1 Оқытушы туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары




Скачать 241.16 Kb.
Название1 Оқытушы туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары
Дата конвертации10.02.2016
Размер241.16 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://psu.kz/arm/upload/umk/84684.doc

Пән бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.8/37



Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі


С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Физика және аспап жасау кафедрасы


5В060400 - «Физика» мамандығының студенттеріне арналған


«Механика»


ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)




Павлодар


Пән бойынша оқыту бағдарламасын

бекіту парағы (Syllabus)




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.8/38


БЕКІТЕМІН

Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің деканы

________________Нұрбекова Ж.Қ.

«__»__________________2010 ж.


Құрастырушы: профессор ______________Биболов Ш.Қ.


Физика және аспап жасау кафедрасы


Күндізгі оқу формасында оқитын 5В060400 - «Физика» мамандығының студенттеріне арналған «Механика»


ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ


Бағдарлама 2010 ж. «__»______бекітілген оқу жұмыс бағдарламасының негізінде әзірленген.

2010ж. «___» _________кафедра отырысында ұсынылған. Хаттама № ____.


Кафедра меңгерушісі _________Биболов Ш.К. 2010ж. «____»_____________


ФМжАТ факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған

2010ж. «____»_____________хаттама №_____.


ОӘК төрағасы _______________________________ Ж.Г.Мұқанова


1 Оқытушы туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары


Биболов Шахизада Қапсаттарұлы – ф.-м.ғ. к., С. Торайғыров атындағы ПМУ профессоры (дәрістер, тәжірибелік сабақтар).

Физика және аспап жасау кафедрасы негізгі оқу корпусында (Павлодар қаласы, Ломов к. 64 үй) А-313 аудитроиясында орналасқан,

Байланысу телефоны: 67-36-26.


2 Пән туралы мәліметтер

Пән ұзақтылығы 15 апта 1 семестрде оқытылады. Пәннің жалпы көлемі – 135 сағат, олардың ішінде 45 сағат – аудиториялық, 90 сағат – студенттердің өздік жұмысына (СӨЖ) арналған.


3 Пәннің еңбек сыйымдылығы

Семестр


Кредиттердің саны

Аудиториялық сабақтардың түрлері бойынша сағаттар

Студенттің өздік жұмыстың сағаттардың саны


Бақылау түрі

Барлығы

Дәріс

Тәжір

зертх

студ.

жекеленген

Барлығы

СОӨЖ

емтихан

5

2

45

15

22,5

7,5

-

-

90

45


4 Пәннің мақсаты және міндеттері

Механика дегеніміз бақылаулардың, күнделікті өмірдегі тәжірибелердің және арнайы жасалған экспиременттердің жалпылама қортындысы екенін көрсету.


5 Білімге, икемділікке және дағды-машықтарға қойылатын талаптар

Механиканың физикалық негіздерін оқудың нәтижесінде студент мыналарды білуі қажет:

· механика курсының негізгі ұғымдарын және физикалық шамаларын;

· механиканың негізгі заңдары мен принциптерін, олардың логикалық мағынасын және математикалық өрнегін;

· негізгі механикалық құбылыстарды;

· физикалық модельдер (үлгілер) мен гипотезалардың қолдану шегі туралы нақты түсінігі болуы;

· механиканың (жэне жалпы физиканың) даму тарихының түпкілікті кезендері туралы нақты түсінігі болуы қажет;

Механиканың физикалық негіздерін оқу нәтижесінде студент мыналарды істей білуі қажет:

· физиканың негізгі заңдары мен жекеленген нақты есептерін дұрыс арақатынасын тауып, оларды физиканың және физикаға шектес ғылымның басқа салаларының есептерін шешуге пайдалануды;

· физикалық негізгі аспаптарды пайдалануды; қарапайым физикалық эксперименттерді қоюды және оны шешуді, алынған нәтижелерді өңдеуді, талдауды және бағалауды;

· қарапайым физикалық құбылыстардың математикалық моделін жасауды және оларды зерттеу үшін керекті математикалық аппаратты, оның ішінде есептеуіш математика әдістерін пайдалануды.


6 Пререквезиттер

Механиканы игеру үшін ең алдымен студенттер орта мектеп деңгейінде физиканы, математиканы, оның ішінде алгебра, геометрия және тригонометрияны білулері қажет.

Студент математикалық анализ бен векторлық алгебраның негізгі есептеу әдістерін білуі қажет.


7 Постреквезиттер

Пәнді оқу кезінде алынған білім жалпы және теориялық физика курстарын меңгеруге қажет.


8 Тақырыптық жоспар



Тақырыптардың атауы

Сабақтардың түрі бойынша бөлінген байланыс сағаттары

Дәр.

Тәж.

Зерт.

Сөж

1

2

3

4

5

6

1

Кинематика

2

3

1

10

2

Материалдық нүкте динамикасы

3

4

1

15

3

Сақталу заңдары

2

4

1

15

4

Қатты дене динамикасы

3

4

2

15

5

АСТ негіздері

1

2

-

10

6

Сұйықтар мен газдар механикасы

1

2

1

10

7

Тербелістер мен толқындар

3

3,5

1,5

15



БАРЛЫҒЫ


15

22,5

7,5

90



9 Пәннің қысқаша мазмұны

Механика курсында денелердің және олардың бөліктерінің кеңістікте уақыт өте болатын салыстырмалы қозғалысы қарастырылады. Механика заңдары көптеген эксперименттік мәліметтерге негізделеді. Механика дегеніміз бақылаулардың, күнделікті өмірдегі тәжірибелердің және арнайы жасалған экспиременттердің жалпылама қортындысы екенін көрсету. Механика-эксперименттік ғылым болғандықтан студенттерді бақылау, физикалық шамаларды өлшеу және эксперимент жасаудың негізгі әдістерімен таныстыру қажет, пәнді оқыту физикалық демонстрациялар көрсетумен және жалпы физикалық практикумның лабораториялық жұмыстарын жасатумен қоса жүргізілуі қажет.

Механика адекватты математикалық түрде түжырымдалған физикалық теория болғандықтан студенттер алған теориялық білімдерін механиканың практикалық есертерін шығаруға пайдалана білуді игеруі қажет. Сондықтан лекциялар жеткілікті түрде математикалық аппаратты пайдаланып оқылуы қажет және физикалық есептерді шығаруды үйрету үшін есеп шығаратын практикалық сабақтар қоса жүргізіледі.


10 Курстың компоненттері

10.1 Дәрістердің мазмұны

1 тақырып. Кинематика.

Кіріспе. Физика ғылымы. Физиканың құрылымы және мазмұны, басқа ғылымдармен байланысты. Механиканың есебі. Кеңістік және уақыт туралы ұғым. Материялық нүкте, санақ жүйесі, қозғалыстың салыстырмалылығы. Ұзындық және уақыт эталондары. SI бірліктер жүйесі.

Ілгермелі қозғалыстың кинематикасы. Қозғалыс заңы, траектория, жол, орын ауыстыру. Жылдамдық және үдеу. Галилей түрленулері. Тангенциялдық және нормалдық үдеу. Түзу сызықты және қисық сызықты қозғалыс.

Айналмалы қозғалыстың кинематикасы. Шеңберлі қозғалыс. Бұрыштық орын ауыстыру, жылдамдық, үдеу. Бұрыштық және сызықтық шамалардың байланысы.

2 тақырып. Материалдық нүкте динамикасы.

Ньютон заңдары. Инерциалды санақ жүйелері. Күш. Масса. Импулсь. Күштердің суперпозициясы. Галилей салыстырмалылық принципі.

Іргелі әсерлесулер. Гравитация. Ауырлық күші және салмақ. Серпімділік күші. Үйкеліс күштері.

Материялық нүктелер жүйесі. Ішкі және сыртқы күштер. Тұйық жүйе. Массалар орталығы, оның қозғалысы. Импульс сақталу заңы. Реактивті қозғалыс. Мещерский және Циолковский теңдеулері.

Күш моменті және жүйенің импульс моментінің өзгерісі. Импульс моментінің сақталуы.

3 тақырып. Сақталу заңдары.

Материялық нүктелер жүйесінің энергиясы. Консервативті және диссепативті күштер. Соқтығыстар. Серпімді және серпімсіз соқтығыстар.

Жұмыс және қуат. Кинетикалық энергия. Потенциалдық энергия және оның күшпен байланысы. Гравитациялық және серпімді күштердің потенциалдық энергиясы.

Үйкеліс күшінің жұмысы және энергияның шашырауы.


4 тақырып. Қатты дене динамикасы.

Абсолют қатты дене. Ілгермелі және айналмалы қозғалыс. Еркіндік дәрежелері. Күш моменті, күштер жұбы. Әр түрлі денелердің инерция моменттері. Штейнер теоремасы.

Импульс моменті, тұйық жүйеде оның сақталуы. Айналмалы қозғалыстағы энергия және жұмыс. Гироскоп қозғалысы.

Қатты денелердің серпімділігі. Диформациялар түрі. Гук заңы. Серпімділік модулдері. Серпімді диформацияланған денелердің энергиясы.

5 тақырып. АСТ негіздері.

Эйнштейн постулаттары. Лоренц түрленулері. Ұзындық және уақыт аралығының салыстырмалығы. Жылдамдықтардың релятивистік қосылу заңы.

Релятивистік импульс және энергия. Масса, импульс және энергия байланысы. Толық энергия.

Инерциалды емес санақ жүйелеріндегі қозғалыс. Инерция күштері. Ортадан тепкіш күш. Кориолис күші. Фуко маятнигі.

6 тақырып. Сұйықтар мен газдар механикасы.

Сұйықтар және газдардың статикалық күйлері. Қысым және оның газдар, сұйықтарда үлесуі. Паскаль заңы. Архимед күші.

Идеал сұйық және оның ағу (Бернули) теңдеуі. Торичелли формуласы.

Тұтқырлы сұйық, оның ағуы. Ішкі үйкеліс. Ламинарлы және турбулентті ағындар. Рейнольдс саны. Газдарда және сұйықтарда денелердің қозғалысы. Стокс және Пуазель формулалары. Мандайлық кедергі, көтеруші күш. Магнус эффектісі.

7 тақырып. Тербелістер мен толқындар.

Тербеліс. Гармониялық тербеліс, оның амплитудасы, жиілігі, фазасы. Векторлық диаграмма. Гармониялық тербелістердің қосылуы. Соғу.

Осциляторлар: серіппелі, математикалық, физикалық, бұрандалы. Тербелістің кинетикалық, потенциалдық және толық энергиясы.

Өшетін тербеліс, оның периоды. өшу коэфициенті, логарифмдік декремент, сапалық. Мәжбүрленген тербеліс. Резонанс.

Серпімді ортадағы механикалық толқын. Бойлық және көлденен толқындар. Қума толқын теңдеуі.

Толқынның энергиясы, қарқындылығы және энергия ағыны. Умов векторы.

Толқындар қосылуы. Тұрғын толқын. Фазалық және топтық жылдамдықтар. Толқындар дисперциясы.

Дыбыс және оның сипаттамалары. Әр түрлі ортадағы дыбыс жылдамдығы. Доплер құбылысы. Ультра - және инфрадыбыс, оларды қолдану.


10.2 Практикалық сабақтардың тізімі және мазмұны

п/п

Тақырып

Мазмұны

Сағаттар көлемі

1

2

3

4

1

Кинематика

Түзу бойынша материялық нүктенің қозғалысы. Бұрыштық шамалар. Шеңберлі қозғалыс.

Материялық нүктенің қисықсызықты қозғалысы.

3

2

Материалық нүктенің динамикасы


Ньютон заңдары. Механикадағы күштер. Массалар орталығы және оның қозғалысы. Ішкі және сыртқы күштер. Импульс және импульс моменті, олардың өзгерісі. Реактивті қозғалыс.

4

3

Сақталу заңдары


Жұмыс және қуат. Энергия. Импульс сақталу заңы. Серпімсіз соқтығыс. Энергия сақталу заңы. Серпімді соқтығыс. Импульс моментінің сақталуы. Гравитациялық өрістегі қозғалыс.

4

4

Қатты дене динамикасы


Айналмалы қозғалыстың динамикасы. Инерция моменті. Күш моменті. Гироскоп.

4

5

АСТ негіздері

Лоренц түрленулері. АСТ кинематикасы. АСТ динамикасы. Инерциалды емес жүйелердегі қозғалыс.

2

6

Сұйықтар және газдар механикасы


Идеал сұйық қозғалысының теңдеуі. Ағыс түтіктері. Бернулли заңы. Сұйықтың тұтқырлығы. Пуазейль заңы.

2

7

Тербелістер мен толқындар


Гармониялық тербелістер. Өздік және өшетін тербелістер. Маятниктар. Мәжбүрленген тербелістер. Тербелістер қосылуы. Механкалық толқындар және олардың сипаттамалары. Толқындар интерференциясы. Дыбыс.

3,5

Барлығы:

22,5



10.3 Зертханалық сабақтардың тізімі және мазмұны

п/п

Тақырып

Мазмұны

Сағаттар көлемі

1

2

3

4

1

Кинематика

Қателер теориясы, дұрыс пішінді денелер көлемін өлшеу. Баллистикалық маятник әдісімен оқтың жылдамдығын анықтау.

1

2

Материалық нүктенің динамикасы


Еркін құлау үдеуін Атвуд машинасы көмегімен анықтау.


1

3

Сақталу заңдары


Шарлардың серпімді соқтығысын зерттеу. Шарлардың серпімсіз соқтығысын зерттеу Энергия сақталу заңын тексеру.

1

4

Қатты дене динамикасы


Обербек маятнигінің инерция моментін анықтау. Максвелл маятнигінің инерция моментін анықтау. Еркін құлау үдеуін аудармалы маятник әдісімен анықтау.

2

5

АСТ негіздері


Бұл тақырып бойынша тәжірибелік жұмыстар ескерілмеген.

-

6

Сұйықтар және газдар механикасы


Стокс әдісімен сұйықтың тұтқырлығын анықтау.

1

7

Тербелістер мен толқындар


Бұрылмалы маятниктің еркін және мәжбүрленген тербелістерін зерттеу. Тұрғын толқындар әдісімен ауадағы дыбыс жылдамдығын анықтау. Өшетін тербелістерді зерттеу. Тербелістер қосылуын зерттеу. Лиссажу фигуралары.

1,5

Барлығы:

7,5



10.4 СӨЖ мазмұны




СӨЖ түрі

Есеп түрі

Бақылау түрі

Сағаттардың көлемі

1

Дәрістік сабақтарға дайындық

Конспект

Сабаққа қатысуы

22

2

Лабораториялық жәнке тәжірибелік сабақтарға дайындық. Үй тапсырмасын орындау

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысуы

30

3

Аудиториялық сабақтарға кірмеген материалдарды игеру

Конспект

Жұмыс дәптері

22

4

Бақылау шараларына дайындық

Жұмыс дәптері

1МБ, 2 МБ, , тестілеу

16

Барлығы

90


10.4.1 Студенттер өз бетімен игеруге берілетін тақырыптардың тізімі

1. Кинематика. Түзусызықты және қисықсызықты қозғалыстар, олардың теңдеулері.

2. Материалық нүктенің динамикасы. Ньютон заңдары. Масса, импульс, оның сақталу заңы. Жұмыс және күш. Кинетикалық және потенциялдық энергия. Үйкеліс күші кезіндегі қозғалыс.

3. Сақталу заңдары. Материялық нүктелер жүйесі үшін энергия мен импульстың сақталу заңы. Реактивті қозғалыс. Абсолютті серпімді және серпімсіз соқтығыс.

4. Қатты дене динамикасы. Дұрыс геометриялық денелердің инерция моментін есептеу. Гироскопиялық қозғалыс. Айналатын денелер энергиясы.

5. АСТ негіздері. Салыстырмалы ұзындық және уақыт интервалының өзгеруі, релятивистік динамика.

6. Сұйықтар және газдар механикасы. Тұтқырлық. Пуазейль формуласы. Рейнольдс саны. Дененің мандайлық кедергісінің коэффициенті.

7. Тербелістер мен толқындар. Гармоникалық тербелістердің теңдеуі. Тербелістердің қосындысы. Дыбыс жылдамдығы. Доплер эффектісі.


11 Курстың саясаты

Талаптар жүйесі:

  • оқу барысына белсенді қатысу;

  • үй тапсырмасын уақытында және толығымен орындау;

  • ішкі тәртіп ережелерін бұзбау;

  • сабақтарды босатпау және кешікпеу.

  • босатқан сабақтарды мұғалімнің орнатқан уақыты бойынша қайтадан тапсыру;

  • курстастары мен мұғалімдерімен адамгершілік қарым-қатынаста болу.

Студенттердің білімін тексеру тәртібі

1. Семестрдің ортасы мен соңында 100 балдық шкала бойынша пәннің оқылған модулі бойынша студенттің ағымдағы үлгерім (АҮ) бағасы анықталады. АҮ бағасы – бұл келесі жинаған балдардың қосындысы:

- сабаққа дайындалу, топтағы белсенді жұмыс және сабақтағы бақылау шараларына қатысу:

- зертханалық және өздік жұмыстарды мерзімінде, сапалы қорғау және орындау:

СӨЖ түрлерінің тізімі, тапсырмаларды тапсыру мен орындаудың күнтізбелік жоспары, оқытушының талаптары, әрбір пән бойынша баға қоюдың критериялары мен ережелері САБ-та сипатталған:

Ағымдағы үлгерімдегі балдардың бақылау түрлеріне бөлу мысалы.

2. Межелік бақылау да (МБ) 100 балдық шкала бойынша анықталады.

Пән бойынша межелік бақылауға АҮ балдары келесідей студенттер жіберіледі:

3. Студенттің пән бойынша (Р1 және Р2) рейтингтері АҮ және МБ бағаларының қорытындысы бойынша анықталады

Р1(2)=АҮ1(2)*0,7+МБ1(2)*0,3.

Егер оқу жоспарында емтихан және сынақ қарастырылса, онда Р2-ні анықтаған кезінде сынақты екінші межелік бақылау ретінде қарастыру қажет.

Егер студент МБ-дан өтпесе немесе МБ-дан 50 баллдан төмен алса, рейтинг анықталмайды. Бұл жағдайда декан МБ тапсырудың жеке мерзімдерін белгілейді.

4. Пән бойынша студенттің рұқсат рейтингісінің бағасы семестр бойынша мынаған тең:

РР=(Р1+Р2)/2.

Пән бойынша қорытынды бақылауға (ҚБ) жұмыс бағдарламасының барлық талаптарын, курстық проектті қорғау бойынша оң баға алған және рұқсат етілген рейтинг (50 балл) жинаған студенттер жіберіледі.

5. Студенттердің әрбір пән бойынша оқу жетістіктерінің деңгейі қорытынды бағамен (Қ) анықталады. Қорытынды баға салмақтық үлестерін (РРСҮ және ҚБСҮ) ескерумен РР және ҚБ бағаларының қосындысынан құралады

Қ=РР*РРСҮ+ҚБ*ҚБСҮ

Салмақтық үлестер жыл сайын университеттің ғылыми кеңесімен бекітіледі және ол РР үшін 0,6-дан кем, ал ҚБ үшін 0,4-тен кем болмау қажет.

Ескерту: АҮ – ТУ; МБ – РК; РР – РД; КЖ – КР; СӨЖ – СРС; СӨЖО – СРСП; ҚБ – ИК; Қ – И; РРСҮ – ВДРД; ҚБСҮ – ВДИК.

Пән бойынша қорытынды рейтинг 1 кестеге сәйкес сандық, әріптік және дәстүрлік бағаға айналдырылып, «Студенттердің оқу жетістіктерінің журналы» мен «Рейтинг парағына» енгізіледі.

Кесте 1

Балл түріндегі қорытынды бағалау (И)

Балдардың сандық белгілері (Ц)

Әріптік жүйеде бағалау

Дәстүрлік жүйеде бағалау

Емтихан

Сынақ

95 - 100

4

A

Өте жақсы

Сынақталды

90 - 94

3,67

A-

85 - 89

3,33

B+

Жақсы

80 - 84

3,0

B

75 - 79

2,67

B-

70 - 74

2,33

C+

Қанағаттанарлық

65 – 69

2,0

C

60 – 64

1,67

C-

55 – 59

1,33

D+

50 – 54

1,0

D

0 - 49

0

F

Қанағаттанарлықсыз

Сынақталған жоқ



«Механика» пәнінен СӨЖ тапсырмаларын және басқа да жұмыстарды орындау мен тапсыру туралы күндізгі оқу түрі бойынша оқитын 5В060400 Физика күндізгі оқу нысанының студенттеріне арналған

бақылау шараларының графигі

1 рейтинг 1 семестр

Барлығы

Апталар

1

2

3

4

5

6

7

8

Ең жоғарғы балл, барлық бақылау түрі бойынша:

2

8

12

23

2

18

2

33

100

Дәрістік сабақтарға қатысу

2

2

2

2

2

2

2

2

16

Сабаққа қатысу және тәжірибелік сабақтарға дайындалу

0

6

0

6

0

6

0

6


24

Зер.жұм. орындау және қорғау, ҮТ орындау







Қ,ҮТ







Қ,ҮТ




Қ,ҮТ

30







10







10




10

СӨЖ орындау










ҮТ










ҮТ

30










15









15

Межелік бақылау (МБ)

100

100

2 рейтинг 1 семестр

Барлығы

Апталар

9

10

11

12

13

14

15

Ең жоғарғы балл, барлық бақылау түрі бойынша:

2

10

12

26

12

2

36

100

Дәрістік сабақтарға қатысу

2

2

2

2

2

2

2

14

Сабаққа қатысу және тәжірибелік сабақтарға дайындалу

0

8

0

8

0

0

8

24

Зер.жұм. орындау және қорғау, ҮТ орындау







Қ,ҮТ




Қ,ҮТ




Қ,ҮТ

30







10




10




10

СӨЖ орындау










ҮТ







ҮТ

32










16







16

Межелік бақылау (МБ)

100

100


Қ-сабаққа қатысу; ҮТ- үй тапсырмасы


ФжАЖ кафедрасының меңгерушісі _________ Биболов Ш.Қ. «___»__2010ж.


12 Әдебиеттер тізімі

Негізгі:

1. Ақылбаев Ж.С., Гладков В.Е., Ильина Л.Ф., Турмухамбетов А.Ж., Механика: Оқулық..- Астана: Фолиант, 2005. – 464 б.

2. Қойшыбаев Н. Механика: Оқулық-Алматы: Зият Пресс, 2005.-498 б.

3. Механика: зертханалық жұмыстарды орындауға методикалық нұсқаулар. Б. 3. – Павлодар, 2006. – 32 б.

4. Механика. Молекулалық физика және термодинамика: Сырттай білім алатын студенттер үшін физикадан бақылау жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар / құраст. Биболов Ш.К., Ильясова Г.С., Жукенов М.К., Досумбеков К.Р., Билялова А., Ботаева А.С. – Павлодар, 2006. – 75 б.

Қосымша:

1. Савельев И.В. Жалпы физика курсы. Т.1., Механика. Молекулалық физика, Алматы, 2004, 508 б.

2. Сивухин Д.В. Общий курс физики. Том I. Механика.- М.: Наука, 1989.- 567 с.

3. Стрелков С.П. Механика.- СПб.: Лань, 2005.- 560 с.

4. Бабаджан Е.И. и др. Сборник качественных вопросов и задач по общей физике.- М.: Наука, 1990. – 396 с.

5. Иродов И.Е. Задачи по общей физике.- М.: Наука, 2004.- 416 с.

6. Чертов А.Г., Воробьев А.А. Задачник по физике. - М., «Высшая школа», 2007. – 527 с.

7. Козел С.М., Рашба Э.И., Славатинский С.А. Сборник задач по физике.- М.:, 1978.- 191 с.

Похожие:

1 Оқытушы туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары icon1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары Бейсембаева Гульмира Кулханова

1 Оқытушы туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары icon1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары
В072100 Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығының студенттеріне арналған
1 Оқытушы туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары icon1Оқытушы туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары
«қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының күндізгі оқу нысанының студенттеріне арналған
1 Оқытушы туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары icon1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары
В050900 «Қаржы» мамандығының жоғары кәсіби білім сырттай оқу нысанының студенттеріне арналған «Қаржылық талдау»
1 Оқытушы туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары icon1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары
Кафедра пму-дің а корпусында осы мекен-жай бойынша орналасқан: Ломов көшесі, 64 үй, байланыс телефоны: 673669 ішкі 1148
1 Оқытушы туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары icon1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары Авилхан Ақмамық
Авилхан Ақмамық Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының аға оқытушысы (дәріс, тәжірибелік және соөЖ сабақтар)
1 Оқытушы туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары icon1. Оқытушы туралы мәлімет және байланыс ақпараттары
Бағдарлама «01» қыркүйек 2010ж бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген
1 Оқытушы туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары icon1 Оқытушы туралы мәліметтер Ксембаева Альмира Нұридегқызы

1 Оқытушы туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Психология және педагогика кафедрасының аға оқытушы Жунусова Айгүл Райымбекқызы, а-149 аудиторияда орналасқан. Байланысу телефоны...
1 Оқытушы туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары icon1 Оқытушы туралы мәліметтер Чуб Людмила Ильинична
С: Бухгалтерия пәні бойынша 050506 «Экономика», 050511 «Маркетинг» мамандықтарына арналған
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница