«Өнер» кафедрасы оқу курстарының каталогы 050402-«Аспаптық орындаушылық»




Название«Өнер» кафедрасы оқу курстарының каталогы 050402-«Аспаптық орындаушылық»
страница2/19
Дата конвертации10.02.2016
Размер1.75 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.ukgu.kz/sites/default/files/oku_kurstar_katalogi_050402_0.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19



* Таңдау пәндері курсивпен белгіленген


1 курс

1 семестр


Пәннің аталуы

Қазақстан тарихы

Қысқартылған атауы

Қаз. тарихы

Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Лекция, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 1

Оқытушының Т.А.Ж.:

Молдахметова

Доцент/ оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ тілі

Оқу жоспармен сайкестігі

Жалпы білім беру пәні, міндетті компонент

Оқу түрі/академиялық сағаттар саны

Лекция – 30, практикалық – 15, ОСӨЖ – 45, СӨЖ – 45.

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 135 сағат

Кредиттер/сынақ бірліктері

3

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизитері: Мектеп бағдарламасы бойынша қазақстан тарихын жетік меңгеру қажет.

Білім беру мақсаттары/құзіреттілігі

Курстың мақсаты- ежелгі, орта ғасырлық, жаңа және жаңашыл уақыт кезеңдегі қоғамның даму заңдылықтарымен, спецификалық терминдермен және түсініктермен студенттерді таныстыру, әр кезеңнің ерекшеліктерін көрсету.

Мазмұны

Лекция: Қазақстан тарихының әдістері, оқу қөздері және тарихнамасы. Олардың қазіргі жағдайдағы тарихи сананы қалыптастыру мен «Гуманитарлық білім тұжырымдамасының» негізгі ережелеріне сәйкестігі. Прототүркілік территориядағы адам дамуының тарихы. Тайпалар және тайпалық одақтар, Қазақстан территориясындағы ертедегі мемлекеттер, Қазақстан және Евразия тарихындағы ғұндардың рөлі. VI-XIII ғғ. Қазақстан территориясындағы түркілік мемлекеттер, олардың мәдениеті. Монғолдардың Қазақстан территориясын жаулап алуы және оның зардаптары. Қазақ халқы қалыптасуының аяқталуы.

Практикалық сабақтар: Қазақ хандығы оның пайда болуы, XV-XVII ғғ. экономикалық, саяси-әлеуметтік және мәдени дамуы. Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі, қазақ хандары, билері мен батырларының жерді, бостандықты және тәуелсіздікті қорғаудағы рөлі. Қазақстанның Ресей патшалығына қосылу үдерісі. Қазақстан Ресей империясының құрамында. Қазақстан тарихындағы кеңестік кезең. Қазақстан тәуелсіздік жолында егемендік орнауының негізгі кезеңдері Қазақстанның даму тенденциялары, ҚР – дағы осы заманғы экономикалық әлеуметтік және саяси үдерістер.

Жұмыстың нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері

Тарихи құжаттармен жұмыс жүргізу, ақпараттарды талдау дағдысын игеру. әдебиеттермен жұмыс істеу/ мемлекеттік емтихан.




Пәннің аталуы

Шетел тілі 1

Қысқартылған атауы

Шет.тіл.1

Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 1

Оқытушының Т.А.Ж.:

Морозова В.Ю

Доцент/ оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Ағылшын, қазақ тілі

Оқу жоспармен сайкестігі

Жалпы білім беру пәні, міндетті компонент

Оқу түрі/академиялық сағаттар саны

Практикалық – 30, ОСӨЖ – 15, СӨЖ – 15.

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 60 сағат

Кредиттер/сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттері: «Қазақ тілі», «Орыс тілі»

Білім беру мақсаттары/құзіреттілігі

Курстың мақсаты коммуникацияның төрт түрін: оқу, хат, шет тілде сөйлесуді қолдана отырып, маманның кәсіптік ортасында шет тілін қолданумен анықталады.

Мазмұны

Практикалық сабақтар: Фонетика деңгейінде: фонетика бойынша мәліметтерді кеңейту және тереңдету, артикуляциялық дағдыларды бекіту. Сөйлемнің әр түрлі типтерін, яғни 1. хабарлы; 2. сұраулы; 3. бұйрықты сөйлемдерді интонациялық тұрғыдан рәсімдеу. Басқа тілдерден енген сөздердің жалқы есімдерді қоса алғанда, айтылуы. Морфология деңгейінде: аффикстік сөзжасам, зат және сын есімдердің, үстеудің, етістіктің префикстері: конверсия-сөзжасам тәсілі. Синтаксис деңгейінде: затты, тұлғаны, құбылысты, іс-әрекетті, жағдайды, үдрісті білдіретін грамматикалық түрлер мен конструкциялар, іс-әрекетке бейімдеу, іс-әрекеттің қажеттігі, мүмкіндігі, нақтылығы, іс-әрекеттің болған орны, уақыты, мәні, заттың, тұлғаның, құбылыстың қасиеті, сапасы. Сөйлемнің құрылымдық түрлері: сұраулы (сұраулы сөзбен), (сұраулы сөзсіз), хабарлы(болымды, болымсыз), бұйрықты: жай, құрмалас, салалас құрмалас, сабақтас сөйлем. Сөйлемдегі күрделі конструкциялар: жайылма анықтауыштың формалды белгілері, инфинитивті айналым топтың формалды белгілері. Мәтін элементтері арасындағы логикалық-мағыналық байланыстардың формалды белгілері (жалғаулықтар, жалғаулық сөздер, клише жасалған фразалар, енгізу айналымдары мен конструкциялары). Мәтін деңгейінде: экономикалық мәтіндерді аудару ерекшеліктері. Айтылым қызметі деңгейінде. Мәтін мазмұнын айту, диалог, монолог құру, іскерлік келісімдер, тұсаукесерлер өткізу. Жазу деңгейінде: резюме (түйіндеме) және іскерлік хаттар жазу.

Жұмыстың нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері

Күнделікті қолданысты жағдайларда сөйлесу үшін қажетті лексико-грамматикалық материалдарды меңгеру, сөйлеу түрлерінің және сөйлеу қызметінің әр қилы түрлерін дамыту/ емтихан.




Пәннің аталуы

Қазақ (орыс тілі) 1

Қысқартылған атауы

Қаз. (орыс тіл.) 1

Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 1

Оқытушының Т.А.Ж.:

Баймурзаева К.Б.

Доцент/ оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ тілі

Оқу жоспармен сайкестігі

Жалпы білім беру пәні, міндетті компонент

Оқу түрі/академиялық сағаттар саны

Практикалық – 30, ОСӨЖ – 30, СӨЖ – 30.

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90 сағат

Кредиттер/сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттері: Мектеп бағдарламасы бойынша қазақ тілін меңгеріп, тіл дамыту, сөздік қорды байыту, екі тілді қоса меңгеру, сауаттылықты арттыру қарастырылған.

Білім беру мақсаттары/құзіреттілігі

Курстың мақсаты - академиялық, арнаулы публицистикалық және басқа басылымдардан алынған мәтіндерді сыни көз қараспен оқи алу; эссе, баяндама, іскери хат, мазмұндама және басқа да түрдегі академиялық және арнайы прозаны сауатты жаза білу; академиялық, арнай және әлеуметтік ортада қарым-қатынас жасай алу; академиялық, арнайы және әлеуметтік контекстердегі ауызекі қазақ тілін түсіне алу; жоғарыда келтірілген дағдыларды игеру үшін негізгі терминологиялық өзекті меңгеру; сонымен қатар қазақ тілінің грамматикалық жүйесін меңгеру.

Мазмұны

Практикалық сабақтар:Орыс тілін оқыту барысында орыс тілінің фонетика, лексика, морфология, синтаксис салалары қамтылады. Грамматика бөлімінде орыс тілінің фонетикалық, орфоэпиялық, орфографиялық, пунктуациялық нормалары мен негізгі түсініктері беріледі. Сөйлем деңгейінде жай және күрделі сөйлем құрылысындағы субъектілі-предикативтік қатынастар, жай және құрмалас салалас пен құрмалас сабақтас сөйлемдердегі объектілік, анықтауыштық, толықтауыштық мәндері ашылады. Лексика саласы бойынша төмендегілер қарастырылады: тура, ауыспалы, көп мағыналы сөздер; омоним, синоним, антоним сөздер; фразеологизмдер; лексикография; жиі қолданылатын сөздер; кәсіби лексика; экономикалық терминдер; ауыз екі сөйлеу лексикасы. Мәтін деңгейінде түрлі тақырыптағы мәтін байланыстарының құралы мен құрылымы, қазіргі орыс тілінің түрлі стилінің (ғылыми, ауыз екі, көсемсөздік, ресми-іскерлік, көркем әдебиет стильдері) ерекшеліктері негізге алынады.Оқытудағы негізгі ұстаным–үйренушінің күнделікті сөйлеу жағдаятында (әлеуметтік–тұрмыстық және кәсіби– іскерлік жағдаяттарда) тілді қарым-қатынас құралы ретінде қолдана алуы. Сондықтан тілді үйрету барысында үйренушілердің сөйлесім әрекетінің 4 түрін-түрлі типтегі монолог, диалог, полилог құра білуге үйрету, мәтін мазмұнын талдау мен қайта жаңғыртып оқыту арқылы олардың белсенділігін арттыру көзделеді.

Жұмыстың нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері

Жоғары оқу орнында мектептен алған білімдерін арттыра отырып, жаңа технологиялық әдістермен қатар активті, интерактивті әдістерді қолданып, лексика-грамматикалық тақырыптарды еркін меңгертумен бірге, сөздік қорды молайту / емтихан.




Пәннің аталуы

Мамандық 1

Қысқартылған атауы

Мам.1

Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Жеке сабақтар, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 1

Оқытушының Т.А.Ә.

Сейдалиева Р.Т.

Доцент / оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Міндетті компанент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Жеке сабақтар -30, ОСӨЖ -30, СӨЖ -30 .


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы - 90

Кредиттер / сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: «Музыка теориясы», «Гармония», «Сольфеджио», «Музыка тарихы» пәндері.

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

“Мамандық”/домбыра пәні дәстүрлі аспапта орындаушылық өнеріміздің дамуына шығармашылық белсенділіктің артуына ықпал жасайды.

Мазмұны

Жеке сабақтар: Пъеса жанры. Қазақстан, жақын шет ел шығармалары. Мазмұны мен көлемі әртүрлі сипатта. Қазіргі заман күйлері /Қ.Ахмедияров, А.Жайымов/. Күрделі көлемді күйлерді орындау. Күйлер. Дәстүрлі орындаушылық тәсілдерді меңгеру. Аппликатура ерекшеліктері. Орындаушылық деңгейі орта дәрежелі күйлер. Техникалық қиын тұстармен жұмыс. Көркемдік орындаушылық мағынасымен жұмыс жасау. Нота мазмұнын бірден ойнап кету қабілетін жетілдіру.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Презентация, фонотекалар (аудио және видео)
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Похожие:

«Өнер» кафедрасы оқу курстарының каталогы 050402-«Аспаптық орындаушылық» icon«режиссура және актерлік өнер» кафедрасы оқу курстарының каталогы
Студент эдвайзер мен факультет администраторының көмегімен белгілі бір пәндерді таңдай отырып, өзінің жеке оқу жоспарын жасайды....
«Өнер» кафедрасы оқу курстарының каталогы 050402-«Аспаптық орындаушылық» icon«Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы» кафедрасы оқу курстарының каталогы
Кредиттік оқу жүйесінің ең басты ерекшеліктерінің бірі бұл әрбір студентке арналған жеке траекториясының түзілуі
«Өнер» кафедрасы оқу курстарының каталогы 050402-«Аспаптық орындаушылық» iconОрындаушылық өнер кафедрасы Мамандыққа кіріспе «Музыкалық білім» мамандығы студенттеріне арналған әдістемелік құрал (институт ішінде қолдануға) Павлодар
...
«Өнер» кафедрасы оқу курстарының каталогы 050402-«Аспаптық орындаушылық» iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Доцент, аға окутышы Орындаушылық өнер кафедрасы,Ломов 64 көшесндегі Бас корпусында №26-ші аудиторияда орналасқан
«Өнер» кафедрасы оқу курстарының каталогы 050402-«Аспаптық орындаушылық» icon«Су ресурстары жерді пайдалану» кафедрасы оқу курстарының каталогы мамандық «050805»
Свободно владеть русским языком, языком межнационального общения. Иметь навыки структурирования комплексной постановки задания
«Өнер» кафедрасы оқу курстарының каталогы 050402-«Аспаптық орындаушылық» icon«Өнеркәсіптік, азаматтық және жол құрылысы» кафедрасы ОҚу курстарының каталогы
Тіршілік қауіпсіздігі негіздері. Төтенше жағдайдағы тіршілік қауіпсіздігі. Төтенше жағдайлардан қорғаудағы кәсіптік қауіпсіздік
«Өнер» кафедрасы оқу курстарының каталогы 050402-«Аспаптық орындаушылық» icon«менеджмент» кафедрасы оқу курстарының каталогы
Студент эдвайзер мен факультет администраторының көмегімен белгілі бір пәндерді таңдай отырып, өзінің жеке оқу жоспарын жасайды....
«Өнер» кафедрасы оқу курстарының каталогы 050402-«Аспаптық орындаушылық» icon«бейнелеу өнері және сызу» кафедрасы оқу курстарының каталогы
Студент эдвайзер мен факультет администраторының көмегімен белгілі бір пәндерді таңдай отырып, өзінің жеке оқу жоспарын жасайды....
«Өнер» кафедрасы оқу курстарының каталогы 050402-«Аспаптық орындаушылық» icon«халықаралық туризм және сервис» кафедрасы оқу курстарының каталогы
Студент эдвайзер мен факультет администраторының көмегімен белгілі бір пәндерді таңдай отырып, өзінің жеке оқу жоспарын жасайды....
«Өнер» кафедрасы оқу курстарының каталогы 050402-«Аспаптық орындаушылық» icon«халықаралық туризм және сервис» кафедрасы оқу курстарының каталогы
Студент эдвайзер мен факультет администраторының көмегімен белгілі бір пәндерді таңдай отырып, өзінің жеке оқу жоспарын жасайды....
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница