1 Оқытушы туралы мәлімет және байланыс ақпарат




Скачать 285.58 Kb.
Название1 Оқытушы туралы мәлімет және байланыс ақпарат
страница1/3
Дата конвертации10.02.2016
Размер285.58 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://psu.kz/arm/upload/umk/55694.doc
  1   2   3
Пән бойынша оқыту Нысан

(Syllabus) бағдарламаның ПМУ ҰС Н 7.18.3/38

титул парағы


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Металлургия, машинажасау және көлік факультеті


«Көліктік техника және логистика» кафедрасы


ПӘН БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМА

(Syllabus)


«Автокөлік құралдарының қауіпсіздігі және конструкциясы»

050901 – «Көлік пайдалану және жүк қозғалысын мен тасымалдауды

ұйымдастыру» мамандығының студенттеріне арналған


Павлодар


Пән бойынша оқыту Нысан

(Syllabus) бағдарламаның ПМУ ҰС Н 7.18.3/38

бекіту парағы


БЕКІТЕМІН

ММжК факультетінің деканы

________ Тоқтағанов Т. Т.

201__ ж. _______ «___»


Құрастырушы: ________ аға оқытушы Балтабекова А.Н


«Көліктік техника және логистика» кафедрасы


Пән бойынша оқыту бағдарлама (Syllabus)


«Автокөлік құралдарының қауіпсіздігі және конструкциясы»


050901 – «Көлік пайдалану және жүк қозғалысын мен тасымалдауды

ұйымдастыру» мамандығының студенттеріне арналған


Бағдарлама «___» _________20__ж. бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.


Кафедра отырысында ұсынылды 2010 ж. ______ «__», № __ хаттама


Кафедра меңгерушісі ________ Ордабаев Е. К. 2010 ж. ______ «__»


ММжК факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

2010 ж. _____ «__», № __ хаттама


ОӘК төрағасы ___________ Ахметов Ж. Е. 2010 ж. _____ «__»,

№ __ хаттама


1 Оқытушы туралы мәлімет және байланыс ақпарат


Балтабекова Алмагуль Нурлыбековна

Магистр, аға оқытушы

Имангазинова Динара Балгабековна

Магистр, аға оқытушы

«Көліктік техника және логистика» кафедрасы Б 1 корпусында (көш. Ак. Шокин 139), 220аудитория, байланыс телефоны 67-36-23


2 Пән туралы мәлімет

2 курс ( 4 семестр – емтихан)


3 Пәннің еңбек сыйымдылығы


Оқу нысаны

Пәннің көп еңбекті қажет етуі

Семестр бойынша бақылау нысандары

Семестр

Семестр бойынша студенттердің жұмыс көлемі

кре-дит-тер

академиялық сағат

кре

дит

тер

Аудиториялық сабақ

(ак. сағат)

СӨЖ

(ак. САғат)

Бар-лығы

ауд

СӨЖ

Емт

бар-

лығы

дәр

тәж

бар

лығы

ОСӨЖ

ЖОБ база-сындағы іштей

3

135

45

90

4

4

3

45

30

15

90

45


4 Пән мақсаттары және міндеттері


Пәннің мақсаты: студенттерге «автокөлік құралдарының қауіпсіздігі және конструкциясы» пәні көлік құралдарының құрылымдық қауіпсіздігі түрлері, мәні және олардың конструкциясының қауіпсіздікке әсері жайлы түсінік береді. Көлік құралдарының қоршаған ортаға кері әсерін зерттеп, зиянын азайту арқылы экологиялық проблемаларды шешу жолдарын және «Көлік- қоғам- қоршаған орта» жүйесінде өзара әсерлесу заңдылықтары негіздерін үйретеді. Пәнді оқыту мақсаты – студенттерде автомобильдердің конструктивті қауіпсіздігі саласында ғылыми жүйелер мен кәсіби білімдер және дағдылар қалыптастыру. Пән көлік құралдарының қауіпсіздігін, оларды пайдалану кезінде қамтамасыз ететін конструктивтік және пайдаланушылық кешенін аша түседі.

Пәнді оқыту міндеттері

«Автокөлік құралдарының қауіпсіздігі және конструкциясы» пәні 050901 «Көлікті пайдалану және жол қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша бакалаврларды дайындауда кәсіби пәндердің біріне жатады.

Ол шетелдегі автомобиль өндірісінің жалпы тәжірибесіне, жоғары оқу орындары мен ғылыми – зерттеу институттарының ғылыми - әдістемелік жұмыстарына және де іс жүзіндегі нормативтік құжаттарға негізделген.

Пәнді оқытуда шешілетін мәселелер 050901 «Көлікті пайдалану және жол қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығының біліктілік сипаттамасында қарастырылған талаптарға сәйкес анықталған.

Курстың негізгі қарастыратын мәселелері ретінде шет елдік және ресейлік мамандардың ғылыми зерттеулері, халықаралық және отандық нормативтік документтер, сонымен қоса Қазақстан Республикасы ІІМ-нің жол полициясы басқармасында жинақталған практикалық тәжірибелері пайдаланылады. Курсты оқыту 050901 «Көлікті пайдалану және жол қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығының оқу жоспарына кіретін арнайы пәндерге негізделген.


5 Пәннің пререквизиттері

Осы курсты оқып білу «Өмір әрекетінің қауіпсіздігі» пәнінен алынған білімге негізделеді.


6 Пәннің постреквиттері

Бұл пәнді оқып танысқанда алған білім «Тасымалды ұйымдастыру және қоғалысты басқару», «Көлік құралдары, жүк және коммерциялық жұмыстар» негіздері пәндерін толық жан-жақты түсініп игеруіне көмектеседі.


7 Тақырыптық жоспар

Пәннің тақырыптық жоспары




п/п

Тақырып атауалары

Сағат саны

Дәріс

Тәж

СӨЖ

1

2

3

4

5

1

Кіріспе

2

-

-

2

Қауіпсіздіктің түрлері. Автомобильдің белсенді қауіпсіздігі

2

4

9

3

Автомобильдің жалпы құрастырғыш компоненттері

2

-

9

4

Автомобильдің динамикасы

2

-

9

5

Орнықтылық, басқарылғыштық және автомобиль жүрісінің жайлылығы. Аударылу және сырғанап ауытқу шарттарындағы шекті жылдамдық

4

-

8

6

Автомобиль шиналары

2

-

7

7

Автомобильдің ақпараттылығы

2

-

9

8

Жүргізушінің жұмыс орны

4

-

7

9

Автомобильдің пассивті қауіпсіздігі

4

11

9

10

Апаттан кейінгі қауіпсіздік

2

-

8

11

Автомобильдің экологиялық қауіпсіздігі

2

-

8

12

Қауіпсіз автомобильдің тәжірибелік құрылысы

2

-

7

Барлығы:

30

15

90


8 Пәннің қысқаша сипаттамасы


Пәнді оқыту нәтижесінде студент автомобильдің активтік, пассивтік, апаттан кейінгі және экологиялық қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін көлік құралдарының конструктивтік ерекшеліктерін, қауіпсіздікке байланысты жылжымалы құрамның даму тенденцияларын, берілген саладағы алдыңғы қатарлы тәжірибе мен нормативті құжаттарды білуі тиіс.



9 Курс компоненттері


Тақырып 1 Кіріспе.

Курстың талабы мен мақсаты. Курстың практикалық бағыты және оның басқа пәндермен байланысы. Автомобиль көлігіндегі апаттылық. Жол көлік оқиғалары жайлы түсінік және оның фазалары. Көлік құралдарының құрылымдық қауіпсіздігі, оның ғылыми техникалық жетістіктерімен байланысы және жол қозғалысы қауіпсіздігі проблемаларындағы алатын орны. Нормативті документтер, автомобильдердің құрылымдық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.

Тақырып 2 Қауіпсіздіктің түрлері. Автомобильдің белсенді қауіпсіздігі.

Автомобильдің негізгі эксплуатациялық қасиеттері. Автомобиль көлік ағынының негізгі элементі.

Автомобиль – көлік ағынының негізгі элементі. Автомомбильдің қауіпсізідігін анықтайтын қауіпсіздіктің кешенді бағалануының қажеттілігі. Автомобиль көлік ағынының негізгі элементі.

Тақырып 3 Автомобильдің жалпы құрастырғыш компоненттері

Автомобильдің геометриялық және құрасьырушылық параметрлері (габариттік өлшемдер, база, бұрылыс радиусы) және олардың қозғалыс қауіпсіздігіне әсері. Автомобильдің салмақтық парометрлері (жеке және жалпы салмақ, салмақтың көпірлер бойынша таралымы), ауырлық центрінің биіктігі және олардың қозғалыс қауіпсіздігіне әсері, жол жамылғысының жұмыс істеу мерзімі. Оське түсетін жүктемелерге бақылау жасау.

Тақырып 4 Автомобиль динамикасы.

Тартымдылығы, максимал орташа жылдамдық, үдеуі, басып озу жолы, уақытының қозғалыс қауіпсіздігіндегі мәні. Басып озудағы қауіпсіздік. Тежеу динамикасы. Маталуға қарсы жүйелер. Тезникалық күйінің қауіпсіздікке әсері. Тарту және тежеу динамикасын арттыру жолдары. Автомобильдің тартымдық динамикалылығы және оның қозғалыс қауіпсіздігі үшін маңызы. Автомобильдің максимал орташа жылдамдығы, үдеуі, басып озу жолы және уақыты. Басып озу кезіндегі қауіпсіздігі және оның классификациясы. Аяқталған және аяқталмаған басып озулар. Автомобильдің тежеулік динамикалары және оның қауіпсіздігі үшін маңызы. Тежеу динамикалылығының өлшегіштері мен көрсеткіштері. Максимал және орташа баяулатқыш, автомобильдің тежеу және тоқтау жолдары. Тежеу тиімділігінің нормативтері. Максимал қауіпсіздік арақашықтығы. Тежеу күшінің өзара бөлінуі. Сулы немесе тайғақ бетте тежеуді іске асыру. Шиналарды аквапландау процесі. Мұздағы тежеу. Автомобильдің тежеу күштерін автоматтық реттеу. Тежеудің техникалық жағдайының қауіпсіздікке әсері. Тартымдық және тежеу динамикалылығын арттыру жолдары.

Тақырып 5 Орнықтылық, басқарылғыштық және автомобиль жүрісінің жайлылығы.

Автомобиль орнықтылығы және оның қауіпсіздік үшін маңызы. Орнықтылықтың өлшеуіштері мен көрсеткіштері. Автомобильдің басқарымдылығы және оның қауіпсіздік үшін маңызы. Басқарымдылықтың өлшеуіштері мен көрсеткіштері. Бүйірлік жел әсеріндегі орнықтылық пен басқарымдылық. Автомобильдің бірқалыпты жай жүрісі және оның қауіпсіздік үшін маңызы, оның өлшеуіштері мен көрсеткіштері. Жол бетінен доңғалақтардың ажырау шарттары. Автомобильдің техникалық жағдайының орнықтылыққа, басқарымдылыққа және бірқалыпты жүруінің әсері және осы қасиеттерді арттыру жолдары.

Тақырып 6 Автомобиль шиналары.

Шиналардың негізгі конструктивті параметрлері және олардың қауіпсіздікке әсері. Пайдалану кезінде шиналардың пайдаланушылық қасиеттерінің өзгеруі. Шиналардың қауіпсіздігін арттыру үшін жасалатын конструктивтік шаралар. Сырғанауға қарсы жасалған шиналарды пайдалану.

Тақырып 7 Автомобильдің ақпараттылығы.

«Жүргізуші – автомобиль - жол» жүйесіндегі ақпарат көздері және қабылдағыштар. Ақпараттық автомобильдің активтік қауіпсіздігінің бір элементі есебінде. Ішкі шолушы ақпараттылық. Жарық қайтарғыштар және олардың сипаттамасын нормалау. Автомобильді автономды жарықтандыру жүйесі. Бас фаралардың жарық – техникалық сипаттамаларын нормалау. Қашық жарық. Жылдам жарық. Тұманға қарсы жарық. Қала жарығы, автомобильдің артқы жүрісінің жарығы. Бас фаралардың құрылысы. Жарық көздері. Автомобильді автономды жарықтандыру жүйесіне қойылатын пайдалану – техникалық талаптар. Автомобильдің сыртқы жарық беру жүйелері.

Тақырып 8 Жүргізушінің жұмыс орны.

Жүргізушінің жұмыс орнының параметрлері және олардың қозғалыс қауіпсіздігі үшін маңызы. Бақылау - өлшеу аспаптары, оларға қойылатын талаптар, осы талаптарды реттеп отыратын құжаттар. Автомобильдің көрініміділігі және оны анықтау әдістері. Жүргізуші орнынан айқын көрішілікке қойылатын талаптарды анықтайтын құжаттар. Автомобиль әйнектерін үрлеу және тазалау жүйелері. Артқы жақтағы әйнектер, олардың саны және орналастыру орны. Автомобиль орындығы. Жүргізушінің жайлы отыруының жұмыс қабілеттілікке және шаршауға әсері. Әртүрлі типтегі автомобиль орнықтылығына қойылатын талаптар. Басқару органдары және оларға қойылатын талаптар. Жүргізуші орнының микроклиматы (температура, ылғалдылық, шу, діріл, газдану дәрежесі т.б.). Автомобильдің техникалық жағдайының жүргізуші жұмысына әсері. Жүргізушінің жұмыс орны параметрлерін жаңарту жолдары.

Тақырып 9 Автомобильдің пассивтік қауіпсіздігі.

Автомобильдің пассивтік қауіпсіздігі және оның өошеуіштері мен көрсеткіштері. ЖКО кезінде қозғалысқа қатысушылардың жарақат алуы және автомобильдің зақымдалуы. Соқтығысулар классификациясы. Соққы түрлері. ЖКО кезінде жарақат түрлері және олардың шығу көздері. Пассивтік қауіпсіздік жүйесінің классификациясы. Автомобильдің ішкі пассивтік қауіпсіздігі. Өмір сүру кеңістігі. Антропометрия және толеранттық, ұстап тұратын қорғау құралдары және оларға қойылатын талаптар. Қауіпсіздік белдігі және қауіпсіздік жастығы, қауіпсіз орындықтар. Салон ішіндегі жарақатқа қауіпті бөлшектерді жою. Қауіпсіз рульдік басқарулар. Автомобильдің сыртқы пассивтік қауіпсіздігі. Жүк және жеңіл машиналардың соқтығысуы. Жаяуларды басып кету. Автомобильдің типі мен кузов формасының жаяулардың жарақат алу деңгейіне әсері. Автомобильдің сыртқы пассивтік қауіысіздігін арттырудың конструктивті шаралары. Энергия жұтқыш бамперлер және олардың құрылысы. Пассивтік қауіпсіздікке сынақтар өткізу. Автомобильдің техникалық жағдайының пассивтік қауіпсіздікке әсері және пассивтік қауіпсіздігін арттыру жолдары.

Тақырып 10 Автомобильдің апаттан соңғы қауіпсіздігі.

ЖКО-дан соң автомобильден адамдарды эвакуациялау. Автомобиль кузовы конструкциясының эвакуациялауға әсері. Автомобильдің өртке қарсы қауіпсіздігі. Өрт сөндірудің автоматтандырылған жүйелері. Автомобильдің конструкциясына арнайы қауіпсіз материалдарды қолдану. Суға кеткен автомобильден адамдарды эвакуациялау. Автомобильдің техникалық жабдығының апаттан соңғы қауіпсіздікке әсері және оны арттыру жолдары.

Тақырып 11 Автомобильдің экологиялық қауіпсіздігі.

Адамның қоршаған ортасына автомобильдің әсері. Қалалардағы шудың адамға әсер етуінің классификациясы. Шу сипаты және олардың нормалау принциптері. Автомобильдің шу сипаттамаларына қойылатын талаптарды реттейтін құжаттары. Шу сипаттамаларын анықтау әдістері. Автомобиль шуымен күресудің негізгі бағыттары. Зиянды заттардың шектеулі рұқсат етілетін концентрациясы. Автомобильдегі теле және радиокедергілер және оларды жою жолдары. Автомобильдің техникалық жағдайының экологиялық қауіпсіздікке әсері және оны арттыру жолдары.

Тақырып 12 Экспериментті қауіпсіз автомобильдің құрылымы.

Қауіпсіз автомобиль жасаудың негізгі бағыттары. Активтік қауіпсіздіктк арттыратын автоматтық құрылғылар. Қауіпсіз қашықтықты сақтап отыруға әсер ететін радиолокациялық жүйелер. Тұрақты белгілі бір жылдамдықты сақтап отыратын автоматтық құрылғылар. Пассивтік қауіпсіздікті арттыратын автоматтық құрылғылар. Қауіпсіз автомобильдер құрылымының үлгілері.


Тәжірибелік сабақтардың мазмұны


Тақырып 2 Қауіпсіздіктің түрлері. Автомобильдің белсенді қауіпсіздігі.

Тәжірибелік жұмыс №1. Автомобильдің басқаруының талдауы.

Тақырып 9 Автомобильдің пассивті қауіпсіздігі.

Тәжірибелік жұмыс №2. Реалды автомобиль шанағының теориялық есебі.

Тәжірибелік жұмыс №3. Соқтығысу жылдамдығына тәуелді есептеу автомобилінің деформациялану уақытың есептеу.

Тәжірибелік жұмыс №4. Соқтығысу жылдамдығы 50 км/сағ болғанда автомобильдің деформация шамасын анықтау.

Тәжірибелік жұмыс №5. Берілген соқтығысу жылдамдығында есептік автомобильдің уақытқа байланысты жылдамдығының өзгеруін анықтау.

Тәжірибелік жұмыс №6. Есептік автомобильдің уақыт аралығында жылдамдығының азаю шамасын анықтау.

Тәжірибелік жұмыс №7. Есептік автомобильдің уақыт аралығында жылдамдығының өзгеру шамасын анықтау.

Тәжірибелік жұмыс №8. Есептік автомобильдің жылдамдық азаю шамасының өзгеруіне байланысты деформациясын анықтау.

Тәжірибелік жұмыс №9. Есептік жылдамдық пен автомобильдің соқтығысуы кезіндегі адамның орын ауыстыру мінездемесі.


Студенттің өздік жұмысының мазмұны


СӨЖ түрлерінің тізімі



СӨЖ түрі

Есеп беру түрі

Бақылау түрі

Сағаттық көлемі

1

Дәріс сабақтарына дайындалу

Жұмыс дәптері

Сабақтарға қатысу

30

2

ООЖ дайындық, үй жұмысын орындау

Ауызша сұрау, жұмыс дәптері

Сабақтарға қатысу.

30

3

Дәріс сабақтарына кірмей қалған, бірақ оқу бағдарламасы бойынша міндетті тақырыптарды қарастыру

Жұмыс дәптері

Тексеру

25

4

Бақылау іс-шараларына дайындық




МБ1, МБ2

5

Барлығы

90


Студенттің өздігінен оқуына бөлінген тақырыптарының тізімі:

Тақырып 2 Қауіпсіздіктің түрлері. Автомобильдің белсенді қауіпсіздігі.

Тапсырма 1 Автомобиль – көлік ағынының негізгі элементі.[1] [3] [9]

Тақырып 3 Автомобильдің жалпы құрастырғыш компоненттері

Тапсырма 2 Жол бетінен доңғалақтардың ажырау шарттары. Автомобильдің техникалық жағдайының орнықтылыққа, басқарымдылыққа және бірқалыпты жүруінің әсері және осы қасиеттерді арттыру жолдары.[1] [5] [6] [7]

Тақырып 4 Автомобиль динамикасы.

Тапсырма 3 Тежеудің техникалық жағдайының қауіпсіздікке әсері. [1] [6] [7]

Тақырып 5 Орнықтылық, басқарылғыштық және автомобиль жүрісінің жайлылығы.

Тапсырма 4 Автомобиль орнықтылығы және оның қауіпсіздік үшін маңызы. [6] [7]

Тақырып 6 Автомобиль шиналары.

Тапсырма 5 Шиналардың қауіпсіздігін арттыру үшін жасалатын конструктивтік шаралар.[1] [5] [7]

Тақырып 7 Автомобильдің ақпараттылығы.

Тапсырма 6 Автомобильдің сыртқы жарық беру жүйелері. [1] [4]

Тақырып 8 Жүргізушінің жұмыс орны.

Тапсырма 7 Жүргізуші орнынан айқын көрішілікке қойылатын талаптарды анықтайтын құжаттар. [1] [6] [7] [9]

Тақырып 9 Автомобильдің пассивтік қауіпсіздігі.

Тапсырма 8 Қауіпсіздік белдігі және қауіпсіздік жастығы, қауіпсіз орындықтар.[1] [2] [8]

Тақырып 10 Автомобильдің апаттан соңғы қауіпсіздігі.

Тапсырма 9 Автомобильдің техникалық жабдығының апаттан соңғы қауіпсіздікке әсері және оны арттыру жолдары [1] [4] [6] [8]

Тақырып 11 Автомобильдің экологиялық қауіпсіздігі.

Тапсырма 10 Автомобильдің техникалық жағдайының экологиялық қауіпсіздікке әсері және оны арттыру жолдары.[1] [5] [8]

Тақырып 12 Экспериментті қауіпсіз автомобильдің құрылымы.

Тапсырма 11 Активтік қауіпсіздіктк арттыратын автоматтық құрылғылар. [1] [8]


10 Пән бойынша қорытынды рейтинг есептеу әдістемесі


Жұмыс оқу жоспарына сай «Автокөлік құралдарының қауіпсіздігі және конструкциясы» пәні бойынша қорытынды рейтинг – емтихан. Ғылым кеңесімен ағымды үлгерімді мен бақылау түрі бойынша келесі үлес салмағыалынған.




Қорытынды бақылау түрі

Бақылау түрі

Үлес салмағы

1

Емтихан

Емтихан

0,4

Курстық жұмыс




Ағымды үлгерімді бақылау

0,6
  1   2   3

Похожие:

1 Оқытушы туралы мәлімет және байланыс ақпарат icon1 Оқытушы туралы мәлімет және байланыс ақпарат
«Көлік, көліктік техника және технологиялары» мамандығының студенттеріне арналған
1 Оқытушы туралы мәлімет және байланыс ақпарат icon1 Оқытушы туралы мәлімет және байланыс ақпарат
Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру мамандық студенттеріне арналған
1 Оқытушы туралы мәлімет және байланыс ақпарат icon1 Оқытушы туралы мәлімет және байланыс ақпарат
Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру мамандық студенттеріне арналған
1 Оқытушы туралы мәлімет және байланыс ақпарат icon1 Оқытушы туралы мәлімет және байланыс ақпарат
Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру мамандық студенттеріне арналған
1 Оқытушы туралы мәлімет және байланыс ақпарат icon1. Оқытушы туралы мәлімет және байланыс ақпараттары
Бағдарлама «01» қыркүйек 2010ж бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген
1 Оқытушы туралы мәлімет және байланыс ақпарат icon«Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандартына
Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің Ұлттық мұрағаты
1 Оқытушы туралы мәлімет және байланыс ақпарат icon2 Оқытушы туралы мәлімет
Пәннің оқу әдістемелік кешені «Зоология», А. 2005 типтік бағдарлама және кафедра құжаттары негізінде құрастырылған
1 Оқытушы туралы мәлімет және байланыс ақпарат icon1 Оқытушы жайында мәлімет: аға оқытушы Жунусова Г. Т
Студенттердің (магистранттардың) оқытушымен жүргізетін өздік жұмыстарының кестесі
1 Оқытушы туралы мәлімет және байланыс ақпарат iconБАҒалы қАҒаздар эмиссиясының проспектісі
...
1 Оқытушы туралы мәлімет және байланыс ақпарат icon1 жалпы мәлімет оқытушы және пән бойынша жалпы мәлімет
Семей қ. ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік университеті 3 деңгейлі смк құжат поәК поәК 042-18-16 66/02-2014 поәК
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница