Методические указания Форма ф со пгу 18. 2/05




Скачать 189.66 Kb.
НазваниеМетодические указания Форма ф со пгу 18. 2/05
Дата конвертации10.02.2016
Размер189.66 Kb.
ТипМетодические указания
источникhttp://psu.kz/arm/upload/umk/25343.doc

Методические указания




Форма

Ф СО ПГУ 7.18.2/05



Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Есеп және аудит кафедрасы


050508 «Есеп және аудит» мамандығының студенттеріне арналған

Аудит пәні бойынша

курстық жұмысты орындауға

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР




Павлодар

Лист утверждения к методическим указаниям





Ф СО ПГУ 7.18.1/05








БЕКІТЕМІН




Қаржы-экономикалық факультетінің деканы




___________Т.Я. Эрназаров

«____»_____________200 ж




Құрастырушы: ___________


Есеп және аудит кафедрасы


Курстық жұмысты орындауға

Әдістемелік нұсқаулар


Аудит пәні бойынша


050508 «Есеп және аудит» мамандығының студенттеріне арналған


Кфедра мәжілісінде ұсынылды

«___» _____________200 ж, хаттама № ___


Кафедра меңгерушісі ____________________ И.Н. Шамрай


Қаржы-экономикалық факультетінің ОӘК мақұлданды

«___»______________ 200 ж., хаттама №____

ОӘК төрағасы_________________ Л.А. Сидорова



1 Курстық жұмыс мақсаты мен міндеті


«Аудит» пәні бойынша курстық жұмыс 050508 «Есеп және аудит» мамандығындағы күндізгі және сырттай бөлімнің үшінші және төртінші курс студенттерінің өздігінен орындайтын жұмыстары болып табылады.«Аудит» курсы аудит жүргізу әдістемесі мен әдіснамалық теориялық және практикалық білімнің қалыптасуының арнайы пәні болып табылады.

Қаржылық есеп беруді тексеруге және иелік етуші субьектінің қаржы-шаруашылық басқа да ақпараттарын анықтау мақсатында және бұл ақпараттар деңгейінің бекітілген нормативтер мен заңдарға сәйкестілігі туралы аудиторлық қорытынды пікірдің берілуіне ерекше назар аударылады.

Курстық жұмыс «Аудит» курсын үйренудің аяқталу этапы болып табылады.«Аудит» пәні бойынша курстық жұмыстың негізгі мақсаты әртүрлі ұйымдастырушылық-құқықтық формалы меншіктегі кәсіпорынның болуы және нарықтық қатынастың қалыптасу жағдайындағы аудиторлық қызметтің практикалық тәжірибесіне ие болу және теориялық негіздерді терең меңгеруі болып табылады.

Келесі мәселелерді орындауда курстық жұмыстың жазылу мақсаты ашылады:

- курстың арнайы тақырыптарының терең қарастырылу жолымен студенттердің теориялық білімін бекіту;

- жалпы теориялық бекітімдерді қолдану базасындағы аудитті жүргізу,аудит көздерінің анализі және жалпылау жолымен аудит процедуралары мен әдістерін:алғашқы құжаттар,есепке алу тіркелімі,қаржылық және салықтық есеп беру бойынша студенттердің өздік жұмыстар тәжірибесінде болуы;

- аудит жұмыс құжаттарын,таңдалған бағыт бойынша аудит

программасын және жалпы жоспарын құрастыру,ішкі бақылау жүйесін түсіну және анализдеу,сол сияқты аудиторлық пайымдаудың қалыптасуы;

- алынған жұмыс және басқа да құжаттардың анализі;

-аудиторлық пікірдің қалыптасуы және аудиторлық есеп беруді құрастыру;

- өздік ғылыми зерттеулерді жүргізуге студенттердің дайындығын тексеру,қожалық етуші субьектілерді бақылау және есепке алуды ұйымдастыру,ішкі аудит проблемаларын шешуді іздестіру.


2 Курстық жұмыс тақырыптарын таңдау

Курстық жұмыс «Аудит»курсын үйренудің аяқталу кезеңінде жазылады. Бұл уақытқа дейін студент аудиттің қандай құралдары болатындығы,оның қалыптасу көздері туралы қорытынды шығара алады,сондықтан студенттер экономикадағы аудит проблемалары немесе шаруашылық процестер туралы ерекше қызығушылық танытадыБұл жағдайда таңдалған зерттеу тақырыбы дипломдық жұмыс деңгейіне өсетіндей болуы ескерілмек.Студент зерттеу мақсаты мен міндетін анықтағаннан кейін,өзінің зерттеу тақырыбын кафедра меңгерушісіне бекітуге беруге құқылы.

Курстық жұмыс төменде көрсетілген теориялық және практикалық қарастырылған тақырыптардың таңдалған нұсқасына сәйкес болып келеді.Нұсқа нөмірлері келесі сызба түрінде анықталады(нұсқа нөмері сынақ кітапшасының соңғы нөмері мен студент тегінің бірінші әріпінің қиылысқан жерінде анықталады): Н


Сынақ кітапшасының соңғы нөмері

Тегінің бірінші әріптері


А, Б, В, Г, Д

Е, Ж, З, И, К

Л, М, Н, О, П

Р, С, Т, У, Ф, Х

Ц, Ч, Ш, Щ, Э, Ю, Я

1

1

18

20

17

9

2

19

32

17

8

16

3

20

31

3

16

19

4

4

21

15

34

15

5

2

3

22

7

5

6

30

29

6

6

14

7

14

35

7

13

23

8

28

8

12

25

24

9

9

11

26

10

11

0

10

27

13

12

33


Курстық жұмыс тақырыптары:

  1. Ақша қаражаты аудиті

  2. Инвестиция аудиті

  3. Есептеп шығарылған сомалар аудиті

  4. Дебиторлық қарыздар аудиті

  5. Алудың есеп-шоты аудиті

  6. Тауар-материальдық запастарды алу мен қолданудың аудиті

  7. Негізгі құралдардың қалыптасу және қолдану аудиті

  8. Материальдық емес активтер аудиті

  9. Меншік капиталы аудиті

  10. Банк кредиттері және банктік емес мекемелер аудиті

  11. Бюджеттік есептесу аудиті

  12. Табыстаушылармен есептесу аудиті

  13. Еңбекті төлеу бойынша персоналдармен есептесу аудиті

  14. Негізгі қызметтен болған кіріс аудиті

  15. Мерзімдік есептесу аудиті

  16. Негізгі емес қызметтен болған кіріс аудиті

  17. Есепке алу саясаты аудиті

  18. Аудиторлық дәлелдеме

  19. Өндірістік кәсіпорындар аудиті

  20. Біріккен кәсіпорындар аудиті

  21. Автотранспорты (Автокөліктік) кәсіпорын аудиті

  22. Туризм және қонақжайлық бизнес аудиті

  23. Ауыл шаруашылық кәсіпорындар аудиті

  24. Құрылыс ұйымдары аудиті

  25. Банктік аудит

  26. Аудиторлық риск және өміршеңдік

  27. Мәліметтерді электрондық өңдеу аудиті

28. Тауарлар тарату аудиті

29. Қаржылық есеп беру аудиті

30. Таратылатын өнімдердің, тауарлардың (орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер) өзіндік құны аудиті

31.Аудиттағы аналитикалық процедуралар

32. Ішкі бақылау жүйесі аудиті

33. Ірі кәсіпорындардың ішкі аудиті

34. Банктағы ішкі аудит

35. Салық ұйымдарындағы ішкі аудит


3 Курстық жұмыс мазмұны мен құрамы

Курстық жұмыстың көлемділігіне байланысты оны мәнді бөлімдерге бөлінген,тақырыптар қойылған материал түрінде көрсету. Бұл мәндік бөлімдерде тараулар және параграфтар болады,тақырып беруде келесідей талаптар шығады:

- қысқалық,айқындық және әртүрлілік;

- курстық жұмыс мазмұнының ішкі логикасының нақты және ізбе-ізділік бейнеленуі.

Студенттер жұмыс әрекетінде әдебиет көздерін алдын ала жасалған жоспар бойынша,жоспарды үнемі анықтап,нақтылап отыра қолданады.жоспардың соңғы нұсқасын ғылыми жетекші бекітеді. Жоспар жетекші келісімімен ғана өзгертілуі мүмкін.

Курстық жұмыс үш тараудан құралады.Курстық жұмыс таңдалған тақырыпқа қарамастан келесідей типтік мазмұнда болуы керек:

Мазмұны


Кіріспе –тақырып мәні,зерттеу нысаны мен мақсаты

1-тарау - аудиттың ұйымдастырылуы,клиенттің бизнестік білім мәселелері,ішкі бақылау жүйесін үйрену,аудиторлық риск компоненттері деңгейлері,өміршеңдік деңгейі,аудит программасы

2-тарау–бухгалтерлік есепке алуды,ішкі бақылауды ұйымдастырудың практикасы,аудиторлық таңдаудың әдістері, аудиторлық процедуралар және аудит жүргізу нәтижелері

3-тарау –аудиторлық тексеріс нәтижелерін және онан кейінгі жағдайларды бағалау,жұмыс тиімділігі анализі,тексеріс нәтижелері бойынша аудиторлық есеп беруді

Қорытынды – жұмыстың қысқаша қорытындысы

Қолданылған әдебиет көздері тізімі


Қосымша(міндетті)

Графикалық бөлім - 297х420 мм форматындағы 1 парақ


4 Курстық жұмысты орындауға әдістемелік нұсқау


4.1 Жалпы ұсыныстар

Курстық жұмыс келесідей ізбе-ізділікте орындалады:

кафедра ұсынған тізімнен тақырып таңдау; таңдалған тақырып бойынша әдебиеттермен танысу;кафедра тағайындаған жетекшінің келісімімен жоспар құру;курстық жұмыс жазылуы;курстық жұмыстың қорғалуы.

Теориялық материалды нақты кәсіпорынның практикалық қызметімен байланыстыру қажет.

Курстық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізін жетекші экономистер еңбектері,оқулықтар,монографиялар,мерзімдік

басылымдар құрауы керек.

Жұмыс мазмұнын көрсетуде жұмыстың жекелеген құрылымдық элементтері арасындағы ішкі байланысты,сол сияқты ішкі логикасын мұқият қарастырып отыру керек.Курстық жұмыста

материалдың көрсетілу стилінің бірлігі орфографиялық,синтаксистік және стилистикалық сауаттылығы сақталуы керек.

Курстық жұмыста ғылыми стиль қолданылады,жеке тұлғада бірінші жақтан “мен осылай деп есептеймін”,сол сияқты көпше түрде ”біз бақылаймыз” деп қолданылмауын ұсынамыз.

Курстық жұмыс ”бақылаймыз”,”есептейміз”,”курстық жұмыс авторы пікірі бойынша” деген фразалардан құралуы тиіс және т.б.

Жұмыста тізімде көрсетілген әдебиет көздерінің барлығы сілтемемен көрсетілуі керек.

Түсініктеме жазбасы СТП СК-03-02 талаптарына сәйкес рәсімделеді.

Жазба 30-35 бет көлемінде түптелуі керек.

Әдебиеттерді жинақтау.Қолданылған әдебиет көздері тізімі арнайы ізбе-ізділікте құралады.

- заң және нормативті актілер;

- нұсқаулықтар,ережелер;

- статистикалық мәліметтер көздері;

-алфавиттік тәртіптегі монографиялар, мақалалар,оқулықтар және басқа да әдебиет көздері;

-ведомствалық нұсқаулықтар,нормативті құжаттар, кәсіпорынның есептік және жоспарлық құжаттары.

Жоспардың құрылуы.Жоспардың құрылуы курстық жұмыстың

жауапты кезеңі болып табылады.Әрбір тақырыптың өзіндік аспектісі және бірнеше нұсқасы болуы қажет.Бір жағдайларда теория,тағы бір жағдайларда практика дәлелденеді.Курстық жұмыстың бағыты кейбір жағдайларда практикалық материалдың деңгейіне байланысты өзгеруі де мүмкін.
Курстық жұмыс жоспарының үлгісі

Тақырып.Ақша құралдары(қаражаты)аудиті


Кіріспе

1.Ақпарат көздері,тапсырмалар және банктік есеп-шоттағы және кассадағы жиынтыққа аудиторлық тексерісжүргізудің ізбе-ізділігі.

    1. Ақша құралдары аудитінің міндеті мен мақсаты

    2. Ақша құралдарын кешенді аудиторлық тексеруді ұйымдастыру. Аудит этаптары.

    3. Ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін бағалау,аудиторлық риск және өміршеңдік деңгейін есептеу

    4. Ақша құралдары аудитінің бағдарламасы

2. Банк есеп-шотындағы және кассадағы жиынтық аудитінің әдістемесі

2.1Ақша құралдары бойынша сомма және құжаттарды атрибутивті және монетарлы таңдау

2.2Өміршеңдігі бойынша ақша құралдарын тексерудің аудиторлық процедурасы

2.3 Ақша құралдары аудитін жүргізудің нәтижелері

3.Ақша құралдарын басқару тиімділігінің анализі және аудит нәтижелерін рәсімдеу

3.1Ақша құралдарын басқару тиімділігінің анализі

3.2 Ақша құралдарын тексеру бойынша есеп

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қосымша: аудит жүргізу келісімшарты,аудит бағдарламасы,

кассадағы жиынтықтың инвентаризациясы актісі,ішкі

бақылаудың аудиторлық тестері, аудиторлық есеп

Графикалық бөлім«Ақша құралдары аудитінің кезеңдері»



4.2 Курстық жұмысты жазу


Кіріспені курстық жұмыс жазылып болғаннан кейін 2-3 беттік көлемде жазу ұсынылады.Мұнда таңдалған курстық жұмыс тақырыбы бойынша қысқа және анық негіздеме беру керек,оның актуальдылығын және мәнділігін ашу,курстық жұмыстың негізгі мақсаты мен міндетін белгілеу және зерттеу бойынша негізгі мәселелерді және тақырыптың қазіргі заманғы кезеңін,сол сияқты зерттеу нысанын белгілеу.

Бірінші тарауда жалпы теориялық әдістемелік аспект негізінде аудитті ұйымдастырудың жалпы сипаты қарастырылады,клиенттің бизнестік білімінің мәселелері,ішкі бақылау жүйесін үйрену:оның элементтері бойынша бақылау,элеметтері белгіленген бақылау процедуралары және оның қағидалары мен мақсаттарынан шыққан бухгалтерлік есеп жүйесі,аудиторлық рискінің арнайы жоспарланған деңгейлерін жүргізу,қаралатын мәселенің өміршеңдігінің жекелеген элементтерінің өміршеңдігі деңгейі.Алынған материалдар негізінде аудит жүргізуде қолданылатын аудит бағдарламасы құрастырылады.

Екінші тарауда нақты мәліметтер негізінде ішкі бақылаудың,бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуының тәжірибесі қарастырылады.Существо бойынша аудит пен ішкі бақылау аудиті барысында қолданылатын аудиторлық таңдау(статистикалық және статистикалық емес)әдістері қарастырылады.Құралдардың жекелеген түрлері,олардың шығу көздері және шаруашылық процестер аудитін

жүргізудің нәтижелері келтіріледі.Екінші тараудың әрбір параграфы жұмыс құжаттарының құрастырылуымен аяқталады.

Үшінші тарауда әрекеттегі салық заңдары негізінде және бухгалтерлік есепке алуды ұйымдастыруда қожалық етуші субьектінің қаржылық есебінде берілуі тиіс айырмашылықтар мен шектеулер көрсетіледі.Аудит жүргізудің сапасын үйренуге байланысты кейінгі болатын жағдайлар мен аудиттік тексерістің нәтижелерінің бағасы аудиторлық жұмыстың аяқталуы болып табылады.Тексеріс нәтижелері бойынша аудиторлық есептің құрастырылуы міндетті.Мұнымен қоса,үшінші тарау үшін анализ жүргізілу керек болады.Айтылған пікірлер мен ұсыныстардың шынайылығы мен негіздемесі болуы керек.Ұсыныстар жекелеген кәсіпорындардағы тәжірибені үйрену,мерзімді баспасөз материалдары негізінде немесе нақты кәсіпорындағы ішкі бақылау жүйесі мен есепке алу жағдайы анализі және осы негізде анықталған кемшіліктер негізінде құрылуы керек.

Пікірлер мен ұсыныстар мүмкіндігінше аудиторлық жұмыстардың қалыптасуымен,нарықтық қатынастардың терең кеңеюімен өзара байланыста берілгені дұрыс.

Курстық жұмыс 2-3 беттік шағын қорытындымен аяқталынады.Бұл қорытынды мазмұнында жұмыстың қорытындысы берілуі керек.Жалпылай алғанда,қорытындыда үйренілетін бағыттың анықталуы мен ұсынылуы кезінде қаржылық есептің оның талаптарына сәйкестілігінің қысқаша бағасы беріледі және ішкі бақылау жүйесі мен есепке алуды жүргізу бойынша автордың ұсыныстары келтіріледі.

Қолданылған әдебиеттер тізімі курстық жұмысты орындауда қолданылған барлық әдеби көздерден құралады.

Қосымшада аудит жүргізу келісімшарты,міндеттеме-хат,аудит жоспары мен бағдарламасы,аудиторлық есеп,аудиторлық тексеріс акті,анықтама,аудиторлық,консультациялық т.б. қызмет нәтижелері бойынша хат беріледі.


4.3 Курстық жұмысты қорғау

Курстық жұмысты орындауға 2,5 ай беріледі.

Күндізгі бөлім студенттері үшін курстық жұмыс көрсетілген

1 кесіндіге сәйкес бағаланады.

1 Кесінді-Курстық жұмысты бағалаудың рейтингтік жүйесі

Орындалу

кезеңі


Істелінуі керек

Балл саны

2 апта

Әдебиеттер тізімін басылымдарды қосқанда 15-тен кем емес әдеби көздерден жинау.

Курстық жұмысты құрылым жұмыстары туралы оқытушының талаптарын ұстана отырып,өздігінен құрастыру және оны бекіту.

0.50

1 ай

1 және 2-тарауларды жазу,ақпараттар-

-дың қай көздерден алынғандығы жөнінде қосымша жұмыс дәптерге белгі салу.Тақырып бойынша 2-3 сызбаны құрастыру міндетті.

1.0


0.5

2 апта

3-тарауды және жұмыс бойынша қорытынды жазу.

2 және 3-тараулар бойынша 1-сызбаны А3 пішінінде графикалық бөлім құрастыру.

1.5


0.5

2 апта

Оқытушы бекіткен жұмысты С.Торайғыров атын.ПМУ кітапханасындағы ГОСТУ

9 см сәйкес рәсімдеу.

Курстық жұмысты қорғау


0.5


0.5

Осы кесте бойынша орындау курстық жұмыстың жоғары бағалануына ықпал етеді.Курстық жұмыстың жоғары бағалануына келесідей талаптар ұсынылады:

- кестенің бұзылуы болмағанда және себепсіз сабақ босатпағанда.Тапсырманы өз уақытында орындамауда - 0.25 балл, келесі босатуда – 0.50 балл;

  • жұмыс ГОСТУ сәйкес рәсімделініледі.Сапасыз рәсімделу үшін 0.25 балл алынады;

  • А3 пішініндегі 1 сызбаны қосқанда 3-4 сызба жиынтығы болуы керек.

Қорғаудың мақсаты таңдалған тақырып бойынша практикалықтапсырмаларды шешудегі теориялық білімді қолдану қабілеті,шынайы қорытынды шығару және негізделген экономикалық ұсыныстар берудегі студенттің түсіну дәрежесін анықтау болып табылады.

Сыртқы бөлім студенттері дәстүрлі төрт балдық жүйе бойынша және курстық жұмысты жазу нәтижелері мен қорғау бойынша келесідей бағалар алады:

«Өте жақсы» бағасы егер жұмыс мазмұны бойынша барлық талаптарға жауап бере алғанда,практикалық материалды қолдана алуда,студент қарастырылатын мәселені өздігінен талдай алғанда,сол сияқты қорғау кезінде оқытушылар мен комиссия мүшелері сұрақтарына мәселе мәнін қысқа және логикалық жүйеде айта алғанда қойылады.

«Жақсы»бағасы егер жұмыс ұсынылған талаптарға жауап бере алғанда,жұмыстың жазылу барысында өздік жұмыстың жекелеген элементтері көрінетін нақты мәліметтерді қолдануында,қорғау кезінде қойылған сұрақтарға анық жауап бере алғанда,орындалған жұмысты түсінгендігін дәлелдегенде қойылады.

«Қанағаттанарлық» бағасы егер жұмыста кемшіліктер кездессе,бірақ жалпылай алғанда тақырып мәселелері дұрыс берілгенде,нақты қателіктер кездессе,қорытынды мен ұсыныстар жеткіліксіз негізделгенде,қорғау кезінде орындалған тақырыпты меңгергендігін дәлелдегенде қойылады.

«Қанағаттанарлықсыз» бағасы ұсынылған талаптарға жауап берілмегенде,жұмыстың орындалуын студенттің түсінбеуінде,

өрескел қателер жіберілгенде,қорғау кезінде құрастырылған тақырыпты меңгергендігін дәлелдей алмағанда қойылады.

Қорғау кезінде қанағаттанарлықсыз баға алған студенттер курстық жұмысты жаңадан жазатын болады.Ғылыми жетекші мен кафедра меңгерушісінің қарастыруымен бұрынғы тақырып қалдырылуы мүмкін. Жаңадан берілген курстық жұмыстың жазылу мерзімі қайтадан келісіледі.
Әдебиеттер


Негізгі

  1. Аpенс А., Лоббек Дж. Аудит. Перевод с англ./ Гл. редактор серии пpоф. Я.В. Соколов.- М.: Финансы и статистика, 1995.

  2. Адамс Р. Основы аудита. Пер. с англ. (Под ред. Я.В. Соколова).- М.: ЮНИТИ, 1995.

  3. Андреев В.Д. Практический аудит: Справочное пособие. - М.: Экономика, 1994.

  4. Аудит. Монтгомери. - М.:ЮНИТИ, 1997.

  5. Банковский аудит. - М.: Бухгалтерский учет, 1994.

  6. Бухгалтерско-аудиторский портфель. - М.: Саминтэк, 1994.

  7. Глушков И.Е. Аудит на современном предприятии. - Москва - Hовосибиpск, Кноpус-Экоp, 1997 .

  8. Гражданский Кодекс Республики Казахстан. — Алматы: Борки, 1999.

  9. Данилевский Ю.А. Общий аудит, аудит бирж, внебюджетных фондов и инвестиционных институтов. - М.: Бухгалтерский учет, 1996.

  10. Дюсембаев К.Ш. Аудит и анализ финансовой отчетности предприятия. - Алматы, Гылым, 2000.

  11. Дюсембаев К.Ш. Теория аудита. - Алматы, 1995.

  12. Еpжанов М.С. Теория и практика аудита. - Алматы, Гылым, 1994.

  13. Казахстанские стандарты по аудиту. Кодекс этики аудиторов Республики Казахстан. – Алматы: Каpжи-каpажат, 1995.

  14. Кармайкл Д.Р., Бенис М. Стандарты и нормы аудита: Пер. с англ. – М.: ЮНИТИ, 1995.

  15. Конституция Республики Казахстан - Алматы: Адилет- пресс, 1997.

  16. Международные стандарты аудита в Казахстане. – Алматы: Раритет, 2001.

  17. Об аудиторской деятельности: Закон Республики Казахстан от 20 нояб. 1998 г. // Каз. правда - 1998. - 24 нояб.

  18. Уголовный Кодекс: Закон Республики Казахстан от 16 июля 1997 №167 - 1. - Алматы: Дауыр, 1998.

  19. Шеpемет А.Д., Суйц В.П. Аудит: Учебное пособие. - М.: Инфpа-М, 1995.

  20. Шеремет А.Д., Суйц В.П. Аудит. – М.: ИНФРА, 1995.

  21. Шамрай И.Н. Аудит. – Павлодар: НИЦ ПГУ им. С. Торайгырова. 2004.


Қосымша

  1. Данилевский Ю.А. Аудит: организация и методика проведения. - М.: Финансы и статистика, 1992.

  2. Дюсембаев К.Ш. Сущность аудита и его роль в условиях рыночной экономики.// Вестник КазГАУ. - 1996. - N 1.

  3. Жуков В.Н. Моделирование работы аудитора // Бухгалтерский учет. - 1994. - N2.

  4. Иткин Ю.М. Проблемы становления аудита. - М.: Финансы и статистика, 1994.

  5. Коул М.Х. Совершенствование качества внутреннего аудита в транснациональных корпорациях //Бухгалтерский учет. - 1991. - N3.

  6. Кошкимбаев С.Х. Аудит как неотъемлемая часть рыночных отношений. - Алматы, Каржы-Каражат, 1996.

  7. С. Терли. Внутренний и внешний аудит //Контроллинг. - 1991. - N 4.

  8. Шамрай И.Н. Внутренний аудит в системе управления предприятием //Ученые записки. - 1998. - №1 (2).

Похожие:

Методические указания Форма ф со пгу 18. 2/05 iconМетодические указания Форма ф со пгу 18. 2/05

Методические указания Форма ф со пгу 18. 2/05 iconМетодические указания Форма ф со пгу 18. 2/05

Методические указания Форма ф со пгу 18. 2/05 iconМетодические указания Форма ф со пгу 18. 2/05

Методические указания Форма ф со пгу 18. 2/05 iconМетодические указания Форма ф со пгу 18. 2/05
«Современные процессы и агрегаты в черной и цветной металлургии и их тенденции развития»
Методические указания Форма ф со пгу 18. 2/05 iconМетодические указания Форма ф со пгу 18. 2/05
...
Методические указания Форма ф со пгу 18. 2/05 iconМетодические указания Форма ф со пгу 18. 2/05
Маркетинг терминініњ негізі "market" сµзі "рынок","нарыќ" маѓыналарын білдіреді
Методические указания Форма ф со пгу 18. 2/05 iconМетодические указания Форма ф со пгу 18. 2/05
Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығының студентеріне арналған
Методические указания Форма ф со пгу 18. 2/05 iconМетодические указания Форма фсо пгу 18. 2/05
Филология,журналистика және өнер факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданды
Методические указания Форма ф со пгу 18. 2/05 iconМетодические указания Форма ф со пгу 18. 2/07
«Банк ісі» пәннің оқыту мақсаты: студенттердің теориалық білімін практикада қолданылуы
Методические указания Форма ф со пгу 18. 2/05 iconМетодические указания Форма ф со пгу 18. 2/05
Ақпараттандыруды оқыту әдістемесі пәні бойынша студенттердің зертханалық жұмыстарды орындауына арналған
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница