2011 – 2020 жылдарға арналған




Название2011 – 2020 жылдарға арналған
страница13/13
Дата конвертации10.02.2016
Размер1.37 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.mektep3-oskemen.kz/Bagdarlama 2010-2020.doc
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Жастардың əлеуетін ашу тетіктерін іске асыру

Жастар саясаты саласындағы мəселелерді шешуге жастардың

қатысуы үшін оның өкілді органдарда қатысуын қамтамасыз ету міндеті

қойылып отыр.

Ұйымдастырушылық қабілеті мен көшбасшылық қасиеті бар студент-

тер арасынан белсенді жастарды, сондай-ақ əлеуметтік жобаларды іске

асыру аясында жастар ұйымдарының жетекшілерін оқыту жоспарлануда.

Шығармашыл жастарды қолдау мақсатында жыл сайынғы ұлттық кон-

курстар, ойындар, турнирлер, КТК, оның ішінде Дельфий ойындарын өткізу

жəне кейіннен қазақстандық құрамалардың халықаралық конкурстарға,

турнирлер мен ойындарға қатысуын қамтамасыз ету көзделуде.

Осылайша, шығармашыл жастарды қолдау 2020 жылға қарай Дель-

фий ойындарына қатысушыларды 2000 адамға дейін жеткізуді көздейді.

Республиканың ғылыми-техникалық əлеуетін тұрақты негізде нығайту

үшін ғылыми ұйымдарда жəне жоғары оқу орындарында консультативтік-

кеңесші органдардың қызметіне жастардың шығармашылық жəне

инновациялық бірлестіктері тартылатын болады.

Мəдениеттегі, өнердегі, ғылымдағы, ақпараттық технологиялар

саласындағы ұзақ мерзімді конкурстық жобаларды дамыту бойынша

ведомствоаралық жұмыс күшейтіледі.

Осылайша 2020 жылға қарай:

өкілді органдарға сайланушы жастардың үлесі 15%-ға жетеді;

жастар ұйымдарының қызметіне жастардың 29 %-ы қатысатын болады;

мемлекеттік əлеуметтік тапсырыс шеңберінде əлеуметтік маңызды

жобаларды іске асыруға тартылған жастар ұйымдарының үлесі 24 %-ды

құрайды.


6. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері


Қазіргі заманғы жағдайда стратегиялық ресурсы адами капитал бо-

лып табылатын еңбек өнімділігі экономикалық өркендеу мен бəсекеге

қабілеттіліктің ұзақ мерзімді негізіне айналуы тиіс. Мемлекет осы ресурстың

дамуына үлес қосуы керек.



49




Білімді адамдарсыз заманауи инфрақұрылымды дамыту, тиімді

мемлекеттік аппарат құру, қолайлы бизнес климатты қамтамасыз ету

мүмкін емес.

Саяси ерік пен мемлекеттің жан-жақты қолдауының болуы осы рефор-

маларды жүргізуге негіз болып табылады.

Бағдарлама екі кезеңде іске асырылатын болады: 2011 – 2015 жылдар

мен 2016 – 2020 жылдар.

Бағдарламаны іске асырудың бірінші кезеңінде (2011 – 2015 жылдар) же-

келеген бағыттар бойынша білім беруді дамытудың модельдерін əзірлеумен,

оларды сынақтан өткізумен, сондай-ақ ауқымды қайта құрулар мен

эксперименттердің басталуымен байланысты жұмыстарды жүргізу көзделген.

Екінші кезеңде (2016 – 2020 жылдар) басымдық жабдықтарды сатып алу-

ды, білім беру жүйесін дамыту міндеттерін шешуге бағытталған іс-шараларға

инвистициялар салуды (білім берудің материалдық инфрақұрылымын

жаңғырту жəне басқа да шығыны көп жұмыстар, əдістемелік, кадрлық,

ақпараттық қамтамасыз ету) көздейтін іс-шараларды жүзеге асыруға

беріледі, негізінен, өткен кезеңдерде алынған нəтижелерді енгізуге жəне

таратуға бағытталған іс-шараларды іске асыру қарастырылған.

Əрбір кезеңде жылдар бойынша Бағдарламаның іске асырылу бары-

сын жəне бағдарламалық іс-шаралардың білім беру жүйесінің жай-күйіне

əсерін сипаттайтын көрсеткіштерді өзгерту жоспарланған.

Күтілетін нəтижелер:

2015 жылға қарай өтпелі кезең аяқталады жəне Қазақстанның білім

беру жүйесі құрылымы, мазмұны, басқару мен қаржыландыру тетіктері

бойынша дамыған елдер моделіне сəйкес келетін болады.

Білім беру жүйесінің дамуы бойынша Қазақстан ТМД елдері арасынан

көшбасшылық орындарға шығады.

2020 жылға қарай білім беру жүйесі жоғары білім сапасы мен

халықаралық индикаторлармен расталған адами капиталдың даму деңгейі

түрінде нəтиже беретін болады.

Бағдарламаны іске асыру нəтижесінде мынадай əлеуметтік-

экономикалық əсерлер қамтамасыз етіледі:

2015 жылға қарай:

1. Жаңа қаржы-экономикалық тетік əзірлеу.

2. Электрондық оқыту жүйесін құру.

3. Оқытудың 12 жылдық моделіне көшудің басталуы.

4. Ұлттық біліктілік жүйесінің негізі жасалады.

5. Мектептің жəне жоғары білімнің бағдарламалары кіріктіріледі.

6. Білімді, ғылымды жəне өндірісті кіріктіру басталады.

2020 жылға қарай:

1. Адами капиталдың сапасын арттыру мен еңбек ресурстарын пай-

далану тиімділігінен туындаған мемлекет экономикасының бəсекеге

қабілеттілігі мен тиімділігін арттыру.

2. Ғимараттарды жобалау, салу жəне қайта салудың жаңа принциптерін

ескере отырып, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық ба-

засын нығайту. Тозған жəне апатты білім беру объектілерін жою. Білім

берудің технологиялық жəне əлеуметтік инфрақұрылымын жаңғырту (ас-

ханалар мен спорт залдарын, автопарктерді, компьютерлік техниканы

жаңарту жəне т.б.).


50




3. Бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыру.

4. Білім беру саласының қолжетімділігін, сапасын, ашықтығын артты-

ру; корпоративтік басқару принциптерін енгізу.

5. Нормативтік-жан басына шағу принциптері, ваучерлік негізде

біліктілікті арттыру жүйесі негізінде орта, техникалық жəне кəсіптік білім

беру ұйымдарын қаржыландырудың жаңа қаржы-экономикалық тетіктерін

енгізу.

6. Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың вариативті нысандарын

енгізу, балалардың мектепте білім алуға дайындығының жоғары болуын

қалыптастыру, олардың жастай оңды əлеуметтенуін қамтамасыз ету.

7. Мектеп оқушыларын оқытудың жеке траекторияларын пайдалану

арқылы бейіндік мектеп моделін құру.

8. Оқушылардың əлемдегі барлық білім беру ақпараттық ресурстарына

on-line арқылы қол жеткізуін қамтамасыз ету.

9. Білім беру сапасын бағалаудың облыстық жүйесін енгізу.

10. Даму мүмкіндіктері шектеулі балалар мен ересектерге арналған

мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың, мектептегі жəне кəсіптік білім

берудің тиісті деңгейін қамтамасыз ететін оқытудың инклюзивті жүйесін

құру.

11. Республикада жаңа тұрпаттағы педагогтердің қажетті санын

жəне тиісті біліктілігін қалыптастыру. Білім саласы қызметкерлерінің

еңбегін экономикалық жəне əлеуметтік жағынан ынталандыру жүйесін,

оқытушылардың еңбекақысын еліміздегі орташа еңбекақы деңгейіне

жеткізетін жəне жұмыс сапасын ынталандыратын еңбекақы төлеудің

икемді жүйесін енгізуге басымдық беру.

12. Ішкі нарықта білім берудің үлес салмағын арттыру, еліміздің білім

беру жүйесіндегі білім беру қызметінің экспорттық көлемі мен құрылымын

ұлғайту.

13. Еңбек нарығының талаптарына сай келетін, азаматтардың кəсіптік,

мансаптық жəне жеке тұлға боп өсуіне ықпал ететін үздіксіз кəсіптік білім

берудің икемді жүйесін қалыптастыру.

14. Білім беруге мемлекеттік-жеке меншік əріптестікті енгізу.

15. Кəсіптік білім бағдарламаларының, сондай-ақ ұлттық жəне

халықаралық аккредиттеуден өткен жоғары оқу орындарының санын арт-

тыру.

16. Заманауи ғылыми білім-білікке ие жəне еліміздің инновациялық да-

муына үлесін қоса алатын ғылыми-педагог кадрларды даярлау.

17. Бəсекеге қабілетті ғылыми-техникалық өнімді жасау жəне өткізу.

18. Жастар саясаты саласындағы іс-шараларды іске асыруға

қатысатын жастардың үлесін 55 %-ға арттыру.


7. Қажетті ресурстар


2011 – 2020 жылдары білім беруге жұмсалатын бюджет шығыстарын

кезең-кезеңімен арттыру, 2020 жылға қарай олардың жалпы ішкі өнімдегі

үлесін дамыған елдердің орташа деңгейіне дейін өсуін қамтамасыз ету жо-

спарланып отыр.

Білім беру саласында педагогтік қызметтің ерекшелігін ескере отырып,

еңбекақы төлеудің сараланған жаңа жүйесі əзірленіп, енгізіледі.


51




Ауылдық ШЖМ педагогтерін қолдауға арналған шаралар жүйесі

қарастырылуда.

Болжамды қаржы шығындары (күрделі жəне ағымдағы)

Шығын құрылымында АКТ мен электрондық оқытуды дамытуға,

3 ауысымды жəне апатты жағдайдағы мектептердің орнына бейіндік, «На-

зарбаев зияткерлік мектептерін» салуға, жетекші ЖОО-ларға шетелдік

ғалымдар мен консультанттарды тартуға, магистратура мен докторантураға

қабылдау бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысына шығындар басым.

Бағдарламаның

бірінші

кезеңін

республикалық

бюджеттен

қаржыландырудың қосымша көлемі 461,1* млрд. теңгені құрайды, оның

ішінде:

2011 жылы – 59,7 млрд. теңге;

2012 жылы – 62,3 млрд. теңге;

2013 жылы – 52,8 млрд. теңге;

2014 жылы – 145,9 млрд. теңге;

2015 жылы – 140,4 млрд. теңге.

Бағдарламаның іс шараларын жергілікті бюджеттен қаржыландыру

жыл сайын тиісті жергілікті бюджеттерден білім беру жүйесін дамытуға

бөлінетін қаражат шеңберінде жүзеге асырылатын болады.

*2011 – 2015 жылдарға арналған Бағдарламаны қаржыландыру көлемі

Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес тиісті қаржы жылдарына

арналған республикалық бюджетті бекіту кезінде нақтыланатын болады.



52
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Похожие:

2011 – 2020 жылдарға арналған icon2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын Павлодар облысында іске асыру жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан...
2011 – 2020 жылдарға арналған iconҚазақстан республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы
Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын бекiту туралы
2011 – 2020 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Президентінің 2014 жылғы 12 тамыздағы №893 Жарлығымен Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі...
2011 – 2020 жылдарға арналған icon1 –ші кесте Аудандық бюджеттің 2012 -2014 жылдарға арналған негізгі параметрлары
Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына және Шығыс Қазақстан облысының 2011 -2015 жылдарға арналған әлеуметтік...
2011 – 2020 жылдарға арналған icon«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы»
Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы
2011 – 2020 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2014 2016 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекiту туралы
Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2014 2016...
2011 – 2020 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
2011 – 2020 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
2011 – 2020 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын бекiту туралы
Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын бекiту туралы
2011 – 2020 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница