«Өскемен қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары




Скачать 313.08 Kb.
Название«Өскемен қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары
страница1/3
Дата конвертации10.02.2016
Размер313.08 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.oskemen.kz/kz/files/strategy_08.doc
  1   2   3


Өскемен қаласы әкімдігінің

2011 жылғы «____»______ .

қаулысымен бекітілді











2011 – 2015 жылдарға

«Өскемен қаласының жер қатынастары бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің

стратегиялық жоспары


Мазмұны


1-бөлім. Миссиясы мен сипаттық көрінісі

2-бөлім. Ағымдағы жағдайдың талдауы

2.1. Жерлердің жағдайы мен жер ресурстарын пайдалану

3-бөлім. Стратегиялық бағыттамалары, мақсаттары мен міндеттері, мақсатты индикаторлары, іс-шаралар мен нәтижелерінің көрсеткіштері

3.1 Стратегиялық бағыттамалары, мақсаттары мен міндеттері, мақсатты индикаторлары, іс-шаралар мен нәтижелерінің көрсеткіштері

3.2. Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттамалары мен мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі

4-бөлім. Функционалдық мүмкіндіктердің дамуы

5-бөлім. Ведомство аралық өзара қарым-қатынастар

6-бөлім. Қауіп қатерлерді басқару

7-бөлім. Бюджеттік бағдарламалар


1. «Өскемен қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ-нің миссиясы мен сипаттық көрінісі


Миссиясы

Жер қатынастары жөніндегі өкілетті орган, әкімдіктің құрылымдық бөлімшесі ретінде, Өскемен қаласының жер қатынастарын реттеу бойынша қызметті орындауды жүзеге асырады.


Сипаттық көрінісі

Жер қорының қазіргі жағдайын көрсететін жер қатынастары жүйесін тұрақты дамыту, жердің сапалық және сандық жағдайын арттыру және қаланың жер ресурстарына қатысты ақпараттарды кедергісіз алу.

2. Ағымдағы жағдайды талдау

Қала сызығының шегінде Өскемен қаласының аумағы 19826 га құрайды, Өскемен қаласының әкіміне әкімшілік бағынышта ауданы 27910 га ауылшаруашылығына арналған жерлер (бұрынғы «Ярославский» совхозының жерлері) және ауданы 3043 га Меновной ауылдық округінің жерлері бар.

1-кесте – Санаты бойынша жерлерді пайдалану туралы ақпарат

р/с №

Жерлердің санаты

2007 жыл

(га)

2008 жыл

(га)

2009 жыл

(га)

2010 жыл

(га)

1

Ауыл шаруашылығына арналған жерлер

24914

25190

25182


24199

2

Елді мекен жерлері

18669

18669

18669

19981

3

Өнеркәсіп, көлік, байланыс және басқа да ауыл шаруашылығына арналмаған жерлер

4179

4179

4179

4120

4

Айрықша қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері

2

2

2

2

5

Орман қорының жерлері

0

0

0

0

6

Су қорының жерлері

177

177

177

177

7

Босалқы жерлер

6434

6158

6086

5896

Өскемен қаласының ауыл шаруашылық саласы 6 агроқұрылыммен – заңды тұлғалармен және 73 шаруа қожалығымен берілген.

01.01.2010 жылға қала аумағындағы (Меновной ауылдық округін қоса алғанда) ауыл шаруашылық алаптарының ауданы құрайды:


Атауы

Агроқұрылым-дардың саны (бірлік)

Ауыл шаруашылығына арналған жерлер

барлығы

(га)

соның ішінде:

егістік

шабындық

жайылым

басқа жерлер

Шаруа қожалықтары (соның ішінде жәй серіктестіктер)

73

17574

4262

1690

10787

835

Агроқұрылымдар

6

5841

1870

244

3594

133

Арнайы жер қорының жерлері




2053,6

856,1

80,5

1117

0

Одан басқа, 2000 гектарға жуық жерлерді халықтың жеке қоныстары мен бақшалары және 784 га – саябақ учаскелері алып жатыр. Шаруашылықтың барлық санаттары бойынша ауылшаруашылығына арналған жерлер 24,114 мың га құрайды, олардың 5,922 мың га – егістік.

Жоғарыда көрсетілген цифрлар ауылшаруашылық алаптарының көлемінде егістік 41,3% артық алмайтынын көрсетеді.

Осы мақсатқа жарамды шабындық пен жайылым, арнайы жер қорының жерлерін жырту есебінен оны көбейтуге болады.

«Өскемен қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі – жер қатынастары жөніндегі өкілетті орган, әкімдіктің құрылымдық бөлімшесі ретінде, Өскемен қаласының жер қатынастары саласындағы қызметті жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 27.12.2005 жылғы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқаруының типтік құрылымдары мен жергілікті атқарушы органдардың штат саны шегінің кейбір мәселелері туралы» қаулысын орындау үшін «Өскемен қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – «Бөлім») құрылды, оның қалада өз мәртебесі, жер заңнамасымен анықталған өкілеттігі және мемлекеттік қызметшілер штаты (18 адам) бар.

«Бөлімнің» келесі өкілеттігі бар:

1. Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту.

2. Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларының, сондай-ақ басқа да құқық қатынастары субъектілерінің есебін жүргізу.

3. Жер учаскелерінің бөлінуі және бөлінбеуі мәселелерін қарау және анықтау.

4. Жерді пайдалану және қорғау мәселелерін қозғайтын жобалардың, сұлбалардың сараптамасын жүргізу.

5. Жер қатынастары және қала құрылысы мәселелері жөніндегі комиссия қарауы үшін жер учаскелерін таңдап алу бойынша ұсыныстар дайындау.

6. Жер мәселелерін түсіндіру бойынша азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштері және арыздарымен жұмыс істеу.

7. Жер балансын жасау және Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасына, қаланың салық қызметіне, жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органға жер есептерін дайындау.

8. Жер учаскелерін сатып алу-сату шарттарын, жалдау шарттарын дайындау және тіркеу.

9. Сатып алу-сату шарттарын орындау талаптары бойынша сатып алынған жер учаскелерінің есебі.

10. Жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту бойынша жергілікті атқарушы органның ұсыныстары мен шешім жобаларын, сондай-ақ жерге құқықтарын беруден бас тарту туралы қаулы жобаларын дайындау.

11. Мемлекеттік қажеттіктер үшін жер учаскелерін алып қою бойынша ұсыныстар дайындау.

12. Жер саудасын (конкурстарын, аукциондарын) ұйымдастыру, өткізу.

13. Қала әкімдігінің тапсырмасы бойынша сот органдарына жер учаскелеріне қатынасты талап-арыздар дайындау.

14. Жер құқық қатынастары бойынша азаматтар мен заңды тұлғаларды қабылдау және кеңес беру.

15. Иесіз жер учаскелерін есепке қою және осы жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару туралы талап-арыздар дайындау.

16. Жер кодексінің 71-бабына сәйкес іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға жергілікті атқарушы органмен рұқсат беру бойынша ұсыныстар дайындау.

17. Жер учаскелеріне сәйкестендіру құжаттарын беру.

18. Жер учаскелері бар немесе жоқ болуы туралы анықтамалар беру.

19. Ұзақ уақыт пайдаланылмаған жер учаскелерінің мониторингін жүргізу.

«Өскемен қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жұмысының талдауы кестеде берілген


р/с №

2008 жыл, бірлік

2009 жыл, бірлік

2010 жыл, бірлік

Өтініштер саны

8826

6745

5974

Қайта ресімделген сәйкесткендіру құжатта-рының саны

2919

2085

1936

Шарттардың (жалдау, сатып алу-сату, және т.с.с.) саны

5571

4098

2322

Жерге орналастыру жобаларын қалыптас-тыруға берілген рұқсаттардың саны

2696

2576

1985

Жерге орналастыру құжаттамаларын бекіту туралы бұйрықтардың саны

7765

3243

2780

Жер учаскелеріне берілген сәйкестендіру құжаттарының саны

12496

8880

4844



Бөлімде Өскемен қаласының жер қатынастары бөлімінің автоматтандырылған жүйесі (ЖҚБ ААЖ) жасалды және қаланың векторлық картасы құрылды.

2010 жылы аукциондар арқылы жер учаскелерін сату жалғастырылды, бірақ базалық ставка 1 шаршы метрі үшін 1304 теңгеге өсуіне байланысты, жер учаскелеріне сұраныс түсіп қалды. Аукционға 9 жер учаскесі шығарылған болатын, олардың 2 учаскесі көп қабатты тұрғын үй құрылысы үшін, 1 – көп қабатты гараж-тұрақ кешені құрылысы үшін, 1 – спорт-сауықтыру кешені құрылысы үшін, 3 – кіре беріс топтарын салу үшін, 2 – зат және автомобиль базарларын салу үшін.

Аукционға қатысуға өтініштер болмауына байланысты, жоғарыда көрсетілген жер учаскелері сатылмады.

Бұл жағдайға жер учаскелері үшін төлемнің жоғары базалық ставкасы себепші болды.

2008 жылы Өскемен қаласындағы жерлерді бағалау аймақтарына бөлу жұмысы өткізілді.

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 1 шілдедегі № 7/101-ІV шешімімен Өскемен қаласының бағалац аймақтарының шекарасы және жер учаскелері үшін төлемнің базалық ставкасына коэффициенттер бекітілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 қазандағы № 956 «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 2 қыркүйектегі № 890 «Жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде, мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушылар жалға берген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын, сондай-ақ жер учаскелерін жалдау құқығын сату төлемақасының мөлшерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысына сәйкес Өскемен қаласы бойынша төлемнің базалық ставкасы 1 ш.м үшін 1304 теңге болып белгіленді.

Өскемен қаласындағы нақты жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 1 шілдедегі № 7/101-ІV шешімімен бекітілген түзету коэффициенттерін қолданумен жер учаскелеріне төлемнің базалық ставкасына сәйкес анықталады.

Жыл сайын қала және әкімшілік бағынышты аумақ жерлерінің және Меновной ауылдық округі жерлерінің жылдық балансын дайындау және тапсыру бойынша жұмыстар жүргізіледі.

2010 жылы бұрын құрылыс үшін берілген, ұзақ уақыт пайдаланылмаған жерлердің мониторингін жүргізу шегінде коммерциялық құрылыс объектілері үшін берілген 48 жер учаскесі зерттелді.

Жер учаскелерін түгендеуді жүргізу нәтижесінде 40 жер учаскесі арналуы бойынша пайдаланылмайтыны анықталды.

Қазіргі уақытта ШҚ және Павлодар облыстары бойынша жер ресурстарын басқару жөніндегі ҚР Агенттігінің өңіраралық жер инспекциясына тапсыру үшін материалдар дайындалуда.

2008 жылы бөлім санитарлық-қорғау аймақтарының (СҚА) шекараларын белгілеу бойынша құжаттарды ресімдеу тәртібі туралы хабарландыру мақсатында қала кәсіпорындарымен жұмыс істеді. 2009 жылы СҚА құжаттарын ресімдеу бойынша жұмыс аяқталды.

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 1 та-мыздағы № 726 «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқық беру ережелерін бекіту туралы» қаулысына сәйкес бөлімде қаланың болашағы бар тұрғын аудандарында жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беруге өтініштерді арнаулы есепке қою жүзеге асырылады.

Азаматтардың өтініштері Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңымен белгіленген мерзімде қаралады. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-бабына сәйкес жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін беру туралы өтініш арнаулы есепке алынады және бөліп беруге арналған алаңдардың дайындалуына қарай қанағаттандырылады. Азаматтардың жер учаскелеріне құқық беру туралы өтініштері Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-бабына сәйкес жер қатынастары және қала құрылсы мәселелері жөніндегі комиссияда қаралады, кезекте нөмір беріледі.

Арнаулы есеп бойынша деректер кестеде көрсетілген:


аудандар

ЖМК

Ахмер

23-тұрғын аудан




жыл

Самсоновка

2006

2177

945

189

 33

2007

2034

1286

1249

179

2008

699

205

122

44



2009 жылы жеке тұрғын үй құрылысы үшін 2004, 2005, 2006 жылдарда кезекте тұрғандарға 3965 жер учаскесі берілді. Нәтижесінде арнаулы есепте азаматтардың ЖМК, Ахмер, Меновной, Самсоновка, Ново-Явленка аудандарында 8861 өтініші қалды.

2009 жылы 854 өтініш беруші жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беруге өтініш берді, олардың барлығы арнаулы есепке алынды. 2010 жылы жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру жалғастырылуда, 672 жер учаскесі берілді.

Өскемен қаласында жергілікті бюджет қаражатының есебінен гараж кооперативтерінің, бағбандық серіктестіктерінің, болашақ жеке тұрғын үй құрылысы жерлерін түгендеу жүргізілді. Мына объектілер бойынша топографиялық түсірімдер орындалды:

гараж кооперативтері М 1:2000;

бағбандық серіктестіктері М 1:2000;

болашақ жеке тұрғын үй құрылысы аудандары (Ахмер ауылының маңы, 20, 21, 23, 25-тұрғын аудандар, «Қимасты» тұрғын ауданы, Металлург кенті, Үлбі кенті) М 1:2000.

Алайда қаланың негізгі аумағына М 1:2000 30 жыл бұрынғы картографиялық материалдар бар. Ауылдық елді мекендер мен Өскемен қаласын жердің қазіргі жағдайына сәйкес картографиялық өнімдермен қамтамасыз ету мәселесі актаульді болып тұр.

Қайта бекітілген Өскемен қаласының бас жоспарымен Прапорщиково, Ново-Явленка, Герасимовка, Опытное поле, Радужный, Солнечный және Ахмер елді мекендеріне іргелес аумақтарды қала құрылысына игеру қарастырылған..

Қаланың қосымша аумаққа мұқтаждығы қала шегінен тыс Ұлан және Глубокое аудандарының жерлерінде анықталған. Осы жерлерде Жаңа Ахмер және Прапорщиково ауылдарының маңындағы жалпы ауданы 259 га өндірістік құрылыстың аумағы, Ұлан ауданының жерлерінде 2 өнеркәсіп алаңшасы және коммуналдық объектілер үшін: өнеркәсіп кәсіпорындарының объектілері енгізілуімен сол жағалау ЖЭО – 180 га, СҚА есепке алумен қоқыс өңдейтін зауыт – 350 га, көтерме сауда объектілерінің және жеңіл тамақ өнеркәсібін резервтік дамыту – 300 га аумақтары резервіленді.

  1   2   3

Похожие:

«Өскемен қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары icon«Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары мазмұны
Стратегиялық бағыттар, мақсаттар мен міндеттер, мақсатты индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері
«Өскемен қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары icon«Зайсан аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
«Зайсан аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған
«Өскемен қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары icon«Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Стратегиялық бағыт, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар, шаралар және нәтиже көрсеткіштері
«Өскемен қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары icon«Өскемен қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары
Ағымдағы жағдайдың талдауы және дене шынықтыру және спорт, туризм саласының дамуының беталысы
«Өскемен қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары icon«Өскемен қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған
Стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары, іс-шаралар және нәтиже көрсеткіштері
«Өскемен қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары icon«Аягөз аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары Мазмұны
Мемлекеттік органдардың стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі
«Өскемен қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары iconҚазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі
Ы бөлімі мемлекеттік мекемесі (ары қарай – Бөлім) қалалық бюджеттен қаржыландырылтын, ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары...
«Өскемен қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары icon«Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
Стратегиялық бағыттар, мақсаттар,міндеттер, мақсаттық индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері
«Өскемен қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары icon2011-2015 жылдарға арналған «Өскемен қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм стратегиялық жоспары
«Өскемен қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм
«Өскемен қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары iconӨскемен қаласының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі
«Өскемен қаласының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница