2011 – 2020 жылдарға арналған




Название2011 – 2020 жылдарға арналған
страница6/13
Дата конвертации10.02.2016
Размер1.37 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.mektep3-oskemen.kz/Bagdarlama 2010-2020.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары, алға қойылған мақсаттарға

жету жолдары жəне тиісті шаралар


Білім беруді дамыту мына бағыттарда іске асырылатын болады:

білім беруді қаржыландыру;

педагог мəртебесі;

білім беру менеджменті;

«e-learning» электрондық оқыту;

мектепке дейінгі тəрбие мен оқыту;

орта білім;

техникалық жəне кəсіптік білім;

жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

өмір бойы оқу;

тəрбие жұмысы жəне жастар саясаты.


Білім беру жүйесін қаржыландыру


Мақсаты:

Білім беру қызметіне тең қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағдарланған

қаржыландыру жүйесін жетілдіру.


Міндеті:

Білім берудің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған білім

беруді қаржыландырудың жаңа тетіктерін əзірлеу.


Нысаналы индикатор:

2015 жылдан бастап ШЖМ-нан басқа, барлық білім беру ұйымдарына

жан басына шаққандағы қаржыландыру тетігі енгізіледі.


Жан басына қаржыландыру

Нəтижеге бағдарланған бюджеттеу орта білімде мемлекеттік шығыстарды

басқару саласындағы реформалардың құрамдас бөлігі болады.

2011 жылы жан басына қаржыландыру əдістемесі əзірленетін болады.

Ол бюджеттік шығыстардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді жəне

халықтың əртүрлі жіктері үшін сапалы білімге қолжетімділікті арттыруға

ықпал ететін болады.

Жан басына қаржыландыру бірінші кезеңде бейіндік мектептер

үшін жүзеге асырылады. 2013 жылы жалпы орта білімнің жан басына

қаржыландыру жүйесі 4 бейіндік мектептің базасында сынақтан өткізіледі.

Бұл үшін жан басына қаржыландыру жүйесі бойынша нормативтік құқықтық

құжаттар əзірленеді.


23




Жан басына қаржыландыру, қаржылық дербестік, қамқоршылық

кеңестер жəне т.б. тетіктерді пысықтау үшін жекеменшік немесе жоғары

оқу орындары жанындағы мектептердің қатарынан пилоттық мектептер

анықталады.

Негізгі жəне бастауыш мектепте жан басына қаржыландыру бейіндік

мектепте алынған тəжірибенің негізінде енгізілетін болады.

2015 жылға қарай мектепке дейінгі тəрбие мен оқыту жан басына

қаржыландыру негізінде мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады.

ТжКБ жүйесінде 2011 жыл мен 2013 жыл аралығында бір маманды

даярлауға жұмсалатын шығындардың нормаларын бекітетін жан басына

қаржыландыруды енгізу бойынша пилоттық жоба іске асырылатын бола-

ды.

2015 жылға қарай жан басына шаққандағы қаржыландыру ШЖМ-

нан басқа, мектепке дейінгі білімнен ТжКБ-ге дейінгі барлық білім беру

ұйымдарында іске асырылады.

Педагогтер үшін біліктілікті арттыру жан басына шаққандағы

қаржыландыру бойынша – ваучерлік-модульдік жүйе қарастырылады,

оның шеңберінде төлем ақысын тікелей педагогтің өзіне аудару жолымен

педагогке біліктілікті арттыру курсын өтудің орнын жəне уақытын таңдау

мүмкіндігі берілетін болады.

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (МБЖЖ)

Ақылы білім беру қызметтеріне қолжетімділікті арттыру мақсатында

мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің (бұдан əрі – МБЖЖ) тетігін

əзірлеу жоспарлануда, оның көмегімен Қазақстанның əрбір азаматының

болашақта баласының жоғары оқу орындары мен колледждерде оқуын

төлеу үшін жоспарлы түрде ақшалай қаржы жинақтауына мүмкіндік беру

болжануда. МБЖЖ азаматтардың жинақтарына мемлекеттік сыйлықақы

аударуды болжайды.

МБЖЖ-ны енгізу тиісті нормативтік құқықтық актілерді қабылдағаннан

кейін көзделуде.

Одан басқа, білім берудің тиімді жүйесін дамыту үшін оған деген

шығынды инвесторларды тарту жолымен ұлғайту қажет. Білім саласы-

на жеке инвестицияларды тарту елдегі мемлекеттік – жеке əріптестіктің

қолданыстағы тетігі бойынша жүзеге асырылады.


Педагог мəртебесі


Мақсаты:

Педагог мамандығының беделін көтеру.


Міндеттері:

1. Білім беру жүйесін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету.

2. Педагог қызметкерлердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталанды-

руды күшейту.


Нысаналы индикатор:

Жалпы педагогтердің санынан жоғары жəне бірінші санаты бар білікті

жоғары педагог қызметкерлердің үлесі (2015 жылы – 47 %, 2020 жылы – 52 %).



24




Білім беру жүйесін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету

Білім беру сапасы, бірінші кезекте, сапалы даярлығы бар

оқытушылармен айқындалады.

2011 жылдан бастап:

«Болашақ» халықаралық стипендиясының шеңберінде орта,

техникалық жəне кəсіптік, жоғары білім беру салалары үшін ағылшынтілді

педагог кадрларды даярлау қамтамасыз етіледі;

еліміздің жоғары оқу орындарында көптілді білімді педагог кадрлар-

ды даярлау базалық пəндер циклінде шет тілі бойынша кредиттердің

көлемін ұлғайту арқылы жүзеге асатын болады. Бұл үшін Үлгілік оқу

бағдарламасының үш тілде оқытатын педагогтерді даярлау бөлігіне

өзгерістер енгізіледі;

педагогтерді даярлау бағдарламасы, оның ішінде ШЖМ-ға арналған,

педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарында бейіндік мектеп-

тер үшін мұғалімдерді мақсатты даярлауға арналған мемлекеттік тапсырыс

негізінде білім беру магистрлерінің бағдарламасы жетілдіріледі;

жаңа білім беру бағдарламаларына сəйкес біліктілікті арттыру

бағдарламасы жаңартылады жəне білім беру ұйымдарының педагог

қызметкерлерінің біліктілігін арттыру қамтамасыз етіледі.

2020 жылға дейін біліктілікті арттырудан жыл сайын 73,3 мың адам

өтеді деп жоспарлануда.

Ваучерлік-модульдік жүйе енгізілетін болады.

Ваучерлік-модульдік қаржыландыру жүйесін енгізумен педагогтердің

біліктілігін арттыру жүйесі жаңғыртылады. 2013 жылы бұл жүйе 2 облыс

базасында (Павлодар жəне Жамбыл) жəне Астана, Алматы қалаларында

сынақтан өтетін болады. Біліктілікті арттыру жүйесінің

нормативтік

құқықтық базасын жетілдіру, материалдық-техникалық базасын жəне

бағдарламасын жаңарту, ұйымдастыру моделін реформалау, ресурстық

əлеуетті кадрлардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлауды іске асыра-

тын субъектілер арасында конкурстық негізде бөлу көзделуде.

Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру жəне қайта даярлау жүйесіне

2015 жылдарға қарай сынақ нəтижелері бойынша ваучерлік тетікті енгізу

болжануда.

Қайта даярлау мен біліктілікті арттыруды жүзеге асыратын білім беру

ұйымдарын қашықтықтан оқытумен қамтамасыз ету мақсатында олар

интерактивті жабдықтармен жарақтандырылады.

Жыл сайын мектепке дейінгі жəне орта білім жүйесінің педагог

кадрларының біліктілігін арттыруға мемлекеттік тапсырыс арттырылады.

Оның ішінде мына мамандар үшін:

мектеп жасына дейінгі жəне мектеп жасындағы балаларды біріктірілген

түрде оқыту (инклюзивті білім);

даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс;

жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыру.

ТжКБ жүйесінде:

жыл сайын педагог қызметкерлер білім беру ұйымдары мен

кəсіпорындар базасында біліктілігін арттырып отырады;

арнайы пəндердің оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері

біліктілігін арттырады жəне əлеуметтік əріптестер есебінен кəсіпорындарда,

оның ішінде шетелде тағылымдамадан өтеді.


25




Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың басым бағыттары бой-

ынша алдыңғы қатарлы отандық жəне шетелдік өнеркəсіп кəсіпорындармен

жоғары оқу орындарын көпжақты біріктіру мақсатында жыл сайын шетел-

де профессор-оқытушы құрамның (бұдан əрі – ПОҚ) біліктілігін арттыру

ұйымдастырылады.

Педагог қызметкерлердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынта-

ландыруды күшейту

Педагогтің кəсіби мəртебесін көтеру үшін бірқатар шаралар

атқарылады.

Педагог қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің жаңа үлгісі əзірленеді, ол:

біліктілік санатына қарап, педагог қызметкерлердің қызметтік

жалақысының көлемін есептеу үшін қолданылатын сараланған

коэффициенттерді енгізуді;

нəтижеге бағытталған еңбекақы төлеу тетігін енгізуді көздейді.

Атқарылған шаралар нəтижесінде педагог қызметкерлердің орташа

жалақысы 2015 жылға қарай экономиканың жеке секторындағы жалақыға

жуықтайды.

ҚР ЕХƏҚМ жүргізетін ұзақ мерзімді кезеңдегі зейнетақы төлемінің

болжауы бойынша есептеулер, талдамалық жəне экономикалық зертте-

улер шеңберінде азаматтарды, оның ішінде педагогтерді зейнетақымен

қамтамасыз ету жетілдіріледі.

Сонымен қатар педагогтерге қойылатын талаптарды күшейту шарала-

ры қарастырылуда.

Педагог мамандықтар бойынша жоғары оқу орнына түсу кезінде пе-

дагог қызметіне икемділік деңгейін анықтауға арналған шығармашылық

емтихан енгізілетін болады.

Педагог мамандықтарына түсетін талапкерлер үшін шекті деңгей

көтерілетін болады.

Бірінші жəне жоғары санаттарды алуды ынталандыратын жағдай жа-

сау мақсатында педагогтердің біліктілік деңгейіне қойылатын талаптар

қайта қарастырылатын болады.

2016 жылдан бастап 5 жылда бір рет аттестаттау түрінде, оның ішінде

жұмысқа алғаш рет немесе педагог қызметінің үзілісінен кейін қабылданып

жатқан педагогтер біліктілігінің деңгейін растау рəсімі енгізілетін бола-

ды. Білім беру ұйымдарына жұмысқа кіру қағидалары əзірленеді, ол

азаматтардың аталған санаттары үшін тестілеуден өтуді көздейді.

Бейіндік мектеп үшін мұғалімдерді іріктеу кезінде білім беру

саласындағы магистр дəрежесінің болуы көтермеленеді.

Өздігінен білім алу жəне өзін-өзі жетілдіру педагог портфолиосында

көрінетін қызметінің ажырамас бөлігі болып табылатын болады.

Педагог кадрларды даярлау сапасын бақылау жəне ынталандыру үшін

біліктілік деңгейін бағалау тəуелсіз коммерциялық емес үкіметтік емес

агенттіктерде өтетін болады.

Педагогтерді аттестаттау мұғалім білімін тестілеу, оқу-əдістемелік

қызметі туралы есеп беруінен тұратын, мүдделі адамдар (оқушылардың

ата-аналары) мен жұртшылықтың пікіртерімі рəсімдерінен тұратын

жинақтық бағалау негізінде жүргізіледі.

Математика мұғалімдері TEDS-M халықаралық салыстырмалы зерт-

теулерге (Teacher Education and Development Study in Mathematics) – орта


26




мектептің бастауыш жəне орта буынының математика мұғалімдерінің

кəсіптік білім сапасын бағалауға қатысатын болады.

Мұғалімнің кəсіби беделін көтеру мақсатында қоғамда педагогтің оң

имиджін қалыптастыру жұмысы жүргізілетін болады: «Жыл мұғалімі» кон-

курсы, акциялар, БАҚ-пен ортақ жобалар, шеберлік сыныптары, жаңашыл

педагогтер форумдары, конкурстар, педагогтер əулеттерінің слёттері,

ғылыми-педагогикалық семинарлар мен симпозиумдар, семинар-тренинг-

тер жəне дөңгелек үстелдер.


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Похожие:

2011 – 2020 жылдарға арналған icon2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын Павлодар облысында іске асыру жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан...
2011 – 2020 жылдарға арналған iconҚазақстан республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы
Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын бекiту туралы
2011 – 2020 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Президентінің 2014 жылғы 12 тамыздағы №893 Жарлығымен Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі...
2011 – 2020 жылдарға арналған icon1 –ші кесте Аудандық бюджеттің 2012 -2014 жылдарға арналған негізгі параметрлары
Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына және Шығыс Қазақстан облысының 2011 -2015 жылдарға арналған әлеуметтік...
2011 – 2020 жылдарға арналған icon«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы»
Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы
2011 – 2020 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2014 2016 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекiту туралы
Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2014 2016...
2011 – 2020 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
2011 – 2020 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
2011 – 2020 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын бекiту туралы
Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын бекiту туралы
2011 – 2020 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница