Абушеева Жулдыз Аруновна, Қызылорда қаласы №264 мектеп лицейдің информатика пәні мұғалімі




Скачать 101.21 Kb.
НазваниеАбушеева Жулдыз Аруновна, Қызылорда қаласы №264 мектеп лицейдің информатика пәні мұғалімі
Дата конвертации10.02.2016
Размер101.21 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://i.juzi-jep.ru/u/a7/8e92b5ec1c4154bf78b2a7684f60de/-/Flash-теги анимация.doc
Flash-тегі анимация


  1. Бағдарламаны құрастырушы: Абушеева Жулдыз Аруновна, Қызылорда қаласы №264 мектеп лицейдің информатика пәні мұғалімі

  2. Қолданбалы курс: «Flash-тегі анимация», 10-11 сынып

  3. Бағдарламаға түсінік хат:

  1. Бұл бағдарлама жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарға информатика пәнінен қолданбалы курс оқытуға арналған. Анимациямен жұмыс жасау арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға, шығармашылықпен жұмыс жасауға бағыттау.

  1. «Flash-тегі анимация» тақырыбындағы курс оқушыларға анимация жасауға арналған бағдарламалар түрлерін, олардың қолданылуын анықтауға көмектеседі және бейнелермен жұмыс жасай білу дағдысын қалыптастыруға көп көңіл бөлінген.

  2. Flash технологиясы қадамдық форматтағы анимацияны, Web-те пайдалануға болатындай етіп түрлендіру үшін дайындайтын анимациялық қосымша болып табылады. Flash-тің негізі сурет салудан басталады. Сурет салуда әр түрлі құрал-жабдықтар қарастырылған. Осы құрал-жабдықтарды қолдану жолдарын үйренеді.

  3. Flash бағдарламасында бейнелерге әр түрлі анимациялық эффектілерді қолдануды үйретенді.


Курстың негізгі мақсаты:

Бұл қолданбалы курс оқушылардың ойлау, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуды, жалпы адамзаттық құндылықты дамытуды, табиғатқа ғылыми көзқарасын, адамның дүниетанымдық көзқарасына алғышарт болып табылатын әлеуметтік маңызды бағдарларын, түрлі мәселелерді шешуде алған білімін шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыруды көздейді. Flash анимациялық бағдарламасының құралдарымен таныса отырып, бейнелерге әр түрлі анимациялық эффектілерді беруге үйрету – курстың басты мақсаты болып табылады.


Курстың негізгі міндеттері:

  • Оқушылардың ғылыми дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру

  • Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту (жеке жағдайда, алгоритмдік, әрекеттік ойлау қабілетін дамыту);

  • Оқушыларды практикалық және бағдарды бағытта даярлау


Күтілетін нәтиже:

  • Оқушылар қабілетіне қарай мемлекеттік стандартқа сай сапалы білім алады.

  • Проблеманы көре алатын және оны шеше алатын, барлық ақпарат түрлерімен жұмыс істеп, алған білімдерін өмірде кездескен нақты жағдайда пайдалана алатын тұлға қалыптасады.

  • Оқу үрдісінде репродуктивтік, эвристикалық және зерттеушілік тапсырмаларды қолдану оқушылардың белсенділігін арттыру.

  • Өз заманына сай білімді, іскер, шығармашыл, жан-жақты дамыған, терең білімді шығармашыл тұлға қалыптастыру.


Пәнаралық байланыс: бейнелеу, математика, физика, әдебиет.


Оқушыларға қойылатын талаптар:

Білу: тарауды толық меңгеріп, растрлық және векторлық графиканың айырмашылығын толық түсіне отырып, олармен жұмыс жасайды. Flash бағдарламасымен терең зерттеп, оның құралдарымен жұмыс жасай отырып, өздері салған бейнелерге күрделі анимациялық эффектілер беру арқылы түрлі мультипликацияларды орындай біледі.

Үйрену: Flash анимациялық бағдарламасы құралдарын қолдану жолдарын, шығармашылық жұмыс жасауға үйренеді.

Түсіндіру: Flash анимациялық бағдарламасын түсіндіру

Қолдана білу: Курстан алған білім мен білікті кәсіби бағдар алуда, күнделікті өмірде қолдана алады.


Сағат жүктемесі: аптасына 1 сағаттан, барлығы 34 сағат.


    1. Тақырып жоспарының мазмұны: (бағдарламасы)

1-бөлім: Flash бағдарламасы(2 сағат)

Flash бағдарламасымен танысу. Панельдер. Құжат атрибуттарын баптау. Уақыт шкаласы. Инструменттер панелі. Ыстық пернелер және оларды баптау


2-бөлім: Flash-те сурет салу (3 сағат)

Векторлық графикамен танысу. Сурет салу инструменттерін пайдалану. Суреттерді салу және коррекциялау. Бояуды пайдалану. Компоновкалаудың қосымша элементтерін пайдалану


3-бөлім: Flash-те растрлық бейнелерді пайдалану (4 сағат)

Растрлық суреттерді импорттау. Растрлық суреттерді трассировкалау. Растрлық суреттерді жіктеу. Растрлық суреттерді сығу


4-бөлім: Мәтінмен жұмыс жасау (5 сағат)

Text инструменті және символдар атрибуттары. Текст параметрлері, текстті редакциялау және түрлендіру. Текстпен жұмыс істеудің эффективті әдістері


5-бөлім: Flash фильмінің элементтерімен жұмыс (4 сағат)

Символдармен жұмыс. Экземплярлар. Библиотека элементтері


6-бөлім: Flash-тегі анимация (4 сағат)

Кадрлармен жұмыс. Кадраралық эффектілер. Flash-тегі мультипликация

7-бөлім: Дыбысты пайдалану (3 сағат)

Дыбысты Flash-ке әзірлеу. Дыбысты басқару


8-бөлім: Flash интерактивтілігі (4 сағат)

Батырмалар және олардың түрлері. Меню және құжаттарды структуралау. Компоненттерді пайдалану


9-бөлім: Бейне интеграциялау (3 сағат)

Flash-тегі видео. Импортталған видеомен жұмыс


Тақырыптық – күнтізбелік жоспар

р/с



Сабақ тақырыбы

Сағат саны

ИКТ

Инт. тақта, эл.оқ, т.б

1

1

Есептеуіш техника кабинетіндегі техника қауіпсіздігінің және тәртіп сақтау ережелері. Электр тогымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету. Көз шаршағанда жасалатын жаттығулар. Жұмыс орнының журналы

1

Интерактивті тақта, слайд

Flash бағдарламасы – 2

2

2

Flash бағдарламасымен танысу. Панельдер. Құжат атрибуттарын баптау. Уақыт шкаласы

1

Электронды оқулық, презентация

3

3

Инструменттер панелі. Ыстық пернелер және оларды баптау

1

Интерактивті тақта, слайд

Flash-те сурет салу – 3

4

4-5

Векторлық графикамен танысу. Сурет салу инструменттерін пайдалану. Суреттерді салу және коррекциялау

2

Презентация, электронды оқулық

5

6

Бояуды пайдалану. Компоновкалаудың қосымша элементтерін пайдалану

1

Интерактивті тақта, слайд

Flash-те растрлық бейнелерді пайдалану – 4

6

7

Растрлық суреттерді импорттау


1

Интерактивті тақта, слайд

7

8

Растрлық суреттерді трассировкалау

1

Презентация, электронды оқулық

8

9

Растрлық суреттерді жіктеу

1

Интерактивті тақта, слайд

9

10

Растрлық суреттерді сығу

1

Презентация, кестелер, электронды оқулық

Мәтінмен жұмыс жасау – 5

10

11-12

Text инструменті және символдар атрибуттары. Текст параметрлері, текстті редакциялау және түрлендіру

2

Презентация, электронды оқулық

11

13-14

Текстпен жұмыс істеудің эффективті әдістері

2

Интерактивті тақта, слайд

12

15

Шығармашылық жұмыс

1

Презентация, интерактивті тақта

Flash фильмінің элементтерімен жұмыс - 4

13

16-17

Символдармен жұмыс

2

Презентация, интерактивті тақта

14

18-19

Экземплярлар. Библиотека элементтері

2

Презентация, электронды оқулық

Flash-тегі анимация – 4

15

20

Кадрлармен жұмыс

1

Презентация, кестелер, электронды оқулық

16

21

Кадраралық эффектілер

1

Интерактивті тақта, слайд

17

22-23

Flash-тегі мультипликация

2

Презентация, интерактивті тақта

Дыбысты пайдалану – 3

18

24

Дыбысты Flash-ке әзірлеу

1

Интерактивті тақта, слайд

19

25-26

Дыбысты басқару

2

Презентация, кестелер, электронды оқулық

Flash интерактивтілігі – 4

20

27

Батырмалар және олардың түрлері

1

Слайд

21

28

Меню және құжаттарды структуралау

1

Презентация, интерактивті тақта

22

29-30

Компоненттерді пайдалану

2

Презентация, кестелер, электронды оқулық

Бейне интеграциялау – 3

23

31

Flash-тегі видео

1

Презентация, электронды оқулық

24

32-33

Импортталған видеомен жұмыс

2

Интерактивті тақта, электронды оқулық

2

34

Қорытынды сабақ

1

Интерактивті тақта, презентация

Барлығы:

34 сағ




    1. Курсты ұйымдастыру формасын анықтау:

  • лекция

  • сұхбат - әңгіме

  • топтау, жұптық оқыту

  • өзіндік жұмыстар әдістерін пайдалану


3. Курсты оқытуды аяқтау формасы.

- Қорытынды бақылау жұмысы

- Рефераттар

- Өз бетінше іздену жұмыстары (жоба)


4. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі

- Тест тапсырмалары

- Шығармашылық жұмыс

- Өзіндік жұмыс


Жоба тақырыптары:

  1. Көбелек анимациясы

  2. Жүріп тұрған сағат

  3. Табиғат құбылыстары

  4. Үш өлшемді анимация

  5. Ойын бағдарламасы

  6. Қарапайым мәтіндік редактор

  7. Музыкалық пернетақта

  8. Мәтіндер анимациясы

  9. Мәзірлермен жұмыс

  10. Мультипликация

Похожие:

Абушеева Жулдыз Аруновна, Қызылорда қаласы №264 мектеп лицейдің информатика пәні мұғалімі iconАқтөбе қаласы №34 орта мектебінің физика-информатика пәні мұғалімі Қ. Ж. Айназарова

Абушеева Жулдыз Аруновна, Қызылорда қаласы №264 мектеп лицейдің информатика пәні мұғалімі icon45 “Ақ Орда” мектеп-гимназиясының информатика пәні мұғалімі
Сабақтың мақсаттары: ә білімділік: WordPad редакторында құжаттарды ашуды, сактауды
Абушеева Жулдыз Аруновна, Қызылорда қаласы №264 мектеп лицейдің информатика пәні мұғалімі iconАбдикулова Жанат Жанбырбаевна
Шымкент қаласы, N64 Ж. Аймауытов атындағы көп салалы мектеп гимназиясының тарих пәні мұғалімі
Абушеева Жулдыз Аруновна, Қызылорда қаласы №264 мектеп лицейдің информатика пәні мұғалімі iconI. Қысқа нұсқа, тез ойлан, тап
Шымкент қаласы, N65 Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі
Абушеева Жулдыз Аруновна, Қызылорда қаласы №264 мектеп лицейдің информатика пәні мұғалімі iconҚызылорда қаласы №257 орта мектебінің биология пәні мұғалімі Байтасова Айгүл Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты: Тұқым құрылысы, дамуы және қос жарнақты, дара жарнақты тұқымдардың құрылысы ерекшеліктері жөнінде жалпы мағлұмат...
Абушеева Жулдыз Аруновна, Қызылорда қаласы №264 мектеп лицейдің информатика пәні мұғалімі iconҚызылорда облысы, Шиелі ауданы №46 А. С. Пушкин атындағы мектеп-лицейінің биологоия пәні мұғалімі Жапбасбаева Гүлсім
Вегетативті жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі, маңызын сипаттау. Қозудың симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйесінің қайсысынан...
Абушеева Жулдыз Аруновна, Қызылорда қаласы №264 мектеп лицейдің информатика пәні мұғалімі icon«Қызылорда қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі, 120000, Қызылорда қаласы, Ы. Жақаев көшесі, 16 үй, анықтама үшін телефондары: 8(7242) 400954, pеrson kadr2013@mail ru «Б» корпусы бос әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды

Абушеева Жулдыз Аруновна, Қызылорда қаласы №264 мектеп лицейдің информатика пәні мұғалімі iconИнновациялық жоба: күн энергияcын пайдалану және оның болашағы
Шымкент қаласы Саттар Ерубаев атындағы №24 жалпы орта мектебі физика пәні мұғалімі
Абушеева Жулдыз Аруновна, Қызылорда қаласы №264 мектеп лицейдің информатика пәні мұғалімі icon«Қазіргі заманның оқышсының мұғалімі қандай болу керек?»
Мемлекет мәдениетінің айнасы-мектеп. «Уақыттың жалғыз өлшемі бар ол-адам ғұмыры. Адам ғұмырының жалғыз өлшемі бар, ол – арттағы халықтың...
Абушеева Жулдыз Аруновна, Қызылорда қаласы №264 мектеп лицейдің информатика пәні мұғалімі iconМатематика пәні мұғалім
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Терешкова атындағы №31 жалпы орта мектеп
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница