«Зайсан аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары




Скачать 289.45 Kb.
Название«Зайсан аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
страница1/4
Дата конвертации10.02.2016
Размер289.45 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://zaysan.vko.gov.kz/kz/files/strategy_15.doc
  1   2   3   4
«БЕКІТІЛДІ»

Зайсан ауданы әкімдігінің

2010 жылғы «11» қаңтар

№ 1013 қаулысымен


«Зайсан аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған

СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫ


Зайсан қаласы, 2009 жыл


Мазмұны



  1. Кіріспе

  2. Ағымдағы жұмыстар талдауы

    1. Жердің жағдайы және жер ресупстарын пайдалану

  3. «Зайсан аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ стратегиялық

бағыты, мақсаты және жұмыс жоспары

  1. Функционалдық мүмкіндіктер мен болжамды тәуекел

  2. Нормативтің құқықтық актілер

  3. Бюджеттік программалар




  1. Кіріспе


Мекеме бағыты.


Жер ресурстарын тиімді және рационалды пайдаланудағы мемлекеттік саясатты іске асыру, жердің сапалық жағдайын жоғарылату, ауданның жер қорын бөлудің есебін жүргізу, жер учаскелерін бөлудің жариялығын қамтамасыз ету.


Көзқарас


Жер қорының нақты жағдайын көрсете отырып жер қатынастары жүйесінің тұрақты дамуы, жердің сандық және сапалық жағдайын көтеру және ауданның жер ресурстарына қатысты ақпаратты ашық ету.


  1. Ағымдағы жұмыстар талдауы


2. 1. Жердің жағдайы және жер ресурстарын пайдалану


Жер Заңдылықтарына сәйкес аудандық жер қатынастары бөлімі жергілікті атқарушы органдарға жер учаскелерін беру туралы ұсыныс пен шешімдердің жобаларын дайындау және олардың пайдалану мақсатын өзгерту; иесіз жер учаскелерді есепке алу; жер учаскелерін мемлекеттік қажеттіліктер үшін алуға ұсыныстар дайындау; жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерінің орналастыру жобасын бекіту; мемлекет және меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық құнын бекіту; жерді аудандық деңгейде аймақтарға бөлудің нысаналы мақсат жіктемесі енгізілетін жобаларын әзірлеуді ұйымдастру, және жерді ұтымды пайдалану жөніндегі аудандық бағдарламаларды әзірлеу; елді мекен аумағында жер-шаруашылық орналастыру жоспарларын әзірлеуді ұйымдастыру; жер учаскелерін сатуға конкурс, аукцион өткізуді ұйымдастыру; жерді пайдалану мен қорғау мәселелеріне қатысты аудандық (қалалық) бағдарламаға, схемалар мен жобаларға сараптама жүргізу; ауданның жер балансын жасау; жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарын беру; жер учаскелерін сату-сатып алу, жалға және уақытша өтеусіз пайдалануға шарт жасасу; аудан бойынша жер учаскелерін пайдаланушыларының, иелерінің және басқа жер қатынастар құқығы бар субъектілердің есебін жүргізу сияқты жұмыстарын жүргізеді.

Жыл сайын «Жер иелері мен пайдаланушылардың, пайдалану мақсатына және категориясына байланысты жерді бөлу туралы» ауданның есебі жасалады. Аяққы 3 жылдың ішіндегі (таблица №1) өзгерістерге қарайтын болсақ, жер иелері мен жер пайдаланушылардың жердің пайдалануы өскенін көрсетеді.

Ауданның өзінде мемлекеттік жер кадастрының мәліметтерін алатын орталықтандырылған жүйе жоқ. Бүгінгі күні жер учаскесі туралы ақпаратты алу қолда бар тізімге және Зайсан аудандық кадастр бюросынан сұраныс жасап, содан кейін өтініш білдірген жеке және заңды тұлғаларға жауап қайтарылады. Ол ұзақ уақыт алады. Картографиялық материалдар жоқ.

Жер кадастрының мәліметін беру проблемасы барлық мүдделі мекемелерді біріктіре отырып, біріңғай ақпараттық жүйе құрылған жағдайда шешімін табар еді.

Бұл проблема шешілген жағдайда жердің сандық және сапалық жағдайы туралы ақпарат беру нақты болар еді.

Ауыл шаруашылық агроқұрылымдарға бекітіліп берілген ауыл шаруашылық мақсатындағы егіндік және тыңайтылған жерлерге талдау жасап 2008 жылды 2007 жылмен салыстырғанды, аудан бойынша егістік жердің көлемі 2536 га ұлғайған.


№2 кесте. Агроқұрылымдардың бекітіп алған ауылшаруашылық мақсатындағы жер учаскелеріндегі егіндік туралы ақпарат.



Аудан атауы

01.11.2007 жылға егіндік көлемі, га

01.11.2008 жылға егіндік көлемі, га

2008ж және 2007ж айырмасы, га

1

Зайсан

5670

8206

2536



№3 кесте. Агроқұрылымдардың бекітіп алған ауылшаруашылық мақсатындағы жер учаскелеріндегі егіндік туралы ақпарат.



Аудан атауы

01.11.2007 жылға тыңайтылған егіндік көлемі, га

01.11.2008 жылға тыңайтылған егіндік көлемі, га

2008ж және 2007ж айырмасы, га

1

Зайсан

20314

18503

-1811



Ауданның актуалды проблемасы болып жер учаскесін мақсаты бойынша пайдаланбау немесе жер заңнамасын бұза отырып пайдаланылған жер учаскелеріне түгендеу жұмыстарын жүргізуге көңіл бөлу табылады. Тексеру (түгендеу) жұмыстары – пайдаланымай, мақсатына сай емес пайдаланылатын жер учаскелерін анықтауға мүмкіндік береді.

Бұл жұмыстар 2007 жылдан бастап жүргізіліп жатыр. 2007 жылы 19 агроқұрылымның 2685 га болатын 26 жер учаскесі, 2008 жылы 92 агроқұрылымның 3637 га болатын 126 жер учаскесі, ал 2009 жылдың 5 айында 9 агроқұрылымның 1084 га болатын 9 жер учаскесі ұзақ уақыт пайдаланылмағаны үшін иесіз мүлік ретінде есепке алынды.

Жер учаскелерінің сапалық жағдайын және мақсатына сай пайдалану мақсатында 2004 жылдан бері жер учаскелеріне паспорт дайындау жұмыстары жасалып жатыр. Қазіргі уақытта аудан бойынша 363 агроқұрылымға 411 паспорт дайындалды.

Паспортта жер пайдаланушылардың жер учаскелері туралы толық мәлімет көрсетілген.

Экономиканың дамуы белгілі бір деңгейде жерге байланысты төлімдер жүйесін қалыпқа келтіруге байланысты екендігін – нарықтық-экономикасы дамыған мемлекеттердің іс-тәжірбиесі көрсетеді. Аудан бюджетінің кіріс бөлігін көбейту мақсатында Зайсан аудандық мәслихаттың 2008 жылдың 11 шілдесіндегі №7-5/3 шешімімен Зайсан қаласының жер учаскелері үшін төлемақылардың базалық ставкаларына және жер салығының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері бекітілді.

Мемлекеттік экономика структурасын қайта жасау кезіндегі жер реформасының басты бағыттарының бірі болып – жер учаскесінің рыногын дамыту табылады.

Мемлекеттік меншік құқығын берудің перспективті түрінің бірі, ол – жер учаскелерін сатуға конкурс, аукциондар өткізу. Қазіргі уақытта конкурс, аукциондар өткізуге құжаттар дайындалуда.

Конкурстар мен акциондар сатып алушыларға жер учаскесінің көлемі, орналасқан жерін алдын ала таңдау, түрлі құжаттарды жинақтау сияқты ұзақ уақыт алатын процедуралардан құтылу. Ол мемлекетке ғана емес сатып алушыларға да тиімді. Бұл жер учаскелерін тиімді пайдалануына, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамытуға отандық және шетел инвестицияларын тартуға, бюджетке қосымша түсімдердің түсуіне, жер учаскесін бөлудің ашық түрде өтуіне, жер пайдалану аясында бәсекелестік ортаның қалыптасуына өз ықпалын жасайды.


4. Функционалдық мүмкіндіктер мен болжамды тәуекелдер


Ауданның жер ресурстарын тиімді пайдалану, жер қатынастарын дамыту, жер учаскелері және ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді материалдық актив категориясына жатқызу, оларды қаржы-экономикалық айналымға енгізу, бұл – жер реформасын тереңдету үшін қажетті шаралардың толық тізімі емес.

Алға қойған стратегиялық мақсаттарға жетуге бөлімнің ішкі аясын өзгертуге байланысты іс-шаралар, сонымен қатар, мүдделі мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынастардың дамуы өз әсерін тигізеді.

Қойылған мақсатты шешуге әсер ететін ішкі факторларға келесілерді енгізуге болады:

  • біліктілігін жоғарлату арқылы мамандардың кәсіптік деңгейінің өсуі, ішкі потенциалды дамытуға байланысты курстар мен тренингтер ұйымдастыру, жас мамандарды тарту;

  • мекеме қызметкерлерінің ақпараттық сұранысын қанағаттандыру мүмкіндігі және сапасын арттыру үшін, ақпаратты жинақтау және пайдалану жүйесін жетілдіру және еңбек шығынын азайту, қызметкерлерді Интернет жүйесімен, заң базасымен, ақпараттық базамен 100 % қамтамасыз ету, сонымен қатар ақпараттық ресурстарды тиімді пайдалануды дамыту және оны қызметкерлермен күнделікті жұмыста қолдану;

  • бюджеттік қаржыны мекеменің қызметінің қорытындысын есептей келе бөлу.

Жер қатынастарын басқару жүйесін дамуымен қатар жер қатынастары басқару аясындағы функциялар мен құзыреттерді бөлісу, жергілікті басқару органдарымен өзара қарым-қатынас жасауға бағытталған, ол жер қатынастарына байланысты сектораралық қатынасты дамытуды қажет етеді.

Жер қатынастарына байланысты алға қойған мақсатқа жету үшін ауыл шаруашылық бөлімі, қоршаған ортаны қорғау мекемесі, кәсіпкерлік бөлімі, жергілікті атқарушы органдар сияқты мемлекеттік органдармен, өңіраралық жер инспекциясы, прокуратура, әділет басқармасымен қарым-қатынас жүргізу арқылы Қазақстан Республикасы жер заңдылықтарын бұзуды азайтады.


№4 кесте. Сектораралық қарым-қатынас

Стратегиялық мақсаттардың атауы

Мүдделі мемлекеттік мекемелермен бірлесіп жасалынатын іс-шаралар

Жер ресурстарының сапалық жағдайы туралы ақпараттың деңгейін көтеру

АШБ – аудандық ауылшаруашылық алқаптарының сапалық мінездемесін құру кезінде егіндік жердің агро-химиялық тексеру жүргізу және суармалы жердің мелиоративтің кадастр мағлұматын қолдану

Ауданның жер қоры мен жер учаскелері туралы мәліметтер жинақтау

Қала, ауыл әкімдері мен бірлесе отырып жердің сандық есебін жүргізуге

Жер мониторингінің көрсеткіштерін қолдану және мониторинг жүргізудің сапасын арттыру

ҚОҚМ – жердің жағдайы және оған әсер ететін (эрозия, тұздану, т.б.) процестер туралы ақпарат беру

Аудан тұрғындары арасында жер қатынастарына байланысты құқықтық түсіндірме жұмыстар жүргізу

БАҚ – жер қатынастарына байланысты тұрғындарды ақпараттандыру

Жерді пайдалану және оны қорғауға байланысты мемлекеттік бақылау тиімділігін арттыру

Салық басқармасы, өңіраралық жер инспекциясы, ЖАО – жер қатынатары субъектілеріне бірігіп тексеру жүргізу

Автоматтандырылған база жасау арқылы құжаттар мен материалдардың есебін және сақталуын қамтамасыз етіп, тиімділігін арттыру

ААЖ – геодезиялық және картографиялық мәліметтер мен материалдарды есебін жүргізу арналған мәліметтердің автоматтандырылған базан құрастыру бойынша техникалық жобасын келісу

Құрылысқа байланысты жер учаскелерін сұраған өтініштердің уақытылы қаралуы

Аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі арқылы алдын ала жер таңдау актісін жер комиссиясына ұсыну
  1   2   3   4

Похожие:

«Зайсан аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары icon«Зайсан аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
«Зайсан аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған
«Зайсан аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары iconКатон-Қарағай аудандық білім беру бөлімі мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жаспары Мазмұны
Катон-Қарағай аудандық білім беру бөлімі мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жаспары
«Зайсан аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары icon«Өскемен қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары
Стратегиялық бағыттамалары, мақсаттары мен міндеттері, мақсатты индикаторлары, іс-шаралар мен нәтижелерінің көрсеткіштері
«Зайсан аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары icon«Аягөз аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары Мазмұны
Мемлекеттік органдардың стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі
«Зайсан аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары iconАягөз аудандық білім бөлімінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Аудандық білім бөлімінің қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаты, міндеті мен нысаналы индикаторлары
«Зайсан аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары icon«Аягөз ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары Аягөз қаласы
Аягөз ауданының кәсіпкерлік бөлімінің (бұдан әрі – бөлім) маңызды міндеті – ауданда кәсіпкерлікті дамыту, бинестің дамуына қолайлы...
«Зайсан аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары icon«Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Стратегиялық бағыт, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар, шаралар және нәтиже көрсеткіштері
«Зайсан аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары icon«Зайсан ауданының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мм 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
«Зайсан ауданының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мм 2011–2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
«Зайсан аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары iconМм «Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық білім бөлімінің» 2010-2014 жылдарға арналған
Зайсан аудандық білім бөлімінің білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттары және бағдарламаны іске асыру тетігі
«Зайсан аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары icon«Зайсан аудандық білім бөлімі» мм 2011-2015 жылға арналған Стратегиялық жоспары
Миссия – сапалы, бәсекеге қабілетті, нәтижеге бағытталған, «бүкіл өмір бойы баршаға білім беру» принципіне негізделген мемлекеттік...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница