2011 – 2020 жылдарға арналған




Название2011 – 2020 жылдарға арналған
страница3/13
Дата конвертации10.02.2016
Размер1.37 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.mektep3-oskemen.kz/Bagdarlama 2010-2020.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Техникалық жəне кəсіптік білім

ТжКБ жүйесі тұлға мүдделерін, еңбек нарығының сұраныстарын

жəне экономика мен əлеуметтік саланы дамытудың перспективаларын

қанағаттандыруда маңызды рөл атқарады.

2010 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жалпы мемлекеттік стати-

стика деректері бойынша 786 ТжКБ оқу орны жұмыс істейді, 2005 жылмен

салыстырғанда олардың саны 64-ке өсті, оның ішінде 306 кəсіптік лицей,

480 колледж. Олардың 22,8 %-ы ауылдық жерлерде орналасқан.

Жалпы білім беретін мектептерді бітірушілердің 32,7 %-ы кəсіптік ли-

цейлер мен колледждерде оқуын жалғастыруда, оның ішінде 9-сыныптан

кейін – 24,8 %, 11-сыныптан кейін – 7,9 %.

ТжКБ оқу орындарында 609 мың адам, оның ішінде 36,3 %-ы ғана

мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алуда.

Техникалық жəне қызмет көрсету еңбегінің білікті мамандарын даяр-

лау 177 мамандық жəне 416 біліктілік бойынша жүзеге асырылады.

Сонымен қатар еңбек нарығында кəсіби стандарттардың, мамандарға

қойылатын қазіргі заманғы біліктілік талаптарының болмауы индустрия

жəне жұмыс берушілер сұраныстарына кадрларды даярлау мазмұнының

барабарлығына қол жеткізуге мүмкіндік бермейді.

ТжКБ жүйесінің қолданыстағы инфрақұрылымы мен материалдық-

техникалық жарақтандыруы кадрлар даярлаудың сапасы мен жастар үшін

оқытудың тартымдылығын қамтамасыз ете алмайды.

Жоғары деңгейде білім беру үшін инженер-педагог қызметкерлерді

қолдаудың төмен болуы біліктілігі жоғары кадрлардың экономиканың басқа

салаларына ауысуына себеп болуда.

Тиімсіз басқару нарықтық жағдайда оқу орындарының бəсекеге

қабілеттілігін қамтамасыз етпейді.

Аз қаржыландыру жəне мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша

бір маманды оқытуға кететін шығыстар құны оқушының қазіргі заманға сай

біліктілік алуына мүмкіндік бермейді.

Бұдан басқа үздіксіз білім алу жəне біліктілігін өмір бойы арттыру

мəселелерін шешу қажет.

Білімге негізделген экономика жəне қоғам, өмір бойы оқыту – бəсекеге

қабілеттілік пен жаңа технологияларды қолдану проблемаларын шешудің,

əлеуметтік бірлікті, тең мүмкіндіктер мен өмір сапасын жақсарту тəсілдері

болуы тиіс.

Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім жəне ғылым

Жоғары білім республика экономикасының барлық салалары

үшін құзыретті жəне бəсекеге қабілетті мамандарды кəсіби даярлау-

ды қамтамасыз етуде, ғылым мен өндірісті біріктіруде маңызды рөл

атқарады.

Қазіргі уақытта 148 жоғары оқу орны (9 ұлттық, 2 халықаралық,

32 мемлекеттік, 12 азаматтық емес, 90 жеке меншік жұмыс істейді, оның

ішінде 16-ы акционерленген), онда 595 мыңнан астам адам оқиды.

Көптеген жұмыс берушілер жоғары оқу орындары оқытып шығаратын

мамандар сапасына қанағаттанбайды. Білім беру бағдарламалары жұмыс

берушілердің күткен нəтижелеріне жауап бермейді жəне экономика талап-

тарына сəйкес келмейді.



10




Қазақстанда барлық жоғары білім жүйесін қамтитын маңызды жасы-

рын фактор жемқорлық болып табылады. Оны жоюдың нақты шаралары

қабылданбайынша жоғары білім саясаты тиімді болмайды.

Жоғары оқу орындарын кадрлармен қамтамасыз етуде кері үрдіс орын

алған: профессор-оқытушы құрамын жүйелі даярлау жоқ, қоса жұмыс

атқару кеңінен таралған.

Қазақстанның жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық ре-

сурстары жеткілікті қарқынмен жаңартылмайды. Жоғары оқу орындарын-

да гуманитарлық мамандықтар сияқты техникалық мамандықтар бойын-

ша да кітапхана қорын жаңартудың бекітілген нормалары сақталмайды.

Көптеген пəндер бойынша оқулықтар əзірленбейді немесе аз тиражбен ба-

сылады. Жоғары оқу орындарының ақпараттық ресурстары біріктірілмеген,

кітапхана қоры бытыраңқы сипатқа ие.

Қазіргі уақытта білім беру қызметін қаржыландыруды мемлекеттік

қолдаудың қазіргі тетіктері жеткіліксіз.

Білімді, ғылымды жəне өндірісті біріктіру, жоғары оқу орнынан кейінгі

білімді ғылым мен техниканың қазіргі кезеңдегі жетістіктері негізінде дамы-

ту бүгінгі күнде экономиканы дамытудың басым бағыттарының бірі болып

табылады.

Ғылым саласында бірқатар шешілмеген проблемалар бар.

Ескірген материалдық-техникалық база жəне зертхана жабдықтары

сапалы ғылыми зерттеулерді жүргізуге мүмкіндік бермейді.

Жобалау институттары мен конструкторлық бюролар санының

жеткіліксіздігі өндірістегі технология трансфертін бəсеңдетеді. Жобалау

институттарының, конструкторлық бюролардың жəне өндірістің жоғары оқу

орындарымен өзара қарым-қатынас тетігі жоқ.

Жастарды ғылымға тарту үшін жағдайлар жасалмаған. Кадрлардың

қартаюы байқалады. Ғылыми қызметкерлердің орташа жасы – 55-те.

Қазақстанның жоғары оқу орындарының ғылыми əлеуеті аса тиімсіз

пайдаланылады.

Білімнің, ғылымның жəне өндірістің арасындағы байланыстың

нашарлығы мына себептерге негізделген:

жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдар арасындағы

ведомствоаралық кедергілер;

жоғары оқу орындарының ғылымын жеткіліксіз қаржыландыру;

ғылым мен техниканың жетістіктеріне орай əрекет етуге, өндірістің

өзгерген сұранысын есепке алуға мүмкіндік бермейтін білім беру процесін

шамадан тыс əкімшілендіру;

жеке меншік сектордың білімді, ғылымды жəне инновациялық

қызметті қаржыландыруды жүзеге асыруға экономикалық ынталандыру

шараларының болмауы.

Қазақстанда əзірлемелерді орындайтын жəне ғылыми-зерттеу жəне

тəжірибелік-конструкторлық жұмыстарды нəтижесіне жеткізуді қамтамасыз

ететін, оларды тəжірибе жүзінде іске асыратын инновациялық құрылымды

қолдаудың институционалды нысандары дамымаған.

Қазақстандағы ғылыми əзірлемелердің үлес салмағы дамыған елдер-

де қабылданған деңгейден он есе төмен қалып отыр.

Тəрбие жұмысы жəне жастар саясаты

Білім беру жүйесін жаңғыртудың маңызды міндеттерінің бірі –


11




өкілдері бəсекеге қабілетті білімді меңгерген, ой-өрісі дамыған ғана емес,

жоғары азаматтық жəне адамгершілік ұстанымы, отансүйгіштік сезімі мен

əлеуметтік жауапкершілігі қалыптасқан зияткер ұлтты қалыптастыру бо-

лып табылады.

2010 жылдың басында 14 – 29 жас аралығындағы халықтың саны жал-

пы халықтың 28,7 %-ын құрайды. Ауылдық жерлерде тұратын жастардың

үлесі – 49,1 %.

2010 жылдың басында туылғаннан бастап 18 жасқа дейінгі жас

өспірімдердің саны 5 млн. адамға жуық. Балалардың құқығы мен мүдделерін

қорғауды жергілікті атқарушы органдардағы мамандар қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік жастар саясаты саласында мынадай проблемалар орын

алып отыр.

Жастар арасындағы тəрбие жұмысын үйлестірудің орталықтандырылған

жүйесі жоқ.

2008-2009 жылдардағы əлеуметтік сауалдың деректері бойынша жа-

стар ұйымдарының қызметіне қатысатын жастардың үлесі жастардың жал-

пы санының 22 %-ын құрайды.

Өкілді органдардағы жастар саясатының мəселелері бойынша

шешімдерді қабылдауға қатысатын жастардың үлесі 1 %-ға жетпейді.

Əлеуметтік сауалдың нəтижелері респонденттердің 64 %-ы мемлекеттік

жоғары оқу орындарын жемқорлыққа аса бейім деп санайды, 54 %-ы

жоғары оқу орындарында жемқорлықтың деңгейін жоғары деп бағалайды,

28 %-ы дипломдарды «сатып алу» фактілерін көрсетеді.

Барлық балалар үшін өз құқықтарын толығымен пайдалану қамтамасыз

етілмеген.

Одан басқа, білім саласында білім беру статистикасы мəліметінің

біртұтас базасы жоқ. Білім берудің мемлекеттік статистика нысандарында

кең жарияланымдар жоқ, біріктірілмеген, олар бойынша терең талдау жоқ

əрі қоғамның көпшілігіне қолжетімсіз. Білім берудің ұлттық статистикасының

көрсеткіштері халықаралық статистиканың талаптарына сай емес.

Осылайша, білім берудегі ахуалды талдау мыналарды көрсетеді.

Күшті жақтары:

білімді дамытудың нақты айқындалған басым бағыттары;

мектепке дейінгі жəне орта білім объектілері желісінің ұлғаюы;

білім берудің əрбір деңгейі бойынша ұлттық жəне республикалық

орталықтардың болуы;

қазақстандық білім беру құрылымының Білім берудің халықаралық

стандарты жіктеуішімен сəйкестігі;

техникалық жəне кəсіптік білімді қайта құрылымдау;

Ұлттық білім беру сапасын бағалау жүйесінің қызмет етуі;

TIMSS – 2007 халықаралық зерттеуіндегі жоғары көрсеткіштер;

Еуропалық білім беру кеңістігіне кіру.

Əлсіз жақтары:

білім беруді қаржыландырудың жеткіліксіздігі;

педагог кəсібі мəртебесінің төмендігі;

педагог кадрларды даярлау сапасының жеткіліксіздігі;

жоғары білікті педагог кадрлардың тапшылығы;

балалар құқықтарын қорғау мамандарының саны жеткіліксіз;

білім берудегі менеджменттің нашар дамуы;


12




білім беру саласында мемлекеттік – жеке-əріптестік (бұдан əрі – МЖƏ)

жүйесі толық дамымаған;

білім беруді ақпараттандырудың нашар дамуы;

білім беру статистикасы халықаралық стандарттарға сəйкес емес жəне

білім алушыларға қолжетімсіз;

мектепке дейінгі тəрбиемен жəне оқытумен төмен қамтылуы;

жалпы орта жəне жоғары білім мазмұнының бірігуінің жоқтығы;

білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасының нашарлығы;

ШЖМ ұсынатын білім беру қызметтері сапасының нашарлығы;

инклюзивті білімнің нашар дамуы;

ұлттық біліктілік жүйесінің жоқтығы;

колледждер мен ЖОО бітірушілерінің біліктілігіне білім беру жүйесінің

ұсынысы мен жұмыс берушілердің сұранысының арасындағы теңдіктің жоқтығы;

жоғары білім мен ғылымның ықпалдасуының жоқтығы.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Похожие:

2011 – 2020 жылдарға арналған icon2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын Павлодар облысында іске асыру жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан...
2011 – 2020 жылдарға арналған iconҚазақстан республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы
Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын бекiту туралы
2011 – 2020 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Президентінің 2014 жылғы 12 тамыздағы №893 Жарлығымен Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі...
2011 – 2020 жылдарға арналған icon1 –ші кесте Аудандық бюджеттің 2012 -2014 жылдарға арналған негізгі параметрлары
Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына және Шығыс Қазақстан облысының 2011 -2015 жылдарға арналған әлеуметтік...
2011 – 2020 жылдарға арналған icon«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы»
Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы
2011 – 2020 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2014 2016 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекiту туралы
Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2014 2016...
2011 – 2020 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
2011 – 2020 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
2011 – 2020 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын бекiту туралы
Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын бекiту туралы
2011 – 2020 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница