Скачать 331.88 Kb.
|
«Бекітемін» «Бекітемін» Бұқар жырау ауданының әкімі Аудандық мәслихаттың хатшысы __________________ Е.Нашаров _________________ А. Жүніспеков «____» ______________ 2008 ж. «____» __________________ 2008 ж. «БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫНЫҢ ЖАСТАРЫ – 2008-2010 Ж.Ж.» АЙМАҚТЫҚ БАҒДАРЛАМА Ботақара кенті МАЗМҰНЫ беттер
«Бұқар жырау ауданының жастары -2008-2010 ж.ж.» аймақтық бағдарламасының КЕЛІСІМ ПАРАҒЫ Аудан әкімінің орынбасары Дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы __________________ А.ӘЛИ _________________ О. Цыганков Ішкі саясат бөлімінің бастығы Қаржы бөлімінің меңгерушісі _______________ Қ. Балапанов _________________ М. Исабаев Мәдениет және тілдерді дамыту Экономика және бюджеттік бөлімінің меңгерушісі жоспарлау бөлімінің меңгерушісі ___________________ М. Шибаева _________________ Б. Муталяпова Жұмыспен қамту және әлеуметтік Білім беру бөлімінің меңгерушісі бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі ______________________ Н. Алексеева _____________________ Д. Исетова Қорғаныс ісі жөніндегі бөлімінің бастығы «АМБ» КМҚМ директоры _________________________ Ө. Әбілов _____________ Б. Мұздыбай Ұйымдастыру және құқықтық жұмыс бөлімінің бастығы ___________________ Ж. Айтпаева 1. АЙМАҚТЫҚ БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ
2. КІРІСПЕ «Бұқар жырау ауданының жастары – 2008-2010 ж.ж.» атты аймақтық мақсатты бағдарлама Қазақстан Республикасының 2004 жылғы шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» №581 Заңына және 1999 жылғы 28 тамыздағы №73 Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты Концепциясына сәйкес жасалды, ол Бұқар жырау ауданының барлық мемлекеттік, шаруашылық, қоғамдық органдарын Бұқар жырау ауданының аумағында тұратын жас азаматтардың қалыптасуы мен дамуына әлеуметтік – экономикалық, құқықтық және ұйымдық жағдай жасау үшін жұмылдыруға бағытталған. Осы мақсаттарды жүзеге асыру мемлекеттік жастар саясатын қалыптастырып жүзеге асыруға жастардың тікелей ат салысуын көздейді. Жасөспірімдердің өз өмір жолын таңдап алуына, оның материалдық деңгейі мен әлеуметтік ахуалына қарамастан табыстарға қолжеткізуіне мол мүмкіндік тудыру үшін мемлекет жағдай жасау керек. Тек сонда ғана – жастардың өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру бойынша жастардың мемлекеттік саясатының негізгі міндеті пәрменді бола алады. «Бұқар жырау ауданының жастары» аймақтық бағдарламасы біздің аймақта мемлекеттік жастар саясаты мәселелерін 2007 жылға дейін шешуге мүмкіндік береді. Бағдарлама кешенді сипат алған, оны жасау барысында жастардың ерекше әлеуметтік топ ретіндегі ерекшеліктері мен спецификалары ескеріледі. Оның міндеті – жас азаматтардың табысты түрде әлеуметтенулеріне және олардың мемлекет өміріне жауапкершілікпен араласуларына бағытталған мемлекеттік жастар саясатының негізгі қағидаттары бойынша бірыңғай көзқарас қалыптастыру . 3. ПРОБЛЕМАНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ АХУАЛЫНА САРАПТАМА Аудандық статистика басқармасының мәліметі бойынша Бұқар жырау ауданының 14 пен 29 жас аралығындағы жас азаматтар саны 16093 адамды құрайды, немесе халықтың жалпы санының 24,8 %. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың осы жылғы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауында жастар саясаты саласындағы сұрақтарына қөніл бөлінген, оның ішінде: қоғамдық тұрақтылық, ұлтаралық келісімді қамтамасыз ету, жастар арасында қазақстандық біртұтастық пен жалпықазақстандық патриотизмді қалыптастыру; қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қолдау көрсету; жастар арасында кадр саясаты бойынша сұрақтарға көмек көрсету; салауатты өмір салты мен спортпен шұғылдануды насихаттау. Жастардың дамуы жөніндегі негізгі мәселе ретінде жастардың жұмыспен қамтылуы мен жас азамттарды жұмысқа орналастыру, сонымен қатар қалыптасқан экономикалық қарым-қатынастар жүйесінде жастардың әлеуетін іске асыруға жағдай жасауды атап айту керек. 2007 ж. жұмыспен қамту қызметіне 776 адам жүгінген, олардың 731 жұмысқа орналастырылды. Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғаудың белсенді формасы – жұмыссыз жастарды кәсіби дайындау, біліктіліктерін арттыру және қайта даярлау болып табылады. Жыл басынан бері кәсіптік оқуға 121 жұмыссыз жастар жіберілді (жұмыссыз жастарды кәсіби дайындау, біліктіліктерін арттыру және қайта даярлау курстарына жіберілгендердің 80,6 %). Жастарды жұмыспен қамтамасыз етуді қолдауды, олардың әлеуметтік- экономикалық жүзеге асырылуы, қазіргі заманғы нарықтық ахуалға бейімдеу мен қолдау жүйесін қалыптастырудың кәсіби өсуіне жағдай жасаудың мемлекеттік қолдауы ретінде кәсіпкерлік қызметті дамытуды баса ескерген жөн. Білім беру сапасын арттыру және аудан жастарының аудан өміріне белсенді араласулары жастарды жұмысқа орналастыру проблемаларын шешуде басты роль атқарады. Жастардың ауылды жерден кету проблемасы да сақталуда. Ауыл жастарының қалаға көшулерінің негізгі себебі оқу мен жұмыс іздеу. Салауатты өмір салтын қалыптастыру жастардың толыққанды дамуларының өзекті мәселесі болып табылды. Әлеуметтік проблемалардың шиеленісуі, білім деңгейінің төмендігі жастар денсаулығына өз әсерін тигізуде. Жастар арасында аурулардың көбеюі болашақ ұрпаққа деген үрейді күшейтеді.Ерекше қоғамдық назар аударуды қажет ететіні – ол жыныстық қатынас арқылы тарайтын аурулардың жастар арасында кең етек жаюы. Есірткіні тамыр арқылы қолдану ВИЧ-инфекциясының тарауының негізгі себебі болып отыр. 01.12.2007 жылға 3 балалар мен жасөспірімдер наша паталогиясымен дәрігерлердің есебінде тұр, былтыр осы уақытта – 16 болатын. Бұл саладағы ахуалдың өзгеруі мемлекет тарапынан көп күш жұмсауды талап етеді. Бүгінгі күні халықтың болашақтағы денсаулығы әлеуметтік – экономикалық ахуалмен анықталады, әйтсе де кейбір аурулардың алдын алу үшін кешенді шара қолдану, салауатты өмір салтын қалыптастыру қажет. Осы проблемаларды шешудің тиімді бір жолы – жастардың спортпен шұғылдануларына жағдай жасау, салауатты өмір салтын белсенді насихаттау. Ол үшін аудан аумағында 3 БӨМ, онда 200 бала, 8 БЖСМ филиалы, онда 600 бала, қызық үйірмелер бойынша,онда 7500 оқушы, 3 аулалық клуб ашылды. Қылмыс деңгейі төмендеуде. (2005 ж. - 42% қылсмыс, 2006 ж - 29% қылмыс, 2007 ж. - 25% қылмыс). Жастардың өзіндік жүзеге асырылуына жағдай жасау жастардың интеллектуалдық және шығармашылық деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясат дарынды жастарды қолдау мен әрі қарай дамытуға жол ашады. Қазіргі кезде дарынды жастарды анықтау шеңберінде оқушылардың арасында қоғамдық, табиғи, техникалық және гуманитарлық ғылымдар бойынша ең жақсы ғылыми жұмыстарға олимпиадалар, конкурстар өткізілуде. Ғылыми жұмысқа да жағдайлар жасалуда – жаңа ақпараттық технологияларға кедергісіз ену, ғылыми еңбектерді жариялау, әр түрлі конференциялар мен семинарларға қатысу. Мемлекеттік жастар саясатын ойдағыдай жүргізудің мызғымас бір бөлігі - оның ақпараттық - әдістемелік қымтамасыз етілуі. Ауданда жастар саясатын аудандық «Сарыарқа»газеті насихаттайды. 4.БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ Бұқар жырау ауданының жастарының проблемаларын шешу үшін мемлекеттік органдар мен жастар ұйымдарының белсенділігін ынталандыру, жас азаматтың қалыптасуына және дамуына, қоғам мүддесі үшін оның шығармашылық әлеуетін неғұрлым толыққанды жүзеге асыруына саяси – құқықтық, әлеуметтік – экономикалық, ұйымдық жағдай жасау Бағдарламаның мақсаты болып табылады. Бағдарламаның міндеттері:
5.БАҒДАРЛАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТЕТІКТЕРІ ЖӘНЕ БАСТЫ ЖОЛДАРЫ Бағдарлама 2008-2010 жылдарға арналған кешенді ұйымдық –атқарушылық шараларды және мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттарына жауап беретін келесі басымдықтар бойынша нақты шараларды жүзеге асыруды көздейді:
Бағдарлама мақсаты жастардың азаматтық қалыптасуы мен әлеуметтік жетілуі үшін саяси-қоғамдық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық тұрғыда жағдай жасау, нарық жағдайда әлеуметтендіру. Бағдарламаны жүзеге асыру тетігі, Бағдарламаның шаралар жоспарында көрсетілген шараларды сатылап жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік органдардың іс-әрекеттерін жастармен жұмыс атқаратын барлық мүдделі құрылымдарды жұмылдыра отырып үйлестіру. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында ең басым жағы жастардың әлеуметтік-экономикалық дамыту, оның ең осал бөлігін әлеуметтік бейімдеу, жастардың кәсіпкерлік, тәрбиелеуге қиын жасөспірімдермен жұмыс атқару саласындағы әлеуеттерін қолдау үшін жастарға әлеуметтік қызмет көрсететін қызмет ұйымдастыру және т.б. жұмыспен қамту және еңбек саласында мемлекеттік жастар саясатын мына негізгі бағыттарда жүзеге асыру көзделіп отыр:
Осыған байланысты жастардың мәселесін шешу жолында тұжырымды әрекеттер және мемлекеттік құрылымдары тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілуі көзделіп отыр:
Жастардың білім және ғылым саласындағы құқытары мен мүдделерін қамтамасыз ету ауыл жастарына арналған дайындық – бейімдеу курстарының жұмыстарын ұйымдастыру; жас ғалымдардың инновациялық бастамалық ғылыми-зерттеу жобаларын қолдау, сонымен қатар жастардың білім алу проблемалары бойынша ғылыми-практикалық семинарлар өткізу. Жастарды және жастар саясатын ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асыру БАҚ-та жастар тақырыптарына арналған тұрақты рубрикалар мен телехабарларды қолда мен дамыту арқылы жүзеге асыру қарастырылуда; жастар саясатының өзекті мәселелер бойынша әдістемелік және ұсынымдық басылымдар шығару салауатты өмір салтын қалыптастыру және бұқаралық спортты дамыту нашақорлықтың маскүнемдіктің, темекі тартудың алдын алу және бұқаралық спортты дамыту жөнінде семинар мен конференциялар өткізу арқылы жүзеге асыруы ескерілген. Бағдарламаның елеулі бағыттарының бірі ретінде Қазақстан жастарының арасында азаматтық пен патриотизмді дамытуды баса атап өткен жөн. Осы бағытта атқару барысында әскери-патриоттық тәрбие бойынша айлық, әскери жиындар, фестивальдар өткізу жоспарлануда. |
![]() | 2009 жылдың 10 қараша жағдайы бойынша «Бұқар жырау ауданының жастары – 2008-2010 ж ж.» аймақтық бағдарламаның жүзеге асуы және кенттер мен селолық округтеріндегі жастар... | ![]() | Мәдениет мекемелерінің компьютерлермен жарақтануы Ақтоғай ауданының Жидебай, Бұқар жырау ауданының Алғабас, Жаңаарқа ауданының Атасу станциясында, Қарқаралы ауданының Абыз, Бастал,... |
![]() | Бұқар жырау ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі Жоспарлау бөлімі мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік орган) экономика және бюджеттік жоспарлау саласында мемлекеттік басқару... | ![]() | I сабақтың тақырыбы: Қазыбек би мен Бұқар жырау Білімділік – шешендік сөздерді тереңірек түсіндіре түсу, Қазыбек би мен Бұқар жырау туралы білімдерін кеңейту |
![]() | Бұқар жырау ауданының әкімі аппаратының АӨК, селолық аймақтардың дамуы бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша кеңес (В. П. Лавриков) | ![]() | Бұқар жырау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамына баяндама. Кіріспе Ауданның 2010-2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы «27» тамыздағы... |
![]() | Тамыз 2010 жылғы жағдайына Бұқар жырау ауданы бойынша Жоғарғы, экономикалық. Жұмыс тәжірибесі болған жағдайда орта кәсіптік экономикалық | ![]() | Қыркүйек 2010 жылғы жағдайына Бұқар жырау ауданы бойынша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдар Жоғарғы, экономикалық. Жұмыс тәжірибесі болған жағдайда орта кәсіптік экономикалық |
![]() | Ботақара кенті Есептік жылдың қорытындылары бойынша ауданның әлеуметтік экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары | ![]() | Қарағанды облысы бухар-жырауский бұҚар-жырау районный |