2011 – 2020 жылдарға арналған




Название2011 – 2020 жылдарға арналған
страница9/13
Дата конвертации10.02.2016
Размер1.37 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.mektep3-oskemen.kz/Bagdarlama 2010-2020.doc
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің құрылымы


Жоғары оқу орнынан кейінгі білім

(докторантура (PhD)

6

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім (магистратура)

Еңбек нарығы

5

5 В


4


3


2


1


0

Толық емес жоғары білім (қолданбалы

бакалавриат)


Орта білімнен

кейінгі білім


Мектепке дейінгі тəрбие мен оқыту.

Мектепалды оқыту

ХБЖС бойынша білім сатылары


Оқушылардың оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүйесі əлемдік

тəжірибені ескере отырып дамиды.

Ұлттық тестілеу бастауыш, негізгі жəне бейіндік мектептерді бітіргеннен кейін:

бастауыш мектепте – ішінара, оқушылардың оқу жетістіктеріне мони-

торинг жүргізу мақсатында;


35


Орта білім

Жалпы орта білім

(бейіндік оқыту)

Орта кəсіптік-

техникалық білім

Негізгі орта білім




Негізгі орта білім

Бастауыш білім









негізгі мектепте (10 сыныптан кейін) – оқытудың одан əрі жолын

анықтау мақсатында;

бейіндік мектепте – алған білім-білігінің деңгейін бағалау мақсатында

өткізіледі.

2015 жылға қарай жазба тапсырмаларын қоса алғанда, білім алушы-

лар құзыреттіліктерінің қалыптасу деңгейін анықтауға бағытталған тестілеу

тапсырмаларының базасы құрылатын болады.

Сыртқы емтихандар жаңа ақпараттық технологияларды қолдана оты-

рып, компьютерлік тестілеу əдісімен өткізіледі.

Жоғары білім алуға үміткерлер тəуелсіз ұлттық тестілеу нысанында

қосымша бейінді емтихандар тапсыратын болады.

Білім берудің инновациялық, көптілді моделін жасау мақсатында білім

беруді үш тілде ұсынатын мектептердің саны 33-тен 700-ге дейін көбейеді.

Оның ішінде, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» мектептер желісінің

саны 6-дан 20-ға дейін көбейтіледі. Бұл мектептер білім берудің көптілді

моделін, білім берудегі инновацияларды сынақтан өткізу үшін базалық

алаңдар болады.

Қазақстан оқушыларының білім беру сапасының халықаралық

зерттеулеріне қатысуы қамтамасыз етіледі: PISA (15 – 16 жастағы

оқушылардың математика сауаттылығы мен оқу жəне жаратылыстану

бойынша сауаттылығын бағалау), TIMSS (4 жəне 8-сынып оқушыларының

математика жəне жаратылыстану бойынша білімінің сапасын бағалау),

PIRLS (оқу деңгейі мен сапасын салыстыру, əлем елдеріндегі бастау-

ыш мектеп оқушыларының мəтінді түсінуі), TIMSS ADVANSED (11-сы-

нып оқушыларының математика жəне жаратылыстану (физика) пəндерін

тереңдетіп оқытатын сыныптарда сол пəндер бойынша сауаттылығын

бағалау), ICILS (8-сынып оқушыларының компьютерлік жəне ақпараттық

сауаттылығын бағалау).

Оқытудың 12 жылдық моделінің талаптарына сəйкес материалдық-

техникалық база жаңартылады.

Мектептердің спорт залдарын қазіргі заманғы жабдықтармен

жарақтандыру мəселесі шешіледі.

Жергілікті бюджет қаражаттары есебінен мектептерге сервистік

қызмет көрсете отырып, оларды физика, химия, жаңа түрлендірілген био-

логия кабинеттерімен, лингафондық жəне мультимедиалық кабинеттер-

мен жарақтандыру жалғастырылатын болады, олардың үлесі 35,6 %-дан

80 %-ға дейін ұлғаяды.

2011 жылы бейіндік мектептерге қойылатын техникалық талаптар мен

оларды жарақтандыруға қойылатын талаптар əзірленеді.

Бұдан басқа, мектептердің үш ауысымдығы мен апаттылығын жою

мақсатында мектептер салынатын болады.

ШЖМ проблемаларын шешу

ШЖМ-дағы білім беру сапасын арттыру проблемаларын шешуге мы-

надай іс-шаралар ықпал ететін болады:

2011 жылы:

Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясының базасында

ШЖМ-ды дамытудың республикалық орталығы, педагог қызметкерлердің

біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдардың жанынан 14 өңірлік

орталық құрылады, ШЖМ қызметінің үлгі ережесі əзірленеді;


36




«Мектепке жəне мектептен тегін əрі қауіпсіз жеткізетін мектептер

жоқ елді мекендерде тұратын білім алушылар мен тəрбиеленушілерді

қамтамасыз ету» стандарты əзірленеді жəне қабылданады.

2011 жылдан бастап:

оқушылар саны 10 жəне одан көп барлық ШЖМ жаңа түрдегі ком-

пьютерлермен жəне кең жолақты Интернетке қол жеткізумен қамтамасыз

етіледі. Қашықтықтан оқыту «e-learning» электрондық оқыту шеңберінде

ұйымдастырылады;

160 тірек мектеп ашылады.

Тірек мектеп (ресурстық орталық) – базасында жақын маңдағы ШЖМ-

ның білім беру ресурстары шоғырланатын білім беру ұйымы. Əрбір

ресурстық орталыққа бірнеше ШЖМ бекітіледі. ШЖМ-дағы балалар үш рет

(оқу жылының басында, ортасында жəне соңында) он күннен (сессия) тірек

мектепте білім алады əрі онда аралық жəне қорытынды аттестаттау тапсы-

рады. Сессияаралық кезеңде ШЖМ-да оқыту тірек мектеп мұғалімдерінің

қатысуымен жəне қашықтықтан оқыту технологияларының көмегімен

жүргізіледі. Осылайша, ресурстық орталықтар ШЖМ оқушыларының сапа-

лы білімге қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

2020 жылға қарай ШЖМ, негізінен, бастауыш жəне негізгі орта білім

деңгейлері үшін жұмыс істейді.

ШЖМ проблемасы тірек мектептер (ресурстық орталықтар), интернат-

тар, жеткізу есебінен шешіледі.

Инклюзивті білім жүйесін дамыту

2015 жылға қарай аталған міндетті шешу үшін:

мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік

бағдарламалары;

мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп

оқыту ережесі əзірленеді, түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары

анықталады;

мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру қағидалары

əзірленеді.

2020 жылға қарай мектептерде мүгедек балалар үшін көтергіш

жабдықтар, пандустар, санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орна-

ту, тұтқалармен, арнайы парталармен, үстелдермен жəне басқа да ар-

найы компенсаторлық құралдармен жарақтандыру арқылы «кедергісіз

аймақтар» құрылады.

3030 мектепте мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға жəне

тəрбиелеуге тең қол жеткізу үшін жағдайлар жасалады (мектептерде

педагог-дефектологтардың, балаларды психологиялық-педагогикалық

сүйемелдеудің, арнайы жеке техникалық жəне компенсаторлық

құралдардың болуы).

Үйде білім алатын мүгедек балалар жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктері

ескеріле отырып, компьютерлік техникамен жəне компьютерлік қамтамасыз

ету жинақтарымен қамтамасыз етіледі.

Жоғарыда айтылған міндеттерден басқа өзге де бірқатар мəселелерді

шешу қажет.

Қосымша білім беру мазмұны жетілдірілетін болады.

Тұлғаның шығармашылық құзыретіндегі, үздіксіз білім беру мен

тəрбиелеудегі, кəсіби өзін-өзі анықтаудағы бəсекелі артықшылықтарын


37




қалыптастыру мақсатында негізгі бағыттар: шығармашылық-эстетикалық;

ғылыми-техникалық; экологиялық-биологиялық; туристік-өлкетанушылық;

əскери-патриоттық; əлеуметтік-педагогикалық; білім беру-сауықтыру жəне

т.б. бойынша балаларға қосымша білім беру мазмұны жаңартылады.

Қосымша білім беретін педагогтерді жəне аралас мамандықтардың

педагог ұйымдастырушыларын даярлау бағдарламасы жетілдіріледі.

2015 жылға қарай қосымша білім беру ұйымдарының желісі ұлғайып,

625-ке жетеді.

Бұл балаларды қосымша біліммен қамтуды 23 %-ға дейін көбейтуге

мүмкіндік береді.

Мектептерде спорт секцияларын құру арқылы дене шынықтыруды

ұйымдастырудың мектептен тыс нысандары жетілдірілетін болады.

Құқық бұзушылықтар мен басқа да бейəлеуметтік құбылыстардың

алдын алу бойынша əрбір білім алушыны жекелей психологиялық-

педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз ету жолымен қосымша білім

беру конкурстары мен олимпиадаларының жүйесі арқылы оқушылардың

қоғамдық жəне əлеуметтік белсенділігін қалыптастыратын балалар

қоғамдық бірлестіктері дамиды.

1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Похожие:

2011 – 2020 жылдарға арналған icon2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын Павлодар облысында іске асыру жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан...
2011 – 2020 жылдарға арналған iconҚазақстан республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы
Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын бекiту туралы
2011 – 2020 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Президентінің 2014 жылғы 12 тамыздағы №893 Жарлығымен Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі...
2011 – 2020 жылдарға арналған icon1 –ші кесте Аудандық бюджеттің 2012 -2014 жылдарға арналған негізгі параметрлары
Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына және Шығыс Қазақстан облысының 2011 -2015 жылдарға арналған әлеуметтік...
2011 – 2020 жылдарға арналған icon«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы»
Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы
2011 – 2020 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2014 2016 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекiту туралы
Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2014 2016...
2011 – 2020 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
2011 – 2020 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
2011 – 2020 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын бекiту туралы
Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын бекiту туралы
2011 – 2020 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница