Бухгалтерлiк есеп пен аудит саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы




Скачать 320.98 Kb.
НазваниеБухгалтерлiк есеп пен аудит саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы
страница1/3
Дата конвертации10.02.2016
Размер320.98 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.e-kyzylorda.gov.kz/sites/default/files/portals/0/Docs/KZ/memlekettik/13_kaz.doc
  1   2   3
Бухгалтерлiк есеп пен аудит саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 26 мамырдағы № 476 Қаулысы


"Казахстанская правда" от 02.06.2010 г., № 136 (26197); "Егемен Қазақстан" 2010 жылғы 03 маусымдағы № 216 (26062); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., N 35, 281-құжат




      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.22 № 1093 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 34-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) Кәсiби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлiк беру;
      2) Бухгалтерлердiң кәсiби ұйымын аккредиттеу туралы куәлiк беру;
      3) Бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi ұйымды аккредиттеу туралы куәлiк беру мемлекеттiк қызметтер стандарттары бекiтiлсiн.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.22 № 1093 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi ведомстволық нормативтiк құқықтық актiлерiн осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн еткен соң қолданысқа енгiзiледi

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                    К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2010 жылғы 26 мамырдағы
№ 476 қаулысымен  
бекiтiлген     

«Кәсiби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлiк беру»
мемлекеттiк қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.22 № 1093 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттiк қызметтi Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, Министрлiктер үйi, № 7 кiреберiс, 550-кабинет, электрондық мекенжайы www.minfin.kz мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржылық бақылау комитетi (бұдан әрi - ҚБК) көрсетедi.
      Жұмыс кестесi демалыс күндерiнен және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген мереке күндерiнен басқа күндерi күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ге дейiн, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн үзiлiс.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 3) тармақшасының негiзiнде көрсетiледi.
      4. «Кәсiби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлiк беру» мемлекеттiк қызмет стандарты (бұдан әрi - Стандарт) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң www.minfin.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      5. Қолданылу мерзiмi шектеусiз берiлетiн, Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететiн және аккредиттелген кәсiби ұйымдардың тiзiлiмiнде мiндеттi тiркеуге жататын кәсiби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлiк беру мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет заңды тұлғаларға - аудиторлар мен аудиторлық ұйымдарды бiрiктiретiн коммерциялық емес ұйымдарға көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң мерзiмдерi:
      1) мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi өтiнiш пен осы Стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттар қабылданған сәттен бастап он жұмыс күнiнен аспайды;
      2) кәсiби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлiк алу үшiн осы Стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттарды тапсыру кезiнде кезек күтудiң ең көп рұқсат берiлген уақыты - 15 минут;
      3) кәсiби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлiк алу кезiнде кезек күтудiң ең көп рұқсат берiлген уақыты - 15 минут.
      8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
      9. Құжаттарды қабылдауды ҚБК кеңсесi демалыс күндерiнен және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгiленген мереке күндерiнен басқа күндерi күн сайын сағат 9.00-ден 16.00-ге дейiн, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн үзiлiс, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, Министрлiктер үйi, № 7 кiреберiс, 554-кабинет мекенжайы бойынша жүзеге асырады.
      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.
      10. Жеке мүмкiндiктерi шектеулi адамдар үшiн Министрлiктер үйiнiң ғимараты бойынша ыңғайлы жүрiп-тұру жағдайлары (тоқтатуға арналған орын, көлбеушелер, лифтiлер) көзделген. Қажеттi құжаттарды (үстел, орындықтар) ҚБК кеңсесiне оларды тапсырғанға дейiн күту мен дайындаудың қолайлы жағдайлары жасалған.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

      11. Кәсiби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлiк алу үшiн мыналарды ұсыну қажет:
      1) қағаз тасығыштарда:
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң, 2006 жылғы 18 шiлдедегi № 265 бұйрығымен бекiтiлген Кәсiби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу ережесiне (бұдан әрi - Ереже) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
      жарғының, мемлекеттiк тiркелгенi туралы және салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн беру туралы куәлiктiң түпнұсқалары мен көшiрмелерi (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда осы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi);
      2) қағаз және электрондық тасығыштарда:
      Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсiби ұйымның құрамында аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың болуы туралы мәлiметтер;
      Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрылымы, жұмыс органдарының болуы туралы мәлiметтер.
      Атауы немесе орналасқан жерi өзгерген жағдайда кәсiби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлiктi қайта ресiмдеу үшiн күнтiзбелiк он күн iшiнде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
      1) кәсiби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлiктi қайта ресiмдеу туралы жазбаша өтiнiш;
      2) жарғының, мемлекеттiк тiркелгенi туралы және салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн беру туралы куәлiктiң түпнұсқалары мен көшiрмелерi (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда осы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi);
      Кәсiби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлiктi жоғалтқан жағдайда оның телнұсқасын алу үшiн мыналарды ұсыну қажет:
      1) нөмiрi мен берiлген күнiн көрсете отырып, аккредиттеу туралы куәлiктi жарамсыз деп тану туралы мәлiметтердiң мерзiмдi баспасөз басылымдарында жариялануын растайтын құжат;
      2) ҚБК-ге аккредиттеу туралы куәлiктi жарамсыз деп тану туралы және нөмiрi мен берiлген күнiн көрсете отырып, телнұсқа беру туралы өтiнiш.
      Аккредиттеу туралы куәлiктiң телнұсқасы өтiнiш берген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнi iшiнде берiледi.
      12. Кәсiби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлiк алуға арналған өтiнiш үлгiсi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң www.minfin.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      13. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттар Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, Министрлiктер үйi, № 7 кiреберiс, 554-кабинет мекенжайы бойынша ҚБК кеңсесiне почта арқылы жiберiледi не қолма-қол тапсырылады.
      14. Аккредиттелуге тапсырылған құжаттар тiзiмдеме бойынша қабылданады. Тiзiмдеменiң көшiрмесiн ҚБК кеңсесiнiң қабылдаған күнiн көрсете отырып, өтiнiш берушiге жолдайды (бередi).
      Қабылданған құжаттарды ҚБК кеңсесiмен қаралады, бақылауға қойылады. Тiркелген, тиiстi тәртiппен ресiмделген құжаттар ҚБК төрағасына және кейiннен орындаушыға берiледi.
      ҚБК құжат айналымын қамтамасыз ету қызметi хат-хабарды тiркеудi, бөлудi, ресiмдеу мен адресаттарға жеткiзудi ол ҚБК кеңсесiне түскен сәттен бастап екi сағат iшiнде жүзеге асырады.
      ҚБК өтiнiш берушiнiң құжаттарын қабылдаған сәттен бастап екi жұмыс күнi iшiнде құжаттардың толықтығын, олардың дұрыс толтырылуын және ұсынылған көшiрмелердiң түпнұсқаларға сәйкестiгiн тексередi. Толық еместiгi туралы факт анықталған жағдайда (оның iшiнде мiндеттi жолақтардың, құжаттардың бекiтiлген нысандарының толтырылмай қалуы, ұсынылған құжаттар көшiрмелерiнiң түпнұсқаларына сәйкес келмеуi), ҚБК көрсетiлген мерзiм iшiнде бұдан әрi қараудан бас тарту туралы жазбаша, дәлелдi жауап бередi. Өтiнiш берушi көрсетiлген кедергiлердi жойғаннан кейiн құжаттар жалпы негiзде қаралады.
      Салыстырып тексерiлгеннен кейiн құжаттардың түпнұсқасы өтiнiш берушiге қайтарылады.
      Мемлекеттiк қызметтi алуға берiлген құжаттарды қарау нәтижесi оң болған жағдайда, орындаушы олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгi туралы, өзiнiң, ҚБК-нiң құрылымдық бөлiмше (басқарма) басшысының бұрыштамасы, күнi мен нөмiрi қойылатын және ҚБК төрағасының орынбасары қол қоятын қорытынды дайындайды.
      Қорытынды негiзiнде ҚБК-мен Құқықтық қамтамасыз ету, өтiнiштердi қарау және талап қою-қуыну жұмысы басқармасымен 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде келiсiлетiн бухгалтерлердiң кәсiби ұйымын аккредиттеу туралы ҚБК төрағасы бұйрығының жобасы дайындалады.
      Бұйрыққа қол қойылғаннан кейiн ҚБК құжат айналымын қамтамасыз ету қызметi нөмiрi мен күнiн қойып, бұйрықты тiркеудi жүргiзедi.
      Бұйрық тiркелгеннен кейiн сериясы мен реттiк нөмiрi, кәсiби аудиторлық ұйымның атауы, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi, орналасқан жерi, берiлу мерзiмi, аккредиттеу туралы куәлiктi берушi органның атауы, күнi мен берiлу жерi жазылатын аккредиттеу туралы куәлiк бланкiсi шығарылады. Аккредиттеу туралы куәлiк бланкiсiне ҚБК төрағасы қол қояды және ол ҚБК елтаңбалық мөрiмен расталады.
      Аккредиттеу туралы куәлiктi беруден ҚБК бас тартқан жағдайда, өтiнiш берушiге өтiнiш қабылданған сәттен бастап он жұмыс күнi iшiнде жазбаша түрде дәлелдi жауап бередi. Аккредиттеу туралы куәлiктi беруден жазбаша дәлелдi бас тарту туралы хатқа ҚБК төрағасының орынбасары қол қояды, ол екi данада шығарылып, ҚБК-нiң ресми бланкiсiнде басылады. Бiрiншi дана өтiнiш берушiге ҚБК кеңсесi арқылы почтамен жiберiледi. Екiншi данада орындаушының және ҚБК-нiң құрылымдық бөлiмше (басқарма) бастығынын бұрыштамалары қойылады.
      Құжаттар өтуiнiң iшкi тәртiбi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржылық бақылау комитетi төрағасының 2009 жылғы 7 шiлдедегi № 9 бұйрығымен бекiтiлген ҚБК регламентiнде белгiленген.
      15. Осы Стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттардың (өтiнiшпен екiншi данасына немесе ұсынылатын құжаттарға iлеспе хатқа мөртаңба, кiрiс нөмiрi және тiркелген күнi қойылады) ҚБК кеңсесiнде тiркелуi тапсырылғанын растау болып табылады.
      16. Кәсiби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлiк, берiлген аккредиттеу туралы куәлiктердiң журналына қол қою арқылы, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, Министрлiктер үйi, № 7 кiреберiс, 527-кабинет мекенжайы бойынша өтiнiш берушiге немесе сенiмхат бойынша оның өкiлiне қолма-қол берiледi.
      17. Осы мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту үшiн мыналар негiздеме болып табылады:
      1) осы Стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттардың толық тiзбесiнiң ұсынылмауы;
      2) құжаттардың ресiмделуi осы Стандарттың 11-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеуi;
      3) ұсынылған құжаттардың шынайы еместiгi анықталуы.
      Көрсетiлген ескертулердi кәсiби аудиторлық ұйым ескергеннен кейiн кәсiби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлiктi алу туралы өтiнiшi жалпы негiзде қаралады.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. ҚБК қызметi мынадай қағидаттарға негiзделедi:
      1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
      2) қызметтiк борышты өтеу кезiнде заңдылықты сақтау;
      3) сыпайылық
      4) мемлекеттiк қызметтiң рәсiмi туралы толық ақпарат беру;
      5) ақпаратты қорғау және оның құпиялылығы;
      6) тұтынушы тапсырған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелерi

      19. Тұтынушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы Стандарттың қосымшасына сәйкес сапа мен тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      20. «Кәсiби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлiк беру» мемлекеттiк қызметiн көрсететiн мемлекеттiк органның жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтердiң сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi жыл сайын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң бұйрығымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

      21. ҚБК қызметкерлерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты ҚБК Iшкi әкiмшiлендiру және ҚБК персоналымен жұмыс iстеу басқармасынан, мына телефондар арқылы: 74-30-97, 74-32-75, 74-30-57 немесе Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, Министрлiктер үйi, № 7 кiреберiс, 650-кабинет мекенжайы бойынша алуға болады.
      Шағымдар жазбаша түрде почта немесе қолма-қол ҚБК кеңсесiнiң қызметкерi арқылы, демалыс күндерiнен және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгiленген мереке күндерiнен басқа күндерi күн сайын сағат 9.00-ден 16.00-ге дейiн, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн үзiлiс, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, Министрлiктер үйi, № 7 кiреберiс, 554-кабинет мекенжайы бойынша қабылданады; электрондық почта мекенжайы: аdministrator@minfin.kz.
      22. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң атына берiледi. Қаржы министрлiгi кеңсесiнiң қабылдау күндерi: демалыс күндерiнен және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгiленген мереке күндерiнен басқа күндерi күн сайын сағат 9.00-ден 16.00-ге дейiн, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн үзiлiс, Астана қаласы, Жеңiс даңғылы, 11, 612-кабинет мекенжайы бойынша.
      23. Дұрыс қызмет көрсетiлмеген жағдайда ҚБК қызметкерлерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым ҚБК төрағаның атына берiледi. Қабылдау күндерi: демалыс күндерiнен және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгiленген мереке күндерiнен басқа күндерi әр айдың бiрiншi және үшiншi сәрсенбi күнi, сағат 17.00-ден 18.30-ға дейiн. Мекенжайы: Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, Министрлiктер үйi, № 7 кiреберiс, 648-кабинет, алдын ала жазылу мына телефон арқылы 74-35-58 iске асырылады, ҚБК төрағаның қабылдау бөлмесi: 74- 30-45.
      24. Шағымдар еркiн жазбаша (баспа) түрде ресiмделедi.
      25. Шағымның қабылданғанын растайтын ҚБК кеңсесiнде тiркелуi (екiншi данасына немесе шағым келiп түскен iлеспе хатқа мөртаңба, кiрiс нөмiрi және тiркелген күнi қойылуы) болып табылады. Шағымның қаралуы туралы ақпаратты ҚБК Iшкi әкiмшiлендiру және ҚБК персоналымен жұмыс iстеу басқармасы қызметкерлерiнен мынадай телефондар арқылы бiлуге болады: 74-30-57, 74-32-75, 74-30-97.
      Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртiппен және мерзiмдерде жүзеге асырылады.
      26. Барлық сұрақтар бойынша Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, Министрлiктер үйi, № 7 кiреберiс, 552-кабинет мекенжайы бойынша ҚБК-ға хабарласуға болады.
      Жұмыс кестесi демалыс күндерiнен және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген мереке күндерiнен басқа күндерi күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ге дейiн, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн үзiлiс.
      Байланыс телефондары: 74-29-57, 74-35-60, 74-34-68, электрондық почта мекенжайы аdministrator@minfin.kz.

«Кәсiби аудиторлық ұйымды    
аккредиттеу туралы куәлiктi беру»
мемлекеттiк қызмет       
стандартына қосымша      

Кесте. Сана және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi

Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылғы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi

1. Уақтылығы

1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесi)










2. Сапасы

2.1. Қызметтi ұсыну үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %- ы (үлесi)










3. Қол жетiмдiлiк

3.1. Қызметтi ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)










3.2. Ақпаратқа электронды форматта қол жеткiзуге болатын қызметтер %-ы (үлесi)










4. Шағымдану үдерiсi

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)










5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)










Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2010 жылғы 26 мамырдағы
№ 476 қаулысымен   
бекiтiлген     

«Бухгалтерлердiң кәсiби ұйымын аккредиттеу туралы
  1   2   3

Похожие:

Бухгалтерлiк есеп пен аудит саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы iconАуыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Бухгалтерлiк есеп пен аудит саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы iconБухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы
Осы Заң Қазақстан Республикасында бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесiн реттейдi, бухгалтерлiк есептi жүргiзу мен қаржылық...
Бухгалтерлiк есеп пен аудит саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы iconБухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы
Осы Заң Қазақстан Республикасында бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесiн реттейдi, бухгалтерлiк есептi жүргiзу мен қаржылық...
Бухгалтерлiк есеп пен аудит саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы iconМемлекеттiк қызметтер көрсету стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына толықтыру енгiзу туралы

Бухгалтерлiк есеп пен аудит саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы
Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын...
Бухгалтерлiк есеп пен аудит саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы iconЖергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы

Бухгалтерлiк есеп пен аудит саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы iconФитосанитариялық қауiпсiздiк және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Бухгалтерлiк есеп пен аудит саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгi, дене шынықтыру және спорт саласындағы жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы
Азақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабына, «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының...
Бухгалтерлiк есеп пен аудит саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы iconНациональный Банк Республики Казахстан
Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы
Бухгалтерлiк есеп пен аудит саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы iconМемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы
Азақстан Республикасының ПҮаж-ы, 2011 ж., N 28, 350-құжат; "Егемен Қазақстан" 2011 жыл, 27 тамыз №395-399 (26793), 3 қыркүйек №409-413...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница