басқару жөніндегі қазақстан компаниясы kegoc iconЭлектр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) kegoc
«kegoc» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Компания) «Қазақстан Республикасының энергетикалық жүйесін басқаруды құрылымдық қайта құру...
Kegoc ақ Директорлар кеңесінің 2008 жылғы 24 шілдедегі №6 хаттамасымен бекітілген электр желілерін басқару жөніндегі қазақстан компаниясы kegoc icon«kegoc» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген 2010 жылғы 8 маусымдағы
ЖӨніндегі қазақстан компаниясы акционерлік қОҒамының корпоративтік хатшысы туралы
Kegoc ақ Директорлар кеңесінің 2008 жылғы 24 шілдедегі №6 хаттамасымен бекітілген электр желілерін басқару жөніндегі қазақстан компаниясы kegoc icon«электр желілерін басқару жөніндегі қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «kegoc» акционерлік қоғамы

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница