050509 «Қаржы» мамандығы студенттеріне курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар Павлодар Кереку




Скачать 239.91 Kb.
Название050509 «Қаржы» мамандығы студенттеріне курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар Павлодар Кереку
Дата конвертации10.02.2016
Размер239.91 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://psu.kz/arm/upload/umk/57798.doc


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Қаржы-экономика факультеті


Қаржы кафедрасы


БАНК ІСІ


050509 «Қаржы» мамандығы студенттеріне курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар


Павлодар

Кереку

2010

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


БАНК ІСІ


050509 «Қаржы» мамандығы студенттеріне курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар


Павлодар


ӘОЖ 336.71 (07)

КБК 65.262-1 я 7

Б24


С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің қаржы-экономика факультетінің қаржы кафедрасы ұсынысымен басуға ұсынылған


Пікірсарапшы:

экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Салихова А. Р.


Құрастырғандар : аға оқытушы Кулембаева А.С.

ассистент Балтабаева А. К.


Б24 Банк ісі : 050509 »Қаржы» мамандығы студенттеріне курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар / құраст. Балтабаева А. К. – Павлодар : Кереку, 2010. – 9 б.


Әдістемелік нұсқауда «Банк ісі» пәнінен курстық жұмыс орындау ұсыныстары, жұмысты жазудың мақсаттары мен міндеттері, курстық жұмыстың мазмұны мен орындалуына талаптар көрсетілген.

Әдістемелік нұсқама 050509 «Қаржы» мамандығының мемлекеттік стандартына және пәннің типтік оқу бағдарламасына сәйкес құрастырылған.


ӘОЖ 336.71 (07)

КБК 65.262-1 я 7


© Кулембаева А.С., Балтабаева А.К. 2010

© С. Торайгыров атындағы ПМУ, 2010


Материалдардың сенімділігі, граматикалық және орфографиялық қателері үшін авторлар мен құрастырушылар жауапты


Кіріспе


«Банк ісі» пәнінің мақсаты студенттердің теориялық және тәжірибелік дайындығын банктік қызмет индустрия ауданында тереңдету, объективті экономикалық ойлауды кеңейтумен, банк жұмысын бағалау және басқару мәселесін қабылдаумен қамтамасыз ету.

Берілген курс практикалық, теориялық мақсатта жүзеге асырылады, сонымен қатар қызмет көрсетудi оның қаржылық -несиесiмен кәсiби бiлiмдердiң келешек мамандарына арналып, жеткілікті білім беруге бағытталған.

Курстық жұмыстың мақсаты – студенттердің «Банк ісі» курсы бойынша теориялық білімін бекіту және коммерциялық банктерге дербес қаржылық талдауды өткізуді дамыту.

Курстық жұмысты орындау кезінде студенттің міндеті:

  • ҚР банктік операциялардың қазіргі кездегі заңды және нормативті базаларының реттеуін;

  • арнайы әдебиетті қолдану, анықтамалық және статистикалық ақпараттан тәжірибе алу, коммерциялық банктердің қаржылық есеп беруімен байланысты;

  • білімін көрсету, дағды алу және зерттеулерде дербес қабілетін көрсету, зерттеу кезінде алынған мәліметтерді жинақтау.



  1. Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері



Қазіргі кезде ҚР әлеуметтік-экономикалық даму сатысы нарықтық қатынастардың құрылуымен байланысты: жаңа ақша-несие саясаты құрылуда, жаңа қаржы-несие институттарының түрлері шығуда, нарықтық экономикаға байланысты банк жүйесінің құрылымы өзгеруде. Қазақстан Республикасының банк жүйесінің шарты халықаралық банк ісі қызмет принциптеріне ауысуы нәтижесінде негізгі кажеттілік әлемдік банктер технологиясы болып табылады.

«Банк ісі» пәнінің мақсаты студенттердің теориялық және тәжірибелік дайындығын банктік қызмет индустрия ауданында тереңдету, объективті экономикалық ойлауды кеңейтумен, банк жұмысын бағалау және басқару мәселесін қабылдаумен қамтамасыз ету.

Курстық жұмыстың мақсаты – студенттердің «Банк ісі» курсы бойынша теориялық білімін бекіту және коммерциялық банктерге дербес қаржылық талдауды өткізуді дамыту.

Курстық жұмысты орындау кезінде студенттің міндеті:

  • ҚР банктік операциялардың қазіргі кездегі заңды және нормативті базаларының реттеуін;

  • арнайы әдебиетпен қолдану, анықтамалық және статистикалық ақпараттан тәжірибе алу, коммерциялық банктердің қаржылық есеп беруімен байланысты;

  • білімін көрсету, дағды алу және зерттеулерде дербес қабілетін көрсету, зерттеу кезінде алынған мәліметтерді жинақтау.




2 Курстык жумыстың мазмұнына койылатын талаптар




Курстық жұмыс келесі талаптарга сай болу керек:

  • тематиканың актуалдығы және жұмыстың банк қызметінде талдау өткізуге максатты бағыты;

  • қазіргі заманғы талаптар мен тенденцияларға сай тақырыптын толық ашылуы;

  • қорытындылардың сәйкестігі және өткізілген есептемелерге рекомендациялар;

  • жұмыста теориялық, аналитикалық бөлімдердің бар болуы.

Қандайда тақырып таңдалса курстық жұмыстың мазмұнының түрі мынадай болу керек:

Кіріспе

Негізгі бөлім

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар (есеп беру формасы, яғни базада жүргізілген есептемелер және т.б.)




3 Курстық жұмыстың тақырыптары




Берілген жұмыстың тематикасы «Банктік іс» курсының бағдарламасымен анықталады. Курстық жұмыс банк материалы және сіздің нұскаңызға сәйкес орындалады.



Банктер тізімдемесі :


1) Еншілес Банк «Альфа-Банк« АҚ;

2) «Альянс Банк» АҚ;

3) «АТФБанк» АҚ;

4) «Банк Развития Казахстана» АҚ;

5) «БТА Банк» АҚ;

6) «Банк ЦентрКредит» АҚ;

7) «Kaspi Bank» АҚ;

8) «Данабанк» АҚ;

9) Евразийский банк развития;

10) «Евразиялык банк» АҚ;

11) «Эксимбанк Казахстан» АҚ;

12) «Казакстаннын халыктык жинак банки» АҚ;

13) «Казкоммерцбанк» АҚ;

14) «Delta Bank» АҚ;

15) «Нурбанк» АҚ;

16) «Цеснабанк» АҚ;

17) «Сбербанк России АҚ;

18) «Метрокомбанк» АҚ;

19) «ABN AMRO Банк Казахстан» АҚ;

20) «Ситибанк Казахстан» АҚ


Кейін студент өзіне төменде келтірілген тақырыптың біреуін оқытушының келісімімен немесе студенттік билеттің соңғы саны бойынша таңдап алады, берілген тақырыпта Банкты зерттей отыра дипломдық жұмыста о)ны әрі қарай орындауға мүмкіндік болады.:

  1. Коммерциялық банкті баскарудағы маркетинг концепциясы;

  2. Коммерциялық банктердиң ссудалар бойынша мүмкін болатын шығындарда резервтерді шығару және оларды қолдану операциялары;

  3. Банктегі қаржылық менеджмент;

  4. Коммерциялық банктердегі электрондық төлемдер жүйесін жетілдіру;

  5.  Коммерциялық банктердің қызметинің рейтинг бағалары;

  6. Несиелік скоринг жане несиелік тәуекелдерді азайту әдістері;

  7. Валюталық операциялар жане коммерциялық банктердегі валюталық тәуекелдерді басқару;

  8. Банктік тәуекелдерді сақтандыру;

  9. Банктік тәуекелдер, оларды бағалау әдістері және минимизации әдістері;

  10. Банктік менеджмент және оның банк ісіндегі мәні;

  11. Коммерциялық банктегі ликвидтілік тауекелді басқару;

  12. Банктердің трасталық операциялары;

  13. Банктік пайыз жане оны қолдану механизмі;

  14. Коммерциялық банктің пайыздык саясаты;

  15. Есептесу, кассалық және комиссиялық банктік қызметтер;

  16. Банктік тауарларға баға турактандыру;

  17. Банктің активти операциялар бойынша резерві, олардың құрылуы және қолдану тәртібі;

  18. Коммерциялық банктің депозиттық саясаты;

  19. Екінші денгейлі банктердегі депозиттық портфельді басқару;

  20. Коммерциялык банктердин инвестициялык саясаты;

  21. Ссудалық қарызалушылармен несиешартын бағалау методикасын жетлдіру;

  22. Коммерциялық банктердегі меншікті капиталды басқару;

  23. Коммерциялық банктегі несиелік портфельді басқару;

  24. Коммерциялық банктерде несие саясатын жетілдіру;

  25. Коммерциялық банктердегі проблемалы несиелерді басару;

  26. Банктік ресурстардың депозит емес көздері;

  27. Ауылшаруашылық тауар өндірушилері коммерциялық банктерде несиелендіру;

  28. Заңды тұлғаларды несиелендіру ерекшеліктері;

  29. Коммерциялық банктерде жеке тұлғаларды несиелендіру;

  30. Коммециялық несие: мәні және перспективалық дамуы;

  31. Коммерциялық банктердегі ипотекалық несиелендіру жане оның дамуының перспективалары;

  32. Коммерциялық банктердегі шағын және орта бизнесті несиелендіру ерекшеліктері;

  33. Банкаралық несиелендіру ұйымы;

  34. Коммерциялық банктегі актив портфелін басқару;

  35. Коммерциялық банктердегі пассивті операцияларды басқару;

  36. Банктегі лизинг ұйымы;

  37. Банктік ссудаларды қайтару механизмінің дамуы, оның жетілдіру жолдары;

  38. Коммерциялық банктің басекелестік артыкшылығын бағалау;

  39. Коммерциялық банктердңн қаржылық қызметтері.



4 Курстық жұмысты безендіру мен мазмұнына қойылатын талаптар


Курстық жұмыста материалдарды орналастыру келесі тәртіппен жүзеге асырылуы қажет:

– титулдық парақ;

– курстық жұмысқа пікір;

– тапсырма;

– курстық жұмыстың орындалу тәртібі;

– мазмұны;

– кіріспе;

– теориялық бөлім;

– тәжірибелік бөлім;

– қорытынды;

– қолданылған әдебиеттер тізімі;

– қосымша.

Курстық жұмыс түсінік хаты түрінде безендіріледі, толтырылады, оған мәтіндік, кестелік, графикалық және иллюстративтік материал қосылады.

Түсінік хаты МИ ПМУ 4.01.3-09 «Оқу құжаттарын толтыру ережелері. Мәтіндік құжаттарға жалпы талаптар» ережелері бойынша толтырылады.

Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен қосымшадан тұрады.

Кіріспені курстық жұмысты жазар алдында ең басына лайықтандырады, көлемі – бір – екі бет. Кіріспеде тақырыптың өзектілдігі арқау болады, қазіргі кезеңдегі қарастырылу деңгейі арқау болады,зерттеу аясындағы негізгі мәселелер, сонымен қоса курстық жұмыстың негізгі мақсаты мен мінддеттерін айқындау қажет.

Курстық жұмыстың бірінші тарауы зерттеліп отырған мәселенің теориялық қырларын жарыққа шығарады. Көлемі - 15-20 бет. Кілтті кезеңдер сызбалық түрде көрініс алады, материалды ұсынудың логикасына негізделеді. Сызба (сурет), яғни бірінші тараудың мазмұнының маңызды кезеңдерін бейнелеп, қосымшаға кейбірін шығарады.

Курстық жұмыстың екінші тарауында курстық жұмыстың тәжірибелік тапсырмаларының есебі жүзеге асады.

Курстық жұмысты қорытынды аяқтайды. Оның басты міндеті – барлық жұмыстың қорытындысын жасау. Ол тек автордың жалпы тұжырымынан тұрады. Маңызды түрде атап өтерлігі, кіріспеде қалыптастырылған сұрақтарға қорытындыдыа жауап ұсынылады. Көлемі – бір-екі бет. Жұмыстың мазмұнын алға тартуда міндетті түрде логикалық бірізділікке қатты назар аударған жөн, жұмыстың жекелеген құрылымдық элементтерінің ішкі байланысы мен оның ішіндегі жайларға да ден қойылады.

Жұмыс стандарттық формат үлгісіндегі А4 қағазында орындалады.

Беттердің параметрлері: беттің сол жағынан қалдырылатын азат жол - 3 см, оң жақ тұсынан – 1 см, жоғарғы тұсынан – 2 см, төменнен – 2,5 см. Курстық жұмыстың барлық беттері араб әріптерімен төменгі тұстың ортасын ала нөмірленуі қажет.

Титулдық парақ нөмірленбейді, бірақ жалпы парақтың көлеміне енеді. Әр тарау мен қосалқы тарау жоспар-мазмұндағы атаулармен қатаң түрде сай келуі қажет. Жаңа қосалқы тарау сол беттен басталады, яғни бұрынғы тараушадағы ойды жалғастыруға болады, сол мәтін астынан тақырыпатты қойып, бірден жаза береді. Курстық жұмыстың теориялық және тәжірибелік бөлімі әр түрлі беттерден орын алуы қажет.

Курстық жұмыстың жалпы көлемі - 50-70 бет, компьютерлік мәтін негізінде (қаріп - 14 кегль). Сөздерді қысқартуға жол берілмейді.

Курстық жуұыстын құрамы, көлемі және бюджет уақыты


1 – Кесте - Курстық жуұыстын құрамы, көлемі және бюджет уақыты


Құрамы

Көлемі

Бюджет уакыты, сағ

Кіріспе

2

3

1 бөлім – Такырыптың теориялык жұмысы

10

18

2 бөлім – Банк қызметіне талдау

12

25

3 бөлім – Зерттеліп отырған такырыптың проблемалары және жетілдіру жолдары

8

38

Қорытынды

2

3

Әдебиет

1

3

Барлығы

35

90



5 Курстық жұмыстың орындалуына берілгендер


Курстық жұмыс отандық және шетелдік авторлардың материалдарына, нормативті-құқықтық базаларына, банктің ішкі қаржылық құжаттамасына негізделеді.



  1. Курстық жұмыстын мазмұны


Кіріспенің 1-2 беттер көлемімен курстық жұмыстың орындалуына дейін жазу керек. Мұнда казіргі заманға сай деңгейде тақырыптың актуалдығын ашу; негізі, банктің рөлі және мәни, негізгі мақсатары мен міндеттері.

Бірінші бөлім көлемі 10 беттен тұрады, мұнда курстық жұмыстың тақырыбы ашылу керек. Тандалған тақырып бойынша, маманды және нормтивті әдебиеттерді оқып, студент өзі бірінші болімді орындап, жетекшімен келісу керек.

Екінші бөлім «Банк мінездемесі және негізгі қаржылық көрсеткіштері талдау» көлемі 10-12 беттен, 3 бөлімнен тұру керек. Берілген бөлім белгілі бір банк материалдары бойынша және таңдалған нұскамен жазулуы керек.

Екінші бөлімде бірінші бөлімшесінде (2.1) банктың жалпы мәліметтері ашылады, оған қосылатын оның заңды мартебесі, қызмет түрлері, откізілетін операциялар түрлері, банктін ұйымдық құрылымы.

Екінші бөлімшесінде (2.2) банктың қаржылық жағдайына талдау жүргізледі (балансты эспресс талдау, кіріс және шығыс есебі ).

Үшінші бөлімшесінде (2.3) банктің пруденциялды нормативке талдауы жүргізіледі. (www.afn.kz. сайтынан мәліметтер қолданылады). Төртінші бөлімшеде (2.4) қаржылық есептесудің талдауының бір бөлімі жүргізіледі, яғни оның банк үшін мәні немесе курстық жұмыстың тематикасына.

Курстық жұмыстың үшінші бөлімінде зерттеліп отырған тақырыптың проблемалары және жетілдруру жолдары қарастырылады. Көлемі 8-10 бет.

Жетекшінің келісімі бойынша, тақырыпқа сәйкес, екінші бөлімнің мазмұны өзгертілуі мүмкін.



  1. Бағаны кою критерийлері


Курстық жұмыс 100 балл шкала бойынша есептелінеді. Студент максималды балл алу үшін келесі талаптарды орындауға саяды:

– есеп шығарудағы нақтылық пен түсініктілік – 10 балл;

– берілген анализді талдай біллу мен оны систематикалық берілгенін қорытындылау– 20 балл;

– Қосымша әдебиеттерді қолдану– 10 балл;

– курстықжұмыстың стандарт бойынша сәйкес келуі – 10 балл;

– Курстық жұмыстың қорғалуы– 50 балл.



  1. Жұмысты орындау графигі


Кесте- 2 Жұмысты орындау графигі


Апта бойынша орындалу / % құрамы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Жиыны

Тапсырманың берілуі, такырыптың таңдалуы, әдебиеттерді жинау

5































5

Кіріспе




5




























5

Бірінші бөлім







15

10






















25

Екінші бөлім













15

10
















25

Үшіншібөлім



















10

10

10







30

Қорытынды




























5




5

Курстық жұмыстың безендірілуі































5

5

Жиыны

5

5

15

10

15

10

10

10

10

5

5

100

11 аптада студент курстық жұмыс бойынша нормабақылаушыны өту керек. 12-13 аптада студент курстық жұмысын қорғау керек.


  1. Курстық жұмыстың ұйымы


Курстық жұмыска тақырып семестрдің бірінші сабағында беріледі. Студент жетекшіден тақырыпты алғаннан кейін, онымен танысуға міндетті, кейін берілгендерді анықтап, тақырып бойынша әдебиеттерді алып зерттеу керек, жоспар құрастырып, жиі жетекшінің кеңестеріне қатысып, уақытында тапсырылған курстық жұмысты қорғау керек.

Жұмысты орындау процессінде топтық және жеке кеңестер график бойынша жүргізіледі.



  1. Қорытынды жасау және курстық жұмысты қорғау ұйымы


Курстық жұмысқа қорытынды жасауда келесілер кіреді:

- Курстық жұмысты жетекшіге тексеруге тапсыру;

- Жетекшінің ескертуімен курстық жұмысты толықтыру;

- КЖ қорғауға тапсыру;

- КЖ қорғау.

Дайын жұмысты тапсыру мерзімі курстық жұмысты орындау графигімен аныкталады, бірақ семестрдің соңғы оқу аптасынан кеш емес. Курстық жұмысты толықтыру жетекшімен белгіленеді. КЖ қорғау студенттің қысқа (8-10) минут баяндамасынан және сұрақтарға жауаптан тұрады.

КЖ тапсырмаған студент берілген пән бойынша емтиханға жіберілмейді.

Студенттік билеттің соңғы санымен тегінің бірінші әріпімен косылуында курстық жұмыстың тақырыбы таңдалады. Банк студенттік билеттің соңғы номеріне сәйкес тандалады.


3-Кесте – Курстық жұмысты орындау ушін тақырыпты және банкті анықтау





Студенттік билеттің соңғы саны

1

2

3

4

5

6

7

8

9

0




Банк

Тегінің бірінші әріпі

1,11

2,12

3,13

4,14

5,15

6,16

7,17

8,18

9,19

10,20

А, Я

1

15

29

3

17

31

5

19

33

7

Б, Ю

2

16

30

4

18

32

6

20

34

8

В, Э

3

17

31

5

19

33

7

21

35

9

Г, Щ

4

18

32

6

20

34

8

22

36

10

Д, Ш

5

19

33

7

21

35

9

23

37

11

Е, Ч

6

20

34

8

22

36

10

24

38

12

Ж, Ц

7

21

35

9

23

37

11

25

39

13

З, Х

8

22

36

10

24

38

12

26

40

14

И, Ф

9

23

37

11

25

39

13

27

1

15

К, У

10

24

38

12

26

40

14

28

2

16

Л, Т

11

25

39

13

27

1

15

29

3

17

М, С

12

26

40

14

28

2

16

30

4

18

Н, Р

13

27

1

15

29

3

17

31

5

19

О, П

14

28

2

16

30

4

18

32

6

20






Мазмұны





Кіріспе.............................................................................................

3

1

Курстық жұмыстың мақсаттары мен міндеттері........................

4

2

Курстық жұмыстың мазмұны мен талаптары.............................

4

3

Курстық жұмыстың тақырыптары……………………………..

5

4

Курстық жұмысты безендіру мен мазмұнына қойылатын талаптар............................................................................................

7

5

Курстық жұмыстың орындалуына берілгендер………………...

9

6

Курстық жұмыстын мазмұны……………………………………

9

7

Бағаны кою критерийлері..............................................................

10

8

Жұмысты орындау графигі............................................................

10

9

Курстық жұмыстың ұйымы ……………………………………

11

10

Қорытынды жасау және курстық жұмысты қорғау ұйымы........

11



Похожие:

050509 «Қаржы» мамандығы студенттеріне курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар Павлодар Кереку icon© Голодзе И. Н., Мухамедова М. М., Закриянова Н. М., 2010 ©
«Қаржы» мамандығы студенттеріне курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
050509 «Қаржы» мамандығы студенттеріне курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар Павлодар Кереку icon© Голодзе И. Н., Мухамедова М. М., Закриянова Н. М., 2010 ©
«Қаржы» мамандығы студенттеріне курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
050509 «Қаржы» мамандығы студенттеріне курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар Павлодар Кереку iconҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Көлік логистикасы» пәні бойынша курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
050509 «Қаржы» мамандығы студенттеріне курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар Павлодар Кереку icon050905 «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы үшін курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау Павлодар
«Әлеуметтік қызметтегі стандарттар мен мониторинг» пәнін курстық жұмысының мақсаты – кәсіпкерлік білім берумен қатар, ондағы стандарт...
050509 «Қаржы» мамандығы студенттеріне курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар Павлодар Кереку iconЕсеп және аудит мамандығының студенттеріне бақылау жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулық Павлодар Кереку 2009
С. Торайғыров атындағы пму-дың қаржы-экономика факультетінің есеп және аудит кафедрасының отырысында басуға ұсынылды
050509 «Қаржы» мамандығы студенттеріне курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар Павлодар Кереку iconКӘсіпорынның инвестициялық Қызметі экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құралы Павлодар Кереку 2011
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің қаржы-экономика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен
050509 «Қаржы» мамандығы студенттеріне курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар Павлодар Кереку iconОҚытушының жетекшілігімен өздік жұмысты жүргізуге арналған әдістемелік нұСҚаулар мамандығы
Мжбс 2006 ОҚытушының жетекшілігімен өздік жұмысты жүргізуге арналған әдістемелік нұСҚаулар
050509 «Қаржы» мамандығы студенттеріне курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар Павлодар Кереку iconЖобалау негіздері 050208 Зоотехния мамандығы бойынша күндізгі бөлімде оқитын студенттерге арналған курстық жобалаудың әдістемелік нұсқауы Павлодар Кереку 2009
С. Торайғыров атындағы пму-дың биология-химия факультетінің жалпы биология кафедрасының отырысында басуға ұсынылды
050509 «Қаржы» мамандығы студенттеріне курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар Павлодар Кереку iconЗоотехия мамандығы бойынша сыртқы және ішкі бөлім студенттеріне арналған курстық жобаларға әдістемелік нұсқау Павлодар
Зоотехия мамандығы бойынша сыртқы және ішкі бөлім студенттеріне арналған курстық жобаларға әдістемелік нұсқау
050509 «Қаржы» мамандығы студенттеріне курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар Павлодар Кереку iconАуыл шаруашылық малдарын азықтандыру курстық жұмысты орындау үшін 050802 Зоотехния мамандығына арналған әдістемелік нұсқау Павлодар
Ауыл шарушылық малдарын азықтандыру” пәнінің әдістемелік нұсқауында курстық жұмыстардың жеке бөлімдерін жасау әдістемесі, негізгі...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница