«компьютерлік технологиялар» кафедра сы бекітемін радиотехника және байланыс




Скачать 160.28 Kb.
Название«компьютерлік технологиялар» кафедра сы бекітемін радиотехника және байланыс
Дата конвертации10.02.2016
Размер160.28 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://kafedra.ucoz.kz/Docs/Sillabus/KAZ/13-050704_kz.doc
«АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ»

коммерциялық емес акционерлік қоғамы

РАДИОТЕХНИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ФАКУЛЬТЕТІ

«КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР» КАФЕДРАСЫ


БЕКІТЕМІН

Радиотехника және байланыс

факультетінің деканы

________________ Ұ.И.МЕДЕУОВ

“____”___________2009 ж.


БАСҚАРУ МОДЕЛЬДЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ

(Sillabus-Силлабус)

050704 – «Есептеу техникасы және программалық қамтама» мамандығының

студенттеріне арналған оқу жоспары


Мамандық: 050704 – Есептеу техникасы және программалық қамтама

Оқу формасы: күндізгі

3- курс, 6- семестр

Кредиттер саны – 2

Барлық сағат саны – 90, оның ішінде:

аудиториялық сабақтар - 40 с.,

дәрістер – 24 с.,

зетрханалық сабақтар – 16 с.,

студенттің өзіндік жұмысы – 50 с.

Есептеу-графикалық жұмыстар- 2

Емтихан – 6 семестрде


Алматы, 2009

Оқу жоспары мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына (ГОСО-2006ж.), 050704 - «Есептеу техникасы және программалық қамтама» мамандығының оқу жоспарына және «Басқару модельдері мен әдістері» пәнінің типтік бағдарламасына сәйкес құрастырылған.


Жұмыс бағдарламасын құрастырушы:

ф.-м. ғ.д., профессор З.Қ. Құралбаев


Оқу жоспары «Компьютерлік технологиялар» кафедрасының отырысында талқыланып, ұсынылған (хаттама №__1_ «_28__»_тамыз__________ 2009 ж.)


Кафедра меңгерушісі

ф.-м. ғ.д., профессор З.Қ. Құралбаев


Дәріс беруші-оқытушы:

физика-математика ғылымдарының докторы,

профессор Құралбаев Зауытбек Құралбайұлы,

жұмыс телефоны: 2925095,

Жұмыс орны: А. Байтұрсынов көш., 126, Б331-бөлме


Пән туралы қысқаша мәліметтер

«Басқару модельдері мен әдістері» пәнінің мазмұны студенттерге басқару ісінде кездесетін процестерді модельдеу мен осы кезде пайда болатын есептерді модельдеу әдістерінің негізгілері бойынша қажетті білім беру. Пәнде математикалық модельдеудің жалпы мәселелерімен қатар, басқарудың жеке есептерінің модельдері де қарастырылған.

Пәннің мақсаты: Басқару мәселелері бойынша есептерді қою, әртүрлі есептердің математикалық модельдерін құрастыру, оларды шешудің әдістерін және оларға қажетті программалық жабдықты игеруге байланысты білімді студенттерге беру.

«Басқару модельдері және әдістері» пәнін оқыту келесі пәндерден (пререквизиттері) алған білімдерге негізделеді:

«Алгебра және геометрия», «Математикалық талдау», «Ақпараттық жүйелереінің негіздері», «Информатика», «Алгоритмдеу және программалау тілдері», «Ықтималдық теориясы мен математикалық статистика».

Осы пәнді оқудың нәтижесінде алған білімі мен машығын студент келесі пәндерді (постреквизиттері) оқу кезінде пайдаланады: «Ақпараттық жүйелерді жобалау», «Сараптау жүйелері», «Жасанды интеллект жүйелері», «Жүйелік талдау».

Пән 3-курстың 6-семестрінде оқытылады. Оған 2 кредит немесе 90 сағат бөлінген.


1 ПӘННІҢ СИПАТТАМАСЫ


Қазіргі кезеңде барлық дерлік ғылым саласы, оның ішінде басқару ісі, есептеу техникасы мен математикалық әдістерді қолданатыны белгілі. Оларды қолдану үшін қарастырылатын әрбір құбылысты немесе процесті зерттеу үшін математикалық модельдеу әдістерін қолдану керек. Осыған байланысты студенттерге математикалық модельдеу және оның нәтижесінде қойылатын математикалық есептерді шешу әдістерін игеру мақсатымен «Басқару моледьдері мен әдістері» пәні оқу бағдарламасына енгізілген.

Пәннің мәселелері:

* басқару есептерінде кездесетін практикалық есептердің математикалық модельдерін құрастыру;

* басқару есебінің негігі бөлігі болатын математикалық программалау есептерінің теориясы мен практикалық есептері;

* сызықтық, сызықтық емес, бүтінсандық және динамикалық программалау есептерінің қойылуы және шешу әдістері;

* ойын теориясы туралы түсінік; ойын теориясының есептері, олардың шешу әдістері;

Пәнді оқыту кезінде, есептердің модельдері мен алгоритмдерін құрастыру, есептерді компьютерде шешу, сонымен қатар шешілген есептің нәтижесін талдай білуі қажет.


2 КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР


Апта

Тақырып аты

Сағаттар саны

Дәрістер

Зертханалық сабақтар


СОӨЖ

СӨЖ

1

Кіріспе. Операцияларды зерттеу

2







2

2

Операцияны зерттеу туралы есеп

2

2

2

2

3

Математикалық программалау есептері

2







2

4

Сызықтық программалау есептері

2

2

2

2

5

Симплекс әдісі

2







2

6

Симплекс әдісінің алгоритмі

2

2

2

4

7

Бүтінсанды программалау


2







2

8

Тасымалдау есебі

2

2

2

2

9

Сызықтық емес программалау

2







2

10







2

2

2

11

Динамикалық программалау

2







2

12







2

2

2

13

Ойындар теориясы

2







2

14







2

2

2

15

Желілік жоспарлау әдісі

2







2

16







2

2

2




Барлығы:

24

16

16

34



3 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ


Кіріспе. «Басқару модельдері мен әдістері» пәнінің мақсаты мен мәселелері. Пәннің мазмұны. Басқару және басқару әсерлері. Басқару туралы түсінік. Басқару есептерінің түрлері. Басқару теориясы туралы түсінік. Ұйымдарды, кәсіпорындарды және басқаларды басқарудағы модельдік тәсілдің ролі мен орны. Басқару әдістері туралы мәліметтер.

1-тақырып. Операцияларды зерттеу. Жүйелерге тән заңдылықтардың ғылыми және қолданбалы аспектілері. Жүйелер теориясы және системотехника: проблемалары, мазмұны, әдістемесі. Операцияларды зерттеудің негізгі түсініктері, принциптері және құралдары. Операциялардың модельдері және олардың түрлері. Математикалық модельдер. Басқару ісінде есептеу техникасы мен программалық қамтаманы басқару ісіне пайдаланудағы математикалық модельдердің ролі. Операциялардың детерминдік модельдері. Операцияны зерттеу есебінің жалпы қойылуы. Толық емес модель жағдайындағы операцияларды зерттеудің ерекшелігі. Белгісіздік жағдайдағы шешімді оңтайландыру. Бірнеше көрсеткіштер бойынша операцияларды бағалау.

2-тақырып. Математикалық программалау. Математикалық программалау есептеріне келтірілетін есептер. Математикалық программалау есебінің жалпы қойылуы. Оңтайландыру және оңтайлы шешім туралы түсінік. Оңтайлық критерийі. Мақсат функциясы және математикалық программалау есебінің шектемелері. Математикалық программалау есептерінің классификациясы.

3-тақырып. Сызықтық программалау есептері. Сызықтық программалау есебінің жалпы қойылуы. Сызықтық программалаудың негізгі есебі. Сызықтық программалау есебінің шешімдерінің қасиеттері. Понятие о выпуклом множестве. Сызықтық программалау есебін шешу әдістері. Графикалық әдіс. Таяныш және оңтайлы шешімдер.

4-тақырып. Симплекс әдісі. Сызықтық программалаудың негізгі есебін шешудің симплекс әдісінің мәні. Шешуші элемент туралы түсінік. Таяныш шешімдерді анықтау. Оңтайлы шешім. Симплекс әдісінің алгоритмі. Жасанды базис әдісі. Сызықтық программалау есептерін шешуге арналған программаларады пайдалану. Сызықтық программалаудың екіжақтылығы. Сызықтық программалаудың екіжақты есептері: тура және екіжақты есептер.

5-тақырып. Бүтінсанды программалау. Айнымалы шамалардың бүтін мән қабылдауы бөлінбейтін ресурстарды бөлумен байланысты арнайы қойылатын талап. Бүтінсанды программалау есептеріне келтірілетін есептердің мысалдары. Бүтінсанды программалау есептерін шешу әдісі. Гомори әдісі.

6-тақырып. Тасымалдау есебі. Тасымалдау туралы есептің қойылуы. Ашық және жабық есептер. Тасымалдаудың таяныш шешімін анықтау. Солтүстік – батыс және ең кіші элемент тәсілдері. Тасымалдау жоспарын жақсарту. Тасымалдау есебін шешудің потенциалдар әдісі.

7-тақырып. Сызықтық емес программалау. Практика жүзінде маңызды сызықтық емес есптер. Сызықтық емес есептің геометриялық және экономикалық түсініктері. Лагранжаның көбейткіштер әдісі. Задачи выпуклого программирования. Куна-Таккер теоремасы.

8-тақырып. Динамикалық программалау. Динамикалық программалау есебінің жалпы қойылуы. Сеперебальді мақсат функциясы. Беллманның оңтайлау принципі. Динамикалық программалау есебін шешудің әдісі.

9-тақырып. Ойындар теориясы. Ойындар теориясының мазмұны. Ойын конфликтік жағдайдың моделі ретінде. Негізгі анықтамалар. Стратегия туралы түсінік. Төлем матрицасы. Ойынның төменгі және жоғарғы құндары. Минимакс принципі. Операциялардың ойын модельдері. Ойфн теориясының есептерінің экономикалық және геометриялық түсініктері. Ойын теориясын басқару ісінде пайдалану. Ойын теориясының есебін сызықтық программалау есебіне келтіру.

10-тақырып. Желілік жоспарлау әдісі. Желілерді есептеудің әдістері мен сандық көрсеткіштері. Жұмыс кешенін жоспарлау есебі. Жұмыс кешенінің желілік графигі. Уақыт бойынша желілік график. Желілк жоспарлаудың алгоритмі. Жұмыс кешенінің жоспарын оңтайландыру.

4 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ТІЗІМІ

1 Сызықтық алгебралық теңдеулер системасын шешудің Жордан-Гаусс әдісі.

2 Сызықтық программалау есебін шешудің графикалық әдісі.

  1. Сызықтық программалау есебін шешудің симплекс әдісі.

4 Тасымалдау есебін шешу.

5 Бүтінсанды программалау есебін Гомори әдісімен шешу.

6 Ойын теориясының есебін шешу.


  1. ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ

негізгі:

1. Вентцель Е.С. Исследование операций. – М., «Советское радио», 1972. - 552 с.

2. Вентцель Е.С. Элементы динамического программирования. – М.: Наука, 1964.

3. Коршунов Ю.М. Математические основы кибернетики: Учебное пособие для вузов. – 2-е изд., переаб. и доп. – М.: Энергия, 1980. – 424 с.

4. Акулич И.Л. Математичское программирование в примерах и задачах. Учебное пособие . – М.: Высшая школа, 1986. – 319 с.

5. Кубонива М. Математическая экономика на персональном компьютере. – М.: Финансы и стаистика, 1991. – 304 с.

6. Ефимов А.К., Куралбаев З.К., Харасахал В.В., Рахимбаев А.Р. Экономико-математические модели и методы. – Алматы: КазГАСА, КИЭП, 1999. – 127 с.

7. Куралбаев З.К. Решение задач по математическому программированию (на казахском и русском языках).- Алматы: РИК МО РК, - 1997.

8. Кузнецов Ю.Н., Кузубов В.И., Волощенко А.В. Математическое программирование. – М.: Высшая школа, 1980.

қосымша:

9. Тихонов А.Н., Костомаров Д.П. Вводные лекции по прикладнойматематике. – М.: Наука. Главная редауция физико-математической литературы, 1984. – 192 с.

10. Канторович Л.В., Горстко А.Б. Математическое оптимальное программирование в экономике.- М.: Знание, 1968.

11. Калихман И.Л. Сборник задач по математическому программированию.- М.: Высшая школа, 1975.


  1. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗ БЕТІМЕН ОРЫНДАЙТЫН ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ


6.1 Басқару туралы ғылым – менеджменттің негізгі функциялары. Менеджментті информациямен қамтамасыз ету. Информация көздері.

6.2 Жүйелер теориясы туралы ұғым. Системотехника ғылымы және оның проблемалары. Операцияларды зерттеудің құралдары.

6.3 Оңтайландыру туралы түсінік. Оңтайлы шешім, оңтайландыру критерийлері.

6.4 Математикалық программалау есептеріне келтірілетін практикалық мәселелер. Басқару процесінде кездесетін практикалық есептердің математикалық модельдерін құрастыру.

6.5 Сызықтық программалау есептерінің қойылу мысалдары. Шектемелерді құрастыру және мақсат функциясының түрлері.

6.6 Симплекс әдісімен сызықтық программалау есептерін шешу.

6.7 Гомори әдісімен есептер шешу.

6.8 Потенциалдар әдісімен тасымалдау туралы есептерді шешу.

6.9 Лагранжа әдісімен сызықтық емес программалау есептерін шешу.

6.10 Динамикалық программалау әдісін пайдалану.


7 СТУДЕНТТЕРДІҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУ САЯСАТЫ

Принциптері:

  • объективтілік;

  • мөлдірлік;

  • икемділік;

  • дифференциация.

Пән бойынша студенттің оқу нәтижесінде алған білімдері мен дағдыларының бағасы келесі кесте арқылы есептеледі

Әріппен бағалау

Балдың цифрлық баламасы

Пәннің мазмұнының игерілген пайызы

(%)

Рейтинг бағасы


Дәстүрлі бағалау

A

4,0

95-100

9

Өте жақсы

A-

3,67

90-94

8

B+

3,33

85-89

7

Жақсы

B

3,0

80-84

6

B-

2,67

75-79

5

C+

2,33

70-74

4

Қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

3

C-

1,67

60-64

2

D+

1,33

55-59

1

D

1,0

50-54

0

F

0

0-49

0

Қанағаттанарлықсыз


Баға 11 деңгейге (шәкілге) бөлінген. Әрбір деңгей латын әрпімен, оның цифрлық баламасымен, пәннәі мазмұнын игеру пайызымен және дәстүрлі сөзбен белгіленеді; жүзбалдық, тоғызбалдық және төртбалдық сандық сипаттамалармен анықталады.

Пәнді оқудың нәтижесінде студенттің білімін бағалауда қорытынды баға студенттің ағымдағы үлгеріміне және емтиханда алған бағасына байланысты анықталады; ағымдағы үлгерім келесі бақылау түрлеріне байланысты:





Бақылау түрі

Қойылатын

бағалаудың ең үлкен мәні (балл)

1

Сабаққа қатысуы

10

2

Аудиториядағы жұмыс (дәріс кезіндегі және зертханалық сабақтағы белсенділік):

- зертханалық жұмысқа дайындық деңгейі;

- зертханалық жұмысты орындау сапасы;

- зертханалық жұмысты қорғау.

30

3

Өзіндік жұмысты орындау сапасы:

- үй тапсырмасын орындау;

- бақылау сұрақтарына жауап беру;

- есептеу-графикалық жұмыстарды орындау;

- тест тапсыру ;

40



4

Аралық бақылау (коллоквиум)

20




Бағалаудың ең үлкен мәні (балл бойынша)


100




Бағалаудың ең кіші мәні (балл бойынша)


50


Пән бойынша қорытынды бағаны анықтау үшін келесі формула қолданылады:

Z = 0.6*X +0.4*Y ,

Мұндағы X – ағымдағы үдгерімнің нәтижесі (балл),

Y- емтихан тапсырғанда алынған нәтиже (балл),

Z –қорытынды баға ( %).

Мысалы, егер студенттің ағымдағы (семестр бойы) оқуының нәтижесінде 80 балл, ал емтиханды тапсырғанда 85 балл алса, онда қорытынды баға

Z = 0.6*80 + 0.4*85 = 82 %

немесе студенттің сынақ кітапшасына (транскрипт) келесі бағалар қойылады:

82% B 6 жақсы

Похожие:

«компьютерлік технологиялар» кафедра сы бекітемін радиотехника және байланыс icon«компьютерлік технологиялар» кафедрасы бекітемін радиотехника және байланыс факультетінің деканы
Жұмыс бағдарламасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына (госо-2006ж.), 050703 «Ақпараттық жүйелер» мамандығының оқу...
«компьютерлік технологиялар» кафедра сы бекітемін радиотехника және байланыс iconРадиотехника және байланыс факультеті
Курс бағдарламасын Қр мжсб және мамандықтың квалификациялық сипатының мазмұнына, типтік бағдарламаға сәйкес Компьютерлік технологиялар...
«компьютерлік технологиялар» кафедра сы бекітемін радиотехника және байланыс iconРадиотехника және байланыс факультеті
Курс бағдарламасын Қр мжсб және мамандықтың квалификациялық сипатының мазмұнына, типтік бағдарламаға сәйкес Компьютерлік технологиялар...
«компьютерлік технологиялар» кафедра сы бекітемін радиотехника және байланыс icon«инженерлік кибернетика» кафедрасы бекітемін радиотехника және байланыс факультетінің деканы
Жұмыс бағдарламасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына (госо-2006ж.), 050703 «Ақпараттық жүйелер» мамандығының оқу...
«компьютерлік технологиялар» кафедра сы бекітемін радиотехника және байланыс icon«Компьютерлік технологиялар» кафедрасы бекiтемiн ртжбф деканы
Жұмыс бағдарламасы жұмыстық оқу жоспарына сәйкес құрастырылды, «Компьютерлік технологиялар» кафедрасының 2009 жылғы тамыздың 28 күнгі...
«компьютерлік технологиялар» кафедра сы бекітемін радиотехника және байланыс icon«Компьютерлік технологиялар» кафедрасы бекiтемiн ртжбф деканы
Жұмыс бағдарламасы «Компьютермен модельдеу негіздері» пәнінің типтік бағдарламасына сәйкес құрастырылған, «Компьютерлік технологиялар»...
«компьютерлік технологиялар» кафедра сы бекітемін радиотехника және байланыс iconБілім коды және бейіні: 1300000 – Байланыс,телекоммуникациялар және ақпарат технологиялар

«компьютерлік технологиялар» кафедра сы бекітемін радиотехника және байланыс icon«Компьютерлік желілер»
Оқу такырыбы мен пәннің құрылымы, оның мамандықтың басқа пәндерімен байланысы. Компьютерлік тораптардың қысқаша даму тарихы. Компьютерлік...
«компьютерлік технологиялар» кафедра сы бекітемін радиотехника және байланыс iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Компьютерлік технологиялар пәні бойынша 050716 «Аспап жасау» мамандығының студенттеріне арналған
«компьютерлік технологиялар» кафедра сы бекітемін радиотехника және байланыс icon«6M060500 ядролық физика» мамандығы бойынша
Ядроның байланыс энергиясы. Меншікті байланыс энергиясы. Ядроның байланыс энергиясының жартылайэмпирикалық Вейцзеккер формуласы....
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница