Кеме құжаттарының тізбесін, нысандарын және Кеме құжаттарын жүргізу қағидасын бекіту туралы




НазваниеКеме құжаттарының тізбесін, нысандарын және Кеме құжаттарын жүргізу қағидасын бекіту туралы
страница1/27
Дата конвертации10.02.2016
Размер3.36 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://kz.government.kz/docs/kauly_856.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27



Кеме құжаттарының тізбесін, нысандарын және Кеме құжаттарын жүргізу қағидасын бекіту туралы


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі №856 қаулысы


«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының 22) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса берiліп отырған:

1) кеме құжаттарының тiзбесi;

2) кеме құжаттарының нысандары;

3) Кеме құжаттарын жүргізу қағидасы бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. МӘСІМОВ


Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң

2011 жылғы «26»шілдедегі

№856 қаулысымен

бекiтiлген


Кеме құжаттарын жүргізу қағидасы


1. Жалпы ережелер


1. Осы Кеме құжаттарын жүргізу қағидасы «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы астында жүзетін кемелердегі кеме құжаттарын жүргізу тәртібін анықтайды.

2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы астында жүзетін кемеде осы қаулымен бекітілген кеме құжаттарының тізбесіне сәйкес кеме құжаттары болады.


2. Кеме журналын жүргізу тәртiбi


3. Осы Кеме журналын жүргізу тәртiбi 1978 жылғы хаттамамен өзгертілген (СОЛАС 74/78) Теңiзде адам өмiрiн қорғау туралы 1974 жылғы халықаралық конвенцияға және «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленген.

4. Кеме журналы кеме құжаты болып табылады, онда кеменің үздіксіз өміршеңдігі көрсетіледі.

5. Кеме журналы, кеменің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуге құқық алған сәтінен бастап, құқығы сақталған бүкіл уақыт кезеңі бойы жүргізіледі.

6. Кеме журналы нөмiрленуi, тiгiлуi және оны кеменің тіркеу теңiз портының капитаны растауы тиiс, ал кеме жеке меншiкке Қазақстан Республикасынан шегінен тыс жерде сатып алынған жағдайда - Қазақстан Республикасының консулдық мекемесiнiң басшысы растайды.

Соңғы бетте типографиялық әдiспен салынған мөртабанмен кеменің тіркеу портының тiзiлiмi бойынша Кеме журналының нөмiрi, нөмiрленген және тiгілген беттердiң саны, кеменің тіркеу портының атауы көрсетiледi.

7. Кеме журналына өзгерістер мен толықтыруларды кеме капитанының вахталық көмекшiсi не кеме капитаны енгізеді.

Өзгертiлуі тиiс мәтiн жеңiл оқылатындай етiп жiңiшке сызықпен сызылады және жақшаға алынады. Егер жазба барысында қателiк байқалса, онда жақшадан кейiн бiрден дұрыс мәтiн жазылады. Қалған жағдайларда жақшадан кейiн не жiберiлген жағдайда мәтiнді қосу қажет сөзден кейiн жазылып, сілтеменiң сандық белгiсi толассыз нөмiрлеу арқылы әр бет үшiн қойылады. Мәтінді өзгерту немесе толықтыру журналдағы соңғы жазбадан кейiн жазылады, сiлтеме сандық белгiмен қойылады және мынандай нысанда түзету немесе толықтыру енгізген адамның қолымен бекiтiледi:

1) «қате жазылған», егер сызылған мәтiндi басқасымен ауыстыру қажет болмаса;

2) «оқу:» және бұдан әрi дұрыс мәтiн;

3) «толықтыру:» және бұдан әрi дұрыс мәтiн.

Егер түзетулер немесе толықтырулар алдыңғы беттерге қатысты болса, онда оның алдына сiлтеме нөмiрiнен кейiн бет және жеке жол нөмiрi көрсетiледi мысалы: 3/б. 15.

8. Навигациялық сипаттағы жазбалар көлемiн кеме капитаны картадағы астарымен және тiркеудің техникалық құралдары ақпаратымен бiрге кеменiң жүзу бағытын қалпына келтiруге болатынын ескере отырып белгілейді. Бұл ретте картадағы астар картаны қайта пайдаланғанға дейiн сақталады, ал өзi жазатын таспалар - курсограмма, peвepcoгpaмма, эхограмма, телетайп бағдарламасы және басқалар екi жыл бойы кемеде сақталады.

9. Кеме журналы вахта процесінде оқиға болған сәтте не одан кейiн жазылады.

10. Кеме капитанының вахталық көмекшiсi жүргiзген жазбаларды лауазымын көрсету арқылы қол қоюмен бекiтедi, мынадай қысқартуларды пайдаланады: капитанның аға көмекшiсi - TКАК, капитанның екiншi (үшiншi, төртiншi) көмекшiсi - 2ТКК (3ТКК, 4TКК).

11. Кеме капитаны Кеме журналындағы жазбаларды бақылайды және әрбiр беттің соңына өолын қойып куәландырады.

12. Кеме журналындағы жазбалар түсiнiктi болуы тиіс. Жазбаны қарындашпен жазуға болмайды.

13. Кеме журналы кеме бортында соңғы жазба енгiзiлгеннен кейiн екi жыл бойы сақталады, одан кейiн кеме иесiнiң мұрағатына тапсырылады.

14. Кеме журналына кеме капитаны мен кеме капитанының вахталық көмекшісi қажеттілігіне қарай кеменiң күнделiктi өмiрiне қатысты жазба енгізеді, бұлар кеме, кеме иесi мен жүктiң мүддесiн қорғауда маңызды болуы мүмкін.

15. Әрбiр тәулiктiң жазбасы Кеме журналында жаңа беттен басталады. Тәулiк iшiнде толтырылмаған жолдар "Z" белгiсiмен сызылады.

16. 1-баған тек төрт таңбалы санмен бір минут бәсеңдiкпен жазылатын уақытты жазуға ғана арналған. Сағат минуттан нүкте арқылы бөлiнедi, мысалы: 05.37.

Егер жазбаның сипаты Кеме журналының 2-4 бағандарын толтыруды қажет етпесе, онда жазба мәтiнi уақыттан кейiн бірден 2-бағаннан басталады. Егер оқиға үшін бір жол жеткіліксіз болса, онда жазба 2-бағаннан бастап келесi жолда жалғастырылады.

17. 2-бағанда курс рульмен берілген (авторульде қойылған) әрi оның берiлген дәлдiгiмен герокомпас бойынша жазылады, мысалы: 257,5 немесе 74.

Егер куpcoгpaф жұмыс iстемесе, картада тіркелмеген барлық курстар тiркеледi.

18. 3-бағанда бір град бәсеңдiкпен басты магнит компасы бойынша көрсетілген курс жазылады.

19. «Кеменiң тұрған жерi» бағанында кеменің орналасқан жерінің координатасы жазылады:

1) 4-бағанда географиялық санақпен - с, с, немесе картадан алынған - о, о, координатасы, автоматты санаушы немесе датчик бәсеңдiрiлген басқа датчик, мысалы: 47о 12,86/ N;

2) 5-бағанда гиперболалық (стадиметриялық) - орналасу бағыты 1 - (бұдан әрi қ.б.), қ.б. 2 және қ.б. 3 (радионавигациялық параметрлер), мысалы: F 0,3,87 немесе Z - 46238 немесе ВD - 920, 02;

3) 6-бағанда полярлы - пеленг П және дистанциялық D және басқалар.

20. 7-бағанда қажет түсiнiктемелер жазылады - тұспал атаулары көзбен шолып және радиолакациялық анықтамаларда координат алынған датчиктің өлшеу нөмiрi атауын көрсетумен.

Мысалы, кеме орны Столб және Островной 37,4о немесе 122,2о маяктардың көзбен шолу пеленгi және Островной 6,7 мили маякқа дейiн радиолокациялық қашықтығы бойынша анықталса, 4-бағанда мыналар жазылады: 37,4о 122,2о  6,7/; бағанда мыналар жазылады: 1) МК Столб, 2-3) МК Островной.

Осы бағанда кеме капитанының нұсқауымен кеме капитанының вахталық көмекшесiнiң қарауына қарай берiлген кестеленген деректерді толықтыру үшiн кеме жұмысының шарттары мен себептерiнiң жазбасы орындалады:

1) есептеу келіспесі – С немесе көшіру векторы қажет болған жағдайда жазылады;

2) кеменiң жылдамдығы - Vс – лага болмаған жағдайда жолды есептеу үшiн қабылданған кеменiң жылдамдығы жазылады. Жазба 0,1 уз. бәсеңдiкпен орындалады, мысалы: Vc=14,4;

3) жүрiс режимi (немесе бұранды айналдыру жиiлiгi немесе берiлген жүктеме немесе қалақты бұру) қажет жағдайда жазылады;

4) ағыс элементтерi (көшiру) - бағыты жазылады-Кт (град) және ағыс жылдамдығы Vт (Уз), мысалы: Кт=312 о; Vт=1,7;

5) навигацияның жекелеген техникалық құралдарын, тiркеушi құрылғыларын, курсты автоматты түрде жүргiзуді, жылдамдықты, көшiруді қосу (ажырату);

6) кеменiң тұрақты бұрышы градуспен (бір градус дәлдiкпен) бағыттық қисаюын көрсету арқылы (О-оң жағында; С-сол борт) ол туындаған кезде жазылады.

Аз тереңдiктi аймаққа кiру алдында кеменiң қисаюы және оның алдыңғы және артқы жағымен есептi отыруы жазылады;

7) картадан картаға көшу – «картаға» фразасы және жаңа карта нөмiрi жазылады;

8) навигацияның техникалық құралдары мен маневрлік элементтерге түзетулердi анықтау – анықтау тәсiлi мен негiзгi нәтижелердi көрсету арқылы жазылады;

9) жүк операциялары - кеменiң трюмi мен жүк құрылымдарының дайындығы, жүк операцияларының басталуы мен аяқталуы, жұмыстағы үзiлiс себептерiн көрсету арқылы, жүктердiң қандай күштермен және құралдармен қайда түсірілетіні және қайда қабылданатыны; тиелген және түсiрiлген жүктер туралы мәлiмет; жүктердi бекiтудi аяқтау мен тәсiлдерi және сепарациясы; қайта тарту, себептерді көрсете отырып, кеме мен жүкке қатысты стивидорлардың және агенттердің әрекеттерімен келiспейтiн жағдайлар; кеме мен кеме иесінің мүдделерін қорғау үшін қабылданған шаралар; кеме мен жүктiң зақымдану жағдайлары жазылады.

21. «Өткен қашықтық» деген бағанда өткен қашықтық милмен жазылады:

22. 8-бағанда оқиғалар уақыты жазылады.

23. 9-бағанда - карта бойынша өткен – Sк қашықтығы жазылады;

24. 10-бағанда лага бойынша - Sл, яғни лага есебiнiң айырмасы - РОЛ, лага өзгертумен түзетiлген - Л, %. Жиынтық деректер «Тәулік бойы» және «Рейсте» - кеменiң нақты өткен қашықтығы автоесептеуiштiң координаттың немесе спутниктiк навигациялық жүйенiң (радионавигациялық жүйе) индикатор қабылдағышы деректері бойынша жазылады.

25. 11-бағанда оқиғалар уақыты жазылады.

26. 12-17-бағандарда - белгiленген мерзiмдегi ауа-райын қадағалау нәтижелерi (гидрометеорогиялық деректер) жазылады.

12-бағанда желдiң бағыты (градуспен он градус бәсеңдiкпен) мен жылдамдығы метр/сек жазылады, мысалы: 330-11.

Егер есептеуге алынатын дрейф 7-бағанда жазылғанға қарағанда, басқа желмен байланысты болса немесе вахта барысындағы желдiң өзгеруі кеме жұмысында өзгеріске әкелсе, мұндай желдің бағыты мен жылдамдығы 5-бағанға жазылады.

27. 13-бағанда теңiз бетiнiң жай-күйi, толқын бағыты (он градус бәсеңдікпен) мен теңiз бетiнiң жай-күйi балмен жазылады, мысалы: 310-3. Өзен мен порт суларында тиiсiнше «порт», «өзен» деп жазылады.

Егер судың бетiнде мұз болса, онда «М» белгiсi және мұздың тұстастығы балмен жазылады, мысалы: Л-7.

28. 14-бағанда ауа-райының жай-күйi, көру шартты белгiлермен, мысалы: А-ашық, Б-бұлтты, T-түтiн, Ж-жаңбыр, T-тұман, Қ-қар, H-найзағай, T-түнек, Б-бұршақ деп көрсетіледі және көру қашықтығы милмен жазылады, мысалы: Б-8.

29. 15-бағанда атмосфералық қысым жазылады, ол миллиметрмен (теңiз деңгейiне келтiрiлмей) көрсетіледі.

30. 16-бағанда ауаның температурасы және 12-бағанда судың температурасы бір градусқа дейiнгі бәсеңдiкпен жазылады.

31. 17-бағанда әрбiр вахтаның вахталық матростардың тегi жазылады. Қажет болған кезде 7-бағанда вахтаны күшейту үшін шақырылған экипаж мөлшерiнiң тегi жазылады.

32. «Уақыт/Вахта» деген бағанда мынадай деректер жазылады:

1) 18-бағанда вахтада өткізілген уақыт жазылады;

2) 19-20-бағанда вахтаның соңында жүру барысында 1-7, 7-12 және 6-13 бағандардың деректері жазылады.

Егер кеме вахтаның соңында айлақта тұрса, онда осы бағандарда мынадай деректер жазылады:

1) кеменiң жай-күйi мен жағдайы;

2) кеменiң алдыңғы және артқы жағымен шөгуі;

3) орындалатын жүк операциялары;

4) кеме энергетикалық қондырғысының (бұдан әрi - ҚӘК) дайындығы;

5) борттағы жүзу құралдары;

6) тиелген (түсiрiлген) жүктiң мөлшерi.

Егер вахта барысында өзгерiстер болмаса, онда шөгуі мен мынадай фраза жазылады: «Бұрынғы қалпымызда тұрмыз».

33. 21-жолда лоцманның келгенi (кеткенi), оның тегi мен аты-жөнi жазылады.

34. 22-жолда тіркеп сүйреуіштің келуi (кетуі), олардың атауы, тіркеп сүйрету схемасы жазылады.

35. 23-жолда тұрғызу себептерi, қандай зәкiр берiлген, қанша зәкiр шынжыры пайдаланғаны, өлшенген теңiз тереңдiгi, КӘҚ-ның дайындығы жазылады.

36. 24-жолда айлақ атауы немесе нөмiрi, арқандап байлау борты, қандай, қанша, қалай және қайда арқандап байланды, зәкiрге, кеме алдыңғы немесе артқы жағына шөгуі жазылады.

37. 25-жолда кемелер қозғалысын басқару жүйесi әрекетiнің аймағына кiруге рұқсат алғандығы, қызмет түрi, оның басталуы мен аяқталуы жазылады.

38. 26-жолда қисаю бұрышы мен тербеу кезеңi, жүктi сақтауды қамтамасыз ету бойынша әрекет, мұндайлар орын алған жағдайда палубаны су алып кетуi мен толқынның соғысы жазылады.

39. 27-жолда мынадай мәліметтер жазылады:

1) туу жағдайында - анасының тегі, аты және әкесiнiң аты, баланың жынысы;

2) өлiм жағдайында - өлген адамның тегi, аты және әкесiнiң аты, өлу себебi, қашан және кiмге өлген адамның денесі берiлдi немесе тұрған жерiнiң координатасы, қай жерде өлген адамның денесі теңізге тасталды, Қазақстан Республикасы бірінші теңiз портының капитанына кемеге кiрген өсиет етiлген мұраны беру фактісі, ал шет елдiң портында - Қазақстан Республикасының консулына;

3) борттағы қайғылы жағдай, көмек көрсетпеу жағдайдың себебi мен жағдайлары толық берiледi.

40. 28-жолда мұраны қалдырушының тегi, аты мен әкесiнiң аты, өсиет жасалған күн жазылады;

41. 29-жолда мынадай мәліметтер жазылады:

1) экипаж мүшелерi мен жолаушылардың саны;

2) отын мен судың қоры;

3) қалдық тұнба;

4) жүктiң мөлшерi мен түрі;

5) басқару құрылымының дайындығы (Конвенция талаптары), рейске шығуға жалпы дайындық.

42. 30-жолда басқаруды беру және бастау фактiсi жазылады. Жазба тапсыратын және қабылдайтын капитандар қолымен бекiтiледi.

43. Конвенция талаптарының орындалуын тiркеу қосымшаның 2-кестесiнде (бұдан әрi - 2-кестеде) жүргiзiледi. Қажет толықтырулар мен толық мағлұматтар 5-бағанда жазылады.

44. 2 кестенің 1 және 2-жолдарында су өткiзбейтiн iрiктеменiң жабылу және ашылу фактiсі тіркеледі.

45. 2 кестенiң 3-жолында су өткiзбейтiн жабылыстарды басқару және тексеру бойынша апта сайын өткiзiлетiн жаттығулар туралы жазба жүргiзiледi. Ұзақтығы бір аптадан артық рейстерге шығатын кемелерде біріншi толық жаттығу порттан шығар алдында жүргiзiледi.

46. 2-кестенiң 4-жолында кеменiң порттан шығар алдында барлық сыртқы корпусының жабылуы тіркеледі.

Осы жерде кеменің жетектерi, жүйелер мен құрылғылары тiркеледі.

47. 2-кестенi 5-жолында ай сайын өткiзiлетiн өртпен күрес жөнiндегi оқулар жазылады.

48. 2-кестенiң 6-жолында ай сайын өткiзілетiн кемені қалдыру бойынша оқулар жазылады.

49. Өртпен күрес және кеменi қалдыру бойынша әрбiр оқу-үйрену толық сипатталып жазылуы керек. Кеменi қалдыру жөнiндегi оқу кезінде ең кемiнде бір шлюпка түсiрiліп, оның нөмiрi жазылуы керек.

50. 2-кестенің 7-жолында құтқару салдарымен жаттығу жүргiзу туралы жазылады.

51. 2-кестенiң 8-жолында («Адам борттан тыс» дабыл) командасы жазылған кезекшi шлюпканы суға түсiру және суда маневрлеу туралы жазылады.

52. 2-кестенiң 9-жолында рульді жедел басқаруға ауысу бойынша оқулар жазылады.




3. Кеме рөлiн жүргiзу тәртiбi


53. Кеме рөлi кеменiң келуi және кетуi кезiндегi экипаждың саны мен құрамы туралы мәлiметтердi қамтитын кеменiң негiзгi құжаты болып табылады.

54. Кеме рөлiн кеме капитаны кеме портқа келген немесе кеме порттан шыққан кезiнде порттың теңіз әкімшілігіне ұсынады.

55. Кеме рөлi мынадай деректердi қамтитын мәлiметтерден тұpaды:

1) кеме туралы (аты, ұлты, тiркелген порты және нөмiрi, түрi және мақсаты, кеме иесi, кеменiң шақыру белгiсi);

2) экипаж мүшелерi туралы (тегi, аты, әкесiнiң аты, туған күнi мен жерi, азаматтығы, кемедегi лауазымы, атағы және диплом нөмiрi, теңiзшi куәлігінің немесе теңiзшiнiң жеке басын куәландыратын өзге құжаттың сериясы және нөмiрi).

56. Кеме рөлiне кеме экипажының құрамына кiретiн адамдар, сондай-ақ:

1) осы кемеге жүзу практикасын өту үшiн жiберiлген оқу орындарының курсанттары (оқушылары);

2) кемеде жұмыс iстеу үшiн жiберiлген кеме иесiнiң өкiлдерi енгiзiледi.

Кеме рөлiнде көрсетiлген оқу орындарының курсанттары (оқушылары) мен халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын кемелерге iссапарға жiберiлген адамдардың лауазымын кеме иесi белгiлейдi.

57. Кеме рөлi кемеде:

1) кеме қазақстандық портқа келуi кезiнде немесе кеме қазақстандық порттан кету кезiнде - мемлекеттiк немесе орыс тiлiнде;

2) кеме шетел портына келуі кезiнде немесе кеме шетел портынан кетуi кезiнде - мемлекеттiк, орыс және ағылшын тiлдерiнде толтырылады.

58. Кеме рөліндегі жазулар анық жазылады. Жазуды қарындашпен жазуға болмайды.

59. Кеме рөлi мынадай тәртіппен толтырылады:

1) 2-бағанда «тегi, аты және әкесiнiң аты»;

2) 3-бағанда «туған күнi мен жерi»;

3) 4-бағанда «азаматтығы» - теңiзшiнiң куәлігінде немесе жеке басын куәландыратын өзге құжатта келтiрiлген деректер бойынша;

4) 5-бағанда «лауазымы» - халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын кемелерде - теңiзшiнiң куәлігінде кемедегi қызметтiк ереже туралы жазуына сәйкес. Қалған кемелерде - кеме иесiнiң кеме экипажының мүшесi ретiнде адамды тағайындау туралы бұйрығына (өкiмiне) сәйкес.

Теңiзшiнің жеке куәлiгiне кемедегi экипаж мүшесiнiң қызмет ережесi туралы жазу енгiзу теңiзшi куәлігіне жазба енгізу үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі;

5) 6-бағанда «атағы және дипломның нөмiрi» - бiлiктiлiгiн растайтын дипломда көрсетiлген деректер бойынша;

6) «теңiзшi паспортының немесе жеке басын растайтын өзге құжаттың сериясы мен нөмiрi» деген бағанда теңiзшi куәлігінде немесе тиiсiнше жеке басын растайтын құжатында көрсетiлген деректер бойынша толтырылады.

60. Кеме қазақстандық немесе шетелдiк портқа келгенде, кеме шетелдiң портынан шығар кезде, сондай-ақ халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын кеме қазақстандық порттан шығар кезiнде кеме рөлiн кеменiң капитаны растайды.

Халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын кеме қазақстандық порттан шығар кезiнде Кеме рөлiне кеме капитаны қол қояды және кеме иесi немесе кеме шығатын порттың капитаны растайды.

Кеме капитанының, кеме иесiнiң және порт капитанының қолдары кеме мөрімен бекітіледі.

Олардың жүру бағыты қазақстандық порттан шыққан кезде Қазақстан Республикасының аумақтық теңiзiнiң сыртқы шегiн кесiп өтудi көздейтiн кемелердiң Кеме рөлi кеме иесiнiң немесе порт капитанының куәландыруына жатады.

Кеме экипажының құрамында өзгерiстер болмаған жағдайда «Өзгерiс жоқ» деген жазу жазылады, ол кеме капитанының қолымен және күнi көрсетiлiп, кеме мөрiмен расталады.

Кеме экипажының құрамында өзгерiстер болған жағдайда өзгерiстер Кеме рөлiне мынадай тәртiппен енгiзiледi:

1) кеме экипажының бұрынғы мүшесiнің тегi бар жол сызылады, Кеме экипажының жаңа мүшесiнiң тегi бар жол кеме экипажынан шыққан мүшесінiң нөмiрiмен нөмiрленедi;

2) кететiн экипаж мүшесiн ауыстыру болмаған жағдайда, кеткен экипаж мүшесiнiң тегi сызылып, экипаж мүшесi ауыстырусыз кемеден кеткендiгi туралы жазба жазылады.

Кеме рөлiне енгiзiлген өзгерiстерге кеме капитаны күнiн көрсетiп қол қояды және ол кеме мөрiмен куәландырылады.

Шетелге жүзетiн кеме қазақстандық порттан шығар алдында Кеме рөлiне өзгерiстер енгiзiлсе, осы өзгерiстердi кеме иесi немесе кеменің тіркеу портының капитаны растайды.

  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

Похожие:

Кеме құжаттарының тізбесін, нысандарын және Кеме құжаттарын жүргізу қағидасын бекіту туралы iconТехникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік білім беретін оқу бағдарламаларын бекіту туралы
Кеме техникасына қызмет көрсету және жөндеудегі жұмыстар. Жұмыс орындарын ұйымдастыру және еңбек қауіпсіздігі жөніндегі нұсқау. Техникалық...
Кеме құжаттарының тізбесін, нысандарын және Кеме құжаттарын жүргізу қағидасын бекіту туралы iconҮлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім
Мамандығы 1103000 – Кеме жасау және кеме машиналары мен механизімдеріне техникалық қызмет көрсету
Кеме құжаттарының тізбесін, нысандарын және Кеме құжаттарын жүргізу қағидасын бекіту туралы iconКеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидасын бекіту туралы
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының 27 тармақшасына...
Кеме құжаттарының тізбесін, нысандарын және Кеме құжаттарын жүргізу қағидасын бекіту туралы iconӘлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы
Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылдың 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеудің және...
Кеме құжаттарының тізбесін, нысандарын және Кеме құжаттарын жүргізу қағидасын бекіту туралы iconМемлекеттік кеме тізілімінде ішкі суда жүзетін кемелерді, өзен-теңіз
«Мемлекеттік кеме тізілімінде ішкі суда жүзетін кемелерді, «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік...
Кеме құжаттарының тізбесін, нысандарын және Кеме құжаттарын жүргізу қағидасын бекіту туралы icon«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы»
Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы
Кеме құжаттарының тізбесін, нысандарын және Кеме құжаттарын жүргізу қағидасын бекіту туралы iconЖәне мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың
Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің...
Кеме құжаттарының тізбесін, нысандарын және Кеме құжаттарын жүргізу қағидасын бекіту туралы iconМ емлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми -техникалық жобалар мен ба ғдарламаларды және олардың орындалуы ж өніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу қағидасын бекіту туралы
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми -техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді...
Кеме құжаттарының тізбесін, нысандарын және Кеме құжаттарын жүргізу қағидасын бекіту туралы icon2. Химиялық заттармен жұмыс істедіңіз бе?
Мүмкіндігінше мамандықтың нақты атауын жазыңыз, мысалы: «жұмысшы» емес, «химия өндірісіндегі бояғыш заттар жұмысшысы», «кеме жасау...
Кеме құжаттарының тізбесін, нысандарын және Кеме құжаттарын жүргізу қағидасын бекіту туралы iconКемелерді жасауды және материалдар мен бұйымдарды дайындауды техникалық байқау қағидасын бекіту туралы
Азақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м а. 2011 жылғы 13 мамырдағы №276 Бұйрығы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница