«Механикаландыру және автоматтандыру негіздері» пәні бойынша 050732 «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығының




Скачать 271.62 Kb.
Название«Механикаландыру және автоматтандыру негіздері» пәні бойынша 050732 «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығының
Дата конвертации10.02.2016
Размер271.62 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://psu.kz/arm/upload/umk/36150.doc

Студенттерге арналған

пәннің бағдарламасын

бекіту парағы



Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.2/11



БЕКІТЕМІН

Сәулет-құрылыс факультетінің деканы

________ Күдерин М.Қ.

2010ж. «___»_________


Құрастыған: аға оқытушы ____________Ш.Т.Такибай


Көлік құрылысы және кәсіби оқыту кафедрасы

«Механикаландыру және автоматтандыру негіздері» пәні бойынша 050732 «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығының




СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ


Бағдарлама 200... ж «.....» ................ бекітілген жұмыс бабындағы оқу бағдарламасы бойынша әзірленген


2010 ж. «___»_____________ кафедра отырысында ұсынылған №___хаттама.


Кафедра меңгерушісі ______________________Қ.Т. Сақанов


Факультет әдістемелік кеңесімен құпталған ____________________________

2010 ж. «___»_____________№ __хаттама


ӘК төрағасы ____________________ В.А. Козионов



Студенттерге арналған

пәннің бағдарламасы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.2/11



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


«Көлік құрылысы және кәсіби оқыту» кафедрасы


«Механикаландыру және автоматтандыру негіздері» пәнінен

050732 «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы бойынша


СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН

ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ


Павлодар


1.Оқытушы туралы мәлімет:


Тәкібай Шайхислам Тәкібайұлы – «Көлік құрылысы және кәсіби оқыту» кафедрасының аға оқытушысы. Дәрістер және практикалық сабақтар, тел. (8-7182) 54-60-02

Қабылдау сағаттары: Бейсенбі, сағат 12.05 – тен 14.00-ге дейін, ауд. В-209.


2.Пән туралы мәлімет:

Пәннің еңбек сыйымдылығы

Оқу түрі

Бақылау түрі

Студенттің жұмыс сағатының көлемі

Семестр және курс бойынша сағат бөлісі.

Емт

Есеп беру

К.жоб

К.жұм

М.б

Бақ.жұ

Барлығы

дәріс

Практ

Зерт.ж

СӨЖ

Жал- пы

ауд

СӨЖ

Күндізгі жплпы білім беру негізінде

6

-

-

-

-

-

135

45

90

6- ші семестр

30

15

-

90


«Механикаландыру және автоматтандыру негіздері» пәні С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің ғылыми кеңесімен 050732 «Стандарттау, өлшемтану және сертификаттау» мамандығы бойынша бакалавр мамандарын даярлау үшін жұмыс жоспарына енгізілген және бекітілген.

Механикаландыру және автоматтандыру негіздері жөніндегі осы пән 3-ші курстың 6-шы семестрінде 15 апта бойы оқытылады.Пәннің жалпы еңбек сыйымдылығы 135 сағат, оның 45 сағаты аудитория сабақтарына бөлінген және 90 сағаты пәнді зерделеу бойынша студенттердің өздік жұмысына (СӨЖ) бөлінген. Аудиториялық уақыттың сабақ түрлеріне бөлінуі пәннің тақырыптық жоспарында келтірілген. Қорытынды бақылау түрі емтихан болады.

Пәнінің мақсаты студенттердің құрылыс машиналарының түрлері мен құрылымы, жұмыс тәртібі,пайдалану технологиясын және оның автоматтандыру негіздерін түсіндіру, техникалық сызбасұлбалары мен пайдалану көрсеткіштерін есептеудің ғылыми әдістерін зерделеуі және осы әдістердің негіздерін өндірісте практикалық қолдану болып табылады.

Пәннің негізгі міндеті студенттердің құрылыс машиналарының түрлерін таңдау,пайдалану,автоматтандыру жұмыстарын ғылыми негізде есептеу, ұйымдастыру әдістерін іс жүзінде қолдану дағдыларын иеленуі болып табылады.


3 Ұсынылатын әдебиеттің тізімі


Негізгі әдебиет

1. Добронравов С.С., Дронов В.Г. Строительные машины и основы автоматизации. -- М.: Высшая школа, 2003. –575 с.: ил.

2. Мартынов Н.И., Алешин Н.И., и др. Строительные машины и монтажное оборудование. -- М.: Машиностроение, 1990, -352 с.

3. Сергеев В.П. Строительные машины и оборудование. -- М.: Высшая школа, 1987. -- 376 с.

4. Силенок С.Г. (ред.). Механическое оборудование предприятий строительных материалов, изделий и конструкций.-- М.: Машиностроение, 1990, - 416 с.

5. Тастанбеков Т.Х. Құрылыс және жол машиналары. Оқу құралы / ШҚМТУ, -- Өскемен., 2002 ж. – 390 бет.

Қосымша әдебиет

6. Борщевский А.А., Ильин А.С. Подъемно-транспортные машины. Учебник для вузов. 5-е изд., перераб. и допол.-- М.: Высшая школа, 1979. - 558 с.

7. Гальперин М.И., Домбровский Н.Г. Строительные машины. Учебник для вузов.-- М.: Высшая школа, 1980. -344 с.

8. Добронравов С.С. Строительные машины и оборудование. Справочник для строителей.-- М. : Высшая школа, 1991.

9. Кузин Э.Е. (ред.). Строительные машины. Справочник в 2-х томах. -- М.: Машиностроение, 1991.

10. Волков Д.П., Крикун В.Я. Рынсков О.Е. Под редакцией Волкова Д.П.Строительные машины. Учебник для вузов. -- М.: Высшая школа, 1988. – 319 с.



Пәннің тақырыптық жоспары



Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.2/10



4 Пәннің тақырыптық жоспары

Пәннің тақырыптық жоспары



Тақырыптар атауы

Сағаттар саны

Дәріс-тер

Тәжі-рибе

Зерт.

ОӨЖ

1

2

3

4

5

6

1

Кіріспе

1

-

-

2

2

Құрылыс машиналары туралы жалпы мәліметтер

2

1

-

8

3

Көліктік, тасымалдағыш және тиеуші-түсіруші машиналар

2

1

-

10

4

Жүк көтергіш машиналар

3

2

-

8

5

Жер жұмыстарының машиналары

3

2

-

12

6

Қада жұмыстарына арналған жабдық

3

2

-

6

7

Бетон жұмыстарының машиналары

3

2

-

8

8

Әрлеу жұмыстарының машиналары

2

1

-

8

9

Қол машиналары

2

1

-

8

10

Жолдарды жөндеу және күту үшін машиналар

3

1

-

6

11

Құрылыстағы технологиялық процестерді және құрылыс машиналарын автоматтандыру

3

1

-

8

12

Құрылыс машиналарын жөндеу және пайдалану бойынша жалпы мәліметтер

3

1

-

8

Барлығы:

30

15

-

90

5 Курстың компоненттері


5.1 Дәріс сабақтарының мазмұны

5.1.1 Кіріспе – 1 сағ.

Азаматтық және өнеркәсіптік құрылыстағы технологиялық процесстерді механикаландыру мен автоматтандырудағы құрылыс машиналарының рөлі. Құрылысты механикаландыру мен автоматтандырудың, құрылыс машиналарының дамуы, олардың қазіргі замандағы техникалық деңгейінің сипаттамасы және одан әрі даму бағыттары.

5.1.2 Құрылыс машиналары туралы жалпы мәліметтер – 2 сағ.

Құрылысты механикаландыру мен автоматтандыруды қамтамасыз ететін құрылыс машиналарына қойылатын талаптар. Құрылыс машиналарын жіктеу. Құрылыс машиналарының арнайы түйіндері мен бөлшектері. Күштік жабдықтар, трансмиссиялар, жүріс жабдықтары және басқару жүйелері. Құрылыс машиналарының негізгі техникалық-пайдаланушылық көрсеткіштері.

5.1.3 Көліктік, тасымалдағыш және тиеуші-түсіруші машиналар – 2 сағ.

Құрылыс жүктерінің жалпы сипаттамасы. Көлік құралдарының түрлері. Көлік құралдарының топтастырмасы: жүк автомобильдері, тракторлар, пневмодоңғалақты сүйреткіштер, арнайы көлік құралдары, тіркемелер. Тиеуші-түсіруші машиналар. Тиеуіштердің түрлері. Жұмыс процессі. Өнімділігі.

5.1.4 Жүк көтергіш машиналар – 3 сағ.

Жалпы мәліметтер. Жүк көтергіш машиналардың топтастырмасы. Машина түрлері және арнайы талаптар, жұмыс тәртібі және нормативтік құжаттар. Домкраттар, лебедкалар, тальдер. Құрылыстық көтергіштер: жүктік және жолаушы-жүктік және басқалар.

Құрылыс крандары. Құрылыс крандарының топтастырмасы, жұмыс органдары және сипаттамалары. Әр түрлі крандардың қызмет көрсету аймақтары. Негізгі параметрлері және индексация жүйелері. Жүк көтергіш машиналарын қауіпсіз пайдалану және құрылысына талаптар. Жебелі кранның орнықтылық шартынан жүктің мүмкін массасын анықтау.

Мұнаралы крандар: жылжымалы, тақалмалы, өзін-өзі көтергіш. Аралық түрдегі крандар: көпірлі, кабельді т.б. Жебелі өзі жүретін крандар. Топтастырмасы, негізгі параметрлері, конструктивтік сұлбалары, технологиялық мүмкіндіктері, типтік өлшемдері және индексациясы. Бақылау-қорғаушы құрылымдары. Крандардың өнімділігі. Даму болашағы.

5.1.5 Жер жұмыстарының машиналары – 3 сағ.

Жер жұмыстарының машиналары туралы жалпы мәліметтер. Жер қазу жұмыс органдары және олардың топырақпен әрекеттесуі. Топырақтардың негізгі физикалық- механикалық қасиеттері. Дайындау жұмыстары үшін машиналар. Бұта қырыққыштар, тамыр жұлушылар, қопсытқыштар.Жерді қазып тасымалдайтын машиналар (ЖТМ). Тағайындауы және қолдану облысы. Негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері. Жұмыс процессі. Бульдозерлер, скреперлер, автогрейдерлер, грейдер-элеваторлар.Экскаваторлар. Топтастырмасы және қолдану аясы. Жұмыс жабдығының негізгі түрлері, параметрлері және құрылыс экскаваторларының индексациясы. Өнімділік және оны жоғарылату жолдары. Бір ожаулы және көп ожаулы экскаваторлар. Роторлы және шынжырлы ор қазғыштар.Тоң топырақтарды өңдеу үшін әдеттегі органдарымен машиналар қолдану. Арнайы машиналардың түрлері. Шынжырлы барлар, табақты аралар. Машиналар мен жабдықтар түрлері. Жұмыс процессі, негізгі параметрлер, техникалық және эксплуатациялық көрсеткіштер.Бұрғылау аспабы. Тесік бұрғылау үшін машиналар. Бұрғылау-кран машиналары. Бұрғылау машиналарының негізгі түрлерінің техникалық және эксплуатациялық көрсеткіштері. Бұрғылау процесі мен тәсілдері.Топырақтарды тегістеп және дірілдетіп тегістеп, таптап нығыздау. Негізгі параметрлер, өнімділік және жұмыс процесі.

5.1.6 Қада жұмыстарына арналған жабдық – 3 сағ.

Қада жұмыстары үшін машиналар мен жабдықтар. Қада түрлері және қадалы іргетастарды орналастыру тәсілдері. Аспалы жабдықтары бар қада ұратын қондырғылар және тоқпақтар. Қадалық балғалар.

5.1.7 Бетон жұмыстарының машиналары – 3 сағ.

Бетон және ерітінді қоспаларын дайындауға арналған машиналар. Бетон және ерітінді қоспаларын тасымалдауға арналған машиналар және жабдықтар. Бетон қоспаларын төсеуге және нығыздауға арналған машиналар.

5.1.8 Әрлеу жұмыстарының машиналары – 2 сағ.

Сылақ жұмыстарының машиналары. Сырлау жұмыстарының машиналары. Едендерді құруға және өңдеуге арналған машиналар. Шатырлау жұмыстарына арналған машиналар.

5.1.9 Қол машиналары – 2 сағ.

Тағайындауы, қозғалу принципі, жұмыс органының қозғалу сипаты, жұмыс тәртібі, жетек түрі және қорғау класстары бойынша қол машиналарын топтастыру. Қол машиналарына қойылатын негізгі талаптар.

5.1.10 Жолдарды жөндеу және күту үшін машиналар – 3 сағ.

Жолдарды жазда тазалауға арналған машиналар. Жолдарды қыста тазалауға арналған машиналар. Жолдарды жөндеуге арналған машиналар.

5.1.11 Құрылыстағы технологиялық процестерді және құрылыс машиналарын автоматтандыру – 3 сағ.

Жалпы ережелер. Автоматтандыру жүйелерін жіктеу. Автоматтандыру жүйелерінің элементтері. Құрылыс машиналарының жұмысын автоматтандыру.

5.1.12 Құрылыс машиналарын жөндеу және пайдалану бойынша жалпы мәліметтер – 3 сағ. Құрылыс машиналарына техникалық күтім және жөндеу жүйесінің негізгі ережелері. Құрылыс машиналарына техникалық күтім мен жөндеуді ұйымдастыру.

5.2 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны.

5.2.2 Құрылыс машиналарының бөлшектері,негізгі параметрлері. Берілістердің параметрлерін анықтау.

5.2.3 Көліктік тасымалдағыш,тиеуші,түсіруші машиналар.

Машиналардың құрылымдарын,жұмыс істеу технологиялық сызбаларын,нормативті еңбек өнімділіктерін зерделеу.

5.2.4 Жүк көтергіш машиналар. Домкраттар,лебедкалар.тальдер,құрылыс крандарының жұмыс істеу технологиялық сызбаларын,нормативті еңбек өнімділіктерін зерделеу.

5.2.5 Жер жұмыстарының машиналары. Бульдозерлер,скреперлер,автогрейдерлердің жұмыс істеу технологиялық сызбаларын,нормативті еңбек өнімділіктерін зерделеу.

5.2.6 Қада жұмыстарына арналған машиналар мен жабдықтар. Олардың жұмыс істеу технологиялық сызбаларын,нормативті еңбек өнімділіктерін зерделеу.

5.2.7 Бетон жұмыстарының машиналары. Бетон және ерітінді араластырғыштар,нығыздағыштардың жұмыс істеу технологиялық сызбаларын,нормативті еңбек өнімділіктерін зерделеу.

5.2.8 Әрлеу жұмыстарының машиналары. Сылақ,сырлау,еден және шатырлау жұмыстарына арналған машиналардың жұмыс істеу технологиялық сызбаларын,нормативті еңбек өнімділіктерін зерделеу.

5.2.9 Қол машиналары, олардың түрлері. Қол машиналарға қойылатын талаптар бойынша жұмыс істеу технологиялық сызбаларын,нормативті еңбек өнімділіктерін зерделеу.

5.2.10 Жолдарды жөндеу және күту,баптау машиналары. Жолдарды жөндеу,тазалауға арналған машиналардың жұмыс істеу технологиялық сызбаларын,нормативті еңбек өнімділіктерін зерделеу.

5.2.11 Технологиялық процесстер мен құрылыс машиналарын автоматтандыру. Автоматтандыру жүйелерінің элементтерін зерделеу.

5.2.12 Құрылыс машиналарын пайдалану,күту, жөндеу. Құрылыс машиналарын пайдалану,күту,жөндеу жұмыстарын жоспарлау,ұйымдастыру және олардың нормативтік шығындарын есептеу.


5.3 Студенттің өздік жұмысының мазмұны

5.3.1 СӨЖ құрылымы және жалпы мазмұны

Кесте 1- СӨЖ мазмұны



СӨЖ түрі

Есеп беру формасы

Бақылау түрі

Көлемі сағатпен

1

Дәріс сабақтарына дайындалу




Сабаққа қатысу

13

2

Практикалық сабақтарға дайындалу, үй тапсырмаларын орындау

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

18

3

Аудиториялық сабақтардың мазмұнына кірмеген материалды зерделеу.

Конспект және басқалар

Коллоквиум және басқалар

36

4

Семестрлік тапсырмаларды орындау

Семестр-лік жұмыс

Семестрлік жұмысты қорғау

18

5

Бақылау шараларына дайындық

-

МБ1, МБ2 коллоквиум және басқалар

7

Барлығы

90

5.3.2 Студенттер өздері оқып зерделеуге ұсынылатын тақырыптар


1 Тақырып – Мамандандырылған көлік құралдары. Мамандандырылған көлік құралдарының тағайындауы, негізгі сипаттамалары бойынша жіктеу және жұмыс циклі.

Ұсынылатын әдебиет: [2, 91-102 б.], [5, 96-101 б.].

2 Тақырып – Құрылыс көтергіштері. Құрылыс көтергіштерінің тағайындауы, негізгі сипаттамалары бойынша жіктеу және жұмыс циклі.

Ұсынылатын әдебиет: [2, 124-136 б.], [5, 127-134 б.].

3 Тақырып – Тоң топырақты өңдейтін машиналар.Тоң топырақты өңдейтін машиналарды қолдану саласы, негізгі сипаттамалары және құрылымдық ерекшеліктері.

Ұсынылатын әдебиет: [2, 272- 280 б.], [5, 210-215 б.].

4 Тақырып – Гидромеханикаландыру жабдықтары. Гиромеханикаландыру жабдықтарын қолдану облысы, негізгі сипаттамалары, түрлері және құрылымдық ерекшеліктері.

Ұсынылатын әдебиет: [2, 299- 304 б.], [5, 227-230 б.].

5 Тақырып – Уату, сұрыптау және жуу машиналары.Тас уату, сұрыптау және жуу машиналары мен қондырғыларын қолдану саласы, негізгі сипаттамалары және құрылымдық ерекшеліктері.

Ұсынылатын әдебиет: [2, 304- 314 б.], [5, 254-266 б.].

6 Тақырып – Бетон завотары.Бетон заводтарының тағайындауы, түрлерге жіктелуі, негізгі сипаттамалары және құрылымдық ерекшеліктері.

Ұсынылатын әдебиет: [2, 328- 340 б.], [5, 266-296 б.].

7 Тақырып – Сырлау жұмыстарының аспаптары мен механикаландыру қондырғылары.Сырлау аспаптарының және механикаландыру қондырғыларының қолдану облысы, негізгі сипаттамалары және құрылымдық ерекшеліктері.

Ұсынылатын әдебиет: [2, 381- 400 б.], [5, 309-321 б.].

8 Тақырып – Шатырлау жұмыстарының машиналары.Шатырлау жұмыстарының машиналарын жіктеу, негізгі сипаттамалары және құрылымдық ерекшеліктері.

Ұсынылатын әдебиет: [2, 418- 426 б.], [5, 321-328 б.].

9 Тақырып – Еденді әрлеу машиналары.Еденді әрлеу машиналарының тағайындауы, түрлеуге жіктелуі, негізгі сипаттамалары және құрылымдық ерекшеліктері.

Ұсынылатын әдебиет: [2, 400- 418 б.], [5, 328-336 б.].

5.4 Есептеу графикалық жұмыстың мазмұны


Тапсырма бойынша студент орындауға тиісті:

- тапсырмада берілген құрылыс машинасының конструктивтік схемасын сызып, қолдану аясын, негізгі және ауысымды жұмыс органдарын, құрылымдық бөлімдерін жазу;

- құрылыс машиналарында қолданылатын бөлшектер және оларды жасауға арналған материалдардың түрлерін мазмұндау;

- машина берілістерінің түрлерін жазу және олардың өлшемдерін есептеу;

- құрылыс машиналарының техникалық өнімділігін есептеу.

Есептеу графикалық жұмыс МИ ПГУ 4.01.1-05 стандартының талаптарына сәйкес А4 форматында орындалады, нұсқа нөмірі сынақ кітапшасының соңғы цифрымен алынады.

5.5 Ағымдағы үлгерімдерді бақылау іс-шараларының күнтізбелік кестесі

1 рейтинг (6 семестр)

Апталар

1

2

3

4

5

6

7

8

Барлығы

Апта ішіндегі үлкен балл

12,5

12,5

12,5

12,5

12,5

12,5

12,5

12,5

100

Сабаққа қатысу және дәріске дайындалу

Бақ. түрі

КТ1

КТ2

КТ3

КТ4

КТ5

КТ6

КТ7

КТ8

48

Бақылау формасы

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Макс. балл

6

6

6

6

6

6

6

6

Практикалық сабаққа дайындық

СӨЖ түрі

ҮТ1

ҮТ2

ҮТ 3

ҮТ4

ҮТ5

ҮТ6

ҮТ 7

ҮТ8

32


Бақылау формасы

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Макс. балл

4


4


4


4


4


4


4


4


СӨЖ қатысу

СӨЖ түрі

ҮТ1

ҮТ2

ҮТ 3

ҮТ4

ҮТ5

ҮТ6

ҮТ 7

ҮТ8

20

Бақылау формасы

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Макс. балл

2,5

2,5

2,5

2,5

2,5

2,5

2,5

2,5

МБ 1

100

1І рейтинг (6 семестр)

Апталар

9

10

11

12

13

14

15




Барлығы

Апта ішіндегі үлкен балл

14,28

14,28

14,28

14,28

14,28

14,28

14,32




100

Сабаққа қатысу және дәріске дайындалу

Бақ. түрі

КТ9

КТ10

КТ11

КТ

12

КТ13

КТ14

КТ15




42

Бақылау формасы

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ




Макс. балл

6

6

6

6

6

6

6




Практикалық сабаққа дайындық

Бақылау түрі

ҮТ9

ҮТ10

ҮТ 11

ҮТ

12

ҮТ

13

ҮТ

14

ҮТ

15




30

Бақылау формасы

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ




Макс. балл

4,28

4,28

4,28

4,28

4,28

4,28

4,32




СӨЖ қатысу

СӨЖ түрі

ҮТ9

ҮТ10

ҮТ 11

ҮТ

12

ҮТ

13

ҮТ

14

ҮТ

15




28

Бақылау формасы

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ




Макс. балл

4

4

4

4

4

4

4




МБ 2

100



Шартты белгілер: ҮТ1 – №1 үй тапсырмасы, Қ – оқу процесіне қатысу, КТ – конспект тексеру, Т – тексеру, СӨЖ- студенттің өздік жұмысы, Бақ.-бақылау.МБ – межелік бақылау.

СӨЖ орындалу мерзімі сабақ кестесіне сәйкес өзгеруі мүмкін.Студент сабаққа дайындықпен кешікпей келіп, барлық сабақта белсенді түрде жұмыс істесе, тапсырмаларды сапалы және мерзімінде орындаса, ол ағымдағы оқу үлгерімінің бақылау іс-шараларының күнтізбелік кестесінде көрсетілген ең жоғарғы баллды жинай алады.


6 Курстың саясаты

6.1 Бақылау шараларын бағалау тәртібі

Курс бойынша білімді қорытынды бақылау түрі емтихан болады. Емтихан жазбаша түрде өткізіледі. Емтихан парағында үш сұрақ беріледі, оның әрқайсысы ең жоғарғы 33 ... 34 баллмен бағаланады. Әрбір сұраққа жазбаша жауаптың толықтық дәрежесі және баллдар саны оқытушымен бағаланады.

Студенттің сабаққа қатысуын бақылауды оқытушы жүргізеді. Егер студент сабаққа қатысып, бірақ практикалық сабақтың тапсырмасын орындамаса, онда сабақ үшін жоғарғы баллдың жартысы қойылады. Кезекті практикалық сабаққа дайындалу тапсырмасын оқытушы алдыңғы сабақта береді.

Семестрлік жұмыс бойынша тапсырманы оқытушы бірінші тәжірибелік сабақта береді. Семестрлік жұмыстың орындалуын оқытушы тәжірибелік сабақтарда және консультацияларда күнтізбелік кестеге және консультация кестесіне сәйкес байқау түрінда бақылайды. Себепсіз уақытында орындалмаған жұмысқа баллдарды оқытушы 50 пайызға дейін төмендетіп қояды. Себепті дәлелдейтін құжаттар болған кезде семестрлік жұмысқа баға келесі сабақтар мен консультацияларда қойылады. Студенттің өзі зерделейтін курстық тақырыптары бойынша жұмысын бағалау студенттің жауабы және дайындалған қысқаша конспекті негізінде оқытушы жүргізеді.

6.2 Студенттің оқу тәртібін бақылау

Студенттер оқу процесіне белсенді қатысу, сабақтарға қатысу, топтың жұмысында және талқылауда белсенді болу қажет. Сабақтағы кез- келген тәртіп бұзушылық жазаланады, аудиториядан шығарып жіберуге дейін , ал белсенді жұмыс істесе, қолдаушылық табады. Сабақты босатқандыққа кешігушілікке келесі айып санкциялары орнатылады:

  • дәрістік сабақта себепсіз болмағаны үшін 3 балл азайту;

  • тәжірибелік сабақта болмағаны үшін 4 балл азайту;

  • аудиторияда тәртіп бұзғаны үшін сабаққа қатысу баллдары азайтылады. Дәріс конспектілерін жүргізу міндетті.

6.3 Босатқан сабақтарды өтеу

Студент тәжірибелік және дәрістік сабақты кешірімді себеппен босатқан болса және ол құжатпен расталса, онда сол сабақты оқытушының белгілеген уақытында өтей алады. Бұл кезде жұмыс нәтижесі жоғарғы белгіленген баллдан бір балл азайтылып қойылады.

Похожие:

«Механикаландыру және автоматтандыру негіздері» пәні бойынша 050732 «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығының icon«Сәулет және құрылыс құрылымдары» пәні бойынша 050732 «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығының
Бағдарлама жұмыс оқу жоспары негізінде және 050729 «Құрылыс» мамандығының элективтік пәндерінің катологы бойынша әзірленген
«Механикаландыру және автоматтандыру негіздері» пәні бойынша 050732 «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығының icon«Топырақты сынау әдістері» пәні бойынша 050732 «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығының
Бағдарлама 200 ж бекітілген жұмыс бабындағы оқу бағдарламасы бойынша әзірленген
«Механикаландыру және автоматтандыру негіздері» пәні бойынша 050732 «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығының iconПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В073200 Стандарттау, сертификаттау және метрология
«Мамандыққа кіріспе» пәні жалпы кәсіби пәндер курсына жатады және жалпы және арнайы пәндердің қатарына қосылғандардың алғашқысы,...
«Механикаландыру және автоматтандыру негіздері» пәні бойынша 050732 «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығының icon5В073200 – «Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)»
В073200 – «Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)» мамандығы бойынша мемлекеттік кешенді емтихан жазбаша келесі...
«Механикаландыру және автоматтандыру негіздері» пәні бойынша 050732 «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығының iconЖоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығы
...
«Механикаландыру және автоматтандыру негіздері» пәні бойынша 050732 «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығының iconПрограмма дисциплин Форма для студентов фсо пгу 18. 2/07
Автоматтандыру және басқару, 050732 Стандантандыру, метрология және сертификаттау, 050717 Жылуэнергетика
«Механикаландыру және автоматтандыру негіздері» пәні бойынша 050732 «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығының iconРабочая программа Форма ф со пгу 18. 2/06
...
«Механикаландыру және автоматтандыру негіздері» пәні бойынша 050732 «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығының iconПавлодар
Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша) мамандығының студенттеріне арналған
«Механикаландыру және автоматтандыру негіздері» пәні бойынша 050732 «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығының iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша) мамандығының студенттеріне арналған
«Механикаландыру және автоматтандыру негіздері» пәні бойынша 050732 «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығының iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
В073200 Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша) мамандығының студенттеріне арналған
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница