«Өнер» кафедрасы оқу курстарының каталогы 050402-«Аспаптық орындаушылық»




Название«Өнер» кафедрасы оқу курстарының каталогы 050402-«Аспаптық орындаушылық»
страница5/19
Дата конвертации10.02.2016
Размер1.75 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.ukgu.kz/sites/default/files/oku_kurstar_katalogi_050402_0.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19



2 семестр


Пәннің аталуы

Экология және тұрақты даму

Қысқартылған атауы

ЭТД

Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Лекция, лабораториялық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 2

Оқытушының Т.А.Ж.:

Мусалиев Б.

Доцент/ оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ тілі

Оқу жоспармен сайкестігі

Жалпы білім беру пәні, міндетті компонент

Оқу түрі/академиялық сағаттар саны

Лекция – 15, практикалық – 15, ОСӨЖ– 30, СӨЖ – 30.

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90 сағат

Кредиттер/сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттері: орта білім базасының жақсы білуі; биология, химия, табиғаттану негіздерін білуі; соңғы экологиялық және саясаттағы оқиғалар мен өзгерістерді білуі керек.

Білім беру мақсаттары/құзіреттілігі

Студенттердің экологиялық білімін жоғары дәрежеге көтеріп, қоршаған ортаны қорғауға және оны көркейтуге деген оң көзқарастарын қалыптастырып, жауапкершіліктерін арттыру.

Мазмұны

Лекция: Экология туралы түсінік. Экология ғылымының дамуы мен қалыптасуы. Экологияның мақсаты мен міндеттері, зерттеу әдістері. Экология – табиғатты қорғау мен табиғатты ұтымды пайдаланудың теориялық негізі. Негізгі тіршілік орталары, олардың сипаттамалары. Популяция – түрдің тіршілік ету формасы, популяцияның негізгі критерийлері. Негізгі биогендік элементтердің экожүйедегі айналымы. Экожүйелердің орта түзушілік рөлі жəне бұзылған экожүйелерді қалпына келтіру. Биосфера және оның ресурстары.Биосфераның құрылысы жəне биосфера шекаралары.Экономикалық және саяси мәселелерді шешудегі экологияның рөлі мен орны. Қоршаған ортаның факторлары мен жүйелоның ері, биологиялық әралуандыққа тигізетін әсері. Биоценоз, экожүйе және биогеоценоз туралы түсінік. Биосфера туралы ілім. Табиғи ресурстар мен оларды тиімді пайдалану. Табиғи ресурстарды экономикалық бағалау. Өзекті экологиялық мәселелер. Қоршаған ортаны бақылаудың жай-күйі мен негізгі экологиялық мониторингті ұйымдастырудың жолдары.

Практикалық сабақтар: В.И.Вернадскийдің ноосфера туралы ілімінің Тұрақты даму тұжырымдамасын қалыптастырудағы бағыттаушы ролі. Тұрақты қоғам моделі, оның белгілері жəне қызмет атқару принциптері. Адамзат қоғамының табиғи ресурстармен қамтамасыз етілу проблемасы. Қоршаған орта жəне тұрғындардың денсаулығы. Тұрақты даму. Қазіргі заманның əлемдік экологиялық проблемалары бойынша халықаралық конвенциялар мен келісімшарттар. Қазақстан Республикасының ерекше қорылатын табиғи территориялары. Қазақстаның экологиялық проблемалары. Арал өңірінің әлеу-меттік экологиялық проблемалары. Семей ядролық полигоны. Үшінші əлем” проблемалары. Мешеуліктен құтылу - тұрақты дамудың өзекті мəселесі. Өмір шындығы жəне тұрақты дамуды қамтамасыз етудің ықтимал уақыт кезеңдері

Жұмыстың нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері

Студенттерді экологиялық проблемалармен таныстыру: глобалды, жергілікті, ҚР-ның негізгі түсініктемелерін және жалпы экология зандарын, табиғат қорғаудың қоғамдық ғылыми негіздерін білуі шарт; студенттердің экологиялық білімін арттыру үшін активті жұмыс жасауын қамтамасыз ету; қоғамның тұрақты дамуы үшін қоршаған ортаның сапасын сақтауға деген жауапкершілікке дағдыландыру/емтихан.




Пәннің аталуы

Шетел тілі 2

Қысқартылған атауы

Шет. тіл.2

Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 2

Оқытушының Т.А.Ж.:

Морозова В.Ю

Доцент/ оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Ағылшын, қазақ тілі

Оқу жоспармен сайкестігі

Жалпы білім беру пәні, міндетті компонент

Оқу түрі/академиялық сағаттар саны

Практикалық – 30, ОСӨЖ – 15, СӨЖ – 15.

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 60 сағат

Кредиттер/сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттері: «Қазақ тілі», «Орыс тілі»

Білім беру мақсаттары/құзіреттілігі

Курстың мақсаты коммуникацияның төрт түрін: оқу, хат, шет тілде сөйлесуді қолдана отырып, маманның кәсіптік ортасында шет тілін қолданумен анқталады.

Мазмұны

Практикалық сабақтар: Фонетика деңгейінде: фонетика бойынша мәліметтерді кеңейту және тереңдету, артикуляциялық дағдыларды бекіту. Сөйлемнің әр түрлі типтерін, яғни 1. хабарлы; 2. сұраулы; 3. бұйрықты сөйлемдерді интонациялық тұрғыдан рәсімдеу. Басқа тілдерден енген сөздердің жалқы есімдерді қоса алғанда, айтылуы. Морфология деңгейінде: аффикстік сөзжасам, зат және сын есімдердің, үстеудің, етістіктің префикстері: конверсия-сөзжасам тәсілі. Синтаксис деңгейінде: затты, тұлғаны, құбылысты, іс-әрекетті, жағдайды, үдрісті білдіретін грамматикалық түрлер мен конструкциялар, іс-әрекетке бейімдеу, іс-әрекеттің қажеттігі, мүмкіндігі, нақтылығы, іс-әрекеттің болған орны, уақыты, мәні, заттың, тұлғаның, құбылыстың қасиеті, сапасы. Сөйлемнің құрылымдық түрлері: сұраулы (сұраулы сөзбен), (сұраулы сөзсіз), хабарлы(болымды, болымсыз), бұйрықты: жай, құрмалас, салалас құрмалас, сабақтас сөйлем. Сөйлемдегі күрделі конструкциялар: жайылма анықтауыштың формалды белгілері, инфинитивті айналым топтың формалды белгілері. Мәтін элементтері арасындағы логикалық-мағыналық байланыстардың формалды белгілері (жалғаулықтар, жалғаулық сөздер, клише жасалған фразалар, енгізу айналымдары мен конструкциялары). Мәтін деңгейінде: экономикалық мәтіндерді аудару ерекшеліктері. Айтылым қызметі деңгейінде. Мәтін мазмұнын айту, диалог, монолог құру, іскерлік келісімдер, тұсаукесерлер өткізу. Жазу деңгейінде: резюме (түйіндеме) және іскерлік хаттар жазу.

Жұмыстың нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері

Күнделікті қолданысты жағдайларда сөйлесу үшін қажетті лексико-грамматикалық материалдарды меңгеру, сөйлеу түрлерінің және сөйлеу қызметінің әр қилы түрлерін дамыту/ емтихан.




Пәннің аталуы

Қазақ (орыс тілі) 2

Қысқартылған атауы

Қаз. (орыс тіл.) 2

Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 2

Оқытушының Т.А.Ж.:

Баймурзаева К.Б.

Доцент/ оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ тілі

Оқу жоспармен сайкестігі

Жалпы білім беру пәні, міндетті компонент

Оқу түрі/академиялық сағаттар саны

Практикалық – 30, ОСӨЖ – 30, СӨЖ – 30.

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90 сағат

Кредиттер/сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттері: Мектеп бағдарламасы бойынша қазақ тілін меңгеріп, тіл дамыту, сөздік қорды байыту, екі тілді қоса меңгеру, сауаттылықты арттыру қарастырылған.

Білім беру мақсаттары/құзіреттілігі

Академиялық, арнаулы публицистикалық және басқа басылымдардан алынған мәтіндерді сыни көз қараспен оқи алу; эссе, баяндама, іскери хат, мазмұндама және басқа да түрдегі академиялық және арнайы прозаны сауатты жаза білу; академиялық, арнай және әлеуметтік ортада қарым-қатынас жасай алу; академиялық, арнайы және әлеуметтік контекстердегі ауызекі қазақ тілін түсіне алу; жоғарыда келтірілген дағдыларды игеру үшін негізгі терминологиялық өзекті меңгеру; сонымен қатар қазақ тілінің грамматикалық жүйесін меңгеру.

Мазмұны

Практикалық сабақтар:Орыс тілін оқыту барысында орыс тілінің фонетика, лексика, морфология, синтаксис салалары қамтылады. Грамматика бөлімінде орыс тілінің фонетикалық, орфоэпиялық, орфографиялық, пунктуациялық нормалары мен негізгі түсініктері беріледі. Сөйлем деңгейінде жай және күрделі сөйлем құрылысындағы субъектілі-предикативтік қатынастар, жай және құрмалас салалас пен құрмалас сабақтас сөйлемдердегі объектілік, анықтауыштық, толықтауыштық мәндері ашылады. Лексика саласы бойынша төмендегілер қарастырылады: тура, ауыспалы, көп мағыналы сөздер; омоним, синоним, антоним сөздер; фразеологизмдер; лексикография; жиі қолданылатын сөздер; кәсіби лексика; экономикалық терминдер; ауыз екі сөйлеу лексикасы. Мәтін деңгейінде түрлі тақырыптағы мәтін байланыстарының құралы мен құрылымы, қазіргі орыс тілінің түрлі стилінің (ғылыми, ауыз екі, көсемсөздік, ресми-іскерлік, көркем әдебиет стильдері) ерекшеліктері негізге алынады.Оқытудағы негізгі ұстаным–үйренушінің күнделікті сөйлеу жағдаятында (әлеуметтік–тұрмыстық және кәсіби– іскерлік жағдаяттарда) тілді қарым-қатынас құралы ретінде қолдана алуы. Сондықтан тілді үйрету барысында үйренушілердің сөйлесім әрекетінің 4 түрін-түрлі типтегі монолог, диалог, полилог құра білуге үйрету, мәтін мазмұнын талдау мен қайта жаңғыртып оқыту арқылы олардың белсенділігін арттыру көзделеді.

Жұмыстың нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері

Жоғары оқу орнында мектептен алған білімдерін арттыра отырып, жаңа технологиялық әдістермен қатар активті, интерактивті әдістерді қолданып, лексика-грамматикалық тақырыптарды еркін меңгертумен бірге, сөздік қорды молайту / емтихан.




Пәннің аталуы

Мамандық 2

Қысқартылған атауы

Мам.2

Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Жеке сабақтар, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 2

Оқытушының Т.А.Ә.

Сейдалиева Р.Т.

Доцент / оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Міндетті компанент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Жеке сабақтар -30, ОСӨЖ -30, СӨЖ -30 .


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы - 90

Кредиттер / сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: «Музыка теориясы», «Гармония», «Сольфеджио», «Музыка тарихы» пәндері.

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

“Мамандық”/домбыра пәні дәстүрлі аспапта орындаушылық өнеріміздің дамуына шығармашылық белсенділіктің артуына ықпал жасайды.

Мазмұны

Жеке сабақтар: Пъеса жанры. Қазақстан, жақын шет ел шығармалары. Мазмұны мен көлемі әртүрлі сипатта. Қазіргі заман күйлері /Қ.Ахмедияров, А.Жайымов/. Күрделі көлемді күйлерді орындау. Күйлер. Дәстүрлі орындаушылық тәсілдерді меңгеру. Аппликатура ерекшеліктері. Орындаушылық деңгейі орта дәрежелі күйлер. Техникалық қиын тұстармен жұмыс. Көркемдік орындаушылық мағынасымен жұмыс жасау. Нота мазмұнын бірден ойнап кету қабілетін жетілдіру.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Презентация, фонотекалар (аудио және видео)
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Похожие:

«Өнер» кафедрасы оқу курстарының каталогы 050402-«Аспаптық орындаушылық» icon«режиссура және актерлік өнер» кафедрасы оқу курстарының каталогы
Студент эдвайзер мен факультет администраторының көмегімен белгілі бір пәндерді таңдай отырып, өзінің жеке оқу жоспарын жасайды....
«Өнер» кафедрасы оқу курстарының каталогы 050402-«Аспаптық орындаушылық» icon«Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы» кафедрасы оқу курстарының каталогы
Кредиттік оқу жүйесінің ең басты ерекшеліктерінің бірі бұл әрбір студентке арналған жеке траекториясының түзілуі
«Өнер» кафедрасы оқу курстарының каталогы 050402-«Аспаптық орындаушылық» iconОрындаушылық өнер кафедрасы Мамандыққа кіріспе «Музыкалық білім» мамандығы студенттеріне арналған әдістемелік құрал (институт ішінде қолдануға) Павлодар
...
«Өнер» кафедрасы оқу курстарының каталогы 050402-«Аспаптық орындаушылық» iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Доцент, аға окутышы Орындаушылық өнер кафедрасы,Ломов 64 көшесндегі Бас корпусында №26-ші аудиторияда орналасқан
«Өнер» кафедрасы оқу курстарының каталогы 050402-«Аспаптық орындаушылық» icon«Су ресурстары жерді пайдалану» кафедрасы оқу курстарының каталогы мамандық «050805»
Свободно владеть русским языком, языком межнационального общения. Иметь навыки структурирования комплексной постановки задания
«Өнер» кафедрасы оқу курстарының каталогы 050402-«Аспаптық орындаушылық» icon«Өнеркәсіптік, азаматтық және жол құрылысы» кафедрасы ОҚу курстарының каталогы
Тіршілік қауіпсіздігі негіздері. Төтенше жағдайдағы тіршілік қауіпсіздігі. Төтенше жағдайлардан қорғаудағы кәсіптік қауіпсіздік
«Өнер» кафедрасы оқу курстарының каталогы 050402-«Аспаптық орындаушылық» icon«менеджмент» кафедрасы оқу курстарының каталогы
Студент эдвайзер мен факультет администраторының көмегімен белгілі бір пәндерді таңдай отырып, өзінің жеке оқу жоспарын жасайды....
«Өнер» кафедрасы оқу курстарының каталогы 050402-«Аспаптық орындаушылық» icon«бейнелеу өнері және сызу» кафедрасы оқу курстарының каталогы
Студент эдвайзер мен факультет администраторының көмегімен белгілі бір пәндерді таңдай отырып, өзінің жеке оқу жоспарын жасайды....
«Өнер» кафедрасы оқу курстарының каталогы 050402-«Аспаптық орындаушылық» icon«халықаралық туризм және сервис» кафедрасы оқу курстарының каталогы
Студент эдвайзер мен факультет администраторының көмегімен белгілі бір пәндерді таңдай отырып, өзінің жеке оқу жоспарын жасайды....
«Өнер» кафедрасы оқу курстарының каталогы 050402-«Аспаптық орындаушылық» icon«халықаралық туризм және сервис» кафедрасы оқу курстарының каталогы
Студент эдвайзер мен факультет администраторының көмегімен белгілі бір пәндерді таңдай отырып, өзінің жеке оқу жоспарын жасайды....
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница