«Өнер» кафедрасы оқу курстарының каталогы 050402-«Аспаптық орындаушылық»




Название«Өнер» кафедрасы оқу курстарының каталогы 050402-«Аспаптық орындаушылық»
страница8/19
Дата конвертации10.02.2016
Размер1.75 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.ukgu.kz/sites/default/files/oku_kurstar_katalogi_050402_0.doc
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




Пәннің аталуы

Абайтану

Қысқартылған атауы

Абайт.

Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық сабақтар, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 2

Оқытушының Т.А.Ә.

Мекемтас М.

Доцент / оқытушы:

Профессор, ф.ғ.д.

Жұмыс тілі

Қазақ

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Таңдау бойынша компанент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер-15, практикалық сабақтар -15, ОСӨЖ -15, СӨЖ -15 .


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы - 60

Кредиттер / сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Абайтану пәнін меңгеру үшін әдебиет тарихынан жан-жақты білімі, Абай шығармашылығын меңгеру керек және Абайдың адамгершілік мұраттарын жете түсіну қажет.

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Абай - қазақ әдебиетінің классигі. Абай – ұлттық жазба әдебиеттің негізін салушы. Абай – қазақ поэзиясының реформаторы. Қазақ поэзиясына Абай әкелген жаңалықтар. Абай және қазақ лирикасы. Абай – ойшыл, философ, ақын. Абай дәстүрі және оның ұлттық әдебиеттің дамуындағы рөлі. Абай өмірі мен шығармашылық мұрасынан жалпы мәліметтер. Өмірбаяны. Шығармалары. Ақындығының алғашқы кезеңі. Ақынның толысу жылдары.Аудармалары. Поэмалары. Қара сөздері. Абайтану тарихынан қысқаша мәліметтер.

Мазмұны

Дәрістер: Өмірі мен шығармашылығы. Қазақ поэзиясына Абай әкелген жаңалықтар. Абай — өз заманының жыршысы. Абай шығармаларындағы адамгершілік тақырыбы. Абайдың ағартушылық қызметі. Абай мұрасындағы табиғат тақырыбы. Абай поэзиясындағы махаббат тақырыбы. Абайдың эстетикалық тағылымы. Ақын өлеңіндегі даналық дәрістері. Ақынның терең тебіреніске толы жүрек тақырыбы. Абайдың поэмалары. Абайдың ақын шәкірттері. Абайдың көркем аудармалары. Абайдың қара сөздері. Абайтану ілімінің қалыптасу тарихы.

Практикалық сабақтар: Абайдың өмірі мен шығармашылығы. Абай шығармалары — ақын заманының шежіресі. Абай шығармаларындағы қазақ қауымының әлеуметтік бейнесі. Абайдың ағартушылық қызметі. Ескі ауылдағы әлеуметтік теңсіздік, кедей жалшының мүшкіл халі. М.Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясындағы осыған ұқсас көрініс. Махаббат тақырыбына Абай әкелген жаңа леп. Махаббат сезімінің баяндылығын, қазақ әйелінің бойына біткен табиғи ұстамдылығын ақынның суреттеуі. Қазақ жастарын адал сүйіспеншілік сезіміне тәрбиелейтін Абайдың махаббат лирикасының ұлттық поэзиямызда алатын орны. Ұлттық поэзиядағы көркемдік табиғатын Абайдың түсінуі. Ақын Абайдың ұстаздық тағылымы, оның өнерпаз жастарға қалдырған өсиеті. Көркемдік талғам туралы ұғым. Батыс пен Шығыс даналығын 6ip басына жинақтаған, өз заманының әpi ғұлама ғалымы, әpi кемеңгер ойшылы, әpi данышпан ақыны. Лирикалық қаһарманның көңіл күйін, жан дүниесін ашатын туындылары. Абайдың шығармашылық мұрасындағы оның поэмаларының орны. Абайдың жазба әдебиетімізде көркем аударма саласын дамыту жөніндегі еңбектері, жаңашылдық бастамасы. Абайдың Крыловтан аударған мысалдары. Олардың көркемдік ерекшеліктерін тұпнұсқамен салыстыра талдау. Абайдың шығармашылық мұрасында оның қара сөздерінің алатын орны, ұлттық көркем прозаны дамытудағы маңызы. Қара сөздердің ақынның өлендерінде өрбітілген пікірлермен үндестігі. Автор тұрғысынан алғандағы мұның себептері. Абайтану ілімінің тарихы. 20-30 жылдарда Абай мұрасы жөніндегі өрістеген айтыс. Абайтану ілімінің негізін салған М.Әуезовтің еңбегі, Абай шығармаларын жинастырып, бастырып, насихаттау жөніндегі Әуезов бастамасының 40-шы жылдардан кейінгі дамуы. Бұл жөніндегі алғашқы іргелі ғылыми зерттеулер.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Презентация, фонотекалар (аудио және видео)


2 курс

3 семестр


Пәннің аталуы

Философия

Қысқартылған атауы

Филос.

Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Лекция, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 3

Оқытушының Т.А.Ж.:

Кенжебаев А.

Доцент/ оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ тілі

Оқу жоспармен сайкестігі

Жалпы білім беру пәні, міндетті компонент

Оқу түрі/академиялық сағаттар саны

Лекция – 30, ОСӨЖ – 30, СӨЖ – 30.

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90 сағат

Кредиттер/сынақ бірліктері

3

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: «Мәдениеттану», «Логика», «Өзін өзі тану», «Әлеуметтану», «Саясттану», «Психология»,

Білім беру мақсаттары/құзіреттілігі

мақсаттар: болашақ мамандардың философиялық көзқарастарды қалыптастыру.

Мазмұны

Лекция. Философия мәдениет феномені ретінде. Философия пәні және қызметтері Мәдени-тарихи контексттегі филосифия. Мәдениет контекстіндегі философияның тарихи типтері. Ежелгі Үнді философиясы шығыс мәдениетінің феномені ретінде. Қытай мәдениетінің гүлденуі кезіндегі ежелгі Қытай философиясы. Антика мәдениетіндегі философия Орта ғасырлық мәэдениеттегі философия феномені. Ислам мәдениеті аясындағы араб-мұсылман философиясы. Ба­тые Еуропалык орта ғасырлык мәдениеттегі философия. және дін феномені Қайта өрлеу және Реформация мәдениетіндегі философия. Жаңа Заман мәдениетіндегі батыс еуропалық философия.

Жұмыстың нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері

Пәнді оқудың мақсатында философияның негізгі терминдерін және философия мәселелерінВ результате изучения дисциплины студент должен знать основные термины и проблемы философии, основные философские способы решения мировоззренческо-методологических вопросов в контексте культуры/емтихан.




Пәннің аталуы

Шетел тілі 3

Қысқартылған атауы

Шет.тіл.3

Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 3

Оқытушының Т.А.Ж.:

Морозова В.Ю

Доцент/ оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Ағылшын, қазақ тілі

Оқу жоспармен сайкестігі

Жалпы білім беру пәні, міндетті компонент

Оқу түрі/академиялық сағаттар саны

Практикалық – 30, ОСӨЖ – 15, СӨЖ – 15.

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 60 сағат

Кредиттер/сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттері: «Қазақ тілі», «Орыс тілі»

Білім беру мақсаттары/құзіреттілігі

Курстың мақсаты коммуникацияның төрт түрін: оқу, хат, шет тілде сөйлесуді қолдана отырып, маманның кәсіптік ортасында шет тілін қолданумен анқталады.

Мазмұны

Практикалық сабақтар: Фонетика деңгейінде: фонетика бойынша мәліметтерді кеңейту және тереңдету, артикуляциялық дағдыларды бекіту. Сөйлемнің әр түрлі типтерін, яғни 1. хабарлы; 2. сұраулы; 3. бұйрықты сөйлемдерді интонациялық тұрғыдан рәсімдеу. Басқа тілдерден енген сөздердің жалқы есімдерді қоса алғанда, айтылуы. Морфология деңгейінде: аффикстік сөзжасам, зат және сын есімдердің, үстеудің, етістіктің префикстері: конверсия-сөзжасам тәсілі. Синтаксис деңгейінде: затты, тұлғаны, құбылысты, іс-әрекетті, жағдайды, үдрісті білдіретін грамматикалық түрлер мен конструкциялар, іс-әрекетке бейімдеу, іс-әрекеттің қажеттігі, мүмкіндігі, нақтылығы, іс-әрекеттің болған орны, уақыты, мәні, заттың, тұлғаның, құбылыстың қасиеті, сапасы. Сөйлемнің құрылымдық түрлері: сұраулы (сұраулы сөзбен), (сұраулы сөзсіз), хабарлы(болымды, болымсыз), бұйрықты: жай, құрмалас, салалас құрмалас, сабақтас сөйлем. Сөйлемдегі күрделі конструкциялар: жайылма анықтауыштың формалды белгілері, инфинитивті айналым топтың формалды белгілері. Мәтін элементтері арасындағы логикалық-мағыналық байланыстардың формалды белгілері (жалғаулықтар, жалғаулық сөздер, клише жасалған фразалар, енгізу айналымдары мен конструкциялары). Мәтін деңгейінде: экономикалық мәтіндерді аудару ерекшеліктері. Айтылым қызметі деңгейінде. Мәтін мазмұнын айту, диалог, монолог құру, іскерлік келісімдер, тұсаукесерлер өткізу. Жазу деңгейінде: резюме (түйіндеме) және іскерлік хаттар жазу.

Жұмыстың нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері

Күнделікті қолданысты жағдайларда сөйлесу үшін қажетті лексико-грамматикалық материалдарды меңгеру, сөйлеу түрлерінің және сөйлеу қызметінің әр қилы түрлерін дамыту/ емтихан.




Пәннің аталуы

Қазақ (орыс тілі) 3

Қысқартылған атауы

Қаз. (орыс тіл.)3

Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 3

Оқытушының Т.А.Ж.:

Баймурзаева К.Б.

Доцент/ оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ тілі

Оқу жоспармен сайкестігі

Жалпы білім беру пәні, міндетті компонент

Оқу түрі/академиялық сағаттар саны

Практикалық – 30, ОСӨЖ – 30, СӨЖ – 30.

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90 сағат

Кредиттер/сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттері: Мектеп бағдарламасы бойынша қазақ тілін меңгеріп, тіл дамыту, сөздік қорды байыту, екі тілді қоса меңгеру, сауаттылықты арттыру қарастырылған.

Білім беру мақсаттары/құзіреттілігі

Академиялық, арнаулы публицистикалық және басқа басылымдардан алынған мәтіндерді сыни көз қараспен оқи алу; эссе, баяндама, іскери хат, мазмұндама және басқа да түрдегі академиялық және арнайы прозаны сауатты жаза білу; академиялық, арнай және әлеуметтік ортада қарым-қатынас жасай алу; академиялық, арнайы және әлеуметтік контекстердегі ауызекі қазақ тілін түсіне алу; жоғарыда келтірілген дағдыларды игеру үшін негізгі терминологиялық өзекті меңгеру; сонымен қатар қазақ тілінің грамматикалық жүйесін меңгеру.

Мазмұны

Практикалық сабақтар:Орыс тілін оқыту барысында орыс тілінің фонетика, лексика, морфология, синтаксис салалары қамтылады. Грамматика бөлімінде орыс тілінің фонетикалық, орфоэпиялық, орфографиялық, пунктуациялық нормалары мен негізгі түсініктері беріледі. Сөйлем деңгейінде жай және күрделі сөйлем құрылысындағы субъектілі-предикативтік қатынастар, жай және құрмалас салалас пен құрмалас сабақтас сөйлемдердегі объектілік, анықтауыштық, толықтауыштық мәндері ашылады. Лексика саласы бойынша төмендегілер қарастырылады: тура, ауыспалы, көп мағыналы сөздер; омоним, синоним, антоним сөздер; фразеологизмдер; лексикография; жиі қолданылатын сөздер; кәсіби лексика; экономикалық терминдер; ауыз екі сөйлеу лексикасы. Мәтін деңгейінде түрлі тақырыптағы мәтін байланыстарының құралы мен құрылымы, қазіргі орыс тілінің түрлі стилінің (ғылыми, ауыз екі, көсемсөздік, ресми-іскерлік, көркем әдебиет стильдері) ерекшеліктері негізге алынады.Оқытудағы негізгі ұстаным–үйренушінің күнделікті сөйлеу жағдаятында (әлеуметтік–тұрмыстық және кәсіби– іскерлік жағдаяттарда) тілді қарым-қатынас құралы ретінде қолдана алуы. Сондықтан тілді үйрету барысында үйренушілердің сөйлесім әрекетінің 4 түрін-түрлі типтегі монолог, диалог, полилог құра білуге үйрету, мәтін мазмұнын талдау мен қайта жаңғыртып оқыту арқылы олардың белсенділігін арттыру көзделеді.

Жұмыстың нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері

Жоғары оқу орнында мектептен алған білімдерін арттыра отырып, жаңа технологиялық әдістермен қатар активті, интерактивті әдістерді қолданып, лексика-грамматикалық тақырыптарды еркін меңгертумен бірге, сөздік қорды молайту / емтихан.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19

Похожие:

«Өнер» кафедрасы оқу курстарының каталогы 050402-«Аспаптық орындаушылық» icon«режиссура және актерлік өнер» кафедрасы оқу курстарының каталогы
Студент эдвайзер мен факультет администраторының көмегімен белгілі бір пәндерді таңдай отырып, өзінің жеке оқу жоспарын жасайды....
«Өнер» кафедрасы оқу курстарының каталогы 050402-«Аспаптық орындаушылық» icon«Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы» кафедрасы оқу курстарының каталогы
Кредиттік оқу жүйесінің ең басты ерекшеліктерінің бірі бұл әрбір студентке арналған жеке траекториясының түзілуі
«Өнер» кафедрасы оқу курстарының каталогы 050402-«Аспаптық орындаушылық» iconОрындаушылық өнер кафедрасы Мамандыққа кіріспе «Музыкалық білім» мамандығы студенттеріне арналған әдістемелік құрал (институт ішінде қолдануға) Павлодар
...
«Өнер» кафедрасы оқу курстарының каталогы 050402-«Аспаптық орындаушылық» iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Доцент, аға окутышы Орындаушылық өнер кафедрасы,Ломов 64 көшесндегі Бас корпусында №26-ші аудиторияда орналасқан
«Өнер» кафедрасы оқу курстарының каталогы 050402-«Аспаптық орындаушылық» icon«Су ресурстары жерді пайдалану» кафедрасы оқу курстарының каталогы мамандық «050805»
Свободно владеть русским языком, языком межнационального общения. Иметь навыки структурирования комплексной постановки задания
«Өнер» кафедрасы оқу курстарының каталогы 050402-«Аспаптық орындаушылық» icon«Өнеркәсіптік, азаматтық және жол құрылысы» кафедрасы ОҚу курстарының каталогы
Тіршілік қауіпсіздігі негіздері. Төтенше жағдайдағы тіршілік қауіпсіздігі. Төтенше жағдайлардан қорғаудағы кәсіптік қауіпсіздік
«Өнер» кафедрасы оқу курстарының каталогы 050402-«Аспаптық орындаушылық» icon«менеджмент» кафедрасы оқу курстарының каталогы
Студент эдвайзер мен факультет администраторының көмегімен белгілі бір пәндерді таңдай отырып, өзінің жеке оқу жоспарын жасайды....
«Өнер» кафедрасы оқу курстарының каталогы 050402-«Аспаптық орындаушылық» icon«бейнелеу өнері және сызу» кафедрасы оқу курстарының каталогы
Студент эдвайзер мен факультет администраторының көмегімен белгілі бір пәндерді таңдай отырып, өзінің жеке оқу жоспарын жасайды....
«Өнер» кафедрасы оқу курстарының каталогы 050402-«Аспаптық орындаушылық» icon«халықаралық туризм және сервис» кафедрасы оқу курстарының каталогы
Студент эдвайзер мен факультет администраторының көмегімен белгілі бір пәндерді таңдай отырып, өзінің жеке оқу жоспарын жасайды....
«Өнер» кафедрасы оқу курстарының каталогы 050402-«Аспаптық орындаушылық» icon«халықаралық туризм және сервис» кафедрасы оқу курстарының каталогы
Студент эдвайзер мен факультет администраторының көмегімен белгілі бір пәндерді таңдай отырып, өзінің жеке оқу жоспарын жасайды....
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница