Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі




Скачать 291.49 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
страница1/3
Дата конвертации10.02.2016
Размер291.49 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://psu.kz/arm/upload/umk/96296.doc
  1   2   3



Бітіру (диплом) жұмыстарын орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулардың титулдық парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/21



Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі



С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Қаржы кафедрасы


050509 «Қаржы» мамандығының студенттеріне арналған


Бітіру (диплом) жұмыстарын орындау жөніндегі


әДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР


Павлодар


Бітіру (диплом) жұмыстарын орындау жөніндегі әдістемелік нұсқауларды бекіту парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/28






Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

БЕКІТЕМІН


ОІ жөніндегі проректор

__________Н.Э. Пфейфер

201__ ж. «____»__________


050509 «Қаржы» мамандығының студенттеріне арналған бітіру (диплом) жұмыстарын орындау жөніндегі

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ


Әдістемелік нұсқау Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мамандықтың ҚР МЖМБС 6.08.008 – 2008 және
«Жоғары оқу орындарында дипломдық жұмысты (жобаны) орындау ережелері. Негізгі жағдайлар» атты ҚР МЖМБС 5.03.016 – 2009 негізінде әзірленді.


Құрастырушылар: кафедра меңгерушісі, э.ғ.к., доцент кафтункина Н.С. ______

аға оқытушы Салихова А.Р. _____________


Қаржы кафедрасы

Кафедра отырысында ұсынылды, 201 __ ж. «___»__________№____ Хаттама

Кафедра меңгерушісі ___________ Кафтункина Н.С. 201 __ ж. «___»_________

Қаржы-экономика факультетінің ОӘК мақұлданды

201__ ж. «___»__________№____ Хаттама

ОӘК төрағасы________________ Темиргалиева А.Б. 201__ ж. «___»__________

КЕЛІСІЛДІ
Факультет деканы ________________Эрназаров Т.Я. 201__ж. «____»_________



МАҚҰЛДАНДЫ:
ОүЖжӘҚБ бастығы ________________ Варакута А.А. 201__ж. «____»_________



Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

201__ ж. «___»__________№____ Хаттама

Кіріспе


Әдістемелік нұсқаулардың мақсаты студенттер үшін дипломдық жұмыстарды орындау кезінде және оларды қорғау тәртібінде міндетті талаптарды, ережелер мен ұсыныстарды анықтау болып табылады.

Әдістемелік нұсқаулар дипломдық жұмыстар тақырыптарының өзектілігін, олардың ғылыми деңгейін және орындау сапасын жүйелі түрде жоғарылатуды, сонымен қатар кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің қаржылық қызметін ұйымдастыруды жақсарту бойынша нақты тәжірибелік ұсыныстар келтірілетін дипломдық жұмыстардың үлесін ұлғайтуды қамтамасыз етуге арналған.

Сонымен бірге әдістемелік нұсқаулар алда өткен оқу үрдісіндегі студенттердің өздік жұмыстарының бірізділігінің дамуын ынталандыруы қажет.

Курстық жұмыстар, тақырыптық және ғылыми баяндамалар дипломдық жұмысты сапалы және уақытында дайындаудың дағдыларын және өз ойын білдіру, дипломдық жұмыс бойынша негізгі жағдайларды, қорытындылар мен ұсыныстарды сенімді ашу дағдыларын дамыту мен қалыптастыруда алдыңғы сатылары болып табылады.

Дипломдық жұмыс өздігінен орындалуы тиіс, қарастырылатын мәселелердің критикалық тәсілімен ерекшеленуі, әр түрлі көзқарастарды қарастыруы және міндетті түрде өз ойын бейнелеуі қажет.


1 Жалпы жағдайлар

Дипломдық жұмыс жоғары оқу орнында білім алудың соңғы сатысында 050509 «Қаржы» мамандығының оқу жоспарына және МЖМБС сәйкес орындалады.

Дипломдық жұмысты орындаудың мақсаты болып табылады:

  • дайындық бағыты бойынша теориялық білімдерді жүйелендіру, бекіту мен кеңейту және осы білімдерді әр түрлі деңгейлердің бюджеттерін, мемлекеттік қаржыларды басқару механизмін, жоспарлау тәртібін қалыптастыру мен орындау саласындағы, кәсіпорындар мен ұйымдардағы есеп пен есептілік саласындағы, қаржы менеджменті, банктік және сақтандыру ісі саласындағы нақты мәселелерді шешу кезінде қолдану;

  • өздік жұмысты жүргізу дағдыларын дамыту және дипломдық жұмыста қарастырылатын мәселелер мен сұрақтарды шешу кезінде зерттеу әдістемесін меңгеру;

  • қазіргі өндіріс пен қаржы қатынастарын ұйымдастыру жағдайларында студенттердің өздігінен жұмысына дайындығын, сонымен қатар оның кәсіби құзіретінің деңгейін анықтау.

Дипломдық жұмыс – бұл қаржы саласындағы өзекті мәселелерінің бірін өздігінен кешенді ғылыми-тәжірибелік зерттеу. Орындалған дипломдық жұмыс келесі талаптарды қанағаттандыруы қажет:

  • ғалымдармен, аналитиктермен, практиктермен жүргізілген зерттеулердің қарастырылатын мәселелерінің қазіргі заманғы ғылыми-теориялық және тәжірибелік деңгейін көрсетуі;

  • нақты, тәжірибелік маңызды нәтижелерге жетуге мақсаттық бағыттың болуы;

  • алға қойылған міндеттерді шешуге өзіндік тәсілдерден, өз бағалары мен қорытындыларынан құрылуы;

  • сенімді мәліметтерден, жүргізілген зерттеулердің шындық нәтижелерінен және нақты мәселенің шешілуін қамтамасыз ететін негізделген дербес ұсыныстардар құрылуы;

  • материалды баяндау бүтін, логикалық, сатылы, түсінікті және ықшамды болуы тиіс;

  • әдеби тіл нормалары мен жазбаша ғылыми жұмыстарды рәсімдеу ережелеріне сәйкес болуы.

Кәсіпорынның материалдары негізінде жазылған дипломдық жұмыс авторының ұсыныстары осы кәсіпорын (ұйым) үшін пайдалы болған жағдайда, осы ұсыныстарды жүзеге асыру белгілі бір экономикалық тиімділік бере алғанда немесе маңызды басқару шешімдерін қабылдауға әкелген жағдайда аса құнды болып табылады.

Дипломдық жұмысты орындаудың жалпы алгоритмі А қосымшасында келтірілген бірқатар сатылардан құралады.


2 Дипломдық жұмыстың тақырыптар тізімене талаптар

Дипломдық жұмыстар тақырыптарының тізімі «Қаржы» кафедрасымен әзірленеді және жүйелі түрде жаңарып отырады. Тақырыптар тізіміне әр түрлі деңгейдегі бюджеттерді қалыптастыру мен орындаудың, мемлекеттік қаржыларды басқару механизмінің, зейнетақы және инвестициялық қорларды басқару салаларындағы; жоспарлау тәртібінің, кәсіпорындар мен ұйымдардағы есеп пен есептіліктің, қаржы менеджментінің, банктік және сақтандыру ісінің ең өзекті мәселелері кіреді. Студент дипломдық жұмыстың тақырыбын бекітілген тақырыптар тізімінен таңдайды.

Студент бекітілген тақырыптар тізімінде жоқ тақырыпқа дипломдық жұмысты орындауға құқығы бар. Бұл жағдайда студент кафедраға ұсынылатын тақырыптың мақсатқа лайықтығының толық негіздемесін немесе тапсырыс тақырыбын орындауға ұйым тарапынан хат келтіреді.

Сырттай оқыту нысанының стуенттеріне дипломдық жұмыс тақырыбын өндірістік қажеттілікке сәйкес таңдауға рұқсат беріледі.

Дипломдық жұмыс тақырыбын таңдау кезінде студент келесі ойларды ескеруі қажет:

  • талдау үшін қажетті тәжірибелік материалдарды (нақты мәліметтерді) алу мүмкіндігі;

  • ғылыми әдебиеттің болуы;

  • жеке меншік ғылыми мүдделері мен қабілеттері;

  • курстық жұмыстарда және өндірістік практика кезеңінде басталған зерттеулердің бірізділігі.

Дипломдық жұмыстың тақырыбы студентке бітіру курсының басында жеке өтініші негізінде тағайындалады (өтініш үлгісі Б қосымшасында келтірілген). Өтініштердің негізінде кафедра дипломдық жұмыстардың тақырыптарын бекітуге университет ректорымен бекітілетін бұйрығын дайындайды.

Диплом алдындағы практика аяқталған соң қажет жағдайда дипломдық жұмыстың тақырыбы қаржы кафедрасының ұсынысы бойынша өзгертілуі, нақтылануы, түзетілуі мүмкін.

Дипломдық жұмыстың тақырыбы келесі жағдайларда өзгертілуі (нақтылануы, түзетілуі) мүмкін:

  • өндірістік практиканы (дипломалды практикасын) өту орны ауысқанда студенттің жеке өтініші негізінде немесе кәсіпорынмен – зерттеудің жаңа объектісімен қол қойылған келісімі болған жағдайда;

  • жиналған материалдың жеткіліксіз көлемі немесе дипломдық зерттеудің тақырыбын ашу үшін мәліметтердің жоқтығы.

Осы жағдайларда студент дипломдық жұмыс тақырыбын өзгертудің себептерін негіздеумен жеке өтініш жазады.

3 Дипломдық жұмысты жазудың тәртібіне талаптар

Дипломдық жұмысты жазу үшін кафедраның келтіруімен әрбір студентке ғылыми жетекші тағайындалады.

Дипломдық жұмыстардың ғылыми жетекшілері ретінде ғылыми зерттеулер мен ғылыми басылымдардың саласы білім алушы мамандығының профиліне сәйкес келетін профессорлар, доценттер, тәжірибелі оқытушылар мен басқа ұйымдардың жоғары білікті мамандары тағайындалады.

Дипломдық жұмыстың ғылыми жетекшісі:

  • дипломдық жұмысты орындау үшін тапсырма береді;

  • дипломдық жұмысты орындаудың бүкіл кезеңіне жұмыстың күнтізбелік графигін әзірлеуде студентке көмек көрсетеді;

  • студентке тақырып бойынша қажетті негізгі әдебиетті, анықтамалық және мұрағаттық материалдарды, типтік жобалар мен басқа дереккөздерді ұсынады;

  • кеңес беру кестесін анықтайды, оны жүргізу кезінде студенттің дипломдық жұмысты орындаудың күнтізбелік кестесін сақтаудың ағымдағы бақылауын жүзеге асырады;

  • дипломдық жұмыстың барлық бөлімдерінің көлемін бекітеді және студенттер мен кеңес алушылардың жұмысын бағыттайды.

Дипломдық жұмысқа тапсырма материалдар мен дереккөздердің сипаттамасынан, студентпен әзірленетін сұрақтар тізімінен, ұсынылған әдебиеттер тізімінен, графикалық материалдың тізімінен (кестелерден, диаграммалардан, схемалардан және т.б.), дипломдық жұмысты жазудың толық күнтізбелік кестесінен тұрады.

Дипломдық жұмыс тапсырмасы кафедра меңгерушісімен бекітіліп, жұмысты аяқтау мерзімі көрсетіледі. Дипломдық жұмыс тапсырмасы дипломдық жұмысқа енгізіледі.

Жұмыстың күнтізбелік кестесі жеке бөлімдерінің орындау тәртібі көрселітіліп, бүкіл кезеңге құрастырылады және ғылыми жетекшімен келісіледі. Дипломдық жұмысты орындаудың бекітілген кестесіне сәйкес студент ғылыми жетекшісі мен кафедра меңгерушісі алдында пероидты түрде есеп береді. Нәтижелері кафедра отырыстарында талқыланады.

Дипломдық жұмыс мамандық бойынша әдебиетті (оқулықтарды, оқу құралдарын, монографияларды, периодтық әдебиетті, дәріс курстарын, журналдарды, соның ішінде шетел тілдерінде, нормативтік әдебиетті және т.б.) терең зерттеу негізінде орындалады.

Әрбір дипломдық жұмыс тапсырмаға сәйкес жеке перспективті теориялық немесе тәжірибелік сұрақтардың әзірленуінен тұруы тиіс.

Дипломдық жұмыстың негізгі мәтіні шығармашылық ойды, зерттеудің қолданылатын әдістерінің негіздеуін, есептеудің қолданылған әдістері мен есептеулердің өзін, олардың талдау мен қорытындыларын ашуы тиіс және кажеттілік бойынша көрнекіліктермен, графиктермен, диаграммалармен, схемалармен және т.б. бейнеленуі қажет.


4 Дипломдық жұмыстың мазмұны мен құрылымы

Өзінің құрамы бойынша дипломдық жұмыс жоғары оқу орнының нақты мамандығы бойынша бітіруші курсының студентімен өздігінен дайындалған қолжазба түріндегі ғылыми-зерттеу жұмысы болып табылады.

Дипломдық жұмыстың көлемі 60-90 бетті құрауы тиіс. Дипломдық жұмыстың аталған көлеміне қосымшалар қосылмайды.

Дипломдық жұмыстың құрылымдық элементтері болып табылады:

  • қаптама;

  • титулдық бет;

  • дипломдық жұмысты орындау бойынша тапсырма;

  • мазмұны;

  • кіріспе;

  • үш бөлімнен, тармақтар мен тармақшалардан тұратын негізгі бөлім;

  • қорытынды;

  • қолданылған әдебиеттер тізімі;

  • қосымшалар.

Дипломдық жұмыс элементтері басталатын беттерінің номерлерін көрсете отырып, жұмыстың құрамы кіріспеден, реттік номерлер мен барлық бөлімдердің, бөлімшелердің атауларынан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардың атауларынан тұрады. Дипломдық жұмыс мазмұнының мысалдары В қосымшасында келтірілген.

Кіріспе дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігін негіздеуден, шешілетін ғылыми мәселенің қазіргі жағдайын бағалаудан құралуы тиіс, сонымен қатар дипломдық зерттеудің мақсаты, міндеттері, объектісі мен пәні, теориялық және әдістемелік негізі, дипломдық жұмысты жазудың тәжірибелік негізі, жұмыстың ғылыми жаңашылығы мен тәжірибелік маңыздылығы келтірілуі қажет. Кіріспе көлемі 2-4 беттен құралуы қажет (Г қосымшасы).

Дипломдық жұмыстың негізгі бөлімінде жұмысты орындаудың мәнін, мазмұнын, әдістемесін және негізгі нәтижелерін бейнелейтін мәліметтер келтіріледі. Қолданылған дереккөздерге сілтемелерді квадраттық жақшаларда келтіру қажет.


Дипломдық жұмыстың негізгі бөлімі, әдетте, бөлімдер мен бөлімшелерге (бөлімдер мен параграфтар) бөлінеді. Дипломдық жұмыстың барлық бөлімдері мен бөлімшелері бір-бірімен өзара байланысқан болуы тиіс.

Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімі зерттелетін тақырып бойынша теориялық және ғылыми негіздерді ашады және шетелдік тәжірибемен аяқталады (20-30 бет). Бірінші бөлімшеде (1.1) зерттеу объектісін басқарудың мәні мен қажеттілігі ашылады, негізгі ұғымдар мен категориялардың мазмұны нақтыланады. Мәселеге әр түрлі көзқарас тұрғысынан міндетті сілтемелерімен әдебиеттер шолуы келтіріледі. Екінші бөлімшеде (1.2) зерттеу объектісін басқару саясатының теориялық аспектісі беріледі. Механизмдер, үрдістер, әдістер ашылады. Үшінші бөлімде (1.3) отандық тәжірибеде пайдаланудың мүмкіндігі мақсатында шетелдік тәжірибе талданады. Сонымен бірге анықтамалық және шолу кестелерін, схемаларды пайдалану мақсатқа лайықты. Бөлім мәселені теориялық қарастыру кезінде алынған негізгі ойларды жалпылайтын қорытындылармен аяқталады.

Екінші бөлім – аналитикалық. Бұл жиналған материалды өздігінен экономикалық, қаржылық, құқықтық және статистикалық талдау. Негізгі көңіл зерттеу объектісінің сипаттамасына, қазіргі заман жағдайларындағы оның жағдайын талдауға, мәселелерді анықтауға қажетті зерттеу пәнін детальді қарастыруға бөлінеді. Берілген бөлімнің материалын келесі кезектілікте баяндау ұсынылады:

  • кәсіпорынның, оның ішкі және сыртқы ортасының сипаттамасы, негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштерін талдау;

  • ұйымдағы зерттеу объектісін басқару саясаты (бюджеттердің қалыптастырылуы мен орындалуы; салықтарды есептеу мен төлеуді ұйымдастыру, технологиясы мен әдістемесі және т.б.);

  • зерттеу пәнін және кәсіпорынның (ұйымның) тиімді қызмет етуіндегі зерттелетін мәселенің орнын түбегейлі талдау.

Жалпы бөлім жалпылаушы қорытындылармен аяқталуы тиіс. Талдау мәліметтерінің негізінде негізгі мәселелер – зерттелетін объектінің қызмет етуінің күшті және әлсіз жақтары анықталады (20-30 бет).

Үшінші бөлім – нәтижелейтін бөлім, екінші бөлімде анықталған зерттеу объектісінің мәселелері бойынша жобалық шешімдер, ұсыныстар мен әзірлеулер болып табылады, әдетте, мәселелер тетігін құрудан басталады (16-25 бет). Студент ұсыныстарды енгізе отырып, оңтайлы нұсқаны таңдауы қажет, кері салдардың тәуекелін минимизациялау бойынша іс-шараларды ұсынуы тиіс. Алдындағы екі бөлім сияқты үшінші бөлім де қорытындыдан құралуы қажет.

Қорытынды (3-4 бет) диплом жазушымен жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша жасалған қорытындылар мен ұсыныстарды жалпылаудан және үйлесуден тұрады. Бұл мәні бойынша теориялық қорытындыларды қысқаша баяндау, анықталған кемшіліктерді белгілеу және зерттелетін объектінің мәселелерін шешуге бағытталған нақты қалыптастырылған және негізделген ұсыныстар, оларды қолданудың мақсатқа сәйкестігі мен тиімділігін негіздеу. Студент дипломдық жұмысты Мемлекеттік аттестациялау комиссиясы алдында қорғау кезінде қорытынды баяндаманың негізіне алынуы тиіс.

Қолданылған әдебиеттер тізімі ғылыми жұмыстарға бекітілген талаптарға сәйкес рәсімделеді.

Дереккөздер жөнінде мәліметтерді дипломдық жұмыстың мәтінінде дереккөздерге сілтемелердің пайда болу тәртібінде орналастыру жөн, араб сандарымен нүктесіз номерлеу және жаңа жолдан жазу қажет. Қолданылған дереккөздердің саны 40 атаудан кем болмауы тиіс.

Қосымшаларды берілген дипломдық жұмыстың жалғасы ретінде кейінгі беттерде рәсімдейді. Дипломдық жұмыстың мәтінінде барлық қосымшаларға сілтемелер болуы тиіс. Қосымшалар мәтіндегі сілтемелер тәртібінде орналасады.

Қосышаға дипломдық зерттеуді орындаумен байланысты және негізгі бөлімде көрсетілмеген материалдар кіреді. Қосымшалар болып табылады:

  • зерттеу объектісінің жылдық және ағымдағы есеп берулерінің нысандары (міндетті), зерттеу объектісін сипаттайтын құжаттама;

  • дипломдық жұмыстың тақырыбына қатысты, жұмыста қолданылған құжат айналымы;

  • графикалық бөлімі.

Дипломдық жұмыста қабылданған шешімдер үшін, барлық мәліметтердің нақтылығы мен объективтілігі үшін студент – дипломдық жұмыстың авторы жауапкершілік тартады.
  1   2   3

Похожие:

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасының Білім жӘне ғылым министрлігі
Республикасының Білім жӘне ғылым министрлігі Т. рұсқұлов атындағы қазақ экономикалық университеті
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
Бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру...
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 11 наурыздағы №148 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасының ғылым және білім министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті
«Экономика және халық шаруашылығын басқару» мамандығы бойынша кандидаттық емтиханға арналған
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері, оның қызметтері мен операциялары
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Ресей империясының және Қазақстан территорияларында ғылым ретінде қалыптасуы, өлкені зерттеу әдістері мен тәсілдері, өлкелік мұрағат,...
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
В0114«тарих» мамандығы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты арнайы пәннің типтік бағдарламасының негізінде жасалған....
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Тарих» мамандығы үшін Қр мжмбс 08 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты және «Қазақстандағы аграрлық қатынастар тарихы»...
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница