Практиканы өту жөніндегі бағдарлама мен әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы




Скачать 326.09 Kb.
НазваниеПрактиканы өту жөніндегі бағдарлама мен әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы
страница1/2
Дата конвертации10.02.2016
Размер326.09 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://psu.kz/arm/upload/umk/113021.doc
  1   2

Практиканы өту жөніндегі бағдарлама мен әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/22



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Қаржы кафедрасы


Барлық меншік нысандарындағы ұйымдарда, мекемелерде және кәсіпорындарда 5В050900 «Қаржы» мамандығының студенттеріне арналған

өндірістік практиканы өту жөніндегі

БАҒДАРЛАМА ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ


Павлодар

Практиканы өту жөніндегі бағдарлама мен әдістемелік нұсқауларды бекіту парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/23



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


БекітеМІн

ОІ жөніндегі проректоры

___________Н.Э. Пфейфер

(қолы)

200__ж «___»___________


Барлық меншік нысандарындағы ұйымдарда, мекемелерде және кәсіпорындарда 5В050900 «Қаржы» мамандығының студенттеріне арналған

өндірістік практиканы өту жөніндегі

БАҒДАРЛАМА ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ


Бағдарлама Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мамандықтың ҚР МЖМБС 6.08.008-2008 және «Қазақстан Республикасындағы білім жүйесі. Кәсіптік практика. Негізгі ережелер» атты ҚР МЖМБС 5.03.005–2009 негізінде әзірленді.


Құрастырушы: _____________аға оқытушы Кулембаева А.С.


Қаржы кафедрасы

Кафедра отырысында ұсынылды, 200___ж. «__» __________ №_____Хаттама

Кафедра меңгерушiсi________Н.С.Кафтункина 200__ж. «___» ____________

Қаржы – экономика факультетінің ОӘК мақұлданды

201__ж. «___» ____________ №____ Хаттама

ОӘК төрағасы_________________А.Б. Темиргалиева «___»_________20__ж.

КЕЛІСІЛДІ

Факультет деканы _____________Т.Я. Эрназаров «____»_____________20__ж.

МАҚҰЛДАНДЫ:

КПжЖОБ бастығы _________________Н.Ж. Акимбекова «___» ________20__ж.


ОҮЖжӘҚБ бастығы ________________ Варакута А.А. «___» ________20__ж.


Университеттің оқу – әдістемелік кеңесімен мақұлданды

201_ж. «____» _________, №_____Хаттама



  1. Практиканың мақсаттары мен міндеттері


Өндірістік практика мақсаты жоғары оқу орнында оқу үрдісінде алған теориялық білімді бекіту, тәжірибелік дағдылар мен құзірет алу және алдыңғы қатарлы тәжірибені игеру болып табылады.

Өндірістік практикадан студенттер банктерде, түрлі меншік нысаны бар экономикалық сала ұйымдары мен кәсіпорындарда, қаржы департаментінің салық комитетінде, сақтандыру компанияларында және басқа да қаржы-несие мекемелерінде өтеді.

Өндірістік практиканың негізгі міндеттері:

  • кәсіпорынның сыртқы ортасымен және соңғы 2-3 жылдардағы қызметінің ұйымдастырылуымен танысу;

  • кәсіпорынның (ұйымның, мекеменің) ережесімен, қаржы құжаттарымен танысу.

Өндірістік (диплом алдындағы) тәжірибенің негізгі міндеттері болып табылады:

  • дипломдық жұмыстың тақырыбына сәйкес тәжірибелік жұмыстың бағытын таңдау;

  • дипломдық жұмысты орындау үшін қажетті ақпаратты тәжірибені өту орны бойынша кәсіпорындағы(ұйымдағы, мекемедегі) қаржылық қатынастарды реттейтін ішкі нормативтік-құқықтық, әдебиеттік және басқада көздерден жинау;

  • дипломдық жұмыстың теориялық жағын жазу үшін қажетті материалдарды жинау;

  • кәсіпорында (ұйымда, мекемеде) қолданылатын қаржылық менеджменттің түрлері мен әдістерін шетелдік және алдыңғы қатарлы отандық тәжірибемен салыстыру жұмыстарын өткізуге арналған материалдарды жинау;

  • сыртқы ортамен және соңғы 2-3 жылдағы кәсіпорынның (ұйымның, мекеменің) қызметін ұйымдастырумен танысу;

  • дипломдық жұмыстың тақырыбына сәйкес соңғы үш жылдағы шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық-шаруашылық қызметін экспресс-талдауын жүзеге асыру;

  • шаруашылық жүргізуші субъектінің көрсеткіштерінің жағдайын және динамикасын сандық сипаттайтын, дипломдық жұмыста зерттелетін сұрақтың мәнін ашатын аналитикалық ақпаратты іріктеу;

  • дипломдық жұмыстың тақырыбына сәйкес белгілі бір мерзімдегі шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық-шаруашылық қызметін тереңдетілген талдауын жүргізу;

  • кәсіпорында (ұйымда, мекемеде) қолданылатын қаржылық менеджменттің түрлері мен әдістерін шетелдік және алдыңғы қатарлы отандық тәжірибемен салыстыру жұмыстарын өткізуге арналған материалдарды жинау;

  • зерттелетін мәселе шеңберінде кәсіпорынның (ұйымның, мекеменің) қызметін дамыту мен жетілдіруге бағытталған нақты шараларды жасап шығару;




  1. Пререквизиттер


Өндірістік және диплом алды практикалар туралы есеп беруді орындау үшін 5В050900 «Қаржы» мамандығы студенттерінің практика материалдарын жинауға және дайындауға қажетті білім, шеберлік, дағды тізімдемесі бар пәндер тізімі:

«Қаржы менеджменті», «Салықтар және салық салу», «Мемлекеттік бюджет», «Банктік істер», «Сақтандыру», «Бағалы қағаздар нарығы», «Қаржылық талдау», «Қаржылық-банктік статистика».


  1. Постреквизиттер


5В050900 «Қаржы» мамандығы студенттеріне арналған практика мамндарды қаржы, экономика және есеп саласында даярлау жүйесіндегі база болып табылады. Алған білім, шеберлік, дағды, құзыретті, өндірістік практикада жинаған материалдарды оқушылар кейін келесі мекемелерде жұмыс істегенде қолдана алады:

  • қаржы менеджменті саласында жұмыс істейтін кәсіпорындарда;

  • жүйелік қаржы талдауында болжауға, жоспарлауға

мамандандырылатын фирмалар мен әкімшілік орган бөліністерінде;

- кәсіпорындар, банктер, сақтандыру компанияларының аналитикалық қызметтерінде;

- қаржы департаментінің салық комитетінде;

- қазынашылық органдарында;

- сондай-ақ басқа да қаржы-несиелік кәсіпорындарында (ұйымдарда, мекемелерде).


4 Тәжірибені өту кестесі


Өндірістік практика келесі мамандықтар студенттерге арналған:

–5В050900 «Қаржы» ЖКБ, ОКБ негізінде 2010 ж. т.сырттай оқу түрі 5 жұма немесе 2 кредитке есептелген; 5В050900 «Қаржы» ЖОБ, ОКБ негізінде 2010 ж. т. күндізгі оқу түрі 5 жұма немесе 2 кредитке есептелген тәжірибенің басталу және аяқталу мерзімі С.Торайғыров атындағы ПМУ ректорының бұйрығымен академиялық күнтізбеде бекітіледі. Жекелеген тапсырмалар бойынша тәжірибені өту кестесі 1 кестеде келтірілген.

Өндірістік (диплом алдындағы) практика келесі мамандықтар студенттерге арналған:

- 5В050900 «Қаржы» ЖКБ, ОКБ негізінде 2010 ж. т.сырттай оқу түрі 5 жұма немесе 2 кредитке есептелген; 5В050900 «Қаржы» ЖОБ, ОКБ негізінде 2010 ж. т. күндізгі оқу түрі 5 жұма немесе 2 кредитке есептелген, тәжірибенің басталу және аяқталу мерзімі С.Торайғыров атындағы ПМУ ректорының бұйрығымен академиялық күнтізбеде бекітіледі. Жекелеген тапсырмалар бойынша тәжірибені өту кестесі 2 кестеде келтірілген.


1 Кесте - Тәжірибені өту кестесі


Тапсырма атауы

Сағат саны

Жұмыс күнінің саны

Практика бойынша жеке тапсырма беру

5

3

Кәсіпорынмен (ұйым, мекеме) және оның ұймдастырушылық құрылымымен танысу

30

10

Практика материалдарын жинау, атап айтқанда кәсіпорынның (ұйымның, мекеменің) қаржы қызметі туралы ережесімен, қызметкерлердің лауазымдық нұсқамаларымен, құжат айналымымен есеп айырысу құжаттарымен, салыстыру кестелері және талдауларымен танысу

100

10

Практика бойынша есеп беру мен күнделікті толтыру

20

2

Барлығы

150

25


2 Кесте - Тәжірибені өту кестесі


Тапсырма атауы

Сағат саны

Жұмыс күнінің саны

Дипломдық жұмыстың жоспарына сәйкес жеке жоспарды беру

5

2

Кәсіпорынмен және ұйымдастырулық құрылыммен танысу

45

3

Дипломдық жұмыстың тақырыбы бойынша әдебиеттерді қарау. Дипломдық жұмыстың жоспарының жоба жетекшісімен және «Қаржы» кафедрасының меңгерушісімен бекітілуі.

10

5

Тәжірибелік материалды, соның ішінде қаржылық қызмет туралы ережелерді, оның қызметкерлерінің лауазымдық нұсқауларын жинау, құжат айналымымен, есептік құжаттармен, жинақ кестелер және талдаулармен танысу.

10

5


Дипломдық жұмыстың 1,2 және 3 тарауымен жұмыс жасау.

70

5

Дипломдық жұмысқа түсініктемелік жазбаны ресімдеу.

10

5

Барлығы

150

25




  1. Практика мазмұны




  1. Өндірістік практика

Практика мазмұнының практика базасының қызмет бағытына байланысты өзіндік ерекшеліктері болады.

Қаржы департаментінің салық комитетінде практикадан өту кезінде практикадан өтуші:

  • салық комитетінің құрылымымен танысуы;

  • өзіндік тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруға;

  • салық және салық салу бойынша экономикалық жұмыс әдісін игеруі;

  • қаржының бюджетке түсу есебімен танысуы;

  • салық төлешілердің жеке шоттарының ашылып, уақытылы және толық жүргізілу тәртібімен танысуы;

  • салық есептерін құру тәртібімен танысуы тиіс.

Есеп беруде жоғарыда көрсетілген есептер, зерделенген материал деректері көрсетіліп, талдау жасалады және тиісті құжаттар қоса беріледі.

Есеп-несие қызметкерлері мен несие мекемелері мамандарының жұмыс орнында практикадан өту кезінде практикант :

- Банк Жарғысымен (Ережесімен) және оның жүзеге асыратын негізгі операциялармен танысуға;

  • банктің және оның бөліністерінің ұйымдастырушылық құрылымын, сондай-ақ банкті басқару құрылымын зерделеуге;

  • банктің филиалдары, бөлімшелері және еншілес банктердің құқықтық қызмет ету негіздерін, банк бөліністерінің құқығы мен міндеттерін, сондай-ақ банктің қрылымдық бөліністері қызметінің үйлестіру жүйесін зерделеуге;

  • банктік іс бойынша барлық нұсқамалық және нормативтік материалдарды жете зерделеуге;

  • өзіндік тәжірбиелік жұмыс дағдыларын қалыптастыруға міндетті.

Операциялық бөлімде студент есеп айырысу-несие операцияларының мазмұнымен және ерекшеліктерімен танысуы тиіс. есеп айырысу операцияларын зерделеуде төмендегі тәртіппен танысуы тиіс:

  • банктік шоттарды ашу және бұған қажетті құжаттамалармен, сондай-ақ банктік шоттардың нөмірленуімен;

  • құжаттарды қабылдау мен тексеру және олардың ағымдағы немесе басқа шоттардан төлеуді ресімдеумен, сондай-ақ наразылықтарды қанағаттандыру кезегін сақтау тәртібін ұйымдастырумен;

  • төлем құжаттарының инкассоға қабылдау, оларды өңдеу және есепке алу;

  • клиенттерге чек кітапшаларын беру және чектермен операция жүргізу;

  • банк Ұлттық банк мекемелерінде ашатын корреспонденттік шоттар жүйесі арқылы есептерді жүзеге асыру;

  • қарыз алушының несие төлеу қабілеттілігін ескере отырып, қарыз шоттарын ашу;

  • экономиканың түрлі салаларына және жеке қарыз алушыларға несие беруде қарыз беру, төлеу операцияларын есепке алу және ресімдеу;

  • қарыз бойынша шұғыл міндеттемелер карточкасын жүргізу, қарызды мерзімінде төлеу, сондай-ақ қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелерге пайыз есептеу мен өндіріп алуға байланысты операцияларды жүргізу;

Операциялық бөлімде практикадан өту кезінде студент қолданыстағы қолма-қол ақшасыз есеп нысаны, оларды жүзеге асыру тәртібі және қолдану саласы туралы түсінік алуы керек.

Бухгалтерияда практикадан өту кезінде студент банк төлейтін негізгі салық түрлерімен, оларды аудару,есеп жүргізу және есеп айырысу тәртібі зерделенеді.

Жоспарлау-экономикалық бөлімде студент:

  • банк қызметінің құқықтық нормалары мен принциптерін;

  • банктің міндетті түрде орындайтын экономикалық нормативтерін есептеу тәртібі және олардың қызметін бақылауды;

  • жеке меншік қаражатының қалыптасу және кірісті бөлу тәртібін;

  • банктің маркетингтік зерттеулер жүргізу әдісі, банк менеджменті негізін;

  • банктің төлем қабілеттілігі мен өтімділігін реттеу әдістері, тәуекел дәрежесі бойынша банк активтерін жіктеуді;

  • түрлі банк мекемелерінде ресурстарды қалыптастыру ерекшеліктерін, несие әлеуетін қалыптастыру көздері;

  • пассивті банк операцияларының түрлері және оларды ұйымдастыру принциптерін;

  • банктің несие ресурстары аукционында қатысу тәжірибесін зерделеуі қажет.

Бағалы қағаздар және салым бөлімінде практикадан өту кезінде практикадан өтуші банктің құнды қағаздармен жұмыс істеу сипатын зерделеуі тиіс, атап айтқанда:

  • қаражатты құнды қағаздарға инвестициялау әдісін;

  • құнды қағаздарды шығару: құжаттама және шығару жағдайын, қағаздарды алдын ала бағалауды; алғашқы тарату таңдау тәртібін, шығару туралы есеп берушілікті құруды;

  • бухгалтерлік есеп жүргізу және бағалы қағаздармен операция бойынша есеп берушілікті құру тәртібін;

  • бағалы қағаздар нарығын талдау әдісі, инвестициялық кеңес беру;

  • бағалы қағаздарды сақтау, күзету, тасымалдау және жіберу ерекшелік- терін;

  • есептерді бағалы қағаздар бойынша жүзеге асыру тәртібін;

  • несиені бағалы қағаздармен ұсыну және алу тәртібін;

  • вексельдерді есептеу және қайта есептеуді;

  • бағалы қағаздарды кепілге қою, құжаттамалық ресімдеу, кепілді тіркеу, міндеттемелер орындалмаған жағдайда оны іске асыру тәртібін;

  • бағалы қағаздарды сақтандыруды және олардың операциясын, сақтандыру келісімдері бойынша есеп жүргізу тәртібін;

  • бағалы қағаздар құнын құнын өтеу мерзімі болғанда, өндіріп алу және төлеу тәртібін, пайыздар мен дивиденттерді төлеуді;

  • халық салымдарының негізгі түрлерін, олардың шарттары және осы салымдарды қабылдау операцияларын;

  • салымдар бойынша пайыздар және басқа да кірістерді аудару тәртібін;

  • салымдар бойынша қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жүзеге асыру тәртібін;

  • банктің депозиттік операцияларын жүзеге асыру ерекшеліктерін; депозиттік келісімшарттардың нысандары мен түрлерін, келісімшарт жасау тәртібі мен шарттарын, депозиттік пайыздарды есептеу тәртібін.

Несиелеу бөлімінде студент заңды және жеке тұлғаларға несие беру тәртібі туралы толық, анық түсінік алуы керек, яғни:

  • берілетін несие мөлшерін анықтау және банктің заңды және жеке тұлғалармен несие келісімшартына отыру тәртібін, бұл келісімшарттар мазмұнын, атап айтқанда тараптардың құқығы мен міндеттерін, несие келісімшартын бұзған үшін санкцияны игеруі керек, кепілдік құқықты ресімдеу және оны пайдалануды тексеру тәртібіне ерекше көңіл бөлінуі тиіс;

  • қарыз алушының несие төлеу қабілеттілігі дәрежесін бағалау әдісін игеру, салық ерекшеліктерін клиенттің меншік нысаны мен несиенің мақсаттылығын ескере отырып, клиенттің несие тлей алу қабілеттілігін бағалау тәртібі және критерийлері;

  • несиелеу ерекшеліктерін контокоррент (несие мөлшерін пайдалану тәртібі) бойынша толық зерделеу. Жалпы практикадан өтуші несиелеу әдісінің объектілік несиелеуден айырмашылығын түсіне алуы керек;

  • несиелеу объектілерін және олардың бағаларын, материалдық құндылықтар мен өндірістік шығындарды несиелеу шарттары мен мерзімдерін анықтау;

  • несие түрлерімен, оларды беру тәртібі және қарызды өтеу тәсілдерімен, қарыз деңгейін реттеу әдістерімен, несиені қамтамасыз ету нысандары және түрлерімен,клиенттің заңды мәртебесіне байланысты несие принциптерінің сақталуын бақылаумен танысу;

  • банктің сенімгерлік, тауарлық-комиссиялық, қоймалық және лизинг сияқты басқа да операцияларын (егер олар практикадан өту орындарында жүзеге асырылса) зерделеу;

  • инвестицияны қаржыландыру және несиелеу тәртібін зерделеу;

  • тәуекел несиелерін беру тәжірибесін зерделеп, оларды сақтандыру әдісін игеру.

Несиелеу бөлімінде практикадан өткен кезде студенттің банк қолданатын қарыздар туралы, оларды жүзеге асыру тәртібі мен қолдану саласы жөнінде түсінігі, жеке несиелеу объектілеріне түрлі несиелер беруде тәжірибелік дағдылары болуы керек.

Халықаралық есеп беру және валюта операциялары бөлімінде практикадан өтуде практикадан өтуші:

  • валюта операцияларын жүзеге асыруға ішкі лицензиямен және банктің ішкі экономикалық қызметіне бас лицензиямен танысуы;

  • саудаға түспейтін операциялардың жүзеге асырылу тәртібін зерделеу;

  • айырбастау пунктерінің жұмысымен танысу;

  • халықаралық есептердің ұйымдастырылуы тәртібін, жақын және алыс шет елдердімен қолданыстағы халықаралық есептер нысанын зерделеуі;

  • шетел банктерінде корреспонденттік шот ашу тәртібін жәнебанктер арасындағы өзара қатынас құрылымын зерделеуі;

  • сауда операцияларын жүргізу тәртібін зерделеу;

  • несиені шетел валютасымен беру тәртібімен танысу, егер бұндай тәртіп болса;

  • несие желісін шетел валютасымен ашу тәртібін зерделеуі тиіс.

Есеп беруде зерделенген материалдың жоғарыда көрсетілген мәліметтері көрсетіліп, есеп, талдау жүргізіледі және қажетті құжаттары қоса беріледі.

Кәсіпорын мамандарының жұмыс орындарында практикадан өту кезінде практикадан өтуші міндетті:

  • кәсіпорынның ұйымдастыру-құқықтық нысанын және оның мәртебесін, кәсіпорынның жарғысын, оның қызметінің негізгі бағыттарын, жарғы қорын қалыптастыру тәртібін зерделеуге;

  • кәсіпорынның, оның бөліністерінің ұйымдастырушылық құрылымын, сондай-ақ кәсіпорында басқару құрылымын зерделеуге;

  • субъекті қызметінің құқықтық негіздері – оның бөліністерінің құқығы мен міндеттерін, сондай-ақ кәсіпорынның құрылымдық бөліністері қызметінің үйлестіру жүйесін зерделеуге;

  • кәсіпорын қаржысын басқаруды реттейтін нормативтік-заңнамалық актілерді жете зерделеуге;

  • кәсіпорынның құрылымдарын есепке ала отырып, практикадан өтудің күтізбелік жоспарына сәйкес кәсіпорынның әр бөлімінде практикадан өтуге;

  • өзіндік тәжірибелік жұмыс дағдыларын қалыптастырып, субъектінің барлық учаскелерде жұмыс істеуінің экономикалық әдістерін игеру.

Маркетинг бөлімінде студент-практикадан өтуші мыналарды зерделеуі қажет:

  • баға қалыптасу үрдісін және кәсіпорында қабылданған баға қалыптасу әдістерін;

  • сұраным пен ұсынымдарды бағалау әдісін;

  • клиенттерді тарту үшін сатуда шегерімдер беру және басқа да жеңілдіктер тәртібін;

  • жарнамалық-ақпараттық қызметті;

  • дайын өнімді есептеу және оны сату тәртібін.

Кәсіпорын бухгалтериясында практикадан өткенде практикант:

  • кәсіпорында қабылданған есеп саясаты және кәсіпорын қызметінің ерекше қасиетіне және басқа да себептеріне қарай (өтелім аудару әдістемесі, өндіріске кеткен шығынды есептеу әдісі және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау, материалдық құндылықтарды, атап айтқанда өндірістік қорды бағалау әдісі) оның ерекшеліктерімен танысуы;

  • бухгалтерия құрылымымен (қаржы және басқару бухгалтериясына бөліну) танысуы;

  • кәсіпорынның қаржылық есеп берушілігін құру тәртібі және техникасы – активтер және олардың қалыптасу көздерінің құрылымымен, кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесін қалыптастыру тәртібімен (кіріс пен шығыстарды өлшеу), балансты қаржылық есеп берушіліктің басқа нысандарымен байланыстыруды зерделеуі;

  • субъектінің қаржылық есеп берушілігін, ақшалай қаражат айналымын (ақшалай қаражат қозғалысы туралы есеп негізінде) бағалаудың негізгі критерийлерін игеруі;

  • кәсіпорынның қаржылық есеп берушілігін пайдаланушылармен танысуы;

  • субъекті табысын бөлу тәртібімен және әдістерімен танысуы тиіс.

Кәсіпорынның қаржы-экономикалық бөлімінде студент кәсіпорыннның қаржыны ұстауы және оларды басқарудың негізгі принциптері мен элементтері туралы толық және анық түсінік алуы керек, атап айтқанда:

  • кәсіпорындағы қаржылық жоспарлау принциптері мен кезеңдерін зерделеу: шаруашылық (коммерциялық) есебі;

  • қаржылық қатынастардың құқықтық қамтамасыз етілуін зерделеу: реттеу әдістері және нормативтік, құқықтық актілері;

  • кәсіпорынның қаржылық жоспарын немесе негізгі бюджетін құрастыру және қамтамасыз ету тәртібі;

  • кәсіпорынның қаржы-шаруашылық бағалары, оның ақшалай қаражат ағымы негізінде кәсіпорынның қаржылық стратегиясының негізгі бағыттары мен әдістемелерін зерттеу;

  • кәсіпорын бюджетін құру, оның сыртқы қаржыландыруда дамуы мен шығынын, қажеттілігін болжау және болашағын бағалау үшін қаржылық көрсеткіштерді (пайдалылығық, беріктіктің қаржылық қоры, қаржылық және өндірістік иінтірек) есептеу әдістемесімен тәжірибеде танысу және игеру;

  • субъектінің инвестициялық саясатымен және инвестициялық шешім қабылдау критерийлерімен; инвестициялық жобаларды таңдаудың негізгі әдістерімен; құнды қағаздарды сатып алумен, сақтаумен және сатумен қаржылық тәуекелдікті бағалау әдістерімен танысу;

  • кәсіпорындағы қаржылық бақылаудың негізгі әдістерін, түрлерін және нысандарын игеру;

  • кәсіпорындағы қаржылық және кассалық жоспарларды орындауды қаржылық бақылауды қамтамасыз ету тәртібін зерделеу.

Кәсіпорынның қаржылық бөлімінде тәжірибеден өткенде студент қаржымен басқару саласы туралы анық мәлімет алуы керек және негізделген, таразыланған шешім қабылдауға тәжірибелік дағдылануы керек.

Есепте зерделенген материалдың жоғарыда санамаланған деректері көрсетіледі, есеп айырысулар мен талдаулар жасалады, сонымен қатар сәйкес құжаттар қоса беріледі.

Қазыналық органдар мамандарының жұмыс орындарында практикадан өту кезінде практикадан өтуші мыналарды зерделеуге және талдауға міндетті:

  • қазынашылық орган жүйесін, олардың міндеттері мен қызметін;

  • қазынашылық органдардың аумақтық құрылымдары, олардың сипаттамасын және бөлімдердің қызметтік сипаттамасын;

  • республикалық және жергілікті бюджеттердің (қазынашылық органдармен жергілікті және бөліп тұратын салықтарын түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында бөлінуін талдау; республикалық және жергілікті бюджетке кіріс түсімін талдау) кіріс бөліктерін орындау бойынша қазынашылық органдардың жұмыс істеу механизмі;

  • бюджеттердің шығыс бөлігін атқару бойынша қазынашылық органдардың жұмыс істеу механизмі;

  • қазынашылық органдардың бақылау қызметі (мемлекеттік бюджет қаражаттарының мақсатты жұмсалуын бақылау);

  • республикалық және жергілікті бюджет шығыстары мен кірістері туралы есеп және есеп жүргізу жүйесі;

  • қаржылық және қазынашылық аумақтық органдар есеп жүргізуіндегі айырмашылықтарды салыстыру және келісу түрлері.

  • Бюджет шығыстары мен кірістеріне есеп жүргізу бойынша операцияларды жүргізуді автоматтандыру.

Практиканы қаржымен басқарудың басқа аумақтық органдарында өту кезінде практикадан өтуші төмендегілердіі зерделеуге және талдауға міндетті:

  • қаржымен басқарудың аумақтық органдарының құрылымын, олардың қызметін, жұмысты ұйымдастыруын;

  • аудан (облыс, қала) экономикасының сипаттамасы, бюджетаралық қатынас ерекшеліктері;

  • бюджет жобасын әзірлеу әдістемесі (облысытық, қала және аудан);

  • нарықтық жағдайда жергілікті өзін-өзі басқару жағдайында бюджетті қалыптастыру ерекшеліктері. Бюджеттің бекітілетін және бөлінетін кірістері құрамы мен құрылымында болатын өзгерістерді талдау;

  • бюджеттік жүйе ішіндегі кірістерді шектеу әдістері (мемлекеттік басқару деңгейлері бойынша салық түрлері (республикалық, аумақтық және жергілікті); салықтардан түскен кіріс түсімдерін басқарудың әр деңгейіне бекіту жолымен салудың бірыңғай мөлшерлемесі шеңберінде нақты үлесті бөлу (үлестеу);

  • трансферттер мен субвенцияларды (жәрдем қаржы) бюджеттік қаражаттарды қайта бөлу түрі ретінде қолдану. Бюджеттің қарызға алынған қаражатын пайдалану: пайыздық және пайыссыз қарыздар; коммерциялық банктердің, жоғары тұрған қаржы органдарының несиелері;

  • соңғы үш жылдағы бюджет орындалуының талдауы. Ағымдағы жылдың өткен жылдың осы кезеңімен салыстырып, жалпы бюджет бойынша, сонымен қатар оның кірістері мен шығыстары баптары бойынша кірістер мен шығыстардың сомаларының негізгі өзгерістерін сипаттау;

  • бюджеттік қаржыландыруға жататын мемлекеттік мекеменің бюджеттік бағдараламасы төлқұжатын құрастыру және бекіту тәртібі; шығындардың жартысын бюджет жабатын шаруашылық есептегі (аралас) қаржыландыруды.

2) Өндірістік (диплом алдындағы) практика

Әрбір студент дипломдық жұмыстың тақырыбына байланысты салықтық, бюджеттік, банктік жүйені оқуы қажет, жоспарлау жүйесімен танысуы, кәсіпорынның (ұйымның, мекеменің), банктің немесе салықтық қызметтің дипломдық жұмыстың жетекшісімен келісілген белгілі бір көрсеткіштері бойынша жұмысын талдауы тиіс. Дипломалды тәжірибені өту кезінде студент зерттеу объектісінің сипаттамасын құрастыруы керек, оның есептік саясатымен, ұйымдастырушылқ және қаржылық ерекшеліктерімен танысып, дипломдық жұмыстың аналиткалық бөлігін орындауы қажет.

Студент тәжірибені тәжірибе объектісімен, оның қызметінің технологиясы мен ұйымдастырылуымен танысудан бастайды.

Студенттің жұмысы тәжірибені өту кезінде дипломдық жұмыстың аналитикалық бөлігі жазылатындай, жобалық бөліктің мазмұнын құрайтын негізгі мәселелер анықталатындай етіп ұйымдастырылуы қажет. Студент жобалаудың объектісіне критикалық тұрғыдан келіп, кәсіпорынның (ұйымның, мекеменің) қызметінің қаржылық-шаруашылық жүйесіндегі негізгі кемшіліктерін дипломдық жұмыстың тақырыбына сай Қазақстан Республикасының заңнамасымен сәйкестендіре отырып ашуы тиіс. келесілерге аса маңызды назар аудару қажет:

  • дипломдық жұмыстың тақырыбына сәйкес кәсіпорынның (ұйымның, мекеменің) қаржылық-шаруашылық қызметінің ақпараттық жүйелерін енгізу мен жетілдіруге;

  • қолданылатын қаржылық менеджменттің түрлері мен әдістерін шетелдік және алдыңғы қатарлы отандық тәжірибемен салыстыруға.

Студент зерттелетін мәселе шеңберінде кәсіпорынның қызметін дамытуға бағытталған нақты шараларды жасап шығаруға міндетті.

6 Практика тарауларын орындау жөніндегі нұсқаулар

1) Өндірістік практика

Студент практиканы практика объектісімен, оның қызметінің ұйымдастырылуымен және технологиясымен танысудан бастайды. Одан басқа, кәсіпорындағы (ұйым, мекемедегі) қаржылық қатынастарды реттейтін нормативтік-құқықтық базаны жете зерделеуі қажет.

Одан әрі студент кәсіпорын (ұйым, мекеме) жарғысымен (ережелерімен) танысады, кәсіпорындағы (ұйым, мекеме) қаржылық менеджменттің құрылу негіздерін және оның негізгі элементтерін зерделейді: ұйымдастыру, жоспарлау, есеп жүргізу, талдау және қаржылық ағындарды бақылау. Қаржылық менеджмент қызметі құрылымын зерделеу үшін студенттер оны құрайтын әр бөліктің жұмысын зерделейді. Кәсіпорынмен (ұйым, мекеме) танысу материалдары бойынша студент кәсіпорынды (ұйым, мекеме) басқару аппаратының сұлбасын, өндірістік үрдістердің бірізділігі сұлбасын жасайды, кәсіпорындағы (ұйым, мекеме) қаржымен басқаруды ұйымдастыруға баға беріп, сипаттайды, қаржылық және басқару бухгалтериясын және кәсіпорында қолданылатын есеп жүргізу технологиясын, әдістері мен нысандарын қоса есеп жүргізу аппараты құрылымын зерделейді.

Ерекше назар кәсіпорынның (ұйым, мекеме) базасында кәсіпорынның (ұйым, мекеме) қаржылық жағдайы талдануы тиіс өткен екі-үш жылының қаржылық есеп жүргізілуін зерделеуге аударылу керек және маңызды аналитикалық көрсеткіштер есепке алынуы керек.

Жоғарыда баяндалған практиканың барлық элементтері практика жөніндегі есепте көрініс табуы керек, есепті ресімдеудің түрі мен тәртібі осы бағдарламаның төменгі жағында баяндалған.

Студенттің өндірістік практикадан өтуінің жеке жоспары (тапсырма) университеттегі өндірістік практика жетекшісімен анықталады (А қосымшасы).

2) Өндірістік (диплом алды) практика

Әрбір студент дипломдық жұмыстың тақырыбына байланысты салықтық, бюджеттік, банктік жүйені оқуы қажет, жоспарлау жүйесімен танысуы, кәсіпорынның (ұйымның, мекеменің), банктің немесе салықтық қызметтің дипломдық жұмыстың жетекшісімен келісілген белгілі бір көрсеткіштері бойынша жұмысын талдауы тиіс. Дипломалды тәжірибені өту кезінде студент зерттеу объектісінің сипаттамасын құрастыруы керек, оның есептік саясатымен, ұйымдастырушылқ және қаржылық ерекшеліктерімен танысып, дипломдық жұмыстың аналиткалық бөлігін орындауы қажет.

Студент тәжірибені тәжірибе объектісімен, оның қызметінің технологиясы мен ұйымдастырылуымен танысудан бастайды.

Студенттің жұмысы тәжірибені өту кезінде дипломдық жұмыстың аналитикалық бөлігі жазылатындай, жобалық бөліктің мазмұнын құрайтын негізгі мәселелер анықталатындай етіп ұйымдастырылуы қажет. Студент жобалаудың объектісіне критикалық тұрғыдан келіп, кәсіпорынның (ұйымның, мекеменің) қызметінің қаржылық-шаруашылық жүйесіндегі негізгі кемшіліктерін дипломдық жұмыстың тақырыбына сай Қазақстан Республикасының заңнамасымен сәйкестендіре отырып ашуы тиіс. келесілерге аса маңызды назар аудару қажет:

  • дипломдық жұмыстың тақырыбына сәйкес кәсіпорынның (ұйымның, мекеменің) қаржылық-шаруашылық қызметінің ақпараттық жүйелерін енгізу мен жетілдіруге;

  • қолданылатын қаржылық менеджменттің түрлері мен әдістерін шетелдік және алдыңғы қатарлы отандық тәжірибемен салыстыруға.

Студент зерттелетін мәселе шеңберінде кәсіпорынның қызметін дамытуға бағытталған нақты шараларды жасап шығаруға міндетті.

Студенттің дипломалды практикадан өтуінің жеке жоспары (тапсырма) университеттегі өндірістік практика жетекшісімен анықталады (Ә қосымшасы).

  1   2

Похожие:

Практиканы өту жөніндегі бағдарлама мен әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы iconПрактиканы өту жөніндегі бағдарлама мен әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы
Барлық меншік нысандарындағы ұйымдарда, мекемелерде және кәсіпорындарда 050509 «Қаржы» мамандығының студенттеріне арналған
Практиканы өту жөніндегі бағдарлама мен әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы iconПрактиканы өту жөніндегі бағдарлама және әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы
Барлық меншік түрлеріндегі ұйымдарда, мекемелерде, кәсіпорындардағы, 5В050800 «Есеп және аудит» мамандығының студенттеріне арналған...
Практиканы өту жөніндегі бағдарлама мен әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы iconПрактиканы өту бойынша жұмыс бағдарламасы мен әдістемелік нұсқаулары
Практиканы өту бойынша жұмыс бағдарламасы мен әдістемелік нұсқауларына бекіту парағы
Практиканы өту жөніндегі бағдарлама мен әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы iconДиплом алдыңдағы практиканы өту жөніндегі
Бағдарлама Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мамандықтың Қр мжмбс 08. 009– 2008 және «Қазақстан Республикасының білім...
Практиканы өту жөніндегі бағдарлама мен әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Бітіру (диплом) жұмыстарын орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулардың титулдық парағы
Практиканы өту жөніндегі бағдарлама мен әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Бітіру (диплом) жұмыстарын орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулардың титулдық парағы
Практиканы өту жөніндегі бағдарлама мен әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы iconҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
В011900 «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының студенттеріне арналған педагогикалық практиканы өту жөніндегі
Практиканы өту жөніндегі бағдарлама мен әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы icon5В050600 «Экономика» мамандықтарының студенттеріне арналған
В050600 «Экономика» мамандықтарының студенттеріне арналған өндірістік практиканы өту жөніндегі
Практиканы өту жөніндегі бағдарлама мен әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы iconӘдістемелік ұсыну мен нұсқаулықтардың титулдық парағы
Пәнді оқытудың мақсаты – тыңдаушыны стратегиялық басқарудағы жетістіктердің экономикалық білімділікке, жекебасының ынтасына, ахуалды...
Практиканы өту жөніндегі бағдарлама мен әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы iconЖұмыс оқу бағдарламаның титулдық парағы
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты және типтік бағдарлама негізінде құрастырлыған пәннің жұмыс оқу
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница