1. Оқытушы туралы мәлімет және байланыс ақпараттары




Скачать 351.49 Kb.
Название1. Оқытушы туралы мәлімет және байланыс ақпараттары
страница1/3
Дата конвертации10.02.2016
Размер351.49 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://psu.kz/arm/upload/umk/46247.doc
  1   2   3



Пән бойынша оқыту бағдарла Нысан ПМУ ҰС Н 7.18 3/37

масының (Syllabus) титулдық парағы


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Филология, журналистика жєне µнер факультеті


Қазақ филологиясы кафедрасы


050205 «Қазақ филологиясы» мамандығының студенттеріне арналған

«20 ғасырдың 60 жылдарынан кейінгі қазақ әдебиеті (1960-2000)»


ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(Syllabus)


Павлодар 2010

Пәні бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/38







БЕКІТЕМІН

__________________деканы

(факультет атауы)

___________ ___________

(қолы) (аты-жөні)

20__ж. «___»____________


Құрастырушы: ф.ғ.к., доцент Муталиева Раушан Мамырқызы


Қазақ филологиясы кафедрасы


Қазақ филологиясы 050205 мамандығының күндізгі

оқу нысанының студенттеріне арналған

«20 ғасырдың 60 жылдарынан кейінгі қазақ әдебиеті (1960-2000)»


пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)


Бағдарлама «01» қыркүйек 2010ж. бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.


2010 ж. «___»____________кафедра отырысында ұсынылған №_____ Хаттама

Кафедра меңгерушісі ______________ Н.Қ.Жүсіпов 2010ж. «____» ________

Факультеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданған__________________________ 2010ж. «_____»____________№____ Хаттама


ОӘК төрағасы ________________ Е.Н. Жұманқұлова 2010ж. «_____»___________







1.Оқытушы туралы мәлімет және байланыс ақпараттары

Ф.ғ.к., доцент Муталиева Раушан Мамырқызы

Тел. (8-3182) 55-38-82

Қабылдау уақыты: дүйсенбі сағат 10-00, ауд. №324


2.Пән туралы мәліметтер :


«20 ғасырдың 60 жылдарынан кейінгі қазақ әдебиеті (1960-2000)» пәні 050205 «Қазақ филологиясыі» мамандығында 7 семестрде 15 аптада оќылады. Жалпы саѓат саны- 135с, дєріс- 30,тєжірибешілік- 15 с, СөЖ- 90с.


3 Пәннің еңбек сыйымдылығы

Семестр

Кредиттар саны

Аудиториялық сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттарының саны

Студенттің өздік жұмысының сағат саны

Бақылау түрлері

барлы-ғы

дәріс

практи-ка

зертха-налық

студия-лық

жеке

барлығы

СОӨЖ



























7

2

135

30

15









90

22,5




Бар-лығы













-

-

-







емтихан



4 Пәннің мақсаты мен міндеттері

Пәнді оқыту мақсаты:

Қазақ әдебиетінің тарихындағы маңызды да күрделі кезеңі болып табылатын ХХ ғасырдың соңындағы әдеби процесс пен әдебиет тарихы жөнінде хронологиялық ұстанымды сақтай отырып,әдебиеттану ғылымының қол жеткізген бүгінгі табыстары негізінде студенттерге барынша толық, тиянақты білім беру.

Пәннің міндеттері:

1960-2000 жылдары жазылып, жарық көрген, әдебиеттің тарихы мен процесінде айрықша орны бар көркем шығармалар мен көрнекті қаламгерлердің өмірбаянын, шығармашылық ізденістерін олар туралы іргелі зерттеулер мен еңбектерді толық қамту болып табылады.

5 Білімге, икемділікке және дағды-машықтарға қойылатын талаптар

Студенттер білуі тиіс:

- ақын-жазушылардың шығармаларының мәтіндерін;

- образдар жүйесін талдау тәсілдерін;

- көркем шығарма тілін талдау тәсілдерін;

- оқыған шығармалары туралы зерттеулерді


6 Пререквизиттер: Әдебиеттануға кіріспе, 20 ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті, Ұлы Отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиеті

7 Постреквизиттер : орыс әдебиеті, шетел әдебиеті


8 Тақырыптық жоспар

1 20 ғ.60ж.кейінгі қазақ әдебиеті (1960-2000)

2 Әбділда Тәжібаев

3 Ілияс Есенберлин

4 Хамит Ерғалиев

5 Жұбан Молдағалиев

6 Сырбай Мәуленов

7 Тахауи Ахтанов

8 Бердібек Соқпақбаев

9 Әбдіжәміл Нұрпейісов

10 Зейнолла Қабдолов

11 Мұқағали Мақатаев

13 Сағи Жиенбаев

14 Жұмекен Нәжімеденов

15 Оралхан Бөкей


9 Пәннің қысқаша сипаттамасы


Қазіргі қазақ әдебиетінің 1960-2000 жылдарындағы кезеңінде Ә.Тәжібаев, Х.Ерғалиев, Б.Соқпақбаев, С.Мәуленов, З.Қабдолов, Ә.Нұрпейісов, Ж.Молдағалиев, І.Есенберлин, Т.Ахтанов, М.Мақатаев, С.Жиенбаев, Ж.Нәжімеденов, О.Бөкей секілді жазушылардың шығармалары идеялық-көркемдік жағынан қарастырылады.


10 Курстың компоненттері

Дәріс тақырыптары


1-тақырып. 20 ғасырдың 60жылдарынан кейінгі қазақ әдебиеті (1960-2000)

Қазіргі кезеңдегі қазақ әдебиетінің тарихын жүйелей оқыту мен зерттеудің басты принциптері. Қазақ әдебиетінің алпысыншы жылдардан кейінгі даму сипаты туралы әдеби-эстетикалық, қоғамдық-саяси ойлардың маңызы мен мәні.Жаңа бетбұрыс пен даму процесіндегі көлемдік, сапалық өзгерістер.С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров сықылды қазақ әдебиетінің негізін салушы жазушылардың шығармаларының әдеби айналымға оралуы,олардың творчествосының зерттеле бастауы.

Проза. Қазіргі қазақ прозасының жанрлық байлығы мен стильдік көп қырлығы. Прозаның гуманистік мазмұнының тереңдеуі. Адамның адамгершілік және іскерлік қабілетінің суреттелуі. Ауыл мен қала,өндіріс пен шаруашылық мәселелерінің көріністері.Тоғышарлық пен тоқырау белгілері.Жұмысшы, шаруа және интеллигенция образын жасаудағы ізденістер, жетістіктер. Тартыс сипаты мен характер ерекшелігі.Заман тынысы мен замандас тұрғысы.

Ұлы Отан соғысы тақырыбының көркемдік игерілуі. Соғыстағы адам бойындағы ерлік пен ездік,геройлық пен трагедиялық, достық пен дұшпандық. Соғыс туралы жазылған прозалық шығармалардың жанрлық, стильдік сипаттары: әңгіме, повесть, роман, мемуар, естелік, монолог,диалог. Тарихи дерек және творчестволық қиял ара қатысы. Жағдай мен характер. Тылдағы адам тағдыры. Бауыржан Момышұлы (1910-1983). Шығармашылық өмірбаяны. Әңгімелері: «Бір түннің оқиғасы», «Жол үстінде» «Олар менің есімде», «Ана әмірі», «Адам қайраты», «Жон арқа», «Көк төмпеш». «Ұшқан ұя», «Артымызда - Москва» шығармалары.Сюжет пен композиция. Тіл. Характер даралау.Прототип пен тип. Жазушының «Қанмен жазылған кітабы » (1991): Соғыс психологиясы, майданнан жазылған хаттар, әңгімелер, мақал-мәтелдер.Бауыржан Момышұлының әдеби мұрасының қазақ әдебиеті тарихындағы орны. Ә.Шәріпов, Т.Жангельдин, Қ.Қайсенов шығармалары.

Тарихи проза. Тарихи прозаның жанры туралы әдеби-теориялық пікірлер. Тарихи прозаның түрлері. Тарихи дерек пен творчестволық қиял арақатынасы. Әдеби шығармадағы тарихи, этнографиялық, фольклорлық, әдеби материалдар және олардың сюжет жасаудағы, адам характерін ашудағы қызметі.

Проза дамуының кейбір бағыттары: Әлеуметтік-философиялық проза. Психологиялық проза.Публицистикалық проза.Лирикалық проза.Хроникалық проза.Биографиялық проза. Документальды проза. Прозаны бұлайша топтастырудың шарттылығы.

Образ жасаудағы ізденістер. Сөз бен істің үндестігі мен қарама-қайшылығы және олардың характер шындығын танытудағы рөлі.Жазушының портрет жасаудағы шеберлігі.Монолог пен диалог. Образ жасаудың амал-тәсілдерінің өзара байланысы.Ә.Нұрпейісов, Т.Ахтанов, Ә.Нұршайықов, З.Қабдолов, О.Бөкей, Қ.Жұмаділов, Б.Соқпақбаев, І.Есенберлин, Ә.Кекілбаев, Қ.Ысқақов шығармаларындағы көркемдік-идеялық ізденістер.

Психологиялық талдау және олардың түрлері мен көркемдік қызметі. Қазіргі қазақ прозасында психологиялық талдаудың аналитикалық (кейіпкердің ой-сезім ағыны мен толғаныстары, ішкі монологы) және синтетикалық (іс пен түстегі, түр мен тұлғадағы құбылулар) формалары, олардың өзара байланысы, психологиялық параллелизм.

Поэзия.Қазіргі қазақ лирикасы. Тақырып аясы.Проблематикасы. Қазіргі қазақ лирикасының басты даму сатылары мен ерекшеліктері. Лирикадағы адам және қоршаған орта проблемасы. Лирикадағы автор мен кейіпкер арақатынасы.Конфликт және характер.Ой мен сезім. Суреттеу мен сипаттау. Мезгіл мен мекен. Лирикалық шығармалардың мағыналық- структуралық элементтерінің салаласа және сабақтаса байланысу жолдары. Қазіргі қазақ лирикасын жанрлық топтастырудың мәселелері. Тақырыптық тұрғыдан топтастыру. Суреттеу амалының ерекшеліктеріне қарай топтастыру.

Қазіргі қазақ лирикасының көркемдік-бейнелеуіш құралдары.

Поэма. Тақырыптық-проблематикалық ізденістері.Патриоттық және интернационалдық пафос. Жанрлық-стильдік көпқырлылығы.Поэмадағы тарихи өткен дәуір шындығының суреттелу ерекшелігі. Бүгінгі өмір көріністерін суреттеудегі ақындық шеберлік үлгілері. Дәстүр мен жаңашылдық арақатынасы. Лирикалық поэма және оның ерекшелігі. Поэмадағы лиризм мен драматизм.

Драма. Қазіргі қазақ драматургиясы: жанрлық сипаты, тақырып тереңдігі мен проблематикасы. Көркемдік-идеялық ізденістері. Лирикалық драма үлгілері. Эпикалық драма үлгілері. Тарихи драма үлгілері. Комедия, оның жанрлық ерекшеліктері. Трагедия туралы қазіргі әдеби-теориялық ойлар. Драмадағы тартыс сипаты. Драмадағы сөз бен іс. Қ.Мұхаметханов, А.Сүлейменовтің шығармашылық ізденістері.

Әдебиеттану мен сынның даму ерекшеліктері. Қазақ әдебиеті тарихының алты томдығының, монографиялық зерттеу еңбектердің жарық көруі. Қазіргі заман қазақ әдебиеттану ғылымы мен әдеби көркем сынының дамуы, салалары.Әдебиеттің теориясы мен тарихы, олардың қазіргі жайы мен міндеттері. Әдеби көркем сын мен қазіргі әдеби процесс. Қазіргі қазақ әдебиетінің әлем халықтары әдебиетімен байланысы.


2-тақырып. Әбділда Тәжібаев(1909-1998)

Жазушының творчестволық өмірбаяны. Ә.Тәжібаев лирикасының сырлы әлемі. «Олқылық», «Екі жиһан», «Құтқару», «Оркестр», «Толғау» поэмалары. Олардың тақырыбы, проблематикасы. «Ағалар туралы», «Ақын», «Майра» поэмаларының екінші бір тобы қазақ халқының аңыз әңгімелеріне негізделуі. «Абыл», «Аққу», «Мерген», «Толағай». Драмалық поэмалары : «Монологтар», «қыз Бен солдат». Сыршылдық шығармаларының көркем өрнектері: «Тараспен әңгіме», «Елден сәлем», «Күзет әні», «Келіншекпен кеңес», т.б. Драмалары: «Жомарттың кілемі», «Көтерілген күмбез». Комедиялары: «Дубай Шубаевич», «Той боларда». «Майра» пьесасы.

Ә.Тәжібаевтың әдебиеттану саласындағы еңбегі: «Өмір және поэзия», «Өмір және драматургия».

3-тақырып. Ілияс Есенберлин(1915-1983)

Ақын, жазушы, публицист, қоғам қайраткері. Абай атындағы Қазақ ССр мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Жазушының шығармашылық өмірбаяны. Поэзиялық шығармалары: «Сұлтан», «Айша», «Біржан сал трагедиясы» поэмалары. Прозалық шығармалары. Повестері: «Өзен жағасында», «толқиды Есіл». Романдары: «Айқас», «Қатерлі өткел», «Ғашықтар», «Алтын құс», «Көлеңкеңмен қорғай жүр», «Маңғыстау майданы». Олардағы өмір шындықтары, ар-ұждан, адамгершілік мәселелері.

І.Есенберлиннің «Көлеңкеңмен қорғай жүр», «Аманат» романдарында бүгінгі жұмысшылар мен тың игерушілердің өмірі мен күресінің жан-жақты пайымдалатыны. Тың игерудің жақсы жақтармен бірге жерді тоздырған науқаншылдықты, шолақ белсенділікті ашық суреттегені.

Тарихи романдары: «Алтын орда, «Көшпенділер»трилогиясы.

І.Есенберлин прозасының әлем тілдеріне аударылуы. Шығармаларының тақырыптары және зерттелу жайы.


4-тақырып. Хамит Ерғалиев(1916-1997)

Ақын, жазушы, публицист, аудармашы, қоғам қайраткері.Мемлекеттік сыйлық лауреаты. Қазақстанның халық жазушысы.

«Әке сыры» алғашқы поэмасымен оқырманды дүр сілкіндіргені. «Жас ана», «Үлкен жолдың үстінде», «Біздің ауылдың қызы», «Сенің өзенің», «Құрманғазы», т.б. дастандар тақырыптық, идеялық көркемдік түр бағытында кезінде әдеби процеске әсер еткен, соны туындылар. «Ақын ойлары», «Менің баяндамам», «Самарқан деп сайрасам», «Зарафшан», «Сырласу», «Нұра», «Үш ғасыр күткен жақсылық», «Құдіретті пірім менің», «Сонеттер», «Өзіме», «Ақын өлімін ойласам», т.б. өлеңдеріндегі көрінісі.

Х.Ерғалиев поэмалары. «Шындық шырқайды» жинағына енген әңгіме, очерк, публицистикалық мақалалары арқылы мазасыз уақыттың көкейкесті мәселелеріне үн қосып отыруы. «Ғұмырнама» кітабында өз заманы мен замандастары туралы сыр шертетіні.

Х.Ерғалиевтің әлем әдебиетінің көрнекті өкілдері Дж.Байрон, Ә.Науаи, Низами, Софокл, Назым Хикмет, Пабло Неруда, М.Лермонтов, А.Пүшкин, У.Шекспир шығармаларын аударғаны.

Х.Ерғалиев поэзиясындағы көркем тәсілдердің бірі - монологтар . бұл тәсілдің өлеңдерімен қатар эпикалық шығармаларында да кездесетіні. Эпика мен лириканың түрі, көлем сипатын сәтті ұштастыруы – ақын поэзиясының үлкен табысы. Х.Ерғалиевтің шығармашылығының зерттелуі.


5-тақырып. Жұбан Молдағалиев(1920-1998)

Ақын, публицист, сыншы, қоғам қайраткері. КСРО және Қазақстан мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты. Қазақстанның халық жазушысы.

Ақынның шығармашылық өмірбаяны. Лирикалық өлеңдері. Поэмалары: «Мен қазақаын», «Кісен ашқан», «Қыран дала», «Сел», «Жыр туралы жыр».

Поэмаларға арқау болған өмір шындықтары. Шығармаларының поэтикасы. Көркемдік-бейнелеу құралдары. Образ жасау шеберлігі. Сюжет дамыту, композиция түзу шеберлігі. Стилі. Қаламгер шығармаларындағы ерлік пен елдік тақырыбы. Ақын поэзиясының салалары : азаматтық , саяси-әлеуметтік лирика, философиялық толғау, толғамдар, табиғат, көңіл-күй лирикалары.

Ж.Молдағалиевтің поэзияны тақырыптық, мазмұндық, түрлік, образдық көркемдік келісімімен байытқаны. Реалистік қуат, романтикалық леп, тақырып алуандығы, ақынның өзіндік стилі.

Ж.Молдағалиев – орыс әдебиетінің озық үлгілерін аударғаны, көркем публицистика саласында да жемісті еңбек еткен қаламгер.

Шығармашылық мұрасының зерттелу жайы.

  1   2   3

Похожие:

1. Оқытушы туралы мәлімет және байланыс ақпараттары icon1 Оқытушы туралы мәлімет және байланыс ақпарат
«Көлік, көліктік техника және технологиялары» мамандығының студенттеріне арналған
1. Оқытушы туралы мәлімет және байланыс ақпараттары icon1 Оқытушы туралы мәлімет және байланыс ақпарат
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Металлургия, машинажасау және көлік факультеті
1. Оқытушы туралы мәлімет және байланыс ақпараттары icon1 Оқытушы туралы мәлімет және байланыс ақпарат
Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру мамандық студенттеріне арналған
1. Оқытушы туралы мәлімет және байланыс ақпараттары icon1 Оқытушы туралы мәлімет және байланыс ақпарат
Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру мамандық студенттеріне арналған
1. Оқытушы туралы мәлімет және байланыс ақпараттары icon1 Оқытушы туралы мәлімет және байланыс ақпарат
Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру мамандық студенттеріне арналған
1. Оқытушы туралы мәлімет және байланыс ақпараттары icon1 Оқытушы туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары
Күндізгі оқу формасында оқитын 5В060400 «Физика» мамандығының студенттеріне арналған «Механика»
1. Оқытушы туралы мәлімет және байланыс ақпараттары icon1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары
Кафедра пму-дің а корпусында осы мекен-жай бойынша орналасқан: Ломов көшесі, 64 үй, байланыс телефоны: 673669 ішкі 1148
1. Оқытушы туралы мәлімет және байланыс ақпараттары icon2 Оқытушы туралы мәлімет
Пәннің оқу әдістемелік кешені «Зоология», А. 2005 типтік бағдарлама және кафедра құжаттары негізінде құрастырылған
1. Оқытушы туралы мәлімет және байланыс ақпараттары icon1 Оқытушы жайында мәлімет: аға оқытушы Жунусова Г. Т
Студенттердің (магистранттардың) оқытушымен жүргізетін өздік жұмыстарының кестесі
1. Оқытушы туралы мәлімет және байланыс ақпараттары icon1 жалпы мәлімет оқытушы және пән бойынша жалпы мәлімет
Семей қ. ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік университеті 3 деңгейлі смк құжат поәК поәК 042-18-16 66/02-2014 поәК
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница