Отандық өңделген тауарларды, қызметтерді сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу




НазваниеОтандық өңделген тауарларды, қызметтерді сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу
страница1/44
Дата конвертации10.02.2016
Размер5.04 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://kz.government.kz/docs/1017k.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44





Отандық өңделген тауарларды, қызметтерді сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын, сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша шығындары ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 2 тамыздағы №1017 қаулысы


«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 4-бабының 12) және 17) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Отандық өңделген таурларды, қызметтерді сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары;

2) сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша шығындары ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) 4-тармақтан басқа «Экспорттаушылардың шығындарын өтеу жолымен отандық өнімді сыртқы нарықтарға шығару бойынша мемлекеттік қолдау көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1265 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 3-4, 40-құжат);

2) «Отандық өңделген тауарларды сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша экспорттаушылар шығындарының бір бөлігін өтеу қағидасын, сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша экспорттаушылардың шығындары ішінара өтелетін отандық өнделген тауарлар тізбесін бекіту және «Экспорттаушылардың шығындарын өтеу жолымен отандық өнімді сыртқы нарықтарға шығару бойынша мемлекеттік қолдау көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1265 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы № 679 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 42, 551-құжат).

5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы «2» тамыздағы

№1017 қаулысымен

бекітілген


Отандық өңделген тауарларды, қызметтерді сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары


1. Жалпы ережелер


1. Осы Отандық өңделген тауарларды, қызметтерді сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленген және отандық өңделген тауарларды, қызметтерді сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу тәртібін айқындайды.

2. Шығындардың бір бөлігін өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін экспорттаушылардың сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша шығындары ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлардың, қызметтердің тізбесінде көзделген отандық өңделген тауарларды, қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілететін индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне (бұдан әрі – индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері) беріледі.

3. Отандық өңделген тауарлар мен қызметтерді сыртқы нарықтарға жылжыту кезінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шеккен шығындардың бір бөлігі ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражат шегінде өтеледі.

4. Шығындардың бір бөлігін өтеу индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) оң ұсынымы негізінде шығарылған индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) шешімі негізінде жүргізіледі, оның құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының, Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсіптік палатасының және заңды тұлғалардың салалық емес бірлестіктерінің (бизнес-қауымдастықтарының) өкілдері кіреді.

5. Комиссияның ережесін және құрамын уәкілетті орган бекітеді.


2. Отандық өңделген тауарларды, қызметтерді сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу тәртібі


6. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу шығындардың мынадай түрлері бойынша жүргізіледі:

1) жылжытумен (брендинг) және нақты өнімді, қызметті сыртқы нарықта айналдырумен байланысты шығындар:

отандық өнімнің жарнамасы:

шығындардың өтелетін баптары – жарнамалық компанияға және бұқаралық ақпарат құралдары (баспасөз, телевизия, радио, интернет) арқылы шетелдегі жарнамаға, сондай-ақ қоғамдық орындардағы жарнамаға (баннерлер, аудио-бейнероликтерді дайындауға және трансляциялауға) арналған шығындар;

шетелдік көрмелерге қатысу:

шығындардың өтелетін баптары мынаған:

тіркеу жарнасын төлеуге;

көрме алаңдарын жалдауға;

көрме стенділерін дайындауға (жалға алуға);

жарнамалық-үлестіру материалдарын дайындауға;

көрмеге қатысатын индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің екі қызметкерінің экономикалық сыныппен ұшуына;

осы қаулыға 1-қосымшада көрсетілген шекті сомадан аспайтын мөлшерде бес тәуліктен аспайтын мерзімде көрмеге қатысатын индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің екі қызметкерінің тұруына;

каталог әзірлеуге және басып шығаруға арналған шығындар;

шығындардың өтелетін баптары – шетелде үлестіру үшін арнайы каталогтарды әзірлеумен, басып шығарумен және шет тілдеріне аударумен байланысты шығындар;

шетелде өкілдікті, кеңсені, қойманы, шоу-бөлмені, сауда нүктесін ашу, ұстау:

шығындардың өтелетін баптары:

өкілдікті тіркеумен байланысты шығындар;

алаңдарды/үй-жайларды жалдау ақысын төлеуге арналған шығындар мен коммуналдық шығыстар;

2) шетелге экспорттау мақсатында тауар белгілерін тіркеумен және өнімді сертификаттаумен байланысты рәсімдерді өткізуге арналған шығындар:

шығындардың өтелетін баптары:

шетелде өнімдерді және тауар белгісін тіркеумен байланысты шығындар;

шетелде өнімдерді сертификаттаумен байланысты шығындар;

егер бұл экспорттық келісімшарттың және/немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарымен көзделген болса, сәйкестікті сертификаттауды және фитосанитарлық сертификаттауды қоса алғанда шетелге экспорттау мақсатында өнімді сертификаттаумен байланысты шығындар;

3) экспортты басқару саласында, оның ішінде шетелде экспортқа бағытталған өнім өндірісі саласында жұмыс істейтін қызметкерлерді, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің кәсіпорындарына шетелдік сарапшы-консультанттарды шақыра отырып, оқыту бойынша қызметтерге ақы төлеуге арналған шығындар;

шығындардың өтелетін баптары:

мамандарды шетелде оқыту қызметтеріне ақы төлеуге арналған шығындар (тағылымдамалар, семинарлар, курстар);

экспортты ұйымдастыру үшін индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің-кәсіпорындарына сарапшы-консультанттарды шақыру кезінде оқыту қызметтеріне ақы төлеуге арналған шығындар;

өндірісті ұйымдастыру және экспортқа бағдарланған өнімді жылжыту үшін индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі-кәсіпорын шақырған шетелдік мамандардың қызметтеріне ақы төлеуге арналған шығындар;

4) франшиза тарту:

шығындардың өтелетін баптары – франшиза сатып алу;

5) индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің интернет-ресурсын құруға және іске қосуға арналған қызметтерге ақы төлеуге арналған шығындар:

шығындардың өтелетін баптары – интернет-ресурсты әзірлеу, тіркеу, іске қосу және қолдау жөніндегі шығындар;

6) маркетингтік зерттеулер бойынша қызметтерге ақы төлеуге арналған шығындар:

шығындардың өтелетін баптары:

экспорттау еліне байланыстыра отырып, нақты өнім бойынша нақты елдің нарығын зерттеу шығындары;

сыртқы нарықтарға шығу бойынша алғашқы үш жылға арналған іс-шаралар жоспарын қоса бере отырып, индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің экспорттық стратегиясын әзірлеумен байланысты шығындар.

7. Шығындардың бір бөлігін өтеу шеңберінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектісіне жанама салықтар есебінсіз (қосылған құн салығы және акциздер) өтеуге талап етілеген соманың 50 %-ы мөлшерінде негізделген және құжаттамалық расталған шығындар өтеледі.

Өтелетін шығындар сомасына жанама салықтар (қосылған құн салығы және акциздер) сомасы қосылмайды.

8. Шығындардың бір бөлігін өтеу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүргізіледі. Бұл ретте шетел валюталарында шеккен шығындарды қайта есептеу өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру шыққан күні қолданыста болған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюта бағамдары бойынша жүзеге асырылады.

9. Комиссияға:

1) экспорттық келісімшарттарға сәйкес Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының (КО СЭҚ БТН) 6 және одан да көп белгілері деңгейіндегі тауар позицияларына сәйкес келетін өнімнің бір бөлігін немесе барлығын және тізбеге енгізілген қызметтерді экспорттауды жүзеге асырған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің;

2) өзінің өнімін, қызметтерін сыртқы нарықтарға жылжыту жөніндегі:

осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген шығындардың түрлеріне жататын;

өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру шыққан күнге дейін кемінде 2 (екі) жыл бұрын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шеккен шығындар туралы мәліметтерді қамтитын өтімдерін қарауға жол беріледі.

10. Өтінім осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады, оған:

1) индустриялық-инновациялық қызмет субъектісін мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі не салыстыра тексеру үшін оның түпнұсқасын ұсына отырып көшірмесі;

2) ақысын төлеуге жұмсаған шығындар өтеуге арналған өтінімге енгізілген жұмыстарды/қызметтерді орындауға арналған шарттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері не салыстыра тексеру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, олардың көшірмелері;

3) индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің мөрімен расталған шот-фактуралардың, орындалған жұмыстар/қызметтер актілерінің, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің осы жұмыстарға/ қызметтерге ақы төлеу фактісін растайтын төлем тапсырмаларының көшірмелері;

4) экспортты жүзеге асыру фактісін растайтын құжаттардың көшірмелері (экспорттық келісімшарт, валюталық түсімнің түскені туралы банк анықтамасы);

5) отандық өңделген тауарларды сыртқы нарықтарға жылжытатын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері үшін тауардың шығу тегін растайтын құжаттарының көшірмелері қоса беріледі.

Жоғарыда көрсетілген құжаттардан басқа индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері қызметтің бағыттары бойынша мынадай құжаттарды қосымша ұсынады:

1) өнімді және тауар белгісін (бренд) шетелде тіркеуге арналған шығындар бойынша – тіркеу құжаттарының көшірмелері;

2) өнімді сертификаттауға арналған шығындар бойынша – сертификаттаудан өткенін растайтын құжаттардың көшірмелері (сертификаттар, рұқсаттар және өзгелері не берілген сертификаттар бойынша салыстыра тексеру актілері);

3) шетелдік көрмелерге қатысуға арналған шығындар бойынша – шетелдік көрмеге қатысқандығы туралы бейне және/немесе фото-есептер, үлестірме материалдарының түпнұсқа даналары, сондай-ақ осы көрмелерге қатысатын компания - индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі қызметкерлерінің ұшып келуін және тұруын растайтын материалдардың көшірмелері;

4) отандық өнімнің, қызметтердің шет елдегі жарнамасына арналған шығындар бойынша – отандық өнімнің жарнамасы (оның ішінде импортталатын өнімдер туралы мақалалар) бар каталогтардың, газеттердің, журналдардың және осы сияқтылардың түпнұсқалары, телевизиялық жарнаманың бейненұсқалары (компакт-дискілер және сол сияқтылар), қоғамдық орындарда өткізілген жарнама туралы бейне және/немесе фото-есептер;

5) мамандарды оқытуға арналған шығындар бойынша – оқудан өткенін растайтын құжаттардың көшірмелері;

6) франшиза сатып алуға арналған шығындар бойынша – франчайзер таңбасымен жұмыс істеуге арналған лицензияның көшірмесі;

7) индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің интернет-ресурсын құруға және іске қосуға арналған шығындар бойынша – интернет-ресурсты құрумен, тіркеумен, іске қосумен және қолдаумен байланысты құжаттардың (шарт, техникалық тапсырма) көшірмелері;

8) маркетингтік зерттеулерге арналған шығындар бойынша – маркетингтік зерттеулердің жүргізілуіне байланысты құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ сыртқы нарықтарға шығу жөніндегі іс-шаралар жоспары.

11. Өтінім және қоса тіркелетін құжаттар құжаттардың тізімдемесін қоса бере отырып, қағаз тасығыштарда ұсынылады.

12. Өтінімдер мен құжаттарды (бұдан әрі – өтінім) Экспортты дамыту және жылжыту саласындағы ұлттық даму институты қабылдайды (бұдан әрі – ұлттық институт).

13. Уәкілетті органның тапсырмасы бойынша ұлттық институт өтінімді және қоса тіркелетін құжаттарды қабылдау орнын, оларды қабылдауды жүзеге асыратын ұлттық институттың атауын, өтінімдерді қабылдаудың аяқталатын күнін, сондай-ақ толық ақпаратты қамтитын интернет-ресурсқа сілтемені көрсете отырып, өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыруды республикалық бұқаралық ақпарат құралдарына орналастырады.

Бұл ретте өтінімдерді қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жарияланғаннан кейін кемінде бір айдан соң аяқталуы тиіс.

Индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі сәйкес келуі тиіс талаптар, өтінім нысаны мен оған қоса берілетін құжаттардың және материалдардың тізбесі уәкілетті органның және ұлттық институттың интернет-ресурстарына орналастырылады.

14. Егер өтінімді қарау нәтижесінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарын өтеудің болжанған сомасы ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетте осы мақсатқа көзделген сома мөлшерінен асып түскен жағдайда индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің алғаш түскен өтінімдері басым болады.

Өтінімдерді қабылдау күні аяқталғаннан кейін түскендер индустриялық-инновациялық қызмет субъектісіне тиісті хабарлама жіберіле отырып, кері қайтаруға жатады.

15. Осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылмаған жағдайда ұлттық институт өтінім берілген сәттен бастап жеті жұмыс күні ішінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектісіне тиісті хабарлама жібереді. Егер өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін ескертулер жойылмаса, ұлттық институт индустриялық-инновациялық қызмет субъектісіне өтінімді кері қайтару туралы хабарлама жібереді.

16. Өтінім осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі дұрыс емес құжаттарды бергенде кері қайтарылуы мүмкін.

17. Ұсынылған өтінімнің толықтығы және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексеру үшін уәкілетті органның шешімімен уәкілетті органның және ұлттық институттың өкілдері қатарынан жұмыс тобы құрылады.

18. Ұлттық институт өтінім түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімнің түйіндемесін дайындайды және өтінім мен өтінімнің түйіндемесін жұмыс тобына тексеруге жібереді. Өтінім мен өтінімнің түйіндемесі негізінде жұмыс тобы он жұмыс күні ішінде өтінімге қоса берілген құжаттарды тексеруді жүргізеді және қорытынды шығарады.

Қорытынды индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің атауын, түрлерін және келтірілген шығындардың сомаларын, өтелуге болжанатын соманы қамтуы тиіс.

19. Комиссия өтінімнің түйіндемесін және жұмыс тобының қорытындысын қарайды. Комиссияның отырыстары өтінімдерді қабылдаған күннен бастап тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі.

Комиссия индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу туралы ұсынымды өтінімнің түйіндемесі және жұмыс тобының қорытындысы негізінде шығарады және ұсынымдарды шығарғаннан кейін жеті жұмыс күнінің ішінде шешім қабылдау үшін оларды уәкілетті органға жібереді.

20. Уәкілетті орган Комиссияның оң ұсынымын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу туралы шешім қабылдайды.

21. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің өтінімдерінен жұмыс тобы, Комиссия немесе уәкілетті орган бас тартқан жағдайда ұлттық институт бас тарту себептерін көрсете отырып, оған тиісті хабарлама жібереді.

22. Шешім кабылданған күнінен бастап он жұмыс күнінің ішінде уәкілетті орган индустриялық-инновациялық қызмет субъектісімен осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес үлгілік келісімге сай жасалатын қаражат аудару туралы келісім жасасады, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің шотына өтелетін соманы аудару соған сәйкес жүргізіледі.

23. Отандық өңделген тауарларды, қызметтерді сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу жөніндегі индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға қызметтерді көрсету кезінде ұлттық институт шеккен әкімшілік шығыстарды өтеу көрсетілген шығындардың бір бөлігін өтеуге арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен ұлттық институт ұсынған сметаға сәйкес жүзеге асырылады.

  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44

Похожие:

Отандық өңделген тауарларды, қызметтерді сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу iconИндустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы
«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңы 24-бабының...
Отандық өңделген тауарларды, қызметтерді сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу iconЖылжыту бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларына
Шетелдік көрмелерге қатысатын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері қызметкерлеріне қонақ үй нөмірлерін жалдау бойынша шығыстарды...
Отандық өңделген тауарларды, қызметтерді сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу icon«Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің интернет-ресурстарын құру және іске қосу қызметтерін төлеу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің интернет-ресурстарын құру және іске қосу қызметтерін төлеу бойынша шығындардың...
Отандық өңделген тауарларды, қызметтерді сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу iconТәуекел мәні және функциялары
Кәсіпкерлік қызмет – бұл инновациялық тәуекелдік қызмет. Кәсіпкер жаңа технология, жаңа техника, еңбекті ұйымдастырудың, өндірістің,...
Отандық өңделген тауарларды, қызметтерді сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу iconПостиндустриалдық ұлттық экономикада қызмет сферасы
Туристік қызметтерді жылжыту және көңіл аударту әдіс-тәсілдерінің жиынтығы нені сипаттайды
Отандық өңделген тауарларды, қызметтерді сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу icon«6М051700 «Инновациялық менеджмент» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналғАН
Инновациялардың жіктелуі. Инновациялық қызметтің ерекшеліктері. Инновациялық қызметтің объектілері мен субъектілері. Инноватика теориясының...
Отандық өңделген тауарларды, қызметтерді сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу iconИндустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша...
Отандық өңделген тауарларды, қызметтерді сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу icon«kegoc» АҚ мен «Сам ұрық-Қазына Контракт» жшс арасында 2015 жылға арналған тауарларды отандық тауар өндірушілерден сатып алуға бағалық маркетингтік қорытындыны беру жөніндегі қызмет көрсетуге мәміле жасалғандығы туралы
«kegoc» АҚ мен «Самұрық-Қазына Контракт» жшс арасында 2015 жылға арналған тауарларды отандық тауар өндірушілерден сатып алуға бағалық...
Отандық өңделген тауарларды, қызметтерді сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу iconҚызылорда облысының 2004-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму аймақтық бағдарламасы туралы
Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық стратегиясы туралы“ Қазақстан Републикасы Президентiнiң 2003...
Отандық өңделген тауарларды, қызметтерді сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу icon5 мемлекеттік және 10 салалық бағдарламалар бойынша ақпарат
Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010-2014 жылдарға арналған
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница