2011 – 2020 жылдарға арналған




Название2011 – 2020 жылдарға арналған
страница7/13
Дата конвертации10.02.2016
Размер1.37 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.mektep3-oskemen.kz/Bagdarlama 2010-2020.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Білім беру менеджменті


Мақсаты:

Білім беруді басқарудың мемлекеттік-қоғамдық жүйесін қалыптастыру.


Міндеттері:

1. Білім берудегі менеджментті жетілдіру, оның ішінде корпоративтік

басқару принциптерін енгізу, білім беруде мемлекеттік-жеке əріптестік

жүйесін қалыптастыру.

2. Білім беруді дамытудың мониторинг жүйесін жетілдіру, оның ішінде

халықаралық талаптарды ескере отырып, ұлттық білім статистикасын құру.


Нысаналы индикаторлар:

Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестер құрылған (2015

жылы – 45 %, 2020 жылы – 60 %).

Білім беру ұйымдарының басшылары менеджмент саласында

біліктілігін арттырған жəне қайта даярлықтан өткен (2015 жылы – 50 %,

2020 жылы – 100 %).


Білім беруді басқару жүйесі

Еңбек нарығындағы қатаң бəсекелестік білім беру менеджменті

жүйесінің ұтқырлығы мен серпінділігін талап етеді.

Білім беруді басқаруға қалың жұртшылық – педагогтер де, халықтың

əртүрлі топтары да тартылады.

МЖƏ-ні ілгерілету үшін əлеуметтік тапсырыс жүйесі мен грант неме-

се басқа тетіктер түрінде коммерциялық емес үкіметтік емес ұйымдардың

қызметін мемлекеттік қаржыландыру тетіктері жетілдірілетін болады.

МЖƏ-нің ұзақ мерзімді тетігінің негізі ретінде үкіметтік емес секторды

жүйелі қаржыландыру қарастырылатын болады.

Білім беруді басқарудың түрлі деңгейіне қоғамның қатысуы

қамқоршылық кеңестер түрінде жүзеге асырылады.

Білім беруді дамытуда қамқоршылық кеңестердің пəрменді қоғамдық

қатысу тетігі əзірленетін болады.

Оқуға төлейтін ата-аналардың, жұмыс берушілердің, білім беру

жəне кəсіптік қауымдастықтар саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың

қатысуының есебінен қамқоршылық кеңестің рөлі өседі.

Білім жүйесінің корпоративтілігін, айқындылығын қамтамасыз ету

үшін оқу орындарында қамқоршылық кеңестер, жұмыс берушілердің

қатысуымен кадрларды даярлайтын салалық жəне өңірлік кеңестер жұмыс

істейтін болады.


27




Білім беру мен денсаулық салаларындағы мемлекеттік кəсіпорындар

мəселелері жөнінде Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық

актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін шаруашылық

жүргізу құқығындағы мемлекеттік кəсіпорын мəртебесі бар ЖОО-лар-

да корпоративтік басқару принциптері енгізілетін болады: басқарудағы

алқалылық, қызмет көрсетудегі дербестік, қызмет нəтижесі бойынша есеп

берушілік, қызметтің айқындығы, жауапкершілік. Корпоративтік басқару

принциптері басқарушылық қызметтің үш негізгі аспектісін көздейді: стра-

тегияны қабылдау, бюджетті бекіту, кадр саясаты.

Оң нəтиже болған жағдайда, корпоративтік басқару принциптері

2020 жылға қарай азаматтық ЖОО-лардың барлығына енгізілетін болады.

2011 жылдан бастап білім беру ұйымдарында басшылардан жəне пе-

дагогтерден басқарудың жаңа дағдыларын, қайта даярлау мен біліктілікті

арттыруды талап ететін нəтижеге бағдарланған жоспарлау жүйесі

енгізілетін болады.

Тəрбие жұмысы саласында ЖОО-да тəрбие жұмысын жоспарлау, мо-

ниторингтеу, нəтижелерді бағалау жəне бақылау жүйелерін жетілдіру, со-

нымен қатар басқару жүйесін күшейту бойынша шаралар қабылданатын

болады.

Мектепке дейінгі тəрбие мен оқыту, орта білім жүйесінің басшы

қызметкерлерінің білім берудегі менеджмент мəселелері бойынша

біліктілігін арттыру жүзеге асырылатын болады.

Менеджменттің заманауи технологияларын енгізу үшін оқу

орындарының басшы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жəне қайта да-

ярлау тұрақты түрде іске асырылатын болады.

Білім берудегі менеджмент бойынша қайта даярлаудан өткен адамдар

білім беру ұйымдарының басшылары болып танылады.

2013 жылы мемлекеттік ЖОО ректорларын тағайындау тетігі, олардың

сайлануы бөлігінде қайта қаралатын болады.

Корпоративтік басқаруды енгізу Қазақстан Республикасының

қолданыстағы заңнамасына сəйкес жүзеге асырылатын болады.

Білім беру ұйымдарының қызметін «ашықтығын» қамтамасыз ету мен

ЖОО-ларда жемқорлық пайызын төмендету үшін əлеуметтік зерттеулер

мен акциялар жүргізілетін болады.

Білім беруді дамытудың мониторинг жүйесі

Білім берудегі сапа менеджменті жүйесіндегі принциптердің бірі мони-

торинг нəтижелерін ескере отырып, білім беру процесін тұрақты жетілдіру

принципі болып табылады.

Ұлттық жəне өңірлік деңгейдегі білім беру нəтижелері мен əлеуметтік

əсерлердің жүйелі мониторингін жүргізу мақсатында басқарудың

ақпараттық базасы жəне даму жолдарын болжамдау түрінде білім беру

мониторингінің бірыңғай жүйесі енгізіледі. Осы мақсатқа жету үшін Ұлттық

білім беру сапасын бағалау орталығы Ұлттық білім беру статистикасы жəне

бағалау (бұдан əрі – ҰБСБО) орталығы болып өзгертіледі.

Бұл үшін:

барлық деңгейде білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін

(бұдан əрі – БСБҰЖ) енгізу жалғастырылады;

ЮНЕСКО, ЭЫДҰ жəне АҚШ халықаралық білім беру статистикасының

талаптарын ескере отырып ұлттық білім беру статистикасы əзірленеді;


28




бастапқы мəліметтер негізінде білім беру статистикасының бірыңғай

базасы құрылады;

білім беруді басқару жүйесінің инфрақұрылымы кеңейтіледі.

Мониторингтік зерттеулер жүргізетін болады. Басқару шешімдерін

қабылдау үшін мониторинг нəтижелері бойынша білім беру жүйесінің жай-

күйі мен дамуы туралы жыл сайынғы облыстық баяндамалар жарияланып

отырады.

2013 жылдан бастап білім беру статистикасының жинағы жыл сай-

ын басылып шығатын болады. БҒМ-ның жəне ҰБСБО-ның сайттарында

жинақтың электрондық нұсқасы орналастырылады. Оқытудың барлық

деңгейі бойынша оқушылардың, педагогтердің бірыңғай базасы құрылатын

болады.

2015 жылға қарай статистикалық деректердің бытыраңқы электрондық

базалары білім беру статистикасының бірыңғай базасына біріктіріледі.

Аталған база бастапқы деректер негізінде толықтырылып (мектеп, кол-

ледж, жоғары оқу орны, интернат, орталықтар, сапаны бағалау қызметтері

жəне т.б.), ҚР БҒМ-да жинақталады. Осылайша, 2015 жылға қарай əкімшілік

есептіліктің барлық нысандарын жинау жойылып, айқындылық қамтамасыз

етіледі.

Əртүрлі бейінді жəне даярлық деңгейіндегі мамандар қажеттілігін

бағалау мемлекеттік реттеу тетіктерін тұжырымдау жəне ел

экономикасының, басқару мен əлеуметтік саласының қажеттілігіне сəйкес

мамандар даярлауды ынталандыру үшін арналған еңбек нарығын монито-

рингтеу, талдау жəне болжау жүйесі негізінде жүзеге асырылатын болады.


«E-learning» электрондық оқыту


Мақсаты:

Білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ре-

сурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету.


Міндеті:

Оқу процесін автоматтандыруды енгізу үшін жағдай жасау.


Нысаналы индикатор:

Білім беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесі қолданылады

(2015 жылы – 50 %, 2020 жылы – 90 %).


Электрондық оқытуды енгізу

Алға қойған мақсатқа қол жеткізу оқу сапасын, білімді басқарудың

тиімділігін, сыртқы ортамен ақпараттық кірігуін арттырады.

Электрондық оқытуды енгізу бірқатар нормативтік құжаттарға

өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап етеді.

2012 жылға қарай жоғары, техникалық жəне кəсіптік білімнің МЖБС-

на, электрондық оқыту жүйесін міндетті пайдалану бөлігінде орта білім

берудің МЖБС-на электрондық оқыту жүйесінде жұмыс жасау үшін пе-

дагог кадрларды даярлау бөлігінде өзгерістер енгізілетін болады.

Электрондық оқыту жүйесінде қолданылатын электрондық

оқулықтарды жəне оқу-əдістемелік кешендерді (бұдан əрі – ОƏК)


29




жасауға арналған талаптар, жүйені қолданушылардың жеке жəне

ұжымдық

жұмыстарының

регламенті,

техникалық

регламент

(электрондық оқыту жүйесін сүйемелдеу жəне қолдану) əзірленеді

жəне бекітіледі.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан əрі – АКТ) –

педагогтердің құзыреттіліктерін қамтамасыз ету үшін ұйымдастырушылық

қамтамасыз ету, электрондық оқыту жүйесін пайдаланушыларды даярлау

жəне олардың біліктілігін арттыру қажет.

2011 жылдан бастап педагогтердің электрондық оқыту жүйесін пайдала-

ну мен қолдану бойынша біліктілігін арттыру басталады деп көзделіп отыр.

Электрондық оқыту жүйесін ұйымдастыру жағынан қамтамасыз етуді

қалалар мен облыстардың білім беру басқармалары жанындағы Білім

берудегі жаңа технологиялардың өңірлік орталықтары жүзеге асыратын

болады.

Электрондық білім беруге арналған электрондық ресурстармен жəне

контентпен қамтамасыз ету – мемлекеттік-жеке əріптестік негізінде жүзеге

асырылады.

Технологиялық инфрақұрылымды дамыту білім беру ұйымдарын

өткізу мүмкіндігі 4 – 10 Мбит/сек. Интернет жүйесіне қосуды көздейді.

Интернет желілеріне білім беру ұйымдарының 90 %-ынан астамы

қосылатын болады. Бірінші кезекте – ресурстық орталықтардың пилоттық

бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін мектептер.

Кең жолақты Интернетке (бұдан əрі – КЖИ-ға) қосылу, электрондық

білім беру жүйесі үшін жабдықтармен қамтамасыз ету жəне жеткізушілердің

қызмет көрсетулерін таңдау мемлекеттік сатып алу саласындағы Қазақстан

Республикасының қолданыстағы заңнамасына сəйкес жүргізілетін болады.

Білім беру ұйымдарының 90 %-ының қажетті оқу ресурстары бар

Интернет-ресурстары болады.

Негізгі жəне бейіндік орта мектепте оқытылатын əрбір пəн бойынша

интерактивті жəне зияткерлік цифрлы білім беру ресурстары əзірленетін

болады.

Орта, техникалық жəне кəсіптік білім беру ұйымдарын цифрлы білім

беру контентімен (қандай да бір ақпараттық ресурспен – мəтін, кескіндеу,

музыка, бейне, дыбыс жəне т.б. толықтыру (мысалы: интернет ресурстар

контенті) ашық қолжетімділікте толық қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Оқытушылар жасаған электрондық білім беру ресурстары (медиате-

каларды бір орталықтан құру жəне ресурстармен толтыру) дамытылады.

Оқу процесіне автоматтандыруды енгізу үшін əрбір білім беру ұйымы

қажетті жабдықтармен жарақтандырылатын болады: компьютердің жаңа

түрлерімен, КЖИ-мен қамтамасыз ету жəне т.б.

2011 жылы əкімші, директордың орынбасары, мұғалім, оқушы,

медициналық қызметкер, кітапханашы үшін функционалдар əзірленетін

болады.

Оқушы

автоматтандырылған

жүйеде

жеке

портфолиосын,

күнтізбесін, күнделігін жүргізеді. Мұғалім күнтізбелік-тақырыптық жоспа-

ры бар электрондық дəптерді, сынып журналын, хабарландыру қызметі

(алда болатын жоспарлы жəне жоспардан тыс жиналыстар мен кездесулер

туралы оқушылардың ата-аналарына e-mail немесе sms-хабарламалар,

есептілік жəне т.б. жіберу) толтыратын болады.


30




Оқытушылық жүктемені, сабақ кестесін, үлгерім мониторингі мен

оқушылардың сабаққа келуін, педагогтің қызметін, есептілікті директордың

орынбасары жүзеге асырады. Жүйе əкімшісі оқшау жəне ғаламдық

есептеу желісін, телефон жүйесін немесе дауыс поштасы жүйесін қоса

алғанда, көп қолданыстағы компьютерлік жүйенің жұмыс істеп тұруына

жауапты болады.

2015 жылға қарай жетекші шетелдік ЖОО-лардың үлгісі қалпы бойын-

ша университеттік порталдар құрылады, 2020 жылға қарай ЖОО-ларда кең

жолақты Интернетке қол жеткізу 100 % қамтамасыз етіледі. ЖОО-лардың

техникалық дайындығына қарай оларды Республикалық жоғары оқу орын-

дары арасындағы электрондық кітапханаға қосу жүзеге асырылатын болады.


1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13

Похожие:

2011 – 2020 жылдарға арналған icon2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын Павлодар облысында іске асыру жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан...
2011 – 2020 жылдарға арналған iconҚазақстан республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы
Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын бекiту туралы
2011 – 2020 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Президентінің 2014 жылғы 12 тамыздағы №893 Жарлығымен Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі...
2011 – 2020 жылдарға арналған icon1 –ші кесте Аудандық бюджеттің 2012 -2014 жылдарға арналған негізгі параметрлары
Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына және Шығыс Қазақстан облысының 2011 -2015 жылдарға арналған әлеуметтік...
2011 – 2020 жылдарға арналған icon«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы»
Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы
2011 – 2020 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2014 2016 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекiту туралы
Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2014 2016...
2011 – 2020 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
2011 – 2020 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
2011 – 2020 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын бекiту туралы
Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын бекiту туралы
2011 – 2020 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница