2009 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі бағыттары




Скачать 483.29 Kb.
Название2009 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі бағыттары
страница1/3
Дата конвертации10.02.2016
Размер483.29 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.arhiv.vko.gov.kz/kz/files/12l.doc
  1   2   3
Шығыс Қазақстан облысының

мұрағаттар және құжаттама

басқармасы


2009 жылға арналған Шығыс Қазақстан

облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі бағыттары.


Облыстағы мұрағат ісін дамытуды мемлекеттік реттеу.


Шығыс Қазақстан облысының мұрағат мекемелерінің 2009 жылғы іс әрекеті Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңын, Қазақстан Республикасындағы Мұрағат ісін дамыту тұжырымдамасын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрілігінің, Ақпарат және мұрағаттар комитетінің нормативтік-құқықтық актілерін, сонымен қатар, орта мерзімді салалық бағдарламалар мен жоспарларды: «1994-2010 жылдарда Шығыс Қазақстан және Семей облыстарының мемлекеттік мұрағаттарында сақтаулы ҰМҚ сақталуын ұйымдастыруды және сақталуын қамтамасыз етуді дамыту мен жетілдіру», «2009-2010 жылдарда мұрағат құжаттарын жариялаудың және басылымдардың тақырыптарының тізбесі», «Мемлекеттік тілдің мемлекеттік органдарда қолданылу аясын кеңейту туралы», «электрондық әкімдік» және «электронды мұрағат» жасау, мемлекеттік қызмет көрсетуде ИСО-9000 басқару сапасының халықаралық стандарттарын енгізу бағдарламасын жүзеге асыруға, Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің, қалалар мен аудандар әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін, облыс мұрағаттар және құжаттама басқармасының өз бұйрықтарын жүзеге асыруға бағытталған.

Облыс мұрағат мекемелерінің жоспарларындағы жетекші орынды тарихи және мәдени құндылыққа ие, шет мемлекеттердің мұрағат және ғылыми мекемелеріндегі XV-XX ғасырлардағы Қазақстан тарихы жөніндегі құжаттарды іздеу және оның көшірмелерін алу бағдарламасын орындау бойынша ісшаралар, еліміздің құжаттық тарихи-мәдени мұрасын сақтау және жан-жақты пайдалану, сонымен қатар, облыстың мемлекеттік мұрағаттарының материалдық-техникалық базасын жетілдіру және 2007-2010 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысыының «электронды әкімдігін» жасау бағдарламасы мен «электронды мұрағат» жасау бағдарламасын, мұрағаттар және құжаттама басқармасының электронды локальді торабын орнату, ИСО-9000 сапа стандартына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мақсатында облыс мұрағат мекемелеріне арналған бағдарламалық қамсыздандыру алу, Шығыс Қазақстан облысы Әкімі сайтының және «Шығыс Қазақстан облысының мұрағат қызметі» сайтының web-парағын толықтырып отыру алады.

Мұрағаттар және құжаттаманы басқару жөніндегі комитет Төрағасының 12.06.2000 жылғы №44 «Мұрағат ісін дамытудың нормативтік-құқықтық және ғылыми-әдістемелік базасы туралы», 11.04.2000 ж. №47 «ҚР ҰМҚ құжаттарының орталықтандырылған мемлекеттік есебі туралы нұсқаулықты бекіту туралы»; 11.09.2000 ж. №56 «Мемлекеттік мұрағаттардың, мемлекеттік заңды тұлғалардың іс жүргізу және мұрағат қызметтері қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша тұрақты жұмыс істейтін курстарын ұйымдастыру туралы» бұйрықтарын практика жүзінде жүзеге асыру жалғасуда.

Осыған орай мемлекеттік мұрағаттардың ұйымдастыру-құқықтық және нормативтік-әдістемелік базасын жетілдіру, ведомстволық мұрағаттардың, оның ішінде бірлестіктердің, мекемелердің, мемлекеттік емес құрылымдардың ұйымдарының жүйесін нығайту бойынша жұмыстар қарастырылған.

Облыс мұрағатшылары Қазақстан Республикасы мен Шығыс Қазақстан облысының айтулы және әйгілі күндерін мерекелеуге арналған ісшараларға белсенді қатысуды, бұл оқиғаларға шолулық ақпараттарды анықтау және пайдалану жұмыстарын арнауды, құжаттар жинағын әзілдеруді, көрмелер өткізуді, Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының құрамы мен мазмұны туралы мүдделі органдарды, қоғамды ақпараттандыруды жоспарлап отыр. Әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұраныстарды орындауға маңызды мән беріледі.

2010 жылға дейін есептелген тілдердің жұмыс істеуінің және дамуының мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ісшараларды орындау жалғасады.

Барлық деңгейдегі әкімдер аппараттарымен өзара әрекет аясында облыстағы мұрағат ісін дамыту сұрақтары және мұрағат қызметінің барынша өзекті сұрақтары жөнінде ақпараттандыру жүргізіледі (оның ішінде облыс Әкімінің сайты мен «Шығыс Қазақстан облысы мұрағат қызметі» сайты арқылы): ведомстволық сақтау сатысындағы құжаттандыруды, құжаттардың сақталуына қамтамасыз етуге және оларды мемлекеттік мұрағаттарға уақытында беруге, облыстардың, қалалардың, аудандардың мемлекеттік мұрағаттарының өздеріндегі құжаттардың сақталу жағдайы мен проблемаларына бақылау жасау.

Мемлекеттік мұрағаттардың материалдық-техникалық базасын жетілдіру, оның ішінде қолда бар жайларды кеңейту бойынша, облыс мемлекеттік мұрағатының 1 млн. сақтау бірлігіне арналған ғимаратының құрылысы бойынша жұмыстар жалғасуда.

2009 жылы «Мемлекеттік ұйымдардың іс-әрекеті барысында пайда болған сақталу мерзімі көрсетілген тұрпатты құжаттар тізбесін» іс жүзіне ендіру бойынша жұмыстар жалғастырылып, жарыққа шыққаннан кейін «Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттары жұмысының негізгі ережелерін» ендіру бойынша жұмыстар, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мекеменің өзінің әдістемелік базасын жасау және облыс мемлекеттік мұрағаттарының тақырыптық базасын жасау бағыттарын, оның ішінде «электронды мұрағат» жасау бағдармасының аясында кеңейту жоспарланып отыр.

Ұйымдар мен кәсіпорындардың іс жүргізу қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үшін өнеркәсіп пен құрылыс жүйесіндегі ұйымдардың іс жүргізу қызметтерінің қызметкерлеріне арналған курстар, Қалматаев атындағы Семей медициналық колледжінде, Семей қаласы телекоммуникация түйінінде, «Семей қаласының ТЖ жөніндегі басқармасы» ММ-де, «Тұрғыүйжинақтаубанкі» АҚ филиалында семинар өткізу көзделуде.

Ақпараттық-іздеу жүйесін жасау саласында жеке бас текті құжаттарды, пленка тасымалдаушыдағы құжаттарды тізімдемелеу, бастауыш партия ұйымдарының аз көлемді қорларын қайта өңдеу, басқарма, ғылыми-техникалық құжаттамаларды, жеке бас текті құжаттарды каталогтау жалғасады.

2009 жылы Комитеттің тапсырмасы бойынша сот билігі органдарында құжаттарды кешенді тексеру, мемлекеттік органдарда және Қазақстан Республикасының ТЖМ жүйесінің ұйымдарында құжаттау, құжаттарды басқару және сақтау жағдайына бақылаулы тексеру жүргізу жоспарланды.

ШҚО мұрағаттар және құжаттама басқармасы жыл ішінде ведомстволық мұрағаттарға ұйымдастыру-әдістемелік басшылық жасауды және ведомстволық сақтау сатысындағы құжат құрылу және құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету сұрақтары бойынша инспекциялауды, заңды тұлғалардың құжаттаманы басқару қызметіне консультативтік көмек көрсетуді жоспарлады. Бұл сұрақтарды барынша тиімді шешу үшін ведомстволық мұрағаттардың меңгерушілерінің, заңды тұлғалардың құжаттау және құжаттаманы басқару жағдайына жауаптының есептерін тыңдау, облыс мемлекеттік мұрағаттарын жабдықтау көздері болып табылатан мекемелер мен ұйымдардағы құжаттаманы басқару және ҚР ҰМҚ құжаттарын ведомстволық сақтау жағдайына зерттеу жүргізу жоспарланып отыр, сонымен қатар, бұл саұрақтар жөнінде мүдделі тұлғаларды ақпараттандыру, облыс мұрағат мекемелерінің жұмыс алқалы органдардың: мұрағат мекемелері басшыларының облыстық мәжілістерінде, облыс мұрағат мекемелері дирекцияларының СТК, СТҒӘК мәжілістерінде шешімдерінде көрініс табады.

Дирекция мәжілістерінде келесі сұрақтар қаралады: жеке жоспарларды, жоспарлы тапсырмаларды орындау қорытындылары туралы, кешенді және тақырыптық жоспарлар қорытындысы туралы, «Шығыс Қазақстан: тарих, экономика, мәдениет» - патша үкіметінің қоныстандыру саясаты және VII-ғасырдың басы –XX ғасырлардағаы Шығыс Қазақстандағы жүзеге асуы туралы жинақтың үшінші бөлімін жариялауға әзірлік барысы туралы, «Электронды мұрағат» бағдарламасын жүзеге асыру барыс туралы есептерді бекіту.

2009 жылы облыс мұрағаттар және құжаттама басқармасының СТК және ҚТҚО СТҒӘК жұмысын дәстүрлі түрде ұйымдастыру жоспарланды: басқарма құжаттамаларына, жеке бас текті құжаттарға, ғылыми-техникалық құжаттамалаға, кино-фото-фоно-бейне-сюжеттерге тізімдемелерді, анықталған аса құнды құжаттар мен істерді қарау және бекіту, сонымен қатар, жинақтардың жоспар-проспектілерін, көрмелердің тақырыптық-экспозициялық жоспарларын, мұрағат әрекеттерінің барынша маңызды бағыттары бойынша әдістемелік әзірленімдерді, оның ішінде мемлекеттік тілдегі әзірленімдерді даярлау барысын қадағалау, қорларды жетілдіру және қайта өңдеу қорытындыларын қарау, ведомстволық СК төрағаларының, Семей гарнизоны әскери сотының, М. Әуезов атындағы педагогикалық колледждің, «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы АҚ филиалының Семей жол бөлімшесінің ведомстволық мұрағаттарының меңгерушілерінің есептерін тыңдау.

Облыс мұрағаттар және құжаттама басқармасының СТК және ҚТҚО СТҒӘК бекіткен құжаттар көлемі келесі сандарды құрайды: басқарма құжаттамалары 9883 сақтау бірлігі, ғылыми-техникалық құжаттамалардың 310 сақтау бірлігі, жеке бас текті құжаттардың 680 сақтау бірлігі, киноның 25 есеп бірлігі, бейнесюжеттердің 40 есеп бірлігі, фотоқұжаттардың 340 сақтау бірлігі, фоноқұжаттардың 1 сақтау бірлігі.

Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету саласында құжаттар мен істері түгендеу және олардың жағдайын тексеру, қағаз негізіндегі құжаттар мен істердің физикалық күйін жақсарту, компьютерлік технологияны пайдалана отырып, өшуге айналған мәтіндерді қалпына келтіру және құжаттарды реставрациялау бойынша жыл сайын орындалатын жұмыс түрлері жоспарланды. Аса құнды құжаттар мен істерді анықтау бойынша, оның ішінде аудиобейне құжаттамалар бойынша, оладың оқшау сақталуы мен сақтық қорын жасау қамтамасыз етілген, тарихи-мәдени мұра объектілеріне жататын ҚР ҰМҚ құжаттарын анықтау бойынша жұмыс жалғастырылады.

Жеке бас текті құжаттарды жинақтау бойынша ұйымдастыру жұмыстары, облыстық маңыздағы айтулы оқиғаларға бейнетүсірім жасау, жергілікті газеттер, радио- және телехабарларға мақалалар мен жарияланымдар әзірлеу, экскурсиялар мен мектеп сабақтарын өткізу жоспарланды.

Жыл ішінде облыс мұрағат мекемелерінің басшылары мен мұрағатшылары ҚР республикалық мәжілістеріне, семинарларға, Мәдениет және ақпарат министрілігінің алқасына қатысу үшін облыс мемлекеттік мұрағатының филиалдары мен ҚТҚО-на, аудандық мұрағаттарға мұрағат әрекетінің барлық бағыттары бойынша тексерулер, әдістемлік және практикалық көмек көрсету үшін іссапарларды жүзеге асырады.


  1. Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету және олардың мемлекеттік есебі


Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры

құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету


«1994-2000 жылдарға және 2010 жылға дейінгі кезеңге арналған мемлекеттік мұрағаттарда сақтаулы ҚР ҰМҚ-ын сақтауды ұйымдастыруды және сақтауды қамтамасыз етуді дамыту және жетілдіру» ұзақ мерзімді бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында облыс мұрағат мекемелері істердің сақталуын қамтамасыз ету және олардың физикалық күйін жақсарту саласында жұмыстар жүргізеді.

2009 жылы мемлекеттік мұрағаттардың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін су құбырлары, жылумен жабдықтау, электрмен қамсыздандыру жүйелеріне алдын алу жұмыстары мен қажетті жөндеу және оларды маусымдық қадағалау, өндірістік ғимараттар мен қызметтік жайға кезекті жөндеу жұмыстары, өрт сөндіру құрал-жабдық алу жүзеге асырылады. ШҚО мұрағаттар және құжаттама басқармасы ғимаратына 5 млн.теңге сомасына жөндеу жүргізу жоспарланды.

Облыс мемлекеттік мұрағаты өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау мақсатында электроқшаулағыштың қарсылық күшін өлшеу, өрт сөндіргіштердің салмағын өлшеу, қайта толтыру, сонымен қатар, Головков көшесі, 26 ғимаратындағы автоматтандырылған газбен өрт сөндіруші станцияның баллонын қайта толтыру және оларға әрі қарай қызмет кеөрсетуді, Лениногор филиалына қосымша өрт сөндірігіш алуды көздеп отыр.

Аягөз филиалы кіреберіс тобын ауыстыруды, мұрағат қоймаларының бірінде жылу жүйесін орнатуды, линолеум төсеуді жоспарлады; Жарма филиалы қызметтік жайларды құрал-жабдықпен қайта жабдықтау, жылу жүйесінің ұсақ жөндеу жұмыстары мен электр құрал-жабдығын орнатуды көздеуде. Зайсан филиалы ғимаратқа кезекті жөндеу жұмыстарын, мұрағат қоймаларында қосымша электр жарығын жүргізуді жоспарлады; Зырян филиалында мұрағат қоймаларында жылу жүйесіне жөндеу жүргізу, қызмет бөлмелерінде косметикалық жөндеу көзделді.

ШҚО ҚТҚО ғимаратында өрт сөндіру жүйесін, күзет және күзет-өрт дабылдатқышын құру және қызмет көрсету жалғасады.

2009 жыл бойы мемлекеттік сақтаудағы құжаттарға арналған мұрағат қоймаларында оңтайлы жағдай туғызу бойынша бақылау-алдын-алу міндетті кешенді шараларын орындау, сонымен қатар, оларды қабылдағанда: құжаттарды бейімдеу, дезинфекция, дезинсекция (арнайы қызметтік көмегімен 177560 құжат өңделеді), құжаттарды шаңнан тазарту, мұрағат қоймаларындағы құжаттарды сақтаудың температуралық-ылғалдық және санитарлық-гигиеналық режимін сақтау жалғасады. Реставрация, құжаттарды тігу, өшуге айналған мәтіндерді жаңғырту, тозған қораптар мен жапсырмаларды ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізіледі.

2009 жылы құжаттардың физикалық күйін жақсарту үшін облыс мұрағат мекемелері 11432 істі (құжаттарды реставрациялағаннан, өшуге айналған мәтіндерді жаңғыртқаннан, құжаттарады сканерлеуден, көшірмелегеннен, бастауыш партия ұйымдары қорларын қайта өңдегеннен кейін) тікпек.

2009 жылы мемлекеттік сақтаудағы құжаттардың 29000 бетін (Бүкілодақтық Большевиктердің Коммунистік партиясы мен жұмысшы-шаруа инспекциясының Өскемен аудандық бақылау комиссиясы, мемлекеттік статистиканың ШҚО статистика басқармасының Киров аудандық инспектурасы, Семей ауыл шараушылық техникумы, Семей жүк өндірістік автокөлік басқармасы, Семей облыстық денсаулық сақтау басқармасы, «Шар», «Жарма», «Шілікті», Октябрь» және т.б. совхоздар) бетін реставрациялау жоспарланды.

Облыс мұрағат мекемелері 2009 жылы 31618 істі картондайды, қолмен 5130 қорап әзірлейді. Облыс мемлекеттік мұрағаты мен оның филиалдары бастауыш партия ұйымдарының қорларын қайта өңдегеннен кейін 40500 бетті нөмірлейді, 9000 сақтау бірлігін қайта картондайды, 1250 қорапты қайта шифрлейді, 4764 тозған жапсырмаларды ауыстырады, 2749 жаңа жапсырма әзірлейді.

Зайсан филиалы 60 сақтау бірлігін, шаруашылық бойынша кітаптардың 120 бетін формалин ерітіндісімен өңдеуді жоспарлады.

Келесі қорлардың істерінің өшуге айналған мәтіндердің 1582 бетін жаңғырту жоспарланып отыр: Қазақстан Коммунистік партиясының Өскемен қалалық Комитеті, Тарбағатай аудандық халық депутаттары Кеңесі және оның атқару комитеті, Семей облысы аппаратының білім беру департаменті, Семей облыстық халық депутаттарының Кеңесі және оның атқару комитеті, және т.б.

Жыл бойы облыс мұрағат қоймаларында 260588 істен астам шаңнан тазартылады.

Облыс мемлекеттік мұрағаты 2009 жылы 1 және 2 санатты 22 қор бойынша АҚҚ анықтау және тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау бойынша жұмыстарды жалғастырады (13140 сақтау бірлігі, оның 4330 бет бойынша, 8810 – атау бойынша қаралады). Бұл жұмыстарды орындау үшін келесі қорлар қаралады: Мурыгин Василий Егорович – Кеңес Өкіметін орнатуға қатысушы, 1919 жылғы Қазақстанның шығысында большевиктік астыртын ұйымның мүшесі, Бердус Иван Васильевич – гидроэлектростанцияның Лениногор каскадының директоры, Поповтар отбасылық қоры: Валентин Егорович – геологиялық-минерологиялық ғылымдардың кандидаты, Өскемен педагогикалық институтының жаратылыс тану факультетінің деканы, Ксения Ивановна – география ғылымдарының кандидаты, Өскемен педагогикалық институтының физикалық география кафедрасының доценті және т.б.

6950 АҚҚ тізімдемеленеді. АҚҚ анықтау қорытындысы есептік құжаттарға енгізіледі. Аягөз филиалы Аягөз аудандық Халық депутаттары Кеңесі және оның атқару комитеті қорының аса құнды құжаттарын анықтау үшін 1377 сақтау бірлігін қарайды (600 сақтау бірлігі бет бойынша, 777 сақтау бірлігі атау бойынша), Зайсан филиалы Зайсан ауданы әкімі аппараты қоры бойынша 1000 сақтау бірлігінен АҚҚ анықтау жүргізіледі (200 сақтау бірлігі бет бойынша, 800 сақтау бірлігі атау бойынша), 3 сақтау бірлігін тізімдемеу жоспарланып отыр, Зырян филиалы АҚҚ анықтау үшін «Маралды» ауыл шараушылық кәсіпорынының және Жоғары-Катун марал өсіру совхозының 243 сақтау бірлігін қарап (100 сақтау бірлігі бет бойынша, 138 сақтау бірлігі атау бойныша), 10 сақтау бірлігін тізімдемелейді. Аса құнды құжаттар анықтау мақсатында Лениногор филиалы Лениногор қалалық аумақтық сайлау комиссиясы біріктірілген қорының 33 сақтау бірлігін және Алтай ботаника бағы қорының 132 сақтау бірлігін қарауды және 2 сақтау бірлігін тізімдемелеуді жоспарлады, анықталған істер мен қорпатарға АҚҚ мөртабаны қойылып, істер бөлек қойылады. ААҚ анықтау қорытындысы есептік құжаттарға енгізіледі.

Облыс мемлекеттік мұрағаты сақтық қорын жасаудан өткен №5 «Яунродзинь Ян Янович –«Ударник колхозных полей» (Колхоз далаларының екпіндісі) газетінің редакторы» қорының, Украинка МТС саяси бөлімі және «Прииртышский коммунар» органының, №32 «Коншин Николай Яковлевич – саяси жер аударылушы, халық еркіндігін қорғаушы, өлкетанушы, дала өлкесін зерттеуші» қорының 257 аса құнды құжатын және сканерлеуден өткен №1 «Өскемен қалалық халық депутаттары кеңесі» қорының 149 сақтау бірлігін мөрлейді.

Аягөз филиалы №46 «Марқакөл ауданы мектептері» (192 с.б.) қорының аз пайдалынылатын құжаттарын, Зайсан филиалы Тарбағатай ауданы ауыл шаруашылық артельдерінің аз пайдаланылатын қорларының 446 с.б., №215 «Мәдениет қызметкерлері кәсіподағының Зайсан аудандық комитеті» және №252 «Қайрат» ЕСҚ Тарбағатай аудандық кеңесі» және басқа қорлардың аз пайдаланылатын құжаттарын мөрлеуді жоспарлап отыр.

2009 жылы облыс мемлекеттік мұрағаты «Ана даңқы» ордендерімен және медальдарімен марапаттау, қамқорлыққа алу және асырап алу бойынша және №1 «Өскемен қалалық халық депутаттар кеңесі» қорының құжаттарын сканерлеуді жоспарлады. 137 с.б. электрондық түрге ауыстыру жоспарланды, 27900 скан-образ жасалады. Аса құнды құжаттарды сканерлеу және сақтық қорын және жеке бас текті қорлардың пайдалану қорын жасау үшін оларды лазерлік дикаларға жазу жоспарланды. Бұл: №5 «Яунродзинь Ян Янович – «Ударник колхозных полей» газетінің редакторы», А.Н. және Б.А. Белослюдовтардың отбасылық қорлары, жиыны 257 са.б. сканерленеді.

Облыс мемлекеттік мұрағаты Ресей мұрағаттарында Өскемен педагогика институты тарих ғылымдарының кандидаты В.И. Петров анықтаған Өскеменнің Сібір казактары әскерінің тарихы бойынша құжаттарына пайдалану қорын жасау үшін фотопозитивтерді сканерлеу бойынша жұмыстарды жоспарлап отыр. 2400 позитив электрондық түрге көшіріледі. Электрондық құжаттарға толық мәтінді жедел қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін барлық сканерленген құжаттар «Регистратор архива» мәліметтер базасына нгізіледі.

Зырян филиалы лазерлік дискіге көшіру жолымен аса құнды құжаттарға сақтандыру қорын жасау бойынша жұмыстарды жоспарлап отыр. Бұл бағытта №163 «Жұмысшы, шаруа және қызыл армияшылар Кеңесі атқару комитетінің Бұқтырма уездік әкімшілік бөлімін» қорының, №172 «Бұқтырма уездік шаруа қоғамдық өзара көмек комитеті» және т.б. қорлардың 23 сақтау бірлігі, 61 парағы сканерлейді.

Облыс мемлекеттік мұрағаты құжаттардың 16 000 парағаны ксерокөшірмелейді (сұраныс орындағанда, оқу залдарында зерттеушілер жұмыс істегенде және т.б.).

Жыл бойы қағаз негіздегі 174 239 істің бар-жоғы мен физикалық жағдайын тексеру жүргізіледі. Бұдан өзге, 2008 жылы пйадалануда болған

Жыл ішінде 8968 с.б/нің санитарлық-билолгиялық жағдайы мен бар-жоғын тексеру жүргізіледі.

Жыл ішінде қағаз негіздегі 174239 істің бар-жоғы және физикалық жағдайы тексеріледі. Бұдан өзге, 2008 жылы пайдалануда болған 44157 іс тексеріледі. 2009 жылы 8668 с.б. санитарлық-биологиялық жағдайын, 2400 сақтау бірлігі фотоқұжаттардың және 15 с.б. фоноқұжаттардың техникалық жағдайын тексеру жоспарланып отыр. Құжаттардың бар-жоғы мен физикалық жағдайын тексерумен бір мезгілде істердің физикалық күйін есепке алу карточкалары мен істердің бар-жоғын тексеру актілері жасалады.

Облыс мемлекеттік мұрағаттары 200 қордың есептік құжаттарына салыстырып тексеруді жоспарлап отыр.

Әлеуметтік-құқықтық сипаттағы және тақырыптық сұраныстарды орындау, қорлардың ҒАА жетілдурі, АБҚ анықтау, бастауыш партия ұйымдарының істер тізімдемелерін қайта өңдеу үшін мұрағат қоймаларынан 380187 істерді және 31240 іс тізімдемелерін беруді көздеді. Құжаттарды қабылдау барысында оларды тиімді орналастыру және мұрағат қоймасы ішінде жылжыту жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры

құжаттарының мемлекеттік есебі


2009 жылы облыс мемлекеттік мұрағаттарының мемлекеттік есеп саласындағы жұмысы ҚР ҰМҚ құжаттарының мемлекеттік есебі жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асыратын болады. Осыған байланысты қағаз негіздегі құжаттардың, бейнефотоқұжаттардың, сақтық қорларының, қор тізімдерінің, іс тізімдемелерінің тізілімдерінің, АМҚ тізімдемелерінің тізілімін және т.б. түсуін есепке алу кітабын жүргізу бойынша жоспарлы жұмыстар атқарылады.

2009 жылы қор құжаттарының құрамы мен көлеміндегі өзгерістер туралы мәліметтер жасау, мұрағат қорларын жасау, ф.10 карточкаларға өзгерістер енгізу туралы жұмыстар жалғасады.

2009 жылы 208 жаңа қор парағын жасау, 99 қор парағына өзгерістер енгізу, 166 қор парағын жалғастыру және қайта жасау көзделіп отыр. Сонымен қатар, жаңа қорларға ф.10-ның 111 карточкасы жасалады, 109 қор карточкасына өзгерістер енгізледі, ф.10-ның 120 карточкасы қайта жасалады және аса құнды құжаттарды есепке ала отырып, жалғастырылады.

Мұрағат қоймаларының ішіндегі жылжытуларға, мемлекеттік сақтауға қабылдауға байланысты мұрағат қоймаларының паспорттарын нақтыландыру бойынша жұмыстарды жалғастыру жоспарланды.

2009 жылы «Архивный фонд» бағдарламалық кешенінің мәліметтер базасына өзгеріс енгізу жоспарланды, облыс мемлекеттік мұрағаты 257 партия қорынның, облыс мемлекеттік мұрағатының Зырын филиалы 23 қордың, Аягөз филиалы 30 қордың, Жарма филиалы 120 қордың, Зайсан филиалы 30 қордың, Лениногор филиалы 5 қордың мәліметтеріне өзгеріс енгізеді. Сонымен қатар, облыс мемлекеттік мұрағаты электрондық қорлық каталогқа деректер енгізу бойынша жұмыстарды жоспарлап отыр.



  1. Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыру. Мекемелердің, ұйымдардың кәсіпорындардың іс жүргізуіндегі ведомстволық мұрағаттарға және құжаттамаларды ұйымдастыруға ұйымдастыру-әдістемелік басшылық.

Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және олардың бірлестіктерінің мұрағаттарымен жұмыс.


2009 жылы мемлекеттік сақтауға басқарма құжаттамаларының ведомстволық сақтау мерзімі өтіп кеткен 12216 с.б., жеке құрам бойынша 31254 сақтау бірлігін, ҒТҚ 310 с.б., киноқұжаттардың 25 с.б., бейнеқұжаттардың 40 с.б., фоноқұжаттардың 1 с.б., жеке бас текті құжаттардың 828 с.б. қабылдау көзделді.

Облыс мемлекеттік мұрағаты «Студия Реал-Тайм» ЖШС-мен, «Қазақстан» республикалық телерадиокорпарациясы» АҚ Шығыс Қазақстан облысы филиалымен» аудиобейне құжаттамалармен жабдықтау бойынша ұйымдастыру жұмыстарын жалғастырады.

Келесі жеке бас текті құжаттар ұстаушылармен жабдықтау бойынша жұмыстар жалғастырылады: ҰОС ардагері Л.Н. Синельников, ҚР журналистер Одағының мүшесі Ж.А. Қамбаров, Қазақ ССР жазушылар Одағының мүшесі С. Хасимов, «Поиск» тарихи-патриоттық клубтың басшысы В.И. Гущин, тарихи-өлкетану мұражайының директоры, ақын, публицист К.А. Байгужинов, Шығыс Қазақстан мәслихатының хатшысы В.И. Ахаев; «Мой город» ЖШС бас директоры Г.Н. Пуссеп, спорт шолушысы, «Е гемен Қазақстан» газетінің штаттан тыс тілшісі, жазушы О. Елубай, ақын, прозаик, «Ертіс» журналының бас редакторы С.Г. Габдуллин, режиссер-оператор, ҚР еңбек сіңірген қызметкері, киноқұжатшы А. Лаптев, ҰСА А. Мұстафин, З. Абикенов, Ж. Сұлейменов, Кеңестер Одағының Батыры А.А. Колчин, Л.М. Рищин, С.Ф. Сафонов, И.М: Астафьев және т.б.

2009 жылы ведомстволық сақтаудағы құжаттардың оның ішінде құпия іс жүргізу құжаттарының құндылығына сараптама жасау бойынша жұмыстар жалғастырылады. Облыс мұрағаттар және құжаттама басқармасының СТК-да басқарма құжаттамаларының 9883 с.б., ғылыми-техникалық құжаттаманың 310 с.б., киноқұжаттардың 25 с.б., фоноқұжаттардың 1 с.б., жеке бас текті құжаттардың 680 с.б. бекіту жоспарланды. Ведомстволық мұрағаттардың қызметкерлеріне тұрақты, ұзақ мерзімді істер тізімдемелерін облыс мұрағаттар басқармасы СТК-на ұсынуға дайындауда әдістемелік және практикалық көмек көрсетіледі.

Семей педагогоикалық институтының, Төлебаев атындағы музыка колледжінің, мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің кәсіподағының, Семей қаласы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің, Шығыс әскери округінің әскери прокуратурасының, Семей қаласы білім беру бөлімінің және т.б. құжаттарына ғылыми-техникалық өңдеу жүргізіледі.

2009 жылы 87 ұйымға басқарма құжаттамаларына ҒТӨ жүргізу қажеттігі және 17 ұйымға құжаттарын өңдеп, мемлекеттік сақтауға беру қажеттігі туралы хаттар жолданды, олар: Ұлан ауданының АХАЖ бөлімі, Өскемен қаласының, Глубокое ауданының, Ұлан ауданының прокуратурасы, ШҚО бойынша ҚР Бас прокуратурасының құқықтық сататистика және арнайы есеп жөніндегі комитеті басқармасы, ШҚ аймақтық аз қамтылған азаматтарды қолдау жөніндегі қор, «ШҚ гидрометерологиялық орталығы» МКД және т.б., сонымен қатар мұрағаттар сақтаудағы құжаттарын құпиясыздандыру қажеттігі жөнінде ұйымдарға хаттар жолдау жоспарланып отыр.

Меншіктің мемлекеттік емес түріндегі 46 ұйымымен мұрағат ісі және құжаттамамен қамтамасыз ету саласында өзара қарым-қатынас туралы келісім шарттар жасасу және оларды ұзарту бойынша жұмыстар жалғасады.

2009 жылы облыс мемлекеттік мұрағаттары ҚР төтенше оқиғалар жөніндегі министрілігі жүйесінің ұйымдарында құжаттау және құжаттарды сақтауды ұйымдастыруға кешенді тексеру қорытындысы бойынша 19 бақылаулы тексерулер жүргізіледі, сонымен бірге ҚР мұрағаттар және ақпараттар комитетінің тапсырмасы бойынша ҚР сот билігі органдарының құжаттарын ведомстволық сақтау және құжаттандыру жағдайына кешенді тексеру жүргізілмек.

Облыс мемлекеттік мұрағаттары мекемелердің, ұйымдардың және кәсіпорындардың іс жүргізуінде ведомстволық мұрағаттардың құжаттарды ұйымдастыруына ұйымдастыру-әдістемелік аясында ұйымдармен жұмыстарды жалғастырады. Ұйымдардың құжаттаманы басқару қызметтерінің және ведомстволық мұрағаттардың қызметкерлеріне іс жүргізу туралы нұсқаулықтар әзірлеу, ведомстволық мұрағаттар, ОСК, СК туралы ереже, ҰӨҚ бланкілерін, істер номенклатурасын, оның ішінде құпия іс жүргізу номенклатурасын жасауда көмек көрсетіледі. Іс жүргізу және мұрағат жұмыстары сұрақтары бойынша мекемелерде мәжілістер мен семинарлар өткізуге қатысу жоспарланып отыр. Құжаттамамен қамтамасыз ету және ведомстволық мұрағаттар қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында құжаттамен қамтамасыз ету және ведомстволық мұрағаттар жұмысының негізгі сұрақтарын зерделеу бойынша курстар өткізіледі. Білім беру жүйесінің, Әкімдер аппараттарының, телекоммуникация түйінінің, Семей медициналыық колледжінің қызметтерінің қызметкерлеріне арналап 13 семинар өткізіледі.

Келесі мекемелердің ведомстволық мұрағаттарында тақырыптық тексерулер жүргізіледі: Төлебаев атындағы музыка колледжі, «Қазақстан Темір жолы» АҚ филиалының Семей жол бөлімшесі, Қалматаев атындағы Семей медицина колледжі, «Семей қаласы қала құрылысыы және құрылыс бөлімі» ММ, «Ертіс бассейндік су шаруашылығы басқармасы» ММ.



  1. Ақпараттық іздеу жүйесін жасау, ғылыми ақпарат

және құжаттарды пайдалану.

2009 жыл ішінде облыс мемлекеттік мұрағаттары келесі тұлғалардың жеке бас текті құжаттарын тізімдемелеу бойынша жұмыстарды жалғастырады: С. Ғабдуллин – ақын, Қазақ ССР Жазушылар одағының мүшесі; Қ. Бітібаева – КСРО халық ағарту ісінің үзідігі, Қазақстан Республикасынің құрметті білім беру қызметкері; С.Н. Герасимов – экономикалық ғылымдар кандидаты, өлкетанушы, жазушы; В.С. Федоров - тарих ғылымдарының кандидаты; П.С. Тихоновская – Риддер қаласының құрметті азаматы; А.С. Куленов – В.И. Ленин атындағы Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты директоры. Жиыны 817 сақтау бірлігі тізімдемеленеді.

2009 жыл ішінде ғылыми-техникалық құжаттаманың 310 с.б., киноқұжаттардың 25 с.б., бейне құжаттардың 40 есеп бірлігі, фотоқұжаттардың 305 с.б., фоноқұжаттардың 1 с.б. тізімдемеленеді.

Аягөз филиалында «Аягөз сүт зауыты» (83 с.б.), «Аягөз көлігі» (251 с.б.), қорларының, Зайсан филиалында ауданның ауыл округтерінің 12 қорының (1009 с.б.), Жарма филиалында «Георгиевка ауыл округі» (311 с.б.) қорының тізімдемелерін жетілдіру бойынша жұмыстар жоспарланды.

2009 жылы облыс мемлекеттік мұрағаты бастауыш партия ұйымдарының және атап айтқанда Өскемен қаласы бастауыш партия ұйымдарының қорларын қайта өңдеу (3400 с.б.) бойынша жұмыстарды аяқтауды көздеп отыр.

Қорлардың ҒАА жетілдіру мақсатында облыс ҚТҚО келесі қорларға 3 тарихи анықтама жасамақ: Семей қалалық денсаулық сақтау бөлім, Семей губерниялық халыққа білім беру бөлімі, облыстық денсаулық сақтау бөлімі.

2009 жылы облыс мұрағат мекемелері басқарма құжаттамаларының 2614 с.б., жеке бас текті құжаттардың 412 с.б. (242 карточка), ғылыми-техникалық құжаттамалардың 80 с.б. (80 карточка), бейне құжаттардың 32 есеп бірлігін, фотоқұжаттардың 305 с.б., фоноқұжаттардың 1 с.б. каталогтауды жоспарлады.

Бұлар келесі қорлар: Өскемен қалалық халық депуттары Кеңесі және оның атқару комитеті, Калинин, Киров, Ленин қалалық Қазақстан партиясының аудандық комитеттері, Семей тері-елтірі бірлестігі, Семей облыстық дене тәрбиесі және спорт комитеті, КСРО журналистер одағының мүшесі, «Восток» әдеби-көркем журналының бас редакторы, «Свобода» халықаралық радиосының тілшісі, ҰОС қатысушы Ш.М. Мусиннің, журналист, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, К. Сақабаевтың, Қазақ ССР еңбек сіңірген зоотехнигі Т.М. Мусиннің жеке бас текті қорлары. Лениногор филиалы «Лениногорская правда», «ЛЗ сегодня», «Вечорка», «Вестник Казцика» газеттерін каталогтауды – 120 карточка жалғастырады.

Облыс ҚТҚО мемлекеттік сақтауға түске барлық КФФД каталогтауды жоспарлады. «СОММ (ҚТҚО) қорлары бойынша анықтамалық» автоматтандырылған мәліметтер базасына жаңа түскен құжаттарға сәйкес толықтырулар енгізілетін болады.

Барлық жасалған карточкалар каталогқа қосылады.

Облыс мемлекеттік мұрағаттарындағы құжаттарды пайдалану саласындағы жұмыстар келесі оқиғаларға тығыз байланысты болады: саяси жер аударылушы, халық еркін қорғаушы, өлкетанушы Н.Я. Коншиннің туғанына 145 жыл толуы; профессор, өлкетанушы В.А. Хахловтың туғанына 115 жыл толуы; өлкетанушы Д.Г. Панкратьевтің 110 жылдығы, Жамбыл туындыларының аудармашысы П.Н. Кузнецовтың туғанына 100 жыл толуы; ақын П.Н. ВАсильевтің туғанына 100 жыл толуы; ертегіші П.П. Бажовтың туғанына 130 жыл толуы; КСРО халық ағарту ісінің үздігі К.И. Попованың 90 жылдығы; Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігі Е.К. Тұрлыбаевтың туғанына 80 жыл толуы; мұрағат ісінің үздігі, еңбек сіңірген мәдениет қызметкері С.Е. Черныхтың туғанына 75 жыл толуы. Бұл оқиғаларға 19 фотоқұжатты көрме, 8 телехабар, 56 мақала, 24 ақпараттық хат, 12 мектеп сабағы арналады.

Студенттер мен мектеп оқушыларына мұрағат бойныша 17 экскурсия өткізіледі. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің тарих факультеттерінің студенттеріне мұрағат практикасы жүргізіледі.

Фотоқұжатты көрмелер, құжаттар жинағын даярлау үшін 1600 құжат пен фотон сканерленеді.

2009 жылы облыс мемлекеттік мұрағаты ғалым, өлкетанушы Б.Г. Герасимовтың еңбектенінің факсимильді басылымы, «Шығыс Қазақстан: тарихы, экономикасы, мәдениеті», 2010 жылы басылуы көзделіп отырған «Патша өкіметінің қоныстандыру саясаты және оның Шығыс Қазақстанда жүзеге асуы» құжаттар жинағы бойынша жұмыстар жалғастырылады. Саяси жер аударылушы, халық еркін қорғаушы, өлкетанушы, Орыс географиялық қоғамының Батыс Сібір бөлімі Семей бөлімшесінің құрылтайшысы Н.Я. Коншиннің, Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігі Е.К. Тұрлыбаевтың өмірі мен қызметі туралы «Шығыс Қазақстан өлкетанушылары», сонымен бірге «Жамбыл атындағы театр тарихы құжаттарда» құжаттар жинағы баспаға әзірленеді.

2009 жыл ішінде Н.Я. Коншиннің 145 жылдығына арналған жыл сайынғы Белослюдовты оқу, «Невада-Семей» ядроға қарсы қозғалыстың құрылуына 20 жыл толуына байланысты Семей қаласында қалалық ғылыми-практикалық конференция өткізіледі.

Мұрағат құжаттары бойынша Аягөз филиалы «Жанарбек Шүленбаев – Социалистік Еңбек Ері» буклетін, Зырян филиалы «Зыряновск», «Зырян ауданының Кутиха селосы», «Зырян қаласындағы Ленини комсомолының мектебі», «Социалистік Еңбек Ері Н.К. Жақсыбаев» кітапшаларын дайындайды, Зырян филиалы 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысушылармен, Зырян қаласының құрметті азаматы А.К. Алпыспаевпен кеш-кездесу өткізуді жоспарлады.

Лениногор филиалы «Лениногор қаласының Кеңес Одағы Батырлары» (В.М.Безголосов, С.К.Гуляев, Д.И.Ефремов, А.А.Колчин, Л.М.Рощин, А.В.Сумин, Т.Тоқтаров және Даңқ Орденің үш дәрежесінің иегері М.Т.Тютеньков туралы) жинағының жоспар-проспектісін әзірлеуді жоспарлады.

Облыс мемлекеттік мұрағаты А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханамен шығармашылық ынтымақтастықты жалғастырады және «Ертіс жеріндегі із» шығармашылық кешіне және «2010 жылға арналған Шығыс Қазақстанның айтулы және естелікті күндер күнпарағын бірлесе әзірлейді.

Облыс мемлекеттік мұрағаттары ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлардың жұмысына, ұлттық-мәдени орталықтардың, кітапханалардың, мұрайжалардың бірлескен жұмыстарына, мұрағаттардың оқу залдарындағы зерттеушілердің жұмысын қамтамасыз етуге белсене ат салысады.

Облыс мұрағат мекемелерінің қызметтік әр түрлі бағыттардағы барынша қызықты жұмыстар «Қазақстан мұрағаттары» журналында және жергілікті «БАҚ»мақалалары ман ақпараттарында көрініс табады.

2009 жылы облыс мұрағат мекемелері әлеуметтік-құқықтық сипаттағы 37732 сұранысты, мекемелердің, кәсіпорындардың және қоғамдық ұйымдардың 440 тақырыптық сұраныстарын, ҚР ІІМ тарапынан түскен сұраныстарды орындайды.


  1. Ғылыми-техникалық ақпарат. Кадрлардың біліктілігін арттыру. Ұжымның әлеуметтік дамуы.


2009 жылы облыс мемлекеттік мұрағаттарының іс-әрекетін ақпараттық қамсыздандыруға облыс мұрағаттар және құжаттама басқармасы бойынша Шығыс Қазақстан облысы электрондық әкімдігінің бағдарламашасын жүзеге асыру ісшараларын орындау жол ашады, оның аясында облыс мұрағаттар басқармасы мен ҚТҚО-да локальді жүйені жасау және кеңейту, ШҚО Әкімінің сайты мен «Шығыс Қазақстан облысы мұрағаттар қызметі» сайтына ақпараттық қолдау көрсету жоспарланып отыр.

«Электронды мұрағат» жасау бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2009 жылы қажетті компьютерлік және оргтехника алу бойынша, бөлінген канал бойынша Интернетке қосылу бойынша, қажетті мәліметтер базасын жасау бойынша, және басқа да ақпараттық технологияға қатысты сұрақтар бойынша әрі қарайғы жұмыстар жоспарланды. Облыс мемлекеттік мұрағаты өндірістік оқу, семинарлар, конференциялар, облыстық мәжілістер жүргізу үшін мультимедиялық тұсаукесер жасауды көздеп отыр.

Әдістемелік тұрғыда облыс мемлекеттік мұрағаты «Ғылыми-техникалық құжаттарды ғылыми техникалық өңдеу» әдістемелік кеңесін жасайды.

2009 жылға ҚР ОММ-на және Ресейдің Омбы облысының Мемлекеттік мұрағатына құжаттар анықтау бойынша, сонымен қатар, басшылар мен мамандардың облыс қалалары мен аудандарына ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету және облыс мемлекеттік мұрағатының іс-әрекетін тексеру бойынша іссапарлар жоспарланды.

Ұйымдастыру, практикалық және ғылыми-әдістемелік әрекеттерді ақпараттық қамсыздандыру мақсатында мұрағаттар басқармасы, облыс мемлекеттік мұрағаты және оның филиалдары, аудандық мұрағаттар 2009 жылға кезеңдік басылымдарға жазылды: Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы, Қазақстан Республикасы парламентінің Ведомостері, «Отечественные архивы» журналы, «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Дидар», «Рудный Алтай», «Қазақстан батырлары» газеттері.

Облыс мұрағат мекемелерінің жұмысын ұйымдастыру тиімділігін арттыруға әр түрлі бағыттардағы компьютерлік технологияны ендіру жол ашады: «Архивный фонд» бағдарламалық кешенін ендіру, «электронды мұрағат» және мәліметтер базасын жасау, өшуге айналған мәтіндерді қалпына келтіру, ҒАА жетілдіру, ведомстволық мұрағаттармен жұмыста есепке алу және т.б.

Құқықтық және өндірістік оқу өткізу жоспарына Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін зерделеу, пайдалану және тарату мақсатында республиканың және шет елдердің мұрағатшыларының алдыңғы қатарлы тәжірибелерімен танысу, мұрағат жұмысына байланысты өзекті мәселелерді талқылау, облыстық және жергілікті әкімдікпен келісілген жоспар бойынша мемлекеттік тілді оқыту сабақтарын жүргізу алынған.

Ғылыми-кеңес органдарының мемлекеттік мұрағаттардың СТК, СТҒӘК, СК жұмыстары жалғасады, оларда облыс мұрағаттарының жұмысын жоспарлау және есеп беру сұрақтары, әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұраныстары орындау жұмыстарын талдау, облыс мемлекеттік мұрағаттарын жабдықтау тізімін нақтыландыру, құжаттардың құндылығын сараптау және ғылыми-техникалық өңдеу, мұрағат жұмысының барынша маңызды бағыттар бойынша әдістемелік әзірленімдер және т.б. қаралады.

Мұрағат әрекетінің сұрақтары бойынша семинарлар өткізу жоспарланды, олар облыс мұрағатшыларының облыстық кеңесіне сәйкестендіріледі.

Ведомстволардың құжаттамалық қамсыздандыру қызметінің қызметкерлеріне ұйымдарға құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу, істер номенклатурасын жасау, стандарттар мен ережелерді ендіру, ведомстволардың кеңесу органдарының жұмысына қатысу сұрақтары бойынша ұйымдарға кеңес беру үшін барулар барысында кеңес-семинарлар өткізіледі. Облыс мемлекеттік мұрағаты мен облыс ҚТҚО жанындағы мұрағаттар мен құжаттаманы басқару қызметтерінің ведомстволық қызметтерінің кадрларының біліктілігін арттыру курстары өз жұмыстары жалғастырады.

Облыс мемлекеттік мұрағаттарының іс жүргізуді мемлекеттік тілге кезең бойынша көшіру ісшараларының жоспарлары жүзеге асырылады: нормативтік-әдістемелік құжаттар жасау, алқалы органдар мәжілістерінің хаттамаларын мемлекеттік тілде жүргізу, облыс мемлекеттік мұрағаттарымен мемлекеттік тілде хат алмасуы.

2009 жыл бойы ШҚО Әкімі жанандағы мемлекеттік қызметшілерді оқыту аймақтық орталығында облыс мұрағаттар және құжаттама басқармасы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, сонымен қатар, мемлекеттік заңды тұлғалардың іс жүргізу және мұрағат қызметтерінің мемлекеттік мұрағаттар, мемлекеттік заңды тұлғалардың іс жүргізу және мұрағат қызметтерінің қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын тұрақты жұмыс істейтін курстарда облыс аудандары мұрағаттарының қызметкерлерінң біліктілігін арттыру көзделіп отыр.

Мұрағатшылардың әлеуметтік жағдайларын жақсарту мақсатында ұжым, әкімшілік және кәсіподақ арасында әлеуметтік-экономикалық құқық пен ұжым мүддесін қорғау бойынша ұжымдық келісім шарттар жасалады және ұзартылады.


Облыс мұрағаттар және құжаттама

басқармасының бастығы Е. Аязбаев


Управление архивов и документации

Восточно-Казахстанской области УТВЕРЖДАЮ
  1   2   3

Похожие:

2009 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі бағыттары icon2 9 Мұрағат ісі
Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат істерінің дамуына жасалған талдау соңғы жылдар ішінде мұрағат өрісінің қызмет ету саласында ілгерілеудің...
2009 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі бағыттары iconҰ лтты қ м ұ ра ғ ат қ оры ж ә не м ұ ра ғ аттар туралы Қ аза қ стан Республикасыны ң
Осы Заң Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын қалыптастыру, сақтау мен пайдалану және Қазақстан Республикасындағы...
2009 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі бағыттары iconМм «Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық білім бөлімінің» 2010-2014 жылдарға арналған
Зайсан аудандық білім бөлімінің білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттары және бағдарламаны іске асыру тетігі
2009 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі бағыттары iconШығыс Қазақстан облысының әкімдігі Шығыс Қазақстан облысының аумақтарын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы әң желтоқсандағы №26/315-iv шешімімен бекітілген
2009 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі бағыттары icon«сертификаттау» Сертификаттаудың негізгі ұғымдары мен анықтамалары
Сәйкестік шкаласы. Өндірушінің және тұтынушының тәуекелдері. Сертификаттауды дамытудың жағдайы және негізгі даму бағыттары: Сәйкестікті...
2009 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі бағыттары iconШығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы Сессияның №8/104-v шешімімен бекітілген Шығыс Қазақстан облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
Туризм
2009 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі бағыттары iconЗайсан ауданы агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуының 2006-2010 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы паспорт
Рақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы Қазақстан Республикасы...
2009 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі бағыттары iconМұғалімдер мен мектеп оқушыларының меңгеруіне
Назарбаев бекіткен 2020 жылға дейін Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында анықталған электрондық оқыту – білім беруді...
2009 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі бағыттары iconУправление архивов и документации восточно-казахстанской области «ШЫҒыс қазақстан облысының мемлекеттік мұРАҒаты» мм гу «государственный архив восточно-казахстанской области»
Государственный архив Восточно-Казахстанской области: Мұрағат мекемелерінің Қазақстан тарихында алатын орны. Шығыс Қазақстан облысының...
2009 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі бағыттары iconҚазақстан республикасының Ұлттық МҰРАҒат қорын толықтыратын шығыс қазақстан облысыныңі мемлекеттік мұРАҒатында және толықтыру (жинақтау)
...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница