2011 – 2020 жылдарға арналған




Название2011 – 2020 жылдарға арналған
страница8/13
Дата конвертации10.02.2016
Размер1.37 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.mektep3-oskemen.kz/Bagdarlama 2010-2020.doc
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Мектепке дейінгі тəрбие мен оқыту


Мақсаты:

Балаларды мектепке дейінгі сапалы тəрбиемен жəне оқытумен толық

қамтуды, оларды мектепке даярлау үшін мектепке дейінгі тəрбиелеудің

жəне оқытудың əртүрлі бағдарламаларына тең қол жеткізуді қамтамасыз

ету.


Міндеттері:

1. Мектепке дейінгі ұйымдардың желісін ұлғайту.

2. Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың мазмұнын жаңарту.

3. Мектепке дейінгі тəрбие мен оқыту ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз ету.


Нысаналы индикатор:

3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тəрбиемен жəне

оқытумен қамтамасыз ету (2015 жылы – 73,5 %, 2020 жылы – 100 %).


Мектепке дейінгі ұйымдардың желісін ұлғайту

2015 жылға қарай «Балапан» бағдарламасының шеңберінде мектепке

дейінгі тəрбиемен жəне оқытумен 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 70

% қамтамасыз ететін мемлекеттік жəне жекеменшік балабақшалар желісі

дамитын болады.

Мектепке

дейінгі

ұйымдардағы

орындар

саны

«Балапан»

бағдарламасының шеңберінде көбейеді.

Балаларға ерте жастан түзеу-педагогикалық қолдау көрсету үшін

түзету жəне инклюзивтік білім кабинеттері құрылатын болады. 2015 жылға

дейін барлық балабақшалардың жалпы санынан түзеу жəне инклюзивті

білім кабинеттерінің желісі 8 %-дан 30 %-ға дейін ұлғаяды.

Мектепке дейінгі арнайы түзеу ұйымдарының желісін сақтау жəне

ұлғайту мақсатында Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Қызылорда жəне

Солтүстік Қазақстан облыстарында арнайы балабақшалар ашылады. Мек-

тепке дейінгі арнайы түзеу ұйымдарының үлесі олардың жалпы санынан

2015 жылы – 2 %-ды, 2020 жылы – 2,5 %-ды құрайды. Ұйымдарға кедергісіз

қол жеткізу үшін жағдай жасау арқылы балабақшалардың үлесі олардың

жалпы санынан 2011 жылы 1 %-дан 2020 жылы 10 %-ға дейін ұлғаяды.



31




Мазмұнды жаңарту, кадрлармен қамтамасыз ету

2015 жылға қарай МЖБС-ның жетекші білім салаларына сəйкес 5 оқу

бағдарламасын жаңарту жоспарлануда.

Əрбір оқу бағдарламасы үшін оқу-əдістемелік кешендер əзірленеді

(жыл сайын 5 бірліктен, барлығы 25).

2015 жылға дейін жоғары оқу орындарында жəне ТжКБ ұйымдарында

мектепке дейінгі білім беретін 18 мыңнан астам педагог қызметкерлер да-

ярланады.

Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтерін қайта даярлау жүзеге асы-

рылады.

2020 жылға қарай:

өңірлердің ерекшеліктеріне қарай мектепке дейінгі ұйымдардың

түрлі модельдерінің жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі. Мысалы, оңтүстік

өңірлерде – жекеменшік коттедждердегі балабақшалар, жұмысқа отбасы

мүшелерін тарта отырып, тұрғын жайлар базасында 5 – 6 балаға арналған

отбасылық балабақшалар. Солтүстік өңірлерде – оқушылық орынның

профициті есебінен жалпы білім беретін мектептер базасында шағын

орталықтар. Қалаларда тұрғын үй кешендерінің төменгі қабаттарында –

шағын жинақталған балабақшалар мен шағын орталықтар. Барлық өңірде

– «Мектеп-бақша» кешендері. Мемлекеттік балабақшалардың баламасы ірі

компаниялар, ұйымдар, кəсіпорындар жанындағы балабақшалар болады;

мектепке дейінгі балалар ұйымдарындағы орындар саны 373 мыңнан

662 мыңға дейін көбейтіледі;

балабақшалардағы топтардың толықтырылуы жас ерекшелік норма-

ларына (бөбектер тобы – 17, орта – 22, ересектер - 27) сəйкес 27-ден (ел

бойынша орташа) 22-ге дейін азайтылды;

мектепке дейінгі жастағы барлық бала санынан мектепке дейінгі

тəрбиемен жəне оқытумен қамтылған балалардың саны 70 %-дан

100 %-ға дейін көбейтіледі.

10 оқу бағдарламасы жаңартылады, 30 ОƏК əзірленеді, оның ішінде

2016 жылы – 8, 2017 жылы – 8, 2018 жылы – 8, 2019 жылы – 8, 2020 жылы

– 8 бірлік.


Орта білім


Мақсаты:

Жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының

зияткерлік, дене бітімі жəне рухани дамыған азаматын қалыптастыру, оның

тез өзгеретін əлемде табысқа жетуін қамтамасыз ететін білім алудағы

қажеттіліктерін қанағаттандыру, еліміздің экономикалық игіліктері үшін

бəсекеге қабілетті адами капиталды дамыту. 12 жылдық оқыту моделіне

көшу.


Міндеттері:

1. 12 жылдық оқыту моделіне көшуді білім беру мазмұнын жаңғырту

арқылы жүзеге асыру.

2. ШЖМ проблемаларын шешу.

3. Мектептегі инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіру.



32




Нысаналы индикаторлар:

2020 жылы 12 жылдық оқыту үлгісіне көшу толықтай жүзеге асырыла-

ды (2015 жылы – 1, 5, 11-сыныптар).

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» жобасы шеңберінде Қазақстанның

барлық өңірлеріндегі мектептердің саны (2020 жылы – 20).

Жаратылыстану-математика пəндері бойынша білім беретін оқу

бағдарламаларын жетік меңгерген оқушылардың үлесі (2015 жылы – 60

%, 2020 жылы – 70 %).

Қазақстандық жалпы білім беретін мектеп оқушыларының PISA,

TIMSS, PIRLS халықаралық салыстырмалы зерттеулеріндегі нəтижелері

(2015 жылы: PISA – 50 – 55 орын, TIMSS – 10 – 15 орын, 2020 жылы: PISA

– 40 – 50 орын, TIMSS – 10 – 12 орын, PIRLS – 10 – 15 орын).

Инклюзивті білім үшін жағдайлар жасалған мектептердің үлесі олардың

жалпы санынан артады (2015 жылы – 30 %, 2020 жылы – 70 %).


Білім берудің 12 жылдық моделіне көшу

Құзыреттілік тəсіліне негізделген 12 жылдық білім берудің жаңа стан-

дартын əзірлеу жəне енгізу жоспарлануда.

Білім беру стандарттарының ауысуы білім берудің жаңа мазмұнын

əзірлеумен байланысты. Жаңа білім беру мазмұнының базалық принципі

– əрбір мектепте тұлғаның адамгершілік-рухани қасиеттерін дамыту-

ды ынталандыратын ізгі білім беру ортасын құру: өзін-өзі тану, өзін-өзі

анықтау жəне өзін-өзі жетілдіру. Білім беру ұйымдары мен отбасыларда

адамгершілік-рухани мəдениеттің жоғары деңгейіне қол жеткізілетін бо-

лады. Барлық балалар, оқушылар, студенттер мен педагог қызметкерлер

Өзін-өзі танудың негізін, жалпыадамзаттық құндылықтардың дамуын

меңгеретін болады.

МЖБС коммуникативтік дағдыларды, ақпараттар мен технология-

ларды басқара білуді, проблемаларды шешуді, іскерлік пен креативтілікті

қалыптастыратын білімді алудағы тұлғаның дамуын, дербестігін

қамтамасыз ететін нəтижеге бағытталады.

2011 жылы бастауыш білімнің МЖБС жаңартылады, негізгі орта жəне

жалпы орта білім берудің құзыреттілік тəсілі негізінде оқу бағдарламалары

əзірленеді.

2015 жылдан бастап Назарбаев Зияткерлік мектептері жинаған

тəжірибенің элементтері білім беру жүйесіне енгізілетін болады.

2012 жылы жалпы орта білімнің МЖБС жоғары білімнің (бакалаври-

ат) МЖБС-мен біріктіріледі – жоғары білімнің жалпы білім беретін пəндер

циклінің жеке пəндері (əлеуметтану, өзін-өзі тану, ӨҚН, Қазақстан тарихы,

мəдениеттану жəне т.б.) оқу жүктемесін көбейтпей, «Бейіндік мектептің»

бейіндік оқыту бағдарламасына көшіріледі.

2014 жылға қарай қоғамдық-гуманитарлық жəне жаратылыстану-мате-

матика бағыттары бойынша «Бейіндік мектеп» бейіндік оқыту бағдарламасы

əзірленеді жəне сынақтан өткізіледі.

Оқытудың 12 жылдық үлгісі бойынша эксперименттік алаң үшін

оқулықтар мен ОƏК, түзеу білім беру ұйымдары үшін электрондық

оқулықтар, аударма жəне оқулықтар мен ОƏК-ні бейімдеу жүзеге асыры-

лады. Оқулықтарды əзірлеу жəне оқулықтарды сараптамадан өткізу функ-

циялары бөлінеді.


33




2013 жылы оқытудың 12 жылдық моделінің бағдарламасы бойынша

оқулықтар мен ОƏК əзірленіп, ал 2014 жылы олар сараптамадан өтеді.

2014 жылы 1, 5, 11-сыныптардың, 2015 жылы 2, 6, 12-сыныптардың,

2016 жылы 3, 4, 7-сыныптардың, 2017 жылы 8, 9, 10-сыныптардың

оқушылары үшін оқытудың 12 жылдық моделінің бағдарламасы бойынша

балама оқулықтар мен ОƏК-лер дайындалады.

Қазақстандық оқулықтармен қатар ҚР БҒМ рұқсат берген тізбеге

енгізілген математика, жаратылыстану мен техникалық ғылымдар бойын-

ша анағұрлым сапалы шетелдік оқулықтар қолданылатын болады.

2015 жылы жалпы білім беретін білім беру ұйымдарының барлық

оқушысы жергілікті бюджет есебінен тегін оқулықтармен жəне сандық білім

ресурстарымен қамтамасыз етіледі.

2015 жылы оқытудың 12 жылдық моделіне дəйекті көшу мынадай сыз-

ба бойынша басталады:


Оқытудың 12 жылдық

Жылдар

бағдарламасы бойынша

2015 – 2016 1,5,11

2016 – 2017 1,2,5,6,11,12

2017 – 2018 1,2,3,5,6,7,11,12

2018 – 2019 1,2,3,4,5,6,7,8,11,12

2019 – 2020 1,2,3,4,5,6,7,8,9,11,12

Оқытудың 11 жылдық

бағдарламасы бойынша

2,3,4,6,7,8,9,11

3,4,7,8,9

4,8,9

9


11 жылдық мектептің 9-сыныбынан 12 жылдық мектептің 11-сыныбына

көшу 2015 – 2016 оқу жылынан 2019 – 2020 оқу жылына дейін жүзеге асы-

рылады. Оқытудың 12 жылдық моделінің 11 жəне 12-сыныптарында оқыту

ақысыз болады.

Алдын ала деректер бойынша 2015 жылғы 1 қыркүйекте оқушылардың

жалпы саны шамамен 2,7 млн. баланы құрайды.

Олардың ішінде 12 жылдық бағдарлама бойынша: 1-сыныпқа – 600

мың баладан аса (шамамен 6 жастағы балалар – 450 мың жəне 7 жастағы

балалар 150 мың). Сынып-жинақтардың болжамды саны – шамамен 30

мың;

5-сыныпқа – 260 мыңнан астам, сынып-жинақтардың болжамды саны

– шамамен 13 мың;

11-сыныпқа – шамамен 175 мың бала, сынып-жинақтардың болжамды

саны – 8 мыңнан астам.

2015 жылдан бастап жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің,

гимназиялардың, зияткерлік мектептердің, дарынды балаларға арналған

мамандандырылған мектептердің жоғары сыныптарында «Бейіндік

мектеп» бейінді оқу бағдарламасы іске асырылады. Бейіндік мектепке

қабылдау ұлттық тестілеу негізінде жүзеге асырылады.

Бейіндік

мектепте

оқуды

10-сынып

бітірушілерінің

60%-ы

жалғастырады деп болжамданып отыр. Осы ретте бейіндік мектеп ашу,

оның ішінде жатақханамен, оның жартысынан көбін ауылдық жерлерде ашу

қарастырылып отыр. Сонымен, бір уақытта жоғары оқу орындарының ба-


34




засында бейінді оқыту бағдарламасын іске асыратын мектептер құрылады.

Бейіндік мектепте (11 – 12-сыныптар) оқу мен орналастыру мүмкіндігі

қарастырылатын 40 жоғары оқу орны анықталған.

Жинақталған тəжірибе мен халықаралық тəжірибені ескере отырып,

2015 жылдан бастап Қазақстанның білім жүйесінің құрылымы ХББСК-ға

сəйкестендіріледі. Техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің

мамандықтар жіктеуіші қайта қарастырылатын болады. Орта кəсіптік

білімнің бөлек білім бағдарламалары үшінші білім жүйесіне (қолданбалы

бакалавриат) ауыстырылады, колледждердің мəртебесі артады.

Қолданбалы бакалавриаттың бағдарламаларына түсу үшін толық орта

білімді аяқтау қажет.


1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Похожие:

2011 – 2020 жылдарға арналған icon2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын Павлодар облысында іске асыру жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан...
2011 – 2020 жылдарға арналған iconҚазақстан республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы
Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын бекiту туралы
2011 – 2020 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Президентінің 2014 жылғы 12 тамыздағы №893 Жарлығымен Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі...
2011 – 2020 жылдарға арналған icon1 –ші кесте Аудандық бюджеттің 2012 -2014 жылдарға арналған негізгі параметрлары
Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына және Шығыс Қазақстан облысының 2011 -2015 жылдарға арналған әлеуметтік...
2011 – 2020 жылдарға арналған icon«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы»
Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы
2011 – 2020 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2014 2016 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекiту туралы
Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2014 2016...
2011 – 2020 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
2011 – 2020 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
2011 – 2020 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын бекiту туралы
Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын бекiту туралы
2011 – 2020 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница